Тортугалия кондитерлік фирмасы



КІРІСПЕ 2
1 САЙТ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Сайт жасаудағы әдебиеттерге шолу 4
2 САЙТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 6
3 САЙТТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ 11
3.1 Cілтемелерді ұйымдастыру 11
3.2 Бейне суреттермен жұмыс істеу 12
3.3 Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру 13
3.4 Тізімдер мен кестелерді ұйымдастыру 13
3.5.Сайттағы сөздер мен сөз тіркестерін бөлу 14
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16
МАЗМҰНЫ 17
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру – еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдайы ақпараттық техно-логияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Студенттердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты.
Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады.
Жұмыстың өзектілігі: HTML тілінде «Тортугалия» кондитерлiк фир-масының сайты жасалып, онда Denwer аркылы PHP, MySQL, Apache-тi серверлерiн орнатып жумыс жасалды, JavaScript интернет программалау тiлдерi колданылды.
Курстық жұмыстың мақсаты: «Тортугалия» кондитерлік фирмасының сайтын құру, қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
 HTML программалау тілін терең оқып үйрену;
 Арнайы оқулықтармен танысу;
 HTML тiлiнде программалауды, PHP, MySQL, JavaScript интернет программалау тiлдерiн олардың қасиеттерін оқып үйрену;
 HTML тілінде «Тортугалия» кондитерлік фирмасының сайтын құру (Denwer серверi арқылы MySQL базалар жүйесін қолданып PHP байланыс жасалды).
Жұмыстың жаңашылдығы: «Тортугалия» кондитерлік фирмасының сайтының қазақ тіліндегі нұсқасының жасалынып шығуы.
Курстық жұмыстың тақырыбы – “Тортугалия кондитерлік фирмасы”. Бұл сайтты жасамас бұрын, осы тақырыпта жасалынған сайттар қарастырылып, олардың кемшілігін толықтыру мақсатында жасалынды. Қазіргі таңда торт жасап шығаратын кондитерлік фирмалар көп, бірақ олардың сайттарына келетін болсақ, тұтынушылардың көңілінен шыға бермейді. Мысалы, солардың бірі – “Нәзік” кондитерлік фирмасының сайтын қарастыратын болсақ, тұтынушылар өздері таңдаған торттарына үйлерінде отырып-ақ сайттан тапсырыс бере алмайды. Ал мына сайттан тұтынушылар өздеріне ұнаған кез келген тортқа сайт арқылы тапсырыс бере алады.
Сонымен қатар, “Нәзік” кондитерлік фирмасының сайтында торттардың суреттері бар, бірақ олардың аттары жоқ. Ал мына сайтта кез келген торттың суретінің үстіне тышқанды алып барсақ, сол торттың атын шығарып береді. Бұл сайттан тұтынушылар тапсырыс бергенде, тапсырыс қабылдаушылардың жұмысын жеңілдету үшін жасалынған.
1. Бөрібаев Б., Мадьярова Г.А. WEB- технологиялар: Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -360 бет.
2. Бөрібаев Б. WEB- технологиялар пәнінен лабораториялық практикум. –Алматы: “Қазақ университеті”, 2009. -214 бет.
3. Шапошников И.В. Самоучитель HTML4.–СПб.:БХВ-Петербург, 2001. -288 с.
4. Кирсанов Д. Веб-дизайн. -СПб.: Символ-Плюс, 2001. -376 с.
5. Савельева Н.В. Основы программирования на РНР: курс лекций для студентов. -М.: Интернет-университет информационных технологий, 2005.-264 с.
6. Дуванов А.А. Web-констуирование DHTML. -СПб.: БХВ-Петербург, 2003. -512 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

WEB-технологиялар пәнінен
Тортугалия кондитерлік фирмасы
тақырыбына жазылған курстық жұмыс

Орындаған: Мусаева Лутфия
АЖ-09-3Б
Қабылдаған: Бөрібаев Бақыт

Алматы-2012

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру –
еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр –
білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны
өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Студенттердің
танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау
мүмкіндіктері артты.
Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда
шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады.
Жұмыстың өзектілігі: HTML тілінде Тортугалия кондитерлiк фирмасының
сайты жасалып, онда Denwer аркылы PHP, MySQL, Apache-тi серверлерiн
орнатып жумыс жасалды, JavaScript интернет программалау тiлдерi колданылды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тортугалия кондитерлік фирмасының сайтын
құру, қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді пайдалану
жолдарын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
❖ HTML программалау тілін терең оқып үйрену;
❖ Арнайы оқулықтармен танысу;
❖ HTML тiлiнде программалауды, PHP, MySQL, JavaScript интернет
программалау тiлдерiн олардың қасиеттерін оқып үйрену;
❖ HTML тілінде Тортугалия кондитерлік фирмасының сайтын құру
(Denwer серверi арқылы MySQL базалар жүйесін қолданып PHP
байланыс жасалды).
Жұмыстың жаңашылдығы: Тортугалия кондитерлік фирмасының сайтының
қазақ тіліндегі нұсқасының жасалынып шығуы.
Курстық жұмыстың тақырыбы – “Тортугалия кондитерлік фирмасы”. Бұл
сайтты жасамас бұрын, осы тақырыпта жасалынған сайттар қарастырылып,
олардың кемшілігін толықтыру мақсатында жасалынды. Қазіргі таңда торт жасап
шығаратын кондитерлік фирмалар көп, бірақ олардың сайттарына келетін
болсақ, тұтынушылардың көңілінен шыға бермейді. Мысалы, солардың бірі –
“Нәзік” кондитерлік фирмасының сайтын қарастыратын болсақ, тұтынушылар
өздері таңдаған торттарына үйлерінде отырып-ақ сайттан тапсырыс бере
алмайды. Ал мына сайттан тұтынушылар өздеріне ұнаған кез келген тортқа сайт
арқылы тапсырыс бере алады.
Сонымен қатар, “Нәзік” кондитерлік фирмасының сайтында торттардың
суреттері бар, бірақ олардың аттары жоқ. Ал мына сайтта кез келген торттың
суретінің үстіне тышқанды алып барсақ, сол торттың атын шығарып береді. Бұл
сайттан тұтынушылар тапсырыс бергенде, тапсырыс қабылдаушылардың жұмысын
жеңілдету үшін жасалынған. Тағы да айта кететін жағдай, “Нәзік” кондитерлік
фирмасының сайтында торттарды сатуға ғана жағдайларды қарастырған, ал
“Тортугалия” кондитерлік фирмасының сайтында торттарды сатумен ғана
шектелмейді, торт әзірлеуге қызығатын үй бикелеріне арнап пайдалы кеңестер
де бар. Қазіргі жастардың басты мәселесі артық салмақ тастау болып
табылады. Сол үшін олар төменгі калориялық диеталық тағамдар іздейді.
Солардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін “Тортугалия” кондитерлік фирмасы
төменгі калориялық торттарды жасап шығаруда, ал “Нәзік” кондитерлік
фирмасының торттарының бәрі жоғары каллорияда жасалынған. Осындай
кемшіліктерді ескере отырып, осы сайт жасалынды. Бұл сайт заман талабына
сай, әрі тұтынушылардың ұсынысын қанағаттанарлықтай негіздер бар.

САЙТ ЖАСАУ НЕГІЗДЕРІ

World Wide Web – бүгінгі күні әр түрлі ақпараттар миллиондаған сайт-
тардан тұратын компьютерлік желі. Қолданушылар бұл ақпаратқа WWW
технологиясын қолдану арқылы мүмкіндік алады. WWW навигациясы үшін WWW
шексіз кеңістігінде саяхатын жеңілдететін арнайы программалар Web
браузерлер қолданылады. Барлық ақпарат WWW байттарының негізгі элементі
болып келетін Web беті ретінде бейнеленеді.
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парактарының бір ортақ
қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-
парақтар жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау
тілі емес HTML – гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-
парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

1.1 Сайт жасаудағы әдебиеттерге шолу

Hyper Text Markup Language (HTML) – гипермәтінді белгілеу тілі – World
Wide Web ортасында жарияланатын гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған
тіл.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web
парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану
жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола
отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ
тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің
мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады [1].
Web парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен HTML тілі
мәтін ісі пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әр
түрлі компьютерлер пайдаланады. Сол себептен ғана зауыттан шыққан бір
компьютердің Windows жүйесін жұмыс істей алатын браузері бар болса екінші
бір тұтынушы компьютері тек MS DOC жүйесінде жұмыс істейтін ескі браузерді
пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандыктан,
бір файл екеуіне екі түрлі болып көрсетіледі.
Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларында және әр түрлі
броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді
пішімдеу (форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол
Интернеттегі мәтін бөліктерінің аткаратын кызметін анықтап, соларды әрбір
түтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжат функционалды түрде белгілейтін тіл
болып табылады [2].
Cascading Style Sheets (CSS) (Стильдердің сатылы кестелері) –
гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан
бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Форматтау атрибуттары тобына бірден барлығына бір әрекетті қолдану
арқасында стильдер НТМL кодын айтарлықтай ықшамдайды. Стильдер көмегімен
мысалға, барлық тақырып жолының түрін өзгертуге болады. Бірақ үш тәсілмен
тақырып жолын форматтамаудың орнына яғни, оның өлшемі басында берілсе,
кейін қаріп берілсе және ең соңында орталық бойынша түзету болса, оны бір
уақытта анықталған тәгке стильді қолдану арқылы тура соны іске асыруға
болады [3].
JavaScript – браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі
командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар.
JavaScript – динамикалық парақтар құратын мүмкіндік болып табылады.
JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTML-коды
ішінде орналаса береді не жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер
оқып алады (арнайы команда бойынша).
JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекті етеді. JavaScript
тілі арқылы гипермәтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Элементтер қасиеттеріне рұқсат және олардың веб-парақтағы динамикалық
басқарылуы HTML құжатымен байланысқан программа арқылы іске асады. Мұндай
программаларды скриптілер деп атайды немесе басқа әдебиеттерде
кездесетіндей – сценарийлер деп атауға болады. Скриптілер Script тәгі
арқылы сипатталады, яғни оның құрамында программаға немесе анықталған
тілдегі оның мәтініне сілтемесі бар. Негізгі екі программалау тілдері
қолданылады – JavaScript және VB Script.
Скриптілер бірнеше түрмен құрылады. Солардың ішіндегі ең кең
тарағанының ерекшелігі – бұл Script контейнерінің ішінде программаның
орналасуы. Осы тәг сыртқы файлға сілтей алады немесе өзінің ішкі құрамында
программаны қамтиды [4].
PHP (ол мына сөз акронимі: "PHP: Hypertext PreprocessorГипермәтіндік
Препроцессор", алғашқыда – Personal Home Page сөзінен шыққан) – HTML
ортасына енгізілген сценарийлерді жазу тілі. Тілдің мақсаты – Web-
программалаушыларға жеңіл әрі жылдам өзгертуге болатын динамикалық түрдегі
ықшам html-парақтар құру мүмкіндіктерін беру. PHP тілінің бір ерекшелігі –
мәліметтер базаларымен бірігуінің жоғары деңгейде болуы. Қазіргі кезде бұл
тіл бірсыпыра мәліметтер базаларын сүйемелдей алады, олар: Oracle, Adabas
D, Sybase, FilePro, mSQL, Velocis, MySQL, Informix, Solid, dBase, ODBC,
Unix dbm, PostgreSQL. Қазір РНР – жылдам дамып келе жатқан программалау
ортасы, ол Интернеттегі көптеген серверлерде жұмыс істейді. РНР-де жасалған
файлдар серверлердің барлығында да сақталып, өңделе береді. РНР тілінің
артықшылығы оны HTML-парақтың кез-келген жеріне қосып, түрлендіруге болады.
Оған қоса тілдің синтаксисі, құрылуы, ережелері де онша қиын емес.
РНР тілінің Рerl, VBScript және Java тілдерінен айырмашылығы
динамикалық Web-бет құру үшін арналған. Динамикалық Web-беттер
статикалықпен салыстырғанда өте үлкен тапсырмалар орамын шешуге мүмкіндік
береді. Серверлік кодта динамикалық ақпараттық толықтырумен бет құрамын
түсінуге болады. Оларды жинақтау сұраныс түскеннен кейін бірден жүзеге
асырылады.
РНР тілі деректер қорымен және файлдармен әрекеттесуі мүмкін,
электрондық поштаны өңдейді және көптеген басқа да операцияларды орындайды
[5].

САЙТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Бұл сайт негізгі беттен – index.html және “Негізгі бет”, “Компания
туралы”, “Біздің команда”, “Өнім”, “Галерея”, “Прайс парағы”, “Тіркелу”
деген бөлімдерден тұрады.
Мына парақта осы сайттың алғашқы беті көрсетілген.

1-сурет. Сайттың басты бетінің көрінісі

Бұл парақ кесте құрып, оны үшке бөлу арқылы жасалынған, жоғары жақ
бөлігінде торттың және осы фирманың эмблемасының суреті бар. Ортаңғы жақ
бөлігінде жоғарыда аталған бөлімдерге алып баратын батырмалар орналасқан.
Ол батырмаларды басу арқылы сіз қалаған бөлімге кіріп, қажетті анықтаманы
ала аласыз және негізгі бетке қайтып келе аласыз. Ал төменгі жағының өзі
тағы кестеге бөлініп жасалған, сол жақ бөлігінде пайдалы кеңестер
көрсетілген. Бұл жақтан сіз торттардың құрамын ала аласыз, ал оң жақ
бөлігінде осы фирма шығаратын торттардың суретін сырғымалы жолдар арқылы
жарнамаланған. Осы сырғымалы жолдарды JavaScript тілінің фильтрлері арқылы
жасалынған. Бұл фильтр басты бетті безендіру үшін қажет болды. Осы беттің
ең жоғарғы бөлігіне қарасаңыз бүгінгі күннің мерзімін көре аласыз.
“Компания туралы” деген батырманы шертсеңіз, алдыңыздан 2-сурет
ашылады. Бұл парақты да кесте құрып, оны үшке бөлу арқылы жасалынған. Бұл
жерде кестенің жоғарға және ортаңғы бөліктері өзгеріссіз қалады, тек
төменгі бөлігі ғана өзгеріп тұрады. Төменгі бөлігінің сол жақ бөлігінде
пайдалы кеңестерден келесі бір торттың құрамын ала аласыз. Ал сол жақ
бөлігінде осы компания туралы толық мәлімет көрсетілген.
Келесі “Біздің команда” деген батырманы басссаңыз, сол кезде 3-
суреттегі бет ашылады. Бұл беттен сіз осы компанияның бөлімдерімен және осы
бөлімдердің меңгерушілерінің тізімін көре аласыз. Сонымен қатар, олармен
байланысу үшін қажетті телефон нөмірлерді ала аласыз.

2-сурет. Компания туралы бетінің суреті

3-сурет. Біздің команда бетінің бейнесі

Келесі беттен сіз осы фирманың кондитерлік өнімдері туралы барлық
мағлұматтарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар. “Апрель” ЖШС-ң бизнес жоспарын талдау
Крекер - құрамында майы жоғары ұннан жасалған кондитерлік өнім
Макроорта, микроорта және медиаорта туралы мәлімет
Маркетингтік орта жайлы
Ұсыныс қисығының жылжымасы
Астықты Жармада өңдеудің арнайы технологиялары
Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері
Нарықты сегменттеу
Қарақұмықтың ұнды кондитер өнімдеріне тигізетін әсерін зерттеу
Өңделетін шикізаттың сипаттамасы
Пәндер