Халықаралық контрактілер
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.ТАРАУ. КОНТРАКТ .ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУДІҢ НЫСАНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТРАКТІЛЕРДІҢ
ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3.ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТРАКТ ЖАСАУДЫҢ
НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қазіргі кезде халықаралық контракт кез-келген мемлекет үшін үлкен аса маңызыды құқықтық құрал болып табылады, өйткені әлемдік экономика глобализацияның ықпалына ұшырап экономикалық алыс берістердің саны күн санап арта түскен осы бір кезеңде контракт маңызды роль атқарады.
Сол себептен де контрактілердің халықаралық коммерциялық операцияларды қамтамасыз етудегі атқаратын ролі мен маңызы орасан зор деп айтуға болады. Өйткені контрактілер, яғни шарттар ол мемлекеттер мен өзге де халықаралық экономикалық қатынастар субъектілері арасындағы коммерциялық операциялар барысында туындайтын экономикалық қарым-қатынастарды,осы сипаттағы түрлі дауларды бейбіт жолмен шешудің ең тиімді бірден бір жалғыз құралы болып табылады. Халықаралық контрактілер мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деп айтуға да болады.
Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мұндай шарттардың көптігі мен әр түрлі-түрлі болғандығын дәлелдейді. Әлемдік экономиканың дамуына қарай, контракт бойынша мемлекетаралық экономикалық қарым-қатынастарға қатысушылардың арасындағы құқықтар мен міндеттерді нақтылап, олар заңды сипатқа ие болады.
Әрине, қазіргі күнге дейін халықаралық контракт барлық коммерциялық операцияларға түсуші тараптардың құқықтары мен мүдделерін белгілеп, реттеп оны қажет болған жағдайда қорғайды.
Мен өзімінің курстық жұмысымда халықаралық коммерциялық қатынастар барысында халықаралық сауда контрактілердің түсінігі мен құқықтық табиғатының ерекшеліктерін және контрактілердің халықаралық коммерциялық операциялардың қамтамасыз етудің нысаны ретінде атқаратын ролін және котрактілердің жасалу сатысы мен олардың жіктелу мәселесін жан-жақты қарастырып кетпекпін.

1. ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығы, 1995.
2. Венская конвенция о правопреемстве государств в отношении международных договоров. 1978.
3. Венская конвенция о праве международных договоров. 1969.
4. Евентов В.И. Многоязычные договоры в современном международном праве. -Киев: 1981.
5. Коломкорян Р.А. Фактор времени в праве международных договоров. -М., 1989.
6. Лукашук И.И. Структура и форма международных договоров. -Саратов., 1960.
7. Лукашук И.И. Стороны в международном договоре. -М. 1966.
8. Перетерский И.С. Толкование международных договоров. -М. 1958.
9. Талалаев А.Н. Право международных договоров: договоры с участием международных организаций. -М., 1989.
10. Талалаев А.Н. Право международных договоров: действие и применение договоров. -М. 1985.
11. Ульянова Н.Н. Общие многосторонние договора в современных международно-правовых отношениях: некоторые вопросы теории. -Киев, 1991.

Тақырып: “Контракт –халықаралық коммерциялық операциялардың қамтамасыз етудің нысаны”
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-ТАРАУ. КОНТРАКТ –ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУДІҢ НЫСАНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2-ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТРАКТІЛЕРДІҢ
ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3-ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТРАКТ ЖАСАУДЫҢ
НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 2
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе
Қазіргі кезде халықаралық контракт кез-келген мемлекет үшін үлкен аса маңызыды құқықтық құрал болып табылады, өйткені әлемдік экономика глобализацияның ықпалына ұшырап экономикалық алыс берістердің саны күн санап арта түскен осы бір кезеңде контракт маңызды роль атқарады.
Сол себептен де контрактілердің халықаралық коммерциялық операцияларды қамтамасыз етудегі атқаратын ролі мен маңызы орасан зор деп айтуға болады. Өйткені контрактілер, яғни шарттар ол мемлекеттер мен өзге де халықаралық экономикалық қатынастар субъектілері арасындағы коммерциялық операциялар барысында туындайтын экономикалық қарым-қатынастарды,осы сипаттағы түрлі дауларды бейбіт жолмен шешудің ең тиімді бірден бір жалғыз құралы болып табылады. Халықаралық контрактілер мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деп айтуға да болады.
Мемлекетаралық ынтымақтастықтың даму тарихы мұндай шарттардың көптігі мен әр түрлі-түрлі болғандығын дәлелдейді. Әлемдік экономиканың дамуына қарай, контракт бойынша мемлекетаралық экономикалық қарым-қатынастарға қатысушылардың арасындағы құқықтар мен міндеттерді нақтылап, олар заңды сипатқа ие болады.
Әрине, қазіргі күнге дейін халықаралық контракт барлық коммерциялық операцияларға түсуші тараптардың құқықтары мен мүдделерін белгілеп, реттеп оны қажет болған жағдайда қорғайды.
Мен өзімінің курстық жұмысымда халықаралық коммерциялық қатынастар барысында халықаралық сауда контрактілердің түсінігі мен құқықтық табиғатының ерекшеліктерін және контрактілердің халықаралық коммерциялық операциялардың қамтамасыз етудің нысаны ретінде атқаратын ролін және котрактілердің жасалу сатысы мен олардың жіктелу мәселесін жан-жақты қарастырып кетпекпін.
1. КОНТРАКТ –ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЫСАНЫ
Контракт халықаралық коммерциялық операциялардың қамтамасыз етудің айырықша бір маңызды нысаны болып табылады. Экономикалық айналым барысында контрактілердің атқаратын ролі өте зор, себебі контрактілер халықаралақ коммерциялық қатнастар кезінде реттеу және коммерциялық операциялардың қамтамасыз етіу қызметін атқарады. Контракт көбіне экономикалық қатынастарды реттейді және ол халықаралық кұқықтың негізгі қағидаларына сай контракті бойынша тараптардың өзара құқықтар мен міндеттерін айқындап оны контракт жасау жолымен реттейтін шарттық ережелері болып табылады.
Халықаралық контрактілер ережесі болып - шарттық-құқықтың нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардын жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құкықтың бір саласы болып табылады. Халықаралық шарттардың ережелері осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі салаларының бірі, ол халықаралық құқықтың барлық құқықтық нормаларымен, институттарымен және салаларымен тығыз байланысты болып табылады. Бұл сала шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету, тоқтау рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың құқықтық салдарын айқындайды. Контрактік ережелердің мұндай басымдылық рөлі оның реттеу объектісінің ерекшелігімен осы заманғы халықаралық қатынастардағы маңызымен, сондай-ақ халықаралық контракттар құқықтарының қайнар көздерінің өзгешелігімен айқындалады. Контракт халықаралық құқықтың объектісі болып табылады, ол халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі; әдеттегі ғана емес, сонымен бірге шарттық ережелерді де өзгерту құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында халықаралык құқықтың маңызды жаңа нормаларының жасалуына мүмкіндік береді. Контрактік құқықтың құрылымында, мазмұнында болып жатқан өзгерістердің халықаралық құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрініс табуда. Жоғарыда атап өтілгендер халықаралық контракт жүйесінде шартардың, яғни контрактілердің ерекше орын алады.
Мысалы, алғашында шарттық міндеттемелер діни моральға негізделсе, ХІІ-ХVIII ғғ. шарттар монархтардың саяси моралына сүйене бастады; халықаралық шарттар құқығында XIX ғ. саяси шарттардың тек құқықтық нысанда ғана емес, сондай-ақ дін мен моральға сүйенген кезеңі ретінде сипатталады. Сөйтіп, халықаралық саяси шарттар құқықтық шарттардан келіп шыққан еді. Мемлекеттер олардың заңдық күшін мойындай отырьп, шарттардың моральдық-саяси маңызын да жоққа шығармайды.
Контракт тұтастай алғандағы халықаралық құқық жүйеленуінің ажырамас бөлігі болып табылады. 1935 ж. Гарвард университетінің негізінде бір топ заңгерлердің Гарвард Жобасы деп аталатын еңбектері жарыққа шықты. Халықаралық контракттар туралы 1928 ж. америкааралық конвенция жүйелеген алғашқы халықаралық-құқықтық акт болып табылады. Контракт туралы мәселе 1950 ж. бастап, халықаралық құқық Комиссиясының жүйелеу жұмыстарының тізіміне енгізілді. 1968 ж. шақырылған халықаралық шарттар құқығы жөніндегі Вена Конвенциясы 1969 ж. халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясын қабылдаумен аяқталды. Конвенция 1980 ж. 27 қаңтарында күшіне енді, себебі 1969 ж. Конвенцияның 84-бабына сәйкес, ол "қосылу туралы отыз бесінші бекіту грамотасын немесе отыз бесінші құжатты сақтауға бергеннен кейін отыз күн өткенде" күшіне енеді деп көрсетілген1. Қазақстан Республикасы оған 1993 ж. 31 наурызында қосылды.
Бұл жүйелеу қүжаты 85 баптан және қосымшадан тұрады. Оның Кіріспесінде, халықаралық контракттар құқықтарының жүйеленуі және үдемелі дамуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға және бір-бірімен ынтымақтастықты жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп көрсетілгеа Кейінірек халықаралық қүқық Комиссиясы халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттардың әрекетін реттейтін нормалардың жүйеленуін жүзеге асырды. 1986 ж. халықаралық қауымдастық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арасындағы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясын қабылдайды. Осы нормативтік актілерді қолдану тиімді болу үшін екі Конвенция баптарының нөмірлері сәйкестендірілді. 1978 ж. тағы бір маңызды жүйелеу акті - мемлекеттердің шарттарға қатысты құқықмирасқорлығы туралы Вена Конвенциясы қабылданды2. Сонымен, халықаралық құқык Комиссиясының жоғарыда аталған жүйелеу жұмыстары халықаралық құқық қызметінің маңызды сатысы болып табылады.
Халықаралық жария құқықтың барлық субъектілері халықаралық контракттар құқығының субъектілері бола алады. Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде контракттық процестің субъектілік құрамын айқындау үшін: "субъектілер", "қатысушылар", "контрагент", " халықаралық шарттың тараптары" сияқты түрлі терминдер пайдаланылады.
"Контрагент" термині, белгілі болғанындай, сауда тәжірибесінде, ал "субъектілер" термині ғылыми түрде қолданылады. Осындай жалпы санаттардан басқа, 1969 ж. Вена Конвенциясының 78-бабында, 1986 ж. Конвенцияның 80-бабында "шартқа қол қоюшылар" термині қолданылған.
Контракттық ережелерді талқылауға қатыспаған, бірақ контракқа қол қойған мемлекет халықаралық-құқықтың міндеттемелердің теңқұқықты қатысушылары болып есептелетінін айтып өту керек.
Барлық мемлекеттердің халықаралық контракт жасау құқықтары бар. Мұндай ереже халықаралық контракт құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының 6-бабында: "Әрбір мемлекеттің контракттар жасау құқық қабілеттілігі бар" деп бекітілген. Сонымен бірге, мемлекеттердің шарттардың белгілі бір түрлерін жасау құқығы шектелуі мүмкін. Мысалы, халықаралық келісімдерге сәйкес, ұдайы бейтарап мемлекеттердің қорғану сипатындағы одақтық шарттарды жасау,экономикалық көмектер туралы келісімдер контракттар жасауға құқығы бар. Бұл ұдайы бейтарап мемлекеттердің құқықтық табиғатына байланысты.
Өздерінің тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттардың контрактық қабілеттілігі олардың халықаралық құқық субъектілігінің бір бөлігін құрайды. Ұлттардың отарлық режимін қандай да бір нысанынан тәуелсіз және басқа мемлекеттердің, оның ішінде метрополиялардың тануынан да тәуелсіз күйде халықаралык контракттық қатынастарға түсе алатынын халықаралық құқық тәжірибесі дәлелдеуде. Халықаралық ұйымдардың контракттық құқық қабілеттілік сипаты халықаралық құқықтың негізгі субъектілері мемлекеттердің шарттық құқық қабілеттілігінен өзгешерек. Халықаралық ұйымдар, егер олардың құрылтай құжаттарында осындай рәсім көзделген жағдайда немесе мүше-мемлекеттердін ерекше өкілеттіктеріне негізделген жағдайда ғана контракттық процеске қатыса алады3.
Халықаралық қатынастар іс-тәжірибесінде түрлі санаттағы субъектілер қатысатын көп жақты контракттар кездеседі. Бұл шарттарды өздерінің заңдық табиғаты жағынан "аралас" немесе күрделі деп атауға болады. Мысалы, халықаралық ұйымдардың теңіз спутниктік байланысын пайдалану туралы 1976 ж. келісімнің (ИНМАРСАТ) қатысушылары мемлекеттер, жария және жеке сипаттағы ұлттық ұйымдар болған. Эквадор, Юнеско және Чарльз Дарвин Федерациясы арасындағы Галапагосс архипелагының биологиялық бірлестігін қорғау шаралары туралы 1964 ж. үш жақты келісімде, Ч.Дарвин Федерациясы үкіметтік ұйым болып табылмайтындықтан, халықаралық құқықтың субъектісі бола алмайды.
Халықаралық кұқық субъектілерінің арасында өзара келісілетіннің барлығы халықаралық шарттың объектісі немесе заты болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес құндылықтар, әрекет немесеәрекетсіздік болуы мүмкін Халықаралық, сонымен қатар ішкі мәселелер де халықаралық шарттардың объектілері болуы мүмкін, оларды шешу шарттық процестің барлық қатысушылары үшін мүдде болады. Шарттық тәжірибеде халықаралық құқықтың барлық негізгі қағидаларының орындалуы міндетті. Мысалы, егер халықаралық құқық субъектілері мемлекеттік шекараларды делимитациялау және демаркациялау туралы шартқа қол қойса, онда мұндай жағдайда аумақтық тұтастық қағидасы мен шекаралардың қол сұғылмайтындығы қағидаларын орындау басты орында болады. Контракттық процеске қатысушылар экономикалық келісім ережелерін талқылаған кезде, олардың назары өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасына, туындаған дауларды бейбіт түрде реттеу қағидасына, мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасына аударылады. Егер шарттық ережелер адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне қатысты болса, онда мемлекеттер өздеріне адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу қағидасына, халықтардың тең құқықтылығы мен өзін-өзі басқару қағидасына сәйкес міндеттемелерді алады.
Халықаралық контракт объектісінен оның мақсатын айыра білу керек, яғни ол осындай шарттардың әрекет ету нәтижесінде мемлекеттердің қол жеткізгілері келетін мақсаттары болып табылады. Мақсат әрқашан да нақты сипатта ол көбіне-көп халықаралық контракттың Кіріспесінде, кейде оның негізгі бөлігінде көрсетіледі. Басқаша айтқанда, халықаралық контракт объектісі дегеніміз оның мақсатқа жету жолындағы құралы болып табылады. Халықаралық контрактты жасай отырып, онда біріккен мақсатты көрсете отырып, келісуші тараптың әрқайсысының жеке мақсаттары да болуы мүмкін.
Кез келген халықаралық контракттың ажырамас қасиеті және оның халықаралық дәстүрден ерекшелігі, мұнда субъектілердің еркі анық көрсетілетіндігінде. Халықаралық құқық субъектілерінің еріктерінің айқын сипат алуына көмектесетін құралдар мен тәсілдер халықаралық контракттың нысанын құрайды. Оларға ауызша тұжырымдар және анықтамалар, сондай-ақ шарттың әр түрлі бөліктерінің орналасу арақатынасы мен рөлі, оның құрылымы мен атауы жатқызылады. Белгілі болғанындай, халықаралық контракттар жазбаша, кейде ауызша нысанда жасалады. Мысалы, халықаралық контракттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясының шарттық ережелері сауда шарттарының жазбаша да, ауызша да жасалу нысандарын қарастырады.
Халықаралық контракт нысанының маңызды элементтерінің бірі және оның көмегімен субъектілердің ниеттерін айқын көрсететін нәрсе - ол шарттық процестің қатысушылары қолданатын тіл болып табылады. Халықаралық шарт мәтінделген, сөзбен бекітілген келісім түрінде болуы мүмкін. Халықаралық шарттың қандай да бір міндетті тілі жоқ екенін айтуымыз керек. Белгілі болғанындай, екі тарапты шарттар келісуші екі тараптың білетін тілдерінде жасалады. Екі тараптың тілдерінде жасалған мәтіннің бірдей заңдық күші болады, яғни олар тең. Бұл ереже шарттың корытынды баптарында жиі көрсетіледі. Кейбір жағдайларда екі тарапты шарттар екі тілде емес, үш тілдегі нұсқада жасалуы мүмкін. Оны тараптардың серіктестерінің тілін білмегендіктен, екі тарапқа да белгілі тілге жүгінуімен түсіндіруге болды. Мұндай жағдайда, қарама-қайшылықтар туындайтын болса, бір мемлекеттің тілі келесі тарапқа түсініксіз болса, үшінші тілдегі мәтін түпнұсқалық (аутентикалық) болып есептеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Балтық елдерімен шарт жасау тәжірибесінде шарттарды үш тілде жасау кездеседі: қазақ тілінде және шарт жасаушы Балтық елінің бір тілінде - литва, латвия, эстон тілдерінде; үшінші қолданылатын тіл - орыс немесе ағылшын тілдері болады. Халықаралық әмбебап ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында жасалатын шарттар, әдетте, осы ұйымның алты ресми тілдерінде - орыс, араб, ағылшын, француз, испан және қытай тілдерінде жасалады4.
Халықаралық контракт нысанының элементтеріне оның құрылымын, шарттың атауын көрсететін кіріспесін, негізгі және қорытынды бөлімдерін жатқызады. Халықаралық контракт құқығы теориясында шарттың кіріспесі, халықаралық шарттың басқа бөлімдерімен теңдей зандық күші бар ажырамас бөлігі ретіндегі маңызы көпке дейін жоққа шығарылып келді. Алайда, халықаралық шарт құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының 31-бабында шарттың контексіне кіріспенің де кіретіні анық көрсетілген. Кіріспеде келісуші тараптардың, уәкілеттілердің атаулары, дәлелдері және өкілеттерінің жарамдылығы ғана емес, сонымен бірге шарттын мақсаты да көрсетіледі. Мысалы, БҰҰ-ның 1945 ж. Жарғысының Кіріспесінде шарттық міндеттемелердің әділдігі мен құрметтеуді сақтауға шарт-жағдайлар жасауға көмектесу және т.б. мазмұндалған. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы БҰҰ-ның қамқорлығындағы ұжымдық бітімгершілік батальонын үйымдастыру және құру туралы 1995 ж. 15 желтоқсандағы Келісімнің Кіріспесінде БҰҰ мүшесі екендігі, барлық әлемде бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық қауымдастықтың жоғарғы жауапкершілігін бөлісу туралы тезис, дағдарыстарды реттеу, соғыс қаупінің алдын алу және т.б. реттеудегі БҰҰ-ның күш салуына тараптардың бірігіп үлес қосуға ұмтылулары ескеріліп өткен5. Халықаралық контракттың орталық бөлігі бөліктерге, тарауларға, баптарға, параграфтарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. Осындай бөліктерге бөлу халықаралық шарттардың мәтінін пайдалануды, әсіресе олар үлкен көлемді болған жағдайда жеңілдетілді. Аталған элементтердің бар немесе жоқ болуы контракттың мазмұнына, қатысушылардың санына, мақсаттарына және өзге де факторларға байланысты, мысалы, жоғарыда аталған 1969 ж. Вена Конвенциясы көпжақты контракт ретінде бөліктерге, бөлімдерге, баптарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінеді. 1949 ж. Женева Конвенциясы әрекеттегі армиялардағы жараланғандар мен аурулардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ теңіздегі қарулы күштердің құрамынан кеме апатына ұшыраған жәбірленуші адамдардың жағдайын жақсарту туралы мазмұны тарауларға, баптарға, тармақтарға, тармақшаларға белінген.
Ал дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена Конвенциясы, шарттың мазмұнын баптарға, тармақтарға, тармақшаларға бөлінген. Халықаралық контрактілердің қорытынды ережелерінде, белгілі болғанындай, қол қою, бекіту, қосылу актісі, шарттың заңды күшіне ену негіздері, шарт жасалатын тілдер жөнінде мәліметтер, депозитарийді көрсету және мәтіннің түпнұсқалығы туралы тезис болады.
Халықаралық Шартта қосымша материалдардан, қол қоюдың қорытынды хаттамаларынан, ноталар немесе хаттар алмасудан, реттеу рәсімінің ережесінен тұратын қосымшалар болуы мүмкін. Қосымшаның кіріспеден, негізгі және қорытынды ережелерден өзгешелігі, ол шартта немесе қосымшада тікелей көрсетілсе, шарттың ажырамас бөлігі бола алады. Мысалы, БҰҰ-ның 1945 ж. Жарғысының 92-бабына сәйкес, Халықаралық Сот Статуты Жарғының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу туралы 1994 ж. 19 желтоқсандағы шартта, аталмыш шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бірнеше қосымшалар көзделген. Мысалы, № 3 қосымшада жалға алудың қосымша шарттары бар: визасыз режим мәселелері, кедендік ресімдеу, тұрмыстық шарт-жағдайлар. Белгілі болғанындай, аумақтық мәселелер жөніндегі шарттарда топографиялық карталар, демаркациялық (шекаралық) белгілері бар қосымшалар; ал халықаралық экономикалық шарттарда - техникалык стандарттары, тарифтері бар қосымшалар болады.
Халықаралық шарттардың нысандарын атау сияқты элементтері де үлкен маңызға ие. Себебі, халықаралық тәжірибеде жасалатын шарттардың саны шексіз. Сондықтан кездесіп отыратын шарттардың атауын есептеу қиынға соғады. Көп қолданылатын атаулардың түрлері мынадай: шарт, конвенция, келісім, пакт, хаттама, жарғы, статут, біріккен өтініш, декларация, мазмұндама, хартия, меморандум, регламент, акт, ноталар алмасу және т.б. Бүгінгі таңда халықаралық шарттар атауларының заңдық ерекшеліктері де және мүндай атаулардың көпшілік таныған топтамалары да жоқ. Сонымен бірге, кейбір атаулардың іс жүзінде ұзақ мерзім пайдаланылуы нәтижесінде біршама заңдылыққа ие болатынын да айту өту керек. Мысалы, халықаралық ұйымдарды немесе олардың жеке органдарын құру туралы шарттар жарғылар немесе статуттар деп аталады (БҰҰ Жарғысы, ТМД Жарғысы, Халықаралық Сот Статуты). Көптарапты шарттардың қатысушылары, әдетте, өздерінің құқықтары мен міндеттерін конвенция нысанында ресімдейді (Женева Конвенциясы, Гаага Конвенциясы). Қалыптасқан халықаралық тәжірибеде соғыс және бейбітшілік мәселелері, адамның құқықтары мен бостандық мәселелері жөніндегі маңызды шарттық ережелер пактімен белгіленеді (шабуыл жасамау Пактісі, Рерих Пактісі, адам қүқықтары жөніндегі Пактілер). БҰҰ-ның халықаралық құқық Комиссиясында шарттардың түрлі атауларын талқылаған кезде ноталар алмасу сияқты атау туралы мәселе қызу талас туғызды. Комиссияның кейбір мүшелері ноталар алмасуды дипломатиялық қызметтің салдары ғана деп есептейді. Алайда, Вена Конференциясы қатысушыларының көпшілік бөлігі ноталар алмасуды халықаралық шартты жасаудың бір тәсілі деп есептбу керек, себебі осындай алмасу арқылы тараптардың келісімдері ресімделеді деп айтып өтті. Үкімет басшылары мен мемлекет басшыларының өтініштері мен мазмұндамалары сияқты шарттық актілер халықаралық-құқықтық қатынастарда үдемелі орын алуда. Осы заманғы жағдайда оларда маңызды саяси, экономикалық және әскери мәселелер жөніндегі келісімдердің, келіссөз жүргізудің нәтижелері көрініс табады6.
