Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру


Мазмұны
Кіріспе 6
1. Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру негізі
1. 1. Несиелік механизмнің экономикалық мәні мен құрылымы 8
1. 2 Несиелік қабілеттілік туралы түсінік және оны бағалау
тәсілдері 21
1. 3 Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің негізгі түрлері 25
2. ЕАБ «АБН АМРО Банк» акционерлік қоғамының несиелік процессін талдау
2. 1. Банктің несиелік саясатын бағалау 32
2. 2. Клиенттің несиелік қабілеттілігін анықтау және талдау әдістемесі («Медет»
шаруа қожалығы мәліметтері негізінде) 44
2. 3. Кепілге қойылған мүлікті бағалау әдістері 53
3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік процессін
жетілдіру жолдары
3. 1. Несиелік процессті ұйымдастырумен байланысты банктерде
жүргізілетін іс-шаралар 61
3. 2. Несиелік тәуекелді бағалау және басқару - несиелік процессті
жетілдірудің негізі 67
Қорытынды 84
Пайданылған әдебиеттер тізімі 86
Қосымшалар 88
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болғалы бері қаржы саласы, әсіресе экономиканың банктік секторы бірнеше жетістіктерге жетті. Банктер - нарық құрылымдары жүйесінің орталық буындарының бірі. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құруға қажетті шарт болып табылады.
Екінші деңгейлі банктер жүйесі халық шаруашылығы саласының тұрақты қызмет істеп тұруын қамтамасыз етуде, яғни экономиканы дамытуда маңызды роль атқарады. Операцияларын жүзеге асыра отырып, банктер қоғамдық қажетті қызметтерді орындайды. Бұл кезде басқа коммерциялық кәсіпорындар секілді банк қызметінде де көптеген тәуекел түрлері кездеседі. Міне, сондықтан да банктік қызмет кәсіпкерліктің реттеуді көбірек қажет ететін түрі болып есептеледі. Осыған байланысты еліміздің Қаржылық Қадағалау Агенттігінің екінші деңгейдегі банктер қызметін реттей отырып, нақты сектордың экономикалық агенттерінің кәсіби белсенділік дәрежесіне ықпал етеді. Міне, сонда ғана ұлттық экономиканың белгілі бір қарқынмен дамып отыруын қамтамасыз етуге болады. Осыдан банктердің тұрақтылығы ел экономикасының тиімділігіне тікелей әсер ететіндігі байқалады.
Несиелеу қажеттілігі ұдайы өндіріс процессіндегі табыс айналымы шеңберінен капитал айналымының заңдылықтарына сай қалыптасады.
Коммерциялық банктерде несиелік процесстің дұрыс жүзеге асырылуы бекітілген несиелік саясатқа байланысты. Несиелік саясат - бұл банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процессті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді [12, 116 б. ] . Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік саясат несиелік қызметтің мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкiндік береді: несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін; несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін; сыртқы аудит қызметтерінің жүмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын; ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банктердің ең алдымен банк пен оның клиенттері арасындағы қарым-қатынасты реттеуіне, басқаруына, ұтымды ұйымдастыруына мүмкіндік береді, басқаша айтқанда несиелік процесстің басты негізгі көзі несиелік саясат болып табылады.
Қазіргі таңда экономиканың әртүрлі салаларын несиелеу өте өзекті мәселе, сондықтан дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Менің жоғарыда аталып өткен мәселелерді ескеру арқылы диплом жұмысын жазудағы мақсатым - теориялық шығармаларды оқи отырып, тәжірибеден алынған нақты материалдарға талдау жасап, несиелік процесстің ұйымдастырылу тәртібін, мәні мен мазмұнын жан-жақты ашу, оның негізгі бағыттарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
- несиелік процесстің ұйымдастырылу туралы экономикалық және теориялық еңбектермен танысып, ғылыми шығармаларды тереңірек оқып зерттеу;
- несиелік процесстің негізгі сатыларының мәнін ашып көрсету;
- несиелердің қамтамасыз етілу түрлерін талдау;
- Еншілес Акционерлік Банк (ары қарай ЕАБ) «АБН АМРО Қазақстан Банкі» акционерлік қоғамының мәліметтері негізінде несиелік процесстің ұйымдастырылу тәжірибесін талдау;
- Коммерциялық бантерде несиелік процессті жетілдіру жолдарын қарастыру ;
- ЕАБ «АБН АМРО Қазақстан Банктің» нақты мәліметтерін пайдалана отырып, заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелік операцияларына талдау жүргізу.
Диплом жұмысында зерттеу обьектісі ретінде мен ЕАБ «АБН АМРО Қазақстан Банкісінің» несиелік операциялар тәжірибесін, банктегі несие түрлері мен олар бойынша есептің, төленетін сыйақылардың қалай есептелетіндігін, ұйымдастыру тәртібін қарастырдым.
Диплом жұмысын жазудың әдістемелік негізі болып батыс ғалымдарының, Ресей мен Қазақстан ғалымдарының несиелік операцияларын жан-жақты және терең талдауымен байланысты монографиялық туындылары пайдаланылды.
Диплом жұмысын орындаудың практикалық базасына ЕАБ «АБН АМРО Қазақстан Банктің» нақты тәжірибелерінен алынған мәліметтер, статистикалық ақпараттар жатады.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және 20 кесте, 2 сурет, 8 диаграммадан тұрады, жұмыстың жалпы көлемі 89 бет.
1. Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру негізі
1. 1. Несиелік механизмнің экономикалық мәні мен құрылымы
Экономикалық түсінікте «механизм» белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында «механизм» термині басқаруда қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм - нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу қағидаттарынан, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізгі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ие. Олай болмаса, несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай -ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарының қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық - ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс- тәжірибені сипаттайтын процесске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Берліген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Несиелік мезанизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:
- несиенің түрлері;
- несиелеу объектілері;
- несиелеу субъектілері;
- несиелеу әдістері;
- несиелеу процесі (несиелеу механизмі) ;
- несиелеу қағидаттары;
- несиелік тәуекелді басқару.
Жалпы, “несиелеу” сөзі латын тілінен аударғанда сенім білдіру деген сөзді білдіргенімен несиелеу процесі қазіргі жағдайда тәуекелі жоғары активтік операциялардың бірі болып табылады, ал егер оған дұрыс көңіл аудармаса, банк өтімділігін жоғалтып банкротқа ұшырайды [13, 246 б. ] . Әрбір коммерциялық банк өзінің несиелік саясатын жеке дербес қалыптастырады. Несиелік саясат коммерциялық банкты нарықтағы несиелік қызмет көрсету тактикасын, стратегиясын қамтиды. Содықтан банк несие беруді бірнеше сатыға бөледі. Олар өз кезегінде банкке несиелік қайтарымдылығын қамтамасыз етуге, клиенттің несиелік қабілетін бағалауға және несие берудің арқасында пайда табуға көмектеседі.
Ақшаның әрқашан үздіксіз айналыста болуы нарықты экономикада қажетті заңдылық болып табылады. Уақытша бос ақша қаражаттары баяуламай қарыз капитал нарығына түсуі қажет. Сонымен қатар олар несие қаржылық мекемелерде айналыста болып, іске асырылып, қосымша капиталды қажет естетін экономика салаларына орналасуына қажет. Несие - ол қарыз капиталынаң жылдамдылық, қайтарымдылық және төлемдік негізіне сүйенетін қорғанысы.
Несиелеу қағидаларының мақсаты бұл берілген несиенің белгілі бір мақсаты бұл берілген несиенің белгілі бір мақсатқа жұмсалатынын сипаттайды. Несиенің мақсаты оның нақты объектіге материалдық немесе өндірістік шығындарға, сондай-ақ айналым қаражаттарын толықтырғанға, негізгі құралдарды, құрал жабдықтарды, құрылғыларды сатып алуға, жаңа өндіріс объектілерін салуға, сондай-ақ тұтыну мақсатына бағытталады.
Олар жеке адамдар мен заңды ұйымдарға келісім негізінде несие, есеп айырысу және басқа да қызметтерін көрсетеді. Олар дербес және ешкімге тәуелсіз жұмыс жүргізеді. Коммерциялық банктер шектеулі нормативтер бойынша өкімет құрылымдарының бұйрықтарын орындайды. Толық шаруашылық есеп принциптерін, жұмыс жүргізуді және қабылданған міндеттемелері бойынша толық жауапкершілігі болады.
Несиенің түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі [18, 230 б. ] .
Комерциялық банктер өздерінің клиенттіріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Қарыз алушының категорияларына байланысты:
- өндірістік кәсіпорынға берілетін несиелер;
- ауылшаруашылық кәсіпорындарға берілетін несиелер;
- қаржы секторының құрылымына берілетін несиелер;
- жеке азаматтарға берілетін несие;
- үкімет органдарына берілетін несие;
- сауда-саттық кәсіпорындарына берілетін несие және т. с. с.
Қамтамасыз ету нысанына байланысты:
- қамтамасыз етілген;
- қамтамасыз етілмеген.
Мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
- ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
Несиені беру тәртібіне байланысты:
- клиенттің арызы негізінде;
- несиелік желі шеңберінде.
Несиені қайтару тәртібіне байланысты:
- бір уақытта тұтас өтілетін несие;
- өтелуін кейінге қалдыру арқылы несиені өтеу.
Несиенің валютасына байланысты:
- ұлттық валютада берілетін;
- басқадай валютада берілетін;
- бірнеше валютада берілетін.
Несиелік пайыздық ставкасының түріне байланысты:
- тұрақты пайыздық ставка;
- өзгермелі пайыздық ставка;
- номиналды пайыздық ставка;
- нақты пайыздық ставка.
Пайызды төлеу әдісіне байланысты;
- кәдімгі қарыздар;
- дисконттық қарыздар.
Несие берушілердің санына байланысты:
- бір банктен берілетін несиелер;
- параллельді несиелер.
Несиенің мөлшеріне байланысты:
- ірі несиелер;
- шағын несиелер.
Пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- Айналым қаражатына жұмсалатын.
Берілу шартына қарай:
- тұтыну несиесі;
- ипотекалық несие;
- овердравт несиесі;
- овернайт несиесі;
- онкольдық несие;
- банкаралық несие;
- ломбардтық несие;
- лизингтік несие;
- сенім несиесі;
- маусымдық несие;
- консорциалдық несие.
Несиенің осындай белгілері арқылы жіктелуі оны жан-жақты қарастырып, оның мазмұнын толық ашуға мүмкіндік береді.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай - ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе несиелік қатынас субъектірлері деп атауға болады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түріндегі ол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады.
Банктердің ресурстық базасының қарқынды өсуінің арқасында (негізінен депозиттер көлемінің ұлғаю есебінен) жалпы алғанда банк секторының несиелік қуаты елеулі түрде нығайды және несие нарығында олардың кызметінің жандана түскені байқалды. Банктердің несиелік белсенділігінің артуына сондай-ақ Қазақстан Қаржылық Қадағалау Агенттігі жүргізген шаралар да жәрдемдесті. Атап айтқанда, бір жыл ішінде қайта қаржыландыру ставкасы екі рет (18%-тен 16% -ке дейін және содан кейін 11% - ке дейін) төмендетілді, міндетті резервтеу нормасы (10% - тен 8% -ке дейін) азайтылды. 2007 жылдың екінші жартысында Банктер қаражатының белгілі бір бөлігі активтерге орналастыру тәртібі туралы нұсқаулар қабылдады, соған сәйкес екінші деңгейдегі банктер ел ішінен тартылған ресурстарды толық түрде ішкі экономикаға бағыттауға тиіс.
Тұрғын үй құрылысы саласында ипотекалық несиелеуді жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Қазақстан ипотекалық компаниясы құрылды, оның негізгі міндеті ипотекалық облигацияларды қайталама нарыққа шығару және орналастыру жолымен екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру болады.
Екінші деңгейдегі банктерде экономика салалары бойынша негізгі үлесті сауда құрайды (26, 9%), екінші орында өнеркәсіп саласы (19, 5%) . Жалпы берілген несиелер көлемі соңғы үш жылда тек қана өсу жағына қарай өзгеріп отырғанын көреміз. Мысалы, өнеркәспке берілген несиелер сомасы 2006 жылы 2005 жылмен қарағанда 1, 4 есе өсіп, 672407 млн. теңгеден 978128 млн теңгеге дейін өсті, ал 2007 жылы 2006 жылмен салыстарғанда 1, 5 есе өсіп 1484294 млн. теңгеге жетті (қосымша 1) .
Несие алушылар банк несиелерінің көп бөлігін айналым капиталын толықтыру үшін пайдаланады. Банктердің несие беру объектілері бойынша несиелер көлемдерін 1-кестеден көруге болады.
Кесте-1
Екінші дейгейдегі банктердің объектілер бойынша берілген несиелері
Үлес
салмағы, %
Үлес
салмағы, %
1 - кестенің жалғасы
Кестеден көрінгендей, несие алушылар 2007 жылы айналым қаражаттарын сатып алуға барлық банктік несиелердің 40, 7 %-ін жұмсаса, ал негізгі құрал-жабдық сатып алуға 12, 4 %-і ғана жұмсалды (2003 жылы бұл 11, 9 %-ті құрады) . Банктердің портфеліндегі жаңа құрылыс және объектілерді жаңартуға арналған несиелердің үлесі көп емес, 10, 3% - ті құрады. Бүгінгі таңда ұзақ мерзімді инвестициялау негізінен банктердегі ұзақ мерзімді ресурстардың жетіспеуінен де несиелеудің жоғары тәуекелінен де бөгеліп отыр.
Жалпы, несие қарыз алушыға белгілі бір несиелік процесс жүзеге асырылғанда ғана беріледі. Несиелік процесс дегеніміз- банкпен қабылданған және белгілі бір тәртіпте орналасқан несиелік қатынастарда жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу процесі арқылы елдің қаржы яғни несиелік проект бойынша барлық аналитикалық жұмыстарды жүзеге асырады. Несиелік процессі келесі сатыдан тұрады:
- Несие беру жөнінде алдын ала келіссөздер жүргізу және банкпен белгіленген құжаттарды ұсыну;
- Клиенттің несиелік қабілеттідігін анықтау және бағалау;
- Несиелік келісім - шартқа отыру;
- Несиенің берілуі және қайтарылуы;
- Алынған несиенің мақсаттылығын және уақытысында өтелуін бақылау [14, 267 б. ] .
Бірінші саты - бұл несие беру жөнінде алдын ала келіссөздер жүргізу және банкпен белгіленген құжаттарды ұсыну болып табылады. Несие беру жөнінде келісім сөздер нақты шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі. Бірақ бұл жерде әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін. Дамыған нарықты қатынастар үшін нақты жағдай- бұл банк клиенті өз өнімін ұсыну үшін іздейді. Банктік қызметтер нарығын, потенциалды клиенттерді зерттеу, оларға қарым қатынас жөнінде ұсыныстар жасаған кезде болатын жағдай бұның барлығы несие туралы нақты ұсынысқа дейін қарастырылады. Басқа жағдай- отандық тәжірибе. Бұнда несие кәсіпкерлерден бастап өкімет органдарына дейін керек, банк клиентті іздемейді, керісінше, клиент өзін құтқаратын несиені алу үшін банкті іздейді. Бұл дайындық сатының процессі, одан кейін оның екінші бөлігі клиенттер банкке несие алу үшін қажетті құжаттарды өтінішімен қоса тапсырады. Несиені алу үшін қарыз алушы банкке жазбаша түрдегі арыз ұсынады. Онда мыналар көрсетіледі: несиенің мақсаты, сомасы, өтелу мерзімі және несиеленетін объектінің қысқаша сипаттамасы.
Несие алу үшін келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:
- Несиеленетін кәсіпорынның техникалық негізделуі, ол мынаны жағдайды есепке алу керек:
- арыз берушінің қызметінің және ол өндіретін өнімнің сипаттамасы;
- несие есебінен өндірілетін өнімнің (қызметтің) тізімі, оның экспорттың мүмкіндіктері, жергілікті және дүниежүзілік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;
- экспортталуы мүмкін өнімнің өткізу нарығын, оған ұқсас өнімге сұранысты, бәсекелестікті, халықаралық нарыққа шығу стратегиясын талдау, өнімді экспорттау жөнінде шетел формаларымен келісім шарттардың болуы;
- түсетін түсімі несиелік қарызды өтеуге жұмсалатын қарыз алушының өнімді экспорттауға меншік құқын растайтын құжаттар;
- экспортқа өнім өткізуге лицензиясының болуы;
- жобаның жүзеге асырылу мерзімі;
- өтелу есебі, импорттық төлемдер балансы мен экспорттан түсімдерді қоса;
- қажет уақытында жоғарыда аталған мәліметтерді растайтын басқа органдардан информация.
- Келісім-шарттың, олардың қосымшаларымен қоса көшірмелері (сыртқы сауда келісім-шарттары орыс тілінде аудармасымен бірге) ;
- Бухгалтерлік есеп беру, кірісі және шығысы туралы есеп, табыс декларациясы және тағы басқа белгісі бір мерзім арасында қарыз алушының несиелік қабілетін және қаржылық жағдайын анықтау үшін мәмілеттер;
- Белгіленген тәртіпте толтырылған несиені беру жөнінде арыз;
- Қарыз алушы жөнінде мәлімет, анкета;
- Тауарлы материалды құндылықтардың қозғалысы жөнінде мәлімет;
- Шұғыл міндеттеме;
- Несиелік келісім - шарт;
- Қамтамасыз ету жөнінде мәлімет;
- Бизнес жоспар.
Банктің несиелік бөлімі несиелеу жөнінде барлық сұрақтар бойынша құжаттарды және оларды дайындаумен байланысты жұмыстарды басқарады, несиелеу мен байланысты басқа қызметтердің жұмысын шоғырландырады және оперативтігіне жауап береді.
Несие бөлімі мамандықтарының құзіретіне төмендегілер жатқызылады:
- несиелік ресурстардың бар болуын қарастыру;
- несие алу үшін қажетті құжаттардың толығын тексеру;
- техникалық- экономикалық негіздеуді есептеудің нақтылығын анықтау;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау;
- несиенің өтелмеуіне әкелетін факторларды зерттеу.
Несиелік қызметкерлер заң бөлімінің құқық мамандарымен бірігіп клиенттің құқық мәртебесімен құқтарымен анықтау үшін олардың заң істерін зерттейді. Келісім - шарттар мұқият зерттеліп оған құқықтық баға беріледі. Олармен кепіл берушінің немесе оның кепіл болушысының, ол кепілге коятын мүлікке құқы бар екендігін анықтайды.
Несиелік бөлім және банктің т. б. қызметтерінің қорытындысы несие беру мәселесі негіз болатын несиелік комитетке және банк басшылығының қарауына ұсынылады. Егер несие беру жөнінде шешім қабылданса заң қызметі кепіл туралы келісім - шарт, ол несиелік бөлім несиелік келісім - шарт дайындайды, сосын бұл шарттарға банк төрағасы қолын қояды.
Несиелік процесстің екінші сатысы - бұл клиенттің қаржылық жағдайын талдау және клиенттің несиелік қабілеттідігін анықтау және бағалау. Бұл қарыз алушының қаржылық мәліметтерін және оның сипатының субьективті бағасын қарастыруды қамтитын несиелік тәуекелді анықтау процесі.
Клиенттен несие туралы арыз түскенде банк бұл соманың пайдалылық және тәуекел деңгейі бойынша анықтау үшін барлық мәліметтерді талдайды. Несиелік талдау бір-бірімен байланысты ұғымдар. Бұл талдауда несие бөлімінің қызметкері қарыз алушының несиені қайтару қабілетін анықтайды. Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтайды. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы келесі параграфта кеңінен ашылып көрсетілетіндіктен, бұған қысқаша тоқталып өтейін. Коммерциялық банк клиенттің несиелік қабілеті дегеніміз - қарыз алушының толық және уақытында негізгі қарызбен проценттер бойынша өзінің қарыздық міндеттемесімен есептеу қабілеті.
Несиелік қабілеті бар клиенттер банкте төлемдерді уақытынан кешіктірмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz