Өнеркәсіптік компанияның қаржы ресурстарын басқару


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- Өнеркәсіптік Компанияның қаржы ресурстарын басқарудың теориялық және әдістемелік қаржы ресурстарын басқарудың мәні, түрлері және қағидалары . . . . . . 5Компанияның қаржы ресурстарын басқарудың ерекшеліктері… . . . 13Компанияның қаржы ресурстарын басқарудың модельдері мен әдістері . . . 16
- Өнеркәсіптік Компанияның қаржы ресурстарын басқаруды талдау («Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ мысалында) Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін талдау . . . 25Қаржы ресурстарды басқарудың көрсеткіштерін талдау . . . 34Рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау . . . 50
- Өнеркәсіптік Компанияның қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жолдары
- Компанияның қаржылық стратегиясын жасау . . . 57
- «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржы ресурстарын басқару көрсеткіштерін болжамдау модельдері . . . 63
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 68
ҚОСЫМША . . . 70
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз - саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды. »/1, 30б. /, - деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар Компаниядардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Компаниядар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. »/2, 38б. /, - деп айтқандай, нарық жағдайында Компанияның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді.
Ілиясов Қ. Қ. бойынша қаржы ресурстары - мемлекеттің, Компаниядардың, бірлестіктердің, ұйымдардың қарамағындағы ақша қаражаты мен қорлардың жиынтығы /3, 530б. /.
Компанияның қаржы ресурстарын басқару - бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.
Компанияның қаржы ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Дүйсенбаев К. Ш. Компанияның қаржылық жағдай «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдаланылуымен көрсетіледі» деп жазады /4, 7б. /.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқару ерекшеліктерін талдау мәселесі Компания үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады.
Дипломдық жұмыс мақсаты - нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік Компанияда қаржы ресурстарын басқару ерекшеліктерін зерттеу және оларды басқару тимімділігін арттырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Жұмыстың мақсатына жетуде келесі міндеттер қойылады:
- өнеркәсіптік Компанияның қаржы ресурстарын басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілерін танып білу;
- өнеркәсіптік Компанияның қаржы ресурстарын басқаруын талдау, оған баға беру;
- қаржылық ресурстарды басқару тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыру барысында пайдаланылатын қаржы ресурстарын басқару.
Зерттеу объектісі Қазақстанның мұнай-газ саласында қызмет ететін «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық қызметі.
Дипломдық зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығы қаржы ресурстарын басқару көрсеткіштерін болжамдау модельдері арқылы құрастырылған «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 2007 жылға арналған болжамды балансын қолдану мүмкіндігі.
Жұмыстың әдістемелік негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері, статистика бойынша Қазақстан Республикасының Агенттілігінің статистикалық материалдары болып табылады. Жұмыс процесінде жалпы ғылыми, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың практикалық негізі «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық құжаттары болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады. 74 бетте орындалған, құрамында 16 кесте, 8 сурет.
- ӨНЕРКӘСІПТІК КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
Бұл бөлімде Компанияның қаржы ресурстарын басқарудың мәні, түрлері, қағидалары, Компанияның қаржыландыру көздерінің, меншікті капиталының құрылымы; қаржы ресурстарын басқарудың ерекшеліктері, әдістері мен модельдері, оның ішінде Баумоль, Миллер-Орр, Стоун қарастырылады.
- Компанияның қаржы ресурстарын басқарудың мәні, түрлері және қағидалары
Компанияның қаржы ресурстарын басқару - бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.
Компанияның қаржы ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.
Қаржы ресурстары мен капитал Компания қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал - бұл Компания айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.
Мұндай қағида Компанияның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары Компанияның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында Компанияның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, Компания соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.
Нақты өмірде қызмет етіп тұрған Компанияда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.
Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналдырылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.
Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда Компания қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі Компания табысы болып табылады. Таза табыс Компанияның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді /5, 44-47б. /.
Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген Компанияның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.
Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және Компанияды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі Компаниядарға салынған (инвестицияланған) капиталды ұсынады.
Ссудалық капитал - бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда Компанияға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.
Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т. б) .
Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.
Компанияның барлық қаржылық ресурстары Компанияның қолында бар болу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары нақты елдің қаржылық заңнамаларына, қаржылық есептілікті жүргізу ережелеріне тәуелді болады /7, 31-36б. /.
Нақты өмірде Компанияның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Компанияның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы Компанияға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.
Қаржыландырудың екі түрін ажырату қажет: ішкі және сыртқы. Мұндай бөлу Компанияның қаржылық ресурстары мен капиталының нысандары арсындағы қатаң байланыспен шартталған. Қаржыландыру түрлерінің сипаттамасы 1 кестеде берілген.
Меншікті тартылған қаржылық ресурстар - бұл Компанияның барлық ресурстарының негізгі бөлімі, ол фирманың құрылу кезінде негізделеді және оның барлық өмірлік кезеңінде қолында болады. Қаржылық ресурстардың бұл бөлімін жарғылық қор немесе жарғылық капитал деп атайды. Компанияның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына байланысты оның жарғылық капиталы акцияларды шығару және оларды кейін сату, жарғылық капиталға салымдар есебінен қалыптасады. Компания өмір сүрген уақытта жарғылық капитал жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін, соның ішінде Компанияның ішкі қаржылық ресурстарының бөлімі есебінен де болуы мүмкін.
Кесте 1.
Компанияның қаржыландыру көздерінің құрылымы
Меншікті қаржылық ресурстардың көздері болып келесілер табылады:
- жарғылық капитал (акцияларды сатудан түскен қаражаттар және қатысушылардың үлестік жарналары) ;
- Компания жинақтаған резервтер;
- заңды және жеке тұлғалардың басқа жарналары (мақсатты қаржыландыру, қайырымдылық жарналар және т. б. ) /8, 108-115б. /.
Компанияның меншікті қаржылар құрылымы 1 суретте көрсетілген.
Компанияды құру кезінде негізгі құралдар, материалды емес активтер, айналым қаражаттарын сатып алу көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның есебінен кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті жағдайлар қалыптастырылады. Жарғылық капитал - бұл Компанияның жарғылық қызметін қамтамсыз ету үшін меншік иелері ұсынған қаражаттар сомасы.
Жарғылық капитал категориясының мазмұны Компанияның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына тәуелді:
- мемлекеттік Компания үшін - толық шаруашылық жүргізу құқығын Компанияға мемлекет бекіткен мүлікін құндылық бағалау;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін - меншік иелерінің үлестерінің сомасы;
- акционерлік қоғам үшін - барлық түрлі акциялардың жиынтық номиналды құны;
- өндірістік кооператив үшін - қызметті жүргізу үшін қатысушылар ұсынған мүлікті құндылық бағалау;
- жалға берілген Компания үшін - Компания қызметкерлерінің жарналар сомасы;
- басқа нысандағы Компания үшін - толық шаруашылық жүргізу құқығы бекітілген Компанияның мүлігін құндылық бағалау.
Компанияды құру кезінде оның жарғылық капиталына салымдар ақшалай қаражаттар, материалды және материалды емес активтер болуы мүмкін. Жарғылық капиталға салым ретінде активтерді беру кезінде оларға меншік құқығы шаруашылық жүргізуші субъектіге көшеді, яғни инвесторлар осы объектілерге меншік құқығын жоғалтады. Сонымен, Компанияның ыдырауы немесе қоғам не серіктестік құрамынан қатысушының шығуы жағдайында инвестордың тек мүлік қалдығы шегінде өз үлесін өтеуге ғана құқығы бар. Сәйкесінше, жарғылық капитал Компанияның инвесторлар алдындағы міндеттемелер сомасын көрсетеді.
Жарғылық капитал қаражаттарды алғашқы инвестициялау кезінде қалыптасады. Оның мөлшері Компанияды тіркеу кезінде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерінде кез келген түзетулер (акцияларды қосымша эмиссиялау, акциялар номиналды құнын төмендету, қосымша жарналар салу, жаңа қатысушыны қабылдау және т. б. ) қызмет етіп тұрған заңнамада немесе құрылтайшы құжаттарында қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте ғана жіберіледі.
Жарғылық капитал қаражаттардың қосымша көздердің (эмиссиялық табыс) пайда болуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл қаражат көзі акцияның алғашқы эмиссиясын номиналдан жоғары бағамен сату кезінде пайда болады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға есепке алынады.
Өнім өндірісі, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету процесінде өткізуден түскен түсім сомасымен анықталатын жаңа құн пайда болады.
Өткізуден түскен түсім өнім өндірісіне шығындалған қаражаттарды өтеу, ақшалай қаражаттар қорының қалыптасудың негізгі көзі болып табылады, оның өз уақытында түсуі қаражаттар айналымдылығының үздіксіздігін, Компания қызметі процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Өткізуден түскен түсімнің уақытында түспеуі табыстың төмендеуіне, келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына, айыппұлдық санкцияларға әкеледі.
Түсімді қолдану бөлу процестерінің алғашқы кезеңін көрсетеді. Өткізуден түскен түсім Компанияның шикізатқа, материалдарға, отын, энергия, басқа да еңбек материалдарына, сонымен қатар Компанияға көрсетілген қызметтерге материалды шығыстарды өтейді. Өткізуден түскен түсім кейінгі бөлу негізгі құралдар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіру көзі ретінде амортизациялық аударымдар қалыптасуымен байланысты. Өткізуден түскен түсімнің қалған бөлімі - жалпы табыс немесе еңбекақыны төлеуге және Компанияның табысын қалыптастыруға, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға аударымдар, салықтар және басқа да міндетті төлемдерге бағытталған қайта құрылған құн.
Өткізуден түскен түсім қаражаттардың айналымдылығының аяқталуын білдіреді. Өткізуден түскен түсім түспестен бұрын өндіріс шығыстары және айналыстары айналым қаражаттар көздері есебінен қаржыландырады. Қызметке алынған қаражаттар айналымының нәтижесі - шығыстарды өтеу және қаржыландырудың меншікті көздерін құру: амортизациялық аударымдар және табыс.
Табыс және амортизациялық аударымдар өндіріске салынған қаражаттар айналымының нәтижесі болып табылады және Компанияның меншікті қаржылық ресурстарына жатады.
Амортизациялық аударымдардың тағайындалуы - негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтерді ұдайы өндіруді қамтамсыз ету. Экономикалық мәні бойынша амортизация - бұл негізгі құралдар және материалды емес активтер (сонымен қатар құны аз және тез тозатын заттың) құнының олардың өндірілетін өнімдерге және тозу мөлшеріне байланысты біртіндеп көшіру процесі. Бұл инвестициялық процесті қаржыландырудың мақсатты көзі.
Экономикалық категория ретінде табыс - бұл қосымша еңбекпен қалыптастырылған таза табыс. Табыс кәсіпкерлік қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш болып табылады. Бұдан басқа, табыс арқылы оны бөлу және пайдалану процесінде материалды қызығушылық қағидасы, сонымен қатар материалды жауапкершілік қағидасы орындалады. Компания қолында қалатын табыс - бұл оның қажеттіліктерін қаржыландырудың көп мақсатты көзі, бірақ оны пайдаланудың негізгі бағыттарын жинақтау және тұтыну ретінде анықтауға болады. Жинақтау және тұтыну табысты бөлу пропорциясы Компанияның даму перспективасын анықтайды.
Табыс экономикалық мазмұны бойынша түрлі қажеттіліктерді қаржыландыру көзі болып табылады. Оны бөлгенде мемлекет түрінде жалпы қоғам мүдделері, Компанияның кәсіпкерлік мүдделері және оның жеке қызметкерлерінің мүдделері қиылысады. Амортизациялық аударымдарға қарағанда табыс Компания қолында толығымен қалмайды, салық түріндегі оның маңызды бөлігі бюджетке түседі, ал ол Компания мен мемлекет арасында таза табысты бөлу бойынша қаржылық қатынастар сферасын анықтайды.
Бұл табыстың бөлігінен кейін қалдық бөлу - Компанияның артықшылығы.
Жинақтауға бағытталатын амортизациялық аударымдар мен табыс бөлігі Компанияның ақшалай ресурстарын құрайды. Олар Компанияның өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына, қаржылық активтердің - бағалы қағаздарды сатып алу, басқа Компаниядардың жарғылық капиталына салымдар ретінде қолданылады. Жинаққа пайдаланылатын табыстың басқа бөлігі Компанияның әлеуметтік дамуына бағытталады. Табыстың бір бөлігі тұтынуға пайдаланылады, оның нәтижесінде Компания мен тұлғалардың арасында қаржылық қатынастар туындайды.
Табысты бөлу арнайы қорлар (жинақ қоры, тұтыну қоры, резервтік қорлар) құру жолымен немесе жеке мақсаттарға таза табыстарды тікелей шығыстау жолымен жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда Компанияда қаржылық жоспарға қосымша ретінде тұтыну және жинақ қорын шығыстаудың қосымша смета жасалады. Екінші жағдайда табысты бөлу қаржылық жоспарда көрсетіледі.
Жинақ қоры ғылыми-зерттеу, жобалық, конструкторлық және технологиялық жұмыстарға, өнімнің жаңа түрлерін, технологиялық процестерді жасау және қамтуға, технологиялық реконструкция, ұзақ мерзімді қарыздар және ол бойынша пайыздарды өтеумен, қысқа мерзімді қарыздар бойынша пайыздарды өтеумен байланысты шығыстарға, табиғатты қорғау шараларын өткізу бойынша шығыстарға, басқа Компаниядардың жарғылық капиталын құруда қатысушылардың салымдары ретінде жарналарға, егер Компания бірлестіктер, ассциациялар, концерндер құрамына кірсе, оларға жарналарға және т. б. жұмсалады.
Тұтыну қоры әлеуметтік даму мен әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады. Оның есебінен Компания балансында орналасқан әлеуметтік-тұрмыстық бағытындағы объектілерді пайдалану бойынша шығыстар, өндірістік емес бағыттағы объектілердің құрылысы, денді сауықтандыратын және мәдени-массалық шараларды жүргізу, материалды көмек көрсету, кейбір әлеуметтік сыйақылар төлемдері қаржыландырылады.
Табыс - резервтік қорды құрудың негізгі көзі. Бұл капитал шаруашылық қызметтен мүмкін болатын шығындар мен зияндарды өтеу үшін арналған. Резервтік капиталды құру тәртібі Компания қызметін реттейтін нормативтік құжаттармен, сонымен қатар оның құрылтайшы құжаттармен анықталады.
Қазіргі шаруашылық жүргізу жағдайында Компаниядарда амортизациялық аударымдар мен табысты бөлу және оны пайдалану арнайы ақшалай қорларды құрумен байланысты болмайды. Амортизациялық қор құрылмайды, табысты арнайы бағытталған қорларға бөлу Компания қолында болады, бірақ Компанияның қаржылық ресурстарын пайдалануды көрсететін бөлу процестерін мәнін ауыстырмайды.
Компания қаражаттарының көзі ретінде қосымша капитал негізгі құралдар мен басқа материалды құндылықтарды жоғары бағалау нәтижесінде қалыптастырылады. Нормативтік құжаттар оны тұтыну мақсаттарына қолдануға тиым салынады.
Қаражаттардың арнайы көздері әлеуметтік бағыттағы және мақсатты қаржыландыру қорлары болып табылады: қайтарымсыз алынған құндылықтар, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени және коммуналды-тұрмыстық бағыттағы объектілерді ұстаумен байланысты өндірістік емес қызметті қаржыландыруға, толық бюджеттік қаржыландыруда тұрған шығыстарды қаржыландыруға қайтарымсыз және қайтарымды мемлекеттік қаржы бөлу.
Қатынас ретінде Компания қаржылары шаруашылық қызмет процестерінде қалыптасқан экономикалық қатынастар бөлігі болып табылатындықтан оларды ұйымдастыру қағидалар Компанияның шаруашылық қызмет негіздерімен анықталады. Осыған байланысты қаржыларды ұйымдастыру қағидаларын келесідей қалыптастыруға болады:
- коммерциялық-шаруашылық есеп ( қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шарушылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, Компанияның қызметіне бақылау жасау) ;
- жоспарлылық;
- меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
- қаржы резервтерінің болуы /3, 154-158б. /.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz