Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасында Су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайына сипаттама
1.2 СРББ тарихы
1.3 СРББ облысындағы шетелдік тәжірбие
1.4 СРББ.тің экологиялық аспектілері
1.5 ҚР өзен сулары режимі мен гидрографиясы
1.5 ҚР өзен сулары режимі мен гидрографиясы
1.7 ҚР.да су ресурстарын пайдалану
1.8 ҚР .ның су ресурсының мәселелері
2. ТӘЖІРІБИЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Іле.балқаш бассейніне талдау жасау
2.2 Іле.Балқаш бассейнінің қазіргі жағдайын бағалау
2.3 Іле .Балқаш бассейнінің экологиялық жағдайы
2.4 Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екі жақты қатынас
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
3.1 ҚР СРББ бойынша жүргізілген шаралар
3.2 Суды үнемдеу мен СРББ.дың ұлттық жоспарын жүзеге асыру
3.3 Салалық бағдарламалар
3.4 СРББ механизмін жүзеге асыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жұмыстың өзектілігі: Су қорымен қамтамасыз ету қауіпсіздігі су ресурстарының шектеулі және осал тұстарын бақылауда ұстау ұлт қауіпсіздігінің басты компоненттерінің бірі болып табылады.
Су қорымен қамтамасыз етудің басты қаупі жаһандық және аймақтық климаттың өзгеріске ұшырауы, демографиялық және экологиялық ахуалдың өзгеруі, халықаралық су қатынастары мәселелерінің шешілмеуі, су ресурстарын тарату мен реттеу, есепке алу, тазарту, техникалық жабдықтар мен су шығынын өтейтін технологиялардың өз деңгейінде пайдаланылмауы мен жетілдірілмеуі үлкен қиындықтар туғызып отыр.
Cу қорын сақтаудың шарттары сақталмаған жағдайда мемлекет аралық су қатынастарының шиеленісуі, экологиялық тұрақсыз жаңа ошақтары пайда болуы, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының іске аспау қауіптері туындайды.
Осыған орай Қазақстан Республикасында су мәселелерін шешу бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып өз тарапынан жаңаша инновациялық тәсілдерді талап етеді, бұл қоғамның барлық өміршең салаларын қамтиды.
Диплом жұмысының мақсаты: ҚР-сында СРББ енгізу мүмкіндігін зерттеу.
Зерттеу жұмысы міндеттері:
- ҚР су ресурстарын пайдалану жөнінде сараптама жұмысын жүргізу
- CРББ экологиялық аспектілерін қарастыру
- Іле-Балқаш бассейні мен халықаралық, аймақтық (Орта Азия елдері) экологиялық мәселелеріне сараптама жасау арқылы олардың тәжірбиелеріне сүйене отырып ҚР-нда СРББ енгізу жолын қалыптастыру.
Ғылыми жаңшылдығы мен жұмыстың іс жүзінде қолданылу маңыздылығы:
-ҚР су ресурстарын экологиялық аспектілерін бірлесе (интегралды) басқару жолдары қарастырылды.
- ҚР-нда СРББ енгізу жолдары негізіне халықаралық, аймақтық жұмыс тәжірбиелері арқылы сараптама жасалынды.
Жұмыстың жариялануы:
-ҚазҰУ хабаршысында «Қазақстан Республикасы су ресурстарының экологиялық жағдайы» мақала УДК 911.2:574.9;
-2014 жылғы 4 қарашада өткен «Үкімет-Университет-Өндіріс» атты 1 форумда «Қазақстанның су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері» баяндама;
-2015 жылғы 13-16 сәуір аралығында өткізілген «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясында Ұлпан «Қазақстан Республикасы су ресурстарын біріктіре басқару» мақала;
-Астана қаласында 2015 жылғы 10-11 сәуірде өткен «Ломоносов -2015» студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар арасындағы Халықаралық конференцияда Ұлпанның «ҚР су ресурстарын басқару» тезис;
- «Су ресурстарын біріктіре басқару» ғылыми жобасы «Жандану» ІІ- Ұлттық экологиялық жастар форумында Гран-При. 2015 жылы сәуір айында.
1. В.Мустафина, З.Дюсебаева Региональная сеть по повышению потенциала в сфере водных ресурсов; Central Asian Regional Water Network CAR@WAN. – Алматы. 2010 – 55c.
2. К развитию регионального сотрудничества по обеспечению качества вод в Центральной Азии; Диагностический доклад и план развития сотрудничества; Европейская экономическая комиссия ООН в сотрудничестве с Региональным экологическим центром Центральной Азии.- Ташкент. 2009 – 190с.
3. Интегрированное управление водными ресурсами в Иле-Балкашском бассейне/ сборник научных трудов, посвященных проблемам водных ресурсов Иле-Балкашского и Балкаш-Алакольского бассейнов.. -198с.
4. Материалы 7 конференции министров охраны окружающей среды для Европы. – Астана, 2011.
5. Кайдарова Р.К. к.х.н., Бурлибаева М.Ж. д.т.н., Супиева Х.Т. к.х.т. Оценка экологического потенциала р. Иле на основе гармонизированной системы стандартов качества поверхностных вод.
6. Соколов В.И. Обзорный доклад "Реализация принципов ИУВР в странах центральной Азии и Кавказа"- проект Регионального Технического Консультативного Комитета Глобального Водного Партнерства для Центральной Азии и Кавказа. Руководитель проекта.
7. Рамочная Директива по Воде 2000/60/EC,www. ec.europa.eu
8. Государственная программа управления водными ресурсами Республики Казахстан на 2014-2.040 годы (Указом Президента Республики Казахстан от 2013 года, № 786).
9. Киевский доклад: Проект Раздела: 8. Напряженность водного режима, http://www.unece.org/fileadmin/DAM/env/europe/kievgdc_r.pdf.
10. Обзор водные ресурсы Казахстана в новом тысячилетии; глава 2. http://www.undp.kz/library_of_publications/files/2496-24188.pdf.
11. Или-Балхаш — Концепция устойчивого развития. UNDP Kazakhstan, http://www.cawater.net
12. Lake Balkhash. Britannica Online Encyclopedia, http://www.britannica.com/EBchecked/topic/50390/Lake-Balkhash.
13. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии. UNDP Kazakhstan, 19 апреля 2004, http://www.undp.kz/library_of_publications.
14. Guillaume Le Sourd, Diana Rizzolio. United Nations Environment Programme — Lake Balkhash (англ.). UNEP Global Resource Information Database (2004).
15. Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. - Алматы: Каганат, 2003. -584с.
16. Международный экологический форум «Балхаш-2000» (сборник материалов и докладов. - Алматы, 2003.-491с.
17. Институт гидрогеологии и гидрофизики Министерства образования и науки. Водные проблемы Казахстана, http://water.unesco.kz/index_r.htm
18. О.А.Подрезов, А.Н.Диких, К.Б.Бакиров. Изменчивость климатических условий и оледенения Тянь-Шаня за последние 100 лет. Планета: Портал по наукам о Земле.
19. Достай Ж.Д. Управление гидроэкосистемой бассейна озера Балхаш. -Алматы, 2009. -236с.
20. Ilan Greenberg. Kazakhstan and China Deadlock Over Depletion of a Major Lake (англ.). The New York Times (8 марта 2007).
21. Jack Carino. Water woes in Kazakhstan (англ.). China Dialogue (1 апреля 2008). Проверено 29 января 2009.
22. Ж.Д. Достай. Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Том 2 природные воды Казахстана: ресурсы, режим, качество и прогноз. - 2011. – 305c.
23. http://moxnpn.ru/kazakhstan/54-raspredelenie-atmosfernyx-osadkov-v-kazaxstane.html
24. Н.А Искаков., Медеу А.Р. Казахстан. Природа. Экономика. Экология. -Алматы, 2007. -216с. .
25. А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков Почвы Казахстана . -Алма-Ата, Кайнар, 1981. -152с.
26. Т. II: Достай Ж. Д. Природные воды Казахстана: ресурсы, режим, качество и прогноз. -Алматы, 2012- 330 с
27. Мальковский И.М., Пивень Е.Н. Ресурсы поверхностных вод бассейна Или// Сб. докладов научно практической конференции молодых ученных ИГ АН КазССР. – Алма- ата: Ғылым, 1992. – С.50 – 61.
28. Достай Ж. Д. Романова С. М., Турсунов Э. А Ресурсы речного стока Казахстана: Т. VII:/ кн. 3: Качество поверхностных вод Казахстана и вопросы международного вододеления. – 2012. – 216с.
29. Рябцев А.П.Обеспеченность водными ресурсами Республики Казахстан.www.cawater-info.net/library/rus/almaty/ryabtsev.pdf
30. Состояние водных ресурсов Казахстана, www.ipr.kz/analytics/1/1/151/
31. Малый Л.А., Акимова Т.И., Есиркепова А.Ж. Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Том 8 коммунально-бытовое и промышленное водоснабжение Казахстана Книга1.- Алматы, 2012- 270с.
32. Данные комитета по статистике МНЭ РК, http://stat.gov.kz/faces/homePage/ecolog?_afrLoop=4069788751716517#@?_afrLoop=4069788751716517&_adf.ctrl-state=ib53j6k17_21
33. Петраков И. и другие. Управление водными ресурсами в Казахстане. история, современное состояние, анализ, сравнения, рекомендации. информационно- аналитический обзор независимых экспертов. -Алматы: «Контур», 2007. -288с.
34. В.А. Смоляр, Буров Б.В. Мустафаев С.Т. Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Том 19. подземные воды Казахстана: обеспеченность и использование 2012. -402с.
35. Основные показатели забора, использования и водоотведения вод по Республике Казахстан за 2013 год, Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан Комитет по водным ресурсам, Астана 2013-2014 год.
36. http://www.unece.org/fileadmin/DAM/env/europe/kiev/water.r.pdf
37. Джуатова С. АСейдуллаева Б. А Центр макроэкономических и прикладных экономико-математических исследований 31.10.2014 http://www.economy.kz/analytics/971/10799/
38. Гусаков В.Г. (и др.)- Продовольственная безопасность: термины и понятия: энцикл.справ. - Минск : Белорус.наука, 2008.-535с.
39. Окружающая среда в странах Содружества Независимых Государств: статистический сборник/Межгосударственный статистический комитет СНГ. – М., 2006. – 263с.
40. Мальковский И.М. Географические основы водообеспечения природно-хозяйственных систем Казахстана. – Алматы, 2008. – 204с.
41. Государственная программа Республики Казахстан «Питьевые воды» на 2001-2030 годы, МООС РК, 2001. www.online.zakon.kz.
42. Т.К. Кудекова. Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. -Алматы: Издательство «Каганат», 2002. -388с.
43. Шарипова О.А. Распределение тяжелых металлов в донных отложениях озера Балхаш в зависимости от природных и антропогенных факторов. Вестник Томского государственного университета. - 2015. № 390. С. 225–230.
44. Канаева Р. Или-Балхашский бассейн: проблемы и перспективы устойчивого развития. ЭКВАТЭК –2004. часть 1. C.39-40.
45. Терра. Научный журнал- Составители Центр дистанционного зондирования и ГИС «Тeрра». - Алматы, 2007. - 183с.
46. Постановление ПРК от 11.10. 2006г. №978. «О подписании соглашения между Правительством РК и ПРООН по проекту Национальный План по ИУВР и водосбережению для Казахстана».
47. Турмагамбетов М.А., и др. Сравнительно-правовой анализ водных законодательств сопредельных с Казахстаном государств и подготовка рекомендаций для гармонизации механизма управления трансграничными реками. - Алматы, «Каганат», 2011. -316с.
48. Аманбаев Ж.Т. Заппаров М.Р. к.г.м.н., Тлеулесова А.И., к.э.н., Интегрированное управление водными ресурсами Иле-Балхашского бассейна, Интегрированное управление водными ресурсами в Иле-Балкашском бассейне/ сборник научных трудов, посвященных проблемам водных ресурсов Иле-Балкашского и Балкаш-Алакольского бассейнов. – Алматы. -198 стр.
49. Концепция перехода РК к устойчивому развитию на 2007‐2024 гг., одобренная Указом Президента РК от 14.11.2006г. № 216.
50. Концепция развития водного сектора экономики и водохозяйственной политики РК до 2010 г., одобренная постановлением ПРК от 21.01.2002г. № 71
51. Трансграничные воды в Казахстане: наш ограниченный ресурс.ЭкоВести, № 2-3 (40-41), февраль 2005. - С.2-5.
52. «Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о сотрудничестве в сфере использования трансграничных рек», -Астана. 12 сентября 2001 год.
53. Мухамеджанов В.Н. Водное хозяйство Казахстана в современных условиях // Материалы 1-ой Казахстанской международной конференции «Вода Казахстан 2000». - Алматы, 2000. - С.3-8.
54. Е.Г. Крупа и др. многолетняя динамика гидробионтов озера Балхаш и ее связь с факторами среды. Вестник АГТУ сер: рыбное хозяйство. - 2013. №2
55. Convention on the protection and use of transboundary watercourses and international lakes. Environment division. Economic commission for Europe. – 405c. www.unece.org/env/water.

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Су қорымен қамтамасыз ету қауіпсіздігі су
ресурстарының шектеулі және осал тұстарын бақылауда ұстау ұлт
қауіпсіздігінің басты компоненттерінің бірі болып табылады.
Су қорымен қамтамасыз етудің басты қаупі жаһандық және аймақтық
климаттың өзгеріске ұшырауы, демографиялық және экологиялық ахуалдың
өзгеруі, халықаралық су қатынастары мәселелерінің шешілмеуі, су ресурстарын
тарату мен реттеу, есепке алу, тазарту, техникалық жабдықтар мен су шығынын
өтейтін технологиялардың өз деңгейінде пайдаланылмауы мен жетілдірілмеуі
үлкен қиындықтар туғызып отыр.
Cу қорын сақтаудың шарттары сақталмаған жағдайда мемлекет аралық су
қатынастарының шиеленісуі, экологиялық тұрақсыз жаңа ошақтары пайда болуы,
әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының іске аспау қауіптері
туындайды.
Осыған орай Қазақстан Республикасында су мәселелерін шешу бүгінгі күні
өзекті мәселеге айналып өз тарапынан жаңаша инновациялық тәсілдерді талап
етеді, бұл қоғамның барлық өміршең салаларын қамтиды.
Диплом жұмысының мақсаты: ҚР-сында СРББ енгізу мүмкіндігін зерттеу.
Зерттеу жұмысы міндеттері:
- ҚР су ресурстарын пайдалану жөнінде сараптама жұмысын жүргізу
- CРББ экологиялық аспектілерін қарастыру
- Іле-Балқаш бассейні мен халықаралық, аймақтық (Орта Азия елдері)
экологиялық мәселелеріне сараптама жасау арқылы олардың тәжірбиелеріне
сүйене отырып ҚР-нда СРББ енгізу жолын қалыптастыру.
Ғылыми жаңшылдығы мен жұмыстың іс жүзінде қолданылу маңыздылығы:
-ҚР су ресурстарын экологиялық аспектілерін бірлесе (интегралды)
басқару жолдары қарастырылды.
- ҚР-нда СРББ енгізу жолдары негізіне халықаралық, аймақтық жұмыс
тәжірбиелері арқылы сараптама жасалынды.
Жұмыстың жариялануы:
-ҚазҰУ хабаршысында Қазақстан Республикасы су ресурстарының
экологиялық жағдайы мақала УДК 911.2:574.9;
-2014 жылғы 4 қарашада өткен Үкімет-Университет-Өндіріс атты 1
форумда Қазақстанның су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері баяндама;
-2015 жылғы 13-16 сәуір аралығында өткізілген Фараби әлемі атты
студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясында Ұлпан
Қазақстан Республикасы су ресурстарын біріктіре басқару мақала;
-Астана қаласында 2015 жылғы 10-11 сәуірде өткен Ломоносов -2015
студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар арасындағы Халықаралық
конференцияда Ұлпанның ҚР су ресурстарын басқару тезис;
- Су ресурстарын біріктіре басқару ғылыми жобасы Жандану ІІ- Ұлттық
экологиялық жастар форумында Гран-При. 2015 жылы сәуір айында.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Қазақстан Республикасында Су ресурстарын интеграциялық басқарудың
қазіргі кездегі жағдайына сипаттама

Орталық Азия қазіргі кезде су секторына айрықша назар аударып отыр,
өйткені бұл бес мемлекеттің аумағына бірдей мәселе болып табылады. Су
секторы мәселесінің басты себептері – климаттағы ауытқулар мен жиі болып
тұратын құрғақшылық немесе керісінше топан судың қаптауы, су құбырлары мен
кәріз сулары жүйесінің дұрыс жұмыс жасамауы осының барлығы дұрыс басқару
жүйесі құрылымын таңдауға тиісті. Су ресурстарын дұрыс басқарудың жетекші
құралы ретінде. Су ресурстарын бірлесіп басқару (СРББ) болып табылады.
СРББ – бұл су басқармасын дамыту мен өркендету, жер жағдайы және басқа да
осыған байланысты ресурстарды кординатты түрде басқару нәтижесінде
әлеуметтік-экономикалық жағдайды максималды түрде әділетті негізде
экожүйеге ешқандай зиян келтірмей басқарып отыратын жүйе болып табылады
[1].
Қазақстан Республикасы аталған аймақтағы жер үсті сулары сапасын
реформалауға кірісіп, су сапасы элементтерінің жүйесін бақылауда ұстап
отырған бірден-бір мемлекет. Елде су ресурстарын интегралды басқару
принциптері бағытында дамытудың нормативті-реттеу бойынша бағалау
жүргізілуде. Нәтижесінде заңнама негізінде суды пайдаланудың экологиялық
нормасы механизмі салынып, экожүйе мониторинг элементтері, есептеу жүйесі,
жоспарлау, қызығушылық танытқан тараптардың мүдделері және т.б.
кіргізіледі.
Қазақстанда су ресурстарын интегралды басқару бойынша (СРББ)
бағдарламалар, өзен бассейндеріндегі су ресурстарын қорғау мен кешенді
пайдаланудың схемасы, нормативті базаны реттеу үшін зиянды әсерді шектеу
жолдары (ЗӘШЖ), су көздеріне арналған ЗӘС, су көздерін ластаудың индексі
(СЛИ) сонымен қатар ЗӘШ жүйесі балық шаруашылығы және санитарлық-гигиеналық
су тоғандары үшін арнайы бағдарламалар дайындалуда 2010 жылы жер үсті
сулары сапа стандарты үйлесімділігі жайлы Әдістемелік көрсеткіш дайындалып,
кәсіби министрліктермен келісіліп бекітуге ұсынылды. Бұл құжат өзінің
маңыздылығы жағынан ЗӘС икемді жүйесіннің осал жақтары мен СЛИ тиімсіз
жүйесін алмастыруда түсінікті де тиімді су сапасы классификациясын жасау
жолдарын ұсынады.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықты су шаруашылығымен және суды
қорғау саласы су сапасының бес класты және суды пайдаланудың бес класты
жүйесімен су сапасын анықтау талаптарына сәйкестендіреді. Су сапасын
анықтаудың бес класты талабы бойынша кең көлемді түрде судың гидрохимиялық
бағасын жүзеге асыруда су құрамындағы (биогендер, металлдар және т.б.)
анықтауда сандық мөлшерлер беріледі.
Су сапасының құрамын арнайы класпен анықтаудың маңыздылығы жекелеген
өзен бассейндеріндегі су құрамын тексеру үшін еліміздің шекарасының
үлкендігі сол аймақта орналасқан өзеннің табиғи-климаттық аймақ
ерекшелігіне орай және әртүрлі су бассейндерінің өзіндік ерекшелігімен,
судың фондық шарттарына және т.б. принципиалды жаңа аспектілері құжатта
көрсетілген:
- Жаңа талаптарды кезеңді түрде енгізу;
- Су нысанын экологиялық жағдайдың мақсатты көрсеткіші ретінде
көрсетудің класты түрін бекіту;
- Мониторинг пен бақылау органдары арасындағы жауапкершілікті нақты
белгілеу;
- Экожүйены қорғау саласында ластанудың алдын алуды ескерту мен
мақсатты түрде нәтижеге жету бағытында арнайы бағдарламалар жасалынып және
тозығы жеткен жерлерді қалпына келтірудің жолдары көрсетіледі.
Су шаруашылығы жүйесін басқару, жоспарлау, мониторингінің өзара қарым-
қатынасын талаптарының орындалуын жолға қою.
Физико-химиялық параметрлерден басқа, бірыңғай жүйеге бактериологиялық,
гидроморфологиялық және биологиялық параметрлер де су сапасын тексеруге
енеді (Еуропалық су тоғандары директивасына сәйкес). Егер мемлекет СТД
толықтай бейімделіп көшпеген жағдайда, уақытша басқалай жақсы көрсеткіш
беретін тәсілдерге көшеді.
Жер үсті суларының сапасын бақылауда өзгерістер болған жағдайда оларды
реттеу үшін Қазақстанда су сапасы жүйесін реттеудің жаңа жүйелік элементін
енгізудің жаңа бағыттарының тиімділігі мен экологиялық бағытын (Еуропалық
Одақтың тәжірбиесіне сүйене отырып) жасап шығарды. Сөзсіз, бұл процесс
аталған жүйені қалыпқа түсіргенше, кадрларды және т.б. дайындағанша өте
ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы, жаңа әдістемелік нұсқаулық СЖПД жүйесімен
қалай сәйкесетіндігі қолданысқа енбеген күйі әлі де түсініксіз жағдайда
қалуда. Сол сияқты ластанған су көздерін анықтайтын мақсатты түрдегі
сапалы су класы және ПДС жүйесі арасында байланыс нақты жолға қойылмаған.
Диффузиялық дерек көздер құжат мәтіндеріндегі ақпарат көздереіндегі
деректер негізінде анықталады десе де болады. СРББ тәжірбиелері
принциптерін негізге ала отырып және ұйымдастырушылық, техникалық және кадр
потенциалын көтере отырып нормативті құжаттар кешенін бейімдеу шындығына
бейім келтіру көзделген. Қандай жағдайда да, Әдістемелік нұсқаулық жер үсті
суларын тексеру жағдайында сапа үйлесім стандартына сай нормативті акт
ретінде бейімделудің жаңа шарттарына сәйкес келіп, бұған дейінгі тәжірбие
мен жасалған жұмыс түрлерін сақтай отырып, нақты бір мемлекет аумағында
қолдануға қолайлы болатындығына көз жеткізуге болады [2].
Қазақстан ҚР экологиялық заңнама аясында реформа жүргізу негізінде
басталған жер үсті суларының үйлесімділігін бағалау жүйесі халықаралық ЖСС
талаптарына сәйкес бірліктерін қолдана отырып зерттеудің алғашқы кезеңін
аяқтады.
Жұмыс Казмеханобр ғылыми-өндірістік бірлестігінің бастауымен ҚР АШМ
су ресурстары мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілді. 093 [3].
Қазақстан жер үсті сулары сапасын зерттеудің бейімделген стандартты
жүйесін құру үшін экологиялық үдерістің су нысандарына интегралды
бағалаудың еуропалық моделін қолдана отырып, өзен суларының биологиялық,
гидроморфологиялық, физико-химиялық, бактериологиялық құрамын және суды
пайдаланудың нормативтерінің балық шаруашылығы, таза су мен су шаруашылығын
қамтамасыз ету, рекреакция, өндіріс саласында бес класты категорияға
сараланды [3].
Бірінші бөлімде суды пайдаланудағы нормативті талаптардың
классификациясы физико-химиялық, биологиялық, гидроморфологиялық және
бактериологиялық параметрлер сай жасалатындығы көрсетіледі.
Бұл бөлімде химиялық тұрғыдан тек минерализация, ластанудың органикалық
көрсеткіші, аммоний тұзы(NH4), цинк (ертінді), бұлар су нысандарының
қазіргі жағдайын топтап интегралды бағалауға тиімді.
Екінші бөлімде ұлттық классификациялау құрамына судың биологиялық
заттарына қарай отырып сапа құрамын сандық стандартына, тұздық құрам
элементіне, металдар мен басқа да химиялық көрсеткіштеріне, сонымен бірге
суды пайдаланудың бес деңгейлік категориясына сай сараланған.
ҚР жаңа ұлттық су нысандарын классификациялау жүйесі су нысандарын
толықтай, немесе жекелеген су тоғандарын жоғары деңгейде экологиялық
потенциал жағынан тексеріп, баға бере алады. Экологиялық потенциал
класстардың бірліктерімен көрсетіліп (1,2,3,4,5) және №1 кестеде
көрсетілген жүйеде бағаланады (Қосымша 1 көріңіз).
Судың сапасын тексерудің халықаралық классификациясы тәжірбиесінде
(экологиялық потенциал) су көздері саласын басқаруда және су шаруашылығы
жұмыстарын жоспарлауда пайдаланады.
Мысалы, Еуропалық су тоғандарының пайдаланудың Су бойынша
директивасында (РДВ 200060ЕС) алға мақсат етіп 2015 жылға дейін Еуропалық
Одақтағы мемлекеттердің су нысандары бойынша барлығын 2 класты дәрежеге
көтеріп, жақсы деген нәтижеге сәйкестендіру қойылған. ҚР су нысандарын
ұлттық классифакциялау апробациясы негізінде тәжірбие Іле өзенінде
өткізіліп,
Есеп 2006-2009 жылдар аралығында Казгидромет РММ материалдарының
физико-химиялық және гидроморфологиялық параметлеріне сүйене отырып
жасалған. Биологиялық және бактериологиялық параметрлердің толық ақпараты
болмауына орай бұл бағалау толық емес (болжам түрінде).
Есеп нәтижесі көрсеткендей Іле өзені 2009 жылы жақсы экологиялық
құзіретке ие болғандығын, өзен суы сапасы негізінен классификация бойынша 2
класты көрсеткен, тек жоғары ағысы 1 класты сапаны көрсетеді, ал төменгі
ағысы 3 класты сапалы суды көрсетеді.
Дегенмен, Су Ресурстарын Басқарудың Интеграциялық Жоспары (СРИБ) Іле-
Балқаш су бассейні ресурстарының Іле өзені бойынша басымдылық бере отырып
және арнайы балық шаруашылығы мен суды күнделікті пайдалану-ішуге пайдалану
үшін арнайы Рұқсатнама беру керек. Сонымен қатар өндіріс пен суармалы
жерлерге су жіберуді шектеу керек [5].
СРББ тарихына тоқталсақ.

1.2 СРББ тарихы

Суға қатысты мәселелер қоғам мен оған қатысты экономиканың барлық
салаларын қамтиды. Халық санының өсуі, урбанизация мен индустриализация,
ауыл шаруашылығының дамуы мен туризмнің өркендеуі, климаттағы өзгеріс,
осының бәрі су ресурстарының күйзеліске ұшырауына әкеліп соғады. Жан-жақты
қысымның көбею кезеңінде өмірлік маңызы бар осы ресурс түрін басқару
жолдарын алға орынға қойған жөн. Су ресурстарын шамадан тыс көп қолдану
бірінші кезекте гидрологиялық, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық
өзара бір-бірімен байланысты басқару жүйесін орнына келтіруді жоспарлауды
өзен, көл және де басқа су қоймаларына қоюды керек етеді. Бұл өзара
байланыстағы тәуелділіктер жер ресурстары мен су ресурстарын басқару мен
оны дамытудың интеграциялық жолын талап етеді.
Сонымен бірге бассейндік пайдаланушылар мен орталық басқарушылар
арасында динамикалық байланыс бар, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу осы
бағыттағы мақсаттарға жету үшін тұрақты бағытта жүргізіледі.
Су ресурстарын басқару – бұл қажет көлемдегі суды керек уақытында
қажетті жерге жоғары сапамен жеткізу өнері болып табылады. Бұл өнерді іске
асыру үшін өзара байланыстағы бірнеше элементтен тұрады. Ең бастысы су
берудің инженерлік инфрақұрылым (су қоймасы, каналдар, реттеуші құрылғылар,
су арналары, сонымен бірге су таратушы жүйелер мен т.б.) Бұл инженерлік
инфрақұрылымды жұмыс жасату үшін және су беру үдерісін жұмыс жасату мен
бұған қатысты қызмет түрлеріне инфрақұрылымдық-су шаруашылығы ұйымы
қызметін ұйымдастыру керек. Ұйымдық инфрақұрылымды өз деңгейінде жұмыс
жасатуда басқару құрылғысы-құқықтық база мен регламент, әдістемелік база
(суға қойылатын талаптарды бағалау үшін, суды тарату, суды пайдалану
сынамасы мен т.б.), мониторинг жүйесі (гидрометрия мен ақпараттық база).
Одан басқа қаржыландыру жүйесі мен бастамалар (қызмет үшін ақы,
ластандырғаны үшін ақы, т.б.) кіреді. Сонымен айғақтағанымыздай бұл өнер
түріне жатқызған дүние кешенді (көпфакторлы) процесс, заманауи тәжірбиеде
(әдебиетте де) су ресурстарын интеграциялық басқару деп аталады(СРИБ). СРИБ
басты мақсаты – бұл тұрақты, мызғымайтын, әділетті және тең қалыпта су
ресурстарын қажет ететін пайдаланушылар мен табиғатқа тең бөліп тарату.
СРББ – бұл барлық су көздерінің қорының негізін есепке алатын (жер
үсті, жер асты және айналымдағы су көздері) гидрографикалық шекара аймағы,
су пайдаланушылардың әр түрлі иерархияларының деңгейлері мен пайдалану
талаптарына қарай, барлық қызығушы тараптарды шешім шығаруға, су қорларын
тиімді пайдалану мен қоғамдық жағдайды түзеу мен экологиялық қауіпсіздік
туғызу [6].
СРББ қағидалары
СРББ үдерісі өз ішіде бірнеше тірек қағидалардан тұрады, осы қағидалар
оның маңыздылығын ашып көрсетеді. СРББ жалпылап көрсететін бейнесі
келесідей тірек қағидалардан тұрады:
- Суды басқару нақты бір бассейннің морфологиясымен оның гидрографиялық
шекаралық аумағына байланысты жүзеге асырылады.
- Басқару судың барлық түрлері мен есепке алу (жер үсті, жер асты,
айналымдағы) және климаттық ерекшелігін де ескеріп есепке алуды ескереді.

- Су пайдалануда тығыз байланыс орнаған және бұған қатысушы барлық
ұйымдар горизонталды орналасса, вертикалды түрде су пайдаланушы иерархиялар
орналасады.
- Қоғамдық қатысушылар тек басқаруда ғана емес, сол сияқты
қаржыландыруда, қолдау мен жоспарлау, дамытуда да қатысады.
- Су жүйесін басқарудағы тазалық пен ашықтық, ақпаратпен қамтамасыз
етілу.
- Су шаруашылығы органдарында табиғи талаптардың алдын алу шараларын
жасау.
- Суды пайдаланушылар мен су шаруашылығы органдарында өндірістік
тиімсіз су шығындарына жол бермеу мен суды сақтау, ысырап етпеуді қолдауды
ынталандыру [6].

1.3 СРББ облысындағы шетелдік тәжірбие

Заманауи еуропалық жүйе 1990 жылдың соңына қарай су қорларын тиімді
пайдалану мен сақтау үшін кешенді су саясатын ЕО негізінде шешу мәселесі
тұрды. Бұл түсіністікпен шешілген жұмыс нәтижесінде 2000 жылы Су тоғандары
Директивасы қабылданды (СТД). Жаңа директива ішкі түйінге айналған суды
пайдалану мен қорғау тиімділігінің ЕО заңнамасын қабылдады. Бұл тоғанды
директива ЕО су бойынша директивасындағы жұмыс құралды саясатына айналды.
Директиваға су жүйесін басқарудың жаңа жолдары енгізілуде. Ол өз тарапында
институтциалды және техникалық деңгейдегі нәтиже беруде.
СТРД негізгі элементтерінің жүйесі екі негізгі сұрақты шешуге
бағытталған:
- ЕО сумен қаматамасыз ету мәселесін басқару - аймақтық өзен
бассейндерін құру, өзен бассейндері мен кешенді басқару жүйесін құру.
- Судың сапасы мен жағдайы – қорғалатын аймақтарды бөлу, сапа
стандартын енгізу, экологиялық, химиялық және физикалық сипаттамаларға
сәйкес шектеуге сиятын қоқыс пен қалпына келтіруге болатын қоқыс түрлеріне
шектеу қою.
СТРД негізгі мақсатына:
- Су ресурстары қорғау аймақтары масштабын кеңейту – барлық су
қоймаларын қамту, оның ішінде жер үсті және жер асты су қоймалары;
- Су шаруашылығын бассейндік принциппен басқару;
- Жалпы стандартты сапа мен шектеуге сиятын қоқыс түрлерін пайдалана
отырып Біріктірілген тәсілді қолдану;
- Барлық су нысандарын жақсы жағдайдағы нәтижеге жеткізу;
- Заңнаманы жеңілдету
- Әкімшілік-территориялық бөліну бойынша емес, өзен бассейндері
негізінде су шаруашылығын басқару, ЕО суды пайдалану саясатының негізгі
принципі болып табылады. Әр өзен бассейні ауданына СТРД өзен бассейнін
басқару жоспарын жасап шығару мен бұл жоспарды алты жылда бір рет жаңартып
отыру. Мұндай жоспар өз тарапынан нақтылай мақсатты көрсеткіштерге қол
жеткізуге, аталған өзен бассейніне (экологиялық жағдайы, су жағдайының
сандық параметрі, химиялық жағдайы мен көрсеткіштері, қорғауға қойған
аймақтық шарттары) берілген уақыт шегінде [7].
Тарихта еуропалық ластану деңгейін анықтаудың екі түрі бақылауда
ұсталынған. Оның біреуінде басты назар ластанудың басты көзінде
технологиялық шешімнің арқасында қандай нәтижеге жетуге болады, ал
екіншісінде қоршаған ортаның әсері (қоршаған ортаның сапа стандарты)
назарға алынған. Ақырындап болсын кейін бұл екі тәсілдің екеуі де жекелей
қоршаған ортаны қорғауға тиімді әсер бермейтіндігіне көз жеткізілді. Сол
себепті Еуропалық одақта аралас тәсіл қабылданып, Су тоғандарының
Директивасының құрылымы жасалды. Бұл тәсіл шектеулі ластануға дейін (қоқыс
стандартын), сол сияқты судың ластану шегіне дейін бақылауда ұстайды [7].
Ал егер әсер ету көздеріне келер болсақ Су Тоғандары Директивасы
талаптарына сай ең алдымен бақылаудың технологиялық құрылымы жұмыс жасауы
керек. Сынама негізінде алдын алудың экономикалық кешенді тиімді жолдары
мен шаралары арқасында бұл заттардың әсері төмендейді. Тиімді әсер етуге
келетін болсақ Директива қоршаған ортаның мақсатты көрсеткіштерін қазіргі
заңнамаға сай жаңа талап қоя отырып барлық су қоймаларындағы су сапасын
жақсартуды міндет етеді. Бұл директива сол сияқты мақсатты көрсеткіштердегі
нәтижені бермеген жағдайда қажетті деп саналатын барлық шараны қолдануды
талап етеді.
Су сапасын реттеу бірнеше мақсатты көздейді, бұған жалпы судың
экожүйесін сақтау, ерекше және бағалы деп саналатын су қоймаларына арнайы
қорғау түрін ұйымдастыру, тұщы су қоймаларын қорғау мен суға шомылуға
арналған аймақтарды қорғауға алу. Егерде жекелеген өзен бассейнінің
мумағына аталған іс-шаралардың бәрі жүзеге асырылса, олар интеграциялануы
тиіс [7].
Су тоғандары директивасы барлық жер үсті суларының экологиялық жағдайын
сақтау үшін және жақсы экологиялық жағдай мен судың жалпы минималды
химиялық стандартына жақсы химиялық стандарт жағдайына келтіру талаптарын
кіргізді. СТД жалпы мақсаты 2015 жылға дейін барлық суларды жақсы
жағдайда дәрежесіне жеткізу (жер үсті және жер асты сулары) болып
табылады.
СТРД ерекше сипаттамасы ретінде оның жұмыс түрін кешенді түрде
жүргізетінін атап айтуға болады. СТРД жер үсті суларының жағдайын бағалауда
судың биологиялық, физико-химиялық, гидроморфологиялық сапалық элементтері
есепке алынады, бұл кейінде Директива талаптары бойынша белгіленген
мониторинг критерийлері бойынша сапалық элементтері арнайы бақылауға жауап
беруі тиіс [7](Қосымша 2 көріңіз).
Су сапасы стандарқа сай барлық талаптарды орындау барысында орындалған
жақсы химиялық жағдайы ЕО деңгейіндегі химиялық қосылыстарды жүргізу
барысында анықталған нәтижеге сай болуы керек. Директивада сонымен бірге
бұл стандарттарды қайта қарау механизмі мен жаңадан енгізу (басымдылығы
қауіпті химиялық заттарды енгінизмі) қарастырылған.
Алғаш рет ЕО көлемінде Су Тоғандары Директивасы жер асты және жер үсті
суларын интеграциялы басқаруды негізге ала отырып басқару жолдарын
қамтамасыз етті.
СТД су көздеріне байланысты қабылданған заңнаманы ЕО көлемінде
рационалды етті, ол алғашқы толқын болып шыққан жеті директиваны , соның
ішінде (1975) шыққан жер үсті сулары Директивасын, (1980) шыққан жер асты
сулары Директивасын, (1978) шыққан балық шаруашылығындағы су көздері
Директивасын, (1979) шыққан шаян тәрізділер мен моллюскаларды өсіруге
арналған су көздері Директивасын және (1976) шыққан зиянды заттарға
арналған Директиваны алмастырды [7].
Өз күшінде жұмыс жасап жатқан заңнаманың кейбір бөлімдері бүгінге дейін
күшін жойған жоқ, оған кіретіндерге (1976) қабылданған суға шомылу туралы
Директива, (1980) қабылданған ішуге пайдалантын су көздері жайлы Директива,
(1991) қабылданған қалалық су ағарларды тазалау бойынша Директива, (1991)
қабылданған нитраттар туралы Директива және (1996) қабылданған
интеграциялық бақылау мен ластанудың алдын алу бойынша Директива кіреді.
Су Тоғандары Директивасының жоғарыда көрсетілген директивалары
талаптары ЕО аумағындағы барлық су қорларын бақылауда ұстауға және олардың
ластануына жол бермеуді қамтамасыз етуге жол ашады. Қоршаған ортаны
қорғаудың әртүрлі сапа стандарты бойынша директиваларға зиянды заттар
Директивасы да енгізілген. Бұрынғы кездері бұл директивалар тек ЕО кіретін
мүше-елдер арасында ғана қолданылса , қазіргі кезеңде Су Тоғандары
Директивасына орай сапа стандартын ЕО құрамына енетін барлық елдер
аумағына қолдануға болады. Одан басқа СТД мақсатты жағдайда қолданылатын
сапа стандартына сай басқа да механизм түрлерін кіргізе алады [7].
Ал егерде шектеулі жағдайдағы лас заттардың су қоймаларына тасталуына
келетін болсақ, Су тоғандары Директивасы бұған шектеулі көрсеткіш қоймайды,
тек ол басқа да заң шығарушы орындардың қойған шектеулеріне сүйене отырып
қадағалау жүргізеді, ең бастысы интеграйиялық бақылау мен ластанудың алдын
алу Директивасына сүйенеді (IPPC). IPPC директивасы үлкен өндіріс
орындарының су көздерін ластау әлеуетін оларға арнайы міндетті кешенді
рұқсат берумен, оның ішінде шектеуден аспайтын ластау мүмкіндігін
жергілікті су қоймалары сапасының стандартына орай есептеп береді. Су
Тоғандары Директивасы ІРРС директивасы талаптарынан алшақтауға тыйым
салады.
СТД реттеу жүйесінің дәрежесі:
- СТД су сапасын реттеу саласы өз алдына бірнеше өзара бір-бірімен
тығыз байланыстағы мақсатты қояды, оған жалпы су қоймаларындағы экожүйені
сақтау, бірегей және бағалы мекендейтiн жерлерде үшін арнайы қорғау, тұщы
су көздерін қорғау мен суға шомылуға арналған қоймаларды қорғау.
- Су сапасын жақсарту бойынша басқаруды қамтамасыз ету алғашқы толқын
ретінде шыққан директиваларға сүйене отырып, бірлесе басқару мен
интеграциялық басқару жолдарын көрсетіп береді.
- Ластану жолдарын бақылауда аралас тәсілді қолданып (техникалық
шаралар мен су тіршілігі ортасы сапасыны критерийлері) , керекті су
қорларын қорғау саласында керекті деңгейге жетеді.
- Жер үсті суларының экологиялық жағдайын тексеруде кешенді тексеру
кезінде судың биологиялық, физико-химиялық және гидроморфологиялық сапа
элементтерін де бағалауды енгізді.
- Жүйе жер асты және жер үсті суларын кешенді басқарудың негізін
қамтамасыз етеді.
- СТД сапа стандартын қайта қарау механизмін енгізуге және жаңа
бастамалар (қауіпті химиялық заттардың басымдылық механизмін) қарастырады.
Жүйенің кемшін тұстары:
-Жер үсті суларының экологиялық жағдайын бағлауда ұсынылған жүйенің
қиындық туғызуы.
-ЕО мүшелерінің бұрыннан келе жатқан елдері үшін де көптеген қаржылай
күш жұмсауына тура келтіретіндігінен біршама қиындықтар туғызады [9].
Су ресурстарын еуропалық жүйемен басқарудан басқа көптеген шет
елдердің су көздері ресурстарын басқарудағы тәжірбиелерін ала отырып бұл
мәселелердідің шешу жолдарын табуға болады. Тәжірбие көрсетіп отырғандай
барлық дерлік шетелдерде су ресурстарын тиімді пайдалану мен бұл жүйені
басқару сұрағы маңыздылығын әлі жойған жоқ.
Әлемдік тәжірбие көрсеткендей көптеген елдерде су көздерін пайдалануды
қаржыландыру мен ұйымдастыру, оны реттеу жүйесінде мемлекет үлкен рөл
атқарады. Австрия, Венгрия, Греция, Испания, Италия, Польша, Португалия,
Румыния, Түркия мен Чехияда ирригация экономикалық дамудың басым жақтары
болып есептеледі және мемлекеттік жоспарлаудың нысаны болып табылады. Сол
сияқты АҚШ үкімет су шаруашылығына субсидия бөледі.
Еуропаның көптеген елдерінде суды пайдалану құны тұтыну құнының
мөлшерімен су шаруашылығы арасында келісіледі. Суды пайдалану құны салық
кірісі ретінде қарастырылады және түскен қаржы мемлекет бюджетіне түседі.
Мысалға, Испанияда су құбырларындағы су ағысын реттейтін ірі
гидроқұрылғылар тікелей мемлекет тарапынан қаржыландырылып отырады.
Тынық мұхиты-Азия аймағындағы пайдаланылатын судың 80% астамы суармалы
жерлерді суаруға жұмсалады. Аймақтың барлық елдерінің үкіметі негізгі
қаржыны құрылыс пен су шаруашылығын тараптарын қаржыландыруға жұмсайды. Ірі
иррагациялық жүйенің көпшілігі– мемлекеттпен, немесе орталық басқармамен,
болмаса жергілікті орган өкілдерімен басқарылады. Аймақтың көптеген елдері
үшін (біздегідей) басқару жүйесі мен суды көптеп жоғалуту өте тиімсіз болып
отыр. Барлық елдердегі ирригациялық және мелиоратциялық құрылыстарды салу
мен жалға беру тікелей мемлекеттік бюджеттен бөлінеді, егер қаржы жетпеген
жағдайда жеңілдетілген несие қоры қарастырылады.
Мысалы, Жапонияда мемлекет тарапынан су шаруашылығы жұмыстарына 90%
қаржыландырылса, ал қалған 10% - жеке меншік қызығушылық танытқан
корпорациялар тарапының несиелері есебінен жұмсалады екен.
Ал, АҚШ-та ірі су шаруашылығы жүйелерін басқару, оларды сақтау мен су
ресурстарын қалыптастыру және қаржыландыру үкімет тарапынан жүргізіледі.
Ірі гидроқұрылғылар толығымен федералды үкімет есебінен АҚШ Конгресі арнайы
рұқсатымен қаржыландырылады. Одан басқа 1987 жылы қабылданған Таза су
туралы заңға сәйкес тиімді және жаңашыл әдістерді ашып, жер суарудың
тиімді жолдарын ашқан жер иеленушілер үшін арнайы субсидия бөлінеді.
Көптеген дамушы елдерде мемлекеттің экономика саласын өркендетуде
аграрлық сектор негізге алынады, сол сияқты су ресурстары тапшы елдерде де
қаржы капиталы иррегациялық жүйені құру үшін кететін барлық шығынды
мемлекет өз есебінен бөледі. Бұл әсіресе Азия елдеріне тән қасиет. Тек
ерекшеленетін ел болып Оңтүстік Корея саналады, мұндағы фермерлер
мемлекеттік иррегациялық жүйе бойынша жұмсалатын капиталдың15-30% шығынды
өздері төлейді.
Қытайда ірі және орта иррегациялық құрылыс нысандарын салу мақсатындағы
қаржы мемлекет тарапынан бөлініп, бұл құрылысқа фермерлерді жұмылдыру
арқылы іске асады(оларға жүйелі түрде ай сайын еңбекақы төленіп тұрады).
Капиталдық шығынның негізгі бөлігінің абсолюттік мөлшері мемлекеттік
бюджеттен бөлінеді.
Австралияда жер телімдері бойынша фермерлерге өлшенген мөлшерде су
бөлінеді, кейіннен осы лимит негізінде су қорымен өмірлік пайдалануға
мүмкіндік алады. Суға берілген құқық – суды пайдалануға, оны тасымалдауға
және пайдалануға мұрсат береді. Суды пайдалануға берілетін құқық заңды
түрде бекітіліп, әр тұтынушының үлесі ресми жарияланады. Суды пайдалануға
берілген құқық Актив ретінде қолданылып, кепілдікке қойылады және сатылады.
Жыл бойындағы су мөлшерінің өсуіне орай суға берілген құқық азаяды. Суды
пайдалануға заңды ие болған тұлға суды өзге тұлғаға сол бассейн аумағында
сата алады, ал бағаны сол кезеңдегі нарық құны бойынша белгілей алады. Су
ағып жатқан жер аумағы суға қатысты болып есептелмейді, сол себепті ол
бөлек бағаланып сатылады. Су жеткізу мен пайдалану түрі саудаланбайды.
Мемлекет тендер ұйымдастыру мен жүргізу арқылы фермерлерден ең төменгі
бағаға суды сатып алып, қорғауға арналған өзен арналарына ағызады. Сол
сияқты су пайдаланушы өз мұқтаждығынан артылған су мөлшерін су қоймаларына
ағызса болады, бұл су қорын кейінгі жылдары қажетінше пайдалана алады,
сақталған су қоры үшін пайдаланушы ақша төлейді.
Өзен арналарын территориялық жағынан тарамдап бөлінген суды ерте
кездерден адамдар пайдалананған. 1985 жылдан әлем бойынша ағын судың
жиналуы жылына шамамен 370 км3 құрайды, оның ішінде Канадада – 140 км3,
бұрынғы КСРО да – 60 км3 , Үндістанда – 50 км3, АҚШ – 30 км3. Су жиналудың
максималды көлемі жылына 50 км3 (Канаданың солтүстік аймақтарында), ал
жиналған судың ең ұзын мөлшері 1100 км жетті (Қарақұм каналы, Өзбекстан-
Түркменстан). Қазіргі кезде жиналған судың ірі масштабтағы жиынтық көлемі
шамамен жылына 500 км3 құрайды, бұл әлем бойынша суды тұшытудан екі есе көп
болып саналады.
Қазіргі кезеңде ішкі бассейндер мен аралық бассейндердің 50 астам
нұсқалары жасалынып, өзара байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оның
көптеген бөлігі Ресейдің еуропалық бөлігін, Батыс Сібірдің орта және
оңтүстік бөлігін, Орталық Азия аймағы қамтылған.
Іс жүзінде барлық жерде өндірістік-коммуналдық суды пайдалану үшін
жұмсалатын ақы ең жоғары ақы болып есептелінеді(бұл қаржы су шаруашылығы
кешеніне жұмсалатын шығынды толықтай жабады). Суды тұтынушылар, оның ішінде
суармалы егістік шаруашылығымен айналысатын тұтынушылар жеңілдетілген
мәртебеге ие болып, шығындаған суының тек бір бөлігі үшін ғана ақы төлейді.
АҚШ фермерлері мемлекет есебінен өзі жұмсаған су көлемінің орташа есеппен
тек 20% үшін ғана ақы төлейді. Израилде су құнының 1 кубометрі 0,65
доллар, АҚШ өндіріс орындары үшін кубометр суға1 доллардан, ішуге жарайтын
сумен қамтамсыз ету қоры - 0,65, ал ауыл шаруашылығы үшін - 0,28 доллар.
Су Ресурстарын Біріктірілген Басқару (одан әрі – СРББ) бүгінгі таңда
әлем бойынша су шаруашылығын үздік басқару болып табылады. Осыдан 13 жыл
бұрын Дублин принциптерінен кейін арнайы анықтама берілді (1992 жылы Су
қорлары мен қоршаған ортаға қатысты өткізілген Халықаралық конференция
Дублин принциптері қалыптасқан болатын). Сол жылдың аяғында Рио-де-Жанейро
қаласында өткен конференцияда СРББ алты негізгі принциптері көпшілікке
ұсынылды.
1. Өзен бассейндері су ресурстарын басқарудың әкімшілік бірлігі болып
табылады.
2. Өзен бассейні алабын қалыптастыратын су ресурстары мен жер аумағы
біріккен күйде басқару мен жоспарлауға жатады.
3. Су ресурстарын басқару мен жоспарлау аясында әлеуметтік,
экономикалық және экологиялық факторлар интеграциялануы керек.
4. Су ресурстарын басқару мен жоспарлау аясында жер асты сулары мен жер
үсті сулары және олардың экожүйесі, олардың ағу жолдары интегациялануы
тиіс.
5. Су ресурстары мәселелерін шешу барысында тиімді шешімдер қабылдау
үшін жергілікті халық қатыстырылуға тиіс. Ол арнайы ақпараттандыруды керек
етеді және соның нәтижесінде жергілікті халық саналы түрде қатысып, шешім
шығаруға көмегін тигізеді.
6. Су ресурстарын басқаруда және жоспарлауда жақсы сипаттамадағы
нәтижеге жету үшін ашық түрде есеп жүргізіп отыру келешектегі жұмыс
жоспарының нәтижелі болуына өз әсерін тигізеді [8].

1.4 СРББ-тің экологиялық аспектілері

СРББ экологиялық аспектісі екі бағыттағы әрекет пен түсіністікті қажет
етеді: судың кері әсер етуін болдырмау және табиғат талаптарынан аспау мен
суға экологиялық кешенді түрде қарау.
Экология тарапынан алып қарағанда судың ең басты қасиеті оның
қозғалғыштығы, табиғаттағы көптеген элементтерді өзінің тасқыны арқылы
ағызуы мен еріткіштігі, сол сияқты табиғаттағы әртүрлі элементтер мен
химиялық компоненттерге кешенді әсері. Табиғи және табиғи-антропогенді
тұрақтытылықты сақтаудың басты шарты су көздерінің өзара әсерлесу жағдайы
мен экономикалық пайдалану аймағындағы, сонымен жер үсті және жер асты
суларының минималды түрде араласу жағдайы болып табылады.
Бассейннің экологиялық ахуалының тұрақтылығы принципті түрде алынатын
өзара бір-бірімен тікелей байланыстағы табиғатты қорғау аспектілерін алға
қойылады: су көздеріндегі судың сапасы және экономикалық пайдаланылатын
аймақтағы суды ластаушы заттардың жиналуы. Басқа сөзбен айтқанда, су
бассейніндегі қалыпты жағдайды қалыптастырудың критерийлері келесідей
жасалады:
- Экономикалық пайдаланылатын аймақтың ластануы мен оның әсеріне
ұшырайтын экожүйе берілетін шектеулі ластану мөлшерінен аспауы керек, ал
қозғалмалы улы заттарды жинаушы қозғалыс теріс бағытта көрсетіп, нақтылай
айтқанда аталған аймақтағы ластану қарқынын төмендету керек.
- Су көздеріндегі ластану құрамы өзен суы бассейнінде су көздерінен
оның салаларына дейін белгіленген мөлшерден аспайтын концентратты құрамды
барлық су көздерін пайдаланушылар білуі тиіс.
- Су қорын жинаудың экожүйесіндегі антропогендік жүктеме интенсивті
болуы тиіс, ол био-өнімділік пен биотүрлілікті қолдай алатындай шартты
ұстануы керек.
Суға қойылатын экологиялық талаптарды орындауды қадағалау астарында
жалпы табиғатқа қойылатын кешенді талаптар, оның негізіне тұрақты табиғи
кешенді құраушы жануарлар мен өсімдіктер әлемі және оның эстетикалық сапасы
болып саналады. Ірі және кіші өзен сулары өздерінің табиғи байлығы болып
саналатын жануарлар әлемі мен өсімдіктер байлығын жоғалтып алмай, бастапқы
қалпында сақтауына және де бір мезгілде осы табиғии қалпын бұзбай
көпшілікті өзіне таттатын орын болуы маңызды.
Су ресурстарының маңыздылығын есте ұстай отыра қоршаған ортаның
экологиялық жағдайына судың сұранысы жылына 64,2 км3 Қазақстан бойынша
керек болса (міндетті трансшекаралық хабарламалар мен өндіріске
жұмсалмайтын су шығын қоса есептегенде) су ресурстарын өндіріс саласында
пайдалануды шектеу ретінде көрсетіледі.[8]
Су қоры мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуі үшін шешуші фактор
болып саналады. Су қорын тұтыну моделіндегі өзгерістер, жер мен судың
экожүйесінің бұзылуы, жердің деградацияға ұшырауы, суды тұтынушылар
арасындағы өзара бәсекелестіктің туындауы мен су қоры көздерінің шектелуі
21 ғасырда біздерді күтіп тұрған жаһандық күйзелістің хабаршысындай.
Қазақстан Республикасы үшін маңыздылығы жоғары бірнеше ірі және
стратегиялық маңызы бар су нысандарына тоқталайық.
Арал теңізі. 1960 жылға дейін Арал теңізі әлем бойынша ішкі құрылықта
орналасқан көлемі жағынан төртінші орынды алатын су қоры болып келді де
кейіннен тартыла бастады. Орта Азия өзінің тұщы су қорының 67 % өзі
пайдаланады да, ал Арал теңізінің су қорының бассейнінің 100 % -ға дерлік
пайдаланады, оның су қоры мақта мен күріш өсіруге жұмсалады; соның
салдарынан теңіз суы 17 метрге дейін тайызданып, ал теңіз деңгейі 75 %
дейін төмендеп кетті. Бұл теңіз суынындағы тұз 1965 жылы 10 гл көтерілсе,
2000жылдары 40-50 гл көтеріліп, бай балық шаруашылығын өзінің
маңыздылығын жойды. 1970 жылдардың аяқ соңында бірнеше балық түрлері ұрпақ
беруді тоқтатты. 1960 жылдары 550 000 га жерді алып жатқан батпақтар мен
батпақты жерлер құрғап кетті 1960 ( 1990 жылдары тек 20 000 га жер қалды).
50 астам көлдер құрғап кетті. Теңіз суының бассейндерінің көп бөлігі
ирригация салдарынан тұзданды, оның ішінде топырақ пен жайылымдық жерлерде
0.5-1.5 % құрайды. Есептеулер бойынша Арал теңізінің (теңіз деңгейінен 53
метр биіктікте орналасқан)1960 жылғы деңгейін қалпына келтіру үшін 20 жыл
бойы Арал теңізін қайта өз арнасына құйып отыру керек екен(кем дегенде
жылына 73 км3 ) [10].
Каспий теңізі. Әлемдегі құрылықта орналасқан ең ірі су қоймасы,
өсімдіктер мен жануарлар әлемі жағынан өзіне тең келетін аналогтары жоқ
бірден бір биологиялық сан алауандығымен аты шыққан теңіз өз тарихындағы
жауапты кезеңді басынан өткеруде. Қазақстан Республикасы экономикасының
дамуы мен өркендеуінде әлемдік табиғи ресурстарға деген сұраныстың өсуіне
орай Каспий теңізінің алар орны ерекше. Қазақстан үшін Каспий аймағы
қазіргі уақытта да , жақын келешекте де стратегиялық маңыздылығы жоғары
аймақ болып саналады. Сонымен қатар бұл өңірде шаруашылықтың өркендеуі мен
мұнайгаз сияқты кн орындарының шикізат ретінде өндіру мен барлау жұмыстарын
жүргізу қазіргі кезде өңірдің теңізге құятын өзен суларының ластануына, сол
сичяқты Каспий теңізінің ластануына, ондағы биоресурстардың азаюы мен
экожүйенің табиғи деградацияға ұшыраюына әкеліп отыр. Апатты экологиялық
жағдай теңіз деңгейнің өз арнасынан көтерілуне әкеліп, жағалау суға кету
қаупіне ұшырады.
Соның салдарынан теңіз суы өз деңгейінен көтеріліп, теңіз толқынының
кейінгі жылдары (теңіз толқынының биіктігі 3 метрге дейін көтеріліп,
жағалаудағы 20 км дейінгі жерлерді шайып кетуде) теңіз жағалауы жыл сайын
10 м жылдамдықпен жылжып, жылына 1-2 км жылдамдықпен су астына кету процесі
жүріп жатыр [17].
Балқаш көлі. Орта Азияда орналасқан ішкі бірден бір жабық көл
(ауданы 18 мың.км2 астам). Су қорын негізінен Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі
сияқты бірнеше өзен суларымен толықтырып отырады, су қорының негізгі көзі
Іле өзені десе де болады (өзен суының 80% осы көлге келіп құйылады.),
сонымен қатар жер үсті сулары мен жер асты сулары, атмосфералық жауын-
шашын сулары арқылы толығып отырады. Көлдің өзіндік ерекшелігі ретінде
Ұзын-Арал су ағынды жолы арқылы көл екі ірі бөлікке бөлініп жатыр: үлкен-
батыс ауданы бойынша (10 мың км астам), бірақ таяз сулы аймаққа ие (11 метр
тереңдікке дейін); және шығыс бөлігі 7 мың шаршы км дейін тереңдігі 26
метрге дейін барады [17].
Балқаш көлінің экологиясына қатысты көптеген қауіп бар, ерекше Арал
теңізі ұшыраған апат қаупі қайталануы мүмкін деген жормалдар жасалынуда
[18].
Мұндай алаңдаушылық тудырудың бірнеше себептері бар. 1970жылдан бастап
Іле өзенінің су қорын Қапшағай су қоймасына ( бұған 39 км³ су кетті),
ағызуға байланысты өзен арнасы 23 азайып, бұл көл суы деңгейінің
төмендеуіне әкелді[19]. Су деңгейінің төмендеу қарқыны жыл сайын 15,2 см
құрайды, 1908-1946 жылдар аралығында табиғи төмендеу деңгейінен бірнеше есе
жоғары екендігін көрсетеді (жылына 9,2 см)[20].
Балқаш көлінің таяздануы әсіресе ерекше терң болып саналатын батыс
бөлігінде айқын байқалады. 1972 мен 2001 жылдар аралығында Балқаштан 8 км
оңтүстік қашықтықта орналасқан тұзды Алакөл көлі мүлде құрғап, жойылып
кетті, ал Балқаш көлінің оңтүстік бөлігі осы уақыт аралығында шамамен 150
км² су жоғалтты [21].
Балқаш көлін айнала орналасқан 16 көлдің қазіргі укақытта тек бесеуі
ғана қалды, құрғау процесі көл бассейніндегі 13 бөлігін қамтыды десе де
болады [22].
Тұзды тозаң құрғап қалған көл орнынан көтеріліп ұшады, бұл өз кезегінде
азиялық шаң боранын туғызып қоршаған табиғи орта мен климатқа өз әсерін
туғызуда. Аймақтың тұздануынан басқа құнарлы топырақтың құнарсыздануына
әкелетін тағы қиындық Қапшағай су қоймасына саздың жиналу нәтижесінде
биологиялық делтаның бұзылуы болып табылады [18].
Іле-Балқаш су бассейнінің экологиялық жағдайына тағы бір әсер етуші
фактор Балқаш кен-металлургиялық комбинаты қалдықтарының көл суына құйылуы.
Сол уақыттан бері зиянды қалдықтар екі есеге дейін көбейді. Зиянды заттар
көлге сонымен бірге қалдық сақтау қоймаларынан шаңды боран кезінде келіп
түседі [23].
Көлдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Қапшағай су қоймасына
су жіберуді тоқтата тұру жөнінде ұсыныс жасалып, металлургиялық комбинаттан
ағып шығатын қалдық суларды тазартып, жер суарға бөлінетін су мөлшерін
қысқартуғажәне т.б. ұсыныстар түсірілді. 2005 жылы мәлім болғанындай,
Балқаш көлінің экологиялық жағдайына орай өткізілген Халықаралық
экологиялық форумында Қазақмыс корпорациясы келесі жылы экологиялық таза
өндіріс орнын салып аяқтап, қалдық мөлшерін 80—90 % төмендетеді [23].
Балқаш көліне ластанған су тек кен комбинатынан ғана емес, сонымен
бірге Қытайдың шекаралас аймақтарынан көптеп мыс пен басқа зиянды заттар
құйылады, су құрамы V класты ластануды көрсетті. Қытай аймағында Іле
өзенінен жылына 14,5 км³ су қоры пайданылады, бұл көрсеткішті келешекте
3,6 дейін көбейту жоспарланып отыр [23], су ағызу қарқыны жылына 0,5—1
бастап 2—4 км³ дейінгі жылдамдықты құрайды [24] (бұл Синьцзян-Ұйғыр
автономдық ауданындағы халық санының қарқынды өсуіне орай жасалып отыр).
Экспертердің пікірі бойынша Тянь-Шандағы мұздақ суларының қорына қарамастан
[25] суды өз тараптарына ағызу қарқыны 10 % құрағанның өзінде – Балқаш көлі
үшін апатты жағдайға алып келеді, яғни келешекте көл екі айрыққа бөлініп,
шығыс бөлігінің құрғап кету қаупі туындап тұр [26].
Қазақстан мен ҚХР арасында 2001 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан мен КХР
үкіметі тараптары арасында транс шекаралық өзен суларын қорғау мен
пайдалану жайлы келісімшарт жасалынып, соның негізінде реттеліп отырылады
[22]. 2007 жылы Қазақстан жеңілдетілген шарт негізінде Қытайға 10 жыл
көлемінде Балқаш көліне құятын су арналарна зиян туғызбайтын, азық-түлікпен
қамтамасыз ету туралы ұсыныс жасаған болатын, бірақ келісімге Қытай тарапы
қолдау жасамады [27, 28].
ҚР табиғи-климаттық және топырақ қабаттары жайлы сипаттама берейік.

1.5 ҚР өзен сулары режимі мен гидрографиясы

Өзендер. Қазақстан территориясында 85 мыңдай өзен мен уақытша ағатын
жылғалар ағып өтеді, оның ішінде 8 мыңдай өзеннің ұзындығы 10 км құрайды.
территории Казахстана протекает около 85 тыс. рек и временных водотоков, в
том числе более 8 тыс. рек длиной свыше 10 км. Өзен желісінің тығыздығы әр
аймақта әртүрлі. Егер солтүстікте 0,03 бастап 0,05 кмкм2 ал шөлді
аймақтарда айтарлықтай төмендейді, ылғал мол түсетін таулы аймақтарда бұл
көрсеткіш 0,4 да 1,8 кмкм2 [33].
Қазақстан Республикасы 480262 көлге ие, оның ішінде 45 248 аумағы 1 км²
аспайтын көлдер. Аумағы 100 км² асатын ірі көлдердің саны – 21. Қазақстан
әлемге аты мәлім Каспий, Арал сияқты ірі көлдерге иелік етеді. Одан басқа
республика көлемінде әлемнің ең көлдерінің қатарына енетін көл – Балқаш
көлі бар. Қазақстан территориясының аймағында көлдер біртегіс орналаспаған.
Қазақстанның солтүстік өңіріне барлық көлдердің 45 % тиесілі, орталық және
оңтүстік өңірлерде барлық көлдердің 36 % орналасса, басқа өңірлерде тек
бұл көлдердің 19% ғана тиесілі. Қазақстан көлдерінің ең үлкен көлдерінің
картасы - 45 002 км². Судың жалпы көлемі — 190 км³ құрайды [34].
Жауын-шашынның аз түсуі мен қар қабатының жер бетін мардымсыз жабуы
өзен суларының қорын молайта алмайды. Жыл бойғы орташа өзен суына қосылатын
табиғи қосымша су мөлшері 1л(.км2) құрайды, бұл көрсеткіш оңтүстікте
0,1л(.км2) төмендесе Балқаштың солтүстік аймағы мен Сарысу, Торғай
өзендерінде нолдік деңгейге дейін түсіп кетеді [34].
Барлық табиғи ағын су көктем мезгіліне тиесілі десе де болады. Жер
бедерінің құнарсыздығы мен оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжып отыратын
нолдік изометрия кей жылдары топан судың қаптауына әкеледі [35].
Бұдан жылдық ағын су мөлшерінің тұрақсыздығы мен су тасқынының
максималды мөлшері жылдың қай маусымына сәйкес келетінін болжау қиындық
тудырады. Торғай мен Мойынты өзендерінде экстрималды су тасу мен су шығыны
шамамен 5400 есе жоғары көрсеткішті көрсетеді. Жылдық су шығынының
максималдық көрсеткіші мен коэффициенті 1,2 және 1,3 есені көрсетеді. Бұл
жерде ағын суы коэффициенті вариациясы Еуразия континентінде Сv , сол
себепті нақты статистикалық сипаттама алу үшін, үшін ұзақ уақыт бойы басқа
аймақты бақылауға алу керек [35].
Өзен суларының көтерілу деңгейі өте жоғары. Есіл, Жайық, Торғай
өзендеріндегі су деңгейінің максималды горизонталды межесінен көтерілу
деңгейі 10-13 м дейін жетеді. Егер өзен арнасы көтерілген суды өз арнасына
сыйғыза алмаса, тасқын су өзен арнасы аумағына жайылып бірнеше километге
дейін ағын су жайылып кетеді. Қытымыр қыс пен қалың жапқан мұз қабаты
көктем кезінде қызыл судың қаптауына өз әсерін тигізбей қоймайды, бұл
кездері өзен бойында мұз кептеліп су тасиды [35].
1990 жылдардың басында көлге зиянды қалдықтың ағылуы жылына көл түбіне
76 мың тонна мыс, 68 тонна цинк, 68 мың тонна мырыш шөгіндісі жиналды. Су
жиналатын тегіс рельеф, бірінші кезекте төменгі өзен арналары, сол сияқты
су таратушы кеңістіктер мен төменде орналасқан көл шұңқырлары әр жылы су
жинаушы қоймаларда жиналатын су мөлшерінің біркелкі еместігін көрсетеді. Су
мол жылдары төмендеп қалған су қоймалары толып негізгі ағысқа қосылып аға
бастайды. Нәтижесінде көктемде әр жылы әр түрлі деңгейдегі су мөлшері су
қоймалары мен өзен сулары және көлдерді толтырады [35].
1.6 ҚР су ресурстарының қоры

Респуликаның су қоры өзен, көлдер мен батпақтар, тоғандар, су
қоймалары, сол сияқты жер үстінде орналасқан су нысандарынан, Каспий мен
Арал теңізінің су қорынан, мұздықтар мен Қазақстан шекарасының ішкі
аумағында орналасқан жер асты суларынан тұрады.
Жерүсті сулары. Қазақстанның жер үсті сулары жылына орта есеппен
сулылығы жағынан 100,5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 еліміздің ішкі аймағына
тиесілі болып табылады. Қалған - 44,0 км3- көлемді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам ресурсындағы стратегиялық жоспарлау
Сапа менеджментінің принциптері
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Қазақстан Республикасының көлік саласын ұйымдастыру
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің экономикалық интеграциясының көліктік негіздері
Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі
Трансшекаралық өзен су ресурстарын пайдалануды басқаруды жетілдіру
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциясы
Пәндер