Интерференция құбылысы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 3

1 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1 Тілдік қатынастағы интерференция құбылысы. . 7

1. 2 Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі……… . . . 20

1. 3 Ағылшын тілін меңгеру жағдайында қазақ және орыс

тілдерінің интерференциялық әсері . . . 28

1-бөлім бойынша тұжырым . . . . . . 38

2 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ

ЖӘНЕ ОНЫ МЕҢГЕРУ ЖОЛДАРЫ . . . 40

2. 1 Лексикалық интерференцияның туындау себептерін анықтау

мақсатында жүргізілген эксперимент нәтижесі. . . . 40

2. 2 Лексикалық интерференцияның алдын алу мен оны меңгеру

жолдары . . . 71

2-бөлім бойынша тұжырым . . . 84

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 86

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 88

ҚОСЫМШАЛАР . . . 95

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлеуметтік, саяси және экономикалық жағынан үлкен өзгерістердің болуы мен қоғамдағы өмірдің түбегейлі түрде жаңаруы барысында Қазақстан Республикасының тіл саясатына да өзгерістер енгізілді. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілуі қазақ тілінің қызмет ету аясын кеңейтіп, оның мемлекеттік тіл ретінде қызмет атқаруын дамытуға бағытталған іс-шаралар тілдік жағдаяттың өзгеруіне алып келді. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев әлеуметтік даму барысында «үш тілді дамыту» идеясын ұсынды. Тіл - биліктің қаруы әрі нысаны, билік немесе өкіметтегі адам мен қоғам, табиғат өміріндегі басты үдерістердің мәнін анықтайтын ғаламдық ерекше құбылыстардың бірі. Қазақстан билігі тіл мәселесіндегі өкілеттілігін заң нормаларына сүйене отырып қатынасқа (коммуникацияға), ақпарат пен ақпарат құралдарын пайдалануға және құзіретке (яғни бедел мен кәсіби біліктілікке) қатысты үштілділік саясатын дер кезінде жүзеге асыруда.

Ел басшысы «үш тұғырлы тіл» саясаты бойынша әрбір тілдің атқаратын қызметін бөліп берді. Осыған орай: «қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға кіру тілі». Біздің республикамызда біржақты қазақ-орыс қостілділігі − кең таралған құбылыс, тарихи үдеріс. Бұл үдеріс қазақ және орыс халықтары өкілдерінің алғаш байланысқа түсе бастаған кезінен, Қазақстанның Ресейге қосылуынан бұрын екі халықтың көрші қоныстанған жерлеріндегі күнделікті қарым-қатынаста, сауда-саттық саласында, жеке адамдар арасында басталған. Қазақ-орыс қостілділігі дегеніміз қазақтардың көп ұлтты қоғамда ана тілімен қабат орыс тілін ұлтішілік және ұлтаралық қатынаста қатар немесе алма кезек қолдануы. Бұл студент жастар арасында кең таралған. Осыған сәйкес магистрлік диссертация жұмысында қостілді студенттердің ағылшын тілін меңгеру жағдайындағы интерференция мәселесі қарaстырылады.

Қазақ-орыс қостілділігі жағдайында студенттердің ағылшын тілін меңгеру үдерісіне қазақ және орыс тілдерінің интерференциялық әсері тұрғысындағы мәселе - лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика мен шет тілін оқыту әдістемесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Қостілділік және көптілділік мәселесін қарастыру барысында міндетті түрде тілдерді меңгеруде орын алатын интерференция құбылысы жайлы мәселе туындайды. Алайда, оның өзектілік дәрежесі түрлі ғылым салалары, сөйлеу әрекетінің түрлері мен тілдік бірліктердің әр алуан деңгейлеріне қатысты ажыратылады. Лингвистикада интерференция құбылысымен қатар қостілділік және көптілділік мәселесі де тілдік қатынастағы негізгі мәселелердің қатарына енеді. Тіл біліміне «интерференция» термині Прага Лингвистикалық орталығындағы ғылыми жұмыспен айналысатын ғалымдардардың еңбектері арқылы енгізілді. Дегенмен, бұл ұғым Нью-Йорк Лингвистикалық орталығының бірінші басылымы У. Вайнрайхтың «Языковые контакты» деп аталатын монография- сының жарыққа шығуымен кеңінен қолданысқа ене бастады. Интерференция үдеріс ретінде қостілді адамның меңгеріліп отырған тілде сөйлеуі кезінде нормадан ауытқушылықпен байланысты туындайтын қатынасқа түсетін тілдерге қатысты ережелерді қате түсінумен анықталады. Интерференцияның әр алуан типтерін, түрлерін қарастыра отырып, жаңа тілдік материалды меңгеру үдерісінде тілді меңгерушілер ағылшын тіліндегі тілдік бірліктердің мағынасын болжау мен ұғыну барысында бұрын меңгерген тілдердің бірін: ана тілі немесе орыс тілін тірек тіл ретінде қолданатындығына көз жеткізуге болады.

Белсенді қостілділік (қазақ және орыс) жағдайында бірінші шет тілі (ШТ1) - орыс тілі, екінші шет тілі (ШТ2) - ағылшын тілі, ал ана тілі - қазақ тілі болғанда ана тілі мен бірінші шет тіліндегі әліпбидің ортақ болуы, сөздердің белгілі бір лексикалық құрамының бірдей болып келуі оқу ережесі мен орфография және лексика-семантикалық мағына бойынша қалыптасқан білім мен дағдының екінші шет тіліне ауысуының басты себебі болып табылады. В. А. Артемовтың пікірі бойынша, перцептивтік интерференцияның қайнар көзі ана тілі мен бірінші шет тілі болады [1, 137 б] . Бірақ, қазақ-орыс қостілділігі жағдайында бұрын меңгерілген тілдердің қайсысы қаншалықты дәрежеде екінші шет тілін меңгеруде тілдік құбылыстардың бейсаналық түрде ауысуының қайнар көзі болып табылатындығы жайлы мәселе осы уақытқа дейін өз шешімін тапқан емес.

Бірінші және екінші шет тілдері батыс-европа тілдері болған жағдайда, ана тілі түркі тілдеріне жатады, бұл тұрғыда бұрын меңгерілген тілдердің қайсысы интерференцияның туындауының басты себебі болып саналады деген аналогиялық сұрақ та өз шешімін таба алмай келеді және тілді зерттеуші ғалымдар арасында таластар тудырады. Бұған қоса, осы мәселе бойынша берілген ғылыми мәліметтер қатары көп емес және қарама-қайшылыққа толы. Екінші шет тілін меңгеру жағдайында бірінші шет тілінде қалыптасқан дағдыларды тірек ретінде қолдану мен шет тілдерінің бір-біріне өзара әсер ету мәселесін көптеген зерттеушілер қарастырған (С. Т. Сайна, М. М. Копыленко, А. Е. Карлинский, Е. М. Верещагин, З. К. Ахметжанова, М. Т. Тезекбаев, Л. Н. Ковылина, А. В. Шепилова, т. б. ) .

Зерттеудің өзектілігі қостілділік жағдаятында ағылшын тілін меңгеруде ана тілі мен орыс тілінің алатын рөлінің талдануымен айқындалады. Екінші шет тілін меңгеруде параллельді тұрғыда қазақ-орыс қостілділігін қалыптастыру үдерісінде тілді үйренушілер шет тіліндегі әлі меңгерілмеген тілдік бірліктердің мағынасын болжау мен жаңа тілдік материалды игеруде тірек тіл ретінде бұрын меңгерген тілдердегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларды қолдануы мүмкін. Бұл тұрғыда қазақ-орыс қостілділігі жағдаятында ана тілінің ағылшын тілімен қатынасындағы интерференция мәселесін ешкім қарастырмаған. Үштілділік жағдаятында қостілділікке қарағанда интерференция механизмі күрделі сипатта болады. Қостілділікте ана тілінің шет тіліне бір бағыттағы әсері орын алса, ал, үштілділікте екі бағыттағы интерференциялық әсер орын алады: ана тілі (АТ) мен бірінші шет тілі (ШТ1) екінші шет тіліне (ШТ2) әсер етеді. Екінші шет тілін меңгеруші студент ағылшын тілінде сөйлеу кезінде бірінші шет тілінің (орыс тілі) немесе ана тілінің (қазақ тілі) тілдік нормасына сүйенеді. Тілді меңгерушілер бұрын ана тілі мен бірінші шет тіліндегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстарды салғастырғанындай, екі шет тілін де салғастырады. Сонымен қатар зерттеудің өзектілігі бірінші рет ағылшын тілін меңгеруде қазақ тіліне қарағанда, орыс тілінің интерференциялық әсерінің басым болатындығына баса назар аударумен сипатталады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - қазақ-орыс қостілділігі жағдаятында студенттердің ағылшын тілін меңгеруінде ана тілі мен орыс тілінің интерференциясын кешенді зерттеу болып табылады. Зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсат мынадай міндеттер арқылы шешіледі:

1. Интерференция құбылысының теориялық негіздері анықталады:

- тілдік қатынастағы интерференцияның мәні мен мазмұны айқындалады;

- ағылшын тілін меңгеруде қазақ және орыс тілдерінің тілдік жүйесіндегі айырмашылық салдарынан орын алатын интерференция құбылысы қарастырылады;

- қазіргі кездегі қостілділік және көптілділік жағдайындағы ана тілінің рөлі анықталады.

2. Ағылшын тілін оқытуда күрделі, көп аспектілі психолингвистикалық құбылыс ретіндегі қазақ және орыс тілдерінің интерференциялық мазмұны ашылады:

- қазақ-орыс қостілділігі жағдайында ағылшын тілін меңгеру үдерісінде қазақ және орыс тілдерінің теріс әсерінің туындау себептері мен одан туындайтын интерференцияның алдын алу мәселелері қарастырылады;

- ағылшын тілімен қатынастағы ана тілі мен орыс тілінің теріс әсері нәтижесінде туындайтын интерференция құбылысының түрлері анықталады.

Зерттеудің обьектісі − әлеуметтік лингвистикалық, психологиялық, психолингвистикалық, нейропсихологиялық, әдістемелік және лингвистика- лық аспектідегі көп аспектілі құбылыс ретіндегі интерференция құбылысы.

Зерттеудің пәні - қазақ-орыс қостілділігі жағдайында ана тілі мен орыс тілінің ағылшын тілін меңгеруде интерференциялық әсеріне ықпал ететін факторлар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы біріншіден, қазақ-орыс қостілділігі жағдайында ағылшын тілін меңгеру үдерісінде қазақ және орыс тілдерінің интерференциялық әсерінің алғаш рет қарастырылуы, екіншіден, қазақ студенттердің шет тілін меңгеру жағдайында ана тіліне қарағанда бірінші шет тілінің басым интерференциялық рөлінің анықталуымен түсіндіріледі.

Зерттеудің гипотезасы мына тұрғыда сипатталады: ағылшын тілін меңгерудің барлық сатысында интерференцияның алдын алу мен оны игеру шараларын енгізген жағдайда айтарлықтай дәрежеде ана тілі мен бірінші шет тілінің интерференциялық әсерін бәсеңдетуге болады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Қазақ-орыс қостілділігі жағдайында студенттердің ағылшын тілін меңгеру үдерісіне қазақ және орыс тілдерінің интерференциялық әсері бойынша теориялық тұжырымдарды шет тілін оқыту әдістемесінде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы. Магистрлік диссертация жұмысында қарастырылған теориялық тұжырымдар, әдістемелік қорытындылар мен зерттеу материалдарын қостілді аудиторияда ағылшын тілін оқыту үдерісінде қолданудың практикалық маңыздылығы зор.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер мыналар:

1. Қостілді студенттердің тілдік жағдаяты жайлы ақпарат алу мақсатында ашық сауалнама жүргізілді.

2. Ағылшын тілін меңгеруде лексикалық интерференцияның ана тілі немесе бірінші шет тілі әсерінен туындау себептерін анықтау мақсатында студенттер мен магистранттарға эксперимент жүргізілді.

3. Эксперимент нәтижесіне сандық және сапалық тұрғыда талдау жасалды.

4. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталды.

5. Ағылшын тілін арнайы мақсатта оқытуға арналған негізгі оқулықтарға талдау жасалды.

Зерттеудің апробациясы. Магистрлік диссертация бойынша мынадай мақалалар жарияланды:

1. Ағылшын тілін меңгеру жағдайында интерференцияның алатын рөлі // ҚазҰУ Хабаршысы. - 2011. − №1. - 217-220 бб.

2. Қостілді студенттердің ағылшын тілін меңгеру жағдайында туындайтын лексикалық интерференция мәселесі // ҚазҰУ Хабаршысы. - 2011. − №. 2. - 297-300 бб.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспе, екі бөлімнен (теориялық және практикалық бөлім), қорытытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тілдік қатынастағы интерференция құбылысы

Екінші шет тілін меңгеру жағдайында интерференция құбылысының назардан тыс қалмауы өте маңызды. Лингвистикада интерференция құбылысы тілдік қатынас негізінде туындайды. Негізінде, біздің зерттеу жұмысымызда үш тілдің: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің өзара қатынасы, олардың тілдік ерекшіліктерін ескермеу салдарынан туындайтын интерференция мәселесі қарастырылады. Интерференцияның туындау себебі тілді үйренушінің екінші шет тіліндегі сөйленіс кезінде ана тілінің немесе бірінші шет тілінің нормасына сүйеніп, жекелеген тілдер арасында оларға тән емес байланыстар мен қатынастарды орнатуымен түсіндіріледі. Сонымен, интерференция терминіне түрлі ғылым салалары бойынша берілген түсініктемелер мен анықтамаларға тоқталайық.

«Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» интерференцияға мынадай анықтама берілген: « Интерференция (лат. inter - аралық, ferio - соғу, тигізу) - қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы. Тілдердің байланыс жасауынан немесе өзге тілді жекелей меңгеру кезінде пайда болады. Интерференция тілдік нормадан ауытқуды және екінші тілдің ана тілі ықпалына түсу көрінісін белгілейді. Интерференция тілдің барлық деңгейінде кездесуі мүмкін, бірақ фонетикада акцент ерекше байқалады. Интерференцияның негізгі қайнар көзі қатар қолданылатын екі тілдің әр түрлі жүйедегі тілдер екендігі, яғни, фонемалық құрамның әр түрлілігі, фонемалалардың әр қилылығы, интонацияның бөтендігі т. б. [2, 98-99 бб] .

«Интерференция» термині латын тілінде inter - арасы + ferens, ferentis -алып барушы, тасушы деген сөздерден шыққан [3, 199 б. ] . Әуелгі уақытта бұл термин тек физика саласында қолданыста болды. Интерференция (интер және лат. ferio - саламын, зақымдаймын, қиратамын) - когерентті толқындардың (жарық, дыбыс, т. б. ) бір-бірімен қабаттасуы нәтижесінде кеңістіктің бір нүктесінде, сол толқындардың фаза айырмашылығына сәйкес қорытқы толқын амплитудасының күшею, ал басқа нүктесінде әлсіреу құбылысы. [4, 720 б. ] . Қазіргі уақытта « интерференция» термині психология, лингвистика, шет тілін оқыту әдістемесі, нейропсихология, психолингвистикада кеңінен қолданылады. Қостілділік жағдайында бірінші шет тілін меңгеру үдерісі (ШТ1) қостілді адамның санасында екі тілдік жүйенің - ана тілі (АТ) мен шет тілінің (ШТ) өзара байланысы арқылы жүзеге асады. Ерте балалық шақта ана тілімен қатар бірінші шет тілін меңгеру кезінде тілдердің өзара байланысы үдерісінде екі тілдің моделі талқыға салынады [5, 7 б. ] . Осыған орай, тілдердің «шалыс айқасуы» екінші шет тілін (ШТ2) меңгеру жағдайында да көрініс табады. Тілдер арасындағы айырмашылыққа байланысты олардың бір-біріне ықпалы көп жағдайда екінші шет тілін (ШТ2) меңгеруге тежегіштік, интерференциялық, теріс әсермен сипатталады [6, 46 б. ] .

Сондықтан, екінші шет тілін (ШТ2) меңгеру жағдайында ана тілі (АТ) мен бірінші шет тілінің (ШТ1) интерференциялық әсерін игеру мәселесі біздің еліміздегі қостілділік жағдайында шет тілін оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тілдік жүйедегі интерференцияға қатысты зерттеу жұмыстары барлық салада қолға алынуда. Алайда, оның көптеген аспектілері жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Интерференция мәселесіне арнайы зерттеу жүргізген Г. М. Вишневскаяның ойынша: «Қазіргі таңда интерференция құбылысының алғышарттарын тілдің барлық деңгейінде анықтайтын факторлар әлі де қарастырылмаған. Интерференция теориясында негізгі ұғымдарға қатысты ортақ пікір жоқтың қасы, сөйлеу кезінде орын алатын интерференция құбылысына жан-жақты, толық түсініктеме берілмеген және интерференция құбылысын оқытуға байланысты ортақ әдістеме мен әдіснама да болмай отыр» [7, 150 б. ] .

Дегенмен, «Тілдік интерференция» құбылысының не себепті орын алуын түсіну және оны меңгерудің тиімді жолдарын анықтау үшін оны түрлі аспектілер бойынша, яғни, психологиялық, лингвистикалық, шет тілін оқыту әдістемесі, нейропсихологиялық және психолингвистикалық тұрғыда қарастыру қажет. Мұндай тәсіл интерференцияның жалпы теориясын түсінуге мүмкіндік береді.

Психология саласында интерференция құбылысы ауысу ұғымымен байланыстырылады. Ж. Олеронның пікірінше: «Егер қандай да бір іс-әрекет өзінен кейін орын алатын іс-әрекеттің орындалуын жеңілдетіп немесе интерференциялық әсер тудыратын болса, онда ауысудың орын алатындығын білдіреді» [8, 312 б. ] . Бір жағынан оң ауысу орын алса, яғни нақты жағдаятта қалыптасқан дағды, қабілет және білім басқа жағдаятта да алғашқыда қалыптасқан қалпында көрініс табатын болса, екінші жағынан теріс ауысу орын алады. Бұл - бірінші міндетті орындаудың әсері екінші міндетті орындаудың тиімділігін бәсеңдеткен жағдайда туындайтын интерференция немесе тежегіш [9, 53 б. ] . Интерференция терминін көп- тілділік мәселеcіне байланысты ең алғаш И. Эпштейн қолданды [10, 58 б. ] . Бұл терминді И. Эпштейн өзі өкіл болған ассоциятивті психологияның терминологиялық қорынан алып пайдаланған.

С. Л. Рубинштейн интерференцияны бұрын қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды қалыптастыруда қиындық туғызатын немесе олардың нәтижелілігін төмендететін дағдылардың бәсеңдетілген әрекеттестігі деп түсіндіреді. Басқаша айтқанда психологияда интерференция деп жаңа іс-әрекетті жетік меңгеруге кедергі жасайтын дағдының теріс ауысуы ретінде түсіндіріледі [11, 559 б. ] .

Психологияда интерференция адамға тосын жағдайда өзіне белгілі моторлық және ойлау әрекеттерін қолдануға мүмкіндік беретін адам психикасындағы күрделі құбылыс ретінде түсіндірілетін дағдылар тасымалы болып есептеледі [12, 65 б. ] . Интерференцияға мұндай анықтаманың берілуі психологиядағы дағдылардың өзара әрекеті мәселесіне негізделеді. Психологтардың пікірінше, жеке дағдының қалыптасуы ешқашан өз бетінше орын алмайды, оған бұрын қалыптасқан дағдылары әсер етеді, бұл үдеріске адамның бұрыннан жинақталған барлық тәжірибесі дерлік қатысады. Дағдының қалыптасуының жалпы заңдылығы былайша түсіндіріледі: «Адам жаңа міндетті орындауы тиіс болған жағдайда, алдымен, бұрын меңгерген амал-әрекетін қолдануға тырысады. Сондықтан, ол алдына қойылған жаңа міндетті орындау үдерісінде өз тәжірібесінде бар осы іспеттес міндеттің шешімін табуда қолданған тәсілдерін пайдаланады» [13, 173 б. ] . Басқаша айтқанда, интерференция - жаңа дағдының қалыптасуына бұрын қалыптасқан дағдылардың әсер етуіндегі дағдылардың өзара әрекеті болып табылады [14, 131 б. ] . Жоғарыда қарастырылған анықтамалар бойынша мына- дай қорытынды шығаруға болады: «Бірінші шет тілін меңгеру үдерісіндегі дағдының ауысуы ана тілінде сөйлеу кезінде қалыптасқан лингвистикалық тәжірибені қолданумен түсіндіріледі». Сонымен, ерте балалық шақта ана тілін меңгеру кезінде қалыптасқан сөйлеу қабілеті мен дағдысы орыс тілін, содан кейін, ағылшын тілін меңгеру кезінде сөйлеу қабілеті мен дағдысының игерілуіне әсер етеді.

Интерференция ұғымы басқа да ғылым салаларында болғандықтан, оған лингвистикалық мазмұны жағынан берілетін анықтама өте маңызды болып табылады. Лингвистикалық тұрғыда интерференция құбылысына тілді зерттеуші ғалымдар мынадай анықтамалар береді. Э. Хауген интерференция терминіне мынадай анықтама береді: «Екі тілді меңгерушілердің сөйлеуінде пайда болатын, олардың екі немесе бірнеше тілдермен таныс болуы нәтижесінде, берілген тілдің ережелерінен ауытқушылық жағдайы деп аталады» [15, 17 б. ] . А. Е. Карлинский өзге тілді меңгеру өздігінен, яғни авто- номды түрде емес, ана тілімен өзара байланыс арқылы жүзеге асатындығын атап өтеді. Адамзат баласы қандай да бір әдеттегіден тыс іс-әрекет түріне кірісерде өзінің бұрыннан калыптасқан дағдыларын қолдануға тырысады. Ана тілі мен өзге шет тілі арасында өзара қарым-қатынас орын алады да, кейіннен меңгерілетін тілге өз әсерін тигізеді. Бұл өзара қарым-қатынас қостілді адамның сөйлеу әрекетіне оң немесе теріс әсерін тигізеді. Алғашқы тілдің екінші тілге интерференциялық әсерін қарастырудың маңыздылығы екінші тілде бірінші тілдің әсерінен туындайтын қателер санымен анықталады.

А. Е. Карлинский мұндай қателер барлық қатенің 70%-ын құрауы мүмкін деп көрсетеді [16, 123 б. ] . Ю. Д. Дешериев « тілішінде орын алатын интерференция − ана тілінің емес, меңгеріп жатқан тілдегі үлгілер мен формалардың өзара әсерінің нәтижесінде туындайтын нормадан ауытқу» деп анықтама береді. Ол қателердің жіберілуі тілдер арасындағы айырмашылыққа қатысты болмайтындығы жайлы атап көрсетеді. [17, 7 б. ] .

Интерференцияға берілген анықтамалар қатары өте көп, олардың ішінде В. Ю. Розенцвейгтің « интерференция - қостілді адамның контакт орнататын тілдерге қатысты ережелерді ескермеуінен болатын нормадан ауытқу салдарының сөйлеу әрекеті кезінде туындауы» деген анықтамасы ерекше назар аудартады [18, 4 б. ] . У. Вайнрайхтың пікірінше: «Қостілді адамның сөйлеу әрекетінде тілдік контактінің нәтижесі ретінде байқалатын қос тілдің нормаларынан ауытқу жағдайын интерференция құбылысы » болып есептеледі» [19, 22 б. ] . Л. И. Баранниковa интерференция құбылысына мынадай анықтама береді: « Интерференция - бір тілдің екіншісіне әсер етуі салдарынан болатын тілдегі құрылым мен құрылым элементтеріндегі өзгеріс» [20, 88 б. ] . Сонымен қатар, Е. М. Верещагиннің пікірі бойынша: « Интерференция - бір немесе одан да көп тілдердің нормасынан ауытқу, бұл қостілді адамның сөйлеу кезінде орын алатын ішкі бақылауға келмейтін үдеріс» [21, 19 б. ] .

Осы анықтамалар негізінде интерференцияның басты белгілерін ажыратуға болады. Интерференция теріс құбылыс ретінде сипатталады, ол ана тілінің меңгеріліп жатқан тілге кері әсері ретінде интерференцияның шектелуіне негіз болса, трансференция ана тілінің меңгеріліп жатқан тілге оң әсері деп түсіндіріледі. Сонымен, интерференция - тілдік қатынастар үдерісінде туындайтын сөйлеу әрекетінің құбылысы, бірақ генезис бойынша тілдік жүйемен байланысты. Тілдер арасындағы айырмашылық интерференцияның туындауына негіз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерференция құбылысының теориялық негіздері
Қазақ - ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі
Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Жарық толқындарының интерференциясы. Толқындардың дифракциясы
Жарықтың толқындық қасиеттері
Жарық интерфернциясы туралы түсінік
Оптика жайлы ұғым
Мектеп физика курсында жарықтың ортамен және заттармен өзара әсерін оқытудың әдістемесі
Жарықтың дифракциясы
Жарық толқындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz