Балаларды оқыту құралдарының маңызы мен көркемдік сыры


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Ж О С П А Р :

  1. Кіріспе бөлім. . . . 3
  2. Негізгі бөлім:Балаларды оқыту құралдарының маңызы мен көркемдік сыры . . . 4Балалар әдебиеті безендіру және оған қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар . . . 6Балаларға арналған баспа өнімдері және балаларды жас ерекшеліктеріне сай бөлу . . . 7І топ балаларына арналған кітапшалар және оларды өз ішінде топқа бөлу . . . 8Ойыншық кітапшалардың маңызы мен тәрбиелік мәні . . . 10Кітапшаларды безендіруде орындалатын негізгі элементтер . . . 12Ойыншық кітапшаларға қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар . . . 13Ойыншық кітапшаларды көркем безендіру және оның ерекшеліктері . . . 14Кітапшалардың пішіндік ерекшеліктері. . . 14Мұқаба және оны безендірудегі айырмашылықтар. . . 14Мазмұн мен пішін сәйкестігінің маңызы. . . 15Негізгі тақырыпты орналастыру және оның пішіндік түрлері. . . 16Суреттерді таңдау және орналастыру. . . 16Мәтінге қойылатын талаптар мен оларды орналастыру. . . 17Мәтіндік ерекшелеулер және оның түрлері. . . 18Бет безендіруде қолданылатын иллюстрациялар, оның түрлері. . . 19Қаріп және қаріптік өлшем. . . 19Ойыншық кітапшаларда кездесетін қосымша ақпараттарды орналастыру . . . 21Ойыншық кітапшалардағы қосымша құралдар және оларды орналастыру . . . 21Ұл мен қыз балалардың ойыншық кітапшаларын безендірудегі ерекшеліктер . . . 22Жаңа технологиялар бейнесінде жасалған ойыншық кітапшалар, олардың балаға әсері . . . 23Қазіргі таңдағы ойыншық кітапшаларды шығаруда жолығатын тежеулер мен қиындықтар . . . 24Ойыншық кітапшаларды безендіруде түсті пайдалану ерекшеліктері және оған қойылатын шектеулер . . . 25
  3. Қорытынды бөлім. . . 27
  4. Қосымшалар. . . 30
  5. Әдебиеттер тізімі. . . 34
  1. К І Р І С П Е Б Ө Л І М

Тиянақты білім алып, іскерлік дағды қалыптастыруда оқыту құралдарының мәні зор. Оқу үрдісіндегі мақсат - мазмұн, оның әдістері мен тәсілдері қолданылатын оқыту құралы балаға беретін білім мен тәрбиенің теориялық және тәжірибелік мәніне үйлесімділігі тұрғысынан қаралады. Оқу құралдарының көне де, өрнекті түрінің бірі, баспа өнімдерінің ішіндегі терең мағына мен мазмұнға ие оқу құралы - оқулық, яғни кітап. Өйткені оқулық тұлғаға тек ақпараттық мәлімет берумен шектелмейді, олардың танымдық түсінігін дамыту, атқарылатын іс-әрекетке бағдар беріп, жаттығу мен машықтану туралы тапсырмалар да көрсетіледі. [6]

Оны дайындау, безендіру ерекше құбылыс. Баспа өнімдерін дайындауда ескерілетін маңызды дүние - оның мазмұны мен көрнекілігі.

Көрнекілік - кiтапты бiртұтас композициямен көркемдеу жəне полиграфиялық құралдармен, иллюстрациямен кiтап мазмұнын қайта жасап шығару. Бұл күрделi жұмыс шығарманың идеялық-тақырыптық негiзiнде, автор ойының аясында жасалады. [1]

Сонымен бірге, жақсы кітап мазмұнына қойылатын барша талаптарға сай, бала үшін қызықты, қысқа да нұсқа, түсінікті, әдемі өрнектелген, эстетикалық тартымды болу керек. Ол сондай-ақ тұрақты, әрі қолданымды қолайлы болғаны жөн.

Тұрақтылық талабына орай кітапша мызғымас негізде құрастырылуы қажет. Ал қолданымдағы қолайлылығы қажет болған уақытта оған негізгі құрылымды бұзбастан жаңа білімдерді енгізу мүмкіндігінің болуы. Осыны көздей отырып, кітапты топтық құрылым жүйесінде жасаған жөн, себебі қажет кезде қосымша ендіруге, керек болса - кеңейтуге болады. Экономикалық дамудағы елдерде баламалы кітаптар көптеп жарық көруде, осының арқасында балалар оларды таңдау мүмкіндігіне ие.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқу материалдарымен қатар ойыншық кітапшалар да жиі қолданымға түсуде, бұлар-бейне дискілер, бейне таспалары және тағы басқа қосымша құралдарымен кездеседі. Ойыншық кітапшаларда:

1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте график т. с. с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда анимация, видео, дыбыстық эрректілер сияқты компютерге тән элементтер болуы мүмкін.

2. Жалпы мазмұнды график түрінде бейнелеу материал мазиұнын, құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.

  1. Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М :Балаларды оқыту құралдыарының маңызы мен көркемдік сыры

Кiтапты көркем безендiру ғылыми түрде жəне даярланған нормаларға сəйкес жүргiзiледi. Кiтапты көркем безендiру процесiнде бəрiнен-бұрын əдеби жəне техникалық, полиграфиялық құралдар пайдаланылады. Бұл жұмыс шығарманың идеологиялық, тақырыптық негізімен, автордың ойынан алшақ кетпейді. Кітап безендіру техникасы ғылыми түрде дайындалған нормаларға сəйкес жүргізіледі. [2]

Кітап безендіруде бəрінен бұрын əдеби жəне техникалық əдіс-тəсілдер, полиграфиялық құрылымдар пайдаланылады. Олар кітап композициясының белгілі бір талаптарына бағындырылады. Кітап безендіру сапасына қойылатын төрт талап:

  1. Безендіру кітап мазмұнына сай болуы керек. Яғни кітаптың ішкі мазмұны ғана емес, сыртқы безендірілуі де сол кітаптың идеялық, мазмұндылық сапасын, мəн-мағынасын оқырманға жеткізе алатындай болу қажет. Əрбір элемент өзіне керекті безендірілуін өтеуге тиісті.
  2. Безендірілудің барлық элементтері (формат, мұқаба, қаріптер, қағаз, т. б. ) оқырманның мүддесіне сай таңдап алынуы қажет. Яғни оқырманның жасын, жеткізу сипатын кітапты ұзақ сақтауға болатындай жағдай жасау.
  3. Безендіру өте көркем болу керек. Бұл дегеніміз, кітапта суреттер ғана емес, сонымен бірге қаріптер, қаріп басу алаңшаларын дұрыс қою. Мұқабаның сыртқы беті үлкен шеберлікпен көркемделу үшін, түсінікті, нақты түрдегі полиграфиялық жұмыс керек. Бұл процесті көркем безендіреміз деп қызылды-жасылды бояуларды жаға бермеген жөн.
  4. Кітап безендіруде материалдық-техникалық құрал-жабдыққа бөлінген қаржыны материалды үнемді пайдалану қажет.

Балалар әдебиетін безендіруде де осылар ескеріледі. Бірақ оларды безендіруге психологиялық, педагогикалық талаптар қатаң қойылады.

Балалар әдебиетін дайындауда төмендегідей ерекшеліктерді ескерген жөн:

  • Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, оларды ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді.
  • Әңгімелеп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт, баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алынуы керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағаттандырып, шарықтатып отыру шарт.
  • Балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, олардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінезінің әр жақты дамуына қызығады. Осыдан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды. Дәл осы тұста кітаптарда берілетін суреттер мен көркемдік құралдар үлкен рөл атқарады.
  • Балалар жаратылыстың көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем суреттер олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Ал көркемдікке тәрбиелеу - баланың ақыл - есінің тез жетіліп, тез дамуына көмектесіп отырады, эстетикалық тәрбиенің бір көрінісін береді. Эстетикалық тәрбие көркем өнердің барлық салаларында ұлы шеберлер жасаған аса құнды мұраларды балалардың тез түсінуін, сол шығармалардан ләззат алуын көздейді.
  • Балалар әдебиетінің мазмұны мен идеясы, көркемдігі баланың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын тануға себепкер болуға тиіс, оларды әр түрлі ғылым саласын тануға, әр қилы мамандыққа еліктіріп, үлкен істерді орындауға дайындай білуі, соған әуестендіруі керек.

Баспа өнімдерін дайындауда оның бала денсаулығына зияны мен оқу барысындағы ыңғайлылығын қарастыру маңызды.

Бейнелік кескінді көзбен көріп, оның нақты болмысында модельдер пайдаланылады. Оқытуда әр түрлі иллюстрациялық құрал жабдықтардың қолданылуы балаға берілетін ұғым-түсініктің, нысанаға алынған танымның тиянақты да айқын болуына әсер ететіндігі ақиқат шындық. Сондықтан білім беру үрдісінде көрнекілік әдісі жөнінде көп жазылған, әр жақты талданған.

Көрнекіліктің оқыту жүйесінде атқаратын басты қызметі:

  • Оқылатын материал, зат туралы оқушының айқын да дәлді таным - түсінік қабылдауын қамтамасыз ету.
  • Көріп, бақылайтын заттың сыртқы көрінісін ғана қызықтаумен тынбай, оның ішкі мән-мазмұнын тануға ықпал етеді.
  • Көрген, білген, таныған, бақылауларына оқушы мән беріп, ол жөнінде өзіндік ой-түсінік жинақтауына мүмкіндік туады.

Бейнелік кескінді көзбен көріп, оның нақты болмысын тануда түрлі суреттер, құралдар, сызбалар мен таблицалар, модельдер пайдаланылады.

  1. Балалар әдебиеті безендіру және оған қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар

Балалар әдебиетін безендіруге қойылатын педагогикалық, психологиялық талаптар мен көзқарастар бар.

Педагогика ғылымы саласындағы зерттеулердің бәрінде көрнекілік - оқушының теориялар мен заң және заңдылықтар жөнінде нақты түсінігі, таным қалыптастырудың тиімді де өміршең жолы, көрнекілік болмаған жағдайда оқушының білімдік танымы, түсінігі және ойлау деңгейі күңгірт болуы да ықтимал екендігі жан-жақты сипатталған. [5]

Көрнекілік принципі - дидактика саласындағы әріден келе жатқан байырғы принциптердің бірі. Көрнекілік адамның тиісті түсінікті қабылдауына, терең сезінуіне әсер етуімен бірге сол мәселеге пайымдау жасай білуінің арнасын кеңейтеді. Педагогикада дидактиканың «алтын ережесі» деп аталған бұл принцип оқыту үрдісінде оқушының көрнекілікті бақылап, байқап, көріп, танып - білуі олардың ойлануына деген мүмкіндікті арттырады, әдебиеттерде кездесетін сурет, сызба модель, құрал-жабдықтар, шәкірттің ақиқат шындықты нақты танудан абстракты ойлауға және логикалық дамуына жол ашатын тиімді амал болып табылады. Сондықтан білімдендіру саласында көрнекілік принцип. [3]

Балалар әдебиеті және ондағы көрнекілік ерте заманнан келе жатқан күн тәртібінен түспейтін байырғы мәселе.

Психология тұрғысынан қарайтын болсақ кітап безендіруде баланың қызығушылықтары, қабылдауы, ой дамуы мен қалыптасуы ескеріледі. Өйткені жас ерекшеліктеріне сай балаларда бұл құбылыстар әр басқа болады.

Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға бай болып келеді. Мәселен, олардың қозғалмалы, бояулы заттарға тез зер салғыш келетіні, қанық бояулы нәрселерге ерекше құмартатыны да осыдан. Төменгі сыныпта оқитын бала көбіне бір затты толық қабылдап, есте сақтамауы мүмкін, бірақ сол заттың түсі сияқты бір белгісін есінда сақтайды. Сол тұрғысынан да түс, безендіру маңызды болады. Мәселен, екі жастағы бала кітаптан қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде оған жаны ашып жылаған. Төрт жасар бала кітаптан иттің кірпіні ұстап алғанын көргенде қатты күйзелген. Бұл әдебиеттірді безендіруге қойылатын негізгі талаптарды қарастыру барысында психологтар жасаған тәжірибе. [4]

  1. Балаларға арналған баспа өнімдері және балаларды жас ерекшеліктеріне сай бөлу

Балалар әдебиетінде батырлық, ерлік жасаған батырлар, өнеге тұтатын ұлы ғұламалар, өнерпаздар, еңбек ерлері, космос батырлары, тағы да басқа баланы қызықтырып, өсуге жетелейтін тұлғалар сипатталады. Негізінен балаларға арналған баспа өнімдерін үлкен, тармақты екі топқа бөліп қарауға болады: бірінші топ - әдеби-көркем, ғылыми, екінші топ - анықтамалықтар мен стикерстер, альбомдар мен жапсырмақтар, арнайы сөзжұмбақтар.

Балалар әдебиетін безендіруде оның бала денсаулығына әсерін қатаң қарастырады. Соған байланысты балаларды жас ерекшеліктеріне сай 3 топқа бөледі:

1-топ: мектепке дейінгі жастағы балалар, яғни 4-6 жас аралығы.

2-топ: бастауыш сынып оқушылары, 7-10 жас аралығы.

3-топ: орта сынып оқушылары, яғни 11-14 жас аралығы. [7], [8]

  1. І топ балаларына арналған кітапшалар және оларды өз ішінде топқа бөлу

Балаларға арналған баспа өнімдерін безендіру жоғарыда бөлінген топтарға негізделіп, соның негізінде жүзеге асырылады. Олай болса ойыншық кітапшалардың оқырмандары болып табылатын I топ, яғни 4-6 жас арасындағы балаларды жеке қарастырайық.

4-6 жастағы баланы нәрсенің сырт жағы қызықтырады, көрініс еліктіреді. Бала осы сырт көрініс арқылы білімін арттырады. Сондықтан бұл жастаға балаларға арналған кітап көбіне бірыңғай суреттен тұрған жөн, бұндай кітапта жазу болса да өте қысқа, бір немесе екі сөзден артық болмауы тиіс. Бұл жастағы балдырғандар шын мағынасында оқырмандар емес, олар- тыңдаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиеттер жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер, белгілі оқиғаға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер болып келеді, ал тақырыптары көбіне табиғат әлемінен, қоршаған орта және күнде көріп жүрген оқиғалардан алады, соған сай суреттер таңдалып алынып, көркем безендіріледі. [9]

Негізінен ойыншық кітапшалар оқырмандары бірінші топ балалары болып табылады, яғни 4-6 жас аралығындағы балалар. Осыған сай бұл топтың өзі топ ішінде психологиялық ерекшеліктеріне сай бөлінеді:

  1. Кішкентай І топ
  2. Орташа І топ
  3. Ересек І топ

Кішкентай І топ балаларға психологиясы ілгері дамыған төрт жасқа дейінгі, яғни үш және төрт жастағы балалар кіреді. Осыған сай қазіргі таңда ғалымдар І топ балаларын үшке емес төрт топқа бөліп қарастырып жүр. Оған өздері оқырман болып табылмайтын, тек ата-аналары оқитын кітапшалардың тыңдармандары жатады. Яғни І және

ІІ жас аралығындағы

балалар. Олардың өз-

дері ойыншық кітап-

шалардың пішіні мен

кескініне қызығушы-

лық танытып, оларды

таңдауда өз үлестерін

қосады. [10]

Ал І топтың іштік кішкентай негігі тобына үш және төрт жастағы балалар жатады. Олардың таңдаулары кішкентай топтыкіне қарағанда күрделірек болып келеді. Өйткені олар кітапшаны тыңдап

қана қоймай, аздап оқиды да.

Түрлі-түсті әсем бояулармен

безендірілген төмендегідей

кітапшалар осы топты құрай-

тын балалар психологиясы-

на дәл сәйкес келіп, олардың

сұранысына ие болып отыр.

Бұл сөзімізге «Гулянда»

кітап сауда үйінде жүргізіл-

ген сауалнама дәлел болады.

[11]

І топтың өзіндік орташа тобын төрт және

бес жастағы балалар құрайды. Бұлар да

ойыншық кітапшалар оқырмандары болып

табылады. Жас ерекшеліктеріне сай өз тал-

ғамдары мен таңдаулары бар. Осы жастағы

балалардың ой дамулары табиғатпен етене

байланысып жүретіндіктен олар жан-

жануарларды, аңдар мен өсімдіктерді аса ұнатады. Сол

себепті оларға арналған кітапшалардың көпшілігінің пішіні мен бет безендірілуі табиғатпен тығыз байланысты болады. [12]

І топтың ересектер тобына бестен асқан, алты жасқа дейінгі балалар енеді. Оларға арналған ойыншық кітапшалар жоғарыдағыларға қарағанда күрделірек болып келеді. [13]

Осындай кітапшалар арнайы тапсырмалармен беріліп, бала ойын жан-жақты дамытуға үлес қосады.

  1. Ойыншық кітапшалардың маңызы мен тәрбиелік мәні

Ойыншық кітапшалар білім беру саласында маңызды рөл атқарады. Олар бала қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ой өрісін дамытып, кез келген нәрсені тез үйреніп алуына жетелейді. Түрлі пішіндегі сүйкімді кітапшалар берген мәлімет бала ойына қызығушылық тұрғысынан жақсы қабылданады. Оқуға қабілеті жоқ, кітаптарға қызыға бермейтін балалар үшін бұл таптырмас құрал. Өйткені ойыншық кітапша пішіні немесе кескіні қабілеті ояна қоймаған баланың талғамына сай келуі әбден мүмкін. [14]

Баланы оқуға жетелеп, білімге қызықтыруда олар қозғаушы күш секілді әсер етеді. Бала санасын оятып, ойын жеделдете дамытады. Бір жағынан ыңғайлы, келесі жағынан көрнекті.

Оларды безендіруде қолданылатын түрлі көркемдеуші құралдар мен иллюстрациялар баланың көркем өнерге, суретке көзқарасын қалыптастырады. Бала таңдауына ие болып алынған кітапшаның біреудің көмегінсіз оқылары анық. Сол себепті бұндай кітапшалар баланы өз бетімен оқып үйренуге дағдыландырады.

Ойыншық кітапшалардың тәрбиелік мәні қандай? Бала тәрбиелеуде олардың мәні мол. Өйткені олар ми жетілуін жеделдетеді, баланы рухани тәрбиелейді. Түрлі пішінде, яғни салт-дәстүр, ертегілер әлемін, батырлар жырын, аңыздарды қамтып, солардағы кейіпкерлер кескініне іспеттес алынған кітапшалар пішіні, олардың беттері баланы отансүйгіштікке шақырады.

Сыртқы беті осылай жасалған кітапшалар іші де қазақтың оюларымен безендірілген. Бұндай типтегі кітапшаларды көбіне «Аруна» және «Azia Animation» секілді баспалар жариялап жүр. [15]

Балардың ойыншық кітапшалары көп жағдайда аңдардың немесе түрлі ойыншық, яғни қуыршақ немесе машиналардың бейнесінде болады. Өйткені бала дәл осы заттарға аса назар аударып, көңіл бөледі. Қазіргі таңда дүкендер сөрелерінен төмендегідей отандық өнімдерді көре аласыз:

Осындай түрлі техниканың құрамдық бөліктері, бөлшектері кітапша бейнесінде үйлесімді келісім тауып тұр. Өсіп келе жатқан балдырған осыларға қарап көптеген ақпараттар алып, олармен таныса алады. Бұл баланың бір ғана нәрсемен немесе күнделікті көріп, біліп жүрген нәрсемен шектеліп қалмай, жан жақты дамуына үлкен үлес қосады. [16]

  1. Кітапшаларды безендіруде орындалатын негізгі элементтер

Кітапшаны безендіру - оған қасиетті түр беру дегенмен тең. Бұнда кіптың жақсы дизайны, оның көркем композициясы және полиграфиялық жинақ маңызды рөл атқарады. Оның басты көркем формасын кітап макеті, яғни болашақ кітаптың безендіру пішіні құрайды. Безендірілетін әр эскиз элементтері, өнім композициясы, тағы да сондай элементтер мұнда әсерленеді. Әсіресе көркем безендіру макетінде безендіруге қажет - шмуцтитул, титулдық бет, иллюстрациялық жолдардың болғаны маңызды. Макетте қолданылатын кегель қаріпті, жолдарды, тақырыпты безендіруді анықтайды. [17]

Форматтан өзге кітапты:

  • Кітап басып шығаратын мәтін және қағаз
  • Мәтінде қолданылатын қаріп
  • Кітап беттерінің, жолдарының арасы
  • Мәтін теру конфигурациясы
  • Әріп, сөз, жол арасындағы интервал
  • Колонтитул және сандар
  • Иллюстрациялар секілді компоненттер құрайды.

Безендіруді тиімді қолдану үшін иллюстрация тақырыбын анықтау, басылым форматын таңдау, қаріпті белгілеу, мұқаба, қаптаманы безендіру, шығарманы меңгеру, болашақ оқырман аудиториясын анықтау керек.

Көркем безендіру құралына иллюстрация, кітапты безендіру ісі жатады да, техникалық безендіруге теру, яғни электронды қолдану ісі жатады. Сыртқы безендіруге - мұқаба, супермұқаба, футиер, форзац жатады. Ішкі безендіруге титул беттері, иллюстрация т. б. енеді. [18]

  1. Ойыншық кітапшаларға қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар

Баларға арналған басылымдарды дайындау кезінде баланың физиологиялық дамуын ескеру керек. Бұл кезде анықталған талаптарға жауап беретін полиграфиялық өнімнің орындалуы туралы айтылады. ГОСТ 29. 127-2002 салалық стандарты балаларға арналған басылымдарды дайындаудың техникалық жағдайларын анықтайды. Бұл стандартта Қазақстан Республикасының «Қоғамдық санитарлық-эпидемиологиялық жағдай» атты нормалары қолданып, «Стандарттау» және «Тұтынушылар құқықтарын қорғауға» байланысты заңдар қолданылған. Бұл стандарт қазақ және орыс қаріптері, латын графикасының негізінде жазылған мектепке дейінгі, кіші, орта және ересек жастағы балаларға арналған кітап басылымдарына қатысты. Берілген стандарт оқулықтар мен оқулық нұсқаулар, факсимильді басылымдар және кіші форматтағы басылымдарға қатысты емес. [19]

Осы стандарт кітап басылымдарының қаріптік безендірілуі мен олардың полиграфиялық сапасының орындалуының талаптарын орнатады. Бұл басылымдар балалар мен жасөспірімдерге, талапкерлерді де қосқандағы қоғам мүшелеріне бағытталады.

Стандарт мазмұны басылымның гигиеналық және құрылымдық талаптарын, түпнұсқа мен қолданылатын материал, өнімді қабылдау, тексеру тәсілдері мен оны қаптау, тасымалдау және сақтау жағдайларын айқындайды. Сондықтан балалар әдебиетін безендіруде редакторға осы стандарт құрылымын білу керектігі белгілі болады.

Бұл стандарт бойынша көзге түсетін артық күшке байланысты екі санатқа бөлінеді:

  • Бірінші санаты - көркем-әдеби; ғылыми-техникалық; мектеп жасына дейінгі басылымдар;
  • Екінші категория - анықтамалық (сөздік, энциклопедия, каталог) ; бос уақытта оқитын (стикерлер, жапсырмасы бар альбомдар, сөзжұмбақтар және т. б. ) басылымдар. Ойыншық кітапшаларды көркем безендіру және оның пішіндік ерекшеліктері

Осындай безендіру түрлері ойыншық кітапшаларда да өзіндік ерекшеліктерін ұстана отырып жүргізіледі. Кітапша пішіні мен мұқабаны безендіру оларды өзгелерден айрықша етеді. Яғни бұларда мұқабадан кейін титулдық беттер орын алмайды. Шығарма бірден басталып кетеді. Өйткені жеке мәліметтер бала үшін қызықты болып табылмайды.

Олардың пішіні белгілі стандартқа салынып, яғни көлемі жағынан жалпы кітаптардан ерекшеленеді. Пішіндері жемістер іспеттес, үй кейіпінде немесе тағы сондай түрлі болып келеді. Дегенмен ол балалар идеясымен тығыз байланыста болып, эстетикалық талғамға сай жасалады. [20]

  1. Мұқаба және оны безендірудегі айырмашылықтар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балаға(кыс,көктем) жыл мезгілдерімен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ балалар фольклоры арқылы эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру моделін жасау
ТАБИҒАТ БҰРЫШЫНДАҒЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ұлттық өнер арқылы көркемдік талғамды қалыптастырудың мазмұны
Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz