Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ . ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... .7.24

1.1 Үдемелі индустриалды.инновациялық қаржы . экономикалық өсудің негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.2 Қазақстан Республикасының индустриалды және инновациялық даму кезеңдері мен оның экономикадағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ . ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ... ... ...25.47

2.1 Қазақстан Республикасының индустриялды.инновациялық даму қаржылары мен үдемелі индустриалды.инновациялық бағдарламаның бағыттарына талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
2.2 Қазақстан экономикасының үдемелі индустриалды.инновациялық дамуының негізі ретінде ұлттық корпорациялар ролін талдау ... ... ... ... ... 71

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫ ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71.86
3.1 Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму жолындағы проблемалары мен басым бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...80
3.2 Сыртқы экономикалық саясат және оның даму бағытының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...88

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89

ҚОСЫМША
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзiнiң дамуы барысында XXI ғаысрға күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Глобализация мен халақаралық бәсекелестiктiң күшеюi соңғы кездерi ұлттық экономикалардың бәсекелестiкке қабiлетiлiгi мәселесiн өршiтiп жiбердi. Ел экономикасының бәсекелестiкке қабiлеттiлiгi экономиканы басқарудың түрлi деңгейлерiнде қалыптасатын көптеген факторлар мен шарттарға тәуелдi болады. Дегенмен, елдiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң негiзi оның тауар өндiрушiлерi болып табылады. Олардың қаншалықты бәсеке қабiлеттiлiгiнен өнiмнiң сапасы және сәйкесiнше шығарылатын өнiм көлемi белгiленедi. Сондықтан, қазiргi уақытта өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыру мәселес кәсiпорын үшiн және де бүкiл ел үшiн аса маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Елбасы Қазақстан халқына 2013 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азай¬ту¬ды қамтамасыз ететін тиімді тех-нологияларға негізделуі керек. Индустрияландыру өңірлік саясат¬тың жаңа парадигмасын қалыптастырады. Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұр¬ғыдан дамыту жөніндегі жоспар¬ла¬рымызды нақпа-нақ айқындап алдық»-деді[1, 56 б].
Осы мәселенi шешу жолдарының бiрi экономикалық дамудың бүгiнгi таңдағы шикiзаттық бағытынан қол үзiп, тиiмдi экономикалық өсудi қамтамасыз ететiн дамудың “индустриялық-инновациялық” сатысына өтуiмiз керек. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн экономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2012-2014 жылдарға арналған үдемелі инновациялы-индустриялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы болып табылады.
Елбасының елімізді индустрияландыру саясатын жүзеге асыру мақсатында 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы экономиканың шикізаттық емес саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экономиканы әртараптандыру арқылы ұдайы ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялы-индустриялық дамуының айқындалған жоспарлары ықпал жасады.
1. Н.Ә.Назарбаев. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы Қазақстан халқына
2. Қазақстан Республикасының Индустриялдық-инновациялық дамуының 2010-2015жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы. 2012 жылғы 19 наурыздағы № 958 жарлығы бойынша
3. Байгісиев М. «Ұлттық Экономиканы мелекеттік реттеу», Алматы Қазақ университеті 2006
4. Қазақстан Республикасының «Индустриялық саясат туралы Заңы, «Инновациялық қызмет»туралы заң 2004 шілде
5. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” Алматы, 2004
6. Бизнестің жол картасы-2020» 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулы
7. ҚР Индустрия және Технология Министрлігі WWW.MIT.KZ
8. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2012-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген. Астана,2012
9. Оңтүстік Қазақстан, № 193-194, 25 желтоқсан, 2012 жыл- 4 бет
10. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2009 - 2013 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 499-құжат).
11. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 13, 121-құжат).
12. «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2015жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 23-24, 217-құжат).
13. Егемен Қазақстан газетінің жеке сайты www.egemenkazakhstan.kz
14. «Самұрық Қазына» ӘАҚ сайты www.samrykkazyna.kz
15. Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 20030 ж.
16. Қожамқұлов Т. «Парасатты стратегиялық қағидаттар», «Инновацияларға қолдау – мемлекеттік саясат» мақалалары, Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газеті, №13, 30 наурыз, 2009жыл және №14, 6 сәуір, 2009жыл.
17. Қазақстан Республикасының “Инновациялық қызмет” туралы Заңы
18. Серпінді жобаларға сенім мол. // Егемен Қазақстан, 4 Наурыз 2013
19. Е. Б. Жатқанбаев, «Экономикалық теория» оқулығы, Алматы, Экономика, 2008жыл
20. Н. Ә. Назарбаев. «Задача науки – способствовать развитию экономики», Казахстанская правда, 16 апрель, 2004 г.
21. «ДАМУ» Шағын және Орта бизнеті қолдау орталығы» www.damu.kz
22. Индустрияландыру ісінің ілгерілеуі қалай? // Егемен Қазақстан, 2 наурыз 2013ж
23. Е. Әмірбекұлы, А. Саржанқызы// ҚазҰУ Хабаршы, №1 (71) 2011 ж
24. Биылғы қарқын, былтырғыдан да арта түспек// Егемен Қазақстан, 2 ақпан 2013 жыл
25. Каврук Е.С. Сбережения населения как инвестиционные ресурсы / Е. С. Каврук // Российское предпринимательство. - 2010.- № 8. Ч.2. - С. 114-118.
26. Каврук Е.С. Сбережения населения и инвестиционный процесс / Е. С. Каврук // Российское предпринимательство. - 2010.- № 9. Ч.1. - С. 29-32.
27. Кондратьева З.А. Роль и значение индивидуального инвестирования в решение задач экономического роста / З. А. Кондратьева // Финансы и кредит. - 2011.- № 8. - С. 62-69.
28. Иванченко В. Инновационно-структурированное воспроизводство и государство // Экономист. - 2010. - № 1.
29. Ясин Е. Институциональные проблемы России в мировом контексте // Вопросы экономики. - 2010. - №1.
30. Кузнецова Ю.А. Мировая практика государственно-частного партнерства // Российское предпринимательство. - 2010. - №3. - ч.1.
31. Акаев А. Экономические циклы и государство // Экономические стратегии. - 2010. - № 1/2.
32. Завьялова Т.А. Российская экономика, институциональные проблемы // Российское предпринимательство. - 2010. - № 2. - ч.1
33. Сухарев А.Н. Фонд национального благосостояния РФ: опыт 2008 - 2009 гг. и перспективы // Финансы и кредит. - 2010. - № 10.
34. Токаев. “Внешняя политика Казахстана”. Сб. Статей “Выступление президента Н. А. Назарбаева на совещании по вопросам внешней политики”. Алматы, 15 февраля 1995 г.
35. Очерк “История Казахстана”, Алматы, 1993 г. гл. 8. Казахстан -суверенное, независимое государство. Стр. 407.
36. Н. А. Назарбаев. “Стратегия становления и развития суверенной республики Казахстан”. 1992 г. гл. 3. Стратегия в области внешней политикии национальной безопасности.
37. Н. А. Назарбаев. “На пороге ХХ века”. 1996 г.
38. Токаев. “Внешняя политика Казахстана”. 1995 г.
39. А. Х. Христанбекова. “Казахстан и ООН”, стр. 49.
40. Токаев. “Внешняя политика Казахстана”. 1995 г.
41. В. И. Алесин. “Содружество независимых государств - проблемы и перспективы”, стр. 145.
42. “Казахстан и мировое сообщество”. 1994 г. № 1.
43. У. Касенов. “Итоги внешнеполитической деятельности РК и ее приоритетные задачи”. Алматы, 2005, «Дайк-пресс».
44. “Казахстан и мировой сообщество”. 1996 г. № 3.
45. С. Примбетов. “О союзе трех центрально-азиатских государств”.
46. Султанов К. Выстраивая взаимоотношения с великим соседом, нужно проявлять добрую волю и трезвый расчет. (Казахстанская правда). 1996 г. 12 января).

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 118 бет
Таңдаулыға:   
Глоссарий
Индустрия – Мемлекеттің өндіріс саласының жетекші құрылымға ие болуын
атайды. Өндіріс қуаты жоғары елдері индустриялы елдер санатынан жатады.
Инвестиция – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі
заттарын, сондай – ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның
жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға
арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын
тіркелген активтерді ұлғайту, сондай – ақ концессионердің концессия шарты
шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері.
Инвестор – инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды
тұлғалар.
Салық – мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде,
Республикалық немесе жергілікті бюджетті олардың кірістерін қалыптастыру
үшін, нақты салық төлеушілер – заңды және жеке тұлғалардан айқындалған
мөлшерде, белгіленген мерзімде, сондай – ақ жүйеленген тұрақты түрде
мемлекет (немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының) қарамағына
алынатын жекелей – баламсыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем.
Экономика – қоғамның шаруашылық жұмысы, сонымен бiрге өндiрiс,
үлестiрiлу, айырбас және тұтынуды қатынастардың жиынтығы.
Инновация – бұл процесстердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы өсуi немесе нарық
қажеттi өнiм қамтамасыз ететiн енгiзiлген жаңалықтар. Адамның зияткерлiк
қызметi, оның қиялы, творчестволық процесс, ашулар, өнертабыстар және
рационализация түпкi нәтижесi болып саналады. Инновациялар мысал жаңа
тұтынушы қасиеттерi немесе өндiрiстiк жүйелердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы
жоғарылатуымен өнiм бiржола жою базарға болып табылады.
Преференция – мемлекеттің кәсiпорындарға және ұйымдарға өз қызметтерін
жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатындағы жеңiлдiктер және
басымдылықтар,артықшылықтар беруі.
Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды
қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік инвесторлар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен
бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы
заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту,
мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға
бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру.
Бюджеттік жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты
есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді
тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс –
шаралар жиынтығы.
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1 ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫН ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... .7-24

1.1 Үдемелі индустриалды-инновациялық қаржы – экономикалық өсудің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.2 Қазақстан Республикасының индустриалды және инновациялық даму кезеңдері
мен оның экономикадағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ... ... ...25-47

2.1 Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму қаржылары мен
үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламаның бағыттарына
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.2 Қазақстан экономикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының
негізі ретінде ұлттық корпорациялар ролін талдау ... ... ... ... ... 71

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ БАСЫМ
БАҒЫТТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫ
ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71-86
3.1 Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму жолындағы
проблемалары мен басым
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
80
3.2 Сыртқы экономикалық саясат және оның даму бағытының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 88

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...89

Қосымша

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзiнiң дамуы
барысында XXI ғаысрға күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Глобализация мен
халақаралық бәсекелестiктiң күшеюi соңғы кездерi ұлттық экономикалардың
бәсекелестiкке қабiлетiлiгi мәселесiн өршiтiп жiбердi. Ел экономикасының
бәсекелестiкке қабiлеттiлiгi экономиканы басқарудың түрлi деңгейлерiнде
қалыптасатын көптеген факторлар мен шарттарға тәуелдi болады. Дегенмен,
елдiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң негiзi оның тауар өндiрушiлерi болып
табылады. Олардың қаншалықты бәсеке қабiлеттiлiгiнен өнiмнiң сапасы және
сәйкесiнше шығарылатын өнiм көлемi белгiленедi. Сондықтан, қазiргi уақытта
өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыру мәселес кәсiпорын
үшiн және де бүкiл ел үшiн аса маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Елбасы Қазақстан халқына 2013 жылғы Болашақтың іргесін бірге
қалаймыз атты Жолдауында Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі
қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға
негізделуі керек. Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын
қалыптастырады. Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы
технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап
алдық-деді[1, 56 б].
Осы мәселенi шешу жолдарының бiрi экономикалық дамудың бүгiнгi таңдағы
шикiзаттық бағытынан қол үзiп, тиiмдi экономикалық өсудi қамтамасыз ететiн
дамудың “индустриялық-инновациялық” сатысына өтуiмiз керек. Бұл мәселенiң
өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта
дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз “мемлекетiмiз әлем
таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және
даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-
технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан
артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан
елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн экономикалық дамудың
индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде
алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2012-2014 жылдарға
арналған үдемелі инновациялы-индустриялық дамудың мемлекеттік
бағдарламасының қабылдануы болып табылады.
Елбасының елімізді индустрияландыру саясатын жүзеге асыру мақсатында
2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі үдемелі
индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы экономиканың
шикізаттық емес саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экономиканы
әртараптандыру арқылы ұдайы ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға Қазақстан Республикасы
экономикасының инновациялы-индустриялық дамуының айқындалған жоспарлары
ықпал жасады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаты –
Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялы-индустриалды дамуын
жүзеге асыруға талдау жасай отырып, Қазақстанның инновациялық-индустриалды
даму келешегін айқындау, сыртқы экономикалық қызметін талдау.
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер
қойылды:
• Инновация ұғымын ашып және оның жiктелуiн қарастыру;
• Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі экономикасының даму
ерекшелігі мен индустриалды инновациялық даму тенденциясын айқындау;
• Инновациялық іс-әрекеттің өңірлер индустриясының дамуындағы ролін ашып
көрсету;
• Индустриялы - инновациялы саясаттың елiмiз экономикасы дамуы үшiн
маңыздылығы және оны дамыту шараларын айқындау;
• Қазақстанның үдемелі инновациялы-индустриялық даму бағдарламаның
мақсаты мен мiндеттерi және оның негiзгi бағыттарына талдау жасау;
• 2012-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі үдемелі
индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының негiзгi
бағыттарын көрсету;
• Осы тақырыпта зерделнген мемлекетіміздің сыртқы экономикалық саясатына
қатысты дерек көздері мен мәліметтерді талдау;
Зерттеу нысаны: Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының
экономикасы алынған.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Жұмыстың зерттелу деңгейіне Қазақстан
Республикасының мемлекеттің индустриялық-инновациялық саясатын жүргізуге
бағытталған стратегиялық бағдарламалары мен Президенттің халыққа жолдаулары
жатады. Н.Ә. Назарбаевтің 2013 жылғы халыққа жолдауы Болашақтың іргесін
бірге қалаймыз атты стратегиялық жоспарымен тұжырымдалды. Осы жоба аясында
индустриялық-инновациялық іс-әрекеттің өңірлерді дамытудағы рөліне айқын
тоқталған болатын. Қазақстан республикасының индустриялдық-инновациялық
дамуының 2010-2015жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы Президенттің
2012 жылғы 19 наурыздағы № 958 жарлығы бойынша бекітілген болатын. Осы
жарлықтың негізінде индустриялық-инновациялық даму сферасы тағы да жаңа
сатыға көтерілді. Сонымен қатар, Бизестің жол картасы атты бағдарлама
құжаты негізінде тақырыбымыз аз зерделенбеді.
Тақырыбымызға қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіп, өзіндік пікір-
ұсыныстарымен ерекшеленетін ғалымдар тобынан М. Байгісиевтің Ұлттық
Экономиканы мелекеттік реттеу атты құралы жарыққа шықты. Бұл еңбек
индустриялық-инновациялық дамудың келешегін болжап, мемлекеттік саясаттың
нақты мүмкіндіктерін ашып көрсетті. Экономика ғылымдарында еллеулі еңбек
сіңіріп жүрген С.Т. Купешова Теория и практика инновационного процесса в
переходной экономике Республике Казахстан атты мақаласын 2004 жылы жарыққа
шығарды. Бұл мақаланыда зерттеу жұмысымызда тиісті деңгейде пайдаланыпи
қажетті әдіснамаларды қабылдаған болатынбыз.
СОНЫМЕН БІРГЕ, ТАҚЫРЫБЫМЫЗДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЫРТҚЫ
САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТІҢ НА ПОРОГЕ ХХ ВЕКА АТТЫ ЕҢБЕГІ 1996
ЖЫЛЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ. Қ.К. ТОҚАЕВТІҢ 1995 ЖЫЛЫ ВНЕШНЯЯ ПОЛИТИКА КАЗАХСТАНА
АТЫТ ЕҢБЕГІНДЕ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛДАНҒАН.
Зерттеу жұмысының ғылыми – әдістемелік негіздері: Зерттеу жұмысының
мақсаты мен міндеттерінде көрсетілген басымдықтарды ғылыми тұрғыда жүзеге
асыру барысында логикалық, салыстырмалылық, статистикалық және
диалектикалық-құқықтық әдістерді кеңінен қолдандық. Сонымен бірге, жалпы
пәндерге ортақ пәнаралық классикалық әдісті де өз деңгейінде енгіздік.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы: Зерттеу жұмысының тәжірбиелік
маңызы ретінде диплом жұмысының қорғалуын атауға болады. Зерттеу жұмысын
профессор-оқытушылар алдында таныстырып, талапқа сай қорғау барысында сұрақ-
жауап арқылы, пікір алмасу нәтижесінде оған тиісті бағасы беріледі. Соынмен
бірге, осы тақырып аясында ғылыми басылымдарға мақала беру және
магистратура оқу сатысында жалғасыру арқылы теорияны тәжірбиеге айналдыру
көзделінуде.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақстан Республикасындағы үдемелі
индустриялы-инновациялық бағдарламалар мен олардың жүзеге асыру жолдары
және ҚР экономикалық сыртқы саясаты.
Зерттеу жұмысының пәні. Үдемелі индустриялы-инновациялық
бағдарламалырдың нәтижелері және мемлекеттің сыртқы экономикалық негізі
бағыттары.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
ретінде инновациялық-индустриялық дамудың үдемелі сатыға көшуін зерделеу
мен оған жан-жақты салыстырмалы тұжырымдар мен мәліметтерді сабақтастыруды
атаймыз. Себебі Президенттің Жолдауынан кейін индустрия мен инновация
терминіне үдемелі сөзі қосылды. Зерттеу жұмысымыз үдемелі дамудың бағыттары
мен жүзеге асу тиімдіктерін жүйелі түрде айқындай білді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімінен және 3
тарау мен қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер бөлімінен тұрады. Кіріспе
бөлімі іштей бірнеше анықтаушы критерилерге бөлінсе, 3 тарау өзара 2
тараушадан 6 тараушадан құралады.

ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫН ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1. Үдемелі индустриалды-инновациялық қаржы – экономикалық өсудің
негізі
XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi
айқын көрiндi. Оларға:
• Шикiзаттық бағыттағы экономика;
• Дамушы экономика;
• Индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы.
Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер
жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық
бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды
қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел
инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып
табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық
потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы бiлiмге
негiзделген экономика деп атауға да болады. Бiздiң елiмiз әлi де болса
индустрияға дейiнгi және индустриялы қоғамды бiрге басынан өткеруде. Ал
бiздiң мақсатымыз алдынғы қатарлы, индустриядан кейiнгi елдер қатарына
қосылу болып отыр.
Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің рөлі және тиімді өнеркәсіптік
саясатты қалыптастырудың қажеттігі
Кез келген елдің экономикалық жағдайы елеулі түрде өнеркәсібінің даму
деңгейіне байланысты болады. Елдің өнеркәсіптік кешенінің жағдайы мен даму
динамикасы, экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту,
халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қоғамның экономикалық
ортасын сауықтыру, тең құқықты және езара тиімді жағдайда әлемдік
экономикаға бірігу секілді үзақ және қысқа мерзімді міндеттердің сәтті
шешілу мүмкіншіліктерін анықтайды.
Ұлттық экономикалық өміріндегі индустриялық кешеннің маңызы мен рөлі
келесі факторлармен анықталады:
Біріншіден, өнеркәсіптік өндіріс объективті түрде ЖІӨ-ні және ішкі
тұтыну мен экспорт үшін жалпы тауарлар көлемін өндірудің негізгі көзі болып
табылады. Тұрақты дамушы экономикада ЖІӨ-ні өндіруде өнеркөсіптің үлесі 40%-
ға жақын. 90 ж. басында бұрынғы КСРО елдеріндегі бұл көрсеткіш 60%-ды
құраған болатын. Экономиканың тұрақты даму кезеңінде өнеркәсіптік
кәсіпорындарда еңбекке жарамды халықтың 40% жұмыспен қамтылған[1, 98 б].
Екіншіден, экономиканың маңызды саласы ретінде өнеркәсіптің жетекші
рөлі қоғамдық өндірістің барлық басқа салалары мен
сфераларын индустрияландырушы басты фактор болуымен сипатталады, олардың
техника-технологиялық деңгейін, ғылыми- техникалық базасы мен және сала
аралық кешендердің жағдайын анықтайды. Сол арқылы өнеркәсіп бұл
сфералардағы өндіріс көлеміне белсенді ықпал етеді, олардың ұлттық ЖІӨ-ні
өндіруге қатысуын мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, жұмыспен қамту
деңгейлерін анықтайды, нәтижеде халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын
қалыптастырады.
Үшіншіден, көп салалы өнеркәсіптік кешен қоғамдық өндірістің барлық
басқа салалары мен сфераларының өнімдерін, қызметтерін негізгі тұтынушы
болып табылады. Сол арқылы қоғамда төлем қабілеті бар сұранысты туындата
отырып, ЖІӨ-ң өсуін ынталандырады. Экономикалық өмірдегі өнеркәсіптің
осындай маңызды және көп қырлы рөлін ескере отырып, дамыған елдердің өзінде
өнеркәсіптік- өндірістік кешенді дамытуды бірінші басымдылық деп таниды.
Өнеркәсіп ұлттық экономиканың жетекші бөлімі, елдің экономикалық даму
деңгейін анықтайтын "бас нүкте" екендігін дәл айқындайды. Сондықтан да олар
белсенді, жан- жақты және қисынды өнеркөсіптік саясат жүргізеді. Қазақстан
үшін өнеркәсіптік саясатты дайындау мен жүзеге асыру мәселесі аса өзекті.
Бұл мәселенің өзектілігі кез келген елдің экономикалық өміріндегі
өнеркәсіптік саясаттың үлкен және көпқырлы рөлімен ғана емес, сонымен қатар
еліміздегі экономикалық дағдарыс кезінде өнеркәсіптің қатты залал
шеккендігімен де байланысты[2, 65 б].
Сонымен бірге өнеркәсіптің шикізаттық бағытының күшеюі жалғасуда
және шикізат өндіруші салалардың жедел дамуы арқылы оның құрылымы
нашарлай түскен. Атап айтқанда, 2004ж. тау-кен өндірісі өнеркәсібінің
ғана үлесі 46,8% - ды құраған, оның ішінде ішкі мұнай мен оның құрамындағы
газ өндірісі- 38,2%.
Өнеркәсіптің барлық салаларының өндірістік - техникалық аппаратында
ескірген негізгі қорлар басым, техника мен құрал - жабдықтардың орташа
қызмет еткен мерзімі 20 жылдан жоғары, тозу деңгейі 45 - 55%. Бірқатар
аймақтардағы шикізаттық маманданудың тереңдеуі оларды жалғыз салалы
аймақтарға айналдыруда, ал ішкі рынокқа бағдарланған салалар одан зиян
шегуде. Осының салдарынан бірқатар әлеуметтік- экономикалық қайшылықтар
ушығып, аймақтағы түрғындардың өмір сүру деңгейі мен сапасы республикалық
орташа көрсеткішпен салыстырғанда темендеген. Елдің өнеркәсіп кешеніндегі
осы және басқа да теріс көріністер қалыптасқан жағдайлар бойынша мемлекет
тарапынан белсенді іс- әрекеттерді шұғыл талап етеді, өнеркәсіптегі
қалыптасқан экономикалық қатынастарды да, елдің болашақ мүдделерін де,
халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын да ескеретін мемлекеттің мақсатты
бағытталған өнеркәсіптік саясатын қалыптастырудың қажеттігін ескертеді.
Мұндай саясатты дайындаудың алғашқы қадамы 1998 жылы жасалынды. ҚР Үкіметі
"1999 - 2005 жылдарға арналған ҚР өнеркәсіптік саясаты" мемлекеттік
бағдарламасын бекіткен болатын. Бұл құжатта басты мақсаттар ретінде
келесідей мәселелерді шешу көзделді:
а) экспортпен импортты алмастыруды дамыту;
б) жаңа ғылымды қажетсінетін өндірісті дамыту және техникалық жаңарту;

в) ішісі және сыртқы рыноктарда Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру. Көріп отырғанымыздай бұл мақсаттар ұзак мерзімді
болашаққа арналған және ұзақ мерзімге негізделген мемлекеттік іс-шаралар
кешенін анықтайды. 2005 жылы осы құжатты дамыту мақсатында 2005- 2015
жылдарға арналған ҚР индустриалды - инновациялық даму стратегиясы
қабылданған болатын. Онда көрсетілген басты мақсаттар: Экономика салаларын
әртараптандыру арқылы елдің тұрақты дамуына жету, болашақта сервистік-
технологиялық экономикаға өту үшін жағдайларды дайындау. Стратегияның
негізгі міндеттері, сатылары және жүзеге асыру мерзімдері, қажетті
ресурстар мен қаржыландыру көздері және күтілетін нәтижелері қарастырылған.
Қорыта айтқанда, Қазақстан өз өнеркәсібін реформалау, оның шикізаттық
бағытын өзгерту мен тең құқықты және өзара тиімді жағдайларда әлемдік
экономикаға интеграциялану жолдарын іздеу үстінде.[2, 78 б]
Индустриялық саясаттың объектісі болып елдің барлық өнеркәсіптік
кешені табылады, оның ішінде барлық салалардың жиынтығы, салалық құрылымы
мен өнеркәсіп салаларының ғылыми- техникалық деңгейіне әсер ететін
құрылымдық ұйымдар. Сондықтан индустриялық саясаты туралы сөз болғанда,
міндетті түрде салалық, құрылымдық, ғылыми - техникалық және инновациялық
саясат қарастырылады, өйткені олардың барлығы бір кешеннің элементтері
болып табылады жөне мақсаттары бірдей. Индустриялық саясаттың субъектісі
ретінде барлық деңгейдегі басқару органдарымен бірге мемлекеттің өзінен
басқа көптеген шаруашылық субъектілері болуы мүмкін. Яғни, Индустриялық
саясатқа әсер ету мүмкіншіліктері өз мүдделері мен мотивтері бар ірі
корпорациялар, қаржылық-өнеркәсіптік топтар, акционерлік қоғамдар жөне ірі
құрылымдық шаруашылықтар[3, 114 б]. Ірі капиталға иелік ете отырып, олардың
өзіндік Индустриялық саясатты жүзеге асыруға мүмкіншіліктері жоғары.
Орта мерзімді мақсат - халық шаруашылығының индустриалды негізін
құрылымдық және технологиялық қайта қүру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қалпына
келтіру.
Қысқа мерзімді мақсат - өндірістің құлдырауының алдын алу,
экономиканың тұрақты өсуін және орнықтылығын қамтамасыз ету секілді ағымдьщ
міндеттерді шешеді. Көріп отырғанымыздай, бұл мақсаттар әртүрлі уақыт
кезеңдерін сипаттайды және өнеркәсіптік саясаттың басты мазмұнын орындаудың
логикалық сатылары ретінде көрінеді. Өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырудың
негізгі әдістері мен құралдарына жалпы экономикалық саясатта қолданылатын
олардың барлық тобы жатады. Жоғарыда аталып өткендей, оларды келесідей үш
топқа бөлуге болады: заң шығарушы- құқықтық, қаржылық- несиелік және
әкімшілік. Бұл мемлекеттің қарамағындағы мемлекеттік реттеудің әртүрлі
нысандары мен әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Экономикалық әдебиеттерде мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың әртүрлі
жіктемесі кездеседі:
а) экономикалық өсудің сипаты бойынша өнеркәсіптік саясат теңгерілген және
теңгерілмеген тұрпатқа бөлінеді.
ә) өнеркәсіп кешеніне әсер ету төсілі бойынша - белсенді және нашар
өнеркәсіптік саясат тұрпаты.
б) бағытталуы бойынша - жалпы жүйелік және таңдамалы өнеркөсіптік саясат
тұрпаты.
в) мазмұны бойынша- экспортқа бағдарланған, импорт алмастырушы және
инновациялық өнеркәсіп саясатының тұрпаты.
с) қамтылу көлемі бойынша - жалпы ұлттық, аймақтық өнеркәсіптік саясат
тұрпаты[3, 141 б].
Тәжірибеде олардың қолданылуы нақты жағдайлар мен ұлттық экономикалық
ерекшеліктеріне, өнеркәсіптік кешеннің даму деңгейіне және қабылданатын
стратегиялық мақсатты белгілеулерге тәуелді. Сондықтан нақты шаруашылық
тәжірибеде өнеркәсіптік саясаттың әртүрлі тұрпаттарын белгілі бір жиынтық
күйде және үйлесімділікте қолдануға болады.
Мысалы, өнеркәсіптік саясаттың экспортқа бағдарланған тұрпаты
өнеркәсіптік дамуға әсер ету тәсілі бойынша белсенді , бағытталуы бойынша-
жалпы жүйелік немесе таңдамалы, теңгерілген немесе теңгерілмеген болуы
мүмкін. Оларды бір уақытта да, әртүрлі кәсіпорын, сала, аймақтарға қатысты
сараланған күйде де қолдануға болады.
ҚР экономикалық саясатына қатысты кейбір экономистердің пікірінше
өнеркәсіптік саясаттың аса қолайлы нұскасы теңгерілмеген өсу саясаты болып
табылады, өйткені қаржылық ресурстардың шектеулілігі жағдайында
өнеркәсіптің барлық салаларын бір уақытта қайта құру мүмкін емес. Сондықтан
таңдамалы ынталандыру арқылы сыртқы рынокта жоғары бәсекелік
қабілеттілікті қамтамасыз ете алатын салалар мен кәсіпорындарды ғана дамыту
қажет. Іс жүзінде бұл экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік саясатты
қолдануды білдіреді. Оны жүзеге асыру кезінде нақты салалар мен өндіріске
әсер етудің белсенді және нашар әдістерін қолдануға болады. Қорыта айтқанда
өнеркәсіптік саясаттың жоғарыда айтылған барлық тұрпаты бір ғана саясаттың
әртүрлі қырлары болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде өнеркәсіптік саясаттың белгілі бір қағидалары
пайдаланылады. Оларға:
• ұлттық экономиканың сапалық өзгерістерге көздеуі;
• өнеркәсіп өндірісінің әлемдік талаптарға бағдарлануы,:
• өнеркәсіп өндірісінің басымдылықты салалары мен сфераларын айқындау;
• өнеркәсіп өнімдеріне жаппай сұраныс және табыстылық;
• өнеркөсіптік саясаттың барлық құрамдас элементтерінің өзара
байланыстылығы;
• өнеркәсіптік әлеуетке сүйену;
• билік тармақтары, ведомствалар, кәсіпорындар арасында өнеркәсіптік
саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтердің бөлінуін айқындау.
Қазақстанның өнеркәсіпті қайта құруы ұзақ мерзімді және сатылы процесс
болып табылады. Сондықтан өнеркәсіптік саясатты құру кезінде қалыптасқан
жағдайларды ескеруі тиіс: елдің және оның аймақтарының мамандануын,
өнеркәсіптің салалық құрылымын, оның техника - технологиялық деңгейін,
шаруашылық байланыстарын, өнеркәсіп көсіпорындарының нысандарын, тұрпаты
мен көлемін және т.б. Бұл жағдайлар объективті түрде өнеркәсіпті қайта құру
процесінің ұзақтығын болжайды. Сондықтан өнеркәсіптік саясаттың қойылған
мақсатты белгілеулерін жүзеге асыруда оны нақты кезендерге бөлу қажет болып
табылады. Осыған орай "Стратегия" келесідей кезеңдерден тұрады:
1- кезең - 2005- 2007 жылдар;
2- кезең- 2008- 2012 жылдар;
3- кезең- 2013-2015 жылдар.
Бұл тек өнеркәсіп кешенінің ғана емес, сонымен қатар жалпы ұлттық
экономиканың нақты даму жолдарын көрсетеді[4, 34-35 б].
Өнеркәсіптік саясатта өнеркәсіпті қолдаудың заңдық іс- шаралар жүйесіне көп
көңіл бөлінеді. Мұнда инвестициялық, инновациялық іс-әрекетті және
өндірістің дамуын ынталандыратын жалпы жөне мақсатты іс- шаралар
ерекшеленеді. Жалпы мақсатты іс - шаралар өнеркәсіптің барлық кәсіпорындары
үшін, ал мақсатты іс - шаралар ішкі тұтынуға арналған жекелеген тауарлар
тобын өндірушілерге немесе мемлекеттік басымдығы бар тауарларға қатысты
және мемлекеттің қолдауымен белсенді қаржы-шаруашылық іс - әрекетті қалпына
келтіруге қабілетті ірі шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты дербес
қолданылады[2, 65 б].
Жалпы іс - шаралардың ішіндегі аса тиімділері:
І.Салық жүйесі арқылы өнеркәсіпті ынталандыру механизмдерін дайындау,
яғни жеңілдетілген салық салу, бәсекеге қабілетті өндіріс үшін қолданылатын
мүліктерді салықтан босату және т.б.
2. Амортизациялық қорды мақсатқа сай пайдалануды бақылау.
З.Кәсіпорындардың өз инвестицияларын ынталандыру.
4. Өнеркәсіпті инвестициялау үшін несие беру жағдайларын өзгерту.
Мақсатты немесе тандамалы іс - шаралар нақты кәсіпорындарға сараланған
түрде қолданылады. Бұл іс - шаралар бағытталған кәсіпорындарды таңдау
кезінде олардың жалпы тиімділігін анықтайтын өлшемдерді басшылықка алады.
Ондай критерилер ретінде: кәсіпорынның тауарлық мамандануының болашағы;
бюджетті қалыптастыруға қатысуы; өндірістің материалдық -техникалық ахуалы;
инвестициялаудың тиімділігі және тағы басқа.
Ол үшiн мемлекет бел шешiп араласуы керек, сондықтан инновация мен
инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.
Осы дамудың тиiмдi жолы болып табылатын инновациялық дамуды
талқыламас бұрын инновация ұғымының өзiне тоқталу қажеттiгi туындап отыр.
Экономикада “инновация” терминi XV ғасырдың І-шi жартысында пайда бола
бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар
өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық қасиеттерге
ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа түрде жақсартылған технологиялық
процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына
инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар
тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен
өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша
инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн
көрсетуге болады:
1. Инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы
бәсекелестiкке төтеп бередi;
2. Инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
3. Жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
4. Инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
XX ғасырдың 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық
өсудiң басты факторы ғылыми-техникалық прогресс екендiгiн айтқан. Мұны
Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн,
қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше
екенiн айтты.
Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай
ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып,
өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.
Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен
қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл
түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер
экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары
өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл
анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып
табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.
[3, 45 б]
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi
әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
• экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор
инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
• экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
• интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға
қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни
мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан
тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды
және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің
қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы
бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана
Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының
әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.
Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары
технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-
техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2050 бағдарламаның
маңызды мәселелерінің бірі.
2004 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы
Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары
қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-келген
мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің
негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер болу.
Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-
техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады[6, 87 б].
Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен
инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.Бүкіл
әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда
құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон
аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары
технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия,
Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан
американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1
айдан кейін шықса, АҚШ-та – 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін шығады.
Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай
жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай.
Ал Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда
өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей
елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін
қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы
ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға
алды. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және
жүзеге асыру болып табылатын “Ғылым және технология Министрлігі” құрылды
және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі
дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланды[5, 124 б].
Финляндияға келетiн болсақ бұл ел 1991 жылға дейін экспортының
жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы
экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.
Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп
кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа
экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны дамыған елдер
қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет “Ұлттық
инновациялық жүйені” құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті
қадағалайды.[6, 145 б]
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60
жылдарында дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда
мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл
саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келедi.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік
қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар
қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл
лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық және т.б.
2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу
жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.
Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған
нәтижені ашық түрде жариялау. Шет мемлекеттердегі индустрияның қайсы
саласының үдемелі даму көрсеткіштерін талдағанымзда олардың салааралық
динамикасына мән береміз. Біздің еліміздегі белгілі жылдар бойынша
салааралық қнідіріс динамикасы қандай деген сұраққа 1-кестеден жауап
іздейміз.
1 Кесте
ҚР 2010 – 2012 аралығындағы өндіріс саласының динамикасы
2010 жылы 2011 жылы 2012 жылы
Тау кен саласы 3890 4321 7215
бойынша
Көмір өндірісі 143 111 150
бойынша
Өңдеуші өнеркәсіп 3500 3350 3722
саласы бойынша
Дерек көзі: ҚР Индустрия және Технология Министрлігінің сайты [7]

Кестеде шикізат өндіріс көзі мен өңдеуші өнеркәсіп саласы арасындағы
өнімділіктің үлес салмағы көрсеткіштері келтірілген. Тау-кен саласының 2012
жылғы көрсеткіші ол салаға инвестицияның жоғары тартылғанын көрсетеді.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға 2-шi дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне
бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін
құрады. Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын
кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі
52%-ды құрады. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті
қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді
сәйкестендіру болып табылады[7, 187 б].
Мемлекеттік деңгейде инновациялық кәсіпорындарға мынандай қолдау
көрсетеді:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық
кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас
басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын
инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың
бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын
кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету
Оны Жапонияда 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102
филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және
өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға
арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Жапонияда Орталық банктер кредиттердің 47%-ын, ал жергілікті
коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді.
Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері
қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен
алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен, яғни 2-3%-
да алады[9, 213 б].
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.
Шетелдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте
маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді
дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетініне және жалпы елiмiздiң
инновациялық жағдайы мен 2010-2015жылдарға арналған стратегияның
қызметтерiне тоқталайық.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң
басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның
пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде
технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi
әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
• экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор
инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
• экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
• интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi
болып табылады.
Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн
экономикалық өсудiң интенцивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi
керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет
өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.
ОЛ ҮШIН ЕЛДЕ 1990 ЖЫЛДАН КЕЙIН ҚҰЛДЫРАП КЕТЕН БАРЛЫҚ ӨНДIРIСТЕРДI
ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ АРҚЫЛЫ IСКЕ ҚОСУ, КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ, ӘСIРЕСЕ ШАҒЫН
БИЗНЕСТI МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРГЕ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТIК САЛЫҚ ЖӘНЕ НЕСИЕ ЖЕҢIЛДIКТЕРI АРҚЫЛЫ ОЛАРДЫ
ЫНТАЛАНДЫРУ, ЕЛДЕГI ХАЛЫҚТЫҢ БIЛIМ ДЕҢГЕЙIН РЕФОРМАЛАУ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛI
МАМАНДАР ДАЯРЛАП ШЫҒАРУ, СОНДАЙ-АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА
ТИIМДI САЯСАТ ЖҮРГIЗУ ЕЛIМIЗДIҢ БАСТЫ МIНДЕТТЕРI БОЛЫП ОТЫР[9, 54 Б].

КЕСТЕ 2
Экономикалық қоғамдардың негiзгi сипаттамасы
Қоғам түрi Индустрияға Индустриалды Индустриядан кейiнгi
дейiнгi
Мақсаты Өмiр сүру Экономикалық өсуӨмiр сүру сапасын
арттыру
Базалық ресурстары Табиғат күшi, Пайдалы қазбаларБiлiм
флора, фауна
Методология Жекеден қоғамға Қоғамнан жекеге Жүйелiк анализ
познания
Жүйелiк Бiлiм беру МамандандырылғанЖеке салаға
сипаттамасы, бiлiм практикалық дайындақ, маманданған
беруi тәжiрибеде техника-инженерлуниверситеттiк бiлiм

Энергияны қолдану Бiр реттi Көпреттi Энергетикалық
ресурстарды қолдануды
оптималдау
Өндiрiстiк қызметтiИндивидуалды Конвейер Жүйе,CALS технология
ұйымдастыру коллективтi
сипаттамасы
Экономика құрылымы Алғашқы Екiншi ҮшiншiТөртiнші, Бесiнші
Қызмет түрi Өндiрушi Өңдеуші, Сервистік,
Инфрақұрылымдық Ақпараттық
Дерек көзі: Ұлттық Экономиканы мемлекеттік реттеу кітапша, ҚазҰУ
[3]

1-кесте
Жоғарыдағы кестеден экономикалық қоғамдардың ішкі жүйесінің түрлі
болатындығына көз жеткіземіз. Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба
байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында
тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа
технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей
шетел инвестициялары әсер етедi Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны
мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы
үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде
жүзеге асыратын мекемелер, ұйымдар қалыптастыруымыз керек[10, 145 б].
Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым
қатынаста болып отырады. (Сурет 1)

Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарам-қатынасы.

Сурет 1. Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарам-қатынасы
Дерек көзі: Инновациялық қызмет туралы заң, [4]

1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай инновациялық процестi дамытуда
сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы
сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке
ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында
кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан
кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология
бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып
табылады.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты
дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге
интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты
көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған
өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану
“Қазақстан-2050” бағдарламаның маңызды мәселелерінің бірі.
2004 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы
Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары
қарай дамыту.

2. Қазақстан Республикасының индустриалды және инновациялық даму
кезеңдері мен оның экономикадағы ролі

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда экономиканы реформалаудың
бірнеше тәсілі қолданылды. Мемлекеттің экономикалық саясаттың базалық
бағыттары мыналар болды: 1) социалистік экономикадан кейінгі қайта құру; 2)
дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкономикалық тұрақтандыру; 4)
дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру; 5) экономикалық өрлеуді
қамтамасыз ету.
Реформалаудың бірінші кезеңінде (1991-92) Қазақстанда социалистік
экономикадан кейінгі экономиканың жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен
сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының
жаппай үдере қожырауы салдарынан туған еді, оның үстіне өзгеріске ұшыраған
сыртқы және ішкі әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта
жүргізілген экономикалық саясат өрістеп кете алмады.
Республиканың жалпы ішкі өнімі 1991 жылы ағымдағы бағамен — 85863,1
млн. сом, 1992 жылы — 1217689,2 сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан
үдей түскен инфляцияға байланысты жалпы ішкі өнім ағымдағы бағамен 15 есе
көбейді. Тұтыну бағасының индексі 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзі 1991
жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы ішкі өнім
деңгейі 5,3%-ға төмендеді. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың
барлық саласы бойынша өндіріс көлемі күрт азайды. Өнеркәсіптік өнімнің
құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлікте 19,4%-ды
құрады. Өндірістің өсуі тек а.ш-нда ғана тіркелді. Сатып алу қабілетінің
тепе-теңдігі бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім
1991 жылы 5756 АҚШ доллар, 1992 жылы 5561 АҚШ доллар болды. 1992 ж.
Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның
егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының қалыптасу стратегиясы”
қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және
экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгіленді, олар: бәсекеге
негізделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы
жүйесінде әрқайсысы өз міндеттерін орындайтын негізгі меншік нысандары
(жекеше және мемлекеттік) ұштасатын және өзара байланыста болатын
әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзін-өзі билеуі
қағидатын іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдай жасау[11, 178 б].
Екінші кезең (1993 — 94) экономикалық дағдарыстың түйінді кезеңіне
айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық
байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төленбеу
дағдарысы: кәсіпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 жылы және 1995 жылдың
басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түсті: 1993
жылы тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті (Ресей Федерациясының
жаңа рублінің инфляциясы); өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы: өндірілген
ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы
құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс
халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерін тигізді: 1990 жылдан 1994 жылға
дейін тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта
есеппен жалпы ішкі өнім 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллар болды. Бұл кезеңде
халықтың жаппай көші-қоны басталды, ол 1994 ж. теріс сальдоға жетті
(–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды
көздеді: меншік қатынастарын қайта құру жеке меншікті заңдастыру жағына
ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгені енгізу (1993 ж.
қараша); валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет
тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-
валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкімет дағдарысқа қарсы
шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейін азайтуға және
өндірістің құлдырауын шектеуге бағытталды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкіметі
басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебінен кәсіпорындарға
талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 жылы оның көлемі 14063,7 млн.
теңге болды[12, 165 б]. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қолданылып
жатқан шараларға қарамастан мемлекеттің нысаналы несиелері көбінесе
қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300
млн. теңге (яғни бөлінген несиенің алтыдан бір бөлігі) қайтарылды. Бұл
кезеңде жалпы ішкі өнімнің серпіні өндірістің шапшаң құлдырауымен
сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы ішкі өнімнің көлемі 1990
жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның
нәтижесінде таза жинақ қаражат — өндірісті тұрақтандыратын әлеуетті
инвестициялар өсуге тиіс еді. Алайда, жинақ қаражат күткендегідей өсе
қоймады: халықтың салымы небәрі 606,9 млн. теңгеден (1.01. 1994) 1673,5
млн. теңгеге дейін (1.07.1994) ғана көбейді, ал банкілердегі ағымдағы, есеп
айырысу және депозиттік шоттардың қалдықтары тиісінше 4154,1 млн. теңгеден
12472,0 млн. теңгеге көбейді[13, 164 б].
Үшінші кезеңде (1995-1997) макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы
қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді.
Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық
экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық
стандарттарға сәйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту, инвестициялық және
сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-
несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу; ұлттық валюта бағамының
тұрақтылығына қол жеткізу; атаулы жалақыны шектеу; берілетін несиелерді
шектеу және ақша массасының қатаң көлемін (11722 млн. теңгеден аспайтын)
белгілеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңінен тартылды, рыноктер мен
нарықтық құрылымдарды дамыту үшін жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың
нәтижесінде 1996 жылдың қарсаңында теңгенің валюталық бағамы тұрақтанды
(1994 ж. — 1 доллар үшін 35,76 теңге, 1995 ж. — 60,93 теңге, 1996 ж. —
67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсіптің сыртқа шығаруға
бағдарланған бірқатар салаларында өндіріс жанданды. Жан басына шаққандағы
жалпы ішкі өнім 1994 жылмен салыстырғанда 1997 жылы 14,1 млрд. теңге
деңгейіне дейін көбейді. 1997 жылдың бас кезіндегі экономиканың жай-күйін
мынадай факторлармен сипаттауға болады: іс жүзінде барлық тауарлар мен
қызметтердің бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негізгі заңдық актілер
өзгертілді, олар реформаларды жүргізуге мүмкіндік туғызды, сыртқы
экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетін жаңа
салық базасы жасалды, меншікті қаржы рыногі құрылды, банк жүйесі
жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар
рыногі құрылды, мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарымды қарқынмен
жүргізілді. Бұл нарықтық реформалар кезеңінің басты жетістіктері: елде
тұрақты әлеуметтік - экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бірлігі
енгізілді және дербес ұлттық ақша саясатын жүргізу мүмкіндігі туды;
Қазақстан рыногі тұтыну тауарларымен молая түсті; респбликаның тәуелсіздігі
мәртебесін дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықаралық қаржы
институттарына кірді. Әлеуметтік -экономикалық шаралардың іске асырылуы
Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға
жол ашты[14, 89 б].
Төртінші кезеңде (1998-1999) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму
стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2050”: Барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентінің
“Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ
мерзімдік стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негізі — даму бағыттары және
елдің дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның
міндеттеріне сәйкес Қазақстан 2050 жылға қарай дамыған мемлекеттердің
деңгейіне жетіп, әлемнің ең дамыған 20 елінің қатарына қосылуға тиіс (
Қазақстан — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары
Инвестицияның методологиялық мазмұны
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
Инновациялық жобаларды басқару
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі
Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
Индустриялық-инновациялық даму. Экономиканы индустриялық-инновациялық қалыптастырудың мәселелері мен басымдықтары
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Пәндер