Халқаралық туризм


Мазмұны
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк
дамыту
шараларды iске асыру
Кіріспе
Туризм мен саяхаттау қонақжайлылық индустриясының бөлінбес бөлігі болып табылады. Саяхаттау - туризмнің басты тақырыбы. Уақыт, ара қашықтық, тіршілік орыны, бару мақсаты мен ұзақтығының айырмашылықтары - осының бәрі тек туризмнің ерекшелікті элементтері. Жалпы алғанда, туризм көп мақсатты феномен болып табылады, онда бір мезгілде қызық оқиғалар элементтерін, алыс сапарлар романтикасын, қандайда бір құпияны, экзотикалық орындарда болуды, және кәсіпкерліктің қызметтерін, денсаулық мәселелерін, жеке қауіпсіздіктіжәне мүліктерінің сақталуын ұштастырады.
Туризм, дүниежүзілік жалпы ұлттық өнімнің оныншы бөлігін қамтамасыздандыра отырып, дүниежүзілік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Экономиканың бұл саласы қарқынды дамуда және таяу жылдарда оның ең маңызды секторы болады. Туризм индустриясындағы жыл сайынғы инвестицияның өсуі жуық шамамен 30 % құрайды.
Соңғы жылдары туризм дүниежүзіндегі пайдалы бизнестердің біріне айналды. Ол жуық шамамен дүниежүзілік капиталдың 7 % қолданады. Тоқсаныншы жылдардың басында туризмнің үлесі тауарлар мен қызмет көрсетудің дүниежүзілік саудасының 10 % құрады, бұл оған мұнай мен автомобильдер экспортынан кейінгі үшінші орынды алуға мүмкіндік берді, ал 2009 ж. туризм бірінші орынға шығуы керек.
Қазіргі кезде Қазақстанда көрсетілетін қызметтің түрі мен пішініне қарай туристік фирмалардың төрт тобы қалыптасты.
Көрсетілетін қызмет жиынтығы көп болмайтын фирмалар, онда тапсырыскерлерге бірнеше тұрақты маршруттар ұсынылады, таңдау жеткіліксіз.
Жеткілікті таңдауы бар фирмалар, бұл жерде тапсырыскерге 10-15 маршруттар ұсынылады.
Толық таңдаулы фирмалар, олардың критериялары келесі девиз болып табылады: “Қайда барсаңда, қашан барсаңда!”.
Экзотикалық маршруттары бар фирмалар, тапсырыскерлерге ерекше саяхаттар мен экскурсиялар ұсынады.
Маршруттарды әзірлеу күрделі көп сатылы процедура, ол жеткілікті жоғары біліктілікті талап етеді және туристік қызмет көрсету технологиясының негізгі элементі болып табылады.
Маршрутты әзірлеу және бекіту процедурасынан соң турды қалыптастыруға кіріседі.
Турлардың негізгі екі түрі әзірленеді.
Пэкидж-тур. Яғни кешендік туристік қызметтер: тамақтану, орналасу, экскурсиялық қызмет көрсету, көлік, тұрмыстық, спорт-сауықтыру, денешынықтыру, медициналық және басқа қызмет көрсету.
Инклюзив-тур. Яғни жеке туристік қызметтер: тамақтану, орналасу, экскурсиялық қызмет көрсету, көлік (таңдау бойынша) .
Тәжірибеде инклюзив турлар үлкен әйгілілікке ие, онда турист негізгі қызметтердің минимал-жеткілікті жиынтығын тапсырады, қосымша қызметтерді қажетсінуіне қарай сатып алады. Бұл туристің меншікті уақытын жоспарлау мүмкіндігін кеңейтеді және бірқатар жағдайларда жолдаманы арзандатады.
Турларды рәсімдеу кезінде туристікке арналған тауарлар толықтырғыштар болып табылады, яғни тур - бұл қызметтер мен тауардан тұратын жиынтықты өнім.
Маршруттың және нақты сұранымның негізінде қалыптастырылған тур бірден сатуға арналған тауарлы өнім бола алмайды. Ол үшін бірқатар кезеңдерді орындау қажет:
- турды қалыптастыру;
- эксперименттік енгізу;
- жарнама мен тұсау кесер (таныстыру рәсімі) ;
- турларды сату.
Турды қалыптастыру кезеңі өзіне «құрамаға», бірқатар қызметтерді және тауарларды тур деп аталатын бір «қабыққа» енгізеді. Мұндай жиынтықтың механикалық құралуынан өзге, турдың қалыптасуы оның техникалық - экономикалық негізделуінде қарастырады, өйткені пайдалылығы төмен тур ақырында дәрменсіз болып табылады. Сонымен, турды қалыптастырудың екі шекарасы болады: жоғарғы - қызмет көрсету мен тауарлардың максималды белсенді пакеті; төменгі - оның бағасына ықпал ететін экономикалық тиімділік.
Егер тур берілген критериялар бойынша “өтетін болса”, онда оны экспериментті енгізу керек. Ол жарнамалық тегін (немесе жеңілдікті) круизбен, автобуспен саяхат жасаумен және т. б. біріктірілуі мүмкін.
Жарнамалық тур нәтижелері бойынша оның тұсау кесері болады, сонымен қатар жалғасатын жарнамалық компания.
Кез келген елдің экономикасында халық аралық туризм бірнеше функцияларды атқарады:
- Белгілі бір ел үшін валюталық түсімдердің көзі болып табылады және сол елді жұмыспен қамтудың қорына айналады.
- Елдің төмен балансына және жалпы ұлттық өніміне деген үлестердің ұлғаю қоры болып табылады.
- Экономикалық диверсификациясына әкеледі, яғни туризм саласында қызмет көрсетуші салаларын ашады.
- Елдегі жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуіне және халықтың табысының жоғарлауына әкеледі.
Халықаралық туристер - тұрақты тұрғылықты жеріндегі өз елінен тыс саяхат жасайтын және бүкіл дүние жүзілік туристік ұйымның статистикасына есепке алынатын адамды айтамыз. 1994 жылы әлемде 528, 4 млн халық аралық туристер болған. Ал 2000 ж 697, 6 млн адам болған. Болжам бойынша 2010 ж 937 млн болуы мүмкін.
1. ХХ ғ бастауына дейінгі кезең - туризмнің шығу тарихы.
2. ХХ ғ басы - Элитарлық туризм, яғни туризм арнайы мамандандырылған туристік қызметтер мен өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың ашылуы.
3. ХХ ғ басынан ІІ Д. ж. с баcталуына дейін бұл әлеуметтік туризмнің қалыптасуы.
4. ІІ дүниежүз. соғыстан кейіннен осы қазіргі кезеңге дейінгі аралық бұл жалпылық сипатта, яғни туристік индустрияның құрылуы.
І кезең - антикалық кезең. Саяхаттар негізінен сауда-саттық жүргізу мақсатта болған. Сондай-ақ білім алу, қажылыққа бару, емделу мақсатында саяхатқа шыққан . Осы кезеңде саяхатшылар Жерорта теңізінен бассейндер арқылы Европаға Африкаға көп сапар шеккен.
ІІ кезеңде Элитарлық кезеңде туризмнің дамуында көлік түрлері дамуы әсер етті:
1. Параходты ойлап табушы Фултон - 1807 жылы
2. Паравозды Стефенсон - 1814 жылы
ХХ ғ орта шенінен бастап ірі-ірі параход, кеме компаниялардың пайда бола бастады. Сәйкесінше туризмнің жалпылық сипат алуына әкелді.
Ғылыми - техникалық прогресстің жүруі және еңбекшілердің әлеуметтік және қоғамның жалпы игіліктің өсуі біртіндеп жұмыс уақытының қысқаруына (12 сағаттан 8 сағаттқа көшу) көп бос уақыттың пайда болуына әкелді. (Мысалы Германияда ең алғаш демалыстар 1873 ж мемлекеттік қызметтердің демалысы деп қаулы тұрғыдан бекітілді)
Уақытша тұратын тұрғындарды қабылдайтын арнайы мекемелер ашыла бастады. Бастапқыда ондай тұрғындарды «қонақтар үшін бөлме» шіркеу қызметкерлердің үйінде монастырлерінде және миссияларында алғаш қонақ үйлер ашылды.
1812 ж орталық Швецарияда «Риги Кмотели» атты алғашқы отель әрекет ете бастады. Ал 1801 ж Германияда «Бадини Хар» қонақ үйі ашылды. XVIII - XIX ғ-да алғаш курорттық орындар ашыла бастады.
XIX ғ-ң IІ жартысында демалыс индустриясында өндіріс аясы кеңейе түсті. Қонақ үй шаруашылықтарымен қатар саяхат жасау бюролары ашыла бастады.
Алғаш «пекидж тур» туристік қызметтердің кешені олар 1 бағамен сатылатын топтық турлар ең алғаш Томас Куктың ұйымдастыруымен 1841 ж жүргізлген, яғни ол топтық тур болды. Куктың сапарындағы қызметке 20 миллдік темір жол сапары кірген, пойызда шай және булочка берілген, сонымен қатар духовой оркестр ойнайтын.
Германияда І ші саяхат жасау бюросы «Райзанбюро Штанген».
ІІІ кезеңде І ші Әлемдік соғыс басталған Ұлы репрессия, ІІ д. ж. с болды.
Осы кезеңде туристік маршруттар тарихи орындарға бару, мәдени ескерткіштерге барумен сипатталады. Халық аралық туристік қозғалыс Европада жиі жүрген.
1 Халқаралық туризмның қалыптасу жағдайы және теориялық аспектілері
Туризм деген түсінік өзінің ежелі тамыры және тарихы бар. Туризм тарихын анықтау, сипаттауда ғалымдардың ойлары екіге бөлінеді. Мысалы, Дж. Уокер өзінің «Қонақжайлыққа кіріспе» атты еңбегінде туризмнің бес кезеңін атап кеткен; индустрияландыру алдындағы кезең 1840 жылға дейін, теміржол ғасыры, теңіз лагерлеріндегі кризис ғасыры деп қарастырады. Атап өтілген кезеңдері арқылы Дж. Уокер туризм саласының даму эволюциясын транспорттың дамуымен байланыстырады.
Жақынырақ көзқарасты, яғни туризм тарихына байланысты тұжырымды Польшаның ғалымы И. Енджейчик жүйелі түрде келксідей туризмнің қозғалысын сипаттайды;
- ерте тарихтық фаза, 1850 жылға дейінгі уақытты қамтиды;
- бастапқы фаза-1914 пен 1945 жылдар аралығы;
- топтық туіризм фазасы-1945 жылдан кейінгі уақыт.
Ерте тарихтық кезеңде көбінесе кеңістікте орын ауыстыру моменті болып; сауда, тұрмыстық қатынастар, танымдыққа қызығу, ашылулар, білім алу, діни деген сияқты факторлармен болатын. Бұл кезеңде саяхаттау тек сертификттардың, телигримдердің және ел аралаушы сияқты адамдардың айналысатын нәрсесі болатын.
Заманауи туризімнің бастапқы фазасы ХІХ ғасырдың еншісінде. Осыған тән қасиет;
- ақпараттық инфроқұрылымның дамуы, әсіресе почталық байланыс;
- транспорттық инфроқұрылымның дамуы, теміржол және пороход сияқты транспорт құралдарын пайдалану және саяхатта жылдамдықты жоғарлату бағаны төмендету;
-индустрияландыру нәтиежесіндегі тұрмыстық жағдайдың өсуі және алғашқы әлеуметтік жаулап алу, яғни демалуға құқығы.
Осы классификацияға сәйкес өсу фазасы 1914-1945жылдар аралығына сәйкес келеді. Бұл фазада туристік қозғалыстың өсуі көбіне орта деңгейдегі адамдардың негізінде құрылады. Жаңа саяхаттау формасын саяси қозғалыстар жасап шығарған, яғни олардың ұлттық-әлеуметтік көрінісі бар. Бұл саяси қозғалыс арзан немесе жалпы алғанда тегін келетін жолдамалар ұсынып олардың патриоттық сезімдерін туғызуға тырысатын.
Мұндай саяхаттаулар көбіне Германия Италия елднрінде кеңінен тараған.
1945 жылы туризм жаңа фазаға көмті, яғни олар не топтық саяхат не туристік қозғалыстың диверсификациялық өсуі болып екіге бөлінеді. Оның ерекшеліктері көбіне бұрығы социолистік мемлекеттерде біршама байқалады. Әлеуметтік туризм басым сипатта болды, тек социолистік жүйе мемлекеттерінің шекарасында ғана шектелетін. Нарықтық экономика елдерінде туризм тұрмыстық қызмет формасын үшінші жақ сферасын кеңейтті.
Туризм тарихын негізін елдераралық зерттеулер арқылы сипаттауға болады, яғни бұл сипаттарды туристік фирмалар мен қонақүйлер білуі міндетті болып табылады. Мұндай ұстанымды мысалы, Лини Вандер Ваген ұстанады, ол Австралия қонақ үйді осылай сипаттайды.
Кейбір зерттеулер туризімнің даму ерекшеліктерін сол елдіегі экономиканың дамуымен байланыстырады. Ал экономикасының сапасы төмен елдерде ішкі туризмді дамыту басым болуы керек. Сонда жахандық сипат қабылдайтындар үшін халықаралық саяхат жасауға индустриялды мемлекет болсын мүмкін болады.
Бірақ бұл көзқарастың барлығын нақты әрі қорытынды туризм тарихы деп қарстыруға болмайды. Туризм көпжоспарлы көрініс және ол әртүрлі тарихи кезеңдерде белгілі бір топтағы факторлардың негізінде қалыптасқан. Мысалға, орта ғасырда туризімнің маңызды негізін құраушы рухани факторлар болатын-діни, білім алуңа тырысу, қажылыққа ынталандыратын және білім алу мақсатында саяхаттау болатын, ал қазіргі уақытта туризімнің басқа факторлары орын алған, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық (тұрмыстық деңгейдің көтерілуі, бос уақыттың болуы\, демографиялық, (орташа өмір сүру деңгейі, урбандалу\.
Сонымен туризм тарихы-бұл өте ұзақ көпжоспарлы процес болып табылады, оның қалыптасуында бір ғана жақтың дамуы осы саланың базалық элементінің қалыптасуынсыз, тарихи дамудың әр сатысында әлеуметтік-экономикалық факторлардың әрекетінсіз мүмкін болмайтын еді.
Туризм дамуының негізгі факторларына келесілерді жатқызуға болады;
- Ұлы географиялақ ашылулар, экспедициялар, заманауи туристік ресурстарға көрініс бергендерді, халықаралық туризімнің теориялық негіздері;
- орналастыру құралдарының эволюциясы;
- көлік құралдарының эволюциясы.
Туризм дамуын ынталандыратын әлеуметтік-экономикалық фактор әр тарихи сатыда жекше болған.
Ежелде туризм тек аристрократтар үшін темдік, спорттық, білім алу сияқты мақсатта болатын.
Орта ғасырларда саяхатты ынталандырушы мықты фактор діни мақсаттағы болатын. Қажылық пен білім алу мақсатындағы саяхат орта ғасыр дәуіріндегі ең маңызды белгілер еді.
Ұлы географиялық ашылулар, буржуазиялық-демократиялық революциялар және өнеркәсіптік революциялар жаңа заман туризімінің дамуына негіз болды.
Заманауи туризм дәуірі 1841жылдан басталады, яғни Томас Кук, темір жол қадірін бағалап көрші қалаға алғашқы топтық туризм ұйымдастыруға негіз болды. Алғашқы топ 600 адамнан тұрды.
Қазіргі уақытта ХХІ ғасыр туризімнің қалыптасуына көптеген факторлар тобы әсер етуде; мемлекеттік органдардың көмегі, халықтың жағдайын жақсарту, демографиялық факторлардың әсері және т. б.
Ортағасырлық туризм тарихы ұлтаралық қалыптасуымен және жоғарғы элиталық топтарының құрылуымен феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасуымен сипаттаплады. Осы тұстан Евраплық мемлекеттер ішінде өндірісті дамыту жүре бастады.
XV ғ ІІ жартысында ішкі және сыртқы рыноктарда өнеркәсіптік тауарлар айырбасы дамыды және алғашқы капиталдың қорлану процессі басталды. Осы кезеңде ұйымдастырылған саяхаттар жүргізу тарихында Португалия принці Генрихтің ролі зор болды кейіннен теңіз жүзушісі деп аталды. Генрихтің ұйымдастырылуымен кеме жасау өндіріс қолға алынды. Алғаш Коравелланы жасаған жылдамдығы сағатына 22 км болған, ол осы Коравелламен Африканың батыс жағалауын зерттеген, жүріп өткен бағыты 3500 км болған. Жаңа дәуірде неміс географы Мартин Бехайм (1459-1506) 1492 ж алғаш рет глобус жасаған. Ол ескі глобустың бірі болып табылады. Ол осы күнге дейін жеткен.
Италияның астрономы Пауло Посканелли (1397-1482) жердің шар тәрізді екендігіне пікір айтқан.
Жаңа дәуірдегі туризм тарихында діни мақсаттағы саяхаттар мен қатар саяси сипаттағы жорықтар да үлкен орын алған.
16 ғ ғылымның дамуы (экономикалық ғылымның дамуы, қалыптасуы 16ғ. аяғынан басталады) алғашқы университеттердің ашылуына себеп болған.
18 ғ бастап Европа елдерінде студенттердің саяхат жасаулары басталынған. Ол білім мақсатында Италияның университетіне барған. Біртіндеп кейін Европадағы адамдардың жүріс тұрыс қозғалыстары көпшілік сипатқа ие:
- Крест жорықтары (әскери адамдар, шіркеу қызметтері, дін жолындағы адамдар, саудагерлер)
- Танымдық, ойын-сауықтық, емдік және т. б. сол сияқты мақсаттармен саяхатқа шықты.
Міне, осының барлығы географиялық таным білуді кеңейтті. Ұлы географиялық ашулар үшін алғашқы шарт болып табылды және сауда мәдени байланыстарының кеңеюіне әкелді.
Саудалық байланыстардың ары қарай дамуы, яғни сыртқы рыноктарды іздеу, өнеркәсіптік және қаржылық капиталдарды салатын сфераларды іздеу, сондай-ақ халықтың жаппай көшіп қонуы ел арасында туризмнің дамуына алғы шарт болды. Сол себепті де 17ғ Европада таза туризмнің түрі қалыптасты. Өйткені, К. Либердің айтуы бойынша осы кездегі адамдардың саяхаттары танымдық, емдік және демалу мақсатында болған.
Туризмнің әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасуы 17ғ аяғы 18ғ басы. Бұл кезеңдерде Европалық мемлекеттердің кейбір мектеп оқушылары табиғат аясына жаяу серуендеп шығуларды ұйымдастыра бастаған. Алғашқы «Ұлы турды» 17ғ мемлекеттің, халықтың жоғарғы бөлігі жасай бастады. Ұлы турларға халықтың жоғарғы бөлігі ғана емес, сондай-ақ қатардағы азаматтарға қызығушылық тудыра бастады. Жастар арасында ұзақ сапарларға шығу, Европаға баруды сәнге айналдырды. Ұлы турлардың станциялары ретінде алғашында Европаның мәдени орталықтары саналды. Оның ішінде Испания, Франция, Италия, Грецияның қалалары мен көрікті жерлері саналды.
Ұлы тур 2-3 жылға дейін созылған. Ағылшындар үшін ол Лондоннан Римнен аяқталынған. Парижге міндетті түрде соққан. Алғашқы көпшіліктік туристік саяхат Англияда 150ж астам уақыт бұрын басталған. Оны 1841 ж ағылшын кәсіпкері Т. Кук ұйымдастырған. Ол теміржол көлігінде 600 адамды саяхаттау мақсатында Лейстерден бастап, Лафборо станциясына дейін барып, кейін қайтқан.
Ол осы саяхатын ұйымдастыра отырып, ағылшындардың компаниялары көп адамды арзан билетпен тасымалдау (теміржол) қымбат билетпен аз адамды тасымалдауға қарағанда тиімді екенін дәлелдеген. 1845ж. Т. Кук Ливерпуль қаласына саяхатты және экскурсияны ұйымдастырды. 1847ж «алғашқы туристік қоғам» құрылған. Ол билеттерді тек Англияға ғана емес басқа мемлекеттерге де сата бастаған. Ең алғашқы тур оператор Т. Кук.
1863 ж Т. Кук 1-ші туристік компания ашады. Туристерді Швейцарияға жібереді.
1865 ж Т. Кук АҚШ-қа барады. Оның мақсаты ағылшындардың АҚШ-қа бару сапарын және американдықтардың Европаға келу сапарын ұйымдастыру болған.
Христофор Колумб әйгілі теңіз саяхатшысы ретінде танылған. Ол өз кемесімен Санто Мариа Атлант мухиты бойымен жүзіп отырып 12. 10 Жаңа жер аралын жетеді. Ол оны Сан - Сальвадор деп атады. 1492 ж 25. 10 Колумб Куба аралын жетеді. Ол оны Азия жағалауы деп ойлайды. Тек 4 жылдан кейін барып Колумб Евразиядан Америкаға дейінгі Атлант Мухитын жүзетіндұрыс маршрутын салады. 1506 ж Колумб дүниеден өтеді.
Жаңа дәуір туризмнің тарихында тағы да бір саяхатшы ретінде Португалия елі танылған.
1497 ж Португалдық король Мануэль І үнді еліне экспедицияны ұйымдастырды. Оның басшысы етіп дворянинді Васко да Гамманы тағайындайды. 1497 ж 8. 06 4 кемеден жасақталған эскадра Лиссабонна шығып, 4. 12 Африка жағалауына келеді. Олар Үнді мухитын жүзе отырып, 1498 ж мамырында Калькутта жағалауына келіп жетті. Осындай үлкен саяхаттан кейін оны Португалияның 1 ші королі етіп тағайындайды.
Жаңа дәуірдегі туризмнің тарихында Германия, Швейцраия, Франция, Италия, Чехия елдерінде халықаралық курорттық аймақтар қалыптаса бастаған. Міне, осы елдер Англиямен қатар Европадағы туризмнің халақаралық орталығы саналған. 18ғ аяғында әр түрлі мақсаттармен басқа елдерге саяхат жасаушы адамдарды туристер деп атай бастады. Туризмнің осы кезеңдерде дамуы әлемдік шаруашылық байланысының белсенді даму кезеңімен тұспа тұс келген. Халықтың өзара жүріс тұрыс қозғалыстарының өсуі адамның өзара байланысын ынтығуы дамуы ел арасында мәдениетпен біліммен және т. б қызығушылықтармен алмасуға ынтығулары, құштарлықтары ұлттық және халықаралық туризмнің қалыптасуына алып келді.
Алғашында мамандандырылған ұйымдар әр түрлі аталып жүрді: общество благоустройство, общество приёма иностранцев т. б) Мұндай қоғамның ашылуы 19 ғ-ң ортасында басталған. Кейіннен 19ғ 70ж өріс алды. Ең басты ол Батыс Европа елдерінде ашылған (Германия, Швейцария, Австрия және т. б. ) Әлемдегі алғашқы тау жорықтарының бірлестігі - Ағылшын Альпі клубы деп Лондонда 1857ж ашылған. Кейіннен 1862 ж Австрия Альпі клубы және Турин (кейіннен Италияндық) ашылған. 1863ж Швейцария клубы құрылған. Міне, осындай клубтар өзара бір-бірімен әркет ете отырып, таулы аймақтарда саяхаттарды ұйымдастыруға ықпал еткен. Сол аймақтардың туристік ресурсын зерттеумен айналысқан.
1. 1 Халқаралық туризм ұғымының мазмұндық және тұжырымдамалық дамуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz