Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси – әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ.)


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси - әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ. )
Орындаған:
2 курс магистранты Джумабеков А. Н
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д., профессор Омарбеков Т. О
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
т. ғ. д., профессор Омарбеков Т. О
“ ” 2010 ж.
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
- ТҮРІК ҚАҒАНАТАРЫ ТҰСЫНДАҒЫ ТҮРІК-МОНҒОЛ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҚАТЫНАСЫ ( VI-VIII ғғ. ) . . . Түркілердің Жужандармен және тағы да басқа монғол, тұнғұс,
манчжур тілдес тайпалармен қарым - қатынасы . . .
- Түрік қағанаттарындағы мемлекеттілікті нығайту үшін күрес . . .
- ҚАЗАҚҚА ЭТНИКАЛЫҚ НЕГІЗ БОЛҒАН ТҮРІК ТІЛДЕС РУ-ТАЙПАЛАРДЫҢ АЛТАЙ-САЯН, МОНҒОЛИЯ АЙМАҒЫНДА ҚАЛЫПТАСА БАСТАУЫ . . . Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалыптасуы
2. 2 Қарақытайлардың ( қидандардың ) түрік тілдес ру - тайпалармен
байланысы . . .
- XIII ғ. ШЫҢҒЫС ХАН ЖАУЛАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЭТНО - САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР . . . Шыңғыс хан мемлекетінің нығаюына түрік тайпаларының
ықпалы . . .
- Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты
зерттеушілердің ұстанымдары . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Диссертацияда түркі және монғол көшпелі қоғамының VI - XIII ғасырлар аралығын қамтитын кезеңіндегі саяси - әлеуметтік және этникалық байланыстары мәселелерінің ұқсас тұстарын анықтау және талдау жүргізілген.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. « Қазақ халқы - этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Біз тарих-қа VI ғасырда «түркі» деген атпен енсек те, алтайлықтар, сақтар, хунндар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады ) мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың ортасы әрі куәгері бола білген. Бірақта кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де, қырғыз да, өзбекте те, әзірбайжан да өз тари-хында толыққанды мемлекет болмаған деп, тұтас ұлтты дәстүрсіз, тамыр-сыз деп, қу тақырда жаралған етіп көрсетуге тырысты», - деп пікір білдір-ген [ 1, 3 б. ] .
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бірнеше ғасырларға созылған отаршылдық бұғауынан арылып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, егеменді ел ретінде дүниежүзіне танымал болды. Осыдан бастап дербес мемлекет ретінде қазақ халқы өзінің төл тарихына үңіліп, ата - бабаларының сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолын зерттеуге деген құштарлығы артып, қызығушылығы мен сұранысы өсті. Сондықтан да Отандық тарихты обьек-тивті тұрғыдан қайта қарап, зерттелмеген беттерін қайта жазу, ашылмай келген көмескі тұстарын тереңірек зерттеу - бүгінгі таңда тарихшылардың алдында тұрған кезек күттірмес маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Тәуелсіз қазақ елінің этникалық құрылымын зерттеуде ортағасырлық дәуірдің орта кезінің маңызы өте зор болып табылады. Аталмыш мезгіл-дің ішінде кең байтақ жерімізде түркі тілдес қимақ, қыпшақ, қарлұқ, оғыз, түргеш сияқты т. б. көптеген тайпалар өмір сүрген болатын. Олар жай ғана өмір сүріп қоймай, елдік, мемлекеттік дәрежеде өмір сүре біл-ген, олардың саяси- әлеуметтік, этникалық жағдайлары терең зерттелуі қажет бола білді.
Алдымен тарих сахнасына түркілер белсене араласқан хун империясы біздің заманымыздан бұрынғы II ғасырда өмір сүрсе, түркілердің өздері құрған Түркі империясы біздің заманымыздың VI ғасырына жатады. Одан кейін құрылған Монғол империясы - біздің заманымыздың XIII ғасыры болды.
Хундар дәуірі біздің заманымыздың III ғасырынан бұрын басталып, б. з. V ғасырына дейін созылды. Хун империясы кезеңінде малға, жерге жеке меншік қалыптасқан болатын. Өрескел бюрократтық аппарат қалыптасты. Салық түрлері енгізіліп, таптық қоғам мен мемлекетке айналу басталған еді.
Хундар империясы ыдырағаннан кейін, Еуразия алқабында Түркі империясы өмірге келді. VI ғасырдан XII ғасырға дейін түркілер бірде бірігіп, бірде бөлініп өмір сүрді, бірақ түркі халықтарының бәріне түркі тілі, мәдениеті, дәстүрі ортақ болды [ 1, 4 б. ] .
Кеңестік тарихнамада түркі және монғол тайпалары қатты шатасты-рылды . Рашид - ад - Диннен басталған бұл шатасу шығыстағы монғол үстіртіндегі түркі тайпаларының басым көпшілігін монғолдар деп айтуға алып келді. Осы мәселенің ақиқатына жету үшін тарих үшін аса құнды. Диссертация тақырыбын тағы бір маңызды ететін мәселе түркі және мон-ғол тайпаларының шаруашылығының өмір сүру дағдысының ұқсастығы. Дегенмен де бұл екі халықтың тарихи тағдырында айырмашылықтар баршылық. Соларды зерттеу бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі . Сондай-ақ түркілердің этникалық мұрагері болып табылатын қазақ халқының мемлекет тарихы монғол қайраткерлерімен тығыз байланысты. Қазақ жерінде үш монғол ұлысының құрылғандығы белгілі және Қазақ хандарының этникалық тамырлары монғолдарда Шыңғыс хан ұрпақтарына алып барады. Осыларды ескере отырып тақырыптың өзекті екенін тағыда мойындаймыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыcтың негізгі мақсаты VI - XIII ғғ. Түркі және монғол көшпелі қоғамының саяси - әлеуметтік және этникалық байланыстарының мәселелерін отандық және шетелдік тарихнамада пайымдалуының негізгі бағыттарын, тақырыптық аясын, мазмұны мен көзқарастар эволюциясын, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау болып табылады. Осы мақсаттарға байланысты мынандай міндеттер қойылады :
Түрік қағанаты құрылғанға дейінгі яғни, 552 жылға дейін түркілердің қалыптасуындағы тайпалардың өзара байланыстарын, саяси оқиғаларын анықтау ;
Алғашқы түрік қағандарының тұсындағы түркілердің саяси - әлеуметтік жағдайын, ішкі және сыртқы саяси оқиғаларын анықтау ;
Жужандар және монғол, тұнғұс, манчжур тілдес тайпалардың мекенде-ген территориясын, олардың түркілермен қарым- қатынасын анықтау;
Түрік қағанаты ыдырағаннан кейін, қалыптасқан Батыс және Шығыс түрік мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саяси тарихын, этникалық құры-лымын, әлеуметтік негізін анықтау;
Алтай - Саян, Монғолия өңірінде қалыптасқан байырғы түркі тайпала-рының қалыптасуын, этнонимдерінің шығуын анықтау;
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тайпаларының саяси - әлеу-меттік байланыстарын салыстыра отырып, олардың этникалық тұстарын анықтау;
Аталмыш тайпалардың саяси тарихының ұқсастықтарына шолу жасап басынан кешкен тарихи оқиғаларын анықтау;
Қарақытай ( қидандар) мемлекетінің ортағасырлық Қазақстан тарихында алатын маңызын, зерттелінуін және түркі тайпаларымен байланысын анық-тау;
Шыңғыс хан билігі орнағаннан кейінгі және оғанға дейінгі саяси оқиғаларға жете мән бере отырып этно - саяси процестердің күрделі тұстарын анықтау және өзіндік пікір қалыптастыру;
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеуші-лердің ұстанымдарына өзіндік тұжырым шығаруға тырысу және баға беру;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпқа қатысты осы уақытқа дейін жинақталып қалған тарихи зерттеулер мен тарихнамалық зерттеулерді талдаған кезде хронологиялық тұрғыдан оларды үш кезеңге бөлуге болады. Алғашқысы төңкеріске дейінгі, одан кейінгі кеңес үкіметі тұсында, ал соң-ғысы бүгінгі тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой - пікірлердің қалыптас-қан кезеңі жатады.
Төңкеріске дейінгі зерттеулердің қатарында ерекше атап айтар болсақ түркі тайпаларын зерттеуде елеулі үлес қосқан орыс зерттеушісі Н. А. Аристов болды [ 2 ] . Ол өзінің іргелі еңбегінде қазір тіршілік кешіп жат-қан күллі түркі тайпалары туралы мәлімет беріп, құрып кеткен тайпалар-дың тарихына зерттеу жасаған болатын. Кейінірек бұл тақырып К. А. Иностранцевтің еңбегінде одан әрі дамытыла түсті, ол шығыстағы «хун-дар» мен Еуропалық «ғұндардың» ара қатынасы мәселесін қарастырған [ 3, 47- 64 бб. ] . Ол ұсынған бұл мәселе жөніндегі шешім, кейін ашылған жаңалықтармен толықтырылды. Ол батыстық ғұндарды қарастыра отырып аварлардың шығу тегін, славян тайпаларымен қарым - қатынастары жайын-да мәселелерді көтерді. Орта Азияны мекендеген түркі тілдес халықтардың тарихын зерттеуде негізгі орын алатын Н. Я. Бичурин ( Иакинф ) болды [ 4 ] . Ол жасаған Қытай шежіресінің аудармасы, осы уақытқа дейін күллі зерт-теулердің тиянақты іргетасы болып келеді. Н. В. Кюнер аудармада қателік-тер мен жаңсақтықтар өте сирек кездеседі және оларды елеусіз дейді. Н. В. Кюнердің текстологиялық жұмысы [ 5, 83-95 бб. ] көрсеткендей- ақ, олар оқиға желісін бұрмалап, Н. Я. Бичуриннің еңбегін салыстырмалы түрде қа-растырған еді. В. В. Григорьев Бичуриннің еңбегіне сүйене отырып, Шы-ғыс Түркістанның тарихи географиясы жөнінде біршама зерттеу жұмыс-тарын жасаған. Грек - рим және араб -парсы мәліметтерін қытай хабар-ларын салыстыру арқылы, ол халықтар мен мәдениеттердің осы саладағы сабақтастығын дәлелдеп, тиянақтап шықты [ 6, 13-19 бб. ] .
Кеңестік кезеңдегі таланты ғалымдар легін А. Н. Бернштам [ 7; 8; 9 ], Г. Е. Грум - Гржимайло [ 10 ], А. П. Чулошниковтың [ 11 ] еңбектері мол мағлұматтарымен қалыптастырды. Сондай-ақ монғол халқының этникасы мен әлеуметтік құрлымы талданып жазылған еңбектердің авторлары, Б. Я. Владимирцовты [12 ], Л. Л. Викторованы [ 13] ерекше атауға болады. Аталмыш ғалымдардың құнды болып табылатын еңбектері күні бүгінге дейін зерттеулерде қолданылып келеді. Әсіресе түркі кезеңіндегі байырғы тайпалардың этнонимдерін анықтауда С. Е. Маловтың «Памятники древнетюркской письменности» [ 14 ] зерттеуі маңызды. Халқымыздың тарихының зерттелуіне үлкен үлес қосып жол салған адамның бірі академик В. В. Бартольд болып табылады. Ол өзінің «Очерк истории Семиречья» [15] атты еңбегінде халқымыздың көне дәуірінің тарихы ежелгі үйсіндерден түркілерге одан соңғы орта ғасырдағы қазақ дәуіріне дейін бір - бірімен жалғасып жатқандығы жайында бағдарлама жасап берген.
Кеңестік кезеңде өз халқының этникалық тарихын зерттеу арқылы біршама құнды мағлұматтар қалдыра білген зерттеушіге яғни башқұрттың талантты ғалымы Р. Г. Кузеевтің [16 ; 17 ] зерттеулері, қазақ тарихының ру-тайпалық құрылымын анықтауда баға жетпес еңбектердің бірі.
« История Хазар» атты үлкен еңбек жазған М. И. Артамонов болды [18] . Бұл еңбекте Каспий мен Қара теңіз маңындағы халықтарының тарихы ай-тылады. Жужандар ( аварлар ) Виантия империясының жаулары болғанды-ғы жайында мәліметтер келтірілген.
Ал түркілердің тарихын көне түркі жазуы бойынша зерттеген ғалымдар-дың ішінде ерекше көзге түсетін С. Г. Кляшторныйды атауға болады. Ол өзінің «Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии» [19] деп аталатын еңбегінде, алғашқы орта ғасырдағы түркілердің тарихынан көптеген мәліметтер келтіреді. Өзінің әріптесі Т. И. Султановпен бірге жазған «Казахстан летопись трех тысячилетий» [20] ат-ты еңбектерінде ертедегі түркілердің мемлекеттік тарихына көңіл бөледі.
Тақырыптың аясын қызықты ете түскен мәселелесі ол тарихта аты қалған ұлы саяси тұлғамен ерекшелене түседі. Мәселен, зерттеу жұмы-сымның үшінші тарауы Шыңғыс хан туралы болғандықтан ол туралы зерттеу еңбектері өте бай болды. Солардың ішінен мынандай авторлардың есімдері тарих ғылымында өте танымал деуге болады. Олар К. Оссон [21], М. И. Иванин [ 22 ], Р. Груссе [23] , Е. И. Кычанов [24] , В. В. Трепавлов [25; 26 ] , Н. Н. Крадин мен Т. Д. Скрынникованың бірлесіп жазған еңбегінің аты «Империя Чингис - хана» [ 27] деп аталады.
Бүгінде татар халқының атынан аталмыш мәселеге ден қойып тартымды еңбектерін жарыққа шығарып отырған ғалымдары біршама баршылық . Ең алдымен татар ұлтының мүддесіне сай және рухын биіктете жазатыны еңбектерінен анық байқалады. Жалпы түркі әлемін жоғары қоюда аянбай жұмыс жазатындары қуантады. Түркі лингвистикасына және этникасына тоқталып жазған зерттеуші М. З. Закиев [28] және түріктер құрған мемле-кеттердің саяси тарихын паш етіп жазатын зерттеуші Р. Н. Безертинов [29] болып табылады.
Көшпенділіктің теориялық жағын және әлемдік тарихта оны зерттеп өзіндік бағасын беріп ғылыми тұжырымдарын қалдыра білуде тағы да орыс зерттеушілерінің маңызы зор. Жалпы көшпенділерді зерттеген басты ғалымдар болып Г. Е. Марков [30] , Ю. В. Бромлей [31] , Н. Н. Крадиннің біраз зерттеулері теориялық тұрғыда зерттеледі. Оның мынандай зерттеу-лері біз үшін аса маңызды деуге болады: « Кочевые общества» [32], «Кочевники Евразии» [33] , «Кочевые империи: генезис, расцвет, упадок» [34] және т. б.
Ал енді соңғы кезеңіне тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы Отандық тарихшы ғалымдарымыздың зерттеу еңбектеріне тоқталамыз. Осы уақытқа дейін ұлттық тарихымызда айтылмай келген мәселелерді көтеріп және бұрмаланған тұстарын түзеп барынша жұмыс жазып жүрген ғалымдардың басымдылығы байқалады. Олардың арасынан көшбасшы ғалым ретінде ортағасырлық қазақ тарихының қимақ, қыпшақ мәселесі бойынша көптеген зерттеулер жазған Б. Е. Көмековты мақтанышпен айтамыз. Зерттеушінің араб парсы деректерінен аударған еңбектері бүгінде жарыққа шыққан. Тақырыпқа қатысты мынандай еңбектерін келтіруге болады : «Государство кимаков IX - XI вв. По арабским источникам» [35], « Кипчаки: [ этнос и этноним ] » [36] , «Шыңғыс хан : Тарих. Тұлға. Уақыт» [37] т. б. зертеулері құнды . Түркі кезеңі бойынша елеулі еңбектерін мұра етіп жүрген ғалым-дар тобын А. Аманжолов [38], Ғ. Айдаров [39] , С. Ахинжанов [40], С. Ю. Гуцалов [ 41], А. М. Досымбаева [42] , М. К. Барманкулов [43], Қ. Сартқожаұлы [44], А. Ш. Кадырбаев [ 45] т. б. зерттеушілер құрайды.
Түркі және монғол көшпелі қоғамының этникалық мәселесін зерттеуде Н. Мыңжанидің «Қазақтың қысқаша тарихы» [46] деп аталатын көлемді еңбегі анағұрлым көп мәселені шешуге көмек болды. Сонымен қатар осындай үлкен тақырыпқа зерттеу жүргізіп оған септігін тигізетін зерттеулерді іздеу кезінде әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универси-тетінің ұстаз ғалымдарының еңбектеріне де қызығушылықтар басым болды. Олардың зерттеу мәселелері диссертация тақырыбына жақын болғандықтан зерттеу еңбектерін пайдаландым. Сонымен зерттеушілер легін С. Ә. Тортаев [47], Т. О. Омарбеков [48 ; 49 ] , О. Х. Мұхатова [50], Б. Б. Кәрібаев [51], Э. Д. Телеуова [52], Г. Б. Хабижанова [53] .
Зерттеу тақырыбының деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың негізгі дерек көздері жазба деректер болып есептелінеді. Ежелгі түркілер туралы негізгі деректерді көне қытайдың «Сүй кітабы», «Жыу кітабы», «Таң кітабы», «Жаңа таң кітабы» деп аталатын әулеттік шежірелерінен таныса аламыз. Осы тұста «Сүй» және «Жыу» кітаптарының, біріншісінде Түріктің ( тужиө) арғы атасы Пиңманда аралас - құралас көшіп жүрген ху-лардан (жабайылардан) еді. Оны Ашна деп атаған десе, ал екінші кітапта Түрік (тужиө) деген сиуцнудың бір тұқымы. Оның аты Ашына деп, екі дерек те бір пікірден шыққан [ 54, 119 б. ] .
Сонымен қатар түріктердің саяси тарихын баяндайтын дерек мәліметтері, Орхон өзені бойынан 1889 жылы ғалым Н. М. Ядринцев тапқан ескерткіштер, Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, даңқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдарында жатыр. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон - Енисей» жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп те атай береді [55, 85 б. ] .
Қазақ халқының құрамына енген түркі тайпаларының тарихы туралы деректер, әсіресе жазба деректер қазіргі уақытта біршама сыни талдаудан өтіп, кеңінен қолданылып жүр. Солардың ішінде Рашид - ад - Диннің «Жылнамалар жинағы» [ 56] шығармасының алатын орны ерекше. Шығар-мада қазақтың негізін құраған тайпалар тарихы ислам тарихнамасына тән ерекшелікпен берілген еді.
Одан ары қарай монғолдардың баға жетпес дерек еңбектері болып табылатын « Монғолдың құпия шежіресі» [57] және Лувсанданзанның «Алтын шежіресі» [58] XII - XIII ғасырлардағы монғол халқының саяси және этникалық тарихын баяндайды.
Зерттеу тақырыбына қатысты ортағасырлық деректер қатарын толықты-ратын еңбектерге, Әбілғазының «Түрік шежіресі» [59], Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың «Шежірелер жинағы» [60], Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз -қазақ һәм хандар шежіресі» [61] айтуға болады.
XIII ғасырда шығыс жаққа батыстық миссионерлердің де сапар шеккені тарихтан белгілі. Осыған орай сол кездегі монғолдар туралы деректік мәліметті Еуропаның саяхатшылары Плано Карпини және Гильом де Рубруктың «Шығыс елдеріне саяхат» [62] деп аталатын дерек еңбектерінен алуға болатынын байқаймыз.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі немесе принциптері. Диссертацияда обьективтілік, жан - жақтылық принциптері басшылыққа алынды. Обьективтілік принципінің басты талабы - тарихи құбылыстар мен үрдістерді барлық күрделілігі мен қайшылықтарымен жан - жақты қарастыру және кешенді түрде, бір - бірімен байланыстырып тал-дау. Бұл принцип саяси және идеологиялық үстемділіктен бас тарту арқы-лы, барлық шынайы фактілердің бірегейлігінің негізінде тарихи оқиғаны зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, түркі және монғол көшпелі қоғамының саяси - әлеуметтік және этникалық мәселесін қарастыруда өркениеттік тұрғы басты назарда болды. Қазіргі тарих ғылымы мен ғылы-ми методологияның талаптарына сай синергетикалық парадигманың дам-уындағы жүйелі талдау жұмыстың методологиялық негізі болып табылады. Түркі және монғол көшпелі қоғамының саяси -әлеуметтік және этникалық байланыстарының зерттелуі тарихындағы жалпы заңдылықтарды анықтауда жалпы ғылыми ( анализ, синтез) және арнайы тарихи зерттеу әдістері ( тарихи - салыстырмалы, жүйелілік - құрылымдық) пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының мазмұнының жариялануы. Диссертация тақыры-бына байланысты « Түркі және монғол этникалық қарым - қатынастары (VI - VIII ғғ. ) » [63] деп аталатын тақырыпта кішкене көлемді мақала жұмысы жыл сайын болатын халықаралық дәстүрлі « Бекмаханов оқулары» конференциясының материалдары жинағына 2009 жылы жарыққа шықты.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі үш тараудан қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Түрік қағанаттары тұсындағы түрік - монғол ру- тайпаларының қатынасы (VI- VIII ғғ. )
- Түркілердің Жужандармен және тағы да басқа монғол, тұнғұс, манчжур тілдес тайпалармен қарым- қатынасы
«Еуразияның жүрегі - бұл Ұлы Дала, ежелгі түріктердің жері, Қытай қақпасынан Карпатқа дейін, созылып жатты . Оңтүстігі- Ауғанстаннан Иранға дейін, ал солтүстігі - Сібірдің ну орманы. Ежелгі заманда бұл даланы Скифия, парсылар - Тұран, ал қытайлар - « солтүстік варварларының» даласы - Бей- ху» деп атады [ 63, 129 б ] . Көне қытай деректерінде тайпалардың атауларын әртүрлі айтып отырды. Ся әулеті тұсында түркі тайпаларын шунъ- вей, Инъ әулеті тұсында - гуйфан, Чжоу әулеті тұсында - сянъюн, Хань әулеті тұсында - сюнну (хұндар) , Тан әулеті тұсында түріктер [ 29, 9 б. ] . 1500 жыл ішінде «түрік» сөзі өз мәнін біршама өзгертіп отырды. V ғ. кінәз Ашиннің айналасында топталған орда, одан кейін VI- VIII ғғ. түрікше сөйлейтін аз ғана халықты түріктер деп атаған. Керісінше аталмыш тілде сөйлейтін көрші халықтарды тіпті де түріктер деп атамаған. Орта және Орталық Азияның барлық көшпелі халықтарының тілдеріне мән бермеген араптар, түріктер деп атай беретін еді. Тек Рашид- ад- Дин кейін түріктер мен монғолдардың тіліне назар аударып ажырата бастайды. Бүгінгі кезде «түрік» - лингвистикалық ұғым ретінде қолданылып жүр. Бірақ этнография және шыққан тегі де есептелінбегенін көрсете келіп VI ғ. жужандар мен қытайлар сияқты түркіттер деп атайдындығын келтіреді [ 64, 24 б . ] . Түрік сөзі туралы терең зерттеген ғалымдардың бірі А. Н. Кононов болды . Оның «Опыт анализа термина» «түрк» деп аталатын ғылыми мақаласында тартымды анализ жасалынады. Зерттеушінің пікірі бойынша түріктер жайлы қытайлардан бұрын ешбір ел білген емес. Қытайлардың айтуы бойынша « Ту- кюе» тужи деп атайды . Ал Суй патшалығының шежірелеріндегі деректерінде Тукюлердің тұрағы Алтай тауының баурайында болды. Таудың пішімі батырлардың дулығасына ұқсас болса керек. Соған байланысты түріктердің тілінде дулыға Ту- кюе деп аталған. Сөйтіп, дулыға тәрізді тау баурайында тұрғандықтан оларды түріктер (Ту-кюэлер) деді. Бұл пікірге өзге ғалымдар да келісушілік танытқан еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz