Заңдар – Қазақстан Республикасы тарихының дерек көзі (1990-2007 жж.)


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 161 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ Қолжазба құқығында

ТОЛАМИСОВ АМАНГЕЛДІ

Заңдар - Қазақстан Республикасы тарихының дерек көзі

(1990-2007 жж. )

07. 00. 09 - тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі

тарих ғылымдарының

докторы, профессор

Қ. Атабаев

Қазақстан Республикасы

Алматы 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЗАҢДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ РЕТІНДЕ ПАЙДА БОЛУЫН СЫНАУ . . . 17

1. 1 Заңдардың ұғымдық және терминдік мәселелері және оларды Қазақстан тарихының дерек көздері ретінде кезеңдеу . . . 17

1. 2 Заңдардың тарихи дерек көздері ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері және оларға деректанулық талдау жасау мен сыныптау проблемасы . . . 30

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ . . . 44

2. 1 ҚР Конституциялық заңдарының пайда болуының объективтілігі мен алғышарттары . . . 44

2. 2 ҚР заңдарының тарихи дерек көздері ретінде жасалу процесі мен процедуралары . . . 56

2. 3 ҚР Конституциялық заңдарын атрибициялау проблемасы . . . 74

2. 4 ҚР Конституциялық заңдары қоғамдағы түбегейлі өзгерістер тарихының дерек көздері . . . 86

3 ТІЛ, ДІН ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ ЗАҢДАР ТАРИХИ ДЕРЕК КӨЗДЕРІ . . . 99

3. 1 Тіл және дін туралы заңдар тәуелсіз Қазақстан халқының рухани және мәдени өмірі тарихының дерек көзі . . . 99

3. 2 Заң ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарихының дерек көзі . . . 115

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 128

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 132

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында заң актілері тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарихының маңызды жазба дерек көздерінің бірі ретінде, деректану ғылымы тұрғысынан қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын және де бірнеше мың жылдық тарихымыздың ең жаңа кезеңінің айшықты беттерін құрайтын Қазақстан Республикасы тарихының келешекте жан-жақты зерттелері де, шынайы да, объективті жазылары да анық. Сондықтан, ондай аса үлкен де, жауапты іске дайындық жұмыстарын осы бастан жүйелі де мақсатты түрде жүргізудің маңызы үлкен. Солардың бірі, тәуелсіз еліміз тарихының деректік негізінің, деректану ғылымының талаптарына сай, осы бастан берік қалануы. Атап айтқанда, тәуелсіздік тарихы бейнеленген, яғни сан алуан формада, сан түрлі мазмұнда көз алдымызда пайда болған және күнделікті пайда болып жатқан дерек көздерін, деректанулық өңдеуден өткізу арқылы ғылыми айналымға тарта білу. Осындай, тәуелсіздік тарихының өзіндік ерекшеліктері мол, маңызды дерек көздерін бірі - заң актілері.

Тарихы ғылыми негізде жазылған басқа да мемлекеттер сияқты, Қазақстан Республикасы тарихының да дерек көздерінің үлкен бір бөлігін жазба деректердің құжаттық түріне жататын заң актілері құрайды. Заң актілерінің Қазақстан Республикасы тарихының басқа да дерек көздері арасында алар ерекше орын - Қазақстан халқының тек тәуелсіз мемлекет қана емес, сонымен қатар қоғамның барлық саласы заңға негізделген құқықтық мемлекет құруға бағыт алуымен айқындалады. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында қазақ халқының, осы жерді мекендеген өзге де ұлт өкілдерімен бірлесіп, құқықтық мемлекет құру жолына түсуі заң актілерінің тарихи дерек көздері ретіндегі маңызын арттыра түсті. Өмірдің барлық саласының заңдық негіз алуы, қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістердің белгілі бір заң актілеріне сәйкес жүргізілуі, тәуелсіздік тарихының әр алуан заң актілерінде әр түрлі қырларынан бейнеленуіне алып келді. Демек, заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білу, тәуелсіз Қазақстан тарихының объективті жазылуының басты алғышарттарының бірі болып табылатындығы күмәнсіз. Бұл, біздің ойымызша, зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдейтін басты факторлардың бірі.

Заң мәселесімен бізде көбіне заңгер ғаламдардың айналысып келгендігі белгілі. Дегенмен, заң мәселесі тек заңгерлердің ғана мәселесі емес, ол жалпы қоғамтану ғылымының ортақ мәселесі болып табылады. Өйткені, заң актілері аса күрделі де, сан қырлы туындылар ретінде қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан да, заңдарда дамудың нақты бір кезеңінде белгілі бір дәрежеде бейнеленбейтін қоғамдық қатнастар тарихы болмайды. Демек, ол бірнеше ғылым салаларының зерттеу нысаны ретінде қарастырылуы тиіс. Заң актілерін дерек көзі ретінде зерттеумен және оларды белгілі бір дәрежеде талдаумен немесе сыннан өткізумен тарих, саясаттану, құқықтану, дипломатика, деректану сияқты ғылымдар мен ғылым салаларының бәрі де айналысады. Мысалы, олардың кейбіреулері өздеріне қажетті мәселелерге байланысты нақты бір жылдардағы заң актілеріңдегі мағлұматтарға талдау жасаса, енді біреулері заң актілерінің өзіне жан-жақты талдау жасап, зерттейді.

Оның өзіндік бірнеше себептері бар. Біріншіден, заңдардың пайда болуы қоғам даму барысында объективті қажеттіліктерден туындаған, өзіндік ерекшеліктерге толы аса ұзақ та, қиын процесс, екіншіден, қабылданған заңдардың өзін іске асыру да көптеген қиындықтарды жеңуді қажет ететін маңызды мәселе, үшіншіден, заңдар әр алуан әлеуметтік топтар мен жіктердің мүдделері тоғысқан күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал, төртіншіден, заңдардың функциясы тек қоғамдық қатнастарды реттеумен ғана шектелмейді, олар басқа да көптеген маңызды функциялар атқарады. Солардың бірі, заңдардың өз бойында ел өмірінің өткені туралы мәлімет сақтаушы дерек көзі ретіндегі функциясы. Өйткені, мемлекеттің құқықтық негізін құраушы фактор ретінде, заң актілері қоғамның жаңа сапалық деңгейде пайда болу, қалыптасу және даму тарихы бейнеленген маңызды дерек көзі болып табылады. Заң актілері мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және қоғам мүшелерінің барлық дерлік күнделікті жұмыстарын реттейді және бағыттайды, азаматтар мен ұйымдар арасындағы қатынастарды белгілі бір құқықтық нормаларға енгізеді. Сондықтан заң актілері заңдық құжаттар ретінде де, тарихи дерек көздері ретінде де кешенді түрде жан-жақты да, объективті талдауды қажет етеді.

Әрине, бұл орайда, әрбір ғылым саласының заң актілерін өз ерекшеліктерінен шыға отырып, өз бағыттары мен мақсаттарынана сай зерттейтіндіктері түсінікті. Егер, заңгер ғалымдар негізінен қабылданған заңдардың қажеттілігі мен маңызын дәлелдеп, олардың негізгі қағидалары мен ережелерін насихаттаумен және көпшіліке түсіндіру ісімен айналысса, тарихшылар негізгі заң актілерінің пайда болу тарихын, жалпы қоғам даму процесінің тінінде зерттеп-зерделеу және оның пайда болу себептері мен салдарын зертеу ісімен айналысады. Сол сияқты, басқа қоғамдық ғылымдар да заңдардың өздеріне қатысты мәселелерін зерттейді немесе зерттеулері тиіс. Бұл орайда деректану ғылымының да өзіндік орыны бар. Ол, бір жағынан, заң актілерінің қоғам даму барысында пайда болатын заңдылығымен, яғни объективтілігімен айқындалса, екінші жағынан, заңдардың жеке адамдардың немесе белгіл бір топтың саналы іс әрекетінің салдарында пайда болатын субъективтілігімен де байланысты. Сондықтан, объективті дерек көздерінде сақталған мәліметтердің субъективтілік деңгейін айқындап, оларды ғылыми айналымға тарта білу деректану ғылымының басты міндеті болып табылады. Өйткені, заң актілері жазба деректердің басқа түрлерінен тек өзіне ғана тән сипаты белгілерімен ерекшеленеді. Сондықтан оларда сақталынған мәліметтерден объективті мағлұмат алу мақсатында зерттеушілер заң актілерін тарихи дерек көзі ретінде арнайы қарастыруға тиіс болады. Бұл деректану ғылымының дамуымен тікелей байланысты мәселе. Деректану заң актілерін іздеп-табумен айналысады және олардың деректік ерекшеліктерін жан-жақты айқындайды, оларды зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, тарихи дерек ретінде ғылыми құндылығын, маңызын көрсетеді. Осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі де, оның жалпы ғылыми бағдарламалармен байланыстылығы да ешқандай күмән туғызбауы керек.

Сонымен қатар, зерттеу тақырыбының өзектілігі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан тарихы саласында жүргізіп отырған саясатымен де, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен де байланысты. Мысалы, Н. Ә. Назарбаев 2004 жылы 13 қазанда білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Осы күнге дейін Қазақстанның ең жаңа тарихының бірде-бір қалыпты оқулығы жоқ. Біздің тәуелсіздігіміздің қасіретті оқиғалары және оны нығайту жолындағы біздің күресіміз зерттеу тақырыбына айналмаған» деп, Қазақстанның ең жаңа тарихын, атап айтқанда Қазақстан Республикасы тарихын зерттеу қажеттілігі туралы айтса [1], Елбасының бастамшылдығымен қабылданып, тікелей қолдау көрсетуімен 2004 жылдан бастап іске асырыла бастаған мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасының мақсаттары зерттеу тақырыбымен толық сәйкес келеді. Егер, бағдарламаның бірінші кезеңі мұраларымызды іздеп табу, жинау және жүйелеуге арналса, екінші кезеңі сол мұраларымызды зерттеп-зерделеуге арналып отырғандығы белгілі. Олай болса, заң актілерін тәуелсіздік жылдары пайда болған мұраларымыз ретінде де, Қазақстан Республикасы тарихының дерек көздерінің бірі ретінде де қарастырып, зерттеп-зерделеудің бағдарламамен сәйкестігін байқау қиын емес. Бұл, тақырыптың өзектілігінің тағы бір айқын дәлелі.

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде заң актілері, дәлірек айтқанда, елімізді түбегейлі саяси өзгерістерге алып келген Конституциялық заңдар мен Қазақстан Республикасының Конституциялары және кейбір заң актілері алынған.

Зерттеу жұмысының пәні - тақырыпта атап көрсетілгендей, диссертация мазмұны заң актілеріне тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихының дерек көздері ретінде деректанулық талдау жасауға арналған.

Тақырыптың зерттелу деңгейін жұмыстың ерекшелігінен шыға отырып, бірнеше топқа бөліп көрсетуге болады. Заң актілері тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде алғаш рет арнайы қарастырылып отырғанымен, жалпы заңдарға қатысты еңбектер мен заң актілеріне, олардың ішінде Қазақстан Республикасы тарихына қатысты заң актілеріне де, талдау жасалынған ғылыми-зерттеу жұмыстары баршылық. Осындай, тақырыптың зерттелу деңгейін ашып көрсетуге және заң актілеріне тарихи дерек көздері ретінде талдау жасауға көмектесетін еңбектердің үлкен бір тобын Қазақстан заңгер ғалымдарының еңбектері құрайды. Ұзақ жылдар бойы қазақтың әдет-ғұрып заңдары мен кеңестік заң актілерін зерттеу ісімен айналысқан ҚР ҰҒА академигі С. З. Зиманов бастаған қазақтың көрнекті заңгер ғалымдары, тәуелсіздік тарихына да қатысты іргелі еңбектер жазып, біз қарастырып отырған заң актілерінің зерттелу ісіне өз үлестерін қосты. Мысалы, С. З. Зимановтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдары дүниеге келіп, Қазақстан Республикасы деп аталынған мемлекеттің іргесін қалауға негіз болған заң актілері мен Қазақ КСР Жоғарғы Советі мен Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығарушылық қызметі туралы жазған мақалалар жинағы 1996 жылы “Конституция и Парламент Республики Казахстан” деген атпен жарық көрсе [2], Қазақстан Республикасының дүниеге келуінің заңдық алғашарттарын жасаған бірнеше Конституциялық күші бар заң актілерінің дайындалып, олардың қабылдануына ат салысқан тағы бір көрнекті заңгер ғалымымыз С. С. Сартаевтың басқа да авторлармен бірігіп жазған іргелі еңбектері 2004 және 2005 жылдары “Тәуелсіз, егеменді Қазақстан Республикасы Конституциясы” [3] және “Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы: проблемалары мен болашағы” деген аттармен жарық көрді [4] .

Қазақстан заңгерлерінің абызына айналған бұл ғалымдарымыздың аталған еңбектері мен баспасөз беттерінде жарияланған басқа да мақалалары және сұхбаттары жұмысты орндау барысында кеңінен пайдаланылды. С. Зиманов, С. Сартаевтармен қатар, тәуелсіздік жылдары пайда болған заңдар туралы Г. Сапарғалиев [5], З. Ж. Кенжалиев, В. А. Ким [6], В. А. Ким, Г. В. Ким [7], А. К. Котов [8], С. Табанов [9-12], сияқты заңгер ғалымдар іргелі зерттеу еңбектерін жариялап, көпшілікке заң актілерінің жалпы қоғам өмірінде және де әрбір қоғам мүшесінің өмірінде алар орнын көрсетіп, заңдардың пайда болу механизміне қатысты мәліметтер берді. Мысалы, белгілі заңгер ғалым Г. Сапарғалиев өзінің “Конституционное прово Республики Казахстан” деп аталатын академиялық курсында Қазақстан Республикасының Конситуциялық құқығына талдау жасаса, С. Табанов өзінің қазақ тілінде жарық көрген бірнеше еңбектерінде заңдардың пайда болуына қатысты біз үшін маңызы үлкен ақпараттар жеткізіп отыр. Атап айтқанда, оның заңшығармашылықтың түсінігі, принциптері және түрлері, заңшығармашылық процесінің негізігі сатылары мен заң шығару процедуралары және заң актілерін жүйелеу туралы айтқан ойлары, заң актілерін тарихи дерек көзі ретінде талдау барысында кеңінен пайдаланылды.

Сонымен қатар, Ж. Дәніжан [13], Б. Мақұлбеков [14], Ғ. Өтебаев [15], Қ. Өтебаев [16], Ғ. Төлеуғалиев [17], Р. Түсіпбеков [18], Ю. Хитрин [19], Г. Лупарев [20], Ж. Моминбеков [21], М. Нарикбаев [22], С. Климкин [23], Р. Книпер [24], М. К. Раев [25], А. Сман [26], С. Амандыкова [27], К. Мухамедшин [28], А. Матвеенков [29], Б. Мухамеджанов [30], Б. Әбдірайымов [31], Н. Қалиев [32] және т. б. көптеген заңгер ғалымдар немесе заң саласында қызмет етіп жүрген мамандар жалпы заң актілеріне немесе салалық заңдарға қатысты өз ойларын айтқан мақалалар жариялады. Олар да біз қарасытырып отырған тақырыптың зерттелу деңгейін аша түсуге көмектесті.

Заң актілерін Қазақстан Республикасы тарихының дерек көздері ретінде зерттеуде еліміздегі негізгі заң шығарушы орган болып табылатын Парламент жұмысы туралы айтылған естеліктер мен жазылған еңбектердің де ерекше орын алғандығын айтуымыз керек. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағалары Ө. Байгелді [33], Н. Әбіқаев [34], Мәжіліс Төрағалары М. Оспанов [35], О. Мұхамеджанов [36], Парламент Комитеттерінің Төрағалары З. Федотова [37], Ж. Әбдилдин [38], Қ. Сұлтанов [39] т. б. еңбектерінде заңдардың шығу тарихына қатысты құнды мәліметтер келтірілген. Олардың Қазақстан Республикасындағы заңшығарушылық ісінің, яғни парламентаризмнің қалыптасу тарихын аша түсуге көмектесері анық.

Ал, тікелей тақырыпқа байланысты заң актілерінің тарихи дерек ретінде зерттелу деңгейі туралы айар болсақ, онда алдымен, дәстүрлі деректану мектебі қалыптасқан Ресейде заң актілеріне деректанулық талдау жасалынған еңбектер туралы айтуымыз керек. Өйткені, біріншіден, оларда деректану ғылымының маңызды саласының бірі болып табылатын, заңдарға дерек көзі ретінде деректану талдау жасаудың өзіндік мектебі қалыптасқан, екіншіден, заң актілері негізінен Ресей тарихының дерегі ретіңде қарастырылғанымен, орыс ғалымдарының тақырыпты зерттеудің теориялық- методологиялық мәселелеріне қатысты айтқан ойлары мен заң актілерін дерек көздері ретінде зерттеу барысында қолданған методикалық тәсілдері біз үшін де пайдалы болары даусыз. Мысалы, И. А. Миронова өз еңбегінде заң актілерін ХІХ ғасырдың 60-шы жылдардағы реформа кезеңіндегі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихының дерегі ретінде карастырса [40], Б. М. Кочаков өз еңбектерінде заң материалдарын жалпы Ресей тарихының дерегі ретінде қарастырады. Дәлірек айтқанда, осы тақырыпқа байланысты құнды еңбектердің бірі ретінде ленинградтық зерттеуші Б. М. Кочаковтың 1937 жылы жарық көрген "Русский законодательный документ ХІХ-ХХ веков” деп аталатын мақаласын айтуымызға болады [41] . Онда, автор патша үкіметінің саясатын заң материалдарынсыз зерттеп білу мүмкін емес екендігін ескерте отырып, өзінің алдына заңның пайда болуын сынау, іс жүргізу механизмінің қызметін және заңның әдеби-заңдық формасында айтылуын зерттеуді мақсат етіп қойған. Осыған сай, ол Мемлекеттік Кеңестің, әсіресе заң департаментінің, әртүрлі министрліктер мен департаменттердің, Комиссиялардың іс-жүргізу құжаттарын және мерзімді басылымдарда жарияланған дворяндық және буржуазиялық сословиелік ұйымдардың, съездерінің материалдарын, сондай-ақ заманхат, мерзімді басылым т. б. деректерді қосымша дерек көздері ретінде кең пайдаланған. Бұл Б. М. Кочаковқа заңның пайда болуының негізгі кезеңдерін тыңғылықты баяңдауға және осы әрбір кезеңге тән ерекшеліктерін ашып көрсетуіне мүмкіндік берген. Дегенмен, Б. М. Кочаков бұл еңбегінде өзінің міңдетін тек заң шығару процесінің өзін зерттеумен шектеп, оларды зерттеудің әдіс-тәсілдері, тарих ғылымы үшін заңдық деректердің орны, заң актілерін практикада пайдалану т. б. осы сияқты деректанулық талдаудың маңызды мәселелеріне тоқталмаған.

Бірақ, бұл мәселелер оның келесі еңбегінде қарастырылған. Б. М. Кочаков өзінің “Заң материалдары тарихи дерек ретінде” деп аталатын келесі мақаласын XIX ғасырдың басынан том-том болып жарық көрген Ресей Империясының Заңдарының Толық Жинағын (бұдан әрі ЗТЖ) талдауға арнаған. Онда зерттеуші заңдар жинағының жарық көру тарихы, дерек ретінде маңыздылығы туралы айтып, осы заңдар жинағын баспаға даярлау кезіңде жіберілген көптеген қателіктерге, кемшіліктеріне жеке-жеке тоқталады. Автор өз ойын қорытындылай келе, кез-келген жағдайда мұндай деректермен жұмыс істеу барысында: “алдымен алфавиттік көрсеткіштен тексеріп, сосын жинақтап, жинақтағаннан кейін ЗТЖ-н пайдалануға болады” деген пікір айтады [42] .

Сонымен қатар, Киев Императорлық Университетінің профессоры М. Ф. Владимирский-Буданов [43] пен Қазан Императорлық Университетінің профессоры Н. П. Загоскиннің зерттеулерін де атауға болады [44] . Авторлар өз зерттеулерін ІХ-ХІХ ғасырлардағы орыс халқының құқық тарихына арнап, Ресей тарихына байланысты заң актілеріне талдау жасаған. Заң актілерінің даму эволюциясына жөне түрлеріне кеңірек тоқталған. Осылардың және басқа да орыс ғалымдарының еңбектерінде заң актілерінің деректік ерекшеліктері, олармен жұмыс істеудің жоддары айтылып, заң материалдарын ғылыми еңбектерде пайдала білудің маңызы көрсетілген.

Қазіргі Ресейде, біріншіден, бұрын белгісіз болған немесе жасырылып келген құжаттардың ғылыми айналымға тартылуына, екіншіден, заң актілері түрлерінің молайуына, үшіншіден, заң актілерін талдаудың жаңа тәсілдері мен әдістерінің іздестірілуіне байланысты тарих ғылымында бұл саланы зерттеу ауқымының артуы байқалады. Сонымен қатар, заңдар мен басқа да құқықтық актілерді жеке, топтық, әлеуметтік мүдделердің реальды бейнеленуі ретінде, қоғам мен мемлекеттегі және әлемдегі өзгерістердің нәтижесі ретінде, жүйелік бірлікте қарау үрдісін де байқауға болады. Ресей ғалымдарының бұл салада қол жеткізген жетістіктері соңғы жылдары дайындалған Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті [45] мен 2004 жылы жарық көрген “Источниковедение новейшей истории Росии” деп аталатын Ресей ЖОО тарих факультеттері студенттеріне арналған оқулықта [46] жалпыланған түрінде жарық көрген. Оларда заң актілерің деректік ерекшеліктері, оларға деректанулық талдау жасаудың теориялық-методологиялық негіздері мен тәсілдері көрсетілген. Деректану ғылымы енді ғана қалыптасып келе жатқан Қазақстан тарихшылыры үшін Ресей ғалымдарының мұндай тәжірибесін зерттеудің маңызы үлкен екендігі түсінікті. Ол бізге өз еліміздің заң актілерінің дерек көздері ретіндегі маңызы мен ерекшеліктерін анықтап , сол ерекшеліктерге сай деректанулық талдаулар жүргізуге көмектесері анық.

Дегенмен, соңғы жылдары Қазақстан тарих ғылымының деректану саласында бұл бағытта да біраз жұмыстардың атқарыла бастағандығы байқалады. Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде заң актілеріне жан-жақты талдау жасалынған іргелі монографиялық еңбектер әзірге дүниеге келмегенімен, осы тақырыпқа арналған жекелеген мақалалардың әр түрлі басылымдарда жариялана бастағандығын көруге болады. Мысалы, 2003 зерттеуші И. К. Кенжебаева Қаз МУ Хабаршысында “Патшалық Ресейдің заң актілері Қазақстанда отарлау тарихының дерек көзі” деген мақаласын жарияласа [47], ізденуші Г. Е. Өтепованың Ресей империясының заң актілеріне қазақ жерін отарлау тарихының дерек көздері ретінде талдау жасаған бірнеше мақалалары мен әр түрлі деңгейлердегі ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары жарық көрді [48-51] . Әзірге ізденіс негізінен қазан төңкерісіне дейінгі Ресей заңдарына деректанулық талдау жасауға арналғанымен, зерттеу тақырыптары көрсетіп отырғандай, ол тікелей қазақ тарихына қатысты жүргізілген. Бұл Қазақстан тарихнамасында да жаңа бағыттың қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Мысалы, тарих ғылымдарының кадидаты С. Салқынұлы өзінің “Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасының тарихы” атты ғылыми монографиясында Н. Ә. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіздік тарихының дерек көзі ретінде талдау жасай отырып, 1993, 1995 жылдардағы ҚР Конституцияларының пайда болу тарихына қатысты құнды деректер келтірген [52] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
1921 жылдың ақпан айында
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Нормативтік актілердің күші
Саяси жүйе теориясының авторы
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz