Коммерциялық ұйымдардың қызметінің есебі мен аудиті


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Коммерциялық ұйымдардың қызметінің есебі мен аудиті»
Орындаған Құрбанов Ә. Ә.
Ғылыми жетекші э. ғ. к, доцент Ташенова С. Ж.
(қолы, датасы)
Нормабақылаушы Арыстанбаева А. З.
(қолы, датасы)
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі э. ғ. к., доцент Төлегенов Е. Т .
(қолы, датасы)
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Студентке Құрбанов Әсет Әбішұлына
Жұмыстың тақырыбы: Коммерциялық ұйымдардың қызметінің есебі мен аудиті
« 18 » қаңтар 2008 ж. № 4-78 Бұйрығымен бекітілді
Жұмысты өткізу мерзімі « 19 » мамыр 2008 ж.
Жұмысқа бастапқы ақпарат өндірістік практика өткен ұйымнан алынды.
Дипломдық жұмыстағы өңделуге тиісті сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а) Коммерциялық ұйымның бухгалтерлік есебі.
б) Коммерциялық ұйымның бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі.
в) Ұйымның қаржылық шаруашылық қызметін талдау
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Тапсырманы беру күні: 15. 01. 2008 ж
Кафедра меңгерушісі, э. ғ. к., доцент: Төлегенов Э. Т.
Ғылыми жетекшісі, э. ғ. к., доцент: Ташенова С. Ж. .
Тапсырманы қабылдаған студент: Құрбанов Ә. Ә.
Реферат
Еліміз нарықтық экономикаға көшу барысында ұйымдық құрылымның өзгеруіне ұшырады. Әлемдік қатынасқа түсу мақсатында меншік түрлеріне және халықаралық байланысты нығайтуға күш салды. Осы мақсатта көптеген түбегейлі өзгерістер ішкі саудамен тікелей байланысты болып табылды. Сауда саласында кәсіпкерлік нысанда, еркін шаруашылық нысандарындағы, мемлекеттік тұрғыдағы кәсіпорындар коммерциялық және жекешеленген сауда мекемелері болып бөлініп кетті.
Бүгінгі күні ірі өндірістік кәсіпорындар өздерінің фирмалық сауда мекемелері арқылы, ал акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке секторлар халық тұтынатын тауарларды өз тараптары бойынша саудалайды. Ұйымдық құрылымдардың еріктілігі еліміздің экономикасының төмендеуіне әсер етуші басты фактор болып бүгінгі күні танылып отыр. Дегенмен еліміздегі құқықтық заңдылықтармен реттеу сауда саласының қызметіне қойылатын талаптарды күшейту керектігін аңғартады.
Кез келген сауда ұйымы табыс табу мақсатында халыққа мінсіз қызмет көрсету мен сапалы тауарды тұтынушыға ұсыну арқылы шаруашылық қызметін ұйымдастырады. Ол үшін маркетингтік зерттеулер арқылы обьектіні зерттеп қана қызметті жүзеге асырады. Осы сауда қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізу бірқатар талаптар ақылы ұйымдастырылады. Сауда саласы өнім өндірмейді, өнім өндірушілермен импортталған тауарларды тұтынушыларға бөлшек немесе көтерме сауда арқылы ұсынады.
Сауда саласындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады. Осы саланың негізгі операциялары тауарлы материалдық қорларының қозғалысының есебі, тауарды сатудағы шығындар есебі және сатып алушылармен тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектер есебі болып табылады.
Нарықтық экономикасы бар елдерде есеп жүргізу сауда кәсіпорындарының қызметін жедел басқару талабына қарай құрылған және қаржылық есептілік ақпаратының дұрыстығына (шынайылығына) үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан нарықтық экономика талаптарына байланысты елімізде жаңа бухгалтерлік жүйе құру жұмысын жеделдету керек.
Жұмыстың мақсатына сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есебі пен аудитінің теориялық негізін көрсету;
- зерттелуші кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасын беру және оның есеп саясатын қарастыру;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшелігін анықтау;
- аудит жүргізу әдістемесін сипаттау және зерттелуші кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру шараларын ұсыну.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін бейнелейтін кәсіпорын құжаттарының жалғамаларынан тұрады.
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінің техникалық экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты.
1. 1 ЖШС-тің техникалық экономикалық жағдайы және оның негізгі көрсеткіштері . . . 9
1. 2 Серіктестіктің есеп саясаты . . . 13
II. Коммерциялық ұйымның бухгалтерлік есебі.
2. 1 Негізгі операциялар есебі . . . 27
2. 2 Сатып өткізу шығындарының есебі . . . 32
2. 3 Дебиторлық және кредиторлық борыштар есебі . . . 40
ІІІ. Коммерциялық ұйымның бухгалтерлік есебінің аудиті
3. 1 Ұйымының бухгалтерлік есебіндегі аудиттің орны мен ерекшелігі . . . 57
3. 2 Ұйымның қаржылық есептілігінің аудиті . . . 64
3. 3 Ұйымның қаржылық қызметін талдау . . . 72
Қорытынды . . . 80
Пайдаланған әдебиеттер . . . 83
КІРІСПЕ
Экономиканың, қаржы жүйесінің, өндірістің, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың деңгейі өсуі жаңа есеп мәселесін туындатады. Уақыттың өзі көрсеткендей, есеп жүйесінің төмен деңгейі елдегі экономикалық прогресті кідіртіп, көптеген қайшылықтарға жол береді. Есеп мәселесінің өзектілігі оның қоғамда қашанда болатындығында және өз шешімін қажет ететіндігінде.
Кез келген елдің экономикасын мемлекеттік реттеудің басты мақсаты экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық және ел ішіндегі, шетелдегі қоғамдық құрылысты нығайту, оны өзгеріп отырған жағдайларға бейімдеу екені белгілі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» атты жолдауында: «…Мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы керек. Оның мақсаты - нарықтық ережелер орнату және олардың сақталуын әділ қамтамасыз ету» - делінген.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бағыттап реформалау процесі жүріп жатыр. Бұл біріншіден, негізін нарықтық қатынастар құрайтын жаңа экономикалық жүйе қалыптасуына, және екіншіден, Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке енуіне кіруіне байланысты. Осы жағдайда болып жатқан түбегейлі өзгерістер экономикалық басқару тетіктерінің, оның ішінде бухгалтерлік есептің сапалы өзгерілуін талап етеді.
Шаруашылық дербестік алған отандық кәсіпорындардың көпшілігі халықаралық бизнеске кіріседі. Бірақ Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің әлемдік стандарттан қалыс қалуы оның экономикасы үшін теріс салдар туғызуы мүмкін. Сондықтан, қазақстандық есептік ақпаратты халықаралық стандарттарға сәйкестендіру Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға кіруі маңызды факторларының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта бухгалтерлік есептің ұйымдық қағидаларын қайта қарау керек, бірыңғай бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын сақтай отырып, оның әдістемелік баптармен, процедуралармен, халықаралық стандарттармен толықтырылған негізін әдістемелік өзгерту қажет.
Сыртқы экономикалық қызмет үш мәселе туындатты, олар: материалдық емес активтерді (патент, сауда маркасы, жаңа технологиялар, өнімді дайындау құқығы және т. б. ) есепке алу; біріккен кәсіпорындарда шетелдік меншік иесіне түсінікті әдісте бухгалтерлік есеп жүргізу; фирмалар мен кәсіпорындар құқықтық режимі әртүрлі елдерде орналасса, олардың есептілігін сәйкестендіру қажеттігі. Әкімшілік-бұйыру жағдайында өзін ақтаған бухгалтерлік есеп жүйесінің жіктелуі ескірген және қолдануға келмейтін болды.
Нарықтық экономика кезіндегі бухгалтерлік жүйені әзірлеу жаппай ақпараттық лекті қалыптастырудың қолайлы процедураларын қолданып, кәсіпорындардың ақпараттық мазмұнын жақсарту мақсатында оны басқару жүйесіндегі есепті реттеудің ережелері жиынтығы ретіндегі стандарттауды кеңінен пайдалануға байланысты.
Бухгалтерлік есепті стандарттау экономикалық басқару жағдайындағы есепті реттеу үшін пайдаланылатын әдістер жиынтығы ретінде есептік ақпаратты қалыптастырудың жаңа әдістемесіне ыңғайлы түрде көшуді қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономикасы дамыған кез келген елдерде акционерлер, несие берушілер мен борышкерлер, мемлекеттік аппарат, кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылары өз қызметі барысында ақша қаражатының небір көлемін жинақтайды. Ақша операциясының жиналуын, тіркелуін және бақылауын есепші жүргізеді. Бұл тұста есептік мәліметтерді бұрмалау туралы сөз болып отырған жоқ, қаржы нәтижесінің әртүрлі мәніне жеткізетін есептік процедураларды келісімдеп, заңды таңдау туралы сөз болып отыр.
Жаңа кәсіпкерлік қызмет формалары туындауымен, біріккен кәсіпорындар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, коммерциялық банктер және басқа да шаруашылық субъектілер пайда болуы шынайы (дұрыс) ақпаратқа деген сұранысты арттырады.
Есептің шынайылығын, дұрыстығын тәуелсіз сарапшы, яғни аудитор растауы мүмкін.
Нарықтық экономикасы дамыған шетелдерде, қаржылық бақылау, әсіресе шаруашылық есептегі түрлерін қаржылық бақылау деңгейі өте жоғары. Мемлекеттік қаржылық бақылауды парламент, қаржылық бақылаудың арнайы ведомоствосы, қаржы министрліктері, салалық ведомостволары жүргізеді.
Жүйелі қаржылық бақылау функциясын мемлекеттік ұйымдармен қатар аудитор-есепшілердің тәуелсіз фирмалары да келісім-шарттық негізде орындайды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында бақылау жүйесінде кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік есептіліген тәуелсіз сараптама мен талдау жасаушы аудиторлық қызметтерге маңызлы орын беріледі. Елімізде жоспарлы, орталықтан басқарылатын экономика болған кезде тәуелсіз қаржылық бақылауға деген талап болған жоқ. Оның орнына ведомостводан тыс бақылау болды, ол кәсіпорындардың шаруашылық қызметтеріндегі қиянат жасаушылықтарды, есеп жүргізу мен есептіліктегі қателіктерді табумен, кінәлілерді анықтап жазалаумен айналысты.
Нарықтық экономикаға көшу, жекешелендіру процесіне өту, экономиканы басқару құрылымының өзгеруі, салалық минстрліктер мен соларға байланысты ведомостволық бақылау жүйесінің жойылуы нарық және нақты бәсекелестік жағдайындағы аудиттің дамуына алғашарт болды. Мемлекеттік органдардың кәсіпорындардың қаржы жүйесіне араласуы шектелген. Кәсіпорынның шаруашылық субъект ретіндегі мәртебесі нығаюы көптеген қаржылық және өндірістік сұрақтарды дербес шешуіне үлкен мүмкіншіліктер ашты. Бұл сұрақтар бойынша шешім қабылдау шынайы болуы тиіс бухгалтерлік есептілік пен басқа да экономикалық ақпаратқа негізделген. Дұрыс экономикалық ақпарат капитал нарығы тиімді қызмет істеуіне, бірқатар экономикалық шешімдер қабылдау салдарын бағалауға, болжауға рұқсат етеді. Нарықтық экономикада кәсіпорын әкімшілігі мен оның қаржылық күйі туралы ақпаратты пайдаланушылар мүдделері сәйкес келмеуі мүмкін екенін атап өту керек.
Шынайы ақпарат алуға меншік түріне байланыссыз шаруашылық айналымның барлық қатысушылары мүдделі.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің ұлттық ережелеріндегі айырмашылық олардың жекелеген елдерің экономикалық және әлеуметтік жағдайының нәтижесі болып табылдатындығына байланысты.
Нарықтық экономикасы бар елдерде есеп жүргізу кәсіпорын қызметін жедел басқару талабына қарай құрылған және қаржылық есептілік ақпаратының дұрыстығына (шынайылығына) үлкен көңіл бөлінеді. Сондықтан нарықтық экономика талаптарына байланысты елімізде жаңа бухгалтерлік жүйе құру жұмысын жеделдету керек.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты- қазіргі кезеңдегі сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымдастырылуы туралы толық түсінік беру. Жұмыстың мақсатына сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық, яғни сауда ұйымдарындағы бухгалтерлік есебі пен аудитінің теориялық негізін көрсету;
- зерттелуші кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасын беру және оның есеп саясатын қарастыру;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшелігін анықтау;
- аудит жүргізу әдістемесін сипаттау және зерттелуші кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру шараларын ұсыну.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін бейнелейтін кәсіпорын құжаттарының жалғамаларынан тұрады.
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінің техникалық экономикалық сипаттамасы мен есеп саясаты.
1. 1 ЖШС-тің техникалық экономикалық жағдайы және оның негізгі көрсеткіштері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «ҚазТауҚұрылыс» Қазақстан Республикасында 2006 жылдың 20 наурызында мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз қызметін атқарып келеді.
ЖШС «ҚазТауҚұрылыс» (әрі қарай мәтін бойынша Серіктестік) Қазақстан Республикасының 1-сәуір 2000 жылғы Азаматтық Кодексіне, 16-шілде 1999 жылғы, №436 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жеке меншік негізінде құрылған.
Серіктестік меншік құқығында оқшауландырылған мүлкі бар заңды тұлға болып табылады және осы мүлкімен өз міндеттері бойынша жауап береді, өз атынан мүлікті және жеке мүлікті емес құқықтарын жүзеге асырады және сатып алады, серіктестіктің дербес балансы және өз атауымен мөрі бар. Серіктестікті басқару органы болып табылады:
жоғарғы орган - қатысушы немесе оның өкілі;
атқарушы орган - директор.
Серіктестіктің заңды мәртебесі. Серіктестік мемлекеттік тіркелу кезінен бастап заңды тұлға құқығын иемденеді. Серіктестік жұмысшыларының орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан келісімдерге отырады, мүліктік және жеке мүлікті емес құқықтар алуға, міндеттерін көтеруге, сотта талап қоюшы және жауап беруші болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында және одан тыс жерлерде бөлімшелер мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге кіруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
Серіктестік өз міндеттемелері бойынша оған тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің қарыздарына жауапты емес. Серіктестік мемлекеттің қарыздары бойынша жауап беррмейді. Серіктестік заңда қаралған жағдайлардан басқа жағдайда қатысушының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қатысушы серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзі қосқан үлес құны шамасында серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәуекелін алады.
Серіктестік қызметінің мақсаты мен мәні. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты болып келесі қызмет түрлерін жүзеге асырудан табыс табу табылады:
Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу;
Күрделі құрылыс жұмыстары және жөндеу жұмыстары;
Сервистік-тұрмыстық орындарды құру;
Жеке құрылыс-жөндеу және транспорттық инфроқұрылымдарды құру және дамыту;
Құрылысқа байланысты жобаларды құру және қайта құру жұмыстары;
Өз қызметін және өзінің кәсіпорындарының, бөлімшелерінің, құрылымдарының қызметін материалды-техникалық қамсыздандыру;
Қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдениет және басқа да қоғамдық айналымдардың әртүрлі аспектілері бойынша жеке ақпараттық база құру;
Қазақстан Республикасының Заңдарымен рұқсат етілген басқа да қызмет түрлері.
Серіктестіктің жарғылық капиталы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін серіктестікте қатысушының үлесімен 10 000 000 (он миллион) теңге көлеміне тең сомада жарғылық капитал құрылды. Құрылтайшысы жеке тұлға, Қазақстан Республикасының азаматы Мухамедиев Арслан Калибек ұлы. Серіктестіктің жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, сондай-ақ интеллектуалды қызметтің объектіленген нәтижелеріне құқықтар және басқа да мүлік бола алады. Салым құны заңға сәйкес бағаланады. Жарғылық капиталды көбейту немесе азайту туралы шешімді қатысушы қабылдайды. Серіктестік мүлкіндегі қатысушының үлесі тек салымы төленіп қойған бөлігінде ғана иеліктен шығарылуы немесе кепілге берілуі мүмкін.
Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Заңдары шегінде жүзеге асырады. Серіктестік тек қана лицензия негізінде жұмыс істей алады.
Серіктестік қатысушысының айрықша құзыреті. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы болып қатысушы немесе оның өкілі табылады.
Серіктестік қатысушысының айрықша құзыретіне жатады:
серіктестік жарғысының өзгеруі, сондай-ақ оның жарғылық капиталының мөлшерінің, орналасқан жері мен фирмалық атауының өзгерілуі немесе серіктестік жарғысының жаңа редакцияда бекітілуі;
серіктестіктің атқарушы органының құрылуы және оның өкілеттігінің мерзімнен бұрын тоқтатылуы, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімді басқаруға табыстау туралы шешім қабылдау және мұндай табыстаудың шарттарын анықтау;
серіктестіктің бақылаушы кеңесін және тексеру комиссиясының сайлануы және оның өкілеттігінің мерзімнен бұрын тоқтатылуы;
жылдық қаржылық есептіліктің бекітілуі және таза табыстың бөлінуі;
ішкі ережелерді, тіртіпті және олардың қабылдануын, сондай-ақ серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттардың бекітілуі;
серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес мекемелерге қатысуы туралы шешім;
жою комиссиясын тағайындау және жою баланстарын бекіту;
заңға сәйкес серіктестік қатысушысының үлесін мәжбүрлі түрде сатып алу туралы шешім;
серіктестіктің барлық мүлкінің кепілдігі туралы шешім;
заңға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарна енгізу туралы шешім;
жарғы ережелеріне түсіндірме.
Серіктестік директоры. Серіктестіктің атқарушы органы болып директор саналады. Директор тек заңды тұлға ғана бола алады. Ол серіктестіктің қатысушысы болмауы да мүмкін. Өз қызметтерін атқару барысында, директор серіктестіктің мүддесіне шын және дұрыс әрекет ету керек. Директор қатысушының шешімі бойынша белгіленген мерзімге, яғни 5 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады. Директор серіктестіктің ағымдағы жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне жауапты болады. Директор серіктестік қатысушысына есеп беру керек.
Серіктестік директорының құзыретіне осы жарғымен және басқа да құжаттармен анықталған, қатысушы мен бақылаушы органдардың құзыретіне жатпайтын серіктестіктің қызметін қамсыздандыру жайындағы барлық сұрақтар жатады. Содай-ақ, директор:
сенімхатсыз серіктестік атынан іс-әрекет жасайды;
банктік және басқа құжаттарға өз қолын қоюға құқылы;
серіктестікті таныстыру құқығына сенімхаттар береді, сондай-ақ қайта сенім беру құқығымен де сенімхаттар береді;
Қазақстан Республикасының және шетел банктерінде есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттарды ашады және жабады.
қызметтерді бекітеді және босатады, серіктестіктің қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды.
серіктестіктің жұмысшыларына байланысты олардың қызметке тағайындалуы, олардың ауытырылуы және қызметтен босатылуы туралы бұйрықтар береді, жалақы төлеу жүйесін анықтайды, қызметкерлердің еңбекақы мөлшерін бекітеді, сыйақы беру сұрақтарын шешеді, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;
серіктестіктің осы жарғысы бойынша қатысушының немесе бақылау органдарының құзыретіне жатпайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Директор (және әрі қарай, оның орынбасары) серіктестіктің Тексеруші комиссиясының мүшесі бола алмайды. Серіктестік директорына және оның орынбасарына серіктестікті шығынға ұшырататын немесе басқа да жағымсыз жағдайға әкеліп соқтыратын қызметтер мен әрекеттер жасауға тыйым салынады, соның ішінде:
серіктестік қатысушысының рұқсатынсыз өзіне немесе туыстарына мүліктік табыс әкелетін келісімдер (сондай-ақ табыс ету, займ, қайтарымсыз қолдану, сауда-саттық келісімдерді) жасауға;
серіктестіктен және серіктестіктің үшінші тұлғамен жасасқан келісімдері үшін үшінші тұлғалардан комиссиондық сыйақы алуға;
серіктестікпен болған қарым-қатынастарда үшінші тұлға атынан немесе оның мүддесіне шығуға;
серіктестіктің қызметіне бәсеке болатын кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.
Серіктестіктің мүлкі. Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға бастапқы жарнасы, қосымша жарналар, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен табыстар негізінде, сондай-ақ белгіленген тәртіпке сәйкес серіктестіктің иемденген қарыз қаражаттары және басқа да мүлік негізінде, сонымен бірге заңға қайшы келмейтін басқа да көздерден құрылады.
Серіктестік негізгі қор, айналым қаражаттары және басқа да материалды құндылықтардан тұратын мүлікті иемдену, қолдану құқықтарын өз бетінше жүргізеді. Жаупкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның балансында көрсетіледі. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден кейін қалған материалды қаражаттар таза табысты құрайды. Серіктестіктің табысын бөлу қатысушының шешімі негізінде жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін жүзеге асырылады. Табысты төлеу осындай шешімді қабылдағаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
ЖШС-тің 2006-2007 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, негізгі капиталдың құрамына аса назар аудару керек. Ол үшін динамикасына талдау жасай отырып, яғни кестеге сүйене келе тұжырым жасаймыз. Кесте 1
Негізгі капиталдың динамикасы мен құрамы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz