ҚР-ның инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері



КІРІСПЕ

1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инновацияның мәні,түсінігі
1.2 Инновацияның формалары мен түрлері
1.3 Инновациялық дамудың шетелдік тәжірбиесі
2.Қ.Р/Ң ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Үдемелі индустриялық.инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары
2.2 Инновациялық дамудың басты басым бағыттары
2.3 Инновациялық дамудың институциялық базасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды. Дипломдық жұмыста ұлттық экономиканы инновациялық даму жолына бағыттау мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң бәсекелестік күреске төтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық даму жолына бағыттау кез келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі, инновациялық дамудың өзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде сапалы экономикалық өсуге жету.
Қазақстанның қазіргі кезде инновациялық даму жолына бет бұруының өзі елдің әлемдік қатаң бәсекелік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың кез келген саласы жағынан мықты болу мақсатынан туындауда. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі – ұлттық бәсекеге қабілеттілік.
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан». – Астана, 2007. – 70 б.
2. Аубакиров Я.А. Конкуренция – закономерность рыночных отношений // «Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы». Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 2 бөлім. – 9–14 бб.
3. Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. – 256 с.
4. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития. – М.: Прогресс, 1982 – 453 с.
5. Бернал Дж. Наука в истории общества. – М.: ИЛ, 1956. – 735 с.
6. Кузнец С. Современный экономический рост: результаты исследований и размышлений. Нобелевская лекция // Нобелевские лауреаты по экономике: взгляд из России / под ред. Ю.В. Яковца. – СПб.: Гуманистика, 2003. – 20 с.
7. Глазьев С.Ю. Теория долгосрочного технико-экономического развития. – М.: ВлаДар, 1993. – 310 с.
8. Хайек Ф. Дорога к рабству. – М.: Экономика 1992. – 175 с.
9. Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры. – М.: Наука, 1991 – 106 с.
10. Твисс Б. Управление научно-техническим нововведениями. –
М.: Экономика, 1989. – 271 с.
11. Анчишкин А.И. Наука – техника – экономика. – М.: Экономика, 1986. – С. 24.
12. Яковец Ю.В. Эпохальные инновации ХХІ века. – М.: Экономика, 2004. – 444 с.
13. Санто Б. Инновация как средство экономического развития / пер.
с венг.; общ. ред. и вступ. ст. Б.В. Сазонова. – М.: Прогресс, 1990. – 296 с.
14. Богатырев А.Н., Андреев П.А. и др. АПК России: приоритеты развития инновационных процессов в условиях рыночной экономики (теория, методология, практика). – М.: Колос, 1994. – 210 с.
15. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. −
5-е изд. – СПб.: Питер, 2006. – 448 с.
16. Барышева А. В., Балдин К.В., Галдицкая С.Н., Ищенко М.М., Передеряев И.И. Инновации: Учебное пособие. – М.: «Дашков и К», 2007. –
382 с.
17. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 31 наурыз.
18. 18Чулок А.А. Анализ эффективности инноваций на микро-
и макроуровне // Инновации. – СПб. – 2004. – № 5 (72). – С. 27–30.

19. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан». – Астана, 2007. – 70 б.
20. Аубакиров Я.А. Конкуренция – закономерность рыночных отношений // «Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы». Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 2 бөлім. – 9–14 бб.
21. Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. – 256 с.
22. Шумпетер Й.А. Теория экономического развития. – М.: Прогресс, 1982 – 453 с.
23. Бернал Дж. Наука в истории общества. – М.: ИЛ, 1956. – 735 с.
24. Кузнец С. Современный экономический рост: результаты исследований и размышлений. Нобелевская лекция // Нобелевские лауреаты по экономике: взгляд из России / под ред. Ю.В. Яковца. – СПб.: Гуманистика, 2003. – 20 с.
25. Глазьев С.Ю. Теория долгосрочного технико-экономического развития. – М.: ВлаДар, 1993. – 310 с.
26. Хайек Ф. Дорога к рабству. – М.: Экономика 1992. – 175 с.
27. Агеев А.И. Предпринимательство: проблемы собственности и культуры. – М.: Наука, 1991 – 106 с.
28. Твисс Б. Управление научно-техническим нововведениями. –
М.: Экономика, 1989. – 271 с.
29. Анчишкин А.И. Наука – техника – экономика. – М.: Экономика, 1986. – С. 24.
30. Яковец Ю.В. Эпохальные инновации ХХІ века. – М.: Экономика, 2004. – 444 с.
31. Санто Б. Инновация как средство экономического развития / пер.
с венг.; общ. ред. и вступ. ст. Б.В. Сазонова. – М.: Прогресс, 1990. – 296 с.
32. Богатырев А.Н., Андреев П.А. и др. АПК России: приоритеты развития инновационных процессов в условиях рыночной экономики (теория, методология, практика). – М.: Колос, 1994. – 210 с.
33. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. −
5-е изд. – СПб.: Питер, 2006. – 448 с.
34. Барышева А. В., Балдин К.В., Галдицкая С.Н., Ищенко М.М., Передеряев И.И. Инновации: Учебное пособие. – М.: «Дашков и К», 2007. –
382 с.
35. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 31 наурыз.
36. Чулок А.А. Анализ эффективности инноваций на микро-
и макроуровне // Инновации. – СПб. – 2004. – № 5 (72). – С. 27–30.
37. Тодаро М.П. Экономическое развитие. – М.: «Юнити», 1997. – 671 с.
38. Жатканбаев Е.Б. Человеческие ресурсы как важнейший фактор конкурентоспособности страны // Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конферен-циясының материалдары. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 4.2. – 23–25 бб.
39. Максимов Ю., Митяков С., Митякова О., Фалеева Т. Инновационный мультипликатор и экономический рост // Инновации. – СПб. – 2004. – № 5. – С. 23–27.
40. Буктуков Н.С. Место науки в индустриально-инновационном развитии экономики // Наука и высш. шк. Казахстана. – 2005. – 1 октября.
41. Янсен Ф. Эпоха инноваций / пер. с англ. - М.: Инфра-М, 2002.- 234 с.
42. Абишев А.А. Технологическая модернизация национальной экономики // Национальная экономика в векторе глобального развития. Материалы международной научно-практической конференции, 9-10 декабря 2006 года. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006г. – C. – 18–22.
43. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 сәуірдегі № 319 қаулысы // http://www.zakon.kz.
44. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Стратегия вхождения Казахстана в число наиболее конкурентоспособных стран мира»: приоритеты и пути их релизации. – Алматы: КИСИ, 2006, –
С. 25
45. Жылжақсынова Ш.П. Білімге негізделген экономиканың ұлттық бәсекелік қабілеттілік артықшылықтарын қалыптастырудағы маңызы
// Социально-экономические и правовые проблемы в условиях вхождения Республики Казахстан в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Материалы научно-практической конференции, 11 мая 2007 года. – Алматы: «Status A.Ltd.», 2007. – C. – 395–398.
46. Михеев В. «Новая экономика» Восточной Азии // Федерализм. – 2005. – № 1. – С. 50–60.
47. Адам даму туралы есеп. Қазақстандағы адам дамуына арналған жаңа технологиялар. Қазақстан 2006 жыл. БҰҰ. – Алматы «S-Принт», 2007. –
158 б.
48. Алшанов Р.А. Новый экономический курс Казахстана: цифры и факты // Казахст. Правда. – 2008. – 15 февраля.
49. 33Сагадиев К. Экономика Казахстана: очерки актуальных проблем. – Алматы: Б. и., 2004. – 312 с.
50. 38Сасыкбаев К.А., Жолдасбаева А. Классификация и перспективы использования текстильных отходов для производства нетканых материалов
// Вестник им. Х. Дулати. Природопользование и проблемы антропосферы. − 2004. − №3. – C. 115 – 112.
51. 58Лекция Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в Евразийском Национальном Университете имени Л.Н. Гумилева // Офиц. сайт Президента Республики Казахстан. – Астана, 2006. – 26 мая
// http://www.akorda.kz.
52. 60Назарбаев Н.А. Казахстан 2030 // http://www.kazembassy.com.ua.
53. 61Швецов Д. Роль и место России в инновационной сфере мирового хозяйства // Вестн. МГУ. Серия «География Мирового Хозяйства», Москва – 2003. – 19 сентября – C. 29 – 32.
54. 62Елемесов Р.Е. Глобализация и стратегии национального экономического развития // Қазақстан және Орта Азия экономикасын жан-жақты жедел модернизациялау: қазіргі заман және болашағы. «Қазақстан - 2030» Стратегиясының 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары – Алматы: «Қазақ университеті», 2007. – 20–21 бб.
55. 63Елешев Р.Е. Современное состояние производства и применения минеральных удобрений, основные направления агрохимических исследований в мире // О состоянии и тенденциях развития мировой и отечественной науки: нац. докл. по науке / отв. ред. Журинов М.Ж. – Астана; Алматы, 2005. – 480 с.
56. 64М.Д. Исқалиев. Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көқарас: Монография. – Алматы: КазГосИНТИ, 2004. – 299 б.
57. 65«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығы
// http://www.zakon.kz.
58. 1 60!!!!Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
59. 2Е.З.Сулейменов,Н.В.Васильева «Инновационная деятельность в РК»:аналитический обзор.- НЦ НТИ РК-Алматы 2009, С 7-53.
60. 3/4!!! Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва; Прогресс. 1998. – 454 с.
61. 4Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
62. 5Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
63. 6 Соколова М.С. Управление наукой и техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2002 г.
64. 7Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
65. 8Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
66. !!!!9!!Б.А.Алдашов, Е.В.Ткач «Инновационная инфраструктура: понятие,основные элементы и направления развития»//НПЖ «Транзитная экономика» №2-2007,С110-114.
67. !!!10! Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
68. 11 Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.

69. 13Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2005
70. !15!!!!!!!!!Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2005 ж.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тугелбаева М.А

Қ.РҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 050610 – Құқық және экономика негіздері

Алматы 2011

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Для служебного пользования (при необходимости)

Допущена к защите
___________ Заведующей кафедрой ___________ Р.Г. Абдрахимов

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қ.РҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

мамандығы 050610 – Құқық және экономика негіздері

Орындаған:
М.А.Тугелбаева

Ғылыми жетекшісі
Э.ғ.к., доцент,профессор.
М.С.Тулегенова

Нормоконтролер Ф.И.О.

Алматы 2011

ПРИЛОЖЕНИЕ В

ПОРЯДОК НАПИСАНИЯ И РАСПОЛОЖЕНИЯ СПИСКА
ИСПОЛЬЗОВАННЫХ ИСТОЧНИКОВ

Список книг и монографий

Смолянинов В. В. Математические модели биологических тканей.- М.:
Наука,1980.-368 с.
Дрягина И.В., Мурин А.А., Янсиков В.Н. Экспериментальный мутагенез садовых
растений.- Кишинев: Штиинца, 1981. -240 с.

Список периодических изданий

11 Кольтовер В.К. Термические конформационные переходы в
электронпереносящих биологических мембран Биофизика.- 1973.-Т. 18.-
Вып.2., ч.1. - С. 827-833.

Возможно сокращение названий журнала в соответствии с принятыми в каждой
специализации нормами, например: Бюлл. эксп. биол. и мед.; Физиол. журн.
СССР.

Список статей и непериодических изданий

15 Берестовский Т.Н. Электроннооптические эффекты в мембранах В кн.:
Биофизика мембран.- Каунас, 1971. - С.111-155. или. В сб.: Физико-
химические методы изучения, анализа и функционирования биополимеров.- М.,
1996. – С. 10-39.

Список диссертаций и авторефератов

131 Соколов Ю.В. Изучение взаимодействия летосом с плоскими бислойными
фосфолипидными мембранами: Автореф. канд.дис.биол.наук.- Киев, 1982. – 19
с.

Алматы, 2010 г.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инновацияның мәні,түсінігі
1.2 Инновацияның формалары мен түрлері
1.3 Инновациялық дамудың шетелдік тәжірбиесі
2.Қ.РҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы
аясындағы өтпелі шарттары
2.2 Инновациялық дамудың басты басым бағыттары
2.3 Инновациялық дамудың институциялық базасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс
және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге
негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің
дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа
үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр.
Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық
процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде
екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес,
сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да
көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда
инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу
қажеттілігі туындайды. Дипломдық жұмыста ұлттық экономиканы инновациялық
даму жолына бағыттау мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан
қарастыруға талпыныс жасалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң
бәсекелестік күреске төтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы
қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық
даму жолына бағыттау кез келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі,
инновациялық дамудың өзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
көтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты – ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде сапалы экономикалық
өсуге жету.
Қазақстанның қазіргі кезде инновациялық даму жолына бет бұруының өзі
елдің әлемдік қатаң бәсекелік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси,
экологиялық, жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың кез келген саласы жағынан
мықты болу мақсатынан туындауда. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму
болашағын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі – ұлттық бәсекеге
қабілеттілік.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңыздылығын Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан
Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілеттілік ( Қазақстанның әлемдік
экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті, – деп айтқан сөзі де
дәлелдейді [1, 12 б.]. Ендеше, Қазақстан үшін өзінің бәсекелік
арттықшылықтарын үйлесімді пайдалана отырып, тауарлар мен қызмет
көрсетудің, техника мен технологиялардың әлемдік рыногының серпінді
бөлігіне айналуы бүгін де, келешекте де өзекті мәселе болып қала бермек.

Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы туралы қазақстандық ғалымдардың
көзқарастарына тоқталар болсақ, ҚР ҰҒА академигі Я.Ә. Әубәкіровтың
пікірінше, кейінгі жылдары бәсекелестік теориясында жаһандану аясының
кеңеюіне байланысты жаңа аспектілер пайда болды. Егер бұрын экономикалық
әдебиеттерде бәсеке тауар өндірушілер арасындағы қарым-қатынас ретінде
қарастырылса, қазір бәсеке заңдылықтары қоғамдық қатынастар аясында кеңінен
тарап, елдің, ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін толығымен қамтуда
[2, 10 б.].
ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңынан бастап қазақстандық экономика қалыпты
деңгейде өсті. Экономиканың өсуін көптеген экономистер елдің минералды
ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер арқылы, яғни әлемдік рынокта осы
тау-кен, мұнай-газ салаларының өнімдеріне деген бағаның жоғарылауымен
байланыстырады. Бұл, әрине, қазіргі экономикалық даму қағидаттарына біршама
қайшы келеді. Қазақстан ғалымдарының айтуы бойынша: шикізаттық даму моделі
тек Қазақстанның ұлттық мүддесіне ғана емес, әлемдік даму үрдісіне де
сәйкес келмейді. Әлемдік экономикада білімді, инновацияны маңызды
экономикалық ресурс ретінде пайдалану негізінде экономикалық өсудің жаңа
типі қалыптасты [3, 5 б]. Яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың
инновациялық жолына өту кезеңі басталып кетті.
Қазақстанда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бірқатар
іс-шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі. Олардың қатарында 1997 жылы
Елбасының ұсынысымен қабылданған Қазақстан – 2030 ұзақ мерзімді даму
стратегиясы, ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы, сонымен қатар мемлекет басшысының ағымдағы жылдың
мамырындағы Нұр-Отан халықтық демократиялық партиясының 12 съезінде
ұсынған Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі серпінді даму
жоспарының негізгі қағидалары және басқалары бар.
Әлемдік рынокта бәсекелік күреске төтеп беруге нық тұратын өнеркәсібі
дамыған елдерде заман талабына сай технологияларға негізделген және елдің
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі көздері болып табылатын
салаларды, яғни биотехнология, нанотехнология, ядролық және ғарыштық
технологияларды қарқынды дамытуға қомақты қаржы бөліп, үлкен зер салуда.
Себебі инновациялық экономикалық дамуды қамтамасыз ету, шиеленісіп, шешімін
таба алмай жатқан қазіргі экологиялық проблемаларды шешу, күннен күнге
артып келе жатқан әлем халқының қажеттіліктерін келешек ұрпақтың қамын
ойлай отырып қанағаттандыру сияқты мәселелердің байыбына жетуде осы
салалардың маңызы аса зор. Қазақстан үшін де аталған салаларды, сонымен
қатар экономиканың басқа да басым бағыттарын дамыту арқылы индустриалды
дамыған елдердің қатарына қосылу ең өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті
экономика салаларын жаһандану үдерісіне сәйкестендіре дамытуға,
экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік
рынокта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына бағытталған сервистік-
технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау қажет.

Жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектер зерттеу тақырыбының
өзектілігіне ешбір күмән келтірмейді деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инновацияның
мәні, оның қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлі туралы көптеген
көзқарастар және байламдар жеткілікті. Бұл ұғымды сараптау және дәйектеу ХХ
ғасырда орын алған зерттеулерден бастап жүргізіліп келеді. Кез келген
инновациялық түсінік туралы теориялық ізденістер бірқатар эволюциялық
кезеңдерден өтіп, олардың мән-мағынасы тұрақты түрде кеңейе түсуде.
Инновациялық даму мәселелерін зерттеушілердің алғашқы тобына
Й.А. Шумпетер, Н.Д. Кондратьев, Дж. Бернал, С. Кузнец, Г. Менш, Ф. Хайек,
Б. Твисс, Б. Санто, М. Портер және т.б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға
болады.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде инновациялық даму теориясына
үлес қосқан А.Н. Анчишкин, А.Н. Богатырьев, П.А. Андреев,
Г. Крутиков, Р.А. Фатхутдинов, А.В. Барышева, К.В. Балдин, Ю.В. Яковец
сияқты ғалымдардың еңбектері бар.
Я.Ә. Әубәкіров, А.Қ. Қошанов, Д.Қ. Қабдиев, К. Сағадиев,
М.Б. Кенжегузин, С.Н. Нысанбаев, Р.Е. Елемесов, Ф.М. Днішев, Ә.Ә Әбішев,
М.Д. Исқалиев, М.С. Төлегенова, Р.А. Алшанов, Ө.Қ. Шеденов, Е.Б.
Жатқанбаев, Б.А. Кембаев, Ф.Ғ. Әлжанова, А.Н. Тулембаева, Е.З. Сулейменов,
Қ. Берентаев және тағы басқа отандық зерттеуші-ғалымдар да инновациялық
даму туралы зерттеулерге айтарлықтай үлес қосып келеді. Аталған ғалымдардың
тұжырымдамаларына осы диссертацияда жан-жақты талдау, сараптау жүргізілді.
Біздің пікірімізше, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру күн
тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді және ол жан-
жақты, түбегейлі зерттеу мен сараптау жүргізуді тұрақты түрде талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының бағыттары мен
мәселелерін айқындау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгілейді:
– инновация ұғымы мен инновациялық даму туралы заманауи зерттеулерді
сипаттау;
– инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
– инновациялық дамудың институционалдық-ұйымдастырушылық негізін
жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
Ғылыми зерттеу нысаны Қазақстанның ұлттық экономикасы болып табылады.
Ғылыми зерттеудің пәні – Қазақстан экономикасын инновациялық дамыту
үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін инновациялық даму, бәсекеге
қабілеттілік мәселелеріне қатысты экономика ілімдері классиктерінің
еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми-зерттеу
жұмыстары, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары,
оқулықтар, басылымдар құрайды.
Дипломдық нәтижелері мен тұжырымдары жүйелік-қызметтік, тарихи-
логикалық, салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сандық-сапалық
сараптау және басқа да зерттеу әдістеріне негізделеді.
Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан – 2030 даму Стратегиясы,
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан халқына
Жолдаулары, ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға
арналған даму стратегиясы, ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және
дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасының Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігінің Қазақстан Республикасы экономикасын
әртараптандыру туралы есебі, Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге
қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің
2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы, басқа да құқықтық-нормативтік
актілер, арнайы веб-сайттар, Ұлттық статистика агенттігінің ресми
мәліметтері құрайды.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы ұсынылған негізгі тұжырымдардың
ұлттық экономиканы инновациялық жолмен дамыту арқылы бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мәселелерін әрі қарай зерттеуге ықпал етуі
мүмкіндігінде болса керек.
Дипломдық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік қорытындылары мен байламдары
экономика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосады және тақырыпқа ұқсас
зерттеулер жүргізу барысында қолданбалы деңгейдегі әдістемелік негіз
ретінде қолдануға ұсынылады.
Инновациялық даму үдерісінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға игі
әсерін жүзеге асыру мақсатындағы ұзақ және қысқа мерзімді тұжырымдамаларды,
нұсқаулықтарды, сонымен бірге инновациялық даму басымдықтарын айқындау
кезінде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың
жалпы көлемі 71 беттен, оның ішінде 17 кесте, 21 сурет берілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 93 мәліметтер атауын қамтиды.

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Инновацияның мәні,түсінігі

1.1 Инновация теориясының мәндік ерекшеліктері мен даму эволюциясы

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте инновация
формасында көрінеді. Инновация ұғымы алғашында белгілі бір мәдениеттің
жекелеген элементтерін екіншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық
салт-дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастыру әдістерін дәстүрлі қоғамдарға
енгізу түрінде көрініс тапқан еді. Инновация түсінігі ағылшынның
іnnovation сөзінен аударғанда жаңалық енгізу ұғымын білдіреді. Ал
жаңалық деп жаңа тәртіпті, жаңа әдісті, жаңа өнім мен технологияны, жаңа
құбылысты айтамыз. Инновациялар тек техникалар мен технологияларға ғана
емес, сонымен бірге басқаруды және өндірісті ұйымдастырудың формаларына да
қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып,
өндірістің тиімділігін арттыру мен өндіргіш күштерді дамытуда сапалық саты
болып табылады.
Инновация туралы тәжірибе мыңдаған жылдарды қамтығанымен де, әлеуметтік
ғылыми ілім ретінде қарастырылуы тек XX ғасырдан басталды. Инновация
теориясының іргелі негіздерінің қалыптасуы өткен ғасырдың 10–40 жылдарын
қамтиды. Осы аралықта инновация теориясының қалыптасуына күш салған
ойшылдар қатарында Н.Д. Кондратьев, Й. Шумпетер, С. Кузнец,
Г. Менш және басқа да ғалымдарды атауға болады.
Н.Д. Кондратьевтің және Й. Шумпетердің еңбектерінде инновация
теориясының негізі қаланған. Бұл ғалымдар осы терминнің бастапқы
анықтамаларын айқындап, инновация проблемасына бастау берген. Олардың
еңбектеріне кейінгі инновация теориясын зерттеушілердің көбісі сүйенген
еді.
Н.Д. Кондратьевтің инновация теориясын қалыптастыруда еңбегі аса зор.
XX ғасырдың бас кезінде Н.Д. Кондратьев капитализм кезіндегі ұзын толқындар
туралы үлкен пікір сайыс жүргізді. Кондратьевтің әрбір ұзын толқыны бір
мезетте ғылыми-техникалық дамудың барлық көрсеткіштерін, яғни идеяның пайда
болуын, кәсіпкерлік белсенділікті, мамандардың біліктілігін арттыруды
қамтитын төрт фазадан тұрады.
Кондратьевтің зерттеулері 100–150 жылды қамтитын ұзақ мерзімді
экономикалық көрсеткіштерге (баға индексі, мемлекеттік бағалы қағаздар,
еңбек ақы, сыртқы сауда көрсеткіштері, көмір, алтын өндіру, т.б.)
эмпирикалық талдау жүргізуге негізделген. Осы талдаудың нәтижесінде ол ұзақ
мерзімді толқындар циклының өспелі және кемімелі фазаларына әсер беретін
заңдылықтарды анықтаған. Ұзын толқындар циклының өспелі фазасына ғылыми-
техникалық өнертабыстар мен жаңалықтар әсер ететінін дәлелдеген. Бірінші
толқынға тоқыма өнеркәсібі, шойын өндірісі, бу машинасының пайда болуы,
қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағдайларының өзгеруі сияқты
жаңалықтар әсер берсе, екінші толқынға – жаңа аумақтарды игеруге және ауыл
шаруашылығын жаңартуға мүмкіндік берген теміржол құрылысы және теміржол
көлігі мен металлургия саласының дамуы, үшінші толқынға – электр қуатының,
радио мен телефонның кең ауқымда енгізілуі, химия және автомобиль
өнеркәсібінің дамуы әсер еткен. Ал төртінші толқынның технологиялық
базасына электроника, мұнай химия, ұшқыштар жасау өнеркәсібі жатқызылды.
Инновация терминін алғаш рет экономикалық ұғым ретінде ғылыми
айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер
енгізіп, өзінің Экономикалық даму теориясы (1912 жыл) және Капитализм,
социализм және демократия (1942 жыл) атты еңбектерінде қарастырған
болатын. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиканың нормасы мен экономикалық
теорияның негізгі ақиқаты ретінде тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-
новатор қызметінің нәтижесінде туындайтын динамикалық теңсіздік
болатындығын дәлелдеп, соны қарастыру барысында дәстүрлі экономикадан бас
тартады. Содан бері инновация термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде
жалпыға бірдей ұғым ретінде қалыптасқан болатын. Техникалық инновациялардың
заңдылықтары экономикалық құбылыс ретінде тек ХХ ғасырдан бастап зерттелді.
Себебі, біріншіден, өнеркәсіптік революция кезеңінде енгізілген
өнертабыстар өздерінің техникалық құндылықтарын жоғалтты, екіншіден,
бәсекелестік күрестің жандануы жаңа тауарлар мен қызметтер түрлерін талап
етті.
Шумпетер инновацияны өнертабыс – жаңалық енгізу – диффузия үдерісінің
бір бөлігі және өндіріс факторларының жаңа комбинациясы ретінде
қарастырған, ал мұның өзі қолда бар өндіріс факторлары мен өндіргіш
күштердің бірігуін көрсетеді, яғни кәсіпкердің инновациялық қызметі болып
саналады. Ол жаңа комбинацияның негізгі түрлеріне төмендегілерді
жатқызды:
жаңа игіліктер өндірісі;
игіліктер өндірісін коммерциялық пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;
өткізудің жаңа рыногын игеру;
жаңа шикізат көздерін ашу және қолдану;
салалық құрылымды өзгерту (монополия құру немесе жою) [4, 159 б.].
Шумпетердің пайымдауынша, жаңа комбинацияларды жүзеге асыру үшін және
жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыру үшін жаңашыл,
новатор – кәсіпкердің жігерлілігі, шығармашылық қабілеті қажет. Себебі,
кәсіпкер – өнертапқыш емес, ол – жаңашыл-новатор.
Өнертабыс – бұл жаңа үдеріс немесе жаңа өнім туралы идея, ол
инновациялық үдеріс түпкі фазасына дейін жүзеге асырылған жағдайда, яғни
инновация өндіріске енгізіліп, сауда сферасына түскен кезде ғана инновация
болып табылады. Өнертабыс пен новаторлықтың бір-бірімен өзара әрекеттесуі
негізінде инновацияны енгізу келесі бір өнертабыстың туындауына түрткі
болады, яғни, әрбір инновация өз циклына қарама-қарсы келіп, өзін жоққа
шығарады, келесі инновация үшін алғышарттар жасайды, яғни жаңа техниканы,
технологияны, білімді, ғылымды және басқаруды қажетсінеді. Сондықтан
инновациялық даму бұралым тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір
кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.
Шумпетердің пікірінше инновацияны енгізу ол – жаңа өнімді немесе
үдерісті алғашқы коммерциялық енгізу, ал инновация диффузиясы – осы
инновацияны әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы
тарату үдерісі.
Cонымен қатар, Шумпетер инновацияны пайданың негізгі көзі ретінде
қарастырады, яғни пайда жаңа комбинацияларды атқару нәтижесінде туындап,
кәсіпкерлердің жаңа инновацияларды өндіріске енгізуін ынталандырады.
Шумпетер бойынша пайданың көзі тек бағаны өзгертуде немесе шығындарды
үнемдеуде ғана емес, сонымен бірге шығаратын өнімдерді түбегейлі өзгертуде
болса керек, яғни: ...дамусыз пайда, пайдасыз даму болмайды [4, 160 б.].
Сонымен, инновациялар – қоғамдық прогрестің ірі қозғаушысы, ал
инновациялық пайданы немесе инновациялық рентаны иелену және пайдалану –
осы прогрестің негізгі ынталандырушы күші болып табылады.
Айта кету керек, Шумпетер теориясындағы инновациялық даму циклдық
сипатқа ие, ал оның кезеңдері ұзақ мерзімді аралықты қамтиды және онда
үнемі тоқырау, құлдырау үдерістері орын алып отырады. Ол өзінің кейінгі
еңбектерінде ұзақ мерзімді толқындарды техникалық өзгерістермен
байланыстырып, инновациялық жиынтық жасап, үлкен үш толқынды – бу
машинасын (1790–1842), темір жолды (1843–1897), электр қуаты мен
автокөлікті (1898–1949) пайдалану мен оның кең таралуын байланыстыра
зерттеген болатын.
ХХ ғасырдың 40-70 жылдары көптеген зерттеу еңбектері ҒТП-ның даму
заңдылықтарына, яғни жаңалықты өндіріске енгізу емес, тек жасау үдерісіне
бағытталған. Бұл біріншіден, жалпы қоғам үшін инновацияның, ҒТП-дың
маңыздылығының артуымен, екіншіден, ғылым мен өндіріс арасындағы тікелей
байланыстың жоқтығымен байланысты. Бұл кезеңде айтарлықтай іргелі
жаңалықтар туындамады. Себебі, осы аралықта екінші дүниежүзілік соғыстың
көптеген ауыртпашылықтар әкелгені белгілі. Осы уақыт аралығында ғылыми күш-
жігер әскери зерттеулерге, қару-жарақ жасауға жұмсалды.
Осы кезеңдегі инновация теориясының дамуындағы ерекшелік ретінде
инновация мен экономикалық өсу арасындағы өзара байланысқа көп көңіл
бөлінуін айтуға болады. Осы мәселеге әйгілі американдық экономист-статистик
– С. Кузнец өзінің нобельдік дәрісін арнаған. Бұл дәрісте Й. Шумпетер мен
Дж. Берналдың идеяларын әрі қарай дамытатын, инновация теориясындағы
бірқатар жаңа көзқарастар ұсынылған. Дж. Бернал инновация теориясының
дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы. Оның әйгілі Қоғам тарихындағы
ғылым атты монографиясында қоғамның даму тарихының барлық кезеңдеріндегі
ғылыми, техникалық және әлеуметтік жаңалықтар енгізу арасындағы байланыстар
көрсетілген. Оның пікірі бойынша, ғылымның өркендеу кезеңі – экономикалық
белсенділік пен техникалық прогрестің нығаю кезеңімен сәйкес келеді [5, 30
б.].
С. Кузнецтің ұсынған көзқарастары:
– біріншіден, дәуірлік инновациялар ұғымын енгізу. Ол дәуірлік
инновациялар ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Нобель
сыйлығының лауреаты болатын. Ол бұл терминнің мағынасын келесідей
түсіндіреді: Адам білімінің дамуындағы, ұзақ мерзімді экономикалық
өсудің басты көзі болған және әлемге таралған негізгі серпілістерді
дәуірлік инновациялар деуге болады [6, 105 б.];
– екіншіден, индустриалды кезеңдегі экономикалық өсу қарқынын жеделдету
дәуірлік инновацияларға байланысты. Экономикалық өсудің негізгі көзі –
ғылымды қарқынды дамыту. Қазіргі экономикалық өсудің мәнін ашатын
технологиялық жаңалықтарды жаппай қолдану кезекті техникалық прогрестің
негізін қалайтын ғылыми прогреспен тығыз байланысты.
Жаңалықтарды пайдалану ұзақ мерзімді уақыт аралығын қамтитын және көп
мөлшерде капитал салымын қажет ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер
үшін тек қосымша экономикалық ресурс болып қана қоймай, тиімді жаңа
құралдар жасауға және өндірістің әсерінен туындайтын табиғаттағы өзгерістер
жөнінде қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді [6, 110 б.];
– үшіншіден, технологиялық жаңалықтар қоғамның басқа салаларындағы
жаңалықтармен тығыз байланысты: Қазіргі экономикалық өсуге тән сипат
технологиялық жаңалықтардың және олармен қатар жүретін әлеуметтік
жаңалықтардың үнемі пайда болуы экономика мен қоғамның құрылымына әсер
етуші негізгі факторлар болып табылады, олар құқық саласында,
институционалдық құрылымдарда, тіпті идеологияда да жаңашылдық
өзгерістерге әкеледі [6, 113 б.].
С. Кузнец Шумпетер теориясын сынға ала отырып, оның теориясында
түсіндірілмей қалған инновациялық дамуға қатысты бірнеше іргелі
проблемаларды зерттеген еді. Біріншіден, ұзақ мерзімді толқындар қалыптасуы
үшін макроэкономикалық ауытқулар туғызатын инновациялар өте маңызды болуы
керек немесе олардың көп мөлшерде шоғырлануы белгілі бір шектеулі уақыт
аралығын қамтуы тиіс. Кішігірім инновациялар саны жүйелі түрде көп
болғанымен, олардың ішінде экономикалық жүйенің тұрақсыздығына аса жоғары
деңгейде әсер ететін инновациялар аз. Екіншіден, Шумпетер теориясы маңызды
инновациялар әсерінің не себепті бірнеше ондаған жылдарға созылатындығына
және оны неге одан да қысқа мерзім аралығында қарастыруға болмайтындығына
жауап таппады. Үшіншіден, Шумпетер үнемі қайталанып отыратын тоқырау
кезеңдеріне және маңызды жаңалықтар пайда болуының біркелкі еместігіне
сенімді түсініктеме бере алмады [7, 41 б].
Шумпетердің шеше алмаған проблемаларын неміс экономисі Герхард Менш
шешуге күш салды. Ол барлық жаңалықтарды базистік (олар өнеркәсіптің жаңа
салалары мен мамандықтың жаңа түрлерін қалыптастырады) және жақсартушы
(қалыптасқан өнеркәсіп салаларындағы техникалық жетілдірулер) деп екіге
бөлді. Жақсартушы жаңалықтар базистік жаңалықтар арқылы қол жеткен жаңа
мүмкіндіктерді тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатынында пайда болады.
Менштің сипаттауы бойынша, базистік жаңалықтар біркелкі енгізілмейді,
олардың көп бөлігі ұзақ мерзімді толқынның тоқырау фазасында шоғырланады.
Ал келесі фазаларда базистік жаңалықтар таралғаннан кейін жетілдіруші
жаңалықтардың кезегі басталады және ол құлдырау фазасында жалған жаңалықтар
енгізумен аяқталады.
Осы фазада ҒТП-ның дәстүрлі бағыттары өздерінің құндылықтарын
жоғалтады, оған қажеттіліктердің толық қанағаттандырылуы, жаңа
технологиялық мүмкіншіліктердің белгісіздігі себеп болады, ал бәсеңдеп келе
жатқан тұтыну сұранысын жалған жаңалықтар арқылы белгілі бір деңгейде ғана
ұстап тұрады. Менштің айтуы бойынша жалған жаңалық – бұл өнімнің сыртқы
пішінін сәл ғана өзгертіп, жаңа өнім ретінде ұсыну. Тоқырау фазасында
базистік жаңалықтарды енгізу ең тиімді, пайдалы инвестиция жұмсаудың бірден-
бір мүмкіншілігі және тоқырау фазасынан шығудағы бірден-бір жол.
Инновация теориясының дамуында ХХ ғасырдың көрнекті экономисі Фредерих
фон Хайектің идеялары өте маңызды. Ол экономикалық дамуға тән, яғни
инновациялық үдерістің негізі болып табылатын ерекшеліктерге – ақпараттың
айқынсыздығы, шектеулілігі, білімнің жетілмегендігі туралы мәселелерге
талдау жасаған ғалым [8, 34 б.].
Хайектің пайымдауынша, интеллектуалды немесе ақпараттық күш-қуатты
неғұрлым жоғары пайда алу мақсатында қолданудың бірден-бір мүмкіндігі –
рынок болып табылады. Хайек бойынша, рыноктық ақпараттың айқынсыздығы
болашаққа жол ашатын алаң, бұл алаңдағы бәсеке – тұтынушылар
талғамдарының өзгерісіне сәйкес олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың
жаңа құралдарын, әдістерін, жолдарын іздеп табу [9, 7 б.].
Технологиялық жаңалықтарды зерттеуде Б. Твисс зерттеулеріне де тоқталып
өткенді жөн көрдік. Оның пікірі бойынша, жаңа технологиялар экономикалық
өсудің қарқындылығын қамтамасыз ететін жаңа салалардың негізін қалайды.
Олай болса, ғылыми-техникалық жаңалықтардың-экономикалық өсудің көзі
ретінде маңыздылығы үнемі артып отырады
[10, 25 б.]. Сонымен қатар оның еңбегінде инновацияның қоғам дамуындағы
ерекше рөлі сипатталған: Ғылымды, техниканы, экономиканы, кәсіпкерлікті,
басқаруды біріктіретін бірден-бір үдеріс – ғылыми-техникалық жаңалықтар
үдерісі. Онда компетентті басқарушы, тиімді қызмет ететін ғалым, ақылды
шенеунік және қоғамның білімді мүшесі қажет ететін білім бар [10, 30 б.].
ХХ ғасырдың 70–90 жылдары әлемдік экономикада монополизациялану мен
жаһандану үрдістерінің күшеюіне байланысты көптеген ірі компаниялар,
фирмалар бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің көзі ғылыми әзірлемелерде
екеніне көз жеткізе бастады. Сол себепті зерттеуші ұйымдар мен өнеркәсіптік
компаниялар арасында байланыстар тұрақтана бастап, корпорациялардың ішкі
құрылымдарында қолданбалы ұсыныстармен айналысатын зерттеу бөлімдері көптеп
құрыла бастады. Осы мезетте жеке капитал инновация рыногында белсенді
субъекті болып, ғылымды қаржыландыру бірте-бірте арта түседі.
Инновация негізі болып табылатын жаңа салалар мен жаңа кәсіпорындар
пайда болды. Ол кәсіпорынның қызмет етуі барысында инновация рөлінің сапалы
түрде өзгеруінің дәлелі. Инновация теориясында бұл кезең инновациялық
менеджменттің қалыптасуымен сипатталады.
Ғылымның, техниканың, экономиканың дамуындағы іргелі зерттеулерді Ресей
академигі А.И. Анчишкиннің КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығына ие болған Ғылым-
техника-экономика атты еңбегінен де көруге болады. Ол ғылыми-техникалық
прогрестің тарихында базистік инновациялардың кластерлерін құраған үш
негізгі дәуірлік төңкерісті атап көрсеткен. Олар:
ХVІІ ғ. аяғы–ХІХ ғ. бас кезіндегі алғашқы өнеркәсіптік төңкеріс; ХІХғ. соңы-
ХХ ғ. бас кезіндегі екінші өнеркәсіптік төңкеріс; ХХғ. орта шенінен
басталған үшінші өнерәсіптік төңкеріс. А.И. Анчишкиннің айтуы бойынша, ХХғ.
80 жылдары ҒТР-дың екінші толқынының белгілері көрініс таба бастады.
Олардың негізгі белгілері – өндіріс технологиясын электроника,
биотехнология, күрделі техникалық жүйелерді автоматтандыру, ақпараттық
жарылыс, ғылыми білімдерді материалдандырудың ұлғаймалы ұдайы өндірістің
басты көзіне айналуы негізінде түбегейлі өзгеруі болып табылады [11].
Инновация теориясындағы жаңа толқынды ХХғ. 70–80 жылдары әлемдік
экономикадағы терең энергетикалық дағдарыспен байланысты деуге де болады.
Осы кезеңде энергетикалық дағдарысқа төтеп беру үшін бесінші технологиялық
укладтың негізін қалайтын базистік инновацияларға деген қажеттілік
туындады. Осы аралықта бесінші ТУ-дың қалыптасуы кезінде экономикалық өсу
қарқыны салыстырмалы түрде арта бастады. Нәтижесінде әлемнің ЖІӨ көлемі 15
жыл ішінде бірден 63%-ға көтерілген [12, 34 б.].
Бүгінгі таңда экономикалық дамудың тиімділігін анықтайтын өлшемдер
туралы әлемдік экономика да өзгерістерге ұшырауда, яғни экономикалық өсудің
негізгі факторы өндірісті интеллектуалдандыру болса, негізгі өлшемдерінің
бірі – адам капиталын қалыптастырып, жетілдіруге ұмтылыс жасау болып
табылады.
Венгерлік ғалым Б. Санто өзінің еңбегінде инновацияны қоғамдық-
техникалық-экономикалық үдеріс ретінде қарастырады, яғни идеяларды,
өнертабыстарды тәжірибеде пайдалану арқылы сапалы ерекше заттар,
технологиялар жасап, оны рынокқа шығару арқылы қосымша табыс алуға болады.
Б. Сантоның пікірінше, инновация − зерттеулер мен әзірлемелерден бастап,
рынокқа маркетингтік зерттеулер жүргізуді толық қамтитын барлық қызмет
аясында іске асырылады [13].
Инновация мәселесін зерттеуде ТМД елдерінің зерттеуші ғалымдарының да
еңбектері зор.
Мәселен, А.Н. Богатырев пен П.А. Андреевтің зерттеулері бойынша:
Инновация – бұл экономикалық әсер алу мен коммерциялық пайдалануға дейін
жеткізілген идеяларды, жаңалықтарды және техникалық өнертабысты жүзеге
асыру кезінде орын алатын үдеріс немесе қызмет [14].
Профессор Р.А. Фатхутдинов инновация мен жаңашылдық ұғымдарын
жекелеп қарастырады, яғни жаңашылдық – бұл іргелі, қолданбалы
зерттеулердің, әзірлемелер мен тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі. Олар:
жаңалықтар, өнертабыстар, патенттер, өнертапқыштық ұсыныстар. Ал инновация
– жаңашылдықты басқару нысанын өзгерту және ғылыми-техникалық, экологиялық
әсер алу мақсатында енгізудің түпкі нәтижесі
[15, 15 б.].
Профессор А. В. Барышева, К.В. Балдин, С.Н. Галдицкая, М.М. Ищенко,
И.И. Передеряев өздерінің Инновациялар атты еңбектерінде инновация
адамның әрекет ету саласын жаңарту, жетілдіру арқылы аламасуына әкелетін
қызмет нәтижесі деп түсіндіреді. Инновацияның өндіріс саласына әсері
ұсынылатын тұтынушылық мүмкіндіктердің толығымен жойылған кезінде аяқталады
[16, 29 б.]. Яғни жоғарыда аталған авторлар инновацияның рыноктық
аспектісіне көңіл бөліп, оның өндіріс саласында пайда әкелуіне негізделеді.

Қазақстандық ғалымдардың инновация туралы зерттеулерінде де бір қатар
маңызды тұжырымдамалар бар. Мысалы, Ф.М. Днішев инновацияның мәнін былайша
түсіндіреді: ...адам ақыл-ойының жетістіктерін (жаңа идеяларды,
өнертабысты, жаңалықтарды, т.б.), жаңа құралдар немесе жаңа еңбек өнімдерін
жасау нәтижелерін, тиімді технологияларды, энергия көздерін пайдаланудың,
халықаралық бірлестіктердің қаржы және сауда формаларын, еңбекті
ұйымдастыру формаларын жақсартудың тиімділіктерін арттыру үшін қолдану [3,
54 б.].
Ф.Ғ. Әлжанованың пікірі бойынша, инновацияның жаңалықты деңгейін
рыноктық және ғылыми-техникалық тұрғыдан қарастыруға болады. Осы екі
аспекті бір-бірімен тығыз байланысты және олар бір инновацияның бойында
болуы мүмкін. Бірақ инновацияның экономикалық табиғаты рыноктық жаңалықтың
ғылыми-техникалық жаңалыққа қарағанда басымдылығының жоғары екенін
көрсетеді, себебі тұтынушыны ғылыми-техникалық идеяның бірегейлігі емес,
оның пайдалы әсері, тиімділігі тартады. Ғылыми-техникалық аспекті инновация
жаңа өнімге сіңіп, оған рыноктық сұраныс болған жағдайда ғана экономикалық
фактор болып табылады [3, 57 б].
Қазіргі экономикалық жаһандану жағдайында инновация ұғымын
1992 жылы Норвегияның астанасы – Ослода қабылданған халықаралық
стандарттарға (Ғылым және инновация статистикасындағы халықаралық
стандарттар, яғни Осло басқармасы) сәйкес сипаттауға болады. Бұл
стандарттар технологиялық инновацияларға қатысты жасалған, яғни олар жаңа
өнім мен жаңа үдерісті және олардың маңызды технологиялық өзгерістерін
сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес инновация – тәжірибелік
қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс
түрінде және рынокқа шығарылған жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде
көрінетін инновациялық қызметтің түпкі нәтижесі.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңында инновация – бұл
өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық
тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып
табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-
техникалық қызметтің нәтижесі деген ұғым берілген [17].
Жоғарыда инновация теориясының дамуына үлкен үлес қосқан зерттеуші-
ғалымдардың, яғни шетелдік экономистердің, ТМД елдері мен отандық
зерттеушілердің пікірлерін қарастыра келе қысқаша қорытындыға келдік.
Инновация ұғымын зерттеу барысында ғалымдар сан алуан пікірлер ұсынды.
Көптеген зерттеуші ғалымдардың пайымдауларынша инновация бұрын-соңды
болмаған жаңа өнім, жаңа қызмет, ғылыми жетістіктер өнімі немесе
жетілдірілген өнімді жүзеге асыратын инновациялық қызметтің нәтижесі.
Бірақ, инновацияның экономикалық мәнін зерттеуде бірқатар қайшылықтар туын-
дайды. Мәселен, соның бірі – әлемде теңдесі жоқ жаңа өнім бола тұра,
қоршаған орта мен адам өміріне қаупі болса, оны инновацияға жатқызуға бола
ма?
Біздің пайымдауымызша, кез келген жаңа өнімді немесе қызметті, жаңа
технология мен техниканы инновация деп қарастыру үшін қазіргі таңда оның
тек рыноктық аспектісіне ғана емес, сапалы экономикалық дамуды,
экологиялық, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мүмкіндігі жағынан қарастыру керек. Себебі әлемдік экономика дамуының жаңа
сатысында ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір
сара жолы инновациялық даму бағыты болып табылады.
Қазақстандық ғалымдардың пікірінше бәсекелік-жаһандық рыноктық қаты-
настарға тән заңдылық, қозғаушы күш – ол әлі күнге дейін пайданы максимал-
дауға деген ұмтылыс [2, 11 б.].

1991 жылғы Әлемдік банктің Әлемнің дамуы туралы баяндамасында: Даму
мақсаты... өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Өмір сүру сапасын
жақсарту, әсіресе кедей елдерде, ең алдымен табысты өсіру. Ол өз қатарына
жақсы білім алуды, тамақтануды, денсаулық сақтауды, кедейлік ауқымын
төмендетуді, қоршаған ортаны сауықтыруды, мүмкіншіліктерді теңестіруді,
жеке басының еркіндігінің кеңеюін және мәдени өмірге қанық өмір сүруді
қосады, – делінген [19, 30 б.].
Ал американдық ғалым, профессор Дадли Сиирс даму мәнін қысқаша ғана
сипаттайды: Елдің дамып келе жатқандығын анықтау үшін алдымен келесідей
сұрақтарға жауап алу қажет: елдегі кедейшілік қандай деңгейде? Жұмыссыздық
деңгейі қалай өзгерді? Теңсіздік қаншалықты дәрежеде? Егер осы үш көрсеткіш
алдыңғы деңгейімен салыстырғанда белгілі бір дәрежеде қысқартылса, онда
мемлекет даму кезеңінде. Егер бірінші немесе екінші, тіпті үшінші
көрсеткіштің жағдайы нашарлап кетсе, онда халықтың жан басына шаққандағы
табысы екі есе өссе де, даму туралы сөз қозғаудың өзі күмәнді [19, 30 б.].

Жоғарыда қарастырғандай, байлықтың болуы ол сапалы өмір сүрудің кепілі
деген емес. Байлық адам дамуының негізгі аспектілеріне, яғни ұзақ әрі
салауатты ғұмыр кешу, білім алу, жақсы өмір сүру үшін әртүрлі ресурстарға
қол жеткізу және т.б. үшін алғышарттар жасауы мүмкін. Ал байлықты ең
төменгі экономикалық шығындар жұмсау арқылы жасау адамдардың өмір сүруінің
сапасын жақсартудың шарты болып табылады. [20, 24 б.]. Сондықтан да сапалы
экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін инновациялық даму жолына түсу бірден-
бір ұтымды үрдіс болып тұр.
Инновациялық даму теориясына зерттеу жүргізген Ресей экономистерінің
бірі – И.Б. Гурков. Ол зерттеу жүргізу барысында инновациялық даму моделін
ұсынды (2-сурет) [21, 24 б.].

2-сурет – Инновациялық даму моделі

И.Б. Гурков 2-суретте көрсетілген инновациялық дамудың негізгі ұғымдары
арасындағы тұрақты байланыстың бар екендігін дәлелдеді. Өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және оның
экономикалық жағдайын көтереді. Ол өз кезегінде инновациялық даму
деңгейінің өсуіне әкеліп, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге
көтереді.
Демек, біздің ойымызша, өзара тізбекті байланыс бір-біріне
мультипликаторлық әсер беріп, кәсіпорынның жалпы экономикалық жағдайын
жақсартады. Сонымен бірге, бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін де
пайдалынылатын шикізатпен жабдықтаушы кәсіпорынға да талаптар жоғарылайды.
Себебі, бәсекеге төзімді өнім шығару үшін де сапалы өңделген шикізат қажет.

Қазақстандық профессор Н.С. Бұқтұқовтың қарастыруынша, инновациялық
даму бұл – ғылыми сыйымды өндіріс есебінен даму. Жаңа заманның ғылыми
сыйымды өнімі, біріншіден, өнімнің өзіндік құнындағы интеллектуалды
бөлігінің осы өнімді жасауға кеткен шығындар мен қызметтер құнынан басым
болуы, екіншіден, ғылыми сыйымды өнімнің техникалық-экономикалық
көрсеткіштері осыған ұқсас өнімдермен салыстырғанда бірнеше пайызға ғана
емес, одан еселеп жоғары болуы. Басқаша айтқанда, басымды және алдыңғы
қатарлы технологиялардың пайдаланылуы. Ендеше, жаһандану үдерісіндегі
орнықты даму – бұл инновациялық даму [22, 3 б.].
Соңғы кездері инновациялық даму туралы көптеген макро және
микродеңгейдегі модельдер де қарастырылуда. Соның бірі американдық ғалым Ф.
Янсеннің Инновация дәуірі атты еңбегінде зерттеген ТАМО моделі. Ол
модельде инновациялық траектория келесідей тізбекпен сипатталған:
Т (жаңа технологиялар) → А (тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлері) → М
(жаңа рыноктың қалыптасуы) → О (жаңа ұйымдастырушылық нысандарды енгізу).
Ф. Янсен өсу стратегиясын инновациялық даму барысында пайда болатын
үдерістердің, яғни өзара ықпалдасатын байламдардың қалыптасуымен
байланыстырады. Мысалы, рынок үлесінің артуы байламы → ауқым арқылы
үнемдеу → шығындарды төмендету → компаниялардың құнының артуы. Өзара
ықпалдасатын байламдар құнды жасау мен басқа да мүдделі тұлғаларды
жақындастырады. Ол тізбектің құрамына: инновацияны енгізу → сату көлемін
арттыру → акционерлер табысын арттыру → пайыздық қойылымды төмендету →
инновациялық жобаларға инвестицияны өсіру → тағы да сату көлемін арттыру
жатады [23, 9 б].
Ресей экономистері Ф. Янсеннің ТАМО моделіне тағы бір элементті
-әлеуметтік инновацияларды қосып, ТАМОS моделін ұсынды (3-сурет)
[21, 25 б.].

3-сурет – ТАМОS моделі
Қазіргі жағдайда әлеуметтік инновациялардың маңыздылығы аса зор,
себебі, ол – халықтың әл-ауқатын жақсартудағы жиынтық сұранысты арттырудың
маңызды алғышартының бірі. Ал, мұның өзі кез келген инновацияны жасап,
өндіріске енгізудегі түпкі мақсат екендігі белгілі. Осы тектес тұжырымды
қазақстандық ғалым, профессор Ә.Ә. Әбішевтың зерттеулерінен де байқауға
болады. Оның пікірінше, жоғары технологиялық, индустриалық-рыноктық қоғамды
қалыптастыру үшін индустиализация да, модернизация да қажет және бұл
бірлікті бұзуға мүлдем болмайды. Олар бір-бірімен қатар жүріп, бірін-бірі
толықтырады. Себебі кез келген технологиялық қатынастар өндіргіш және
тұтынушылық күштердің диалектикалық бірлігі [24].
КСРО кезінде индустриализациялау үдерісіне көптеген мемлекеттік
ресурстар жұмсалғанымен де, экономика мен қоғамды модернизациялаудың тиісті
қадамдарымен бекімеді. Нақтырақ айтқанда, өндірісті дамыту мен өндіргіш
күштерді қалыптастыру рыноктық тұтыну мен қоғамның тұтынушылық күштерін
ынталандыру шараларымен бірлікте жүзеге асырылмады. Яғни халықтың тұтыну
қабілеті төмен болды, олар жарқын болашақ үшін еңбек етуде бар күштерін
салғанымен, соған сәйкес өмір сүру сапасы тиісті дәрежеде жақсы болды деп
айта алмаймыз. Осы жерде Джон Мейнард Кейнстің 20 ғасырдың 30-жылдары
әлемде орын алған Ұлы тоқыраудан шығу механизмдерінің бірі ретінде
ұсынған тиімді сұраныс моделін ескере отырып, өндірісті қазіргі заманғы
технологиялармен жабдықтап, индустриалық қоғамнан постиндустриалық қоғамға
өту мақсатын алға қояр болсақ, тек қана өндіргіш күштерді бір жақты
дамытуға ғана емес, тұтынушылық қабілеті жоғары қоғамды қалыптастыруға да
көңіл бөлген жөн. Мұны Елбасының Қазақстанды экономикалық және әлеуметтік
модернизациялауға бағыттауынан, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуда
көшбасшы болуына ұмтылыс жасауынан да көруге болды.
Профессор Ә.Ә. Әбішевтың пайымдауынша, Қазақстанда жүзеге асырылып
жатқан индустриалық-инновациялық даму стратегиясы мен қарқынды
модернизациялау бағыты елді дамытудағы екі жеке бағыт та, міндет те емес.
Олар түп негізінде бірін-бірі алға тартатын, бірегей даму бағыттары [24].
Әлемдік экономика дамуының жаңа сатысында ұлттық экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір сара жолы инновациялық даму
бағыты болып табылады. Ал, инновациялық дамудың негізгі мақсаты – жаһандану
үдерісі аясында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту,
әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу арқылы халықтың
өмір сүру деңгейін жақсарту. Ендеше, инновациялық даму – бұл рынокта
адамның өмір сүру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар мен
қызметтер ұсынысының артуы. Нақтырақ айтқанда, инновациялық даму – ұлттық
бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде қоғамның өмір сүру сапасын
жақсартуға жағдай жасайтын даму.

2. Инновацияның формалары мен түрлері

Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен
технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл
бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде
болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға
жатқызамыз. Ал технологиялық инновация- жаңа немесе жақсартылған
тауарлар мен техникалық процестерді əзірлеу мен енгізу болып
табылады.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі
мүлдем əртүрлі ұғым. Жаңалық- бұл тек идея немесе жаңа
технологиялық процесс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа
жетпегенше инновация болмайды.Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің
тек 6-8%-ы жаңа тауарға немесе процеске айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік
жəне
процестік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз-
жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа
өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген
өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады.Ал процестік
инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін
қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу
жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты,
өндірістік процесті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың
жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін
пайдалануда негізделуі мүмкін. Əдетте мұндай инновациялар өндірістің
тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға
бағытталған, бірақ сондай-ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана
отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе
жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін.
Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды:
өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық өзгерістер; оның
конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа
өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін
елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай-ақ оған
енетін материалдар мен компоненттер. Сонымен қатар инновациялар
өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына байланысты:
салааралық, салаішілік, кəсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді.
Салааралық ішіндегі инновация- екі немесе одан да көп сала
арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация.

Салаішілік инновация- белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық.
Кəсіпорын ішіндегі инновация- кəсіпорын ішіндегі инновациялық
жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.
Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын
көрсетеді:
1) Базистік инновациялар.Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын
болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді.Олар
күрделі ғылыми зерттеулерді жəне аса ірі сомадағы капитал
салымдарын
қажет етеді.
2) Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар
мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге
бағытталған.

3) Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден өткен
жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен

қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4) Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың
немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [6].
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бəсекелестік болып
табылады.Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дəрежеде
технологялық өзгерістерге ұшыраған өнім.Ол мына бұйымдарды қамтиды:
1)жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік инновация;
2) жетілдірілген бұйымдар;
3)жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде құрылған
бұйымдар- өзге де инновациялық өнімдер [1].
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің өмірге келу процесін 7
элементке жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді жарнамалау.
6. Сату процесін ұйымдастыру.
7. Өнімді өткізу.
Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу
көлемін
арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың
бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты
жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген

инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа
ауыстыру қажеттілігі туындайды.

2 Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары
мен мәселелері

2.1 Үдемелі индустриялы-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясындағы
өтпелі шарттары

Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры, ғылым және
инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы
ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы
көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және
ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының
негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық
даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы – ғылыми-техникалық және
инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың
құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына
жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды
тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз
тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап,
тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және
инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін
пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға
бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі
басты мақсаты. Қазір Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық
зерттеулері мен инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол
қиындықтарға қарамастан Қазақстан кәсіпкерлері шет ел жаңалықтары мен
ғылыми-техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы
қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық
технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-
техникалық жетістіктердің көбісі тек біз үшін ғана инновация, ал
шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары. Сондықтан да шетел
технологиясы мен техникасын игерумен қатар өз ұлттық ғылыми-техникалық
әлеуетіміздің дамуына жағдай жасап, отандық ғалымдардың ғылыми
жетістіктерін өндіріске енгізіп, оларды бағалай білуіміз керек.
Инновациялық прогрестің инновациялық саясатпен тікелей байланысты
екендігі ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда, инновациялық прогресті жаңа жағдайда
мемлекеттік реттеу былай түсіндіріледі:
- ірі инновациялық жобаларды іске асыруда белгілі бір уақытта кәсіпорын
өзін-өзі қаржыландыра алмаса, оған мемлекет тарапынан құрылған орталықтың
көмегі керек болады. Бұл өз кезегінде ғылыми ізденістің тәуекелшілік
элементтерімен байланысын көрсетеді;
- Мемлекеттік үйлестірушілік қызметін керек ететін және технологиялық
жүйелердің мызғымастығын анықтайтын кешенді өндірісті білдіретін,
өнеркәсіптің тиімділігін арттыратын және технологиялық жылжушылыққа
әкелетін ғылым мен техниканың жетістігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ғылыми - техникалық саясаты мен ғылымды басқару жүйесінің қалыптаса бастауы
Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы
Мемлекет бюджетінің тапшылығы
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Корпоративті басқару үдерістерін зерттеу
Әлеуметтік - экономикалық стратегиялық жоспарлау
Мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсерін бағалау («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның материалдары негізінде)
Пәндер