1917-1920 жылдар аралығындағы Астрахан қазақтары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 147 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тарихтың ұзақ көшінде талай ауыр сынды басынан
өткізген халқымыз әр кезеңдерде түрлі саяси, әкімшілік бөліністерге
ұшырағаны белгілі. Бұл бөліністер біртұтас халқымызды ыдырату, бөлшектеу,
сол арқылы өз саясатын тиімді жүзеге асыруды көздеген жымысқы саясаттың
салдары екендігі де айқын. 1824 жылғы Кіші жүз қазақтарының хандық
құрылымын жойған Орынбор қазақтары туралы патша жарлығының жариялануы
қазақтардың әкімшілік басқаруына өзгеріс енгізді. Елу-жетпіс үй бір
әкімшілік ауыл, он-он екі ауыл бір болыс, он бес-жиырма болыс бір
округ, ауылды үш жыл сайын сайланатын старшина, яғни, топ басы,
болысты болыснай басқаратын болды. Бұл қазақтың бірлігін жоюға
бағытталған арандатушылықтың бір көрінісі еді. Мұндай жағдай кеңес үкіметі
орнағанға дейінгі және одан кейінгі жетпіс жыл бойында да өз
көрінісін тапты. Кезінде көзі ашық, көкірегі ояу қазақ азаматтары
қарсы пікірлерін де айтты. Мәселен, Орынборда өткен жалпы қазақтың
бірінші сьезінде Ә. Бөкейханов большевиктер ұсынған барлық елде
пролетариат диктатурасын орнату арқылы ұлт мәселесін, мемлекет
формасын шешу идеясын бірден жоққа шығарып: Халықтың өз қалаулары
бойынша өмір сүрулері қажет, - деп өз ойын ашық мәлімдеп сөз сөйледі
[1, 38 б]. Ол әр халықтың өзін-өзі басқару идеясын іс жүзіне асыру
құқын қолдады. Жалпы қазақ қайраткерлерінің негізгі мақсаты - қазақ
халқын Ресей отарының қанды шеңгелінен босатып, тәуелсіз, еркін
мемлекет құруға қол жеткізу болатын. Бірақ, оңтүстікте Түркістан
қазақтары, оның құрамындағы кейбір ру-тайпалары Бұқар және Қоқан
қазақтары немесе Ташкент қазақтары, ал шығысы мен солтүстігінде
Сібір қазақтары, батыста Астрахан қазақтары, Орынбор қазақтары,
Саратов қазақтары деген жасанды атаумен, бөліп алда, билей бер
саясаты жалғаса бергені тарихи шындық.
Аласапыран жылдары тағдыр тәлкегіне ұшырап, небір қиыншылықты бастарынан
өткізіп, ел асып, қыр асып, басқа елден пана іздеп кеткен қандастарымыздың
өткені мен бүгіні және болашақтағы өмірі туралы жан-жақты саралап, тарихи
зерттеулер жүргізу тарих ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Сонымен бірге бір кезеңде атамекені болып еркін, көшіп-қонып жайлаған ата-
баба жері саналған, бірақ Патшалы Ресей, кешегі кеңестік заманда өзге ел
қарамағында қалған, бүгінге дейін ол жерлерден ешқайда жылжымай табандылық
танытқан, шет елдердегі қазақтар ирредентін қалыптастырған қандастарымыздың
өткені мен бүгінін зерттеу ерекше маңызды мәселе. Сондықтанда сыртта
жүрген қандастарымыздың бөгде ортадағы саяси мәртебесі мен олардың тарихи-
мәдени даму кезеңдерін және деңгейін анықтау бүгінгі күннің талабы. Бұл
міндетті орындау тарихшы қауым үшін ұлт алдындағы борышы болмақ. Бұл жағдай
көрші Ресей мемлекеті құрамындағы Астрахан қазақтарының тарихына да
қатысты.
Астрахандағы қазақтардың тарихи даму процесі Ресей мемлекетінің
тарихи даму жағдайымен сабақтас болғандықтан мәселені сол мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму тарихымен байланыстыра қарап,
зерттеуге, тұжырымдауға тура келеді деп ойлаймыз. Олай болса, алыс-
жақын шетелдердегі қазақ бауырларымыздың қалыптасу, даму тарихын
зерттеу дүниежүзі тарихы аясындағы тақырып болып есептеледі.
Астрахан қазақтары дегеніміз – қазіргі кезеңде Ресей мемлекетінің
территориясында өмір сүріп отырған, сол елдің азаматтығын алған
қазақтар. Бірақ олар біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бір бөлігі.
Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер халқымыздың өткен тарихы мен
мәдениетіне жаңа көзқараста талдау жасауға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматы қаласында
өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде:
“Құрылтайдың басты мақсаты - бүкіл әлемдегі қазақ қауымының болашағы
жөнінде ойласу, ұлтымыздың тарихындағы өткені мен бүгінгісіне талдау жасай
отырып, болашақ тағдырымыздың қалай өрілетінін талқылау... дүние жүзіндегі
қазақтар қай елде жүрсе де, өзін Қазақстанның өкілі сезінетіндей жағдай
жасау біздің болашақтағы маңызды міндеттеріміздің бірі”, - деп баса атап
көрсетті [2, 13 б.].
Қазіргі кезде қазақ диаспорасы дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде
бар. Қазақстаннан тыс жерлерде 4 миллиондай қазақ тұрады, яғни әр үш
қазақтың біреуі шетелде жүр. Олар қай елде жүрсе де тілін, әдет-ғұрпын
сақтап қалған . Дүниежүзіндегі елдердің ішінде қазақтар көп шоғырланған ел
- Ресей. Статистикалық деректер бойынша мұндағы қазақтар саны 635865
адам болса, оның ішінде Астрахан облысында 126500, Орынбор облысында
111477, Омбы облысында 75000, Саратов облысында 73400, Волгоград
облысында 41500, Челябі облысында 3200, Қорған облысында 16000, Алтай
өлкесінде 70000 қазақтар орналасқан [3, 120-135 бб.]. Соңғы есептерге
сүйенсек Астрахан облысында 142 мыңнан астам қандастарымыз қоныстанған,
бірақ, бұл арнайы статистика. Жергілікті қазақтардың есебімен бүгінде
ұлтымыздың саны 200 мыңнан асқан екен. Олардың 95,3 пайызы тілін,
дәстүрін, тарихи қалыптасқан шаруашылық түрлерін сақтаған [4, 35 б.]. Бұл
олардың бөгде ортада отырса да, ұлтына, тіліне деген құрметі деп есептеу
керек. Бүгінгі таңда облыста “Жолдастық” қазақ тілі және мәдениеті қоғамы
жұмыс жасайды және аудандарда бөлімшелері бар. Бұл қоғам қазақтардың тілін,
салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға
септігін тигізуде.
Зерттеу тақырыбына арқау болған Астрахан облысындағы қазақтар тарихы
кеңестік қоғам дамуымен байланысты. Бұл жерде негізгі мәселе Кеңес үкіметі
орнағаннан кейінгі жылдардағы аймақ тарихына, тарихи оқиғаларға объективті
түрде тұжырым жасау аса қажет. Осы кезеңдегі тарихи оқиғалар, яғни бірінші
дүниежүзілік соғыс, Ақпан және Қазан төңкерістері, оған сабақтаса өрбіген
азамат соғысы Астрахан өлкесі халқын қайғылы, қиын жағдайға душар етті. Осы
жылдардағы Астрахан өлкесіндегі әлеуметтік - экономикалық дамуға қазақ
халқының қосқан үлесі мол. Кеңестік кезеңде, 1928 жылы 28 маусымда
Астрахан округының дербестігін жою мақсатында әкімшілік-аумақтық қайта құру
басталды . 1930 жылдың бірінші жартысында қажеттілікке орай
орталықтандырылған әкімшілік-саяси аппарат құру аяқталып, әкімшілік-
аймақтық бөлу жұмыстары басталды. Астрахан губерниясына қарасты уездерді
ірілендіру, болыстар мен аудандарды және ауылдық қоғамды қайта құру
бұрыннан жүргізіліп жатқан болатын. 1930 жылдан бастап Астрахан
ауданаралық дәрежеде Нижне-Волжск аймағының, 1934 жылдан бастап Сталинград
(Волгоград) аймағының құрамында болды. 1937 жылдың 16 маусымынан бастап
Сталинград облысының құрамынан Астрахан округы болып қайта құрылып,
орталығы Астрахан қаласы болып бекітілді [5, 72 б]. Бұл жағдай, яғни, бір
жерден екінші жерге бағынушылық, ауыстырулар аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуына әсерін тигізбей қоймады және шаруашылықтың тарихи даму
жағдайын да бұзды. Астрахан губерниясының негізі ата-бабаларымыздың кіндік
қаны тамған қазақ жерінің бір бөлігінен құрылғандығы баршаға аян.
Қандастарымыз қайда, қашан, қалай, не себептен барып орналасқандығына
қармастан біртұтас қазақ ұлтының бір бөлігі, қазақ халқының тарихы
болып табылады. Сондықтан 1917-1940 жылдар аралығындағы Астрахан
қазақтарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму тарихын зерттеу бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің қатарына жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Астрахан облысы қазақтарының әлеуметтік-
экономикалық, мәдени даму тарихы біртұтас кешенді ғылыми тұрғыдан жеке
тақырып ретінде арнайы зерттелмегенімен, олардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты
мәліметтер белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енген. Мәселен, И.Қабышұлы
Монғолия қазақтарының тарихы [6], У.Х.Шәлекенов Қарақалпақстан
Республикасында өмір сүріп жатқан қандастарымыз тарихын [7], Б. Қалшабаева
Өзбекстан қазақтарының [8], Д. Ескекбаев Орынбор қазақтарының этнографиясын
зерттесе [9], Г.М.Меңдікулованың Социально экономическая и культурная
жизнь казахов Оренбургской губерни во второй половине ХIХ-ХХ в [11],
К.Балтабаеваның Казахи и татары Западной Сибири (1919 – 1932 гг.),
А.Коноваловтың Казахи Южного Алтая [12], Н.Мұқаметханұлы XX ғасырдағы
қытайдың тарихи үрдісіндегі қазақтардың әлеуметтік дамуы [13] атты
еңбектері бүгінгі шет елдердегі қазақтардың тұрмыс тіршілігінен біршама
мағұлмат береді. Сондай-ақ К.Л.Есмағамбетовтың құрастыруы және ғылыми
жетекшілігімен Қазақ диаспорасы.Этникалық сақталу мәселелері деген
жинақта шетел ғалымдары Л.Бенсон мен И.Сванбергтің Қытайда тұратын
қазақтардың Түркияға қоныс аударуы және олардың әлеуметтік-экономикалық,
мәдени өмірі туралы еңбектері қазақ тілінде жарық көрді [14].
Дегенмен, Еділ бойына қоныстанған қандастарымыздың ол жерде диаспора
емес, өздерінің ежелгі ата-қоныстарында өмір сүріп жатқандығы кейде айтылып
жүрсе де, өз дәрежесінде мойындалды деп айта алмаймыз. Диаспора сөзі грек
сөзінен аударғанда шашыранды өсу деген мағынаны білдіреді, репатрианттар
болса өз атамекеніне қайтып оралғандар, ал ирредент дегеніміз көршілес
мемлекеттерде тұрғанмен тарихи ата-бабаларымыздың жерінде орналасқан
қандастарымыз. Біз зерттеп отырған тақырып осы ирреденттер тарихына
арналған. Бірақ, кеңес үкіметі кезінде де, қазір де Ресейдің құрамына
кіретіндіктен, көрші елдегі қандастарымыздың өмір тарихы деп баяндауға тура
келеді.

Астрахан қазақтарының тікелей өздеріне байланысты тарихи зерттеу
еңбектері болмағанымен, жалпы Астрахан облысының пайда болу тарихы, оны
мекендеген көп ұлтты халықтың тұрмыс тіршілігінен мағлұмат беретін тарихи
зерттеулер баршылық.
Х. Ермуратовтың Октябрь в ауле , На земле народов братьев [15]
еңбектерінде қазақтардың Қазан төңкерісіне көзқарасы, олардың ел
экономикасын дамытуға қосқан үлесі, мәдени өмірдегі алатын орны
анықталады. История Астраханского края [16] атты монографиялық еңбекте
ұлтарлық қатынасқа және аз ұлттардың кеңес үкіметінің солақай саясатына
наразылық толқулары баяндалған бөлім бар. Сол сияқты Г.Оразтаеваның
Жолдастық қазақ тілі және мәдениеті қоғамының 10 жылдығына арналған
Астраханские казахи: история и современность [17] кітабы да қазақтар
өмірінен толық болмағанымен, біраз мағлұматтар алуға септігін тигізді. Ауыл
шаруашылығын дамыту саласына байланысты, Н.В.Челобановтың [18]
еңбектерінде ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстарына қазақтардың тікелей
қатысы туралы жазылған. Еңбекте қандастарымыздың ата-кәсібі мал шаруашылығы
болғандықтан көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халық үшін Кеңес
үкіметінің отырықшыландыру, жаппай тәркілеу саясаты оңай тимегендігі,
соған қарамастан қазақтардың егін шаруашылығына тез икемденуінің арқасында
көкөніс, бидай, күріш өсіріп өнім жинауға қазақтар белсене қатысқаны
айқындалады. Мәселен, Микоян колхозының күріш өсірушісі И. Қадырбердиев
1939 жылы әр гектардан 42,7 центрден күріш жинап, Бүкіл Одақтың ауыл
шаруашылығы көрмесіне қатынасқан [18, 39 б].Еңбек кеңес үкіметі өмір сүріп
тұрған кезде жазылғандықтан бір жақты мадақтаумен шектелген.
Қазақ даласын отарлаудағы Ресей империясының қолшоқпары болған
Жайық, Астрахан казак әскерлерінің жергілікті қазақ халқымен жер үшін
тартысына 1917 жылғы революциялық қозғалыстар кезіндегі көзқарастарына
байланысты материалдарды 2000 жылы Ресей Ғылым Академиясы жанынан
жарық көрген Казачьи войска Азиатской России в XVIII - начале XX
века (Астраханское, Оренбургское, Сибирское, Семиреченское, Уральское)
[19] жинағынан көруге болады.
Ж.Н. Ермекбаевтың Российские казахи в составе РСФСР и СССР в 1917-1991
г.г. [20], Е.Б. Сыдықовтың Казахстан в составе Российской Федераций
(1917-1937 г.г.) [21], С.М.Исхаковтың Российские мусульмане и
революция (весна 1917 г. - лето 1918 г.) [22] ғылыми зерттеу
еңбектерінде Ресей құрамында болған жылдардағы Қазақстанның экономикалық,
әлеуметтік, мәдени даму тарихын баяндаумен қатар, қазақтардың қиын
тағдырына жан-жақты талдау жасаған. Мәселен, Е.Б.Сыдықовтың еңбегінде 1917-
1937 жылдар арасында Ресей Федерациясы құрамында болған Қазақстанда
тоталитарлық режимнің орнауы және оның жергілікті халықтың
этнодемографиялық, елдің саяси-әлеуметтік, рухани дамуына қашалықты әсер
еткендігі, сондай-ақ екі халық арсындағы байланыс айтылса, ал
Т.А.Нұрпейсовтың XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы
қазақ ауылдары монографиясы қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігінен
мағұламаттар береді [23]. Диссертациялық еңбектердің тәуелсіздік алғаннан
кейін жазылғандығы шетте жүрген қандастарымыздың тарихын шынайы түрде
зерттеп, нақты пікір айтуға негіз болғандығына көз жеткізуге болады.
Мәселен, Г.Меңдіқұлова өзінің Казахская диаспора: история и
современность[24] атты монографиясында билеуші мемлекеттің отаршылдық
саясатының құрбаны болған бауырларымыздың өз ата-мекенінде тұрса да
шекара бөлу кезінде отанынан шеттеп қалып тұрмыстың ауыр тауқыметін
тартқанына қарамай ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу жолындағы
күресі жөнінде жан-жақты ғылыми тұрғыда талдау жасаса, Исторические
судьбы казахской диаспоры.Происхождение и развитие[24]атты еңбегінде автор
алғаш рет қазақ диаспорасының тарихи қалыптасуына,қазіргі жағдайына талдау
жасайды.Автор ағылшын-американдық деректерді пайдалана отырып Батыс
Европада,Түркияда,Шыңжанда және АҚШ-та тұратын қазақтардың салт-дәстүр,әдет-
ғұрып тарихын кешенді түрде зерттеген.Сондықтан бұл еңбек теориялық және
әдістемелік мазмұндылығымен ерекше құнды еңбек блып табылады .
Ө.Озғанбаевтың Ресейдегі Дума саясаты және XX ғасыр басындағы
Қазақстан: нақты тарихи талдау (1905-1917 ж.ж.) [25] атты ғылыми зерттеу
еңбегінде қазақ халқының, соның ішінде Астрахан облысынан депутат сайланған
азаматтардың өлкенің жер-су, дін мәселелерін шешудегі қажырлы еңбектері
баяндалған.
1920 жылдардағы Астрахан балық өнеркәсібі тарихын зерттеуші
К.Ф. Кисилевтің еңбегінде де бізге қажет біраз материалдар
кездеседі. Зерттеуші астрахандық балық аулаушылардың өмірі туралы:
Балықшылардың үйлерінде ауыстыратын балық аулау құралы үнемі болатын,
қайықтары жараса болды, желкендерін көтеріп, жүзіп жүре беретін және бір-
бірлеріне қол ұшын беруге әр уақытта дайын тұратын. Балық аулаушы көбіне аш
жүрсе де, өз жұмысына риза көңілмен қарайтын, ал жанұялары апталап нансыз
отыруға мәжбүр болатын, тек қана кепкен қаракөзді талғажау жасайтын - деп
сипаттайды [26,125 б].
Астрахан облысы тұрғындары балық, тұз, ауыл шаруашылығы салаларымен
айналысумен қатар мұнай өндіру саласындада өзіндік үлес қосқандығы белгілі.
Бұл туралы Ә. Қ. Мұқтардың [27] зерттеу еңбектерінен айқын көреміз.
Әсіресе көрші Атырау облысымен, оның ішінде Доссор, Мақат өңіріндегі мұнай
өндіру жұмыстарына қажетті құрал-саймандар дайындау, оны жеткізу
жұмыстарына астрахандық завод, фабрикалардың қосқан үлесі сондай-ақ
қазақстандық еңбекке жарамды адамдарды балық аулау, құрылыс жұмыстарына
Астрахан жеріне жіберіп отырғандығы баяндалған.
Астрахан облысындағы сауатсыздықты жою, мәдени іс шаралардың жүзеге
асуы, мәдениет орындарының салынуы туралы құнды материалдар баршылық.
Г.Оразтаеваның [28] еңбектерінде аз ұлттар арасындағы сауатсыздықты жою,
жалпы мәдени ағарту жұмыстарына, соның ішінде қазақтар арасындағы мәдени іс-
шараларды ұйымдастыру жұмыстарының тарихына талдау жасалғанмен біз зерттеп
отырған кезең ашылмаған. XX ғасыр 20-30 жылдарында Ресей жеріндегі ашылған
қазақ мектептері үшін ең қиыны ана тіліндегі оқулықтардың жетіспеуі және
халықтың білім алуға құлшынысы болғанымен, әлеуметтік жағдайларының төмен
болуы себепті көп кедергілерге тап болғандығын мұрағат деректеріне сүйене
отырып жан-жақты талдадық.
И.И.Панинің История Астраханского края (1900-1940 гг.) [29],
В.В.Фильтустің Астрахань: Краткий исторический очерк [30]
еңбектерінен де Астрахан жеріндегі тарихи оқиғалар жөнінде деректер алуға
болады.
Л.В.Версиктің Борьба за установление советской власти в Астрахане
[31], В.Варламовтың За советы в Букеевской Орде [32] зерттеулерінде
Астрахан аймағында кеңес үкіметінің орнауы, күйзеліске ұшыраған елдің
жағдайы кеңінен сөз болады. Жаңа билікті мойындағысы келмеген орыс-казак
әскерлерінің жергілікті халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары,
С.В.Дорожиннің Экономика рыболовецких колхозов Астраханского округа
в 1937-1940 гг. [33] атты ғылыми зерттеуінде көрініс тапқан. Еңбекте жаңа
экономикалық саясат жылдарында жүргізілген жаппай ұжымдастыру жұмыстарының
балық шаруашылығы саласына тигізген әсері, қиындықтар мен жетістіктері,
балық шаруашылығында әсіресе әйелдер мен жасөспірімдер еңбегінің дұрыс
бағаланбауы, қазақтарды жұмыстың ең ауыр нүктелеріне жұмсауы баяндалған.
П.Н.Першин Аграрная революция в Россий [34] деген еңбегінің екінші
томында кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдардағы ауылшаруашылығы
коммунасының құрылуы мен дамуының тарихына тоқталды. П.Першиннің
монографиясында коммунистік партия мен кеңес үкіметі органдарының алғашқы
ауылшаруашылығы коммунасын ұйымдастыру кезіндегі жүргізген үгіт насихат
жұмыстарына өте көп мән берген. Сонымен бірге автор деревнялардағы
кедейшілікті жою жолында ауылшаруашылығы коммунасының орны ерекше деп
көрсетеді.
В.М.Селунскаяның Рабочий класс и Октябрь в деревне [35] деген
еңбегінде ауылшаруашылығы коммунасы ұжымдық шаруашылыққа деген алғашқы
қадам екендігі және мәдени-ағарту жұмыстарының дамуына да дұрыс әсерін
тигізді деп жазады. В.М.Губарев [36] өз еңбектерінде ауыл селолардағы
коммунаның ұйымдастырылуы деревнядағы кедейлерді аштықтан және кулактардың
озбырлығынан құтқарды деген қорытындыға келеді.
Зерттеу жұмысының жаңалығының толығуына сол жылдардағы баспасөз
материалдарының үлкен көмегі тиді, әсірес ұлт зиялыларының
басшылығымен шығарылған Қазақ, Қазақстан (Ұран) газеттерінің
материалдары кеңінен пайдаланылды.
1918 жылы Известия газетінде жарияланаған Ю.Лариннің мақаласында
коммунамен бірге мемлекеттік ірі жер өңдеу шаруашылығын яғни бидай өсіру
мен айналысу қажет деп ұсыныс жасайды [37], оған Н.Орлов (Наркомпродтың
белгілі қызметкері) қарсы пікірде болады.
Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты кезіндегі Астрахан
казак әскерлерінің қанды жорықтары М.Ж.Абдировтың [38] еңбегінде баяндалса,
К.А.Жиреншиннің [39] Политическое развитие Казахстана в XIX - начало XX
веков еңбегінде Бөкей ордасы жерінде жүргізілген отаршыл саясаттың анық
бет пердесін көре аламыз. 2008жылы Мәскеуде екі томдық Ресей қазақтары
(Казахи в Россий) деген кітаптың тұсау кесер рәсімі болды. Бұл жинақ ата-
бабаларымызға арналған тарихи ескерткіш деп айтуға болады. Кітапта
қандастарымыздың тарихи өсу,даму жолы және Кеңес үкіметін құру оның даму
жолындағы ерен еңбектері жан-жақты баяндалған [40]. Дегенмен біз зерттеп
отырған тақырып көлемінде айтылмаған.
Қорыта келгенде тарихнамалық талдау тақырыптың бүгінге дейін кешенді
түрде арнайы зерттеу аумағына айналмағандығын дәлелдеейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Астрахан қазақтарының
1917-1940 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму
тарихын, яғни ХХ ғасыр басындағы әскери коммунизм, жаңа экономикалық
саясат, жаппай ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін жылдарындағы Астрахан
қазақтарының ел экономикасына қосқан үлесі, жергілікті халықпен қарым-
қатынасы, әлеуметтік-мәдени өмірлеріндегі қиыншылықтар мен жетістіктерін
анықтау және мәселені жан-жақты кешенді түрде зерттеу диссертациялық
жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес
төмендегідей міндеттер қойылды:
­ Астрахан қазақтарының орналасуы, қоныстану тарихын зерттеу арқылы
1917-1940 жылдардағы даму деңгейін анықтау;
­ Астрахан қазақтарының қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін, осы
өңірден шыққан тарихи тұлғалар мен мемлекет және қоғам қайраткерлернің
қызметтері арқылы көрсету;
­ Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда қазақтардың Астрахан облысы
экономикасының, әсіресе ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және тұз
өнеркісібі салаларының дамуындағы ролін анықтап көрсету;
­ 1917-1940 жылдардағы Астрахан өңірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси
және мәдени өмірін зерттеу арқылы қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне жан-жақты
талдау жасау;
­ Мәдени-ағарту саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерге жан-жақты
тарихи сипаттама бере отырып, Кеңес үкіметінің кейбір солақай саясатының
бет-пердесін анық,шынайы түрде саралау;
­ Астрахан қазақтарының демографиялық жағдайын, оған елдегі түрлі
тарихи өзгерістердің ықпалын анықтау;
­ Астрахан қазақтарының Қазақстан Республикасымен көршілес облыстардағы
қандастарымен байланыс деңгейін зерделеу.
Диссертацияның хронологиялық шеңбері 1917-1940 жылдар аралығын қамтиды.
Бұл жылдар бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан және қазан төңкерістері, Кеңес
үкіметінің орнауы, азамат соғысы, елде жаңа кеңестік тоталитарлық жүйенің
қалыптасуы, әскери коммунизм саясаты, жаңа экономикалық саясат, яғни
социалистік индустрияландыру, ауылшаруашылығын ұжымдастыру, сауатсыздықты
жою, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін оқиғаларымен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жалпы тарихта 1917-1940 жылдар
аралығындағы Астрахан облысы қазақтарының әлеуметтік-экономикалық және
мәдени өмірі тарихы алғаш рет жеке тақырып ретінде қарастырылып отыр. Бұрын
айналысқа енбеген мұрағат деректерімен ғылыми ақпарат жаңалықтарына сүйене
отырып жүргізген жан-жақты зерттеулердің нәтижесінде төмендегідей ғылыми
жаңалықтарға қол жеткіздік:
­ Кеңес үкіметтін орнату жылдарындағы Астрахан губерниясы жеріндегі
қазақтардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігіне талдау жасалынды;
­Жаппай сауаттандыру, ұжымдастыру жылдарындағы қиыншылықтардың негізгі
себебі ғылыми тұрғыда анықталып, Кеңес үкіметінің аймақтағы орыстандыру
саясаты баяндалды;
­ Қазан революциясынан кейінгі өзгерістер, кеңестік билікке қазақ
зиялыларының көзқарасы, кеңес үкіметі қызметкерлерінің аз ұлт өкілдеріне
көрсеткен озбырлық іс-әрекеттеріне ұлттық көзқарас тұрғысынан баға
беріледі;
­ Астрахан облысы қазақтарының қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда
жалпы ел экономикасының, әсіресе ауылшаруашылығы, балық шаруашылығы және
тұз өнеркісібі салаларының дамуындағы ролі алғаш рет жаңа тұрғыдан
бағаланды;
­ Астрахан облысы жерінде қоныстанған қандастарымыздың шаруашылық-
мәдени өміріндегі ерекшеліктері анықталып, оның тарихи себептері нақтыланып
мол мұрағат деректері алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді;
­ 1917-1940 жылдар аралығындағы шаруашылықтың әртүрлі саласында қызмет
атқарған қандастарымыздың ел экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосқан
үлесі сарапталды;
­ 191-1940 жылдар аралығындағы тарихи оқиғалардың Астрахан қазақтарының
демографиялық жағдайына тигізген әсерлері анықталып, олардың демографиялық
дамуы жайлы тың тұжырымдар жасалды.
- Қазақ халқының өткені мен бүгінін салыстырмалы түрде талдап, зерделеп
қортынды жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
­ Астрахан қазақтары ата-бабамыздың тарихи отанында отырғандарына
қарамастан кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы солақай саясатының
қиындықтарына тап болды, өз тарихи отанына кірме атанды;
­ жаппай сауаттандыру, ұжымдастыру жылдарында бұрынғы Ресей империясының
аймақтағы орыстандыру саясаты кеңестер билігі тұсында да одан әрі
жалғасып, халықтың мәдени тұрмысын жақсарту жолында көптеген кедергілерге
тап болды;
­ Астрахан қазақтарының кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі басқару
саясатының түрлі ерекшеліктеріне байланысты ұлттық кемсітушіліктерге тап
болуы билік органдарының солақай саясатының бір көрінісі болды;
­ ұлт зиялылары Астрахан губерниясы жерінде орын алған келеңсіз
оқиғаларға өз пікірлерін білдіргенімен, билік тарапынан қолдауға ие
болмады. Аз ұлттар мүддесін аяққа таптау, кемсітушілік етек алды, бұл
жағдай негізінен қарапайым халық арасында емес, билік өкілдері тарапынан
болғандығы айқын көрініс берді;
­ отарлық саясаттың нәтижесінде, яғни ұлттық-діни ерекшеліктердің
жойылуы, дәстүрлі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы қазақтарды
шаруашылықтың басқа салаларымен айналысуына мәжбүр етті;
­ Бірінші дүниежүзілік соғыс, кеңес үкіметінің орнауы, азамат соғысы,
жаңа экономикалық саясат, жаппай күштеп ұжымдастыру жылдарындағы
қиыншылықтар Астрахан облысы тұрғындарын да айналып өтпеді. Тығырықтан шығу
жолында барлық халықпен бірге қазақ бауырларымыз да аянбай еңбек етіп,
қоғам дамуында біршама жетістіктерге жетті.
­кеңестер тұсындағы солақай әкімшілік, әлеуметтік-саяси реформалардың
Астрахан қазақтарының демографиялық өсіміне тигізген кері әсері қазіргі
таңға дейін нақты көрініс беріп отыр.
-қазақтар арасындағы сауатсыздықты жою, оларды мәдени-көпшілік
жұмыстарға тарту өз дәрежесінде жүргізілмеді, үнемі шектеу қойылып отырды.
-қазіргі мезгілдеде Астрахан губерниясындағы қандастарымыздың ұлттық
тілі, діні, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары біртіндеп жойылуға айналған, мәдени
шаралар кезінде ғана көрсетіліп, уағыздалады.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Зерттеуде
объективтілік, тарихилық, жүйелілік тәрізді ғылыми таным принциптері
басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысында сондай-ақ тарихшылар көзқарастарын
салыстыру, талдау әдістері кеңінен қолданылды. Мәселені зерттеуде
өркениеттік даму мәселелері басты назарда болды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу барысы негізінен мұрағаттық
құжаттар, жарияланған материалдар жинақтары, мерзімді баспасөз мәліметтері
негізінде жазылды. Сондай-ақ, бүгінгі күні Астрахан облысының қазақтар көп
қоныстанған аудандарындағы көнекөз қариялармен кездесіп, олардың естелік-
жазбалары, ауызша әңгімелері де дерек көзі ретінде жинақталды.
Ресей империясы жерінде қоныстанған барлық ұлттар мен ұлыстардың
құқықтары туралы баяндалған Полное собрание законов Российской империй с
1649 г. [41] заңдар жинағы, Борьба за власть советов в Астраханском
крае [42], Установление советской власти в уездах и волостьях
Астраханского края [43] атты жинақтар Астрахан жеріндегі кеңес үкіметін
орнату жолында жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ халықтың азамат соғысы
жылдарындағы көрген қиыншылықтары туралы, соғыстың ел экономикасына
тигізген зардаптарының қандастарымыздың әлеуметтік-мәдени тұрмысының
төмендеуіне тигізген әсерін жан-жақты зерттеп, тұжырым жасауға септігін
тигізді. Астрахан облысының экономикалық дамуы, халықтың әлеуметтік жағдай
жөнінде баяндалған өлкелік конференциялардың материалдар жинағы да
тақырыпқа сай мол деректер жинақтауға арқау болды. Дегенмен, басты дерек
көзі – мұрағат қорларындағы құжаттар екендігі сөзсіз. Оларды атап айтсақ:
1 Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының (ҚР ОММ) № 4
В. Плотников қолжазбалары, № 3380 Астрахан облысы бойынша тұрғындар
саны, № 1952 Бөкей - Адай сауда қарым - қатынасы, № 1954 Колхозшылардың
білімін көтеру мектебінің жалпы жиналысы хаттамалары қорларындағы
мәліметер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Мұрағатының
(ҚРПМ) № 811 Төңкерістер мен азамат соғысына қатысушылар мен оған
куәгерлердің естеліктері, № 139 Қазан төңкерісінен кейінгі шаруашылық
салаларының жұмысы атты құжаттары пайдаланылды. Сонымен қатар, Ресей
Федерациясы Астрахан облыстық мемлекеттік мұрағатының (РФ АОММ) № 1 Аз
ұлттар әйелдерінің еңбектері туралы, № 2419 Гурьев (Атырау) балық консерві
комбинаты туралы, № 1351 қордағы Астрахан губерниясындағы ұлттық құрамы,
мектептердің, мұғалімдердің, оқушылардың саны, жұмысы туралы, № 625
Астрахан губерниялық Басқұншақ және Чапчашы тұз кендерінің бақылаушысы, №
386 Астрахань аймақтық мұсылмандардың әскери-саяси ісі жөніндегі
комиссариаттың бұйрықтары, № 1216 Астрахан губерниялық атқару комитеті
әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, № 2132 Жарлы жақыбайлардың өмірі, №
2122 Коллективтендіру қортындылары, ұлттық ерекшеліктеріне қарай колхозға
біріктіру, № 1379 Астрахан мемлекттік Еділ-Каспий Балықөнеркәсібі
тресті, №1390 Басқұншақ тұз өндіру кәсіпшілігі, № 3012 Кіші-Арал тұз
көлін өңдеу жөніндегі Халық шаруашылығы құжаттары, № 3119 қорында
жинақталаған Астрахан жеріндегі мұсылмандар арасында жүргізілген әскери
саяси жұмыстар, кейбір жазықсыз тергеу-тексеру жұмыстары, балық аулау, тұз
өндіру жұмыстарына қазақтрдың қосқан үлесі, жеке адамдардың іс-қағаздары
туралы материалдармен қатар, № 1732 қорда сақталаған тұз өнеркәсібі
еңбеккерлерінің еңбегі әсіресе қандас бауырларымыздың қиын еңбектері
туралы көптеген мәліметтерге қол жеткіздік.
2 Зерттеу жұмысының деректік негізін Ресей Федерациясы Астрахан облыстық
қазіргі заманғы құжаттары мемлекеттік мұрағатының (РФ АОҚЗҚММ) да
материалдары толықтыра түсті. Мәселен, аталған мұрағаттың № 1 Астрахан
губерниясы аз ұлттар жөніндегі жиналыстар мен партия конференцияларының
хаттамалары, № 508 Ауыл шаруашылығы дамуы мәселелері қорларында Астрахан
жеріндегі ұйымдастырылған колхоздар, ауыл шаруашылығы салалалары жұмыстары,
партия, кеңес ұйымдарының жұмыстары туралы мәліметтер қамтылған.
3 Ал, Ресей Федерациясы Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатының (РФ
ООММ) № 2263 Орынбор губерниясы білім беру ұйымдарының хаттамалары, №
297 Орынбор облыстық статистикалық комитет қорларында тақырыбымызға
қатысты тың деректер жинақталған.
4 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Атырау облыстық мемлекеттік
мұрағатының (ҚР АтООМ) № 3 Жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттарының
Кеңесінің атқару комитеті қорының құжаттары да осы зерттеу жұмысында
ғылыми айналысқа енді.
5 Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік
мұрағатының (ҚР БҚОММ) - № 307 Бөкей губерниясындағы жұмыссыздықпен күрес
және қоғамдық жұмыстар комиссиясы, № 309 Бөкей губерниялық Денсаулық
сақтау бөлімі, № 306 және № 310 Бөкей губерниялық Халық ағарту бөлімі, №
312, № 370 қорларында Бөкей губерниялық жұмысшылар Кеңесінің атқару
комитетіне қатысты және аймақтағы төңкеріс пен азамат соғысы жылдарындағы
оқиғалар куәгерлерінің естеліктері жинақталған Орал облыстық мұрағат
комитетінің № 36 қорларының құжаттары пайдаланылып, ғылыми айналысқа енді.
Зерттеу барысында Н. Крупская атындағы Астрахан облыстық ғылыми
кітапханасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Батыс Қазақстан
және Атырау облыстық кітапханалары қорлары мен мұражай құжаттары да зерттеу
жұмысымыздың деректік негізін құрады.
Жұмысты жазу барысында 1917-1940 жылдардағы Астрахан облысының қоғамдық-
саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени хал-ахуалын, халықтың тұрмыс-
тіршілігін анықтау мақсатында Астраханский вестник, Правда,
Астраханский листок, Коммунист, Кедей тілі, Астрахан облысы
журналистер Одағының Наша газета, Красный воин, Известия Астраханского
Совета және Казахстанская правда басылымдары ақпараттық мағлұматтар
алуға көмегін тигізді.
Сондай-ақ зерттеу еңбегінің авторы Астрахан облысы аудандарындағы
қандастарымыздың арасында болып олардың өмір тарихымен, тұрмыс
–тіршілігімен танысуы, жұмысымыздың шынайы шындыққа негізделіп жазылуына
бірден-бір септігін тигізді.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы және сыннан өтуі. ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы Астрахан өңірін мекен еткен қазақ халқының әлеуметтік-
экономикалық, мәдени, рухани өмірін жаңаша зерттеудің маңызы зор. Зерттеу
жұмысының негізгі тұжырымдары мен алынған қорытындылары жоғары оқу орындары
студенттері мен магистранттарына, аспиранттарына арналған оқулықтарда,
арнаулы курстар мен семинарларда пайдалануға болады.Сондай-ақ, қазіргі
мезгілде мектеп бағдарламасында ТМД елдеріндегі қазақтар және ирреденттер
мен диаспоралар туралы арнайы тақырып бар.
Диссертация Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
Қазақстан тарихы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
тізіміндегі басылымдарда жарық көрді. Сонымен бірге, мақалалар Атырау,
Қостанай, Орал және Тараз қалаларында өткен ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды
бөлімдерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 1917-1920 жылдар аралығындағы Астрахан қазақтары

1.1 Қоныстану тарихы: демографиялық, географиялық сипаттама

ХҮ ғасырдың ортасында Алтын Орданың ыдырауына байланысты төменгі Еділ
жерінен татар феодалдық мемелекеті – Астрахан қаласы астанасы болған
Астрахан(Қажы-Тархан) хандығы пайда болды. Шығыспен сауда қатынасының
орталығы болған,Астрахан хандығы алғашқыда үлкен орданың қысымын көрсе,
кейін Қырым хандығындағы ноғайлардан қысым көріп отырды. ХҮ ғасырдың
ортасында төменгі Поволжье жерінде түрік тілді феодалдық мемлекет –
Астрахан хандығы құрылды. Астраханның алғашқы ханы Алтын Ордадан қуылған
Махмуд болса, одан кейін 1461 жылы таққа ұлы Қасым келді. Үлкен Ордамен
одақтасып, Астрахан хандары Қырыммен соғысады, 1540 жылы Мәскеуге жасаған
жорық сәтсіз аяқталды. Үлкен Орданың ыдырауы Астрахань үшін қиындық
туғызды. ХҮ ғасырдың соңында Ноғай Ордасына бағынышты болып, оларға жылына
40 000 алтыннан төлейтін болды. Бітпейтін соғыс ел экономикасын құлдыратты.
Сондықтан, Ресей мемлекетімен одақтасу жолдарын қарастырды. Орыс мемлекеті
де Еділ-Каспий су жолдарын пайдалану және өз территорияларын кеңейту
мақсатында қосылуға ұмтылды. 1556 жылы тамыз айындағы Астрахан хандығымен
жүргізілген дипломатиялық келіссөздің сәтсіз аяқталуынан кейін, Иван ІҮ
Грозныйдың жіберген адамдары Астраханды ешқандай соғыссыз бағындырды. Орыс
мемлекеті Каспий теңізіне шығуға мүмкіндік алу мақсатында және қырым, түрік
басқыншылығынан қорғауды сылтау етіп, 1556 жылы Астрахан хандығын Ресей
құрамына қосып алды. Орыс мемлекетімен бірігу Поволжье халқының
экономикалық-мәдени дамуына әсерін тигізді және шығыс елдері халқының Сібір
халқымен және қазақ даласымен сауда-саттық жұмысын жүргізуге жағдай туғызды
[44].
ХҮІІ ғасырда Орыс мемлекетінің шекарасы өсті. Бұл жылдарда тарихта
Тюмень, Тоболск және Жайық (Орал) қалалары пайда болды. Қазақтар мен
орыстар арасындағы сауда қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамыды. Ресейдің
қазақ жеріне деген қызығушылығы нәтижесінде Жайық өзені жағасындағы
елді–мекендерге Каспий мен Арал теңізі аралығының зерттеу жұмыстары
жүргізілді. 1645 жылы Гурьев қаласы пайда болып, ХҮІІ ғасырдың ортасында
Каспий жағалауынан тұз алу мақсатында Сібірмен екі араға жол ашылды [50].
Осыдан бастап мәдени және экономикалық жағдайды дамыту жолында жергілікті
халықпен Ресей халқының арасында достық қатынас орнады. Географиялық
орналасуының ерекшелігі, яғни керуен жолымен - су жолы қатынасына
ыңғайлылығына байланысты Астрахан жылдам көркейіп, ірі сауда және
қолөнер орталығына айналды. I Петрдің жарлығына сәйкес 1717 жылы 22
қарашада өз алдына дербес Астрахан губерниясы құрылды [44, c1649 .].
Астрахан губерниясының құрамына Астрахан, Гурьев (қазіргі Атырау),
Дмитревск (қазіргі Кfмышинск), Петровск, Самара, Симбирск (бұрынғы
Льеновск), Сызрань, Терек, Царыцин (қазіргі Волгоград), Красный яр, Черный
яр аймақтары енді. Орыс мемлекетінің орталығынан алыстау орналасуына
байланысты, губерния жерінің кеңдігіне қарамастан сауда және қолөнер
орталықтарымен қарым қатынас жасау қиындау болды. Патша үкіметінің
саясатына байланысты, губернияның территориясын кішірейтуді қолға алды.
Осыған байланысты XVIII ғасыр Астрахан губерниясы территориясындағы үлкен
өзгерістермен ерекшеленеді. 1728 жылы Астрахань губерниясынан Саратов
қаласы, Самара, Симбирск, Сызрань уездері, Қазан губерниясы құрамына
қосылды. 1739 – 1780 жылдары Саратов қаласы Астрахан губерниясына қарасты
болды. 1752 жылы Гурьев қаласы Астрахан губерниясынан Орынбор губерниясына
қосылғанымен, 1782 жылы кері қайтарылды. Гурьев қаласымен бірге Астрахань
губерниясының құрамына Орал қаласы қосылды [45, 1516 б.].
Орыс үкіметініңің 1782 жылғы 2 сәуірдегі бұйрығына сәйкес Саратов
губерниясының құрамына Царыцин қаласы Ахтуба жібек заводымен бірге және
Черный Яр қосылды, 1785 жылы мамырда Астрахань губерниясының құрамына
қосылып, 1919 жылдың наурызына дейін бірге болды [46, 1527 б.]. 1785 жылы
Астрахан губерниясының құрамына Астрахан, Красный Яр, Гурьев, Орал, Черный
Яр және XVIII ғасырдың 40-жылдарында салынған Енотаевск қорғаны Ресей
империясының реформасына байланысты XVIII 70-80 жылдарында екі-үш
губернияны біріктіріп облыс деп атады. Үкіметтің 1785 жылы 5 мамырдағы
жарлығына сәйкес құрамында Астрахан және Кавказ облыстары бар Кавказ
губерниясы құрылды [45, 658 б.]. 1790 жылы мамырда Кавказ губерниялық
басқармасы Астрахан қаласының құрамына еніп Кавказ құрамындағы қала
атанған. Осыған байланысты, Кавказ губерниясы сол кездерде Астрахан
губерниясы деп те аталып жүрді [46,с].
Астрахан ХҮІІІ ғасырдың өзінде төменгі Повольжедегі ірі сауда және
қолөнер орталығы болды. Барлық Ресейге оңтүстік пен шығыстан байланысатын
сауда жолдары Астраханның бақылауында болды.
1717 жылы 22 қарашада І Петр жарлығына сәйкес өз алдына дербес
Астрахань губерниясы құрылды. Оның құрамына Самара, Пенза, Ульяновск,
Саратов, Волгаград облыстары, Қалмақ Республикасы, Дағыстан және
Қазақстанның кейбір облыстары кірді. Әр жылдары Саратов, Орал, Гурьев
(Атырау) облыстары да Астрахан губерниясының құрамында болды. ХҮІІІ ғасырда
Астрахан территориясына қазақтар қоныстана бастады, себебі 1799 жылы Кіші
жүздің сұлтаны Бөкей император І Павелдан Жайық пен Еділ бойына қазақтардың
қоныстанып еркін жүріп тұруына рұқсат сұраған болатын. І Павел 1801 жылы
11 наурызда Нұралы ханның баласы Кіші жүздің сұлтаны Бөкейдің
ұсынысын жылы қабылдап, өздеріне ыңғайлы жерге қоныстануына рұқсат беріп
және өзінің портреті басылған алтын медалді мойнына қара лентамен тағып
жүруді міндеттеді [46]. І Павелдің рақымшылығын алған 5000 мың түтін,
яғни 22775 қазақ Повольже жеріне қоныстанды, артынан тағы да 1265 түтін,
8333 адам келді,яғни қазақтар Қытай мен Ресей патшалығы арасында еркін
көшіп-қонып жүрді,елді хан басқарды.XVIII ғасырда Кіші жүз бөлініп,Бөкей
ханның басшылығымен, қазіргі мезгілдегі Астрахан губерниясы құрамындағы
жерге қоныстанды,кейін осы қоныстанушылар жері Бөкей ордасы аталынды[53].
1814 жылғы шілдедегі мәлімет бойынша Бөкей хан тұсындағы қазақ
шаңырақтарының саны: шеркеш 980, ысық 652, жаппас 674, масқар 510, алаша
625, байбақты 641, қызылқұрт 540, тана 760, беріш 998, ноғай 650, тама 340,
төлеңгіт 450, адай 770 шаңырақ болды . ХІХ ғасырдың ортасында ішкі Ордада
қазақтардың 16 этникалық тобы құрылып, оның ішінде адайлар - 7515,
алаша - 11150, байбақты - 16025, беріш - 26785, жаппас - 4520, есентемір -
2330, ысық - 3345, кете - 2055, масқар - 1805, қызылқұрт - 4125, тама -
555, тана - 6405, жетіру - 6175, шеркеш - 13795, төлеңгіт - 2460, әлімұлы –
5465,ноғай5465 адамға жеткен [47,c20].
Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына
бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап
Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870
жылы қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округының билігіне
өтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің себептері
көзге ұрып тұрған болатын. Бұл туралы профессор Б.Сүлейменов: Патшалық
үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал губернаторлықтар мен әскери
округтарға бөлшектеулер, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасуы жолына
кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді,-
дейді [48].
Ұлт зиялысы Ә.Бөкейханов Қазақ газетінің 178 санында Астрахан жері
қазақтардың ата-қонысы, туған жері және олардың тұрмысындағы қиыншылықтарды
күллі Ресей мұсылмандары мен Мемлекеттік Дума депуттаттарына былайша
жеткізе баяндайды: Бұл жеделхатта жазылған жерден Астрахан қазағына аламыз
дейтін жер жүз сексен мың десятина. Бұл жерді 1802 жылдан бері қазақ қоныс
қылған. Жүз жылдан астам бұл жерге қазақтың еңбегі сіңген. Бұл жерде
Астрахань қазақтары 114 жыл кір жуып, кіндік кескен. Ол алынатын жерде неше
мың салулы үй, қора-қопсысы бар. Жұрт қадірлеген бейіт бар. Қанша мың адам
шаруасын істеп, күн көрген, пішендік, егін жай, мал өрісі осы жерде. Жұртты
сыртынан малша бағып, дағдыланған үкімет оюды өзі пішіп, өзі ойып отыр...
Думада 315 депутат күрмеліп - байланып блок боп жұртты жарық жолға
шығарамыз деп отыр. 1914 жылы Ұлы князь Николай Николаевич 1915 жылы
министрлер ағасы Горемыкин Үкімет атынан мәлімдеп, орыс қол астындағы жұрт
бәрі құрдас десті. Осы соғыста мемлекет қолына алынған туы - жер үстіндегі
жәбір көрген жұрттарға жақ болу. Мысалы, Белгия, Сербия, Қаратаулық,
Ғалиция, Польша, Литва, Латыш құқықтарын орнынаа түсіру, азған
бұратаналарды құрдастыққа жеткізу. Орыс жұртын бұратаналармен қашан болса
да бірдей көрген саясат партиясының адамдары 1 һәм 2 Думаларда көп болған.
Оларды қолдаған жұрт қашан болса да үкіметтің осы күнгі соғыс зардабымен
түсіп отырған жолында болатын. Саяси көзі ашық адамдардың балы дұрыс болса,
біздің мемлекет ісі айдап баққанынан таза құтылып, құрдастық жолына сапар
шекпек. Жалғыз тасырқап тұрғанымыз мынау үстіміздегі қиямет қайым соғыс.
Осы күнгі саясат күні мұндай жарық, жылы болған соң, енді хүкімет бұратана
деп, айдап баққан дағдысына тартып, Мемлекеттік Дума көрсеткен таза жолдан
шыға жайылған көрінеді. 1904 жылы Жапон соғысында Ертіс қазақтары
пайдаланып отырған он шықырымға дейінгі жер Сібір казагына кетті.
Астрахан жері мен он шақырым жерінің арасы алыс жатыр. Он шақырымдағы
қазақтар Сібір казагына салық төлейтін. Астрахан жері - қазақ жері. 1904
жыл бұрынғы өзі пішіп, өзі ойып іс қылатын заманның дәуірлеп тұрған кезі.
Онан бері біздің мемлекет Европа болды, ұлт Думасы шықырылды. Өз ортасынан
адамдар жіберіп, жұрт заң шығарысуға кірісті. Астрахан қазақтарының жері
түгел осы күнде қолға алынса, он шақырымда қол жетпеске кете қоймас еді.
Заманына қарай амалы деген, Ертіс қазағы айтысып, қол жетпеске кеткен он
шақырымға аяғын салып отыр.
Астрахан жері туралы қылатын амал жолы да осындай. Данышпан Пушкин
айтқан: Екінші табиғат - дағдың деп. Кім біледі? Үкімет бұрынғы
бұлтақтамаға салса, Астрахан жерінің ісі Мемлекеттік Дума жоқ кезде 87
статьяны жамылшылап, 15 майға қарамай өтіп кетер. Оған бөгет болар айла аз.
Анау телеграмманы алған соң, Астрахан жерінің жұмысы қараңғы көрінеді,
Думада қаралып, тексерілсін деп мұсылман депутатының бірі министр ағасы
Штурмерге барса, оң болар еді. Үкімет осы күні Мемлекеттік Дума
депутаттарының пікірін тыңдаусыз тастамай отыр. Мұның астары өзге болғанмен
қайтесің? Саясат ісінің табиғаты - арбасу. Қылиынды көріп, сау көзіңді
қыса, ие деп өте шығасын. Осы күнде Петроградта мұсылман депутаты бар-жоғын
білмедім. Үлгілі саясат жолын іздеп, қағылған кадет партиясы Петроградта
күзетші қойып отыр. Самар депутаты Гладиш 30 апрельде Петроградқа кетті. Ол
уағда қылды, Астрахан жері туралы күзетші кадет депутаттарының бірін
Штурмерге жібермекке [49].
Ақсақалдардың басқаруына негізделген Бөкей Ордасы халықтары жетіге
бөлінді. 1890 жылғы статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, 216 850
қазақ тұрғындары болса, оның 122 868 - ер адам, 93982 - әйел адам болды.
1908 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша қазақтардың жалпы саны 253882-ге жетті,
оның ішінде ер адамдар 133546, ал әйелдер 120336 болды. Көшпелі қазақтар
жергілікті билік өкілдерінің озбырлығы салдарынан аштықпен мұқтаждықты көп
көрді. Жоқшылықтан күн көре алмағандары Каспий теңізі жағасы мен Еділ өзені
бойындағы балық аулау өнеркәсіптеріне баруға мәжбүр болды, бұл ауыртпалық
жағдай жылдан-жылға күшейе түсті [50].
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы Астрахан аймағы тарихында
өнеркәсіп, кәсіпорындармен сауда байланыс орындарының дамуымен
ерекшеленеді. Астрахандық көпестермен кәсіпкерлер шаруаларды өз өндіріс
орындарына жұмысқа алғаннан гөрі жалдамалы жұмыс күшін пайдаланғанды тиімді
көрді.
Төменгі Поволжья қаласының тарихын зерттеуші Н.Б.Голиков жұмысқа
алынғандар өз өмірлерінде көптеген қиыншылықтар көрседе күн көріс қамы үшін
жұмыс жасауға мәжбүр болды деп жазды. Дегенмен, ішкі Орданың ханы Астрахан
губернаторына бағынышты болды және Ресей империясының мемлекеттік басқару
жүйесімен жүргізілді. 1812 жылы Бөкей хан қайтыс болғаннан кейін орыс
армиясының генералы Жәңгір хан болғаны белгілі, оның кезінде 12 биден
құрылған кеңес жұмыс жасады. Жәңгір хан сауатты дворян тәрбиесін алған,
Орынбор әскери училещесі ашылған кезде Жәңгір Бөкей ордасының ханы болатын
Астрахан губернаторы Андреевскінің көмегімен орысша білім алған Жәңгір өз
қарамағындағылардың орысша білім алуын ұйымдастырды [47,c56].
Басылым бетінде: Астрахан губерниясы Бөкейлік екінші округ 10 болыстың
қазағы 900-ден астам түтін. Краснояр уезі қаланың 50 шақырым күншығыс
жағында, Каспий теңізіне жақын жерде мекен етеміз. Халықтың кәсібі балық
аулау һәм мал бағу. Жеріміз егінге қолайсыз құм болады. Еліміз 3 ауылнайға
бөлінеді. Болыста екі указанный имам, жақсы мешіт бар. 4-5 жерде жаңа
тәртіппен оқытатын мектептер бар. Бұл мектептерде қазақша оқу құралдарымен
оқытылады. Арамыздан тағы бір мектеп салдыруға ыждағат қылып жүрушілер бар,
мектептерімізде мұсылманша оқуға һәм министірлік бөлімшелерде орын
жетпейді, жаздыкүні мұғалім жалдап оқытамыз-деген сол заманның бет-
бейнесін баяндаған мақала жарияланды [51].
Жәңгір хан (1845 жылы) өлгеннен кейін хандық билік жойылғандығы белгілі.
1876 жылы Ішкі орда Астрахан губерниясының құрамына кіріп, Уақытша кеңестің
Астрахан губернаторына бағынышты болды. Өзінің құрамы жөнінен Астрахан
губерниясы көпұлтты. Негізінен орыс тұрғындарынан басқа қазақ, қалмақ,
татар және тағыда басқа бар. XIX ғасырдың екінші жартысында Астрахан
губерниясында көшпелі халық есебінен тұрғындар саны айтарлықтай өсті
[47,86б].
Н.Воцкиннің Заселение Астраханского края атты еңбегінде XIX ғасырдың
ортасында аймақтағы отырықшы қазақтар саны - 279120 адам болғандығы
көрсетілген. Олар 394 ауылдарға қоныстанды. Сонымен бірге, аймақ
территориясында 134 мың қазақ көшіп-қонып жүрді. XIX ғасырдың 50 жылдардың
аяғында аймақтағы тұрғындар саны 480 мыңға жетті, оның 58,7% отырықшы,
41,3% ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері
Бөкей ордасының тарихи сипаттамалары
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
ДИАСПОРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДИАСПОРА ҰҒЫМЫ
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының проблемаларын зерттеу
Еліміздегі алғашқы баспалардың пайда болуы
Алаш орда және кеңес үкіметі
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ФОТОСУРЕТ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ
Пәндер