Дағдыны қалыптастыруға әсер ететін факторлар



КІРІСПЕ
1 Дағдыны қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы мамандардың пікірлері (әдебиеттерге шолу)
1.1. Дағдыларды қалыптастыру заңдылықтары
1.2 Грек . грим күресінде тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға әсер ететін факторлар.
1.2.1 Әдіс орындау дағдыларын қалыптастыруға балуандардың жеке ерекшеліктерінің ықпалы.
1.2.2 Грек . Рим күресін үйренуге ұсынылатын әдіс.тәсілдердің шамасы (аумағы)
1.2.3 Грек.рим күресі әдісіне баулу
Қорытынды
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Бүгінгі таңда егеменді және тәуелсіз мемлекетіміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Қазақстан - 2030; Стратегиялық даму жоспары) «Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру» мәселесін алдымызға басты мақсаттардың бірі ретінде қойып отыр. Оны іске асыру үшін Қазақстанның әрбір азаматы қоршаған ортаны, табиғатты, ауа мен суды таза ұстау арқылы дене тәрбиесі және спортпен айналысуы тиіс. Президентіміздің 1995 жылдың 4 мамырындағы № 2661 «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты шұғыл түрде дамыту» туралы Жарлығын жүзеге асырумен қатар, еліміз бен жерімізді, әлеуметтік-экономикалық даму болашағын, халқымызды, оның мәдениеті мен тарихын бүкіл әлемге танымал ететін спорт өнерін қолға алу, оны дамыту мен жетілдіру, халқымыздың денсаулық деңгейін нығайту – дене тәрбиесі және спорт саласында қызмет етіп жүрген әрбір азаматтың басты міндеті болып саналады.
Адам баласы қанша ғұмыр сүрсе, күрес те сонша уақыт өмір сүріп келеді. Басқа адамдардың және жабайы аңдардың шабуылына тойтарыс беру мақсатында пайда болған күрес өнері уақыт талабы мен сынына төтеп берді. Оған ертедегі Египеттің қорғандары мен Көне Спарта аумағынан табылған ескерткіштер дәлел бола алады. Кәсіпқой спорт ретінде күрес өнері Орта ғасырлардағы Рим империясы тұсында дами бастады. 17 ғасырдың аяғында Еуропаның бірқатар елдерінде, соның ішінде Францияда сайыс барысында белден төмен ұстамайтын, бәсекелесінің жауырынын жерге тигізу арқылы жеңімпаздарын анықтайтын грек-рим күресі өмірге келді және кең қанат жая бастады.
Ата-бабалардан қалған асыл мұраны қазіргі күнге дейін жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан спорт, оның ішінде күрес өнеріне ерекше еңбек сіңірген шеберлерді атап өтуге лайықты, олар: Қажымұқан Мұңайтбасов, Балуан Шолақ, Боранқұл балуан, Молдабай балуан, Амангелді Ғабсаттаров, Әбілсейіт Айханов, Қабден Байдосов, Аманжол Бұғыбаев, Нұрғали Оспанов, Серік Әлімжанов, Қанат Байшолақов, Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Байсейітов, Дәулет Тұрлыханов, Қайрат Мысықбаев, Серік Шәкімов, Шәміл Серіков және т.б. Жалпы күрес өнері шұғылданушыларды күштілікке, ептілікке, икемділікке, төзімділікке тәрбиелеу арқылы қазақ халқын әлемге танытудың пәрменді жолын нұсқайды.
Дене шынықтыру мен спорт қоғам дамуының қазіргі жағдайындағы жалпы адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру және спортпен айналысу – жеке тұғаның қалыптасуына тиімді әсер ететін құрал. Ол әр адамды өз Отанын сүюге, адамгершілік ерік-жігер күшін арттыруға тәрбиелейді, қоғам мүшелерінің денсаулығын нығайтады. Спорт саласын дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – жаттықтыру процесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. Жылдан жылға халықаралық спорт алаңында жүлделі орынға деген бәсекелестік ұлғаюда. Алдыңғы шептен көріну үшін оқу-жаттығу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін жүйелі түрде жетілдіріп отыру қажет. Ол үшін қимыл-қозғалыстың әдіс-тәсілін тереңірек меңгеру, оның әртүрлі заңдылықтарын орындау, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі спорттық күресте жеңіске жетудің негізгі жолы болып табылады. Балуандардың әдіс-айла әрекеттерін оқып үйренуде көптеген қиындықтар кездесіп жүр, сондықтан әдіс-тәсілдік шеберлікті жетілдірудің тиімді жолддарын қарастыру күрделі мәселе болып табылады. Оларды оқып-үйренуге арналған бірнеше зерттеу еңбектері бар [1, 2, 3, 4, 5, 6].
1. Чумаков Е.М. Тактика борца - самбиста.- М: ФиС.- 1976.- С. 224
2. Чумаков Е.М. 100 уроков самбо.- М.:ФиС.- 1998.- С.158
3. Волков В.П. Исследования технико-тактической и физической подготовленности борцов-самбистов. Автореф. дис... канд.- М.- 1972.- С. 27
4. Новиков А.А. и др. Управление подготовкой высококвалифицированных спортсменов в видах спортивных единоборств, М.: Госкомспорт СССР.- 1989.- С.49
5. Байтамбалинова Ж.Б. Оптимизация физической подготовки дзюдоисток, Алматы: КазАСТ.- 2003.- С. 60
6. Ионов С.Ф. Исследование методики совершенствования технических действий в борьбе самбо на основе специальной скоростно-силовой подготовки. Автореф. дис.канд.- М.- 1974.- С. 24
7. Матвеев Л.П. Теория и методика физического воспитания.- М.:ФиС.- 1976.- С.245
8. Тер-Овенесян П№ В№ Педагогические основы физического воспитания.- М.: Знамия.- 1967.- С. 41
9. Сеченов И.М.- Избранные философиские и психологические произведения – 1957.- С.645
10. Павлов И.П. полное собрание сочинений – М.Л.- 1951.- гл. 3 С. 211
11. Бернштейн И.А. очерки по физологий движений и физологии активности. – М.: Медицина.- 1966.- С. 349
12. Сеченов И.М. Избранные философиские и психологические произведения – 1957.- с.645
13. Годик М.А. Спортивная метрология.- М.: ФиС.- 1988.- С.192
14. Торидайк Э.А. Принципы обучения, основанные по психологии.- М.: Работник просвещания.-1930.- С.235
15. Волков В.М., Филин В.П. Спортивный отбор.- М.:ФиС.- 1983.- С.176.
16. Фомин Н.А., Вавилов Ю.Н. Физиологические основы двигательной активности.- М.: ФиС.- 1991.- С.224
17. Заглада В.Е. Применяемые принципов программирования при освоений сложные гимнастические упражнений.- М.- 1975.- С.23
18. Донской Д.Д. Движения спортсмена, М.:ФиС.- 1965.- С.198
19. Дякин A.M. Юношам о борьбе.- М.:ФиС.- 1966.- С.271
20. Карпман В.Л., Белоцерковский З.Б., Гудков И.И. Тестирование в спортивной медицине.- М.: ФиС.- 1988.- С.208
22. Иорданская Ф.А. Морфоф) нкциональные возможности женщин в процессе долговременной адаптации к нагрузкам современного спорта // Теор. и прак. физ.культ.- 1999.- №6, С. 43-50.
23. Малновский С.В. Программированное обучение и спорт.- 1976.- С.112
24. Каражанов Б.К. Медико-биологические и психологические особенности спортивной борьбы // Учебное пособие для студентов.: Алма-Ата: КазИФК, 1985, С.88
25. Ленц А. Тактика в спортивной борьбе, М.:ФиС, 1967, С.158
26. Куколевский Г.М. Врачебное наблюдения за спортсменами, М.:ФиС, 1975, С.335
27. Ричмонд У.К. Учителя и машина. Введения в теорию и практкику программированного обучения. – М 1968, С.277
21. Боген М.М. Обучение двигательным действиям, М.:ФиС, 1985, С.192
28. Макарова Н.А.Практическое руководство для спортивных врачей, Ростов на Дону: Баропресс, 2002, С.565
29. Матвеев ЛЛ. О современных подходах к построению макроциклов тренировки // Теор. и практ. физ. культ., 2001, №11,С. 9-14.
30. Спортивная борьба. Учебник для институтов физической культуры под общ. ред. А.П.Купцова, М.:ФиС, С. 397
31. Дембо А.Г. Актуальные проблемы современной спортивной медицины, М.: ФиС, 1980, С.296
32. Алиханов И.И. Техника и тактика вольной борьбы, М.:ФиС, 1986, С. 304
33. Платонов В.Н. О путях совершенствования методики подготовки спортсменов //Научно-спортивный вестник, 1984, № 4, С. 27-29.
34. Платонов В.Н. Общая теория подготовки спортсменов в олимпийском спорте, Киев: Олимпийская литература, 1997, с.453-458.
35. Павлов И.П. полное собрание сочинений – М.Л. 1951 гл. 3 С. 211
36. Аулик И.В. Определение физической работоспособности в клинике и спорте, М: Медицина, 1990, С. 191
37. Программа по греко-римской борьбе для ДЮСШ и СШМ под. ред. Матущак П.Ф., Турлыханов Д.Б., Алматы: «Бшм», 2001, С.62
38. Родионов А.В. Психодиагностика спортивных способностей, М.: ФиС, 1973, С. 102-110.
39. Родионов А.В. Психолого-педагогические методы повышения эффективности спортивной деятельности в спорте: Автореф. докт....дис. М., 1990, С.44
40. Рудман Д.Л. Самбо, М.:ФиС, 1985, С.175
41. Сиротин О.А., Волков Н.К. Дифференциальная психофизиология в спорте /Спортивная борьба: Ежегодник, 1974, С.39-41.
42. Сиротин О.А. Индивидуализация обучения и совершенствования в спортивной борьбе: учебное пособие, Челябинск: ЧГИФК, 1987, С. 51
43. Суслов Ф.П., Шепель СП. Структура годичного соревновательного тренировочного цикла подготовки: реальность и иллюзии // Теор. и практ. физ. культ., 1999, № 9, С. 57-61.
44. Сажин М.П. Комплексная система педагогического контроля за технико- тактической подготовленностью борцов. Автореф .... дис. канд., Минск,1987, С.22
45. Спортивная борьба под ред. Н.М.Галковского и А.З.Катулина, М.:ФиС, 1968, С.583
46. Борьба самбо. Программа для тренерских факультетов институтов физической культуры, М.: Комитет по ФиС при Совмине СССР, 1984, С.134
47. Станков А.Г., Климин В.П., Письменский М.Г. Индивидуализация подготовки борцов, М.:ФиС, 1984, С.240
48. Силин Г.В. Индивидуализация тактико-технической подготовки борцов в зависимости от состояния и особенностей тактильного и двигательного анализаторов. Автореф. дис.канд., М., 1981, С.22
49. Туманян Г.С. Спортивная борьба: отбор и планирование, М.:ФиС, 1984, С.134
50. Управление тренировочным процессом высоко-квалифицированных спортсменов/под ред. Запорожанова В.А., Платонова В.Н., Киев: Здоровья, 1985, С.192
51. Физическая подготовка борца - самбиста. Учебное пособие для тренеров, М.:ФиС, 1984, С.112
52. Финогенов B.C. Биохимическая оценка тренированности, Алма-Ата: КазИФК, 1979, С. 86
53. Фомин Н.А., Филин В.П. На пути к спортивному мастерству, М.:ФиС, 1986, 159 С.
54. Фомин Н.А., Филин В.П. Возрастные основы физического воспитания, М.: ФиС, 1972, С.175
55. Пилоян Р.А., Силин ... Г.В. Контроль за мышечно-суставной чувствительностью //Спортивная борьба: Ежегодник, 1979, С. 66-69.
56. Пархомович Г.П. Основы классического дзюдо, Пермь.: Урал-пресс, 1993, С.303
57. Андрющишин И.Ф. Методические указания по исследованию тактического мышления спортсмена, Алматы: КазИФК, 1993, С. 9.
58. Шепетюк М.Н. Комплексный контроль в управлении тренировочным процессом высококвалифицированных дзюдоистов. Автореф. дис.канд., Алматы, 2002, С. 31.
59. Шепетюк М.Н. Контроль в спортивной борьбе, Алматы: КазАСТ, 2002, С.101
60. Шепилов А. А., Климин В.П. Выносливость борцов, М.:ФиС, 1979, С.304
61. Верхошанский Ю.В.. Основы специальной физической подготовки спортсменов, М.:ФиС, 1988, С.330
62. Дьячков В.М. Физическая подготовка спортсмена, М.:ФиС, 1967, С.132
63. Войцеховский СМ. Книга тренера, М.:ФиС, 1971, С. 312
64. Асубаев А.Р. Спортивная борьба: учебно-методическое пособие, Алматы: Шартрап, 1997, С. 182
65. Дункана Дж. Мак-Дугалла, Говарде Э.Уэнгера, Говарда Дж. Грина. Физиологическое тестирование спортсмена высокого класса, Киев: Олимпийская литература, 1998, С. 432
66. Деркач А.А., Исаев А.А. Творчество тренера, М.:ФиС,1982, С. 238.
67. Карпман В.Л., Белоцерковский З.Б., Гудков И.И. Исследование физической работоспособности у спортсменов, М.: ФиС, 1974, С. 93
68. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена, М.: ФиС, 1970, С. 120

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Бүгінгі таңда егеменді және
тәуелсіз мемлекетіміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында (Қазақстан - 2030; Стратегиялық даму жоспары) Ауруды болдырмау
және салауатты өмір салтын ынталандыру мәселесін алдымызға басты
мақсаттардың бірі ретінде қойып отыр. Оны іске асыру үшін Қазақстанның
әрбір азаматы қоршаған ортаны, табиғатты, ауа мен суды таза ұстау арқылы
дене тәрбиесі және спортпен айналысуы тиіс. Президентіміздің 1995 жылдың 4
мамырындағы № 2661 Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты шұғыл түрде
дамыту туралы Жарлығын жүзеге асырумен қатар, еліміз бен жерімізді,
әлеуметтік-экономикалық даму болашағын, халқымызды, оның мәдениеті мен
тарихын бүкіл әлемге танымал ететін спорт өнерін қолға алу, оны дамыту мен
жетілдіру, халқымыздың денсаулық деңгейін нығайту – дене тәрбиесі және
спорт саласында қызмет етіп жүрген әрбір азаматтың басты міндеті болып
саналады.
Адам баласы қанша ғұмыр сүрсе, күрес те сонша уақыт өмір сүріп
келеді. Басқа адамдардың және жабайы аңдардың шабуылына тойтарыс беру
мақсатында пайда болған күрес өнері уақыт талабы мен сынына төтеп берді.
Оған ертедегі Египеттің қорғандары мен Көне Спарта аумағынан табылған
ескерткіштер дәлел бола алады. Кәсіпқой спорт ретінде күрес өнері Орта
ғасырлардағы Рим империясы тұсында дами бастады. 17 ғасырдың аяғында
Еуропаның бірқатар елдерінде, соның ішінде Францияда сайыс барысында белден
төмен ұстамайтын, бәсекелесінің жауырынын жерге тигізу арқылы жеңімпаздарын
анықтайтын грек-рим күресі өмірге келді және кең қанат жая бастады.
Ата-бабалардан қалған асыл мұраны қазіргі күнге дейін жеткізіп,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан спорт, оның ішінде күрес өнеріне ерекше
еңбек сіңірген шеберлерді атап өтуге лайықты, олар: Қажымұқан Мұңайтбасов,
Балуан Шолақ, Боранқұл балуан, Молдабай балуан, Амангелді Ғабсаттаров,
Әбілсейіт Айханов, Қабден Байдосов, Аманжол Бұғыбаев, Нұрғали Оспанов,
Серік Әлімжанов, Қанат Байшолақов, Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Байсейітов,
Дәулет Тұрлыханов, Қайрат Мысықбаев, Серік Шәкімов, Шәміл Серіков және т.б.
Жалпы күрес өнері шұғылданушыларды күштілікке, ептілікке, икемділікке,
төзімділікке тәрбиелеу арқылы қазақ халқын әлемге танытудың пәрменді жолын
нұсқайды.
Дене шынықтыру мен спорт қоғам дамуының қазіргі жағдайындағы жалпы
адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру және
спортпен айналысу – жеке тұғаның қалыптасуына тиімді әсер ететін құрал. Ол
әр адамды өз Отанын сүюге, адамгершілік ерік-жігер күшін арттыруға
тәрбиелейді, қоғам мүшелерінің денсаулығын нығайтады. Спорт саласын
дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – жаттықтыру процесінің тиімділігін
арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. Жылдан жылға халықаралық спорт
алаңында жүлделі орынға деген бәсекелестік ұлғаюда. Алдыңғы шептен көріну
үшін оқу-жаттығу жұмыстарының әдістері мен тәсілдерін жүйелі түрде
жетілдіріп отыру қажет. Ол үшін қимыл-қозғалыстың әдіс-тәсілін тереңірек
меңгеру, оның әртүрлі заңдылықтарын орындау, дағдыларын қалыптастыру
қажеттілігі спорттық күресте жеңіске жетудің негізгі жолы болып табылады.
Балуандардың әдіс-айла әрекеттерін оқып үйренуде көптеген қиындықтар
кездесіп жүр, сондықтан әдіс-тәсілдік шеберлікті жетілдірудің тиімді
жолддарын қарастыру күрделі мәселе болып табылады. Оларды оқып-үйренуге
арналған бірнеше зерттеу еңбектері бар [1, 2, 3, 4, 5, 6].
Осы уақытқа дейін білікті балуандардың әдіс-тәсілдік шеберліктері
оқытылып келді. Спорттық күрестегі қалыптастыру дағдыларын тереңірек білу
үшін төменгі дәреже тобындағы балуандардың да әдіс-тәсілдік дайындықтарын
зерттеу қажет. Үйрету процесінің тиімділігін арттыратын спорт теориясы мен
қағидалары үшін қимыл-қозғалыс міндеттерін шешудің қиындығын анықтау үлкен
қызығушылық тудыруда Жұмыстың жаңалығы жас балуандардың әдіс-айла
шеберлігінің қалыптасуының жалпы заңдылықтарын анықтаудан тұрады.
Зерттеу объектісі – спорт колледжі оқушыларының грек - рим күресімен
шұғылдануы.
Зерттеу мақсаты: грек – рим күресіндегі қозғалыс – әрекет
дағдыларының қалыптасу заңдылығын зерттеу.
Алғаш рет бастауыш топтағы балуандардың әдіс-тәсілдік
дайындықтарының айырмашылығы анықталды. Әртүрлі дәрежедегі балуандардың
әдістік шеберліктерін арттыруға әсер ететін факторлар анықталды.
Күрес тәсілдерін орындау дағдысын қарқынды түрде жетілдірудің
шекаралары белгіленді.
Белгіленген мөлшерде айла-тәсілдердің орындалуын қолдайтын әдістер
мен амалдар айқындалды. Алынған мәліметтер спорттық күресте әдістік
қимылдардың орындалу дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері туралы білім
аумағын кеңейте түсті.
Зерттеу міндеттері
1) проблеманың жай-күйін тарихи және қәзіргі әдебиеттер мен
статистикалық материалдар арқылы зерттеп білу;
2) бастауыш топтағы балуандардың әдіс-тәсілдік дайындықтарының
айырмашылығы анықтау;
3) әртүрлі дәрежедегі балуандардың әдістік шеберліктерін арттыруға
әсер ететін факторларды айқындау.
4) айла-тәсілдердің орындалуын қолдайтын әдістер мен амалдарды
анықтау және тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге талдау жұмысын жасау, мамандарға
сауалнама арқылы сұрау салу, педагогикалық тәжірибелер, педагогикалық
байқаулар, зерттеу материалдарын өңдеудің статистикалық әдістері, логикалық
талдау.
Зерттеудің ұйымдастырылуы: Бірінші кезеңде - зерттелген проблемалар
мен статистикалық материалдар бойынша әдебиеттерге талдау жасау. Екінші
кезеңде - балуандардың әдіс-тәсілдік дайындықтары проблемасы бойынша
мамандар арасында сауалнама жүргізу. Үшінші кезеңде - әртүрлі дәрежедегі
балуандардың әдістік шеберліктерін арттыруға әсер ететін факторларды
айқындау жасау. Төртінші кезеңде - айла-тәсілдердің орындалуын қолдайтын
әдістер мен амалдарды анықтау әдістемесін тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Шеберліктері жоғары және бастауыш топтағы балуандардың грек-рим
күресінде пайдаланатын тәсілдерінің ерекшеліктері;
2. Сапалы дағдылар қалыптастыру жолдары;
3. Әдіс-тәсілдердің үйлесімді мөлшерде нәтижелі болуына серіктестерді
мақсаттылықпен таңдап алудың әсері.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс негізгі бес теориялық және
әдістемелік-тәжірибелік тараулардан, қорытындылардан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Тәжірибелік зерттеу жұмыстары ... жүргізілді.

1 Дағдыны қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы мамандардың
пікірлері (әдебиеттерге шолу)
1. Дағдыларды қалыптастыру заңдылықтары

Дағды қалыптастыру оқыту процесінің негізгі құрамдас бөлігінің бірі
болып табылады. Мамандардың дағды қалыптастыруға әсер етуші факторлар
туралы пікірлерін білу үшін олардың оқыту мәселелері туралы пайымдауларын
саралап талдау қажет. Матвеев Л.П. [7] дене шынықтыру арқылы оқытуды
Адамның өз қимыл - әрекетін ұтымды жолдармен жүйелі түрде басқару, осындай
жолмен оны білім дағдыларымен байланыстыра отырып оқыту, - дейді.
Л.П. Матвеевтің пайымдауынша, Жаттығудың барлық негізгі белгілері
қатаң бағытталған оқыту үрдісімен сипатталады және бастапқы оқу мен
кейінгі жаттығуда ажырату мүмкіндігіне назар аударады, бірақ оқытуды
толығымен жаттығудың аясынан бөлуге болмайды, өйткені ол үнемі жаттығу
үрдісінің мазмұнымен ерекшеленеді. Сондықтан оқыту дегенде білім беру
үрдісін, шеберлігін, дағдысын және оларды дамыта білуді меңгеру деп білген
жөн.
Тер-Ованесян А.А. оқытуды басқаша түсіндіреді. Ол бұл терминді: Бұл
алғашқы дене шынықтыру (спорттық) жаттығуларының құрамына және спорттық
тәсілдің негізіне бағытталған үрдіс, - дейді [8]. Сонымен, Тер-Ованесянның
пікірінше, дағдыны қалыптастыру оқыту үрдісіне кірмейді. Автор Дене
шынықтыру жаттығулары мен тәсілдерді орындауды жетілдіруге бағытталған
үрдіс, ал ағза қызметін, қимыл-қозғалыс сапасын дамыту - жаттығу деп
аталады,-дейді.
Дағдылар қалыптастыру дидактикасы Сеченев И.М. [9], Павлов И.П. [10],
Бернштейн Н.А. [11] еңбектеріне сүйенеді. Аталған авторлар бар әрекетті
меңгеру, қайталау арқылы жүргізіледі деп есептеген.
Сеченев И.М. [12] қайталаудың жатталыну ұйымдастыру сипатына үлкен
мағына береді.
И.П. Павловтың зерттеулері іс-әрекетті меңгеру адамның ми қабатының
белгілі бір бөлшектерінің уақытша бір-бірімен өзара байланысы арқылы
жүргізіледі деп көрсетеді. Бұл байланыс қимыл-әрекетті әлденеше қайталау
аркылы жүзеге асады.
Бернштейн Н.А. пікірінше, қимыл-әрекет қайталау арқылы меңгеріледі,
бірақ әрбір келесі әрекет белсенді саналылық арқылы алдыңғы әрекеттен
өзгеше болуы керек, Анохин П.К. Басып озуға тойтарыс теориясын және оның
негізгі ережесін жасады. Қимыл-әрекетке баулу мәселесі чех педагогы
Я.А.Коменскийдің еңбектерінде де көрініс тапқан, онда: Барлығы тұрақты
түрде жаттығулармен бекітіледі, - делінген [13, 272 б.].
Ал орыс педагогы К.Д.Ушинский - қайталау есте сақтаудың негізі екенін
атап көрсеткен.
Торндайк Э. [14] жүргізген зерттеулерді негізге ала отырып, қайталау
дегеніміз жаттандылық, қосымша күшсіз маңызды рөл атқармайды дей келе,
мотивациялық (дәлелді, уәждемелі) фактордың басым болу маңызын атап
көрсетті.
Менхин А.В. есте қалғандарды тұрақтандыру және оны белгілеп қою (жазып
алу) үшін белгілі жағдайлар қажет, қайталауды орындап және оны қарастырып
отыру сияқты қосымша үрдістер кажет, сондай-ақ негізгі назарды жаттығулар
арасындағы уақытша аралықтарды өзгертіп отыруға аударады.
Соңғы жылдары үйрету үрдісіне күрделі дидактикалық құрылым ретінде
қарайтындай, тұрақты меңгеруді қажет ететіндей кибернетикалық ықпал жасау
кең таралып келеді [15, 16].
Осы авторлардың пікірінше, оқыту күрделі дидактикалық құрылымның
шарттарына сай келеді. Меңгеру теориясының жалпы ережелерін де қолдануға
болады. Кибернетикалык ықпал негізінде кұрылған оқыту үрдісін меңгеру
бағдарламалық оқу есебінде жүргізіледі. Алайда, оқу үрдісінде бір ғана таза
кибернетикалык ықпал жеткіліксіз. Міндетті түрде оқу үрдісінің негізгі
ерекшеліктерін есепке алу кажет. Бағдарламалық оқуда бірін-бірімен
алмастырмайтын, кибернетикалык жэне психология-педагогикалық ықпалдар бірге
жүргізіледі.
В.Е.Загладаның [17] есбінше, "оқу үрдісі - жаңа білім беретін және оны
жаңартып, толықтырып отыратын, басқарылатын құрылым. Оқытуда, яғни білім
беруде бірінші жақта басқарылатын объект - оқушы, екінші жақта басқарушы
объект - оқытушы."
Басқарудың екі түрі бар: сырттай басқару - автоматты басқару, яғни кері
байланыссыз және тұрақты түрде байланыста болатын циклды басқару, яғни
орындалған жұмыстың дәрежесі, қорытындысы хабарланып тұрады. Педагогикалық
жұмыста баскарудың екінші түрі қолданылады. Оқытушы берілген материалдың
қаншалықты меңгерілгендігі туралы және оқу барысында кажетті өзгерістер
енгізіп, әрі бақылап отыруға мүмкіндік алып отырады.
Бағдарламалық оқыту басқару туралы казіргі жаңалықтарды пайдаланып оқу
үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты жаңа технологияларға сүйене отырып
оқыту үрдісін басқару тиімділігін арттыруды көздейді.
Спортты мысалға ала отырьп, осындай шешімге В. Малиновский де [18]
тоқтаған. Көптеген авторлар бағдарламалап оқытуды оқушылардың танымдық
әрекеттерін басқару мен оқыту дейді. Бағдарламалап оқыту екі бағытта
дамыған: біріншісі - бір бағытты жоспарлау, екіншісі - көпбағытты
(тармақты) жоспарлау. Бірінші бағыт оқытудың алғашқы кезінде қолданылады
және оның практикалық маңызы үлкен, өйткені алғашқы жалпы және арнайы
дайындықтың негізі қаланады. Екінші бағыт іс-әрекеттің нақты түрде
орындалуына мүмкіндік жасайды.
Бір бағытты жоспарлардың негізін қалаушы американдық психолог-
экспериментші Скиннер Б.Ф Оның әдістемесі жануарларды үйрету бойынша
тәжірибеден өткен. Тәжірибесінің нәтижесі Скиннерге өзінің жануарлардың
сынақтан өткен (тәжірибесін) әдістемесін адамдарды үйретуге пайдалануына ой
салады. Бір бағытты жоспарда басты назар екі факторға аударылады:

1. Мәлімет мөлшерінің дәлелді ойға қонымды орналасуы.
2. Сұраққа жауаптың дұрыстығы. Бұл бағдарламада қатенің саны 5% -дан
аспауы керек.
Бір бағытты жоспардағы мәлімет мүшелері жүйелі, көлемі аз өзін-өзі
бақылауға, бақылау тестіге арналған тапсырмалар болады.
Бұдан басқа жоспарда әртүрлі жасырын ойлар (сөздер) жиынтығы да
енгізіледі.
Скиннер бағдарламасы кесте түрінде былай болады:

1 сурет - Материал бөлігін сызықтап тізбелеу кестесі

Американдық педагог Краудер Н. жоспарлаудың тармақталған деп
аталатын тиімдірек үлгісін дайындады. Оның негізгі мәні (үйренушіге,
оқушыға) берілетін аз мөлшерде емес, ірілендірілген блокпен аяқталған
ұғымды білдіретіндей етіп беріледі. Сонымен бірге, бағдарламада қателіктер
кездесетін жағдайлар қарастырылған, бұл Краудердің пікірінше, оқытудың
құрамдас бөлігі болып есептеледі. Жоспарлаудың тармақталған жобасының
құрылымы №2 суретте бейнеленген. Аталған жобада тек қателіктердің кету
мүмкіндігі ғана қарастырылмаған, бірақ нақты қатеге байланысты оқушыға
ықпал жасаудың жолы өзгереді, яғни қателіктерді түзеуге көмектесетін
қосымша мәліметтер беріледі.

2 сурет - Материал бөлігінің тармақтап тізбелеу кестесі

У. Ричмондтың [19] пікірінше, тармақталған жоспарда оқушыдан
оқытушыға қарай болатын кері байланыстың маңызы зор екендігі көрсетілген.
Бұл тұста оқушының ойлау қабілеті оқудың ажырамас бөлігіне айналады,
Ричмондтың есебінше, бұл мынандай жағдайда, егер мәліметтер жеткілікті
түрде мазмұнды, ал сұрақ едәуір қиын болғанда ғана жүзеге асады. Автор бір
бағытты және тармақты жоспарлауды зерттей келіп, тармақты жоспарлауда
қатені бірден таба білуге әрекет етуді пайдалануға болады, сондықтан оны
кей жағдайда әртүрлі оқушыларға бейімдеуге болады.
И.И.Тихоновтың пікірі бойынша, жоспарлаудың тармақты түрі оқу үрдісін
жекелей жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл оқушының жіберілген қателіктерімен
тиісті жұмысты алға қарай жүргізуін қамтамасыз етеді.
Тармақты жоспарлау іштен меңгерілетіндігімен ерекшеленеді, себебі
оқушылардың тармақтары жоспарға бейімделу сипаты олардың жеке
ерекшеліктерінің соңғы мүмкіндіктерімен анықталады. Сол кезде оқушылардың
алғашқы дайындық деңгейін анықтайтын, оларға берілген мәліметтердің дәл
сандық есебінің негізінде зерттелген, демек қиындық дәрежесі негізінде
оқытуды жүргізу және іштен басқарылатын деп есептелетін жоспарлар жасалады.
Бұл жоспарлар бейімделген жоспарлар деп аталады. Оның негізгі шарттарын
Г.Паском зерттеп дайындаған. Оқытудың бейімделу жүйесін сипаттай келіп,
Захаров А.Н. оқу кезіндегі оқытылу жағдайлары мен ерекшеліктеріне толық
бейімделуді білдіретін ең дұрыс меңгерілетін жүйе екендігін айтқан. Lewis
B.N. оқуды бастамас бұрын әр оқушы үшін оларға жеңілдеу келмейтіндей
мәліметтердің қиындық дәрежесін анықтап алу керек. Осындай дәрежеде
жоспарлаған материал оқушылардың назарын тұрақтандыруға көбірек мүмкіндік
береді, біреулері: бір жағынан оның қабілетіне күмәндану деп қараса, бір
жағынан оның дәрежесіне сай, - деп есептеледі.
Скиннер, Краудер, Паск – жоспарлап оқытудың белгілі түрлерінің негізін
салушылар, сонымен бірге жоспарлап оқытудың шарттары спорт саласында
қолданылатын мүмкіндігі бар екеніне де тоқталған.
Қазіргі кезде оқудың бұл түрі дәстүрлі оқытуда мақұлдаған ғылымилық
қағидамен, теория мен практика байланыстылығымен, жүйелілігімен,
түсініктілігімен, көрнектілігімен, баяндылығымен, зерделілігімен, ұжымдық
оқыту мен даралап оқытудың тұтастығымен, сондай-ақ белсенді және тәрбиелей
оқытуда қолданылады. Сонымен жоспарлы оқыту - бір бағытты, тармақты,
бейімді болып бөлінеді.
Дамытудың қозғалыс күші қарама-қайшылық болып табылады. М.А.Даниловтың
анықтауы бойынша, оқытудың негізгі қарама қайшылығы, бұл - “Оқушылардың
іскерлігі мен ой дамуының, білім деңгейі мен оқу және тәжірбиелік
міндеттерді оқыту барысы арасындағы қарама-қайшылығы”. Бұл қарама-қайшылық
дәстүрлі оқытумен қатар, бағдарламалық оқыту кезіндегі оқытудың табысын
анықтайды. Егер дәстүрлі оқытуда негізгі қайшылықта рұқсат ету оқып
жүргендерге байланысты болса, ал бағдарламалық оқытуда оқытушылық қызметі
өзгереді, даму үрдісіне ықпал етуші маңызды міндеттерді шешу үшін оның ойы
мен күші босайды.
Оқу материалын берудің заңдылығы бағдарламаға оқыту ақпаратын ұсыну
қызметін беруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бағдарламалық оқыту
дидактикалық қағидалар негізіне бағынады, олардың кейбірі үлкен
тиімділікпен пайдаланылады. Жүйелілік қағидасы ақпаратты нақты берумен
көрінеді. Ақпараттың көлеміне байланысты, міндеттің қиындығын
шұғылданушылардың белсенділігі анықтайды.
Дәстүрлі, бағдарламалық оқыту әрекетті орындау кезіндегі
қателіктердің шығуын әр жақтан қарастырады. Біреулер егер оқытуда
қателіктер болмаса тиімді болады десе, екіншілер олардың қажеттілігін
көрсетеді.
В.В.Белиновтің пікірінше, әдістемені дұрыс оқытуда қозғалыс дағдысын
игеру үрдісінде қателіктер болмайды, қателіктер міндетті түрде болады, одан
қашуға болмайды деуге негіз жоқ. Бұл тезисті жеңілдетуде автор қозғалыс
дағдысын қалыптастыру кезеңінің басында, дене жаттығуларын орындау кезінде
қателіктер болады дейді. Қателіктерсіз оқытудың тиімділігі жөнінде сызықты
бағдарламаны жақтайтындар айтады. Сонымен қатар барлық оқулықтарда
қателіктерді түзету мүмкіндігінің көрсеткіштерін кездестіруге болады,
олардың болмауы қарама-қайшылықты және даму барысын жояды. Оқыту кезінде
қателіктің болу қажеттілігі жөнінде және оларды жетілдіру үшін пайдалануды
сауықтыру бағдарламасының жоспары айтады [20].
Бейімделген бағдарламада оқушылар ұсынған ақпараттар санына сәйкес
және қозғалыс міндетін шешетін қиыншылықтар дәрежесіне, олардың дайындық
деңгейіне маңызды түрде көңіл аударады.
Киселев Ю.Я, Смирнова Е.А.: Спортшы күшке бар ынтасын салуды
сақтау кезінде қимыл міндеттерін шешу қиындығының субъективті бағасының
жеңілдігінің бір шарасы бар: Қиын жағына жақындау спортшының өзінің
күшіне деген сенімін төмендетеді. Өзінің кимылдарын басқару қиындайды,
көңіл-күйі жүктемесін көтереді. Жеңіл жағына жақындау спортшының қайтуына
ыкпал етеді, кимылды орындауды бақылаудың әлсірегені, - деп есептейді.
Осындай пікірді Захаров А.Н., А.М. Матюшкин де қолдайды: Қиын да, оңай да
емес оқу тапсырмалары оқу үрдісін қолайлы жағдаймен камтамасыз ете алмайды.
Қиын тапсырма берген жағдайда, үрдіс баяу өтеді, ал жеңіл тапсырма
бергенде, оқушы ықылассыз жұмыс істейді, ал олардың шыншыл танымдық
мүмкіншіліктері пайдаланылмайды. Қозғалыс міндеттері қиыншылықтарын шешу
дәрежесін реттеумен, оқу үрдісі тиімділігін көруге болады.
Тәсілдерді орындау кезеңі бойынша Зубайраев С.А. қиыншылықтың
көмегімен тәсілдерді орындау кезінде қиындықтың көлемін түсінді.

1.2 Грек – грим күресінде тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға
әсер ететін факторлар.
1.2.1 Әдіс орындау дағдыларын қалыптастыруға балуандардың жеке
ерекшеліктерінің ықпалы.

Авторлардың пікірлері бойынша, әдіс-тәсілмен сәйкес келуі балуанның
спорттық шеберлігінің негізі болып табылады, ал дайындықтың қалған жактары
осы әрекеттің қорытындысына қызмет етеді.
Тәсілді орындауды игеру жұмысында спортшылардын күш
дайындығы үлкен маңызға ие. Күшті дамыту деңгейінің төмендігін, әдіс-дағды
кемшіліктер себебін Н.Г. Чионов көрсетті. Көптеген авторлар
әдістік әрекетті табысты орындау, тәсілдерді өткізуге белсенді
қатысушылардың, жеке бұлшық еттер тобының күшіне байланысты деп
есептейді [21, 22, 23].
Осыған байланысты аталған авторлар тәсілдерді орындауға қатысу
дәрежесіне байланысты жеке бұлшық ет топтарының күшін дамытуды ұсынады.
Бұлшық еттер тобының шығуына байланысты жеке тәсілдерді орындауда ерекше
қажет күштердің шығуына Кажарский В.П. [24], Преображенский С.А, Ленц А.Н.
[25], А.А.Харлампиевтар көңіл бөлді. Бірнеше тәсілдерді игеретін балуандар
үшін бұлшық еттің барлық тобының күшін жүйелі және жоғары дамыту міндетті.
Әдісті жетілдіру кезінде әртүрлі тәсілдерді орындауға катысатын, бұлшық
еттің негізгісіне әсер ететін балуанның күшін дамыту қажет.
Спорттың күрес мамандары спорттық шеберлікке жету үшін күш дайындығы
болып табылатынын бір ауыздан қолдайды. Спорттық іс-әрекет қорытындысы мен
күш дайындығы деңгейінің байланысы жеткілікті түрде зерттелген. Кейбір
жалпы дене дайындығы бойынша жоғарғы көрсеткіштерге жету күрестегі
жетістікті анықтайды. Басқалары тәсілдерді орындау кезінде жеке бұлшық ет
топтары күшінің пайда болу ерекшеліктері жөнінде айтады. Бұл сұрақты Волков
В.П. [26] шешті, жарыс жеңімпаздары жаңадан келгендерден жалпы күш
дайындығынан асып кетеді.
Білікті балуандардың жалпы күш дайындығында жарыс жеңімпаздары және
жарыс аутсайдерлері арасында айырмашылық байқалмайды, тек жарыс
жеңімпаздарының жеке бұлшық ет тобы күштері жоғары болып табылады. Күресте
тәсілдерді орындау күшті қолданумен ғана емес, аз уақытта қимылды орындау
қабілеттілігін талап етеді. Бұл қасиет жылдамдық деп аталады. Аз уақытта
қимылды тез орындау адам қабілеттілігі екенін Зациорский анықтады. [27]
А.Н. Ленц палуанның әдістік шеберлігінде жылдамдық үлкен орын атқарады
дейді. Сондықтан әдісті жетілдіруде балуан әдістік қимылдарды барынша тез
орындай білуі керек. Жылдамдыққа тәрбиелеу мәселелерінің маңыздығын ескере
отырып, көптеген зерттеулер өзінің жұмыстарын осы мәселені шешуге арнады
[28, 29, 30, 31].
Авторлар жылдамдықтың шығуының негізгі үш түрін бөліп алып қарастырады:

А) Қозғалыс реакциясындағы жасырын уақыт;
Ә) Жалғыз қозғалыстағы жылдамдык;
Б) Қозғалыс жиілігі.
А. Е. Воловик спорттық күресте жоғарыда айтылған жылдамдықтың
түрлерінің өз орындары бар деп есептейді. Автор грек-рим күресіндегі
жылдамдықты қарастырады, біріншіден әдістік қимылды орындау жылдамдығы
ретінде, екіншіден реакция жылдамдығы, яғни балуанның қарсыластың әрекетіне
қарсы қимыл жылдамдығы.
Жылдамдыққа тәрбиелеу басқа да дене қасиеті мен әдісті жетілдіруге
тәрбиелеумен тығыз байланысты [32]. Сонымен бірге балуан түрлі жылдамдық
жаттығуларымен қарапайым реакция жылдамдығын жақсартады. Реакция
жылдамдығына жаттығу кимыл жылдамдығына әсер етпейді. Клевенко В.М.
білікті спортшымен қарапайым және күрделі аксомоторлы реакцияның өзара
қатыстылығы әлсіз екенін көрсетті.
Спорттық күресте жылдамдык және күш қасиеттері өзара байланысты,
өйткені тәсілді орындауда екеуі де қажет. Сондықтан да спорттык күресте
жылдамдық — күш дайындығы жөнінде көп айтылады. Қарсыластың қарсылығын
жеңуде күш қажет болса, ал қарсылас қорғаныс қимылын іске асырмау үшін
жылдамдық қажет. Қорғаныс қимылдарды орындау кезінде қарсыластың шабуылын
тоқтату үшін тез арада күшті қолдану керек. Күш пен жылдамдықтың үйлесуі
балуан дайындығының негізгісі болып табылады. Балуандардың арнайы
жылдамдығы - күш дайындығын жақсарту тәсілдерін орындау сапасына ықпал
етеді. Балуандардың әдістік дайындығын жақсартуға ықпал ететін жылдамдық-
күш сипаттағы жаттығулар жиынтығын жасайды. Спортшының жылдамдық-күш
дайындығын сипаттайтын жарқын көрсеткіші жарылғыш күшін дамыту деңгейі
болып табылады. Рудницский О.П. полихронодинамометрияны пайдаланып,
палуандардың бұлшық етінің негізгі тобының жарылғыш күш топографиясын
зерттеді. Ол жарылғыш күшті дамыту деңгейі шексіз күшті дамыту деңгейіне
байланысты еместігі жайлы баяндайды. Автор жылдамдық-күш қасиетін
тәрбиелеуде арнайы жұмыстың қажеттілігін көрсетті. Балуанның жылдамдық-күш
қасиетін дамытуға арналған жаттығулар ойлап тапты.
Егиазарян А.Д. балуандардың арнайы жылдамдық-күш дайындығын жетілдіру
үшін: а) шабуылдаушы қимылды орындау кезіндегі негізгі жүктеменің, бұлшық
еттің жеке топтарының жарылғыш қасиеттілігін жетілдіру; б) шабуылдаушы
әрекеттегі жеке фазадағы жарылғыш күшті көтеру; в) толықтай алғанда
шабуылдаушы қимыл күші мен жылдамдығын жетілдіру қажет. Мамандар балуанның
жылдамдық-күш қасиетін дамыту үшін жаттығулар мен құралдардың арнайы
жиынтығын ұсынады.
Спортшының күш, жылдамдық және басқа да қозғалыс қабілеттілігіне
қарағанда, икемділік қимыл факторының себебіне жатпайды, ал оның үзбелеп
қозғалысының дәрежесін игеретін тірек-қимыл ақпараттарының морфо-
функционалды қасиетіне жатады" [33, c.184]. Икемділікті дамытудың басқа да
түрлерінің талаптары бірдей емес. Гимнастикада бүл талаптарды орындауға
қойылатын талаптар өте жоғары, өйткені бұл гимнастикалық элементтерді
орындауда икемділік өте қажет. Спорттық күрестегі көптеген тәсілдерде
икемділікті дамытуды қажет етеді. Волков В.П. [34] күресте шұғылданушы
спорт шебері мен жаңадан келгендердің икемділігін зерттеді. Спорт шебері -
жарыс жеңімпаздары және аутсайдерлердің буындарын дамыту деңгейінің бір-
бірінен айырмашылығы көп емес.
Жеңімпаздардың буындарының белсенді кимылдар көрсеткіші аутсайдерлерге
қарағанда 31% ға көп. Жаңадан келген балуандар жарыс жеңімпаздары
буындарының белсенді қимылы амплитуда көрсеткіштерінен, яғни
аутсайдерлерден асып түсті. Мүның бәрі балуандардың икемділігін дамыту
деңгейіне деген талаптың жоғарылығын көрсетеді.
Спорттық күрестегі мамандардың көпшілігі балуандардың икемділігін
дамыту қажет деп есептейді. Тәсілдерді орындау кезінде негізгі жүктемені
алатын буындардың белсенді қимылдарына ерекше көңіл бөлінеді.
Балуандардың спорттық дайындығында төзімділікке ерекше көңіл бөлінеді.
Күрестегі төзімділіктің арнайы әдебиеттері негізінде практикалық тәжірибе
жоспары да қарастырылады. Балуан төзімділікті белдесуде жеңіске жету үшін
ең маңызды дайындықтың бөлігі деп қарастырады. Төзімділік жөніндегі
тәжірибе жұмысы мәселесіне Н.Л.Кулика өзінің еңбегін арнады. Бұл
еңбегіндегі автор арнайы төзімділікті дамытуға ұсыныс айтады. Төзімділік
белдесудің барлық уақытында дағдының беріктігін сақтау факторларының бірі
болып табылады.

1.2.2 Грек – Рим күресін үйренуге ұсынылатын әдіс-тәсілдердің шамасы
(аумағы)

Барлық палуандар жарысқа белгілі салмақ дәрежесімен шығады. Күрестің
мамандары көптеген бақылаушыларының жеке тәжірибесі негізінде палуандардың
салмақ айырмашылығы белдесудің нәтижесіне маңызды әсер ететінін айтады.
Жаттығуда балуан салмағының маңыздылығын Сагиян Б.З. атап көрсетті. Ол
балуандарды үш топқа бөлді: жеңіл, орташа, ауыр салмақ дәрежесі. Автор
әртүрлі салмақтағы балуандар дайындығының айырмашылығы және жаттығу
үрдісінде балуандардың салмақ есебін алу қажеттілігін көрсетті. (70-80 кг)
орташа салмақ дәрежесіндегі балуандар жан-жақты дамитыны белгілі. Оның
негізінде ол дене тәрбиесінен мамандардың кәсіби дайындық әдістемесі орташа
салмак дәрежесіндегі балуандарды дайындауға есептемелік көрсетіп берді.
Автор әртүрлі салмақ дәрежесіндегі балуандар үшін жаттығу үрдісін жекелеп
өткізуді ұсынды. Соңғы жылдары спортшыларды дайындауда антропоморфологиялық
белгілеріне көп көңіл бөледі. Т.С Туманян, Э.Г. Мартиросованың (137)
пікірлерінше, бұл белгілер күштің, жылдамдык, төзімділік, ептіліктің
шығуына, әртүрлі орта жағдайына бейімделуге, еңбекке қабілеттілікті, қайта
қалпына келу және спорттық жетістіктердің шығуына ықпал етеді. Спорттық
антропология 4 маңызды мәселеден тұрады:
Нақты спорт секциясына балаларды іріктеу.
Жаңадан бастаушыдан жоғары білікті шеберлікке дейінгі жолдағы әртүрлі
спорттық мамандықтың өкілдерінің нақты дене бітімін қалыптастыру.
Дене бітімі ерекшелігін ескеру арқылы спортшылардың дайындығын жекелеп
өткізу.
Әртүрлі орта жағдайында жоғары жетістікке дайындау да жекелей және спорттық
мамандықты таңдауда әртүрлі экологиялық аймақ
тұрғындарына бейімделу.
Бізді үшінші мәселе көбірек қызықтырады. Дене
бітімі ерекшелігінің есебі негізінде спортшылардың дайындық
заңдылығын зерттеумен көптеген мамандар айналысты.
Т.С Туманян және Э.Г. Мартиросов "жетістікке жету үшін балуан
бойының ұзындығы жақсы ықпал ететініне" көңіл бөледі. Авторлар, "атақты
балуандардың бойы ортадан жоғары болып келетінін айтады". Сонымен бірге
балуандар кейде жарыс жеңімпаздарының бұл салмақ дәрежесі денемен
сәйкес келмейтін болып жатады. Авторлар мұны "күрес әдісінің
көлемі үлкен және әртүрлі, сондықтан да денесі әртүрлі сәйкестілігі бар
балуандар әдістік қимылда бірдей дене бітімін қолдану есебімен
және де қызметтік орнын толтыру есебімен, бірдей нәтижеге жетеді" деп
түсіндіреді. Бір жағынан жоғары білікті балуандарды тәрбиелеу
үшін, олардың дене бітімі белгілі талаптарға сай болуы керек; басқа
жағынан алғанда дене бітімі әртүрлі сәйкестігі балуандар жоғары
нәтижеге жетеді, егер олар олардың дене бітіміне бара бар техниканы
игерсе, авторлар шабуылдаушы қимылды балуандардың морфологиялық
ерекшеліктеріне қолдануға байланыстылығын көрсетеді. Сонымен бірге олар
аяқтары ұзын балуандар негізінен қағып лақтыру, шалқалап лақтыру, бастан
асырып лақтыру, арқадан лактыру әдістерін колданатынын айтады. Аяқтары онша
ұзын емес балуандар бастан асырып лақтыру әдістерін жиі пайдаланадыда,
басқаларын сирек пайдаланады. Аяқтары өте қысқа балуандар қапсыра
(құшақтап) ұстап лақтыру тәсілдерін қолданады. Авторлар сонымен бірге
балуандардың морфологиялык ерекшеліктері тәсілдерді орындау тиімділігі мен
оларды орындаудағы нәтижесіне әсер ететінін айтады. Бірінші топтағы
балуандар төрт тағандап және шалқайып лақтыру тәсілдерін қолдану есебімен
жеңіске жетеді. Екінші топтағы балуандар бастан асырып лақтыру тәсілдері
арқылы жеңіске жетеді. Үшінші топтағы балуандар ең бірінші тепе-теңдікті
бұзудан іштен қапсыра ұстау тәсілдерін пайдаланады. Авторлар бүл
зерттеулерде әртүрлі морфологиялык ерекшеліктері бар балуандар белгілі
тәсілдерді орындауға қарама-қайшылықтары бар екенін айтады.

1.2.3 Грек-рим күресі әдісіне баулу

Окрошидзе М.Г. грек-рим күресі әдісіне оқыту үрдісін екі бөлімге
бөлуді ұсынады. Бірінші бөлім статистикалық жағдайдағы тәсілдер
кұрылымыноқытумен, екіншісі - динамикалық жағдайдағы тәсілдерді жетілдіру
және окытумен сипатталады.

Бірінші бөлім "идеалды" және "үйлесімді" дағды тармақтарының
шегіндегі оқытылатын әрекетті қалыптастыру.

Екінші бөлімде - қарсыласушы қарсыластың тәсілдерін орындау
қарастырылады. Автор барлық оқыту үрдісі стандартты кесте бойынша өтеді
және сондықтан да оқытушы оқытылатын қозғалыс дағдыларын қалыптастыру
үрдісін басқарып отыруы қажет. Ол екінші бөлім біріншіге карағанда
нақты басқарылмайды, "тәсілдерді шығармашылықпен жетілдіруде"
шұғыл дамушылардың морфологиялық ерекшеліктері маңызды роль
атқарады. Автор белгілі топ тәсілдерін жетілдіруде балуанның психикалық
жағдайы анықтайтынын көрсетеді. Факторлардың күрделі қимыл дағдыларын
басқару құпиясы дейді: И.И. Алихановтың жұмысында бірнеше атақты
балуандардың оларды басты тәсілдерге кім үйретті? деген сұрауға жауаптары
беріледі.

Барлық балуандардың жауабы: ол тәсілдерді өздері ойлап тапты немесе
қиын жағдайда өзінен-өзі пайда болғаны жөнінде айтады. Жалпыға белгілі әдіс
бұл - қалыпты жағдайда дағдыны қалыптастыру спорт ілімінде, физиологияда
дағдыны оқыту бойынша зерттеулер өткізіледі. Бұл зерттеулер И.П. Павловтың
шартты рефректорлы іліміне сүйенеді. [35]. Қарсыласпаған серігіне
тәсілдерді орындау стандартты жагдайда өтеді. Сондықтан да спортшының
қарсыласпаған серігін лақтыру дағдысын калыптастыру аса қиынға соқпайды.
Спорттық күрестің оқулығында тәсілдерді орындау құрылымы жөнінде мәліметтер
келтіріледі [36, 37, 38, 39]. Сонымен бірге белдесу тәсілін жақсы игеруге
ықпал ететін жағдай жасаудың ұсыныстары беріледі.
Дағдыны қимылды бірнеше рет қайталау нәтижесінде нығайтады. Егер
тәсілді бірнеше рет қайталау қарсыласпаған қарсыласқа оңай болса, жекпе-жек
жағдайында қиыншылық бірнеше рет өседі. Мұндай жағдай құру қажеттілігі
шабуылдаушы әрекетті орындау кезінде дағдыны игере алады, балуан жекпе-
жекте оқыған тәсілін жиі пайдалана алады. Спорттық күрес аясындағы мамандар
спортшы дағдыны сапалы игергенде ғана жекпе-жекте жақсы көрсеткішке жете
алатынын айтады. Осы мақсатта жеңіл балуанды, ауыр биік тұлғалы, дене
қасиеті дамуының айырмашылықтары бар балуанмен күрестіреді. Кез-келген
карсыласымен күресе білу үшін, морфологиялық, денелік және басқа да
ерекшеліктері бар балуанмен жаттығу қажет және осы ерекшеліктерді үздіксіз
зерттеу керек. Егер балуан өзіне сәйкес келмейтін қарсыласпен жаттықса
дұрыс болмайды.
Е.М. Чумаков, В.Н. Волков, В.С. Родновтар белдесудегі әдіс-тәсілдік
қимылды тіркеу әдістемесін ойлап тапты. Белдесудегі балуандардың әдіс-
тәсілдік қимылды тіркеуі балуандар белдесуде пайдаланған тәсілдерді
анықтауға мүмкіндік береді.
Балуандардың әдіс-тәсілдік дайындығы бағасының жүйелендіру әдістемесін
Е.М. Чумаков, В.Н. Волков, С.Ф. Ионовтар палуандардың жаттығуын жеке
жоспарлауы бойынша әдістемелік нұсқауында ұсынады. Авторлар жаттығу үрдісін
қалыптастыру үшін болып жатқан оқиғалар жөнінде толық және объективті
ақпарат береді. Балуанның және оның қарсыласының дайындығын салыстырып,
ақпаратты бағалайды. Балуанның дайындығын нақты білу үшін олардың
жетістіктері мен кемшіліктерін аныктау керек. Бұл үшін балуандардың белгілі
жарыстарда жеңіске жету моделін жасау керек.
Бұл модель осы белгілері бойынша балуанның сандық сипаттамасы осы
дайындықтағы барлық балуандардың орта статистикалық мәліметі нақты
палуандар көрсеткіштерімен салыстырылады.
Осындай дайындықтардың жетістіктері мен кемшіліктері белдесудегі
тәсілдерді өткізудің белсенді сандық талпынысы, қорытындылық белдесудегі
палуанның алған ұпай саны, тармақтар палуан белдесуде шабуылдаушы қимылды
пайдаланған тәсілдердің құрылымдык тобының саны, тиімді тармақтар –
тәсілдердің тобының саны, соның ішінде балуан белдесуде шабуылдаушы қимылды
табысты пайдаланғандары.
Күш дайындық деңгейі, тәсілдерді орындау кезіндегі негізгі жүктемені
жеңуге, буындағы икемділікті дамыту, икемдік деңгейін көтеруге жағымды әсер
етеді, әдіс-тәсілдік дайындықтың кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.

Қорытынды

Көптеген мамандар дағдыны қалыптастыруды оқыту үрдісінің құрамды
бөлігі болып табылады деп есептейді. Спортта дағдыны қалыптастыру
жаттықтыру үлгісінде өтеді. Жаттығу үрдісін сапалы басқару үшін дағдыны
қалыптастыру туралы заңдылық білімі қажет. Барлық мамандар дағдыны
қалыптастырудың негізгі жағдайы - оқытылған қимылды бірнеше рет қайталау
деп есептейді. Жеке
авторлар дағдыны қалыптастыру кезінде сананың белсенді қатысуын айтса,
екіншілері қайталауға ерекше көңіл бөледі, үшіншілері нығайтуға маңызды рөл
береді.
Осылай дағдыны қалынтастыру сананың белсенді катысуымен, нығаюымен,
бірнеше рет кайталау қимылы есебінен өтеді. Мамандар оқыту үрдісіндегі
қателіктердің болуын әрқалай ойлайды. Кейбіреулер олардың болуын жағымсыз
деп есептейді, басқалары кателіктің болуы қажет дейді. Грек-рим күресіндегі
белдесуде қозғалыс қимылын бірнеше рет кайталауда карсыластың қарсыластың
кедергісі ескерілуі қажет.
Грек-рим күресінің мамандары көптеген зерттеулерінде спорттың
нәтижеге, әдіске, балуандардың жеке ерекшеліктеріне әсер етуін зерттеген.
Күшті дамытудың жоғары деңгейі балуанның біліктілігін көтеруі, ал жеке
бұлшық ет топтарының күшін дамытудың жоғары деңгейі, белдесуде тәсілдерді
сапалы орындауға ықпал етеді. Балуанның әдістік шеберлігінде жылдамдық
маңызды рөл атқарады. Балуандарды дайындауда балуандардың жылдамдық-күш
дайындығына көп көңіл бөлу керек. Үлкен жылдамдықты балуандар басқа
балуандарға қарағанда артықшылығы бар, сондықтан тәсілдерді орындаған
кезде қиыншылықтар туғыза біледі.
Грек-рим күресінде көп тәсілді орындау ептілікті дамытудың жоғары
деңгейін талап етеді. Буындары еркін, ширақ кимылдайтын балуандар үлкен
табысқа жетеді. Сонымен бірге бұл буындарға ептілікті дамыту деңгейі жоғары
болса, қимылды орындаудағы дағдыларды тез үйренуге ықпал етеді.
Балуандарды дайындауда ептілікке көп көңіл бөлу керек. Балуандарды дайындау
үрдісінде төзімділікті тәрбиелеу кажет, бұл қасиетті дамыту белдесудегі
дағдының түрақтылығын, сенімділігін сақтауға ықпал етеді. Шабуылдаушы
әрекетте балуанның бойы мен салмағындағы ерекшеліктерге көп көңіл бөлінеді.

Салмағы ауыр балуандар, шабуылдаушы балуанға белдесу кезінде
орындайтын тәсілдері қосымша қиындықтар келтіреді. Бойлары әртүрлі
балуандардың белдесу кезінде әртүрлі тәсілдерді таңдауына тура келеді.

Грек-рим күресі әдісін оқыту мынандай бөлімдерден тұрады:
Қарсыласпаған серіктеске әдіс-айланы орындау барысында әдістерді
жетілдіру. Күресте тәсілдерді орындау дағдысын қалыптастыру әдістік қимылды
бірнеше рет қайталаудан тұрады. Қорыта айтқанда, дағды, қозғалыс
әрекеттерін бірнеше рет қайталау арқылы сапалы түрде қалыптасады.
Белдесуде тәсілдерді бірнеше рет қайталауға қажетті жағдайды жасаған
және орындатқан пайдалы болады. Қазіргі уақытта балуандардың шеберлік
деңгейі әдіс-тәсілдік дайындықтарының көрсеткіші бойынша анықталады.
Әдістік әрекеттерді орындау тиімділігі - қозғалыс міндеттерін шешетін
қиыншылық мөлшеріне бағынады. Белгілі аяда әрекетті орындау тиімділігіне
дағдыны жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады.
2 Зерттеуді ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және әдістері.
Біздің жұмысымыздың мақсаты грек - рим күресінде әдістік қимылды
орындау дағдысын қалыптастыру үрдісінің ерекшеліктерін зерттеу.

2.1 Зерттеудің міндеттері
Дағдыны қалыптастыруға әсер ететін факторлар ерекшеліктерінің ықпалы.
Қимыл және әдістік дайындықты дамыту деңгейі
3. Әдіс-айла барысында дайындық кемшіліктерінің пайда болуы және әдіске
оқыту кезінде оларды түзету.

2.2 Зерттеу әдістері
1. Әдебиеттерді талдау
2. Педагогикалык бақылау
Аспапты өлшеу
а) бойын, салмағын өлшеу
б) динамометрия
в) гониометрия
Педагогикалық тәжірибе
Нәтижелердің математикалық - статистикалық жұмысы.

2.2.1 Әдеби түнұсқаларға талдау жасау.
Дағдыны қалыптастыруға әсер етуші факторлар жөніндегі мамандардың
пікірін анықтау әдебиеттерді талдаумен жалғасады. Келесі сұрақтар жөніндегі
авторлардың пікірін анықтау әдебиеттерді талдаумен жалғасады. Келесі
сұрақтар жөніндегі авторлардың пікірі бар ақпаратты таңдау:
Оқудың табыстылығын анықтайтын факторлар.
Спорттық күресте әдістік әрекетті орындау дағдысын
қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.
а) оқытуға ұсынылған әдістік әрекетінің көлемі
б) әдістік дайындық барысындағы балуандардың антропометриялық
мәліметтері.

2.2.2 Педагогикалық бақылау

Педагогикалық бақылаулар зерттеудің екініші, үшінші немесе төртінші
міндеттері бойынша өтті.
Грек-рим күресі балуандарының тәсілдерді орындау ерекшеліктерін
анықтау кезінде төменгі және жоғары дәрежелі балуандардың әдіс-тәсілдік
дайындықтарының көрсеткіші салыстырылады, және тәсілдері бойынша
балуандардың әдіс-тәсілдік дайындығы жарыс кезіндегі белдесулердегі
палуандардың әрекетін бақылау нәтижесін өңдеу жолымен анықталады. Жоғары
дәрежелі балуандар жөніндегі мәліметтер біріншіліктердегі белдесуде
балуандардың әдістік – тәсілдік әрекетін орындауды бақылау нәтижесін өңдеу
жолымен алынған. Балуандардың жасы 15-16 жас, сабақ оқу мерзімі 4-5 жыл.
Төменгі дәрежелі балуандар жөніндегі мәліметтер жарыс кезіндегі
белдесулерді, жаттығулардағы палуандардың әдістік әрекеттерді орындалуын
бақылау нәтижесін өңдеу жолымен алынады. Балуандардың жасы 12-13 жас, сабақ
өту мерзімі – 6-8 жыл.
Белдеуді тәсілдерді орындау талаптарын тіркеу, төменгі және жоғары
дәрежелі балуандарды арнайы дайындалған бригада мүшелерімен өткізілді.
Тәсілдердің он үш құрылымдық тобы шықты, негізгі тәсілдер символдармен
белгіленді.
Проблема жөнінде мамандардың пікірін анықтау:
1. Палуандардың тәсілдерді орындау ерекшеліктерін анықтау.
2. Әртүрлі тиімді аймақта жаттығушы палуандардың әдіс-тәсілдік
дайындығының көрсеткішінің өзгеруін анықтау.
3. Әдістік әрекетті орындау тиімділігіне әсер етуші факторларының
шығуы.
4. Әдістік әрекетті орындау дағдысын қалыптастыруға серіктестікті
таңдауды тексеру.
ТРП техникалық әрекетті орындау тиімділігі 20% -30%, ЖРП қолдану
жиілігі сәйкес келді; 0,40 талаптар, 40%- 80%- 0,45 талап.
Аяқтан ұстап лақтыру, қағып лақтыру, бастан лақтыру, арқадан лақтыру,
қолға ауырлық тәсілдерін 30-40% тиімділікпен ТРП орындады. Бастан асыра
лақтыру, қағып лақтыру, қолға ауырлық тәсілдерін орындау ТРП-ға барынша көп
ұпай әкелді. Аяқтан ұстап лақтыру, қолға ауырлық тәсілдері, арқадан
лақтыру, бастан асыра лақтыру және қағып лақтыру тәсілдері белдесуде ЖРП-
ға нәтижелі болды. Әр түрлі аймақта жаттыққан, балуандардың әдіс-тәсілдік
дайындығының өзгеруін анықтайтын педагогикалық бақылаулар өткізілді.
Зерттеу жүргізілген уақытта арнайы бақылаушылар жаттығудың негізгі
бөлігінің соңында өткізілген, белдесулерде балуандардың тәсілдерді өткізу
талаптары тіркеліп, әрбір топтың палуандарының әдіс-тәсілдік қарсыласпаған
серікке тәсілдерді орындау тиімділігіне қарсыластың жеке ерекшеліктерінің
әсерін анықтау кезінде педагогикалық бақылау пайдаланылды. Тәсілдерді
сапалы орындау бағасы өткізілді. Сыннан өткендер әрбір серікті лақтыру
сериясын орындады. Лақтыруды сапалы орындау бағасы келесі белгілермен
өткізілді. Шекті бағасы 10 балл. Тәсілдерді орындау кезіндегі
қажеттіліктер, тұрпайы, маңызды және маңызсыз болып жіктелді. Жіберілген
қателіктер шекті бағадан тәсілдердің құрылымды үлгісін бұзу дәрежесіне
сәйкес баллдар алынды.

1 кесте - Қарсыласпаған серіктің әдістік қимылдарын орындау сапасын
бағалау критерийлері

№ Күресетін балуандардың қателіктері Алынатын
баллдар
1 Тәсіл орындауға кірісе алмайды, ол туралы мүлде 10
түсінігі жоқ
2 Тәсілді орындауға кіріседі, біріақ оны орындай 9
алмайды
3 Тәсілді орындау барысында екі дөрекі қателік 7
жібереді
4 Тәсілді орындау барысында бір дөрекі қателік 6
жібереді
5 Тәсілді орындау барысында үш елеулі қателік 5
жібереді
6 Тәсілді орындау барысында екі елеулі қателік 4
жібереді
7 Тәсілді орындау барысында бір елеулі қателік 3
жібереді
8 Тәсілді орындау барысында екі елеусіз қателік 2
жібереді
9 Тәсілді орындау барысында бір елеусіз қателік 1
жібереді

2.2.3 Аспаптық өлшеу
Аспапты өлшеу балуандардың жеке ерекшеліктерін шығару үшін өткізіледі.
Балуандардың бойы, салмағы анықталады.

2.2.3.1 Дене салмағы мен ұзындығын анықтау.

Өлшеу антропометрияда қабылданған стандартқа сәйкес әдістеме
бойынша өткізілді.

2.2.3.2 Арқадан лақтыруды келтіруші, жаттығуды арқаны идіруші бұлшық ет
күштерін анықтау үшін қолданылатын динамометрия.

Өлшеу Б.М. Рыбалко әдістемесі бойынша өткізіледі. Өлшеу құралы есебінде
В.М. Абалакованың констуркциясы бойынша сағаттық түрдегі индикаторлы
динамометр пайдаланылады.
Балуан жаттықтырушы командасымен гимнастикалық баспалдаққа арқасымен
тұрды. Содан кейін лақтыруды орындаудағы қалыпты жағдайға келді. Жамбас
сүйегімен баспалдаққа бекітілген фомерге жабысады. Иық деңгейінде
баспалдаққа динамометр бекітіледі. Динамометрдің екінші жағына тығыз
брезентті матадан жасалған белдік бекітіледі. Балуан белдікті ұстағанда
қолдан ұстағанды келтіреді. Белгі берілгенде балуан қарсыласқа арқамен
бұрылып, арқадан лақтыруды келтіретін жаттығуды орындай бастайды. Жаттығуды
орындап болғаннан кейін, динамометр көрсеткіші түсіріледі. Тапсырма үш рет
орындалады. Негізгі ең жақсы нәтиже алынады.

2.2.3.3 Гониометрия - омыртқа буындарының қимылын анықтау үшін
пайдаланады.
Өлшеу В.П Волковтың модификациясы бойынша маятникті гониометриямен
өткізіледі.
Балуан гимнастика баспалдағына бетпен қарап тұрады. Жамбас сүйегі
деңгейінде балуанды баспалдаққа іледі. Гониометр омыртқаның жетінші сүйегі
маңайына ілінеді. Содан кейін қарсы болғанға дейін еңкейеді және гониометр
көрсеткіші түсіріледі: жаттығу үш рет орындалады. Негізгі ең жақсысы
алынады.

2.2.4 Педагогикалық тәжірибе.

Техникалық әрекетті орындау дағдысын қалыптастыруға серікті мақсатты
таңдауға ықпал етуді тексеру үшін педагогикалық тәжірибе жүргізілді.
Тәжірибеге 12-13 жастағы жасөспірімдер қатысты.
Бақылау және тәжірибелік болып екі топ құрылды. Бақылау тобында 12,
тәжірибе тобы 13 баладан құрылды. Тәжірибе тобындағы балуандардың орта жасы
12,1 жас, бақылау -13.0 жас болды. Тәжірибе тобының орта бойлары 152,6 см,
бақылау -162,4 болды. Тәжірибе тобындағы балуандардың орта салмағы 43,3 кг,
бақылау - 55,8 болды. Тәжірибе тобының балуандары орта есеппен белдесуде
тәсілді орындау талабын 6,5, бақылау-5,9 рет жасады. Тәжірибе тобының
балуандары тәсілдерді тиімділікпен 26,9%-ға; бақылау 40,5%-ға орындады.
Тәжірибе тобының балуандары белдесуде орташа 4,9 балл, бақылау- 8,3 балл
жинады. Тәжірибе тобының балуандары тәсілді орташа 6,6; бақылау-6,7
құрылымдық топ қабылдады. Тәжірибе тобының балуандары қорғаныс әрекетін
орташа 65,5% ға, бақылау 59,5% ға орындады. Топта сабақ біртұтас
күнделікті жоспар бойынша өткізілді. Тәжірибе тобының балуандарына серіктер
таңдалды, бақылау тобының балуандарына серіктер таңдалмады. Тәжірибе тобы
балуандарының серіктері бақылау тобының мүшелері болды. Тәжірибе тобының
балуандарына серік тандау қарсыластың салмағына тең. Бойы бойынша серікті
таңдау 5,6% ; салмағы 10,7% -11,1% және 19,1 %-19,4% тең болуы керек.
Тәжірибе тобының балуандарына белдесуде орташа 6-8 балл жинауға нүсқау
беріледі. Белдесуде 6-8 балға жетпесе, серігі ауыстырылады.
Жаттығу және оқу-жаттығу белдесуі сабақтың негізгі бөлімінің соңында
өткізілді. Аптасына бір сабақ белдесуді өткізуге арналды. Белдесуде
тәжірибенің басы мен соңында анықталып, дағдыны жетілдіруді сипаттаушы,
техника-тактикалық дайындық тіркелді. Дайындық көрсеткіші салыстырылды.

2.2.5 Қорытындыны математикалық - статистикалық өңдеу.

Қорытындыны математикалық - статистикалық өңдеу спорт шеберлері мен
жасөспірімдердің техникалық дайындығы барысындағы айырмашылықты шығару үшін
өткізіледі. Студенттің айырмашылығының дұрыс белгісі ретінде, конкордация
коэффициенті пайдаланылды.
Қарсыластың жеке ерекшелігі ықпалын шығару үшін техникалық әрекетті
орындау тиімділігіне вариация коэффициенті; Пирсон корреляциясы
коэффициенті, корреляциялы қатынас қолданылды. Әрбір балуанның қарсыласы
техникалық әрекеті хаттамаға тіркеу бойынша белдесу үстінде анықталды.
Негізгі балуандардың әдіс-тәсілдік әрекетін орындау тиімділігі көрсеткіші
және олардың серіктерінің бойы, салмағы, күші, ептілігі түрлері
коэффициенті арасында корреляциялы талдау өткізілді. Тәсілдерді орындау
тиімділігінде белдесуде нақты серіктің бойы, салмағы, күші, ептілігінің
көрсеткіштерінің алуандығына ықпал ету мүмкіншілігін тексеру үшін
корреляциялы талдау қолданылды. Мәліметті тіркеу хаттамасы.

Үлгі:

ЭА айырмасы
Бойы Салмағы Күш Икемділік
См Кг Кг Градус
А-Б А-Б А-Б А-Б-
30 5 4 -3 10
40 -7 2 10 -2

Эа – А балуан белдесуде әдіс-айлалы әрекетті орындау тиімділігі А-
тиімділігі анықталған балуанның дене дамуының көрсеткіші. Б-А-балуанның
қарсыласының дене дамуының көрсеткіші. Тәсілдерді орындау дағдысын
қалыптастыруға серіктесті таңдау ықпалын тексеру үшін студенттің
айырмашылығының дұрыс белгісі қолданылды. Бақылау және тәжірибе тобының
балуандарында тәсілді орындау дағдысын жетілдіру дәрежесін сипаттаушы,
техникалық - тактикалық дайындығының бастапқы және соңғы мәліметтерін
салыстыру.

3 Балуандардың тәсілдерді орындау ерекшеліктері
Тиімділіктің әр аймағында жаттыққан балуандардың әдіс-тәсілдік
дайындығы
3.1 Тәсілдерді қолдану арсеналы және жиілігі.

Қазіргі уақытта грек-рим күресінің мамандарымен оқуға 900-ға жуық
тәсілдер жазылып ұсынылды. Әрине барлық тәсілдер жазылған жоқ, өйткені
күрес сабағының үрдісінде әрдайым жаңа тәсілдер жасалып, бұрынғы
тәсілдердің жаңа түрлері құрылуда. Күрес тәсілдерін орындау әдіс-айласын
оқыту бойынша негізгі басшылыққа түрлі кең тараған тәсілдер жазылған
әдістемелік нұсқаулар алынады. Жаттығу үрдісінде балуандарға барлық
құрылым -топтарынан тәсілдерді оқу ұсынылады.
Зерттеуде жоғары және төменгі разрядты балуандардың белдесуде,
тәсілдерді орындауда қанша құрылымдық топ оқытылатыны айтылған. Бақылау
басқа балуандар белдесуде барлық құрылым топтарынан тәсілдерді қолдануына
мүмкіндік берілді.
Төменгі разрядтағы балуандар жоғары разрядты балуандардан айырмашылығы,
олар белдесуде тәсілді аз қолданады: 5,82 қарсы 8,89. Бұл көрсеткіш
белдесуде жеке тәсілдерді қолдану жиілігінен шығады. Сондықтан да, жоғары
және төменгі разрядты балуандармен белдесуде жеке тәсілдерді қолдану
жөніндегі сұрақ көпшілікті қызықтырады. Жоғары разрядты балуандар белдесуде
орташа тепе-теңдігінен шығарылып, лақтыруды орындау талабын 0,32 ға
орындайды. Төменгі разрядты балуандарда бұл көрсеткіш 0,21 құрайды. Білікті
балуандар белдесуде ұстап лақтыру талабын 1,94 орындайды; төменгі разрядты
балуандар - 0,58 ге орындайды.
Қапсыра ұстап лақтыру жоғары разрядты балуандарда 0,41, төменгі
разрядты балуандарда 0,07. Бастан асырып лақтыру жоғары разрядты
пблуандарға - 1,08 рет, төменгі разрядты балуандарда - 0,97. Арқадан асырып
лақтыру тәсілін жоғары разрядты палуандар - 1,47 рет, төменгі разрядты
балуандар - 0,18 рет.
Екі білікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының қалыптасуы
Дағды және оны қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері
Математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойынның рөлі
Фонетиканы оқытудың әдіс - тәсілдері
Фонетиканы оқытудың жаңа тәсілдері
Мектептегі математиканы оқыту жүйесінің негізгі компоненттері
Шығармашылық іс-әрекетке оқушылар мотивациясын қалыптастыру
Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Дағды қалыптастырудағы жаттығудың рөлі
Тәрбие мен оқыту процестері арасындағы үйлесімділіктің психологиялық - педагогикалық негіздері
Пәндер