Банк ссудаларын беру және қайтару тәртiбi туралы


БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Банк ссудаларын беру және қайтару тәртiбi
Мазмұны
Кіріспе . . . . . 3
1. Коммерциялық банктермен берiлетiн ссудалардың теориялық негiздерi . . . 5
1. 1. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі несиелік процесстің экономикалық мәні . . . 5
1. 2. Несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету тәртiбi . . . …… . . . 14
1. 3. Банктiк ссуда алушының несиелiк қабiлеттiгiн бағалау көрсеткiштерi . . . . . 18
2. « Банк Центр Кредит » АҚ-ның ссуда беру тәжiрибесiне талдау . . . . . . …. . 27
2. 1. Жеке тұлғаға ссуда беру тәжiрибесi . . . . . . 27
2. 2. Заңды тұғаға ссуда беру тәжiрибесi . . . . . . 36 2. 3. Проблемалық ссудалармен банк жұмысын талдау . . . 48
3. Қазақстан Республикасы ЕДБ-тердегi несиелеу механизмiн дамыту жолдары . . . . . . 55
Қорытынды . . . … . . . ……… . . . 58
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . 60
Кiрiспе
Тақырыптың өзектілігі . Негiзiнен бүгiнгi таңда несие халық шаруашылығының негiзгi факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрiнде кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiк капитал шеңберiнен шығуға мүмкiндiк берiп, жаңа күш қуат бередi, өндiрiстiң өркендеуiне экономикалық алғы шарттар жасайды. Сондықтан да ссудалардың берiлуi мен қайтарылуы процесiн дұрыс, заңды ұйымдастыру осы факторларға тiкелей әсер етедi. Сол себептен Қазақстан банктерiнде шетел тәжiрибесiн ескере отырып, қарыз алушыға берiлген ссуданың берiлуi мен қайтару тәртiбiн қатаң сақтау өте маңызды.
Несиелерді берудің маңызды алғы шарттарының бірі болып несиелік қабілеттілік табылады. Потенциалды және нақты қарыз алушыларды негізгі қарыз сомасын және ол бойынша пайыздарды толық және уақытылы төлеу мүмкіндігі жағынан бағалау, олардың қаржылық жағдайын талдау мәселесі банк қызметіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Кез-келген несиелік келісім-шарт жасау алдында банк қызметкерлері ссуданы алуға өтініш жасаған тұлғаның несиелік қабілетін бағалау жұмысын орындайды. Талдау қаншалықты толық және дәл жүргізілгеніне байланысты несиелеудің сәтті жүргізілетіні анық. . Банктердің өтімділігі және табыстылығы клиенттердің қаржылық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан банктер несиелік операцияларының табыстылығын қамтамасыз ету үшін қарыз алушылардың несиелік қабілетін егжей-тегжейлі бағалауды жүзеге асыруға тиіс.
Бітіру жұмысының мақсаты - шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып ссуданың берiлуiн және оның қайтарылу тәртiбiн қатаң сақтаудың маңыздылығын зерттеп, ол процестерде болатын кемшiлiктер мен артықшылықтарды көрсете бiлу. Сол арқылы ұсыныстар беру Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалаудың маңызын көрсету.
Осы алға қойған мақсатқа жетуде үшiн белгiлi мiндеттер міндеттер орындалуы тиiс.
Бітіру жұмысының мiндеттерi:
-Банктiк ссудалардың экономикалық мазмұнын қарастыру ;
-Банктiк ссуда беру процесiн ұйымдастыру қағидаларын, әдiстерiн қарстыру
-Банктiк ссуда алушының несиелiк қабiлеттiлiгiн бағалау ;
-ЕДБ-дiң жеке және заңды тұлғаларға ссуда беру тәжiрибесiн талдау ;
- ЕДБ-ң несие жүйесiнде болатын кемшiлiктер және оларды жою жолдарын қарастырып ұсыныстар жасау.
Бітіру жұмысының зерттеу объектісі - «Центр Кредит Банк»АҚ-ның несиелеу қызметi жатады.
Зерттеу жұмысының құқықтық, теориялық және әдістемелік негізі. Бұл жұмысты жазу барасында ҚР заңдаылықтары мен нормативтiк актiлерi, ҚР жарлықтары мен Үкiмет қаулылары. Ұлттық Банктiң статистикалық бюлетендегi және Ұлттық Банктiң 2003 жыл 2004 жылғы жылдық есебiндегi мәлiметтер, «Центр Кредит Банк»АҚ -ның мәлiметтерi сонымен бiрге белгiлi экономистер мен бiлiктi мамандардың жазған ғылыми еңбектерi мен баспасөзде жарияланған мақалалары пайдаланылды.
Бітіру жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негiзгi үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бiрiншi бөлiмде -коммерциялық банктер беретiн ссудалардың теориялық негiздерi яғни атап айтқанда, ҚР банк жүйесiндегi несиелiк процесстiң экономикалық мәнi, несие беру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету тәртiбi, банктiк ссуда алушының несиелiк қабiлеттiгiн бағалау көрсеткiштерi қарастырылса. Екiншi бөлiмде «Банк Центр Кредит»АҚ-ның ссуда беру тәжiрибесi, атап айтқанда жеке тұлға Кеңесханов Дархан Тимуровичтiң автомобильдi несиеге алуы прцессi және Заңды тұлға ЖШК «Алина-Кераманың» несие алу және қайтару процессiне талдау жасалған. Ал үшiншi бөлiмде ҚР -дағы ЕДБ-тердегi несиелеу механизмiн дамыту жолдары қарастырылған.
1. Коммерциялық банктермен берiлетiн ссудалардың теориялық негiздерi
1. 1. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі несиелік процесстің экономикалық мәні
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
- несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
- несиелік мәмілені құжаттау;
- несиенің мөлшерін белгілеу;
- несиені беру процедурасы;
- несиені қайтару тәртібі;
- несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
- кепіл заттарын бағалау және іске асыру.
Несиелеу әдістері - ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдерін білдіреді.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған
- қалдық бойынша;
- айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі ссуданың берілуі тікелей төлемге қатысты және, ең бастысы, зайымдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы ссудалық шоттар бойынша беріліп отырған. Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, екіншісі банктік ссудаларды үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда үлкен роль ойнайды.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің барысында саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден біртұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда, айналым бойынша несиелеуге жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады
- айналым бойынша несиелеу әдістері;
- қалдық бойынша несиелеу әдістері;
- айналым-қалдықтық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Ссудаға деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты ссуда мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты ссуда қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие ссудаға деген қажеттілікті туындататын тауарлы-материалды құндылықтар мен шығындар қалдықтарымен өзара байланысқан. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Несиелеу әдістері несиені беру және қайтаруға арналған ссудалық шоттар формаларын анықтауға негіз болады. Несиенің ұйымдастырылу қозғалысы банктің клиентке ашқан ссудалық шотында көрсетіледі.
Ссудалық шот - клиенттің банктен олған несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді.
Ссудалық шоттың дебеті бойынша несиені беру көрсетілсе, қайтарылуы кредит бойынша көрсетіледі. Ол келесі кестеде бейнеленген (1-кесте) :
1-кесте
Ссудалық шот
ССУДАЛЫҚ ШОТ ҚАЛДЫҒЫ
(несие бойынша қарыз)
Көзi: Лаврушин И. О. Банквское дело
Несиенің берілуі мен өтелуі, қарыздың көрсетілуінің ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара бөлінеді:
- ашылу мақсатына қарай;
- айналыммен өзара байланысы бойынша.
Ашылу мақсатына қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған кезде ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға хұқық алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.
Айналымы мен өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардың үш типі болуы мүмкін:
- айналым-төлемдік;
- қалдықты-компенсациялық;
- айналым-қалдықтық.
Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің үш әдісіне сәйкес келеді.
Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын төлеуге мүмкіндік алады.
Клиент барлық төлемдерді төлеуде қалдықты-компенсациялық шотты пайдалана алады. Клиенттің қанша несиелеу объектісі болса, сонша қалдықты-компенсациялық шоты болуы мүмкін. Бұл ссудалық шот алдындағы екі ссудалық шотқа қарағанда біршама қолайлы және көп техникалық рәсімделуді қажет етеді, Сол сияқты несиенің белгілі бір мақсатқа берілуі қатаң қадағаланады.
Айналым-төлемдік ссудалық шоттың ерекше бір түрін контокорренттік шот құрайды.
Контокоррент шоты - банктік тәжірибеде банктердің бірінші класты несиелік және төмен қабылеті бар қарыз алушыларға несие беруде активті-пассивті (есеп айырысу-ссудалық) шоттарды біріктіре отырып, пайдалануын білдіреді.
Бұл шот банк сенімінің ең жоғарғы формасын сипаттайды. Оның дебет жағы бойынша клиенттік өндірістік қызметіне және пайданы бөлуіне байланысты барлық төлемдер, ал кредитіне клиенттің есебіне түсетін түсімдер және басқа да түсімдер есепке алынады. Бұл шоттың кредиттік қалдығы клиенттің сол уақытта айналымда бар меншікті қаражатын, ал дебеттік қалдығы айналымға банк несиесінің тартылғандығын, яғни ол бойынша пайыз төлеп отырғандығын көрсетеді.
Қарыз алушыларды несиелеуге байланысты операцияларды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға ссудалық шоттар ашады: жай және арнайы.
Арнайы ссудалық шоттар шаруашылық ұйымның төлем айналымының үлкен бөлігін несиенің көмегімен жүзеге асыратын жағдайда және несиеге деген үнемі қажеттілікте болатын қарыз алушыларға ашылады. Қазіргі кезде арнайы ссудалық шоттар бойынша тауарлар қорлары айналымына байланысты бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сонымен қатар сату-жабдықтау ұйымдары несиеленеді.
Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашылуы мүмкін. Бірақ та банк кәсіпорындағы жекелеген қандай-да бір тауарлар, шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шоттар ашуға мүмкіндік береді. Жай ссудалық шоттар бір рет ссудалар беру үшін ғана банктік тәжірибеде қолданылады. Мұндай шоттар бойынша қарыздың өтелуі қарыз алушының келісілген мерзімде мерзімді міндеттеме-тапсырмалар негізінде жүзеге асырылады.
Егер қарыз алушы кәсіпорын бір уақытта бірнеше объектілер бойынша несиені пайдаланса, онда оған бірнеше жай шоттар ашылуы мүмкін және ссудалар әр түрлі шартпен, әр түрлі мерзімге және әр түрлі пайызбен беріледі. Мұндай ерекше ссудаларды есепке алуда қарыз алушылардың алған ссудаларын уақтылы өтеуіне банк тарапынан бақылау жүргізудің маңызы бар.
Несиелеу механизмінің екінші құрамдас бөлігі - несиелік мәмілені құжаттау. Бастапқы кезде банк пен клиент арасында ауызша келісім жасалып, оның соңы банкке несиелік ресурсқа сұралатын өтініштің жазбаша түрде несиенің мақсатын көрсете отырып тапсырылуымен аяқталады. Банкте клиенттің қаржылық жағдайын анықтауға және оның несиелік қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін материалдар болуы керек. Сондықтан да, банк клиенттен оның қызметі жайлы соңғы екі-үш жылдағы жыл басына жасайтын кәсіпорынның балансын, қажет болған жағдайларда таяу айдағы күнге жасалған балансын талап етеді. Кәсіпорынның балансына қоса банкке пайда және зиян туралы, ақшалай қаражаттар қозғалысы туралы есептерін береді. Клиенттің белгілі мақсатқа несие алуға, оның қажетті мөлшерін, сыйақы мөлшерін және нақты мерзімнен тұратын несиеге деген қажеттілікті негіздейтін техникалық-экономикалық негіздемесі немесе бизнес жоспары болуы тиіс.
Банк пен қарыз алушы арасындағы жасалатын несиелік мәміленің құқықтары мен міндеттерін белгілейтін маңызды құжат - несиелік шарт жасалады. Онда екі жақтың экономикалық және заңи жауапкершіліктері көрсетіледі. Елімізде қатаң белгіленген несиелік шарттың арнайы формасы жоқ. Ал, ондай формалар Германия, Австрия сияқты елдердің тәжірибелерінде кездеседі.
Несиелік шарттан басқа кепіл туралы келісім-шарт жасалады. Іс жүзінде, егер кепіл несиелік мәмілеге қатысатын болса, онда міндетті түрде кепіл туралы келісім-шарт жасалуға тиіс. Кейде ол нотариалды түрде куәландырылуы да мүмкін.
Несиелеу процесі барысында клиент банкке басқа да құжаттарды (кепіл-хаты, үшінші бір тұлғаның кепілдемесін, әр түрлі орындардан берілген анықтама қағаздарды) тапсырады.
Несие банктің тиісті қызметкерінің жазбаша үкім шығару барысында беріледі. Бұл қызметкер ретінде: банктің басшысы, оның орынбасары, несиелік департамент бастығы, несиелік бөлім басшысы және банктің несиелік офицерлерінің біреуі болуы мүмкін. Несиенің берілуі туралы үкім клиенттердің шоттары бойынша есеп - айырысу және несиелік операцияларын жүргізумен айналысатын бөлімге түседі. Онда клиенттің аты-жөні, несиенің сомасы, несие беретін шоты көрсетіледі.
Үкім несиенің бағытын белгілейді. Бағыттарына байланысты несиенің берілуі үш түрлі болуы мүмкін:
- ссуда клиенттің есеп-айырысу шотына аударылады;
- ссуда есеп-айырысу шотына түспей, тауарлы және тауарлы емес операциялары бойынша әр түрлі төлем құжаттарын төлеуге беріледі;
- ссуда бұрын берілген несиелерді қайтаруға беріледі.
Жалпы, клиентке берілетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға байланысты. Несиенің мөлшері несиелік келісім негізінде беріледі. Бұл келісімде жазылған сома клиент үшін алуға тиісті ең жоғарғы соманы білдіреді. Бұл сома өзінің мәні жағынан несиелеу лимиті болып табылады. Несие мөлшері мыналарға:
- қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтыққа;
- несиенің қамтамасыз етуіне түскен тауарлы-материалды бағалылықтардың нақты жинағына және олардың өтімділік дәрежесіне;
- маржа деңгейіне;
- тәуекел дәрежесі мен банктің клиентке сенім дәрежесіне;
- банктегі бар ресурс көлеміне байланысты.
Әр жекелеген жағдайларда бұл мөлшер қамтамасыз ету құнымен және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне байланысты анықталады.
Несиелеу механизмінің бір құрамдас бөлігі - несиені қайтару тәсілдері. Оның бірегей жасалған үлгісі жоқ. Оның төмендегідей көптеген нұсқалары болады:
- мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
- меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп-айырысу шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
- алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
- түскен түсімді бірден ссудалық қарызды жабуға есептеу;
- несиенің қайтарылу мерзімін созу;
- мерзімі өткен қарызды «мерзімі өткен несиелер» шотына аудару;
- банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы немесе қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.
Кепілге алынған мүлікті бағалау әдістері де несиелеу механизмінің құрамдас бөлігіне жатады. Кепілді пайдалану кепіл механизмінің қолданылуын талап етеді.
Кепіл механизмі - кепіл туралы шартты дайындау, жасау және орындау процесін білдіреді.
Кепіл механизмін іске асырудың негізгі кезеңдеріне жататындар: кепіл заты мен түрін таңдау, кепіл затын бағалауды жүзеге асыру, кепіл туралы шарт жасау және орындау, кепілді пайдалану.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар жатады. Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары:
- Клиенттің мүліктерінің кепілі:
- тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық құндылықтар, алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлар-материалдық құндылықтар кепілі.
- бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
- сол банктегі депозиттер кепілі;
- жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека) .
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
- жалгерлік құқық кепілі;
- авторлық құқық кепілі;
- жерге құқық кепілі.
Кепіл механизмінің негізгі элементіне кепіл затын бағалау жатады. Осыған байланысты халықаралық тәжірибеде арнайы нұсқау жасалынған:
- Кепіл заттары нарықтық құны бойынша бағаланады. Бұл ең жоғарғы бағаны білдіреді және осы бағаға потенциалды сатып алушылар болуға тиіс.
- Мүлік үздіксіз қайта бағаланып отыруға тиіс.
- Бағалауды арнайы біліктілігі бар мамандар жасауға тиіс.
- Мүліктің бағаланатын құнына оған кеткен шығындар қосылуы тиіс.
- Өнер шығармаларының антиквариаттың т. б. куәландырылуға тиіс.
- Бағалау барысында оның жойылу құны мен сатуға кететін шығындарды дұрыс анықтауға көңіл аудару қажет.
Несиелеу механизмінің құрамдас элементі - несиені беру процесінің өзіндік кезеңдері болады. Жалпы, несиелік процесті келесі сызбамен көрсетуге болады (1-сурет) :
1-сурет БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСС
Төлемдер.
Мониторинг.
Мерзімі өткен төлем.
Көзi:Мақыш С. Б Коммерциялық банктер операциялары
Несие беру процесінің 1-кезеңінде банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарайды. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
2-кезеңінде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау кезінде қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілеті талданады.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz