Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет кірістерінің жүйесі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Қазақстан РеспубликасыНЫҢ республикалық бюджет кірістерінің жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері . . . 6Республикалық бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен ұйымдастыру қағидаттары . . . 6

1. 2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы . . . 16

  1. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі республикалық бюджет кірістерінің жүйесін ұйымдастыру жағдайы. . . 33

2. 1 Дағдарыс кезіндегі Қазақстан Республикасының республикалық бюджет саясатын талдау және бағалау . . . 33

2. 2 Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы . . . 39

2. 3 Алматы қаласының бюджетін ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 51

  1. Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кірістерінің жүйесін ұйымдастырудың негізгі мәселелері мен оларды арттыру резервтері. . . 59Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кірістерінің жүйесін ұйымдастырудың негізгі мәселелері . . . 59

3. 2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кірістерінің жүйесін арттыру резервтері . . . 70

Қорытынды . . . 84

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 88


КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Мемлекет республикалық бюджет кірістерінің жүйесін өзінің экономикалық өсуін ынталандыруға, инвестициялық белсенділікті реттеуге, ұлттық экономиканың басымдық сегменттерін қаржымен қолдау жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыру кезінде экономикалық механизм ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеу әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелілігін арттырып, мемлекеттің экономикада өз қызметтерін тиімді атқаруына негіз болады және Қазақстан экономикасының дамуына кедергі келтіретін теріс тенденцияларды жеңуге қажетті жағдай жасайды.

Тақырыптың өзектілігі әлемде болып жатқан инновациялық даму мен қаржылық жаһандану кезеңінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуде маңызды орын алатын республикалық бюджет кірістерінің жүйесінің қазіргі тетіктерін реттеу көмегімен оны жетілдіру жолдарын анықтау болып есептеледі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экономикадағы бюджеттік тетіктерді реттеу мәселесі Қазақстанның және шетелдің қаржы ғылымында ортақ мәселе. Классикалық мектеп өкілдері А. Смит, У. Петти, Ж. Б. Сей, Дж. С. Милль өз еңбектерін мемлекеттің экономика салаларын қаржылық реттеу мәселесін зерттеуге арнады.

Сонымен қатар, бюджет мәселесін зерттеуге Дж. М. Кейнс, Р. Харрод, Э. Хансен, Дж. Хикс, Ф. Перру, Н. Калдор және тағы басқа ғалымдар өз үлестерін қосты, олардың идеясы бойынша экономиканы реттеу үшін бюджетті белсенді пайдалану керек. Әлеуметтік сала мәселелері неоклассикалық теория шеңберінде де толығымен бөлшекті түрде зерттелген. Олар салықтардың мөлшерлерін төмендетуді, бюджеттік тапшылықты жою мен жекешелендіруді экономикалық өсуді ынталандырудың құйралы ретінде пайдалануды қарастырған.

Дж. Бьюкенен, Д. Норд, Р. Коуз, К. Эрроу бюджет тетіктерінің қоғамдық әл-ауқатқа, оның жекелеген азаматтарының әл-ауқатына әсерін, мемлекеттік қаражаттарды шығындаудың басым бағыттарын анықтауға, мемлекеттің республикалық бюджет кірістерінің жүйесінің институционалды негізін жетілдіру мәселелеріне аса көп көңіл бөлді.

Экономика салаларын мемлекеттік реттеудегі бюджеттік жүйе мәселесі көптеген ресейлік Л. Брузати, Е. Гурвия, Л. Дробозина, Д. Львов, С. Лушин, В. М. Родионова, В. Сенчагова және қазақстандық экономист ғалымдар В. Д. Ли, Ә. М. Джуманов, И. К. Жүйріков, К. К. Ильясов, Ә. К. Идрисов, Р. С. Каренов, Ш. К. Купешов, О. Қалдыбаев, М. К. Мамыров, В. Д. Мельников, А. Нурумов, М. Т. Оспанов, А. Н. Саханова, О. Сабден, Қ. Сағадиев, Ә. К. Отаров, А. И. Худяков және т. б. басты зерттеу нысаны болып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекетте нарықтық қатынастар жағдайында экономика салаларының тұрақты өсуін қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік реттеу құралы ретінде республикалық бюджет кірістерінің жүйесінің реттеу нәтижелілігін арттыру резервтері бойынша теориялық, тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстарды жасау болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеттілігі талап етілді:

  • нарықтық экономика жағдайында арнайы экономикалық әдебиеттерді, монографиялық еңбектерді оқу негізінде бюджеттік жүйені мемлекеттікреттеу тетіктерінің маңызын, мәнін анықтау және оның экономикадағы орнынабаға беру;
  • экономиканың әлеуметтік салаларын тұрақты дамытудың міндеттерін шешуде мемлекеттік реттеудің іс-жүзіндегі тәжірибесін зерттеу;
  • әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бюджеттің шығындарын реттеудің бағыттарын белгілеу;
  • Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кірістерінің жүйесін дамытуда мемлекеттікқарыздарды қысқартуды бюджет тетіктерінің жанама көрсеткіші ретінде қарастыру;
  • республикалық бюджет кірістерінің жүйесін реттеуді дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасында бюджет жүйесі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып мемлекеттің республикалық бюджет кірістерінің жүйесінде қызмет ететін субъектілер мен қаржылық қатынастар есептеледі.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде республикалық бюджет кірістерінің жүйесін реттеу және жүргізу, мемлекет меншігі мен мемлекеттік қарыздарды басқару жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, нормативтік және әдістемелік материалдар, ғылыми ұйымдардың нұсқаулары пайдаланылды.

Жұмысқа ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен Экономикалық даму және сауда Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалды саясатының мәліметтері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы республикалық бюджет кірістерінің жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың басты механизмдерін жетілдіру жолдарын қарастыру және ол төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды:

  • республикалық бюджет кірістерінің жүйесін реттеуге ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуерекшеліктерін есепке алатын талдау әдістемесін дамыту;
  • Қазақстан экономикасының қарқынды өсуіне кедергі келтіретін қазіргі заманғы бюджет жүйесінің кемшіліктері анықталды және оны жою механизмдері жасалды;
  • отандық экономиканың, бәсекелестік қабілетін арттырумен тығыз байланысты болатын инновация мен әлеуметтік салаларға мемлекеттік шығындарды басымдылықпен бөлудің негіздемесі түзілдi;
  • болашақта бюджеттің тиімділігі мен шынайылығын қамтамасыз ету тәсілдері жасалды;
  • мемлекеттің бюджет элементтерін кешенді пайдалану механизмдері айқындалды;
  • бюджеттік жоспарлауды жетілдіру құралдары анықталды;
  • болашақта бюджеттік жоспар жасаудың ролін арттыру мақсатында республикалық бюджет кірістерінің жүйесін тиімді ұйымдастырудың тізбегі жасалды;
  • үкімет қарызының құрамындағы сыртқы қарыз үлесін төмендетудің жолдары анықталды.

Тәжірибелік мәні:

  • республикалық бюджет кірістерінің жүйесін реттеуде ішкі және сыртқы факторлардың әсер ету ерекшеліктерін анықтау және талдау;
  • мемлекеттің бюджеттік жүйесі шеңберінде экономиканың бәсекелестік қабілетін арттырудың тәсілдерін ұсыну;
  • республикалық бюджет кірістерінің жүйесінің экономиканың өсуіне кедергі келтіретін кемшіліктерін анықтау мен оны жою тетіктері;
  • инновация мен бюджеттік салаларға мемлекеттік шығындарды бөлудіңнегіздемесін жасау;
  • Үкіметтің әлеуметтік салаларға қаржылық қолдау көрсету жүйесініңтиімділігін арттыру жолдарын ұсыну;
  • бюджеттің тиімділігі мен нақтылығын қамтамасыз ету тәсілдері;
  • мемлекеттің бюджеттік элементтерді кешенді пайдалану тетіктері;
  • әлеуметтік салаларды бюджеттік жоспарлауды жетілдіру құралдары;
  • үкімет қарызының құрамындағы сыртқы қарыз үлесін төмендету.
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Республикалық бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен ұйымдастыру қағидаттары

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың ролі, орны мен мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейге жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді /1/.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Экономикалық өмірге мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері өзекті мәселелер қатарына жатып, ғылыми зерттеудің пәні болып табылады. Нарық экономикасында мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесінің болуы елдің экономикалық дамуын және саяси тұрақтылықты ұстап тұрудың маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманда мемлекет экономиканың өмірін енжар бақылаушы емес, керісінше елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатысып, қажет болған кезде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды да жүргізеді.

Тиімді қаржы-экономикалық саясат - қазіргі кезеңдегі қоғам өміріне қажетті жағдай. Мемлекет қызметін тиімді атқармаса, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуы мүмкін емес. Экономикада болып жатқан өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық мәселелеріне қайта оралып қана қоймай, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан да оны өзекті етеді /2/.

Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес, сонымен қатар экономикадағы дағдарысты жағдайларды жеңуге бағытталған, үкіметтің реттеуші шараларының мәнінің де өсуін куәландырады. Шаруашылық тәжірибе көрсеткендей, компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудағы уақыт кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің ролін жаңаша түсінуді қажет етті.

Экономикада мемлекеттік реттеудің тапсырмалары мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың ішінде ерекше орынды қаржылық жаһаңдану, инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қызметін тиімді атқаруға қабілетті мемлекеттің сапасы жайлы мәселе туындайды.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған аяларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша резервтерін қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша резервтерін жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабына сәйкес бюджетке келесідей түсінік беріледі: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша резервтері». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған ақша-қаражаттар қоры, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендірілуі - заң болып табылады /1/.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық қызметтерін орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша резервтерін қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша резервтерін қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің кірістері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін кірістер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік несиелер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекеттің белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі қызметтер атқару тән:

  • ұлттық табысты қайта бөлу;
  • әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
  • экономиканы реттеу мен ынталандыру;
  • ақша қаражаттарының орталықтандырылған резервтерін қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.

Мемлекеттік бюджеттік бөлу және бақылау қызметтері бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді /3/.

Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан, оның қызметтері де объективті. Бюджет қызметтерін бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттігінен түсіну қажет, себебі ол өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адами іс-әрекет үрдісінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.

Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып және нақты түрде бюджеттік қатынастарды экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну үшін тиімді ұйымдастырылған республикалық бюджет кірістерінің жүйесінің мәні өте зор.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет үдерісі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, аумақтық құрылысы мен бөлінісіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының республикалық бюджет кірістерінің жүйесінің құрылымы унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан Республикасы - федеративті емес, басқарудың Президенттік нысананы және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет /4/.

Бюджеттік жүйе мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша резервтерін - бюджетті қалыптастыру мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен байланысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік үдеріс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп атайды.

2012 жылы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа Бюджеттік кодекстің 6 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген /5/:

  • республикалық бюджеті;
  • облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
  • аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті) .

Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.

Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады және оның қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалды емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау қызметі материалды емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуекелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру қызметі Ұлттық қордың активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Тұрақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін Ұлттық қордың бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті деңгейде айқындалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық резервтерін қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы нарықтарының коньюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық, фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасының Ұлттық резервтеріның негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады /1/.

Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген республикалық бюджет алады. Жаңа бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа кірістер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша резервтері ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа да түрлеріне берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.

Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастарды бейнелейді:

  • мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша резервтерін қалыптастыру;
  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерін бюджет тарапынан қаржыландыру;
  • мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптастыру және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау;
  • қаржы-несие жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, т. б. ) ;
  • мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен болатын қаржылық қатынастар.

Қаржылық қатынастардың бұл формалары мемлекет реттейді, жетілдіреді және белгілі қағидаттар мен құқықтық нормалар негізінде басқарады.

Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржы қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі - олар мемлекет қатысатын бөліс үрдісінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған резервтерін қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
Бюджет кірістері
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы
Мемлекеттік бюджет кірістері
Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы
Мемлекеттік кірістер
Бюджет жүйесі және бюджет кірістерінің теориялық мәні мен мазмұны
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz