Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Тарау. Екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғаларды несиелеудің экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері және оларды жүзеге асыратын операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2. Банктегі несие беру процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау тәжирибесі ... ... ... ... .21

2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаларды несиелеуге талдау жүргізу (Альянс Банк тәжірибесінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

2.1. «Альянс Банк» АҚ 2005.2007 жж. қызметіне талдау ... ... ... ... ... ... ... 35

2.2. «Альянс Банк» АҚ заңды тұлғаларға ұсынылатын несиелік портфель ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

2.3. Заңды тұлғаларды несиелеуге талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

3 Тарау. Коммерциялық банктердің заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

3.1. Шетел тәжірибесіндегі заңды тұлғаларды несиелеу ... ... ... ... ... ..62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..74

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан халқына арналған Елбасының Жолдауларында ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтылған. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.
Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.
Н.Назарбаевтың соңғы жолдауында бірінші кезектегі мәселе «Еліміздің қаржы жүйесін (көбінде банк жүйесін) тұрақтандырып бәсекеқабілеттігін жоғарлатуда Қаржылық бақылау Агенттігігі Ұлттық банкпен біріге және Қаржы Министрлігінің алдарындағы басты міндет...»[1]
Жоғарыда аталынған қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банк жүйесі дамыған кез-келген өркениетті елде нарықтық қатынастарды реттеу механизмінің негізгі элементі ретінде қалыптасқан.
Нарықтық экономика қызмет көрсетуде мынандай міндетті шарттардың болуын талап етеді: валюталық ақша жүйесінің тұрақтылығы; жақсы қызмет көрсететін банктік желіс; нарықтағы қаржылық көрсетудің бәсекелік қарым-қатынастары. Яғни банктер экономикада басты компоненттердің құраушы бөлігі болып табылады, сондықтан да нарықтық экономиканың алға басуы банк секторының жедел қарқынмен дамуына ықпал етеді.
Біздің мемлекетіміздің алға қойып отырған мақсаттарының бірі - банк жүйесін әрі қарай дамытып, алға жылжыту болып табылатындығы күмән келтірмейді, сондықтан да осы салада іргелі зерттеулер жүргізу қажеттілігі қазіргі кездегі маңызды мәселе болып отыр. Таңдалған тақырыптағы жұмыстың өзектілігі де осы проблемалармен тікелей байланысты. Болашақ мамандардың алдында тұрған міндеттердің ішінен отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізуді атауға болады, ал мұның өзі қалыптасқан тарихи, теориялық білімдерсіз мүмкін емес.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде банктік несиелеудің экономикалық негіздері қарастырылған. Мұнда коммерциялық банктердің қызметтері және оларды жүзеге асыратын операциялар, банктегі несие беру процесі, қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау тәжирибесі қарастырылған.
1. Н. Назарбаев Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 132 бет.
2. «Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңына (2007.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары», Оқу құралы Алматы: Қазақ Университеті, 2000
4. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
5. Көшенова Б.А. Ақша несие банктер, Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000
6. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша несие банктер» Алматы: Экономика 2001
7. Лаврушина О.И. «Банковское дело» Москва, 2002
8. Маркова О.М. «Коммерческие банки и их операции» М: Банки и биржи,1995
9. «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. / Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А – Полиграфия», 2004 – 455 бет.
10. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас. ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1999. – 720 бет.
11. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экономика және қаржы / А.Қ.Құсайынов – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2003. – 304 бет.
12. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк ісі; Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 241 бет.
13. Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М., 1978.
14. Проф. Д-р Вернер Заутер, Проф. Д-р Валентин Усоскин, Татьяна С. Шваб, при участии дипломированного коммерсанта Клауса Байнке Банковская система и рынки кредита. 1996 BANKAKADEMIE-VERLAG GmbH, Hansaallee 2 60322 Frankfurt am Main, Germany.
15. Русско-казахский толковый словарь по современной экономике (2100 популярных слов) / Сост. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов. – Алматы: «LEM», 2001. – 344 с.
16. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001 – 165 бет.
17. http://www.shop.sottelit.ru/cgi-bin/show_board.pl?. Банковская система РК
18. http://lib.kazsu.kz/Libr/Vestnik/Econom/year98/N11/20.htm.Управление ликвидностью в банковской сфере Республики Казахстан

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Тарау. Екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғаларды несиелеудің
экономикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5

1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері және оларды жүзеге асыратын
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...5

1.2. Банктегі несие беру
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...14

1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
тәжирибесі ... ... ... ... .21

2. Тарау. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаларды несиелеуге талдау
жүргізу (Альянс Банк
тәжірибесінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..35

2.1. Альянс Банк АҚ 2005-2007 жж. қызметіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... 3 5

2.2. Альянс Банк АҚ заңды тұлғаларға ұсынылатын несиелік
портфель ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...40

2.3. Заңды тұлғаларды несиелеуге талдау
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

3. Тарау. Коммерциялық банктердің заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..62

3.1. Шетел тәжірибесіндегі заңды тұлғаларды несиелеу ... ... ... ... ... ..62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...78

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан халқына арналған Елбасының
Жолдауларында ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың
келешегі жайында да айтылған. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50
елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын
қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты
стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. Қазақстан 2008 жылды жаңа
экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды.
Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып,
Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларын
құрап отыр. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің
тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды.
Н.Назарбаевтың соңғы жолдауында бірінші кезектегі мәселе Еліміздің
қаржы жүйесін (көбінде банк жүйесін) тұрақтандырып бәсекеқабілеттігін
жоғарлатуда Қаржылық бақылау Агенттігігі Ұлттық банкпен біріге және Қаржы
Министрлігінің алдарындағы басты міндет...[1]
Жоғарыда аталынған қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу
серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік
саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы.
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі. Банк жүйесі дамыған кез-келген өркениетті елде
нарықтық қатынастарды реттеу механизмінің негізгі элементі ретінде
қалыптасқан.
Нарықтық экономика қызмет көрсетуде мынандай міндетті шарттардың болуын
талап етеді: валюталық ақша жүйесінің тұрақтылығы; жақсы қызмет көрсететін
банктік желіс; нарықтағы қаржылық көрсетудің бәсекелік қарым-қатынастары.
Яғни банктер экономикада басты компоненттердің құраушы бөлігі болып
табылады, сондықтан да нарықтық экономиканың алға басуы банк секторының
жедел қарқынмен дамуына ықпал етеді.
Біздің мемлекетіміздің алға қойып отырған мақсаттарының бірі - банк
жүйесін әрі қарай дамытып, алға жылжыту болып табылатындығы күмән
келтірмейді, сондықтан да осы салада іргелі зерттеулер жүргізу қажеттілігі
қазіргі кездегі маңызды мәселе болып отыр. Таңдалған тақырыптағы жұмыстың
өзектілігі де осы проблемалармен тікелей байланысты. Болашақ мамандардың
алдында тұрған міндеттердің ішінен отандық банктеріміздің қызметін
халықаралық стандартқа өткізуді атауға болады, ал мұның өзі қалыптасқан
тарихи, теориялық білімдерсіз мүмкін емес.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде банктік несиелеудің экономикалық негіздері
қарастырылған. Мұнда коммерциялық банктердің қызметтері және оларды жүзеге
асыратын операциялар, банктегі несие беру процесі, қарыз алушының несиелік
қабілетін анықтау тәжирибесі қарастырылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаларды несиелеу
тәжірибесі, нақты айтқанда, екінші деңгейлі банктердің заңды тұлғаларды
несиелеу тәжірибесіне 2006-2008 жылдар бойынша талдау жүргізілген, әлемдік
экономика мен несиелердің байланыстылығына талдау жасалып, осы бөлімде
Альянс банк АҚ- дағы заңды тұлғаларға ұсынылатын несиелік портфель
қарастырылған.
Үшінші бөлімде заңды тұлғаларды несиелеудің даму болашағы мәселесі
қарстырылған.
Отандық авторлардың оқу құралдары осы жұмысты жазудың іргетасы іспеттес
болып, өз септігін тигізіп жатты. Сондай-ақ орыс тілінде жарық көрген
бірнеше қазақстандық ғалымдардың еңбектері, ресейлік оқу құралдары, әлемдік
интернет торабынан алынған мәліметтер мен өзге де мақалалар зерттеудің
арқауы болды. Осы дипломдық жұмыста ғылыми-теориялық материалдардың,
белгілі экономист ғалымдардың пікірлерінің, сондай-ақ әрекет етуші
нормативтік құжаттардың негізінде Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасуы
мен дамуын зерттеп, талдауға әрекеттер жасалған.

1 Тарау. Екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғаларды несиелеудің
экономикалық негіздері

1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері және оларды жүзеге асыратын
операциялар

Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңына
(2007.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) 30 бабына сәйкес Банк
қызметі ол:
1. Банктердің осы бапта белгіленген банк жəне өзге де операцияларды
жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.
2. Банк операцияларына: 1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың
банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; 2) депозиттерді қабылдау, жеке
тұлғалардың банктік шоттарын ашу жəне жүргізу; 3) банктер мен банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
корреспонденттік шоттарын ашу жəне жүргізу; 4) жеке жəне заңды тұлғалардың
металл шоттарын ашу жəне жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі
тазартылған бағалы металдардың жəне бағалы металдардан жасалған
монеталардың нақты саны көрсетіледі; 5) кассалық операциялар: қолма-қол
ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды жəне
сақтауды қоса алғанда, осы тармақтың 1), 2), 6)-9), 12) жəне 13)
тармақшаларында көзделген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде
оларды қабылдау жəне беру; 6) аударым операциялары: жеке жəне заңды
тұлғалардың төлемдер жəне ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
7) есепке алу операциялары: жеке жəне заңды тұлғалардың вексельдері мен
өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт); 8) банктік заем
операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде
клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге жəне (немесе) дилерге
жəне акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе ұлттық холдингке не
ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік
жəне қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; 9) шетел
валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; 10-11) алып тасталды12)
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; 13) төлем
құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау; 14) аккредитив ашу
(ұсыну) мен оны растау жəне ол бойынша міндеттемелерді орындау; 15)
банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі; 16)
банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк
кепілдемелерін жəне өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен
микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер
беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
4. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген банк операциялары Ұлттық
Банк белгілеген тəртіпте электрондық тəсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Банктерге осы бапта көзделген банк жəне өзге де операцияларын
жүргізуге лицензияны уəкілетті орган береді. Банктерге осы баптың 2-
тармағының 5), 9) жəне 12) тармақшаларында жəне 11-тармағының 9)
тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде
Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.
6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым,
осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық
актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі
көзделген жағдайларды қоспағанда, уəкілетті органның немесе Ұлттық Банктің
лицензиясы болған жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген банк
операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады. Банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-
тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-
тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уəкілетті орган береді. Банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру
кезінде осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген операцияларды
жүргізуге Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі. Егер банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін
реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы баптың 2-
тармағында көзделген өзге де банк операцияларымен осы баптың 2-тармағының
9) жəне 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізу мүмкіндігі
көзделген болса, онда лицензияны Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған
жағдайда уəкілетті орган береді.
7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға
осы баптың 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген операцияны жүргізуге
жəне айрықша қызмет түрі осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген
операциялар болып табылатын заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк береді.

8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге
асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тəртібі уəкілетті органның
нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
9. Лицензиялау тəртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде
белгіленетін, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы
бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тəртібі уəкілетті
органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
10. Уəкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық
актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға
байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен
қатар, уəкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды
жүзеге асыруға құқылы: 1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын,
күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған
қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау,
есепке алу, сақтау жəне сату; 2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар
бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау
жəне сату; 3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға
қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету,
сондай-ақ делдалдық тəртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер
акцептін төлеу; 4) лизинг қызметін жүзеге асыру; 5) өзінің бағалы
қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару; 6) факторингтік операциялар:
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тəуекел етіп
қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу; 7) форфейтингтік
операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып
алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель
сатып алу арқылы төлеу; 8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне
жəне тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар жəне тазартылған
қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару; 9) сейфтік
операциялар: сейфтік жəшіктерді, шкафтарды жəне бөлмелерді жалға беруді
қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды,
клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кəсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыруға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының жəне рейтингтік
агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің
мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уəкілетті органның шешімі бойынша
мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып
алу тəртібін уəкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен -
брокерлік; 2) Қазақстан Республикасының жəне рейтингтік агенттіктердің
бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы
қағаздарымен не онсыз уəкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы
қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу
тəртібін уəкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, осы Заңның
8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік; 3)
кастодиандық; 4) трансфер-агенттік. Банктердің бағалы қағаздар нарығында
кəсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін
жүзеге асыруына лицензияны уəкілетті орган береді. Осы тармақтың 1) жəне 2)
тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін жəне ең
төменгі талап етілетін рейтингін уəкілетті орган айқындайды.
13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк
операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес уəкілетті орган
берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы.[2]
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте
зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет
етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сатумен оларды сақтау және
басқа да қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері
клиенттерге 300-ге жуық қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі
(Мысалы, Жапония банктері).
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
• несие беру;
• шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• төлем құралдарын шығару;
• бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
• сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару (яғни траст
операциясын жүргізу);
• клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру –
банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне
процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі
экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің
делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал
болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажеті көлемге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем
қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей
несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық
жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз
беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы
кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына
беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде
банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі
қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы
бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрінде бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып әрі онымен тығыз байланыста
жұмыс істейді. Ұзақ мерзімдік инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар
акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы
бойынша банктер банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен
эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды
орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады.
Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы
қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып
алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып
алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік
облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде нарық ұйымдастырады. Бұл
нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан
түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды
түрде жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та онымен 6 коммерциялық және 13 инвестициялық
банктер шұғылданады.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығын айырылғандардың
(бойдақ жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару;
ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу
мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу);
құндылықтарды сейфте көрсететін қызметтері бұл аталғандардан ерекше:
банктің облигациялары бойынша кепілші болу; нарыққа шығарылған акцияларды
және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға
беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушысы
болуы және т.б. қызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен,
шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижеінде ол көптеген капиталды
қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп,
банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие
болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауды банктердің клиенттерге
кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттердің
жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.

Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық
қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар
жүргізуге дейін нұсқау береді.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:
• несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығындағы
конъюктура, проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы
және формасы туралы хабар, несие-есептік қызмет көрсету үшін әр
түрлі мәмілелер бойынша нұсқау беру, қолма-қол ақшасыз
есептесуді талдау, оны жетілдіру жолдарын зерттеу;
• бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша
– бағалы қағаздар нарығы конъюктурасы, олардың бағасының
өзгеруі, бағалы қағаздардың эмитенттері, бағалы қағаздарды
шығару тәртібі және олардың айналыс ережесі туралы хабар;
• күрделі қаржы беру бойынша – құрылыс қызметі нарығының
конъюктурасы, құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі
құрылыс-монтаж (құрастыру) жұмыстарының тарифтері, күрделі
қаржының экономикалық тиімділігін есептеу туралы анықтама.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары
анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға
бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру);
комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және
сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол
сияқты басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және
оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі.
Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда,
алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір
қор мөлшері қажет.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
• салым қабылдау (депозиттер);
• клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент-банктерге) ашу және
оларды жүргізу;
• өзінің бағалы қағаздарын шығару (облигация, вексель, депозиттік
және жинақ сертификаттары);
• банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие
ресурстарынан;
• репо операциялары;
• еуровалюталық несие алу.
Банктің капиталы өз қаражаты, тартылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан құрылады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв
капиталы, сонымен бірге бөлінбеген пайда жатады. Акционерлік капитал немесе
жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында акцияларды орналастыру арқылы
жинақталады. Жарғылық капиталдың сомасы заңмен шектелмейді, дегенмен
банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі аз
мөлшерін бекітеді.
Банктің резерв капиталы ағымдағы пайдадан бөлінген сомадан құрылады. Ол
ойда болмаған шығындарды және бағалы қағаздардың курсының төмендеуінен
болатын шығындарды жабуға арналады. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты
қормен белгіленеді.
Бөлінбеген пайда шоты деген – ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер
арасында дивиденд түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда
жинақталады.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың
және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Тартылған ресурстар
беогіленген мерзіміне қарай басқарылатын ресурстар және ағымдағы пассивтер
болып бөлінеді.
Басқарылатын ресурстар банкке тартылған мерзімде депозиттерді және
банкаралық несиелерді біріктіреді.
Ағымдағы пассивтер есептесу, ағымдағы және корреспондеттік шоттардағы
қалдықтардан құрылады.
Салым (депозит) – ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған
ақша қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында,
ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын салымға тарту депозиттік операциялар деп аталады.
Банктер үшін депозит олардың пассив операцияларының басты түрі, сондықтан
ол активтік несие операцияларын жүргізудің негізгі ресурсы.
Салымдар әр түрлі белгілерге байланысты жіктеледі. Салушысына қарай
депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен
алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып
та бөлінедә. Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік-
бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады.
Бұл депозиттер клиент ашқан әр түрлі шоттарда орналастырылып, қолма-қол
ақша және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға алынуы мүмкін.
Талаппен алынатын салымдарда есептесу, ағымдағы және бюджеттік шоттарда
белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, корреспонденттік шоттарда басқа банктермен
есептесуге арналған, сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған қаражат
сақталады. Салымның бұл түрі негізінен тұрақсыз, себебі клиенттер өз
шоттарындағы қаражатын үнемі пайдаланатындықтан, ондағы қалдық мөлшері
әркез өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шоттар бойынша проценттік өсім
төлемейді.
Мерзімді салымдар – ол алыну мерзімі және проценттік өсім төлеу мөлшері
анық көрсетілген депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері
салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады.
Мерзімдік салымның бір түрі – депозиттік сертификат. Бірінші рет ондай
куәлікті 1961 ж. АҚШ банктерінің бірі енгізді. Шот иесіне өтеу мерзімі және
төленетін проценттік мөлшер көрсетілген ерекше атаулы куәлік (сертификат)
беріледі. Депозиттік сертификат – ол белгілі бір ірі соманы банкке
салғандығы туралы берілетін жазбаша куәлік. Онда банктің міндетті түрде
сертификатты кері сатып алу мерзімі және төлейтін өсім ақысы көрсетіледі.
Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу үшін жинақ сертификатын
(кітапша) береді. Кітапша белгілі бір мерзімге және талаппен алуға да
беріледі. Банктің ресурсында халықтың жинақ салымдары маңызды роль
атқарады. Жинаққа толық сома немесе бөлек-бөлек сома салынады, кейін
жинақтың толық сомасы, я біртіндеп бөлек-бөлек сомасы алынуы мүмкін.
Салушыға жинақты куәландыратын жинақ кітапша беріледі. Бұл салым түрі
өнеркәсібі дамыған елдерде кең тараған. Әдетте жинақ шотынан қолма-қол
ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің тапсырысы бойынша банк оның
жинақ шотынан электроэнергияны, телефонды және газды пайдаланғаны, газетке
жазылғаны үшін және т.б. қызметтерге төлем аударады.
Сонымен депозиттер – коммерциялық банктер ресурстрының маңызды көзі.
Банктегі оның құрылымы ақша нарығындағы конъюктураға қарай әрдайым өзгеріп
тұрады. Дегенмен банк ресурстарын құрудың бұл көзіне біраз кемшіліктер де
тән. Банк клиенттерден қаражат тартқанда бірсыпыра материалдық және ақша
шығындарына тап болады. Одан басқа салымға қаражат тарту көп жағдайда
банкке емес, клиентке (салымшыға) байланысты. Сондықтан несие ресурстары
нарығындағы банктер арасындағы бәсекелестік оларды депозит тартуға
мүмкіндік беретін қызмет түрлерін дамытатын шараларды жүргізуге мәжбүр
етеді.
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қосымша ақша қаражатын тарту үшін
басқа несие мекемелері жинақтаған ақша қаражаты сатылатын банкаралық несие
ресурстары нарығының мүмкіндігін пайдаланады. Банкаралық несие
корреспонденттік қатынастар шеңберінде беріледі, яғни бір банк басқа банкте
бір-бірінің тапсырысы бойынша төлем және есептесу операцияларын жүргізу
үшін корреспонденттік шот ашады. Банкаралық несиені тарту тікелей сөйлесу
арқылы, я болмаса қаржы делдалдары арқылы жүзеге асырылады. Егер банктер
өзара банкаралық несие туралы келіссе, онда ол келісім арнаулы шартпен
рәсімделеді. Бұл келісімдердің көбісі белгілі бір мерзімге жасалады.
Коммерциялық банктердің пассив операцияларына олардың орталықтанған
несие ресурстарынан несие алуы жатады. Орталық банк коммерциялық банктерге
несиені жарыс (конкурс) негізінде қайта қаржыландыру (рефинансирование)
ретінде, сондай-ақ ломбардтық несие формасында береді.
Коммерциялық банктердің қаражат тартуының келесі бір әдісі – кері
сатып алу келісім немесе репо операциясы. Бұл келісім банк пен фирма
арасында немесе мемлекеттік бағалы қағаздар сатушылармен (дилерлермен)
жасалады. Егер фирма қолма-қол ақшаның ірі сомасын өте қысқа мерзімге
банкке салғысы келсе, онда ол банктен бағалы қағаздарды сатып алады да,
кейін оларды кері сатып алуы туралы келіседі. Фирма қаражатты келесі күні
қайтаруы мүмкін, онда алатын процент мөлшері депозиттік сертификаттан
әлдеқайда төмен болады. Бұндай келісім уақытша бос қаражатты тартудың бір
жолы.
Соңғы жылдары коммерциялық банктердің пассив операцияларының бірі
еуровалюталық несие кең өрістеуде.
Еуровалюталық несие – ол шетел банктерінен еуровалютамен алынатын
несие. Әлемдік қарыз капиталы нарығында басты валюта болып доллар
есептеледі.
Актив операциялары деп – банктің жинақтаған ресурстарын табыс табу
және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын айтады.
Банктердің актив операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей
болып бөлінеді:
- несие-есептеу операциялары;
- есеп айырысу операциялары;
- кассалық операциялар;
- инвестициялық, қорлық операциялар;
- кепілді операциялар.
Несие-есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциялары. Қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік
және ақылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельдерді сатып алу
(есептесу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу
операциялары да несие-есептеу операциясының қатарына кіреді.
Есеп айырысу операциялары – қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу
немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы
міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар.
Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу
операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.
Кассалық операциялар – қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен
байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-қол ақшаның
қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен
байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар – банктің күрделі қаржысын құнды
қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін
жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе
Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы Заңның 8-бабына сәйкес,
Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың негізгі
капиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді операциялар – кепілдеме беру, белгіленген жағдай болғанда,
клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу операциялары.
Сонымен қатар, банктің актив операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай
– қауіпті және қауіпті-бейтарап операциялары; орналастыру түріне (бағытына)
қарай: бірінші және екінші; пайдалық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және
пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.
Несиелік операциялар. Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы
жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдыға уақыттарда классикалық қызметіне
жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші
деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау
мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие
беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджеті
несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін
несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын
қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар
арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде
жүзеге асырылады

1.2. Банктегі несие беру процесі

Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы
Заңында Банктік заем операциясы ол:
1-1. Банктің, ипотекалық ұйымның немесе акцияларының бақылау пакетi
мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi
заңды тұлғаның кредиттік бюролардың деректер базасына қарыз алушы жəне
жасалатын мəміле (қарыз операциясы) туралы мəліметтер, сондай-ақ
тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беруіне қарыз
алушының жазбаша келісімінің болуы қарыз беру туралы шарт жасаудың міндетті
талабы болып табылады.
2. Банктік заем операциялары банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды
ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің жəне
(немесе) дилердің немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке немесе
ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесiлi заңды тұлғаның
басқару органы бекітетін Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережелерге
сəйкес жүзеге асырылады.
3. Банкiнiң заем комитетi iшкi несие саясатын жүзеге асырушы орган
болып табылады.
4. Iшкi заем саясаты туралы ережелер банктік қарыз операцияларын
жүзеге асыру кезiнде тəуекелдi бəсеңдету мақсатында жасалып, мыналарды: а)
заңды жəне жеке тұлғаларға заем беру шарттарын; б) лауазымды адамдар мен
банк қызметкерлерiне заем беру шарттарын; в) заем комитетiнiң ұйымдық
құрылымын, қызметi мен өкiлеттiгiн; г) заем комитетi мүшелерiнiң
жауапкершiлiгiн; д) заем берудiң шектi өлшемiн; е) заем шарттарын бекiту
рəсiмiн белгiлейдi.
5. Осы баптың 2-4-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң
кепiлдiктер жəне кепiлдемелер беру жөнiндегi операцияларына қолданылады.
[2]
Төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар Несие
берушi банк несие шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз
алушыға: жаңадан несие бермеуге; қарыз алушының кез келген шотындағы
ақшасынан (егер бұл несие шартында ескерiлген болса) қарыз алушының
келiсiмiнсiз өндiрiп алуға; төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыны Қазақстан
Республикасының заңдарына сəйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап арызын
беруге құқылы. [2]
Ставкалар мен тарифтер
1. Сыйақылар мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметі
көрсетілгені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес белгілейді.
2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар тəртібін уəкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді,
салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған
шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы
ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде көрсетуге міндетті.
Аталған талаптар сақталмаған жағдайда уəкілетті орган банкке, банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңның 47-
бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
Банктердің тәжребесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік
кезеңдері болады. Несиелік процес несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып,
несиенің толық қайтарылуымен аяқталады.Жалпы несиелік процесті 1-суретпен
көрсетуге болады.
Қарыз алушыға несие беру барысында банктер Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі туралы 31.03.1995 ж. Және Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызметтер туралы 30.08.1995 ж. ҚР Президентінің заң
күші бар Жарлықтарын, №1-ші 11.02.1994 ж. Қазақстан Республикасының
экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесі сондай-ақ банктің Жарғысы мен
нұсқауларын басшылыққа алады.
Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты
көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай
беріледі. [2]

Сурет 1. Банктердегі несиелік процесс

Әр кезеңде пайдаланатын несиелеу механизмнің элементтері несиелік
операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу
техникасын білдіреді.Несиелеу процесі мынапдай кезеңдерді қамтиды:
• Несиеге деген өтінішті қарау;
• Несиелік қабілетін талдау;
• Несиелік келісім-шарт жасау;
• Несие беру;
• Несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау;
I-ші кезең.Банкке келіп түскен несиеге деген өтініщті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады.Мұндай құжаттарда
қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер:
мақсаты,мөлшері,түрі,мерзімі,мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі
көрсетіледі.Банктің қоятын талаптарына байланысты құжаттар
беріледі.Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті
әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген
күәліктерінің немесе патенттерінің;нотариалды түрде куәландырылған
жерді ппйдалану құқығын куәландыратын құжаттар;азаматтардың төл
құжаттары және кдиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да
құжаттардың көшірмелері;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
3) несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық- экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелелері(
материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар ,
тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с),
5) басқа банкте,рден алған несиелер туралы мәліметтер ( шоттар бойынша
көшіме),
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растацйтын құжаттар;
7) несені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жанал\дан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін
басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады.Сонымен қатар, банкпен
тұрақты несиеліл қатнаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар
тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған
уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп
карточкісін толтыруы мүмкін. Онда:фирманың жетекшісі менг қарыз алушының
аты-жөні, қызметі және меншік түрі , клиенттің заңды мекен-жайы, есеп
айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты жөні реквизиттары, негізгі
құрылтайшылар, ол сұрайтын несиенің мақсаты , сомасы және мерзімі, соңғы
есептір күнге берілген балланс құрлымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау техникалық –экономикалық есеп негізіңде жасалады.
II-кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті –қарыз алушының алған ссудасы
бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай
факторлар есепке алынады:
1)Ссудаға қатысты қабілеттігі . Қарыз алушыға ссуданы бере отырып,
қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқытық қуатын анықтайтын Жарғысы
және нұсқаумен танысуға тиіс;
2)Қарыз алушының іскерлік беделі.Несиелік мәмілеге тиіті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ
келісім шартқа байланысты бьарлық міндеттемелерді орындалуы түсіндіріледі.
3)Табыс алу қабілеті.Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға
жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне,
баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады.
Несиелеудегі шетелдік тәжребеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі,
бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
III-кезең. Несиелік келісім- шарт жасасу.Қазіргі несиелеудің басты
ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп
болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа
түседі.несиелеуге байланысты барлық сұрақтарға банк пен қарвыз алушы
келісім-шарт негізіңде шешеді.
Несиелік келісім- шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершілігін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі,несиенің
мөлшері,ссудану мерзімі және қайтару шарттары, несиені қамтамсаз ету
формасы, несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі, несиенің қозғалысын
және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін
құжаттарының тізімі, олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу
процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсутіледі.
Несиелік келісім- шарттың мазмұның келісуші жақтардың өздері
анықтайды. Бұл жерде отандық банктер , оның типтік формаларын пайдаланады.
Несиелік келісім- шарттың мазмұнында несиелеу механизмі, оның негізгі
элементтері (несие түрлері және объектілері, сомасы, несиенің бағасы,
несиелеу әдістері және ссудалық шоттар түрлері, ссуданың қамтамасыз етілу
және қайтарылу тәсілдері, банк бақылауы) және банк ссудаларының қозғалысы
қарастырылады. Несиелеу тиімділігі осы элементтердің банктің жұмысында
қалай іске асырылуына және өзара үйлесетіндігіне тікелей байланысты болып
келеді.
Бұл несиелік механизм негізіне несиелеу принциптнрі жатады. Несиелеу
принцптеріндегі мәселелер әлі күнге дейін бір шешімге келген емес (
теориялық зерттеу жоспарында жалғасады). Несиелеу процесінің үшінші
кезеңіндегі ( сол сияқты басқа кезеңдерде де ) несиелік келісім-шарт жасасу
барысында несиелеу принциптерінің орындалуы екінші деңгейдегі банктер мен
қарыз алушылардың тиімді қызметінің маңызды алғышарттары болып табылады.
Демек несиелік келісім-шарттың экономикалық мәні несиелеу принциптерінің
орындалуына негізделеді.
IV-кезкең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ссудалық шот формасын,
ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін),
ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық
шарттарын қамтиды.
Несие беруді құжаттау тәртібі ссудалық шот формаларына байланысты
ажыратылады . Жай ссудалық шот ашылған қарыз алушы қорларының жинақталуына
байланысты несиеге деген өзінің қажеттілігін өтінеді. Осы мақсатта ол
банкке несиелентін тауарлы-материалдық құндылықтардың төленген нормативтен
жоғары қалдығы, ьолардың қозғалысы туралы мәліметтер беріп, банк соның
негізінде ссудалық шот бойынша берілген ссуда әр алған сайын құжатталмайды,
себебі, ол шот ашу барысындағы өтініш- міндеттемесі негізінде жүргізіледі.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады.
Біріншісі- несие клиенттің шотына толығымен аударылып, ьқажет болған
жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі- несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға
деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске сасды. Үшінші-
белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас
тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді)
Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес
анықталады.
V-кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау-
несиелік операйияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару
тәсілі ссудалық шоттар формасында, банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына
және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты.
Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп айырысу шотындағы меншікті
қаражаттардан аударатын жарналар жолымен иқайтарылады. Ссуданы қайтару
мерзімі беру уақытында мерзімді міндеттемелермен құжатталады: егер де ссуда
тұтас қайтарылатын болса, онда бір ғана мерзімді міндеттеме толтырылады.
Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп
түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
Несиелеу тәжіребесінде ссудалық шот формаларына байланыссыз несиелік
операциялардың орындалуын бақылау үшін банк мерзімді түрде реттеу жүргізіп
отырады .Реттеу балланс негізінде материалдық запастардың қалдықтары және
шығындар негізінде жүзеге асырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша
мерзімді міндеттемелердің карто чкасын жүргізеді. Банк қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді
міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз
алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша
қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде
жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық
қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға
рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады.
Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару
кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.
Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу
формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі.

Мұндағы:
i – сыйақы мөлшері;
P – қарыз қалдығы;
n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
J – ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы
төмендегідей:

Мұндағы:
i – сыйақы мөлшерлемесі;
P – несиенің бастапқы сомасы
J – несиенің барлық мерзіме есептелетін сыйақы сомасы.
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы;
Егерде несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі
өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарзға
сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:

Мұндағы:
Jg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;
G – мерзімі өткен қарыз сомасы;
Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл)
t1 – несие бергеннен басиап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы
есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі
t2 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі
уақыт мезгілі.
Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны - 30, ал
жылдағы – 360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісім шарттың орындалуына , қарыз алушының алған
неиені пайдалануға және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы
мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына
талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу
құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды есептік материалдарды тексереді. Осы
жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлерімен басқада
ақпараттар түрлерін, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір
банктің өзінің клиенттік несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.
Несиелік келісім- шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған
қарыз алушыларға қатысты, банк: Қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді
тоқтату туралы ескерту жасауды; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді
тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі
түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімнен бұрын қайтаруды талап
етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін
мерзімді түрде тексеріп отыруменде толықтырылады. Өйткені,банктің несиелік
портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы
тәуекел көзі болып табылады.

1.3. Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау тәжирибесі

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік
қабілетіи – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін
факторларды оқып үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Қарыз алушының несиелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
НЕСИЕНІ БЕРУ НЕСИЕНІ ҚАЙТАРУ
Заңды тұлғаларды несиелеу
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы мәлімет
Қарыз алушының іскерлік беделі
Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Пәндер