Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Нарықтық инфрақұрылым»
кафедрасының меңгерушісі:
э. ғ. д., профессор
Байшоланова Қ. С.
№ хаттама « » 2012 жыл
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Мамандығы «5B050905 - Әлеуметтік жұмыс»
Орындаған:
4 курс, 403 топ студенті Сарыбекова М. А.
Ғылыми жетекші:
с. ғ. д., профессор Садырова М. С.
Алматы, 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Әр мемлекеттің дамуы экономиканың дамуы мен адам әлеуеті дамуының арасындағы саналы баланстаумен анықталады. Елбасымыздың 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Алда тұрған үшінші онжылдықтың аса маңызды міндеті - Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру. Бүгінгі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі» [1], - деген еді. Демек, бұл айтылған ойдың маңыздылығын жетілдірудің, осынау басты мақсатқа қол жеткізудің мәні зор.
Басынан сан ғасыр бойы сұрапыл жаугершілік заманын өткізген халқымыз сонау кезден-ақ, ел тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздіктің халық санына қаншалықты тәуелді екендігін айтып кеткен еді. Себебі, демографиялық әлеуеті зор мемлекет қана өркендей алары және территориялық тұтастығын қамтамасыз ете алары анық. Яғни, стратегиялық тереңдікпен жан-жақты ойластырылған демографиялық мықты саясат - мемлекет қауіпсіздігінің басты негізі, оның сақталып, өсіп-өркендеуінің кепілі. Тек, демографиялық әлеует арқылы ғана мемлекет территориясының босап қалмауын, еңбек күші тапшылығына ұшырамау мәселелерін шеше алады. Осыған орай, Қазақстан тұрғын халқының өсуінде жеке адам да, қоғам да, мемлекет те мүдделі болуы тиіс.
Шынында да, қазіргі озық технологиялар мен техникалық жетістіктер ғарыштап алға басқан кезеңде əрбір ұлт пен ұлыстың көкпарға тартылмай, аман-есен қалуына мемлекет құзырына қарайтын халық саны тікелей əсер ететін заманға тап болғанымыз анық. Дамыған елдерде халық санының табиғи өсімі кемуде, ал дамушы елдерде туу қарқыны жоғары. Сондықтан да, демографиялық мәселелерді шешу жер шарылық көлемде, оның ішінде Қазақстан үшін де өзекті.
Әлемдік сахнада жаңа саяси факторлардың пайда болуымен сипатталған жаһандану жағдайында, ықпал етудің жаңа орталықтары және жаңа саяси фактор - халықаралық терроризмге байланысты Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздігіне жаһандану үдерісі туындатқан бірқатар қатерлер бар. Олар: халық саны өсімінің аздығы, тұрғын халықтың қартаюы, туу деңгейінің төмендігі, өлім-жітімнің артуы, тұрғын халықтың денсаулығының нашарлауы (физикалық, репродуктивті, психикалық), өмірдің орташа ұзақтығының азаюы, құндылықтар мен ұстанымдардың өзгеруі, отбасы институтының құлдырауы, т. б. Мәселен, құндылықтар мен ұстанымдардың өзгеруі туудың кемуіне алып келуде.
Тұрақты демографиялық әлеует мемлекеттің жетістікке жету негіздерінің бірі. Қазақстан Республикасындағы халық санының азаюы геосаяси, экономикалық және әлеуметтік - гуманитарлық аспектілерге қатер төндіреді. Өйткені, Қазақстан шамадан тыс қоныстанған Қытай, Өзбекстан секілді мемлекеттермен шекаралас болғандықтан, келешекте солардың тарапынан «демографиялық қысымға» ұшырауы мүмкін.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстанда демографияның өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын кешенді түрде зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Демография - халықтың өсуін зерттейтін ғылым ретінде дәйектеу;
- Қазіргі демография ғылымының құрылымы, даму көрсеткіштерін нақтылау;
- Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты: бағыт,
бағдарларын айқындау;
- Республиканың демографиялық көрсеткіштеріне сипаттама беру;
- Медицинаның және ана мен бала өлімінің демографиялық жағдайға әсерін қарастыру;
- Қазақстанда демографияның өзекті мәселелерін шешу үшін ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу нысанасы: Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы.
Зерттеу пәні: Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары.
Халқымыздың санын көбейту мәселесі қай кезде де барынша өткір қойылып келгені баршаға мәлім. Әртүрлі себептерге байланысты барлық кезеңдерде демографиялық мәселелердің күрделі болып қалыптасқаны еш жасырын емес. Оның жаңа ғасырда ғана орнықты сипатқа көшкені белгілі. Халық санына қатысты қазақ үлкен пікір білдіруден тартынатыны бар.
Бізге мықты экономика да, жаңа қатынастар да, тың жобалар да - бәрі де қажет. Бірақ қажеттің де қажеті бар. Ең басты қажеттілік - соның бәріне ие болатын халық. Сондықтан да Қазақстан үшін демографиялық ахуал, халық санын молайту ең өткір мәселелердің бірі.
Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі бағыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері және зерттеу пәні мен зерттеу нысанасы айқындалды. Негізгі бөлімде демография ғылымының теориялық негіздері мен әлеуметтік-демографиялық құрылымы анықталaды. Демографиямыздың қазіргі жағдайы талданып, өзекті мәселелерді шешудің жолдары ұсынылады. Қорытындыда негізгі бөлімде айтылған ойларға түйін жасалды.
- ДЕМОГРАФИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІДемография - халықтың өсуін зерттейтін ғылым ретінде
Демография ғылымы көне ғылым. Адам баласының ғұмыр жалғастылығының айқын айғағы бүгінгі дүниеге дейін жасап, қалыптасқан осы ғылымның шежіресі адам баласының бүкіл саналы ғұмыр кезеңдерімен бірге аяқ басып келеді. Демография - өзіне бейімді әдістермен тұрғындардың санын, аумақтық орналасуын, құрамын, осылардағы болып тұратын өзгерістер мен ауытқуларды, бұлардың себеп-салдарларын, сол өзгерістердің әлеуметтік-экономикалық негіздерін зерттейтін ғылым.
Демография (грек сөзінен алынған: demos - халық, qrapha - жазамын, сипаттаймын деген мағынаны білдіреді) халықтың санын, қоныстануын, орналасу тығыздығын, халық динамикасын, яғни өсуі мен кемуін, көшіп-қону көрсеткіштерін, құрамын, ажырасу мен некелесу көрсеткіштерін, жастық пен жыныстық структурасын зерттейтін ғылым. Кең мағынада алғанда, халықтың осы ерекшеліктерін сан жағынан зерттейтін ғылым саласы. Мұнда ең алдымен халықтың санын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі кең қолданылады [2] .
Демографияда статистикалық әдістердің ерекше зор рөл атқаратындығы себепті, кейбір ғылымдар демография мен демографиялық статистиканы бір-бірімен ұқсас ғылымдар деп есептейді. Бірақ демография ұғымының мағынасы анағұрлым кең, оның өзіне тән дербес міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсу саласындағы байланыстылықты, заңдылықты ашуы керек, бұл үшін үстем қоғамдық қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты зерттейтін барлық ғылымдарға қажетті материалдар береді. Демографиялық статистика, халық статистикасы - белгілі бір ел, территория халықтарының санын, құрамын орналасуын және қозғалысын немесе оның жекеленген тобын сипаттайтын деректерді жинауға, өңдеуге, баяндауға және талдауға статистикалық тәсілді қолданумен айналысатын статистика саласы.
Халықтың орналасуын зерттейтін бұл ғылым қоғам үшін қай уақытта да аса маңызды болған. Өйткені өткеннің қорытындыларын жасай отырып, белгілі бір тарихи кезеңдердің тізбегін тудырған табиғи, тарихи заңдалықтар болашақты болжауға, халықтың тууы, өлім-жітімі өсуі сияқты кез келген мемлекет үшін аса маңызды мәселені шешуге мұрындық болары сөзсіз [2] .
Қандай бір ел болмасын, ол үшін халықтың белгілі бір аумақта орналасуы аса маңызды, айрықша мәні бар құбылыс. Бұл ретте біздің ұғымымызда белгілі бір аумақты шеңберінде, елдің немесе оның бір бөлігінің аумағында, яки бірнеше мемлекеттер жерінде, тіпті әлемде халықтың орналасуы тұрады. Кең тұрғыда алғанда халықтың санының қалыптасып отыруына табиғи қозғалыс (мысалы, туу мен өлім ара-қатынасы), механикалық, былайша айтқанда адамдардың көші-қоны, аумақтар арасында орналасуы әсер етеді. Бұларсыз халықтың құрылымы өзгеруі мүмкін емес.
Халықтың орналасуы экономикалық өндіріс пен қоғамдық құбылыстарға байланысты. Халық белгілі бір географиялық аумақта орналасады және де оның орналасуы материалдық игіліктерді өндіруге байланысты болады. Бұл материалдық игіліктер өндіргіш күштердің даму дәрежесіне байланысты болады. Әрине, қоғамның материалдық игілігі тұрғындардың санына да байланысты өседі яки кемиді. Өздеріне қажетті игіліктерді өндірмейінше адамдардың өмір сүруі де мүмкін емес. Халықтың орналасуы белгілі бір қоғамдық жағдайлардың әсерімен өзгеріп отыратыны да анық, өйткені мұның өзі қоғамның дамуына әсер етеді, яки сол дамуды баяулатады, не оны жылдамдатады [3] .
Әрине, біздіңше бұған елдердің белгілі бір тарихи кезеңдердегі бастан өткеретін экономикалық, саяси, әскери жағдайлар әсер етпей қоймайды. Айталық, ерте дүниеде ғалымдар халықтың санына әсер ететін факторлардың ішінде алғашқы орынға мемлекеттің экономикалық дамуынан гөрі саяси-әскери жағдайын қойған.
Ал, қазіргі кезде қандай бір елдің экономикасына сарап жасағанда ғалымдар бастапқы нүкте ретінде аумақтың алып жатқан географиялық жағдайы мен халықтың санын есептейді. Халықтың саны жөніндегі деректерді сұрыптағаннан кейін, халықтың жынысы мен жасына қарай сараптаған соң оның қала мен ауыл арасында орналасуы, өндіріс салалары мен шұғылдануындағы арақатынас, еңбек жасына қабілеттілігі тексеріледі.
Демография ғылымының қоғам үшін қандай пайдасы бар деген мәселеге келер болсақ, қоғам прогресінің өзі, ғылымның, өндірістің, мәдениеттің өркендеуі көп ретте демографияның мақсаттарының жүзеге асырылуына бағытталады ғой. Түптеп келгенде демография адам ғұмырының ұзақтығын көздейді. Алайда демография қоғамда осы бағытқа өзі бастап отыруы керек. Ол өткеннің статистикалық деректерін, содан шығатын қорытындыларды, қоғам өзінің дамуының барысында іскерліктің, жетістіктердің қандай биігіне шықты, шыға ала ма, жоқ, болмаса кемшілік тұстары бар ма, болашағында нендей түйіндерді шешуі керек, ол үшін өндірісте, тұрмыста қандай мәселелерді алдымен жүзеге асырғаны жөн - міне, демографияның аясы осы [3] .
Дегенмен, осы ретте тұрғындар, оның құрылымы (айналысатын қоғамдық еңбек саласы), еңбек ресурстары, адамдардың жұмысқа қабілеттілігі, қоғамдық өндірістегі маңызы, әлеуметтік құрамы экономиканы жоспарлауда шешуші маңызға ие болады. Сондықтан демографияда бұл мәліметтерді алып отырған дұрыс. Егер демографияның мақсаты адамдарға, қоғамға, мемлекетке қызмет десек, сол қоғамның яғни, халықтың өзі бір жағынан қоғамның негізгі өндіргіш күші болады, екінші жағынан өндірілген игіліктерді тұтынушысы да халықтың өзі. Демография ғылымының зерттеу аясында халықтың саны мен құрылымы, тұрғындардың орналасу тығыздығы, жасы мен жынысы, әлеуметтік-экономикалық құрылым, урбанизация мәселесі, білімдарлық дәрежесі, этникалық (ұлттық) құрылымы, отбасы жағдайы, бала тууы, балалар шетінеуі, туу мен өлім-жітім арақатанасы айрықша маңызға ие болады. Демографияның айрықша зерттеу саласына айналатын статистикалық деректер лайықты қорытындылар жасап, болашақ қадамдарды бағамдауға ерекше маңызға ие болады, сондықтан демографияның негізгі тірегі статистика болмақ [4] .
Демография ғылымы өлім-жітім мен табиғи өсім арақатынасын өзінің зерттеу аумағынан тыс қалдыра алмайды. Қазіргі медициналық қызметтің ахуалы, дәрі-дәрмектің қымбаттығы әсіресе, селолық жерлердегі нашарлап кеткен тұрмыс ахуалы (айталық, түрлі сырқаттардың ел ішін жайлауы, ауыз судың тапшылығы, сапасыз азық-түлік өнімдерін пайдалану) өлім-жітімді туудан гөрі асырып жіберіп отыр.
Ескерту : Танымдық тарих. Ұлағат журналы. Оқу құралы негізінде автор құрастырған
1-сурет - Демография ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге тұруын, бір жерден екінші жерге қоныс аударуының сандық нәтижесін анықтайды, халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы жөніндегі ең дәл және енжей-тегжейлі деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның таптық және жастық, жыныстық құрамы арнайы арнайы есептеулер арқылы анықталады. Халықтың тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректерді азаматтық хал-жағдай актілерін тіркеу орындарында, ал халықтың көшіп келуі менк өшіп кетуін миграциялық полиция органдарында тіркеудің нәтижесінде анықтайды. Демографиялық статистика халық санағының принциптерін анықтап, оны әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастырады, санақ бағдарламасын жасап, қорытындысын шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып, оның қорытындысын талдайды, халықтың саны мен құрамын есептейді, туу мен өлімнің көрсеткішін, халық тығыздығының көрсеткішін, өмір ұзақтығының көрсеткішін есептеудің тәсілдерін жасайды. Демографиялық статистиканың көрсеткіштерінің халық өсуінің келешегін зерттеуде маңызы зор [5] .
Демографиядағы диалектикалық әдіс бойынша саралау жасау халық өсімі мен қозғалысы мәселесіне әлеуметтік- экономикалық, саяси, мәдени, заң, дін, табиғат факторларының (құрғақшылық, жер сілкінісі, құйын, сел т. б. ) әсерін жан-жақты қарастырады. Тарихи демографияда халықтар қозғалысы тарихи кезеңдер бойынша, халық өсуі мен кемуі тарихи процесс ретінде қарастырылып, адам тарихының эволюциясы дамуы және демографиялық динамиканың ғасырлар бойына қалыптасуы зерттелінеді. Экономикалық факторлар- тұрғындардың әлеуметтік тұрғысының көрінісі ретінде демографияның негізгі ағымдарына әсер ете отырып, туу көрсеткішінің төмендеуіне, өлім, неке, миграция т. б. көрсеткіштерді анықтайды.
Экономикалық демография әдістері халықты тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудегі капитал салымдарының көлемін анықтайды. Демография ғылымында математикалық әдісті қолданудың маңызы ерекше, математикалық талдау халықтар қозғалысының нақты анықтамасын, нақты санын, өзгерістерін, орташа көрсеткіштерін анықтауға және болжам жасауға қолданылады. Халықтың демографиялық мінез-құлқын зерттеу әлеуметтік психологияға жүгінсе, халықтың денсаулық көрсеткішін анықтау әлеуметтік гигиенаға байланысты. Халықтың қоғамдағы мінез-құлқы құқықтық нормалармен анықталады. Сондай-ақ демографияда әртүрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткішін жасау арқылы, сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотикалық ұрпақ әдісін; адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу үшін когорт әдісін қолданады [6] .
Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография - салыстырмалы жас ғылым
Тұрғындардың өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография » термині ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қарқынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп атауға болады.
Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор. Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына - халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман - географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени - рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылған. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік - Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік - Шығыс және Солтүстік - Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік - Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ [7] .
Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлері - Ніл аңғары, Оңтүстік - Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды. Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т. б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді [8] .
Демография міндеттерінің бірі халықтың ұдайы өзгеріс заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялық саясат негіздерін тұжырымдау болып табылады. Дүниежүзілік демографиялық статистикада халық орналасуын территорияға бөлгенде, ірі аймақтарға бөліп алу әдісі қалыптасқан. Мысалы, Еуропа, Азия, Африка, Америка, Австралия және Мұхит аралдары халықтары. Осы тұрғыда «Демографиялық энциклопедиялық сөздікті» негізге ала отырып, демографиялық ғылымдар жүйесін келесідегідей салаларға бөлуге болады (2-сурет) .
.
.
Ескерту : «Демографиялық энциклопедиялық сөздік» негізінде автор құрастырған
2-сурет - Демографиялық ғылымдар жүйесінің салалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz