Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша
мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы
физикалық.географиялық факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы
геоморфологиялық фактор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ.3 Климат жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ІІ.4 Беткі және жер асты сулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІІ.5 Топырақ.өсімдік жамылғысы мен жануарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік ... ... ...28
ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық кешендері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы ... ..38
ІІІ.4 Қаратау жотасындағы биіктік белдеулілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

Әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
Кіріспе.
Казіргі ғылымның ең өзекті функцияларының бірі, шектелген бар ресурстарды, қоғамның қажеттілігі мен оларды қамтамасыз ету мүмкіншілік арасындағы сәйкестілікті орнату. Жалпы ғылымның құрамындағы физикалық география қоғамның қажеттілігі үшін, территориялық табиғат кешендерін тиімді пайдалану мақсатта зерттеу.
Назарыңызға ұсынылған жұмысты орындауда, автор казіргі физикалық географияда қолданылатын негізгі классикалық әдістерді пайдаланды, оның негізгілері: картографиялық, баяндама, салыстырма және профильдер әдісі. Географиялық кешендерге баяндама беруде жүйелі көз қарас қолданылды, яғни Қаратаудың географиялық кешендері өзара байланысқан және өзара әрекеттегі элементтері жиынтығы түрінде қарастырылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты Қаратау таулары географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуын қарастыру, әсіресе казіргі физикалық-географиялық процестер және географиялық кешендерге антропогендік ықпалының нәтижесін. Ландшафттарда болып жатқан физикалық-географиялық процестерді білу, осы физикалық-географиялық провинцияның табиғат жағдайы мен ресурстарын тиімді пайдалануға және бұл провинцияның табиғи географиялық кешендерін қорғау бойынша іс-шараларын ұйымдастыруға мұмкіншілік береді
Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы
5 - 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті, салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады.
Қаратауда соңғы жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы өндірілген. Кеңес үкіметі кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады.
Қаратаудың тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай, жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар суғарылмайды.
Қаратау жотасы рекреациялық ресурстармен жоғары деңгейде камтамассыз етілген. Әсіресе таулы туризмді дамыту үшін Қаратауда көп мұмкіндік бар, мысалы, өзенмен байдарка және каноэмен түсу, атпен таулы аудандарға, үңгірлерге, ежелгі адамның тұрақтарына т.с.с. объектілерге саяхат жасау. Осы мақсатта Қаратауда ерекше қорғалатын территорияларды ұйымдастыру үшін арнайы географиялық, биологиялық т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қаратауда адамдар ертеден мекендеген, мысалы, Арыстанды өзеннің шатқалында ежелгі адамның тұрақтары табылған, ал Шаян өзенінің шатқалында тас бетіндегі суреттер бар. Боралдайдың жоғарғы ағысында отқа табынушылардың ғибадатханасының қалдықтары, тас бетіндегі суреттер табылған. Орта ғасырларда Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде Солтүстік Қазақстан және Ежелгі Русь мемлекетімен Оңтүстік Қазақстанның территориясын және сол кездегі Азияның басқа елдерімен байланыстратын Ұлы Жібек жолының тармақтары өткен.
Қаратау жотасы территориясын, пайдалы қазба байлықтарын игеру мақсатта, сонымен бірге географиялық кешендерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау үшін, Қаратаудың казіргі географиялық жүйелердің ресурстарын кешенді пайдалану принциптерін жасап шығуын талап етеді.
Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып табылады, сондықтан солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері физикалық-географиялық жағдайы бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады. Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды. Қаратау ерекше табиғат жағдайымен сипатталатын болғандықтан, осы провинцияның табиғи географиялық кешендерін, тірі организмердің биологиялық көптүрлілігін, эндемикалық түрлерін сақтау үшін 2004 жылы Қаратау-Сырдарья қорығы ұйымдастырылды
Әдебиет.
1. Биғалиев А. т.б. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. Алматы. Санат. 1995. – 128 б.
2. Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы. 1998. 389 б.
3. Оспанов Б. Қазақстан жер қорлары, оларды бағалау және тиімді пайдалану. Алматы. Қазақ университеті. 2005. – 112 б.
4. Омаров Т. Қазақстан өзендері мен көлдері. Алма-Ата. 1997. 234 б.
5. Туяқбаев Н.Т. Жер асты суларын пайдалану. Алма-Ата. Қайнар. 1982. – 152 б.
6. Агроклиматические ресурсы Чимкентской области Казахской ССР. Ленинград. 1979. - 268 с.
7. Азатьян А. Выдающиеся исследователи Средней Азии. Ч. 1 – 2. Ташкент. 1960.
8. Азатаьян А.А., Мурзаев Э.М., Югай Р.Л. Средняя Азия. – В кн: История открытия и исследования Советской Азии. Москва. 1969.
9. Антропогенные ландшафты: структура, методы и прикладные аспекты изучения. Сб. стат. Воронеж. ВГУ. 1988. – 236 с.
10. Артезианские бассейны Южного Казахстана. У.А. Ахмедсафин и др. Алма-Ата. Наука. 1968. – 324 с.
11. Бабушкин Л.Н. Климатография Средней Азии. Ташкент. 1981. 91 с.
12. Бейсенова А.С. Исследование природы Казахстана. А. 1978. 248 с.
13. Гельдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана. Наука. Алма–Ата. 1992. - 173 с.
14. Геология СССР. Том 40. Южный Казахстан. Геологическое описание. Книга 1-ая. Гл. ред. А.В. Сидоренко. Москва. Недра. 1971. - 511 с.
15. Геология СССР. Том 40. Южный Казахстан. Полезные ископаемые. Под ред. Ш.Е. Есенова. Москва. Наука. 1977. - 403 с.
16. Гвоздецкий Н.А., Николаев В.А. Казахстан. Очерк природы. Москва. 1971. - 296 с.
17. Гвоздецкий Н.А., Федчина В.Н., Азатаьян А.А., Донцова З. Н. Русские географические исследования Кавказа и Средней Азии в ХІХ – начале ХХ веков. Москва. 1964.
18. Глазовская М.А. Принципы классификации природных геосистем по устойчивости к техногенезу и прогнозное ландшафтно-геохимическое районирование. // Устойчивость геосистем. М. Наука. 1983. 61 – 78 стр.
19. Джаналиева Г.М. Физическая география Казахстана. Алматы. 1998. – 364 с.
20. Жихарева П.А. Почвы Чимкентской области. М. Наука. 1969. – 412 с.
21. Исаченко А.Г. Основы ландшафтоведения и физико-географическое районирование. Москва. 1990 - 386 с.
22. Мильков Ф.Н. Человек и ландшафты. Москва. 1973. – 327 с.
23. Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989.
24. Климат Казахстана. Под редакции А.С.Утешова. Ленинград. 1959. - 315 с
25. Маслова О.В. Обзор русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию 1715 – 1880 г.г. ч. 1 – 3. Ташкент. 1955, 1956, 1962.
26. Методика проведения нормативного деления территории эколого-географического района по активности хозяйственной деятельности при проведении экологического районирования. Астана. 2004.
27. Мурзаев Э.М. В далекой Азии. Москва. 1956.
28. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. Москва. 1975. - 264 с.
29. Реймерс Ф.Н. Природопользование. Москва, 1990. - 637 с.
30. Поверхностные воды Южного Казахстана (Джамбульская, Чимкентская и Қызылординская области). Под ред. И.Б. Вольфмунца. Ленинград. Гидрометеоиздат. 1976. – 462 с.
31. Почвы Казахской ССР. Алма – Ата. 1973. – 345 с.
32. Пузырева А.А. Климатическое районирование Южного Казахстана. Алматы. Наука. 1975. - 226 с.
33. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Ленинград. 1965. – 296 с.
34. Сочава В.Б. Введение в учение о геосистемах. Новосибирск. 1978. – 319 с.
35. Справочник Государственного фонда данных о состоянии природной среды. Алма – Ата. 1987. - 237 с.
36. Тектоническая карта СССР. Масштаб 1:4000000. ВСЕГЕИ. 1966.
37. Федчина В.Н. Как создавалась карта Средней Азии. Москва. 1967.
38. Хасанов Х.Х. Среднеазиатские географы и путешественники. Ташкент. 1964.
39. Чупахин В.М. Природные районирование Казахстан. Алма – Ата. 1970. -259 с.
40. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алма – Ата. 1970.
41. Шайык О.Ш. Орошаемые сероземы Южного Казахстана. Алматы. 2001. -190 с.
42. Шульц В.Л. Реки Средней Азии. Ленинград. 1965. - 691 с.
43. Оңтүстік Қазақастан облысының жала географиялық картасы. Масштабы 1:1000000.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРІНІҢ
ДИНАМИКАСЫ МЕН ДАМУЫ.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша

мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы
физикалық-географиялық
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .10
ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы
геоморфологиялық
фактор ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..13
ІІ.3 Климат
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .15
ІІ.4 Беткі және жер асты
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен
жануарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..24
ІІІ. Қаратаудың географиялық
кешендері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы
түсінік ... ... ...28
ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық
кешендері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .33
ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен
дамуы ... ..38
ІІІ.4 Қаратау жотасындағы биіктік
белдеулілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
Әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Кіріспе.
Казіргі ғылымның ең өзекті функцияларының бірі, шектелген бар
ресурстарды, қоғамның қажеттілігі мен оларды қамтамасыз ету мүмкіншілік
арасындағы сәйкестілікті орнату. Жалпы ғылымның құрамындағы физикалық
география қоғамның қажеттілігі үшін, территориялық табиғат кешендерін
тиімді пайдалану мақсатта зерттеу.
Назарыңызға ұсынылған жұмысты орындауда, автор казіргі физикалық
географияда қолданылатын негізгі классикалық әдістерді пайдаланды, оның
негізгілері: картографиялық, баяндама, салыстырма және профильдер әдісі.
Географиялық кешендерге баяндама беруде жүйелі көз қарас қолданылды, яғни
Қаратаудың географиялық кешендері өзара байланысқан және өзара әрекеттегі
элементтері жиынтығы түрінде қарастырылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты Қаратау таулары географиялық кешендерінің
динамикасы мен дамуын қарастыру, әсіресе казіргі физикалық-географиялық
процестер және географиялық кешендерге антропогендік ықпалының нәтижесін.
Ландшафттарда болып жатқан физикалық-географиялық процестерді білу, осы
физикалық-географиялық провинцияның табиғат жағдайы мен ресурстарын тиімді
пайдалануға және бұл провинцияның табиғи географиялық кешендерін қорғау
бойынша іс-шараларын ұйымдастыруға мұмкіншілік береді
Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен
тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер
ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-
техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша
әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы
мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның
оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары
территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік
сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы

5 - 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық
кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ
дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті,
салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады.
Қаратауда соңғы жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы
өндірілген. Кеңес үкіметі кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық
зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес
құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы
қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран
рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру
тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай
болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері
мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі
шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен
аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім
кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады.
Қаратаудың тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай,
жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар
суғарылмайды.
Қаратау жотасы рекреациялық ресурстармен жоғары деңгейде камтамассыз
етілген. Әсіресе таулы туризмді дамыту үшін Қаратауда көп мұмкіндік бар,
мысалы, өзенмен байдарка және каноэмен түсу, атпен таулы аудандарға,
үңгірлерге, ежелгі адамның тұрақтарына т.с.с. объектілерге саяхат жасау.
Осы мақсатта Қаратауда ерекше қорғалатын территорияларды ұйымдастыру үшін
арнайы географиялық, биологиялық т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қаратауда адамдар ертеден мекендеген, мысалы, Арыстанды өзеннің
шатқалында ежелгі адамның тұрақтары табылған, ал Шаян өзенінің шатқалында
тас бетіндегі суреттер бар. Боралдайдың жоғарғы ағысында отқа
табынушылардың ғибадатханасының қалдықтары, тас бетіндегі суреттер
табылған. Орта ғасырларда Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде
Солтүстік Қазақстан және Ежелгі Русь мемлекетімен Оңтүстік Қазақстанның
территориясын және сол кездегі Азияның басқа елдерімен байланыстратын Ұлы
Жібек жолының тармақтары өткен.
Қаратау жотасы территориясын, пайдалы қазба байлықтарын игеру
мақсатта, сонымен бірге географиялық кешендерінің экологиялық тұрақтылығын
сақтау үшін, Қаратаудың казіргі географиялық жүйелердің ресурстарын кешенді
пайдалану принциптерін жасап шығуын талап етеді.
Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып
табылады, сондықтан солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері
физикалық-географиялық жағдайы бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады.
Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды. Қаратау ерекше
табиғат жағдайымен сипатталатын болғандықтан, осы провинцияның табиғи
географиялық кешендерін, тірі организмердің биологиялық көптүрлілігін,
эндемикалық түрлерін сақтау үшін 2004 жылы Қаратау-Сырдарья қорығы
ұйымдастырылды.

І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша мәліметтер
Қаратау таулары туралы географиялық мәліметтер антикалық кезеңдегі
географиялық еңбектерде кездеседі, оны дәлелдейтін Созақ, Сауран т.б.
ежелгі қалалардың қалдықтары [12,37]. Осындай ежелгі елді мекендердің
қалдықтары Қаратаудың батыс және шығыс беткейлерінде бар.
Қаратау туралы бірінші жазба деректері Александр Македонскийдің
әскери жорықтарынан кейін ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде жиналған.
Бұл мәліметтер ежелгі римдіктер еңбектеріне көшіп, көбінесе баяндама
түрінде болған.
Орта ғасырлардың бірінші жартысында сол кездегі Орта Азия елдерін
арабтар басып алды. Антикалық кезеңдегі ғылым орта ғасырдағы арабтарға
көшті, сондықтан, Қаратау туралы мәліметтер осылардың ғылыми еңбектерінен
табамыз. Абу Исхак Ибраһым ал-Истахри Арыс өзені және оның салаларында
орналасқан елді мекендер туралы мәліметтер бар. Макдиси деген саяхатшының
еңбектерінде Сырдарияның оң жағасында орналасқан Сауран (Сабран) және
Шагальджин (Ишкан, қазіргі Түркістан қаласынан 26 км солтүстікке қарай)
қалаларының сипаттамасы бар, сонымен қатар Испиджаб қаласына аса толық
сипаттама берген. Махмуд Қашқари ХІ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген
Диван лугат ат-түрік еңбегінде Орта Азияның картасы бар, онда Тянь-Шань
таулары бір-біріне параллель жатқан жоталар түрінде көрсетілген [12,37].
1627 жылы Мәскеу мемлекетінің Большой чертеж всему Московскому
государству және осы карталарда көрсетілген территорияға географиялық
сипаттама беретін Книга к Большому чертежу деген еңбектер шықты. Бұл
картада Қаратау таулары да көрсетілген. Қарату жотасы, 1701 жылы С. Ремезов
жасап шыққан Чертежная книга Сибири деген атласта көрсетілген.
ХІХ ғасырдан бастап Қазақстан территориясында орыс ғалымдары әр түрлі
жолдармен жүйелі геодезиялық кескіндеу және пайдалы қазбаларды барлау
жұмыстарын жүргізді. Ғасырдың басында Т.С. Бурнашев және М.Поспелов
инженерлер Семейден Бетпақдала арқылы, Қаратудың үстімен Ташкентке қарай
өтті. Олар көрсетілген айдандарда рекогносцировка жұмыстарын жүргізді.
Батыс Тянь-шань тауларына сонымен бірге Қаратау жотасына жалпы сипаттама
берілген. 1830 жылы осы маршрут бойынша Н.И. Потанин саяхат жасап жолда
кездескен таулар мен өзендерге сипаттама берген, соның ішінде Қаратау
таулары туралы мәліметтер бар [7,12].
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарына Қазақстан туралы көптеген материалдар
жиналды, оның барлығын жинап сол кездегі ғылым деңгейінде түсініп
жалпыластыру қажет еді. Бұл мәселені А.И. Левшин Описание киргиз-казачьх
или киргиз-кайсацких орд и степей деген еңбегінде көрсетті. Бұл еңбекте
сол кездегі қазақ халқы туралы, оның тарихы, этографиясы, географиясы
көрсетілген. Территория баяндамасында Қаратау таулары туралы айтылған.
Климаттық ерекшеліктері және топырақтың сипаты негізінде автор Қазақстанның
территориясын 7 белдеуге бөледі, Қаратау жотасы жетінші – Оңтүстік
Қазақстанның шөл аудандарына жатқызады.
Қаратау жотасының геологиялық зерттеу тарихы шамамен ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан басталады. Осы кезеңге дейін Қаратау туралы мәліметтер
тосаттан, жекеленген мәліметтер көпестер (саудагерлер), елшілер т.с.с.
адамдар жинаған. Қаратаудың геологиясы туралы мәліметтер жоғарыда
көрсетілген авторлардың еңбектерінде кездеседі, Семен Ремезовтың (1697), П.
Бурнашев және М. Поспелов (1800), Н.И. Потанин (1831), А. Левшин (1832)
т.б. авторлар [19].
1865 жылдан бастап әдебиетте Қаратаудың орографиясы, гидрографиясы,
геологиясы туралы ғылыми еңбектер шыға бастады. Осы кездегі ғылыми
жұмыстардан Р. Фрезенің (1865), Н.А. Северцевтің (1866), Д.И.
Романовскийдің (1866), А.Н. Никольскийдің (1867) және А.Л. Татариновтің
(1867) еңбетерін атап кетуге болады. Мысалы, Н.А. Северцевтің еңбегінде
Қаратау бойынша маршруттық геологиялық карта берілген, А.Л. Татаринов өз
еңбектерінде Қаратауда анықталған тас қөмір кен орындарының жасын анықтады
және Ащысай кен орнына сол кездегі деңгейде толық сипаттама берді. Бұл
кезең Г.Д. Романовскийдің (1878) және И.В. Мушкетовтың (1877) 1875 – 1878
жылдары аралығында болған экспедициялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
шыққан ғылыми еңбектер аяқтайды. Олар өздерінің еңбектерінде Қаратау
жотасындағы палеонтологиялық қалдықтарға баяндама берген және Қаратаудың
геологиялық картасын жасаған.
ХХ ғасырдың басында Қаратауда көптеген жалпы географиялық,
геологиялық, топырақтанулық, ботаникалық т.б. зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Геологиялық жұмыстары бойынша М.М. Бронниковтың (1905), В.Н. Вебердің
(1905) және Д.В. Наливкиннің (1924 және 1930 ж.ж. жарық көрген) ғылыми
еңбектерін атап кетуге болады. 1908 жылдан бастап Қазақстанда Көші-қон
басқармасының ұйымдастыруы бойынша топырақ-ботаникалық зерттеу жұмыстары
басталды. Сол кездегі Сырдария облысының Шымкент уездінде З.А. Минквиц және
О.Э. фон Кнорринг осы жұмыстарды жүргізді.
Орта Азия және Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеуде С.С.
Неуструевтің ерекше орны бар. 1908 – 1914 жылдары аралығында ол Оңтүстік
Қазақстанның және Өзбекстанның Ферғана аңғарының топырақтарын зерттейтін
Көші-қон басқармасының 8 топырақ-ботаникалық экспедицияларын басқарды. С.С.
Неуструев 1908 жылдан бастап Шымкент уездінің топырақтарын зерттеді. Ол
Қаратау жотасымен қатар Талас Алатауын, Арыс және Боралдай өзендері
алқабтарын, Қаратаудың шығыс беткейлерін, Мойынқұмды зерттеді. 1912 жылы
шыққан Почвенно-географический очерк Чимкентского уезда деген еңбегінде
уездтің барлық топырақтарына сипаттама берді, олардың таралуындағы басты
заңдылықтарды көрсетті тағы жер бедері, климат және геологиямен байланысты
түрлі аудандардағы топырақ қалыптасу жағдайын түсіндірді. Қазіргі Оңтүстік
Қазақстан облысы территориясындағы лесс топырағын сұр топырақ (серозем) деп
атады. Сұр топырақтың ерекшеліктерін қарастыруына байланысты Түркістандағы
топырақ пайда болудың маңызды ерекшелігін – топырақ және грунттың
карбонаттылығы туралы мәлімет берді.
Қазақстанда Кеңес үкімет орнатылған соң, Қаратау жотасында
геологиялық зерттеулер басым болды. ХХ ғ. 20-40-шы жылдары Қаратаудың
геологиясы, палеонтологиясы, жер бедері туралы Д.В. Наливкин, Н.А.
Брызгалов, В.В. Галицикий, И.И. Князев т.б. ғалымдардың еңбектері жарық
көрді. Осы кезде, И.И. Князев Ащысай полиметал кен орнын өндіріске тапсыру
жұмыстарын басқарды.
1932-ші жылы геологиялық кескіндеу нәтижесінде Қаратаудың ірі
масштабты (1:84000 және 1:200000) геологиялық карталары шықты. Кейінгі
геологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қаратаудың жеке аудандары 1:25000
масштабтағы карталар түсірілді.
Соғыстан кейінгі жылдары Қаратауда жоспарлы геологиялық,
гидрогеологиялық т.б. зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңдегі
экспедициялық жұмыстардың негізгі нәтижелері Қаратауды жан-жақты зерттелуі,
әр түрлі масштабтағы түрлі тақырыптық карталары, өсімдіктер дүниесіне жете
сипаттамасы, ауыл шаруашылық мақсаттағы зерттеулер өте маңызды болып
табылады.

ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы
физикалық-географиялық факторлар.

ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары.

Қаратау тектоникалық жағынан Қазақ қатпарлы жүйесі құрамына кіреді.
Тектоникалық картада (ВСЕГЕИ, 1966) [36]. Қазақ қатпарлы жүйесі мозаикалық
тектоникалық құрылымы ретінде қарастыралады, ал Солтүстік Тянь-Шань сонымен
бірге Қаратау жотасы сызықты формалар деп белгіленген.
Қазақ қатпарлы жүйесі соңғы қатпарлануы герциндік жаста, бірақ байкал
және каледон қатпарлы формалары жер бетінде көрінбегенімен палеозой
фундаментінің жалпы құрылымды жоспарына ықпалы басым болып келеді.
Қаратаудың каледонидтері Ұлытау-Тянь-Шань геосинклиналдық зона немесе
белдеуге жатады [14,40]. Бұл зонада Қаратау антиклинальдық аудан болып
келеді.
Қаратау мегантиклинорийдің ядролық құрылымдары екі қабатты құрайтын
протерозой жастағы жыныстардан тұрады: төменгі қабаты гнейс, амфиболит және
кристалдық сланецтерге айналған эвгеосинклиналдық эффузивті-шөгінді
шөгінділерден құрылған, ал үстіңгі қабат шөгінді карбонаттық және құмды
шөггінділермен және әлсіз метаморфтанған кварцтік құмтас және жер беті
жағдайына қалыптасқан қышқыл эффузивтерден құрылған. Бұл зоналар
фосфориттік және ванадийлік бассейндер ретінде ажыратылған. Бірінші
бассейн, полиметалдық шөгінді рудаласу (соның ішінде ванадиймен) қабатымен,
қалың емес кембрий шөгінділерімен (300 – 500 м) және ордовикті терригендік
материалдан құрылған салыстырмалы қалың емес горизонттарымен сипатталатын
геосинклиналь түрінде болады.
Фосфоритті бассейнінің кесіндісі екі ерекшелікпен сипатталады:
төменгі кембрийдің үстінде қалыңдығы 30 м дейін фосфориттік горизонтымен
және жасы бойынша орта кембрийдің төменінен орта ордовикке дейін әктастар
мен сұр доломиттердің қабатымен (3000 м дейін) [14,15].
Камдон миогеосинклинальдық белдеуі орта және жоғары ордовиктің
шекарасында катпарланумен сипатталатын және оның ізінен орогендік дамуы
басталады.
Сыртқы каледонидтер белдеуі, үстінен қалыптасқан иіндерді (наложенные
прогибы) толтыратын девон жасынан төрттік жасына дейін шөгінділермен
жабылған. Үстінен қалыптасқан иіндер каледонидтер сияқты шөгіділердің
жағдайы бойынша біркелкі, олар қызыл реңді конгломерат және құмтастар
шөгінділерімен толтырылған [14].
Герциндік қатпарланудың бірінші фазалары карбонның ортасына сәйкес
болады. Қаратаудағы қатпарлы массивтерде герциндік орогенезде көптеген
жарықтар, жақпарлы қозғалулар және вулканизм пайда болды.
Перм дәуірінде герциндік орогенез аяқталды. Перм дәуірі бойы
Қаратаудың көтерілген массивтері денудациялық процестермен қиратылды, ал
ойыстар қиратылған шөгіділермен толтырылды.
Мезозой эрасы салыстырмалы тектоникалық тыныштықпен сипатталады. Бұл
кезеңде қазіргі Қаратаудың территориясында ыстық құрғақ климат болған, оның
куәсі қызыл түсті жыныстар және үгілудің латеритті қыртыстары.
Бор дәуірінде Қазақстан территориясы трансгрессияға ұшырады, теңіз
Қаратауға дейін жетті, ашылуларда теңіздік терригендік шөгінділер
сақталған. Бордың аяғында тектоникалық көтерілулердің себебінен теңіз
шегінді.
Палеогеннің ортасында (эоценде) күшті трансгрессия болды, теңіз
Қаратау жотасын да қамтыған. Орта және кеш олигоценде Қазақстан жерінде
тектоникалық көтерілулер пайда болды, оның нәтижесінде теңіз кайтты.
Мезозой және палеогеннің басым бөлімінде Қаратауда салыстырмалы
тегістелген, пененпленизацияланған жер бедері болған. Орта олигоценнен
бастап, ежелгі тегістелу беттердің жаңа тектоникалық қозғалыстармен
деформациялану және оларды эрозиялық процестермен тілімденуіне байланысты
жаңа жер бедері қалыптасу кезеңі басталды. Жақпарлы және күмбезді-жақпарлы
неотектоникалық қозғалыстардың, қазіргі тау пайда болу кезеңі неоген болып
келеді. Осы кезеңде Қаратау жотасы көтерілді [14].
Неогеннің аяғында климаттың салқындау және ылғалдануы байқалады, осы
кезде Қаратау өзендерінің сулылығы көбейп тау етегінде көптеген көлдер
пайда болады. Жоғарғы плиоцендегі сулану таудың көтерілуіне және мұмкін тау
мұздықтар пайда болуына байланысты.
Плейстоценнің басталуы тектоникалық көтерілуі мен эрозиялық
тілімденуімен байланыстырады. Қаратаудың етегінде пролювийлік қабаттар
қалыптасады. Плейстоцендегі климаттың ритмдік өзгеруі Қаратаудың шөлді
аудандары табиғатының эволюциясында әлсіз сәулеленген. Қаратаудың тау алды
жазықтарындағы шөлді режим неогенде қалыптасып төрттік дәуірде өзгермеген.
Мойынқұм шөлінде плейстоценнің барлық қабаттарында (горизонттарында)
шөлді өсімдіктердің тозаңдары кездеседі. Шөлді жағдайының ұзақтылығы мен
ұздіксіздігі Қаратаудың сулылығының кезеңді тербелуімен ауысып отырды.
Мұндай кезеңдерді И.П. Герасимов плювиалды кезеңдер деп атады. Шөлдегі
плювиалдар, суық түсуімен және Каспий теңізінің трансгрессиялық фазаларымен
бір кезде болған. Осы кезде Қаратау өзендерінің сулылығы және атмосфералық
жауын-шашын мөлшері көбейген.
Пайдалы қазбалары.
Рудалы пайдалы қазбалары. Қаратау жотасында гидротермальды кен орындар
және құрамы бойынша карбонатты кен орындар бар. Ванадийдің кен орындары
кембрийдің қара сланецтеріне тән Қаратау жотасының солтүстік-батыс
бөлігінде кездеседі. Қаратауда Құрманов аймағындағы скарнды-магнетитті
білінімдерде титанның белгісі көрінеді, бірақ білінім кіші және пайдалы
компоненттің мөлшері өте аз.
Қаратауда түсті металдардың кен орындары мен руда білінімдері өте көп
кездеседі. Қаратауда қорғасын-мырыш кендері бар. Үлкен Қаратауда қорғасын
мен мырыштың бірнеше белгілі кен орындары (Ащысай, Мырғалымсай және т. б.)
мен жүздеген кен білінімдері бар. Олардың біршамасы ертеден белгілі. Кеңес
дәуірі кезінде зерттеулер жүргізіліп, жаңа кен орындары ашылды. 1936 жылдан
бастап Ащысай кен орыны жұмыс істей бастады [15].
Мырғалымсай кен орны 1929 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1931-1939 ж.
ж. жүргізілді. Кен орны антиклинальды зонаның оңтүстік-шығыс бату аймағында
орналасқан.
Ащысай (Тұрлан) кен орны ертеден мәлім жоспарлы зерттеу барлау
жұмыстары 1926 жылдан бастап жүргізіле бастады. Өнеркәсіптік маңызы бар
рудалар Белмазар жарығының жер бетіне жақын орналасқан және шыққан
бөліктері негізгі Қаракенсай және 5-ші шығыс учаскесінде. Сонғысы воронкада
орналасқан, 15 метр тереңдіктен бастап бай церусситті рудалармен білінеді.
Ең үлкен негізгі кен шоғырлану өзінің ішінде барлық қорлардың 45 пайызын
жинаған, қорғасынды және қорғасын-мырышты рудалы дене базолды пачканы
құрайды.
Байжансай рудалы ауданы. Қорғасын-мырышты минерализациясының білінімі
жағынан Қаратау аймағында екінші ірі аудан болып есептеледі. Оның
территориясында Ақсоран, Байжансай, Аралтау, Дарбаза кен орындарымен бірге
көптеген руда білінімдер бар. Ауданы оңтүстік-шығыс Қаратаудың батыс
беткейінде суайрыққа жақын орналасқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1930
жылдан басталды.
Ақсоран кен орны Қаратау жотасының батыс суайрығына жақын орналасқан.
Негізгі кендену Ақсоран жарығында немесе соған жақын орналасқан. Ол шамамен
үзіліспен 1750 м созылып жатыр. Руда кальцит пен цементтелген құрамында
мырыш, қорғасын, темір бар брекниядан тұрады, ал тұтас қорғасын- мырышты
рудалар сирек. Негізгі рудалы минерал галенит, сонымен бірге сфалерит және
пирит те бар [15].

ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы геоморфологиялық фактор.
Қаратау 5-6 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Провинцияның
оңтүстік-шығыс шетінде Арыс-Тараз темір жол трассасы бойынша қайта
жүргізілген геодезиялық нивелировка арқылы жаңа тектоникалық қозғалыстар
анықталған, мысалы, Шақпақ ауысуында көтерілу процесінің жылдамдығы +12
ммжылына [2].
Қаратау жотасы шұғыл ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік тау алдының
үстірттәріздес беті солтүстік бағытта көтеріліп, байқалмай жазықтық тау
адырына өтеді, ал солтүстікте Қаратау тік беткейлі болып келеді. Су айырық
беті, бор және эоцен теңіз трангрессиялар кезінде абразия үшыраған, қазір
денудациялық жазық болып келеді [14,16,28]. Қаратаудың қазіргі жер бедері
денудациялық үгілген беттің дұрыс емес қатпарлы-күмбезді деформациялау
нәтижесінде қалыптасты. Бессаз шыңы осы беттен биік емес орналасқан, яғни
ол ежелгі жер бедерінің қалдығы. Осындай қалдықты жер бедері Қаратаудың
оңтүстік-шығысында байқалады, Боралдай таулары ежелгі жер бедерінің
қалдықтары. Палеоген трангрессиясы кезеңінде бұл қалдықтар құрлық болған.
Биогеографтар оны палеоген-неоген уақыттың маңызды орографиялық шекарасы
деп есептейді. Әктасты-доломитты қабаттар таралған учаскелерінде оңтүстік
жазықтық беткейінің көтерілген жазықтық бетіне ойып орнатылған өзендер мен
жылғалардың көлденең аңғарлары шатқалтәріздес (каньон сияқты) сипатта
болады. Жоспарда қарағанда бұл каньондар үшін жеке бір кесінділеріне тура
сызықтылықпен және шұғыл буынды бұрылыстармен сипатталады.
Төменгі карбонның және жоғарғы девонның әктастары мен доломиттерде
карсты құбылыстар күшті дамыған. Мұнда карсты үңгірлер, воронкалар т.б.
карсты жер бедері пішіндері кездеседі. Шұғыл континентті климат жағдайында
физикалық үгілудің интенсивті процестер нәтижесінде жалаңаш карст пайда
болады.
Қаратау жотасының шыңды бетінде салыстырмалы биік емес абсолюттік
биіктікте жоғары кеңістіктегі тундра зонасы және Орта Азия биік тауларының
шыңдары үшін сипатты көп тасты бұрыштықтар таралған. Солтүстік-шығыс тау
алдында, Шолақтаудан батысқа қарай үгілген граниттердің ерекше пішіндері
кездеседі.

ІІ.3. Климат жағдайы.
Оңтүстік Қазақстанның климаттық аудандастыруы бойынша Қаратау екі
климаттық облыста орналасқан. Батыс-Тянь-Шань климаттық облыс құрамына
кіретін, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейін қамтитын Батыс-Қаратау
климаттық ауданы және Солтүстік-Тянь-Шань облысындағы Қырғыз таулы облыс
тармағының, Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейін қамтитын Шығыс-Қаратау
климаттық ауданы [11,32].
Жергілікті халық Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейін Теріскей, ал
оңтүстік-батыс беткейін күнгей деп атайды. Теріскей басым салқын және
ылғалды, ал Күнгей жылы және құрғақ болып келеді. Негізінде Қаратау
жергілікті мағынадағы климат айырықшы болып табылады. Қаратау жотасы
гипсометриялық қатыста орта биікті тауларға жатады.
Қаратау қысқы маусымда үш ауа массасының ықпалында болады: арктикалық
ауа массалары, Қаратауға дейін өзгерген түрінде келеді, бірақ өзімен салқын
ауа алып келеді; атлантикалық немесе батыс ауа құрғақтау күшті өзгерген
түрінде келеді; Иран тау қыраты үстінде қалыптасатын субтропиктік ауа
массалары Қаратауға жылымық алып келеді. Кейбір жылдары Қаратау жотасына
дейін Сібір (Орта азиялық) антициклонның ықпалы жетеді, ол өзімен өте төмен
температура алып келеді.
Қасиеті бойынша әр түрлі ауа массалардың әрекеті қысқы ауа райында
тұрақсыздықты қалыптастырады, әсіресе оңтүстік-батыс беткейінде. Бұл
ерекшелік қар жамылғысының ұзақтылығында байқалады. Мысалы, Тасты
метеостанциясында қар жамылғысының ұзақтығы 79 күн, Түркістанда (оңтүстік-
батыс тау алды жазықтықтардың солтүстігі) – 49 – күн; ал Ащысайда (Қаратау
жотасы) – 83 күн [30]. Осыдан, Қаратау климат айырық деген пікірге келеміз.
Осы жерде жылы және суық ауа массалары арасында фронттық жауын-шашын көп
болады.
Термикалық режим. Қаратау жотасының термикалық режимін № 1 кестеден
көруге болады. Кестені талдауда, солтүстік беткейлер оңтүстікке
салыстырғанда өте суық екенін көреміз, температуралардың амплитудасы
солтүстік және оңтүстік тау алды жазықтарға салыстырғанда тау жотасында
төмендеу болып келеді. Бұл айырмашылық Қаратауға таулы климат тән екенін
көрсетеді. Солтүстік тау алды жазықтарындағы температуралардың амплитудасы
жоғары болуының себебі қысқы температуралырдың өте төмен, ал оңтүстікте –
жазғы температуралардың жоғары болуы.

№ 1 кесте. Қаратауда және айнасындағы метеостанциялар бойынша ауаның
орташа айлық және жылдық температурасы (t0 С).
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград.
1989. бойынша, 168 б.)
Темпера
№ Метеостанция І ІІІ V VII IX XI Жыл тураның
дық жылдық
ауытқуы
1 Тасты -10,7 0,5 19,4 27,3 -17,6 -0,6 9,0 38
2 Ащысай -3,1 2,7 17,0 25,6 17,7 2,9 10,5 28,5
3 Түркістан -5,8 5,3 20,6 28,3 19,7 3,1 12,0 34,1

Жазда Қаратау жотасы, Орта Азияның (Қарақұм, Қызылқұм) шөлдері
үстінде континенттік субтропиктік ауа массалардың ықпалында болады. Олар
өте құрғақ, шаңды, және ыстық. Мұндай ауа массаларының ықпалы жоғары
температураларға алып келеді, мысалы, Тасты метеостанциясында - +27,3ºС, ал
Түркістанда - +28,3ºС. Жотаның өзінде жоғары биіктіктер болуына байланысты
температуралар төмендеу, Ащысай - +25,6ºС.
Жауын-шашын режимі. Қаратау жотасының Л.Н.Бабушкин Тұран провинциясының
тау алды таулы провинция тармағының жеке климаттық округ деп есептейді.
А.А.Пузырева Қаратауды батыс Тянь – Шань және шығыс Тянь-Шань климаттар
облыстарына бөледі. Жотаның солтүстік шығыс беткейі солтүстік климаттық
облысының Шығыс Қаратау климаттық ауданы, ал оңтүстік батыс деңгейі батыс
Тянь – Шань климаттық облысының батыс Қаратау климаттық ауданын
қалыптастырады [11,32].
Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын –
шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі (№ 2 кесте).

№ 2 кесте. Жауын – шашынның орташа айлық және жылдық мөлшері.
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. 1989, бойынша, 56
б.)
№ Метеостанция І ІІ
Көктем Күз
Көктем Күз Топырақ ауада Топырақ ауада
бетінде бетінде
0 - 15ºС 15 - 0ºС
Тасты 43 51 21 17 30 26 47
Шолаққорған 54 54 31 22 34 24 53
Ащысай 61 69 34 18 33 17 54
Түлкібас 70 76 44 29 37 20 36

Кесте бойынша Қаратау жотасында өсіп-өну кезеңі салыстырмалы 180 –
200 күн аралығында, ал белсенді температуралардың жиынтығы (тәулік бойы
орташа температурасы +10ºС жоғары температураларыдың жиынтығы) 3700 - 4200º
шегінде тербеліп отыр. Мұндай жауын-шашын мөлшерінде және термикалық
жағдайда дала және ылғалды дала географиялық кешендері қалыптасуына
мұмкіндік береді.

ІІ.4 Беткі және жер асты сулары
Қаратау жотасы жауын-шашын мөлшері аз және таулы мұздықтар жоқ
болуының себебінен су ресурстарына бай емес болып келеді. Өзендердің барлығ
аралас қоректенеді. Солтүстік-батыста еріген қар суынан, ал оңтүстік-
шығыста - жер асты суларымен қоректену басым болады. Ең ірі өзендер
Қаратаудың орталық және оңтүстік-шығысында орналасқан, себебі осы жерде
жауын-шашынның мөлшері көп. Қаратау жоталарынан бастауын алатын өзендерге:
Арыстанды, Бөген, Боралдай, Байылдыр, Бесарық, Ермексу, Жиделі, Көкқиясай,
Қарашық, Шаян және Иқансу өзендері жатады. Бұл өзендердің әрқайсысы қысқаша
тоқталып өтейік.
Боралдай - Арыс өзенінің оң саласы. Бәйдібек, Ордабасы аудандары
жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жинайтын алабының ауқымы 1860 км².
Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталады. Жоғарғы
ағысында Қошқар ата өзені құяды. Аңғарында жабайы жеміс ағаштары ( алма,
долана, жабайы жүзім т.б.) көп. Арыс өзеніне құятын тұсында аңғар кеңейіп,
ені 1-4 км-ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суымен көректенеді.
Боралдай ауылы тұсындағы жылдық орташа су ағыны 10,5 м³с. Суы тұшы.
Минералдылығы 0,2 – 0,4 гл. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін,
бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен тікелей оннан астам
ирригациялық каналдар тартылған.
Арыстанды - Арыс алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағады.
Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 896 км². Қаратаудың оңтүстік-батыс
беткейіндегі екі шағын өзеннің қосылған жерінен бастау алып, Арыс-Түркістан
каналына құяды. Аңғары тар, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын
суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,64 м³с. Суы ауыз суға, егін
суғаруға пайдаланылады. Өзен аңғарын бойлай Арыстанды-Қарабас желі соғады.
Бөген – Сырдария алабындағы өзен. Бәйдібек ауданының жерімен ағып
өтеді. Қаратау баурайынан бастау алатын Қаттабөген (Үлкен бөген) және
Балабөген өзендерінің қосылған жерінен бастап Бөген деп аталады. Ұзындығы
164 км, алабы – 4680 км². Басты саласы – Сасық өзені. Алабы белесті,
еңкістеу келген жазық. Жайылымасы 300 – 600 м. Бөген ерте көкметмде тасиды.
Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Қызыл көпір бекеті тұсында
көпжылдық орташа ағымы 4,36 м³с. Төменгі ағысында Бөген бөгені (су
қоймасы) салынған, одан Түркістан каналы тартылған. Бәйдібек, Отырар және
Ордабасы аудандарының шаруашылықтары пайдаланылады.
Байылдыр - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан, Кентау қалалық әкімдік
аумағы жерімен жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 50 км, су жинау алабы 315 км².
Қаратаудағы Бессаз тауынан бастау алады. Қар суымен, жер асты суымен
толығады. Арнасы тар, тік жарлы. Салалары: Бозбұтақ, Балтабай. Қарашық
ауылы тұсында Арыс – Түркістан каналына құйып, одан әрі қарай Қарашық
тармағы екіге айырылады да, бірі Сырдарияға, екіншісі Қамыстықақ көліне
құяды. Суы егін суаруға пайдаланылады.
Қарашық, Хантағы - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан қалалық әкімдік
аумағымен ағады. Ұзындығы 102 км, су жиналатын алабы 1210 км². Қарашық
Қаратау жотасының ортаңғы бөлігіндегі Бессаз тауынан бастап , Текекөлге
құяды . Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменгі бөлігінде
жайпақтанып кеңейе түседі. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көп
жылдық орташа су ағымы Хантағы кеніші тұсында 1,72 м³с. Суы егін бау-
бақша суаруға пайдаланылады.
Шаян - Арыс алабындағы өзен. Бәйдібек ауданы жерімен ағып өтеді.
Ұзындығы 138 км, су жиналатын алабы 1500 км². Қаратау жотасынан басталып ,
Арыс-Түркістан каналына жетпей тартылып қалады. Жалпы ұзындығы 220 км, 90
саласы бар. Ірі салалары : Майбұлақ , Ағыбет . Аңғары жоғарғы ағысында
таулық сипатта, арнасы тік жарлы, орта, төменгі ағысында бұйратты жазық.
Жайылмасының ені 300-500м. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады.
Жылдық орташа су шығыны Майбұлақ қонысы тұсында 1,12 м³. Суын егіндік, мал
суаруға пайдаланады. Қазата ауылы тұсында Қапшағай бөгені салынған.
Көксарай - Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасынан Ақалтын өзені
болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Түркістан қалалық әкімдігі аумағының
жерімен ағып, Арыс-Түркістан каналына құяды. Ұзындығы 46 км су жинау алабы
228 км². Үлгілі ауылы тұсында бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған
өзені деп өзгереді. Жоғарғы ағасында аңғары тар, тік жарлы. Негізінен қар,
жер асты суымен толығады. Шөл далада орналасуына байланысты бұл өзеннің мал
суаруда, жайылымдарды суландыруда маңызы зор.
Ыққансу - Сырдария алабындағы өзен. Түркістан қалалық әкімдік аумағы
жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 550 км². Қаратаудың
оңтүстік беткейінен басталып, Аяқкөлге жетпей тартылып қалады.Көктемде суы
көбейіп, Арыс-Түркістан каналына құяды. Аңғары жоғарғы бөлігінде таулық
сипатта, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдың
орташа су ағыны сағасы тұсында 1,60 м³с. Суы егінге, мал суғаруға
пайдаланылады.
Шағансай - Сырдария алабындағы өзен. Созақ ауданының аумағында ұзындығы
53 км, су жиналатын алабы 601 км². Шағансай Қаратаудың солтүстік
беткейіндегі бұлақтардан басталып, Мойынқұмның оңтүстігіне жетпей тартылып
қалады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, төменгі ағысында кеңейе түседі.
Негізінен қар суымен толығады. Жазда суы азайып иірімдерге бөлініп кетеді.
Қаратаудың көлдері. Билікөл - Талас ауданының оңтүстік жағында Жамбыл
қаласынан батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Көлдің биіктігі 438,6 м,
көлемі 86,5 км², ұзындығы 18,5 км, ені 7,3 км, жағалауының ұзындығы 53 км.
Билікөл Қаратаудың солтүстік жотасындағы тау аралығындағы ойыста жатыр.
Көлдің солтүстік жағының ені 2 км дейін тарылып, осы жерден көл екіге
бөлінеді, одан әрі көлдің оңтүстік бөлігінің арнасы кеңейе түседі. Көл
орналасқан ойыс аса терең емес, түбі жазық, таза, жағалауы лайлы. Лайлы
түсі сұр, қалыңдығы 0,5 м жетеді. Оңтүстік жағалауын бойлап қамыс өскен.
Шығанақтарда су балдыры - хара, шолаң өседі, олар қамыс арасында да бар.
Көлдің жағалаулары ашық, батпақты, жазық тек солтүстік және батыс
жағалауларының кей жерлері биік тік жарлауыты болып келеді. Оңтүстік
жағалауы тасты, қалған бөлігі - құмайт топырақты, құмды.
Су жиналатын алабының оңтүстік және батыс жағы таулы, басқа жақтарының
жер бедері бұйратты. Билікөлдің оңтүстігі солтүстік-батысқа қарай Қаратау(
1610,3 м), ал оңтүстік-шығысын Үлкен Буырылтау (843,4 м) сілемдері алып
жатыр. Көлдің солтүстік-батысына қарай Бултын, Жетімшоқы, Кебекқашқан
таулары орналасқан. Көл алабында бетеге, ақ жусан, кей жерлерде сарсазан,
т.б. өседі. Су жиналатын алабы мал жайылымына пайдаланылады.
Билікөлге шығысында Ассы өзені құяды . Ол осы өзен суымен және қар,
жауын-шашын суларымен толығады. Сәуірдің аяғынан бастап өзен суы көлге
құймайды, өйткені оның суы жер суландыруға пайдаланылады. Көлдің орташа
тереңдігі 2,1 м ( ең терең жері 4,5м). Көлге 182 млн. текше метр су
жиналады. Суы 0,2-1,5 м тереңдікте мөлдір болып жатады. Түсі - қоңыр-сары.
Су деңгейі наурыз, сәуір айларында көтеріліп, қыркүйекте төмендейді. Су
деңгейінің жылдық орташа өзгеруі 3 м, көпжылдық өзгеруі 5 м.
Билікөлдің суы тұщы (тұздың мөлшері бір литріде 0,86 гр), кермектігі
орташа сілтілі, көл суының минералдылығы мамыр - маусым айыларында қырқүйек
- қазан айларымен салыстырғанда 2 есе төмендейді. Химиялық құрамы жағынан
көл суы сульфат класына, натрий тобына жатады. Суда микроэлементтер аз
кездеседі, ал иод, бром, барий, мыс, марганец және кобальт мүлдем жоқ.
Көл фитопланктондарға өте бай. Көл суының гүлденуі тасқабықты қыл
аяқтылардың әсерінен болады. Зоопланктондардан ашамұрттылар, шаяндар, ескек
аяқтылар, коловраткалар кездеседі. Көлдің бентосы негізінен қанаттылар,
инеліктер, құрты ручейниктер және поденоктар, сүліктер, су кандаласы, су
қоңыздары және т.б.
Билікөлде елең, қара балық, табан балық, маринка, шабақ балық, сазан,
сұр талма балық және серке бар. Ауланатын балықтың көбі сазан. Көлді қаз,
жылқышы, үйрек, шағала, көкқұтан, ондатр мекендейді.
Қызылкөл - Созақ ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның биіктігі
335 м, ал көлемі 16,2 км² . Ұзындығы 6,1 км, ені 2,8 км және жағалауының
ұзындығы 18,6 км.
Қызылкөл ағынсыз, тау аралағындағы ойыста орналасқан. Оның тереңдігі 10
м астам, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр . Солтүстік шығыс жағында
кішкене арал бар, ол су деңгейі кішкене көтерілген кезде су астында қалады.
Көлдің орталық бөлігінің түбі қатты, ал жағалау жағы сазды, лайының
қалыңдығы 0,3 м.
Солтүстік және солтүстік-облыс жағалаулары тік жарлауытты, оның
биіктігі кей жерлерінде 20 м жетеді. Көл жағалауына бетеге, ақ жусан, кей
жерлерінде мия мен сарсазан, қарағай, сексеуіл өседі.
Қызылкөл қар, жауын-шашын және өзен суымен қорланады. Көлге оңтүстік-
шығыстан Үшбас өзені құяды. Суы аз жылдары өзен құрғап кетеді.Көлдің орташа
тереңдігі 3,7 м(ең терең жері 8,5). Көлге 89 млн. м³ су жиналады. Суы 0, 5-
2 м тереңдікке дейін мөлдір, түсі жасыл. Көл деңгейі сәуір айында
көтеріліп, қазан айында төмендейді.
Қызылкөлдің минералдануы және химиялық құрамы әр түрлі. Мысалы, шығыс
жағындағы суда бір литрінде 4,8 г, ал батысында 4,5 г. Жалпы суы аздап ащы,
өте кермек, сілтілі. Химиялық құрамы жағынан суы сульфат класына натрий
тобына жатады.
Көлде микроэлементтер өте аз кездеседі, ал бром, мыс, марганец,
қорғасын және кобальт мүлде жоқ. Көктем және жаз айларында көл суы мал
суаруға пайдаланады.
Жасыл көк жасыл балдырлар өседі. Көлдің жасыл планктонын кловраткалар,
сабақ мұртты шаяндар, ескек аяқтылар мен қабыршақты шаяндар мекендейді.
Көл жағалауының әр жерінде қамыс қопасы көрінеді. Қызылкөлдің
зообентосына әсіресе инеліктің құрттары және хирономит басым. Көлде елең,
маринка және сазан балығы бар. Көлдің ең терең жері 6,3 м. Суының жалпы
тұздылығы бір литрде 18,7 г келеді, химиялық құрамы жағынан хлорид класына
жатады.
Көлде үйрек, жылқышы және т.б. суда және сазды жерде тіршілік ететін
құстар бар.
Жер асты сулары. Қаратаудың солтүтік-шығыс беткейдегі тау алды
жазықтықтарда жер асты суларының ресурстары жоғарғы бор және палеоген
жастағы құмдармен байланысты, аз бөлігі төрттік жастағы қиыршықтастармен.
Бұл ауданның ғасырлар бойы жиналған тұщы және аз тұздалған жер асты суының
қоры 227 млрд м³. Бірақ ауданы бойынша тең емес таралған, ең көп Созақ және
Көкпансор ойыстарында, мұнда 1км² ауданда шамамен 10 – 20 млн м³ жер асты
суы бар.
Жоғарғы бор шөгінділеріндегі артезиан сулары Қаратаудың терең жер
асты ағымы есебінен қоректенеді, мұмкін Талас және Қырғыз Алатауының жер
асты ағымы қосылады. Қоректену жиілігі 167 млн м³жылына. Палеоген
шөгінділерінің артезиан сулары да таудан тектоникалық жарықтар зоналары
бойынша терең ағым арқылы қоректенеді. Мұндағы табиғи ағым 116 млн
м³жылына.
Төрттік аллювиалды-пролювиалды шөгінділердің еспе сулары атмосфералық
жауын-шашынның және уақытша беткі су ағыстардың сіңу арқылы қалыптасады.
Еспе суларының жылдық қайталану ресурстарының көрсеткіші 261 млн м³жылына.

ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары
Қаратау тауларының топырағы ашық және сұр топырақ 800 - 1200 м
биіктікте кездеседі. Одан жоғары 1200-2100 м биіктікте таудың қаштан және
қара топырақтары кездеседі, олардың өсімдік және жануарлар дүниесі де әр
алуан болып келеді. Бұл жерлерде өзен шатқалдарында ағаш-бұталы
селдірторғай кездеседі. Тау беткейлері табиғи жайылым және шабындық
суғармалы жерлерден тұрады.
Біздің облысымыздағы негізгі тау жүйелеріне Батыс Тәңіртау мен Қаратау
жатады. Таулы жер бедерлерінің өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі
келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мынадай:
- әр түрлі шөптесін ірі астық тұқымдастардан тұратын;
- ксерофильді сирек ормандар мен бұта-шіліктер (бадалдар );
- жапырақты, жемісті ормандар;
- су бойындағы бұталар мен ормандар ( тоғайлар);
- әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулы шалғындар т. б.
Бұл экожүйелердің көпшілігі жазық жерлерде кездеспейді. Қаратауда
ксерофильді сирек ормандар мен бұталар шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең
сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы бар жерлерде сақталған.
Сонымен қатар Қаратау ағып жатқан өзен-сулардың бойында бұталар мен
ормандар немесе тоғайлар кездеседі. Тау өзендерінің бойында бірқатар сирек,
реликт түрлер кездеседі. Боралдай мен Ақсу өзендерінің бойында соғды
шағаның ормандары бар. Қаратаудың кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған.
Қаратаудағы кішкене арша аралдары бұл түрдің бұрын көп тарағанын
көрсетеді. Таулық далалар Қаратау белдемдерінде кең тараған. Негізгі
фитоценоз түзушілер - қау мен боз және бетеге. Тау беткейлерімен жоғары
көтерілген сайын бетегелі–бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі.
Қаратаудың далалық формациялық құрамы мен құрылымындағы өзіндік ерекшелік
жартылай саванналық, фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын
бұталардың –тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғыгүлдің болуы. Тау
беткейлеріндегі бұталар да Қаратауда кең тараған. Ал Қаратаудағы Қызыл
кітапқа кірген өсімдіктерге: Қаратау лепидолофасы, тасжапырақты
лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы және т. б. жатады .
Тек Қаратау да кездесетін эндемик өсімдіктерге: Қаратау кекіресі,
қаратау маралтамыры жатады. Оларға жеке-жеке тоқталайық. Қаратау кекіресі –
бұршақ тұқымдасы, кекіре көп жылдық шөптесін өсімдік, тек Қаратауда ғана 8-
15 см, тамыры жуандау келген, жер астындағы тамырлары шашақталған, жер
үстіндегілерінің сабақтары қысқа, ұзындығы 5-12 см, сыртын ақ түк жапқан.
Гүлсидамы ақ, қара түкті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр - маусымда гүлдеп,
шілдеде жеміс піседі. Қаратау кекіресі – сирек кездесетін эндемик өсімдік.
Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып,
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген .
Қаратау қауы – астық тұқымдасы, қау тұқымдасына жататын көп жылдық
шөптесін өсімдік. Батыс Тянь-Шань мен Қаратаудың, Іле-Шу тауларының тасты,
тастақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 20-30 см, сабағы жалаң тек буын асты
ғана түктенген. Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған. Тұқымынан
көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістер піседі. Жемісі - дәнек. Қаратау қауы
–жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп. Қаратау қауы – сирек кездесетін
өсімдік, жылдан - жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға
алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қаратау маралтамыры – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық
шөптесін өсімдік. Қаратаудың тау жоталары және Мыңжылқы сайының тастақты,
қорымтасты жерлері мен жартастардың жарықшақ сызаттарында өседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Көпжылдық тоңданудың өрістеуі жағдайында Сарыарқаның көптеген аудандарында
Қаратау таулы жотасы
Жер ресурстары туралы түсінік
Бедер түзуші эндогендік факторлар
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Пәндер