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТРАКТІЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Халықаралық контрактілердің жіктелуінің үлкен маңызы бар. Мұндай жіктеуге мыналар негіз болады:
• Шартқа катысушылардын сандык кұрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты. Екі тарапты контрактар, өз кезегінде әр тарапта бір қатысушы болатын әдеттегі екі тарапты контракттарға және бір тарабында да, екінші тарабында да бірнеше қатысушылары бар контрактыларға бөлінеді. Көп тарапты контрактарттардың ішінде қатысушылары шектеулі контрактар (топтық немесе шектелген деп аталатын) және жалпы (әмбебап) контрактар р болатынын айыра білу керек.
• Халыкаралык шарт объектілерінін түрлеріне байланысты: экономикалық арнайы мәселелер бойынша. Экономикалық мәселелер жөніндегі шарттар санатына тауар жеткізілімі және тауар айналымы жөніндегі, есептік-несиелік шарттар, өндірістік меншікті қорғау туралы, қосарланған салықтан құтылу үшін шарттар және т.б. жатқызылады. Арнаулы мәселелер жөніндегі халықаралық шарттар көлік, ауыл шаруашылыгы, ғылым және мәдениет, денсаулық сақтау, құқықтық мәселелер көлемінде жасалады.
• Халыкаралык шарттарды жасайтын органдарға байланысты шарттар мемлекетаралық үкіметаралык. ведомствоаралык болып бөлінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықаралық шарттарды жасау, орындау және күшін жою тәртібі туралы" заң күші бар Жарлығының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар шетелдік мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының атынан мемлекетаралық шарттарды жасайды; үкіметаралықты - Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан; ведомствоаралықты — Қазақстан Республикасының министрліктерінің, мемлекеттік комитеттерінің және өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын мемлекеттік органдардың атынан жасайды7.
• Халықаралық шарттың жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді және мерзімсіз шарттар болады. Халықаралық шарттың қорытынды ережелерінде қандай да бір шарттың әрекет ету мерзімі келісіледі. Мысалы, конвенциялық шарт ережелері, әдетте, мерзімсіз болады. Тауар жеткізілімі, лизинг мерзімдеріне байланысты экономикалық шарттар мерзімді халықаралық шарттарға жатқызылады.
• Зандык салдарына, ұлттык заңдардын езгеруіне байланысты халыкаралык шарттарды әзі орындалатын және езі орындалмайтын халыкаралык шарттар деп беледі. Егер мемлекетте халықаралық шарт ұлттық заңдарды қосымша, нақтылайтын норма қабылдамай-ақ қолданылатын болса, онда ол өзі орындалатын болып есептеледі. Мұндай санатқа, әдетте каржылық мәселелерге байланысты Қазақстан қатысатын шарттар жатқызылады. Өздерінің мәні бойынша шарттар халықаралық болып есептеледі, олардың реттейтін қатынастарына әсер ету нысаны бойынша өздері орындалатын болады, өйткені Қазақстандағы қаржылық заңдарда олар имплементтелмеген. Алайда, осы заманғы шарттық тәжірибеде олар кездесіп қалады. Мәселен, халықаралық бухгалтерлік есеп аясындағы, салық салу, инвенстициялық қызмет, қаржылық қызмет керсету, бәсекелестік ережелеріндегі шарттар. Әрекеттегі ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуі тиіс шарттық ережелер өздері орындалмайтын болып есептеледі8.
Халықаралық шарттарды жіктеу үшін үсынылған негіздер толық көлемде емес және оның қолданбалық маңызына қарағанда теориялық маңызы анағұрлым көбірек.
3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНТРАКТ ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ
Халықаралық контрактілерді жасау дегеніміз — бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс. Халықаралық контракттар процесінің теориясында осы процесті техникалық жаққа қарай жатқызу туралы пікірлер қалыптасқан. Халықаралық контракттарды жасау өте күрделі,оның күрделілігін контракт обьектілерінің күрделілігімен, қатысушыларының табиғаты мен көлемімен, кейбір жағдайларда саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсіндіруге болады. Осы шарт процесіне халықаралық контракттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттері мен тұтастай бірқатар нақты сатылары кіргізіледі, олар: келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау; уәкілеттерді ұсыну және тексеру; шарттың мәтінін үйлестіру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың түпнұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулерді жариялау; шартты бекіту; бекіту грамоталарымен алмасу және депоненттеу; шартты промульгациялау (жариялау); Біріккен Ұлттар Ұйымында шартты тіркеу. Кейбір заңгерлер шарт жасауға шарттың заңды күшіне енуін де жатқызып жүр. Шарттың процесіне жоғарыда аталған сатылардың бәрін енгізу міндетті емес. Ол шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын ала келісуіне байланысты. Халықаралық контрактты жасау рәсімін қарастыру халықаралық-құқықтық әдебиеттерде әдетте, өкілеттіліктерді беруден басталады. Кейбір қайнар көздерде өкілеттіктерді беру, шарт бастамашылығы сияқты халықаралық шартты жасаудың алдында болады деп көрсетілген.
Егер халыкаралық шартты халықаралық конференцияларда немесе халықаралық ұйымдарда ұсынуға мемлекет өкілдік берген мемлекет басшылары, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары жасайтын болса, онда халықаралық шарттар құқықтары туралы 1969 ж. Вена Конвенциясының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғарыда аталған тұлғалар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асырғанда шарттық процеске қатысу үшін арнайы өкілеттіктердің берілуін қажет етпейді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 ж. Зан күші бар Жарлығының 9-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі арнаулы өкілеттіксіз-ақ келіссөздер жүргізуге және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға құқылы".
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдігінің басшысы немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкілдігінің басшысы тиісінше өзі барған мемлекетпен немесе осы халықаралық ұйымның шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау жөнінде арнайы өкілеттіксіз келіссөздер жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттегі дипломатиялык өкілдігі басшысының немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы өкілдігі басшысының арнайы өкілеттіктері болған ретте ғана Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қою құқығы бар. Қазақстан Республикасының министрі, Мемлекеттік комитетінің төрағасы, өзге де орталық атқару органының басшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның басшысы өз құзырындағы мәселелер жөнінде арнайы өкілеттіксіз-ақ келіссөздер жүргізуге және Қазақстан Республикасының ведомствоаралық шарттарына қол қоюға құқылы.
Арнайы өкілеттіктерді беру қажет болған жағдайда, келіссөздер жүргізу, шартты қабылдау, оның тупнұсқасын бекіту, қол қою құқығы құжатта куәландырылуы тиіс. Мұндай өкілеттіктер жасалатын шарттың барлық сатыларына таралмауы мұмкін, мысалы, тек қол қоймай келіссөздер жүргізуге берілуі мұмкін. Бұл мәселелер өкілеттіктерді тексеру жөніндегі комитеттің құзыретіне жатады. Өкілетті адамның, тегі, аты, әкесінің аты, оның өкілеттеріне кіретін мәселелер аясы көрсетіледі. Егер екі тарапты шарт жасалса, онда қатысушылар өкілеттіктерінің түпнұсқаларымен алмасады. Ал, кеп тарапты шарттарда өкілеттіктер конференцияның немесе ұйымның хатшылығына тапсырылады.
Халықаралық контрактілердің келісілген мәтінін жасау. Халықаралық контрактілердің келісілген мәтінін жасау шарт процесіндегі міндетті саты болып табылады. Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның түпнұсқасын бекіту де кіреді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz