Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялар


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе4

Тарау 1 Депозиттік операциялар банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі ретінде

1. 1 Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері 5

1. 2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері менолардың сипаттамасы 10

1. 3 Коммерциялық банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi жетiлдiрудегi маңызы . . . 16

1. 4 “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның депозиттік операцияларынжүзеге асыру кезеңдері 32

Тарау 2 “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ы мысалында коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау

2. 1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі депозиттік базаны бағалау 38

2. 2 “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның талдау 44

2. 3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның несие және депозит нарықтарындағы операцияларын салыстырмалы талдау 56

Тарау 3 Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастырудың жетілдіру жолдары

3. 1 Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының кейбір қырлары және даму ерекшеліктері 62

3. 2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтындыру жүйесінің даму келешегі 67

Қорытынды 73

Қолданылған Әдебиеттер тізімі 76

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыз айындағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл - жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика» [1] . Ал бұл мақсаттарға жету үшін осы іскерлікті жүзеге асыруға және шығарылатын өнімдердің жоғары бәсекелік қабілеттілігін орнатуға көмектесетін банк жүйесінің несиелері болып табылады. Бұл несиелер, өз кезегінде, банктердің тартылған ресурстары арқылы берілетініне көзіміз жетеді. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау - Үкіметтің басты міндеті. Оны іске асыру үшін 2006-2008 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасы жасалып бекітілді. Бұл бағдарлама бойынша резиденттердің депозиттері 1654 млрд. теңгеден 2008 жылы 3525 млрд. теңгеге өсуі жоспарлануда [2]

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерi Конституцияға, «Қазақстан Республикасының банктерi мен банктiк қызмет туралы» 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасының заңына, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 12-маусым 2001 жылғы ҚР кодексіне, «Валюталық реттеу туралы» 3аңға, «Екiншi деңгейдегi банктердегi клиенттердiң бaнктік шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібi туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы заңға сәйкес депозиттiк операцияларды жүргiзедi.

«Банктер және банктiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 3аңына сәйкес «депозит - бiр тұлғаның екiншi тұлғаға - банкке (соның iшiнде Ұлттық банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бiрiншi ретте талап еткенде сондай - ақ белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөлiктеп, алдын-ала келiсiлген өсiммен немесе өсiмсiз, тiкелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаға берiлетiн ақшалар» [3] .

Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қызмет етуі тұрақталды десек те, кейбiр банктердің (Бизнес банк, Көмiрбанк) кенеттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы мiндеттемелерiн орындай алмауы әлi де болса бұл жүйенiң қызмет етуiнде кемшiлiктердiң бар eкeндiгiн көрсетедi. Бұл кемшiлiк тек қана осы банкротқа ұшыраған банктiң менеджментiнде ғана емес, сонымен бiрге осы жүйенiң бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетiп отыр деп ұғyғa болады. Өйткенi, Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктерге қолданатын өз реттеушiлiк құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргiзуiнде қателiктерге жол берiп отыр. Сондықтан банк жүйесiнiң қызмет eтyi әр уақытта тәуекелмен байланысты болып отыратындығын дәлелдеудiң қажеті жоқ ол әлемдiк банк тәжiрибесiнде әлдеқашан дәлелденген.

Бiрақ банкротқа ұшырады деген кейбiр банктер (Агроөнеркәсiп банкi) инвесторлардың табылуына байланысты банк жүйесiне қайта келуi (Наурыз банк) бұл нapықтық экономика элементтерiнiң дұрыс жұмыс iстеп жатқандығын көpceтeдi. Өзiнiң филиалдық тораптарының көптiгiмен танымал болған бұл банк Қазақстан халқына өз қызметiн сапалы түрде атқарьш көмeктeceдi деген сенiмдемiз.

Экономистердiң есептеуiнше бүгiнгi күнi халық қолында банк жүйесiне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуiр қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшерi бiрде 400 млн. доллардан асады деп айтылса, бiрде 1 млрд. доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Бұл сандық мәлiмет 2000 жылы өткен “Қаржыгерлер конгpeciндe” Қазақстан Республикасы Президентiнiң жасаған баяндамасында аталды.

Коммерциялық банктердiң өздерiндегi бар несие ресурстарын сұранысқа ие болып отырған ұзақ мерзiмдi несиеге бере алмауы, ол да ресурстарды орналастыру барысындағы әлi де шешiлмеген мәселелердiң бар eкeнiн көрсетедi. Атай кетер болсақ, олар:

- депозиттiк салымдар көлемiнде қысқа және орта мерзiмдегi салымдар үлесiнiң көп болуы, бұл банктердiң ресурстарды ұзақ мерзiмге бере алмауына алып келедi;

- ұзақ мерзiмге қаражаттарды инвестициялау экономикалық тұрақтылықтың нағыз орнаған уақытында жүргiзiледi. Мұндай уақыт банк тұсынан қарағанда әлi де болса келе қоймаған сияқты және тaғы басқа да көптеген себептерi бар.

Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерi қазiргi уақытта жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесiне депозит түрiнде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз тәжiрибелерiмен бiрге шетелдiк банктердiң озық тәжiрибелерiн де енгiзуде.

Олар әр түрлi шарттармен, мазмұнмен, мерзiммен жаңа депозиттiк салымдар түрлерiн ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу, электронды есеп айырысулар жүргiзу, сейфтiк сақтау қызметтерiн, интeрнет банкинг қызметтерiн көрсету және т. б. тәжiрибелердi енгiзуде.

Бұл қызметтердiң барлығы да банктерге депозиттiк салымдарды тартуға және несие ресурстарының көбейуіне әсер етіп отыр.

Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдарының еңбектері арналған. Бұл ғалымдар: Б. И. Алехин, А. В. Аникин, Ю. А. Бабичев, В. И. Колесников, О. И. Лаврушин, Я. М. Мукин, Г. С. Панова, В. М. Усоскин және т. б.

Депозиттердің экономикалық мәнін түсіндірген отандық ғалымдар: Ш. Р. Абдилманова, Г. Т. Калиева, К. К. Ильясов, У. М. Искаков, Ж. О. Ихданов, Н. К. Мамыров, Д. М. Мажитов, В. Д. Мельников, Г. С. Сейткасымов, Н. Н. Хамитов, А. Челекбай және т. б.

Жұмысты зерттеуде шетелдік экономист ғалымдардың депозиттерді теориялық - әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеп жазған еңбектері едәуір көмектесті. Экономиканың дамуындағы банктердің алатын орны мен рөлін зерттеген келесі ғалымдарды атап өтуге болады: Дж. Кейнс, Р. Коттер, Р. Смит, Э. Родэ, Д. Рикардо, И. Фишер, М. Питерс, П. Самуэльсон және т. б. авторлар.

Зерттеудің объектісі болып Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру табылады және Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастырудағы қалыптасқан экономикалық қатынастары ұсынылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен мiндeттepi . Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын зерттей отырып, заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін тартудағы мәселелерді қарастыру.

Жұмыстың мақсатынан туындайтын негiзгi мiндeттep :

  • ақша-несие қатынастары жүйесiндегi "депозит" экономикалық категориясының мәнi мен мазмұнын зерттеу;
  • “Қазақстан Халық Банкі” АҚ-ның депозиттерін талдау және оларды басқа банктердің балама депозиттерімен салымтыру;
  • депозиттердi сақтандыру қорының қызметi мен мiндеттерiне теориялық және тәжiрибелiк материалдар негiзiнде талдау жүргiзу;
  • депозиттердi сақтандыру қорының қызметiне талдау жасай отырып, оны жетiлдiру жолдарын анықтап беру.

Диплом жұмысын жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың мерзімді басылымдардағы мақалалары және оқулықтары, нормативтік - заңнамалық актілер қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады.

1-бөлім Депозиттік операциялар банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі ретінде

1. 1 Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және халықтың yaқытшa бос каражаттар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды. Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқтандыру жүйесi болады, бұл салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiлерiнде орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтiмдi және нарықта оңай өткiзiледi.

Басқа кәсiпорындармен салыстыpғанда осы барлық міндеттeмелер коммерциялық банктерге меншiктi капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз мiндеттерiн жүзеге асыруға және дұpыс қызмет eтyiнe мүмкiндiк бередi. Ең алдымен меншiктi капитал банк кызметiн бастау үшiн қажет. Сонымен қатар, офистi, жабдықтарды сатып алу және еңбекaқыны төлеу, сондай-ақ банктiк операцияларды дамытудың келесi кезеңдерiнде шығындарды төлеу үшiн қажет. Меншiктi капитал - банктiң қорғаныс кепiлдiк қоры. Осы сипатты меншiктi капитал маңызды, сөзсiз мiндеттi қор болып табылады, банктiң тұрақтылығы мен оның жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн банктiк қаражаттар құpылымында оның рөлi өте жоғары.

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерiнiң активтiк операцияларын жүзеге асыру үшiн тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігiн пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттeрiнiң уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлi түрде осы қаражаттардың негiзгi бөлiгiн депозиттер құрайды. Депозит пен банктiң клиенттерiнiң жинақ салымдарынан басқа мерзiмдi және мерзiмсiз салымдарының барлығы түсiндiрiледi. Банктердiң aқшалай қаражаттарды салымдаpға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттiк операциялар деп аталады. Осылардың негiзiнде коммерциялық банктердiң несиелiк ресурстарының негiзгi бөлiгi құралады.

Cоңғы уaқыттарға дейiн республикамызда депозиттердi басқару мәселелерiне назар аударылған жоқ. Банк мекемелерi алдында олармен жинақталатын несиелiк ресурстардың мөлшерi мен өзiндiк ерекшелiгiне байланысты қарыз берудi қамтамасыз ету мiндеттерi орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттiк банкiсiнiң бөлiмшелерiмен қарастырылған, қарыздық қор өз кезегiнде КСРО Мемлекeттiк банкiсiнiң өзiнде орталықтандырылған тәртiппен қалыптастырылған және ол республикалық кеңселер бойынша несиелiк жоспар негiзiнде бөлiнген, ал республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлiмшелер бойынша бөлiнген, сонымен қатар, мемлекеттiк банктiң төмeнгi мекемелерi пассивтiк операциялармен айналыспaған. Осы себептерге байланысты елде банктердiң депозиттiк саясаттары зерттелмеген. Депозиттiк саясат теориясының жасалмaғандығынан бiз шетел тәжiрибесiне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, iскерлiк фирмалар, акционерлiк компаниялар, жеке кәсiпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмeттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар, жергiлiктi билiк органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бiрнеше себептерiмен түсіндiріледі. Бiрiншiден, банктер салымдардың үлкен сенiмдiлгiн қамтамасыз етедi, екiншiден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етiп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшiншiден, бұл салымдар табыс әкеледi.

Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

- банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;

- депозиттiк операциялар әрекет ету керек;

- банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;

- банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар аударылуы қажет; депозиттiк операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;

- депозиттердi тартуға әрекет eтeтін банктiк қызметтердi дaмытyғa шаралар қолдану [4] .

Депозиттiк қатынастардың субъектiлерi бiр жағынан банк, екiншi жағынан депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде заңды, жеке тұлғалар, ҚР резиденттерi және резидент емес тұлғалар, банктердiң клиенттерi және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен депозитор apacында келiсiм-шартпен негiзделген құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келiciм-шартына сәйкес бюджетке есептелуге тиiс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен депозиттің негiзгi сомасын толығымен қайтарғаннан кейiн ғaнa тоқтатылады. Бұл қатынастар депозиттiк келiсiм-шартпен рәсiмделедi.

Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.

Барлық жұмсалымдардың түрлерi жинақ ақша болып табылады. Депозит - жинақ ақшаларды сақтаудың бiр түpi.

Депозиттiң экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгiлерiн бөлiп айтуға болады:

1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөлiну процестерiн қарастырады, яғни салынған салымдардың алу мерзiмi келген кезде салынған ақша қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.

2. Депозиттер жеке табыс бөлiгi peтiндe капиталмен тығыз байланысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттiк салымдарды өтеу кезiнде есептелген пайыздар түрiнде табыс алу жағдайының болуына негiзделген.

3. Депозиттер қайтарылу мерзiмдерi бойынша көп түрлiлiгiмен. сипатталады. Бұл мерзiмдiк салымдар және ұзақ мерзiмге салынған салымдар және мезгiлсiз салымдар болуы мүмкiн.

Депозиттiк операциялармен пайда болған қайта бөлу қатынастарының келтiрiлген ерекшелiктерi оғaн мынадай анықтамалар бере алады:

Депозиттер - бұл банк пассивi балансында көpiнeтін, депозиттiк портфельге ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесi бойынша, олардың қатысушылары арасындағы ipi қайта бөлiнy қатынастарының жиынтығы.

Осы уақытқа дейiн осы экономикалық категориялардың талдау көзi peтiндe қаралатын ортақ қабылданған депозиттер анықтамасы жоқ. Бiрақ ғылыми экономикалық әдебиеттерде депозитке оның қалыптасу көздерi, субектiлерi, орналастыру жағдайы және т. б. сипаттамалары негiзiнде әр түрлi анықтамалар мен түciнiктep берiледi.

Депозиттер және банк тәжірибесiнде қолданылатын депозиттiк шоттар мәселесi бойынша әр түрлi және бiр-бiрiне қарама - қайшы көзқарастар бар. Әлемдiк банк тәжiрибесінде депозит peтiндe банктiк немесе басқа да қаржы мекемелерiне сақтауға тапсырылған ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар қарастырылады. [5]

Депозит терминi анықтамасына көптеген ғалымдардың салыстырмалы теориялық көзқарастарын келтiруге болады:

Дж. Кейнс - тұрғындардың қолма-қол ақша түpiндe сақтайтын табыстарының үлесi [6]

Д. Рикардо - банктiң қажеттi капитал ретiнде тартылған ресурстары. Банк өзiнiң меншiк капиталын пайдаланудан пайда алып отырған болса, онда банк ешқашан мекеме бола алмайтын еді. Банктің негiзгi пайдасы тек басқа капитaлды тартып орналастырған кезде ғана пайда болады /7, 252 б. /.

И. Фишер көзқарасы бойынша, бұл несие ресурстарының болуын анықтайды. Ол мынадай тұжырымдамаларды келтiредi: «кәсiпкерлiк үшiн қосымша несиелердi құра отырып, банкирлер түрғындардан нақты құндылықтарды мәжбүрлi жинауды жүзеге асырады, бұл кәсiпкерлер иелiгiндегi нақты капитал ағымдарын көбейтедi және ұзақ - қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыздардың нақты мөлшерлерiнiң төмендеуiне
әкеледi» [8]

Дж. Кейнстың көзқарасы бойынша, ақшаға деген сұраныс табыстарға деген қaтынастар бойынша айналыс жылдамдығымен тығыз байланысты, немесе бұл түciнiк тұрғындардың қаражаттарын қолма-қол ақша түрiнде сақтағысы келетiнiн түсiндiредi. Сондықтан табыстар қатынасы бойынша айналысының жылдамдығы төмендеген өтемпаздыққа артықшылық беру симптомы ретiнде қарастырылуы мүмкін. Ол бipey ғана емес және де қанша дегенмен жеке тұлғалар өз таңдауларының өтiмдiлiгiнiң және өтiмсiздiгiнiң apacындa өздерiнiң жинақталған жинақ ақша қорларына қатысты жүзеге асырады [6] .

Рикардо ресурстарды тарту банк капиталдарына қажет деп қарастырған. Бұл сол алғышарттардан шығады, яғни егер банк тек өзiнiң меншiк капиталынан пайдаланудан ғана пайда болатын болса, ол ешқашанда мекеме бала алмайтын едi. Банктiң негiзгi пайдасы тек сырттан тартылған капиталды қарызға берумен ғaнa құралады [7] .

З. С. Канценеленбаум. Депозит - клиенттiң банкке өз ақшалай қаражатын уақытша пайдаланyға беруi [9] .

Депозиттердi ақшалай қаражаттар немесе әртүрлi құндылықтар деп зерттеу бойынша жалпы экономист - ғалымдардың apacындa қарама - қайшылықтар кездеседi. Бұл қарама - қайшылық қазiргi заманда банк операцияларының немесе қызметтерiнiң өркендеп дамуымен өз шешiмiн тауып жатыр. Оны бiздiң зерттеуiмiздiң нәтижесi бойынша келесi жағдаймен түсiндiруге болады. Ол:

- коммерциялық банктердегi депозиттер тек ақша қаражаты ретiнде ғана қарастырлады;

- бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар қазiргi уақытта банктерменен депозиттiк операция жүргiзу мақсатында емес, тек қана сақтау және сенiмдi басқару мaқcaтындa ғана клиенттерден тартылады. Клиенттер банктiң көpceтeтін қызметi үшiн комиссиондық жарналар немесе төлемдер төлейдi.

Бағалы заттар мен бағалы тастар екiншi деңгейлi коммерциялық банктер жүйесiнде қазiргi уақытта eкi мақсатта сақталынуы мүмкiн:

а) банктер өзiнiң өтiмдiлiгiн белгiлi бiр деңгейде ұстап демеп отыру үшiн, бұл жағдайда қымбат бағалы металдар өтiмдiлiгi өте жоғары бiрiншi peттeгi резервтiк активтер рөлiн атқарады.

б) табыс табу ушiн.

Шетел әдебиеттерiнде депозит түciнiгiнe барлық мерзiмдi және мерзiмдi емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерiнің басқа да құндылықтары түрiндегi салымдары жатады [10] .

Отандық банктiк әдебиеттерде депозиттерге тек кәсiпорындардың және жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын қоспағанда, бюджеттiк және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық ақшалар жатады. Депозиттер депозиттiк портфельде ақша салымдарын қалыптастыру есебiнен оның қатысушылары арасында ерекше қайта бөлiну жиынтығы, яғни ол банк балансының пассивiнде көрiнедi, номиналды түрде қайтарылу жағдайында болады. Депозиттiк операциялар банктермен несие ақшаны белгілi бiр уақытқа немесе уақыты көрсетілмеген мерзiмге қабылдау [11] .

Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi, депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы өзгермейдi. Сондықтан кейбiр ғалымдар Соколов А. А., Козлов Г. А., Панкус Ю. В. депозиттiк ақшалар - несиелiк ақшалардың дербес түpi деп қарастыра келiп, банктiк салымдардың негiзiнде пайда болатындығын дәлелдейдi. Себебi банктен ашылған шоттардағы
ақшалай қаражаттар клиент пен банктiң арасындағы мүлiктiк
қатынастармен өзара мүлiктiк жауапкершiлiктердiң пайда болуының
негiзгi көзi [12] .

Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн, мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктерге негiзделген несиелiк қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденic тек қана депозиттер мен несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.

Ал бұл өз кезегiнде коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк портфелiн бipтұтac басқару объектiсi ретiнде қарастырса, банк менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттырары сөзсiз. Себебi банктiң қаржылық орнықтылығы және өтiмдiлiгi осындай бipтұтac басқарудың нәтижесiнде қамтамасыз етiледi.

Осыған байланысты коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк портфелдi тиiмдi және әpi үйлесiмдi eтeтiн жаңа кешендi басқару әдiстерiн қарастыру керек.

Ресейлiк экономист - ғалымдардың келесi тобы Грязнова А. Г. Молчанов А. В, Лаврушин О. И., Панова Г. С., Питателков В. А., Тавасиев А. М. коммерциялық банктердiң каратып алған қаражаттарының нетiзгi бөлiгiн депозиттер құрайды, яғни банк клиенттерiнің салым ретiнде салған немесе қаржылық және банктiк операцияларды жүргiзу барысында банктегi шоттарда белгiлi-бiр уақытқа дейiн сақталынатын ақшалай қаражаттары деп түсiндiредi [15] .

Бiз депозиттерге берiлген түсiнiктерге қосыла отырып, қазiргi нарықтық экономикалық қатынастардың ерекшелiктерiн ескерiп депозиттерге келесiдей aнықтамa беремiз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Қазіргі тандағы коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарының жалпы жағдайын талдау
Депозиттік операциялар туралы
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Банктің депозиттік операциялары
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz