12 қабатты тұрғын үй құрылысы


Кіріспе
«Қазақстан 2030» мемлекеттік бағдарламасы арқасында Республикамыздың экономикасы, осған байланысты халқымыздың жағдайының өсуі байқалып отыр. «Қазақстан 2030» мемлекеттік стратегиясының дұрыс әрі нақты орындалуы мемлекеттің әрі қарай қадам жасауына жол ашып отыр. Бұл үшін Қазақстанның жылдам, сонымен қатар әржақты жаңарту жолын таңдап отыр. Республиканың экономикасының структуасының өзгеруі нәтижесінде Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарлама мемлекетте 2005-2007 жылдар аралығында өтуі қажет болды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі алға қойған мақсаттарының ішіндегі ең қиын тапсырмаларының бірі бола тұрып, Қазақстан халқының және біздің қоғамның алдында ынталы әрі жоспарлы жұмыс тұр.
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасының басты бағыты болып мемлекеттегі тұрғын үй құрылыс қарқынының бірқалыпты өсуі, әрі осы құрылыстарға халықтың қолы жететіндей етіп, оның бағасының арзан болуы қажет. Осыған байланысты несиелерді өтеу мерзімінің ұзаруы және тұрғын үй несие пайыздарының төмендеуі қажет.
Осы бағдарламаны іске асыру үшін құрылыс істері бойынша комитетінің (МИТ ҚР) алға қойған жоспарлары бар. Бұл жоспар Қазақстан Республикасының үкіметі шешімімен бекітіліп қойған болатын.
Тұрғын үй құрылысы дамуы арқасында жеке әрі сапалы жоспарланған шаралар анықталып отыр. Ол жерде құрылысты жүргізетін мекеме және құрылысты іске асыру уақыты, өндіріс секторының дамуы, сонымен қатар шамаланған жұмыс көлемі және қаржыландыру көздері қарастырылып отыр.
Жоспардың орындалуы Қазақстан Республикасындағы барлық құрылыс бағытындағы орталықтағы және жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерінің максималды координациялығын қамтамасыз етеді және мүмкіндіктердің топталуына жол ашады.
Мемлекеттегі барлық тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылуын мемлекет басшылары бағалап отырады.
Ұйымдастыру шараларының жиынтығына келесілер жатады:
- тұрғын құрылысының дамуының аймақтық дайындық бағдарламасы;
- өндірістің қайта қалпына келуі арқасында тұрғын секторының дамуы;
- өңдеу жұмыстарының аяқталуы және облыстағы қала бас жоспарының бекітілуі;
- облыс орталықтары Алматы және Астана қалаларындағы ұсынылған құрылыстардың жобаларын өңдеу және қарастыру;
- тұрғын үй және инженерлік тораптардың құрылысына қажет сметалық құжаттамаларын жасау, экспертиза және бекіту;
- тұрғын құрылысын жүргізуге конкурстар өткізу;
- үйлер мен ғимараттар құрылысы комитетімен салынатын үйлерді жобалау туралы сұрақтарды шешу;
- мемлекет тарапынан тұрғын үйлердің қалада орналасу орны, конструктивтік және инженерлік шаралары, рационалды көлемді-жоспарлық шешімдер дайындалуы тиіс.
Инвистициялардың жұмылдырылуының арқасында Ақтөбе облысында жылына 27 млн. шаршы метр листтік әйнек (шыны) өндіретін өндіріс орны қайта іске қосылу жоспарланып отыр. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылына 157 млн. дана керамикалық кірпіш өндіретін зауыттар салынуы көзделіп отыр.
Семей қаласында несиелік қаржылардың тартылуы арқасында жылына 500 тонна эмальды бояу зауыты жоспарланып отыр.
Батыс Қазақстан облысында жылына 500 мың тоннаға дейін цемент өндіру зауыты құрылысын ұймдастыру қажет болып отыр.
Қарағанды облысында несие қаржыларының тартылуы арқасында жылына 4 млн. шаршы метр линолеум өндіретін өндіріс орнының құрылысы ұймдастырылып отыр.
Қостанай облысында инвестицияның жұмсалуы арқасында минералды мақта өндіретін өндіріс орны ұйымдастырылуда. Оның жылдық өнім шығару қуаты 160 мың кубометр өнім өндіру болып табылады.
Павлодар облысында ЖШС «Кастинг» мекемесі жылына 600 мың тонна металлопрокат өндіру үшін үлкен инвистициялардың жұмсалуы қажет болып отыр және Теміртау қаласындағы ЖШС «Втормединдустрия» өндіріс орны жылына 300 мың тонна өнім өндіру көздеп отыр.
Мемлекеттің тұрғын үй құрылысы бағдарламасы орындалуы барысында түрлі сұрақтар туындауы мүмкін, сондықтан түсіндірме жұмыстарын баспа түрінде және теледидарда хабарлау қажет.
1 Сәулеттік-құрылыстық бөлімі
1. 1 Бастапқы белгілер
Құрылыстағы табиғи-климаттық жағдайлар
1. Климаттық аймақ -Алматы қаласы.
2. Қар жабынының салмағы (ҚР ҚНжЕ 2. 01. 07-85) сәйкесінше -70кг/м²
(2-ші қарлы аймақ)
3. Желдің соғу жылдамдығы -38кг/м² (3-ші желді аймақ)
4. Бас жобадағы 789, 65 белгі бойынша 1-ші қабат деңгейі +0, 000 етіп алынған.
5. Құрылыстағы климаттық аудан III В (ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01-2001) .
-Қысқы ауадағы сыртқы ауаның корсеткіші
-Бес күндіктегі орташа салқындығы -25ºС (ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01-2001)
-Тәуліктегі орташа салқындығы -28ºС (ҚР ҚНжЕ 2. 04. 01-2001)
-Топырақтың қату тереңдігі -1, 32м
6. Өртке төзімділік деңгейі II (ҚР ҚНжЕ 2. 02-05-2002)
7. Құрылыс ауданының сейсмикалығы 9 балл (ҚР ҚНжЕ 2. 03-30-2006)
-Ғимараттың сейсма тұрақтылық көрсеткіші 9 балл (ҚР ҚНжЕ 2. 03-30-2006)
8. Жауаптылық дәрежесі бойынша ғимарат класы II
9. Жұмыс жобалары ҚР ҚНжЕ 2. 03. -04-2001 «Сейсмикалы аймақтағы құрылыс» сәйкесінше жасалған.
1. 2 Құрылыс объектісінің бас жоспары.
Тұрғын үйдің биіктігін өлшеу деңгейі 0, 00 биіктігі 1 қабат еденінен басталады, ол топосъемкадағы 789, 65 белгісімен теңескен. Биіктік жүйесі Балтық координат жүйесі -қалалық. .
Вертикальді жүйесі жергілікті көшелерге және жақын маңындағылардың биіктігінің есебімен жасалады. Жауынды ағынды суды ашық суаққыш арқылы жүргізу қарастырылған.
Аймақтың жайлылығы көшелердің асфальтобетонды және плиталы жабындысы бар тұрақтардың, тротуарлардын, плиталы алаңшалардың болуы қарастырылған. Балалар ойын алаңшаларында кіші архитектуралық қалыптар(ойыр орындықтар, урналар, әткеншектер, құмдықтар, т. б. ) Көшірмелі төсемелерде гүлдер газондары орналастырылады. Жақын жатқан аймақтарды көгалдандыру үшін декоративті ағаштар, газонды гүлдерді отырғызу қарастырылған.
Жердің бас жобасы ПДП, кварталдың тарнспорттық және жаяу жүру байланыстары, қызыл сызықтары ескеріліп жобаланған. Бас жоба аланың схемасы қала ішіндегі құрылыс жағдайлары, көшелердің үлкеюі есептері ескеріліп толықтырылған.
Құрылыс жерінің бас жобасы және жобаланатын объектінің орналасуы жер массасының ауысуы бойынша аз көлемді жұмыс болуы ескеріліп жобаланған.
Территория көгалдандырылған және ауданды жарықтандыру үшін шамдармен жабдықталған.
Ауданды көгалдандыруда гүл күшеттері және газондар қолданылады. Территориядағы жүретін бөліктегі беткі суды ағызу қалалық арықтық жүйе бойынша жүзеге асады. Құрылыстан және асфальттық жабындыдан бос аудан территориясы жасыл желектермен және газондармен толтырылған. Бар жасыл желектер барынша сақталады. Берілген территорияны мүмкіндігінше көгалдандыру және жақсарту қарастырылады. Негізінен көгалдандыру барысында жапырақты ағаштар түрі көрсетілген. Олар жол бойында - жолдар арасында және жаяу жүру орындарында орналастырылған. Қылқан ағаш түрлері - шыршалар ғимарраттың басты есігіне тірелетін бөліктерде орналастырылған. Газон шөптері территорияны асфальтты жолдан және жаяу жүру жолынан бос жерлерді алады. Жобаны барлық жағынан ағаштармен, газон шөптерімен және басқа да экзотикалық өсімдіктермен көгалдандыру қарастырылған. Бұл территорияны толығымен сәнде көрсетеді.
1. 2. 1Ауданның климаттық мінездемесі.
2. 04-01-2001 ҚР ҚНжЕ мәлімет бойынша ауданның климаттық мінездемесі
көрсетілген.
2. 04-01-2001 ҚР ҚНжЕ бойынша ізденіс ауданы III климаттық ауданынада орналасқан. 29
Кесте 1
Ай бойынша сыртқы ауаның темперетурасы.
Тәуліктің ең суық температурасы -(-28ºС)
Бес күннің ең суық температурасы- (-25 ºС)
Жылы кездегі ауа температурасыы-(+29, 2 ºС)
Жылы айдың ауаның орташа температурасы -(+29, 7 ºС)
Ауаның абсолютті минемалды температура-(-43 ºС)
Жылы кездегі ауаның абсолютті максимал температурасы-(+43 ºС)
Ең суық айдағы ауаның орташа тәуліктегі амплитуда температурасы-(-9, 8 ºС)
Ең жылы айдағы ауаның орташа тәуліктегі амплитуда температурасы-(+12, 1 ºС)
Тураланған темпераураның кезең ұзақтылығы <0 ºС 111 тәулікті құрайды.
Осы кезеңнің орташа температурасы-(-4, 6 ºС)
Орташа айдың ауа ылғалдылығы:
Ең суық ай-75 ٪
Ең жылы ай-45 ٪
15сағаттағы орташа айдық ауаның ылғалдылығы.
Ең суық ай-75 ٪
Ең жылы ай-38 ٪
Осадкінің көлемі:
Қараша-наурыз-213мм
Сәуір-қазан-403мм
Кесте 2
Желдің бағыты.
Жел бағыты.
Қаңтарда- оң түстік батыстан
Шілдеде-оң түстік шығыстан, оң түстік
Қаңтардағы румб бойынша желдің орташа жылдамдығы ішіндегі максималы-1, 9м/сек, минемалы-1, 3м/сек. Шілдедегі румб бойынша желдің орташа жылдамдығы ішіндегі максималы -2, 8м/сек, минемалы-1, 6м/сек.
Кесте 3
Жылдар ішінде мүмкін болатын желдің жылдамдығы.
Желден келетін жүктеме-38кг/м² (3 желді аймақ)
Қардан келетін жүктеме-70кг/м² (2 қарлы аймақ)
Жердің нормативті қату тереңдігін ҚР ҚНжЕ 2. 01-11-2001 бойынша құрайды:
1, 36м-ірітүйіршікті топырақ үшін.
0, 92м-саздақ топырақ үшін.
Қар жоқ жердің максималды қату тереңдігі-1, 7м
1. 3Көлемдік жоспарлық шешімдер.
1. 47, 600х26, 700 осі бойынша бірінші қабатында кеңсе орналастыру жобасындағы 12 қабатты тұрғын үй. Ғимарат Конкрит Продактс фирмасының жылу блогымен толтырылған моналитті каркас.
Сыртқы қабырғалары δ=400; 300мм монолитті темірбетонды γ=600кг/м³
қалыңдығы 300мм жылу блоктары 120х50х3мм иілген швелермен жасалады.
Ұстын, арқалық және құйылмалы темірбетонды қабырғалардың сартқы жылытылуы ISOVER OL-E δ=100мм тақтамен қарталады.
2. Ішкі бөлме аралық қабырғалар 100х50х3мм; 70х50х3мм иілген швелер салынған қалыңдығы 100-200мм γ=600кг/м³ жылу блогынан жасалады.
Ылғалды бөлмелердің бөлме аралық қабырғалары М50 маркалы құмды цементте М7, 5 маркалы топырақты кірпіштен қалыңдығы 120мм болады.
3. Терезе блоктарымен витраждары бір камералы шынықаптармен толтырылған металлды пластик.
4. Барлық ағаш элементтері металды бетонмен, кірпішпен және жылу блоктармен жанасатын беттері ҚР ҚНжЕ (3. 04. 01-87) сәйкес антисептикаланады.
5. Төсеме тегіс, орамалы, ішкі су ағысты. Төсеме жылытқышы - ПТЭ - 175 (ТУ 5761-001-00126238-00) δ=160мм жылу оқшаулағыш тақталар.
6. Ғимарат айналасына ені 1, 0м ұсақ асфальт-бетон қалыңдығы 30мм отмостка орнатылады. Шағыл қалыңдығы 120мм, топыраққа нығыздалады, отмостка ылдыйлығы -0, 15; отмостканың жоғарғы деңгейі - 0, 300.
7. Қабырғаның горизонтальді гидрооқшаулығы -0, 030 белгісі 1:2 құрамды құмды - цементті сұйықтықтан қалыңдығы 30мм болады.
8. Едендер мен төсемелер, оқшаулағыш және құрылысты жұмыстары 2-6-3-2000 ҚР ҚНжЕ сәйкес жасалады.
9. Пәтерлер арасында пәтераралық есіктер болмайды.
10. Sigma фирамсының лифтерінің жүккөтергіші 630 және 400кг болады.
11. Өндіріс жұмыстары сыртқы ауаның оң температурасында, теріс температурада ҚНжЕ сәйкес орындалады.
Жобаланған ғимаратта 108 пәтер олар: бір бөлмеліден төрт бөлмеліге дейінгі пәтерлер қабылданған.
Кесте 4
Пәтердің көлемімен саны.
1. 3. 1 Тұрғын үйдің қоршағыш конструкциясының жылутехникалық есебі.
1. Сырқы қабырғаның қалыңдығын тексеру және анықтау.
Құрылыстың жылутехникасы ғимараттың пайдалану кездегі қоршағыш бөлігінің жылулық және дымқылдық режимін зерттейді. Сыртқы қабырғаның, төбе жабынның және басқа қоршаудың пайдалану сапасы таңдалынған материалға және конструкцияға тікелей байланысты, сонымен қатар ішкі және сыртқы ауа режимінің температуралық ылғалдылығына байланысты. Сыртқы қоршаулар келесі жылутехникалық талаптарды қанағаттандыру қажет:
а) аудан жеткілікті жылуқоршағыш қасиеттерімен, ол дегеніміз жылуды жоғалтпау және жазда күн сәулесінің қызуы бөлмеге өтпеуі қажет.
б) бөлменің және қоршағыштың ішкі беттерінің ауа температурасының әртүрлілігі нормативті мәндерден жоғары болмау қажет. Талаптың бұзылуы адамның денесін суытады, осы беттерге жылу түсуін және қорғанышқа ішкі ауаның ылғалының конденсатына әкеліп соғады.
в) жылу ағынының өзгеруі кезінде ішкі қоршаудың бетінің температурасының өзгеріп тұруы аз болуы қажет; қоршаудың бұл қасиетін жылутұрақтылығы деп атайды.
г) қоршаудың ауа өткізгіштігі оның жылуқорғаныш қасиетін нашарлатпау қажет жәнеде бөлменің қатты суып кетпеуіне әкелмеуі қажет.
д) қоршаудың ылғалды режимі орташа болуы қажет. Қоршаудың ылғалданып кетуі жылу жоғалтуын жоғарлатады, жұмыс істеу ұазқтылығын азайтады жәнеде бөлме ішінде ылғалдылық пайда болады.
Жоғарыда аталып кеткен талаптарға қоршау сай келу үшін, жылуөткізгіштігін емес, жылутұрақтылығын, ауаөткізгіштігін, буөткізгішітігін және ылғалөткізгіштігін ҚР 3. 02. 03-2003 нормалары бойынша есептейді.
Жылуөткізгіштігі λ. Вт / (м·К) немесе Вт / (м·сағ·ºС) жылу көлемі, қалыңдығы 1м сынайтын материалдан ішінен өтетін, ауданы 1м² бір сағат ішінде материалдың 1ºС екі жағынанда температураның әртүрлілігі.
Жылусыйымдылықты С (Дж/К, Дж/сағ·ºС) - материалдың бөлмені жылытқан кезде жылуды сіңіру немесе суыған кезде оны беру қаблеті. Қоршауыш конструкцияға жылутехникалық есепті қысқы жағдайдағы бөлмені жылытуға орындалады. Сыртқы қоршау жазық қабырға сияқты есептеледі, әртүрлі температура мен ауа кеңістігін бөлетін.
Қоршауыш конструкцияның жылубергіш қарсылығы R о талап ететін жылубегіш қарсылығынан аз болмау қажет.
R о ≥ R о тр (1, 1)
Мұндағы R о тр-жылубергіштің талап ететін қарсылығы, м²·ºС/Вт (м²·сағ·ºС) /ккал.
Сыртқы темірбетон қабырғаның δқаб берілген қалыңдығының жеткіліктігін анықтаймыз, көлемдік салмағы γ=2575кг/м³, жылу сақтағыш материал минералдымақта қатты мақта δмт көлемдік салмағы γ=420кг/м³ және сыртқы әшекей қабаты қалыңдығы 0, 03м.
1. 3. 2Сыртқы қабырға конструкциясының материалдарын таңдау.
Құйылмалы темірбетон.
Кесте 5
Материал
δ
м
S
Вт/м 2 ∙°С
Еңбірінші қоршауыш конструкцияның талап ететін жылубергіш қарсыластығын 2 кесте, 9, 5 бөлімі немесе мына формула бойынша анықтаймыз.
R о тр=n(tв-tн) /Δtн·αв (1, 2)
мұндағы:
Δtн- ішкі беттің температурасы мен ішкі ауа температурасының арасындағы нормативті температуралық түсу 2 кесте, 9, 2 придожениесі бойынша қабылданады.
αв- қоршауыш конструкцияның ішкі бетінің жылубергіш коэффиценті 3 кесте, 9, 2 приложениесі бойынша қабылданады.
αв=7, 5ккал/м²·сағ·ºС
n- қоршауыш конструкцияның сыртқы бетінің орналасуынан сыртқы ауаға қатынасына байланысты қабылданатын коэффицент, n=1 1 кесте, 9, 2-бөлімі бойынша қабылданады.
tв- ішкі ауаның есептік температурасы °С, ГОСТ 12. 1. 005-76 және тұрған ғимаратты және имаратты жобалау нормалары немесе 1 кесте, 9, 5 бөлімі бойынша қабылданады.
tн- ыртқы ауаның есептік қысқы температурасы, ºС, 9, 3 придожениесі бойынша қабылданады.
Есептік қысқы температура tн қоршағыштың массивтігін ескере отырып, келесі қоршағыштың жылулық инерциясымен (Д) мінезделеді.
R о тр=1·(18+25) /6·7, 5=0, 96(м²·сағ·ºС) /ккал (1, 3)
Жылу инерция (Д) - конструкцияның оның қалыңдығындағы температурасын сақтауға немесе ақырын өзгертуіне қабілеті.
Сыртқы қоршағыш жеңіл деп саналады егер жылулық инерция Д≤1, 5, аз массивті 1, 5<Д≤4, орташа массивті 4<Д≤7, массивті Д 7-ден үлкен болғанда саналады.
Сыртқы қабырғаның массивтігіне жылулық инерциясын Д бағалау үшін, келесі формуламен анықтаймыз.
Д=R1·S1+R2·S2+R3·S3 (1, 4)
Мұндағы: S1, S2, S3-материалдың жылуқабылдағыш есептік коэффиценті, 24сағаттағы әр қабатқа бөлек, 9, 4 бөлімінен алынады.
R1, R2, R3-қоршаудың әр қабатының жылуөткізгіштігінің қарсыластығы келесі формуламен қабылдаймыз.
R1, 2, 3=
(1, 5)
Мұндағы: δ- қабаттың қалыңдығы
λ-материалдың жылуөткізгіштігінің есептік коэффиценті ккал/м²·сағ·ºС, 9, 4 бөлімінен алынады.
R1=
=0, 17(м²·сағ·ºС) /ккал
R2=
=1, 33(м²·сағ·ºС) /ккал
R3=
=0, 04(м²·сағ·ºС) /ккал
Д=0, 17·14+1, 33·1, 46+0, 04·8, 9=4, 25 (4<Д≤7 орташа массивті)
Rк= R1+R2+ R3
Мұндағы: Rк- қоршауыш конструкцияның термиялық қарсыластығы (м²·сағ·ºС) /ккал.
Rк=0, 17+133+0, 04=1, 54(м²·сағ·ºС) /ккал.
R0=
+ Rк+
(1, 6)
R0=1/7, 5+1, 54+1/20=1, 73(м²·сағ·ºС) /ккал.
1, 73≥0, 96 шарт орындалды, қабырғаның қалыңдығы 380мм.
Жылыблок.
Кесте 6
Материал
δ
м
S
Вт/м 2 ∙°С
Жылыблок
Слақ
R о тр=1·(18+25) /6·7, 5=0, 96(м²·сағ·ºС) /ккал
R1=0, 3/0, 35=0, 85(м²·сағ·ºС) /ккал
R2=0, 03/0, 75=0, 04(м²·сағ·ºС) /ккал
Д=0, 85·5, 6+0, 04·8, 9=5, 156 (4<Д≤7 орташа массивті)
Rк=0, 85+0, 04=0, 89 (м²·сағ·ºС) /ккал.
R0=1/7, 5+0, 89+1/20=1, 08 (м²·сағ·ºС) /ккал.
1, 08≥0, 96 шарт орындалды, қабырғаның қалыңдығы 330мм.
1. 3. 3Төбежабынның жылытқыш қабатының қалыңдығы анықтаймыз.
Төбежабын конструкциясының материалдарын таңдау.
Кесте 7
δ
м
S
Вт/м 2 ∙°С
R о тр=1·(18+25) /6х7, 5=0, 95(м²·сағ·ºС) /ккал
R1=0, 04/0, 8=0, 05(м²·сағ·ºС) /ккал
R2=0, 015/0, 042=0, 357(м²·сағ·ºС) /ккал
R3=0, 09/0, 15=0, 6(м²·сағ·ºС) /ккал
R4=0, 2/0, 15=0, 34(м²·сағ·ºС) /ккал
Rк=0, 05+0, 357+0, 6+0, 34=1, 34 (м²·сағ·ºС) /ккал.
R0=1/7, 5+1, 34+1/10=1, 57 (м²·сағ·ºС) /ккал.
Д=0, 05х9, 45+3, 57х0, 45+0, 6х3, 05+0, 34х14=6, 1(4<Д≤7 орташа массивті)
1, 57≥0, 95 шарт орындалды, қабырғаның қалыңдығы 310мм.
1. 3. 4 Техника-экономикалық көрсеткіштер.
Өлш.
бірлік
1. 3. 5 Есік-терезе және витраждың спецификациясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz