Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және несиелеу негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және несиелеу негіздері . . . 5
1. 1 Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы . . . 5
1. 2 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің .
дамуындағы банктік несиелеудің алатын орны . . . 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІН НЕСИЕЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ . 26
2. 1 ҚР-дағы банктердің шағын және орта бизнесті несиелендірудің жалпы жағдайына талдау және даму бағыттарын анықтау . . . 26
2. 2 Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының несиелік қабілетіне
талдау . . . 44
3 Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді
жетілдіру жолдары . . . 53
- Шағын және орта бизнесті несиелеудегі «Халық Банк» АҚ жобалары . . . 53
3. 2 Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін несиелуді
жетілдіру . . . …… . . . 66
Қорытынды . . . 83
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 86
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі ел экономикасының тұрақты дамуының қамтамасыз етілуіне негіз болатын буын болып табылады. Экономиканың нақты осы секторының мемлекеттің экономикалық өсуіне, атап айтқанда, дамымаған бәсекелестік, материалдық және материалдық емес ресурстардың тиімсіз пайдаланылуы, ішкі сұраныстың импортқа тәуелдіілігі, жұмыссыздық, кедейшілік және т. б. сияқты тосқауыл болатын көптеген проблемаларды шешу үшін үлкен әлеуетті мүмкіншілігі бар.
“Бiздiң елiмiздiң болашағы - оның интелектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде”. Бұл сөздер елбасымыздың халыққа арналған “Қазақстан - 2030” Жолдауында айтылған болатын.
Шағын және орта бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі - ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Отандық банктер қарыз алушылар үшін несиелерді алуды жеңілдете бастады, несие беру процесі ықшамдалып, пайыздық ставкалардың төмендеу тенденциясы байқалуда. Нақты жоба бойынша банктердің шағын бизнесті несиелеуге дайындығы, несиелеу механизімінің өзекті проблемаларына әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларын құрастырды. Банктердің шағын бизнеске несие ұсынуының тиімділігін арттыру, ынталылығын көтермелеу, Қазақстан экономикасының жағдайына сәйкестендіру механизімін жетілдіру бүгінгі күннің талабы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу механизмін қалыптастырып, , ондағы жетілдіру жағдайлары мен несиелеу мәселелеріне талдау жүргізу, несиелеу процесіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
- шағын және орта бизнестің экономикалық мәні мен экономиканың дамуындағы алатын рөлін қарастыру; «Халық Банк» АҚ-ның шағын және орта бизнесті дамытудағы жүргізілетін қаржы-несиелік қолдау саясатына жан-жақты тоқталу; кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік мәселелерін қарастырып, оған баға беру; шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіру жолдарын айқындау, несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Зерттеу пәні ретінде қазіргі кездегі Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктердің шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді іске асыру барысындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы қарастырылады.
Зерттеу объектісіне - Қазақстанның екінші деңгейлі банктердің қызметі жатады.
Дипломдық зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен Экономикалық ілімдер тарихының шетелдік және отандық ғалым экономистердің ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі ретінде 1997 жылы 19 маусымда «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қ. Р-ның Заңы, 2007 7-ші ақпандағы заңда болған өзгерістер мен толықтыруды ескере отырып. Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары. Статистика бойынша Қ. Р-ның Агенттігінің мәліметтері, «Халық Банк» банкінің 2008-2010 жылдардағы мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- шағын және орта бизнес сияқты экономикалық терминдердің ұғымдары зерттеліп және олар бойынша авторлық көзқарастар ұсынылды; Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторлары құрастырылып, бір жүйеге келтірілді; «Халық Банк» АҚ-ның шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау саясатының негізгі бағыттары ұсынылды; республикадағы шағын және орта бизнесті дамытуды тежейтін және несиелеуге кедергі болып отырған негізгі факторлар және олармен күресудің іс-шаралары анықталды; коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстар келтірілді.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 24 кесте келтірілген.
1 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
және несиелеу негіздері
1. 1 Шағын және орта бизнестің қалыптасуы және дамуы
Шағын және орта бизнесті дамыту кез келген ел экономикасының негізі. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттыруға және ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес жүздеген адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Әміршілдік жүйедегі экономиканың күйреуі, жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы шаруашылық субъектілерден өзінің инновациялық мінез-құлқымен ерекшеленетін жаңа шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы, негізінен, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
Шағын және орта бизнестің мәнi мен мағынасын теренірек бiлу үшiн, ең алдымен сол шағын және орта бизнестi алып жүрушi субъект - кәсiпкер кәсіпкерлік терминiне тоқталып өтелік. Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес негiздерi теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж. Б. Сэй, кейінрек И. Шумпетер, Ф. Хайск, А. Чаянов және тағы басқа экономист - ғалымдар негiзiн қалаған. [2]
Шағын бизнес - жеке тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының тиімді тәсілі. Ол сондай- ақ, адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой - пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой - пiкiр қалыптасқан. Экономикалық мағынада кәсіпкер iрi өндiрiстiк немесе кұрылыс жобаларын басқарушы. Әлеуметтiк - экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнiнде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бiрақ, шағын және орта бизнестiң, яғни кәсiпкерлiктiң негiзi адам қызметiнiң экономикалық танымында жатыр. Кәсiпкердің iс әрекетi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi пайдалануға негiзделедi. Шағын және орта бизнестi жүргiзушiлер экономикалық мүддені білдіретін, сонымен қатар оған қатысушылар мiндеттi шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрi - ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсiпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелердi шеше алады. кәсiпкерлiктiң потенциалдық мүмкiндiктерiн толық бағалау үшiн олардың субъектiлерiн номиналды және нақты деп бөлудiң маңызы ерекше. Номиналдыға кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Мiне, осы адамдар экономиканың кәсiпкерлiк секторын құрып, дамыта алады.
Шағын және орта бизнестің объектiсi - адамның белгiлi қызметi. кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi. [3]
Сонымен, кәсiпкерлiк - жаңа мүмкiндектерi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиiмдi салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу. Басқаша айтқанда, өндiрiстiң жаңа түрiн ашып, дамыту, тауарлар мен қызметтердiң жаңа түрлерiн шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету. Мұндай өзгерiстердiң түрлерi әр-алуан жаңа кәсiпорындар ашу немесе ескi кәсiпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерiн ұйымдастыру немесе ескiлерiн жою, модификациялау әрекеттерiмен байланысты. Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi - новаторлық, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндiрiс және айырбас пен бөлудiң түрлi факторларын жүйелеу болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау- оның жалпы экономикалық ой-пікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда “кәсіпкер” деген термин, одан да бұрынғы “антрепренер” (“антрепренер”-француз сөзі “делдалдық” дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылады-түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында “кәсіпкерлік” мәселелеріне назар аудару XVІІІ ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, А. Тюргоның, Ф. Кенэнің, А. Смиттің, Ж. Сэйдің есімдерімен байланыстырады. “Кәсіпкер” терминының атасы-белгілі ағылшын экономисі Ричард Кантилон (XVІІ ғасырдың басы) . Ол “кәсіпкер” деген нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі-олардың субъектісі мен объектісін анықтау.
Сонымен елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, әсіресе шағын кәсіпкерлікке ерекше мән беріп отыр. Шағын кәсіпорындар құру кезінде мемлекеттік меншікті, жеке меншікті немесе аралас меншікті таңдауға еліміздің заңнамаларымен құқық берілген. Бірақ, қалыптасқан тәжірибе бойынша шағын кәсіпорындар көбінесе жеке меншік немесе аралас меншік нысандарында (шетелдің қатысуымен құрылған бірлескен кәсіпорындар) қызметін жүзеге асырып отыр. Егер жоғарыда атап көрсетілген талаптар сақталған жағдайда өзге меншік нысандарында да құрылып қызмет ете алады. Дегенмен, шағын кәсіпорындар шаруашылық серіктестіктер мен өндірістік кооператив нысанында құрылады, сондай-ақ, заңды тұлға құрмастан дара кәсіпкерлікпен айналысқан жағдайда да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылатындығын ескеру қажет. Сондықтан осы нысандардың әрқайсысына қысқаша тоқтала кеткен дұрыс. /5/
Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары басталды. Содан бері нарықтық экономиканың қалыптасуына да 10 жылдан астам уақыт өтті. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциациялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.
Елдiң кәсiпкерлiкті дамытуда ынтасын арттыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетiлдiру керек. Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жалпы кәсiпкерлiк кызметтi төрт түрге бөлiп қарастыруға болады. Олар:
- Өндiрiстiк - оның iшiнде инновациялық, ғылыми-техникалық жаңалықтарға сай тауар өндiру, қызмет көрсету және басқалар. Коммерциялық - сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлерi, тауар биржалары және т. б. Қаржылық - банктiк, сақтандыру, аудиторлық, лизингтiк қор биржалары және т. б. Кеңес берушiлiк - басқармалық, әкiмшiлiк, маркетингтiк, ақпараттық, кадрлар дайындау және т. б.
Бiздiң республикамызда қаржылық кәсiпкерлiктiң банктiк түрiмен тек қана банктер ғана айналыса алады.
Кеңес Одағының ыдырауымен және халық шаруашылығының реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруының, тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды.
Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларын әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсенді қарастыруда: басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әртүрлі құралдыры, субъектілерді шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет ету жүйелері.
Осы аймақтағы зерттеулер санының көптігіне қарамастан, отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде шешілмеген проблемалар әлі де көп. Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орта және ірі кәсіпкерліктің аяғына дейін өңделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерийлерінің шағын және орта бизнестің (ШОБ) соңына дейін ойластырылған ұғымдық аппаратының жоқтығын атап өтті. Сонымен бірге, ШОБ-тің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып және айқындаған орынды, тек содан соң «шағын және орта бизнестің» негізгі түсінігін нақтылау қажет. [4]
Кәсіпкерлік экономикалық жүйенің белгілі түрімен байланысты және оның пайда болуына бірнеше маңызды алғышарттар себепші болды:
- азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің пайда болуы;
- дүниеге келгеннен ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтар кешенімен үйлестірілген, жеке адам санасының қалыптасуы және қоғам мен мемлекет мүддесіне қарсы келетін мүдделер;
- өзінің қазіргі түсінігінде жеке меншікке ажыратылмайтын құқық санасының қалыптасуы мен нығайуы және сонымен байланысты экономикалық еркіндік, немесе экономикалық таңдау еркіндігі;
- меншіктің мемлекеттік биліктен және соған сәйкес экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі;
- өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси сфераларының бөлінуі;
- нарықтық экономиканың пайда болуы және тағы басқалары.
Кәсіпкер, жинаған тәжірибесін пайдалана отырып, факторларды «экономикалық ресурстар өнімділігі мен табысы мен төмен саладан, өнімділігі мен пайдасы жоғары салаға», ауысатындай үйлестіруі қажет. Ол капиталистен айқын ерекшеленеді. Кәсіпкерлікке сұраным оның өніміне сұранымның туындысы болып табылады. Ал кәсіпкерлік ұсыным болып оның рухани (жеке) қасиеттері, тәжірибесі және «байланыстары» табылады. Ж. Б. Сэй бойынша кәсіпкер келесі қасиеттерге ие болуы қажет:
- төлеуге қабілетті, парасатты, сақ, шыншыл және тұрақты болу;
- займ түрінде капиталды тарту мен несиелерді уақытында қайтара білу;
- өз бойына әділеттілік, қайсарлық және бизнесті жете білу сияқты моральдық қасиеттерді сиғызу;
-жеткілікті дәлдікпен, қандай да бір тауардың маңыздылығы мен ерекшелігін, болжамды сұраным мен оны өндіру тәсілдерін бағалай білетін күйде болу.
Берілген талаптарға сай келетін, адам санының шектеулі болуынан кәсіпкердің өз қызметі үшін алатын жалақысы басқа жұмыскерлердің табысына қарағанда жоғары. Кәсіпкер табыстары тек жалақымен шектелмейді, олар капиталдан алынатын табысты, егер ол болса, және қауіп үшін төлемдерді қамтиды.
XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап кәсіпкерліктің проблемалары отандық ғалымдардың және ТМД елдері ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды. Әрине, жүргізілген зерттеулерде кәсіпкерлікке, кәсіпкерге және кәсіпкерлік табысқа ортақ анықтама берілмеген. Сонымен қатар, бірқатар авторлардың айтуынша, зерттеушілердің барлық талпыныстары алғашында сәтсіздікке ұшырайды. Бұл әр түрлі елдердегі кәсіпкерлікті дамытуда мемлекетпен жүргізілетін саясатқа, қойылған зерттеу мақсаттарының әр түрлілігіне, тікелей кәсіпкерліктің даму деңгейіне және тағы басқаларға байланысты. Сонымен бірге, соңғы еңбектерде кәсіпкерлік процесін өзін жаңарту мен өзін ұйымдастырудың синергетикалық моделі ретінде қарастырылған. Кәсіпкерлер жұмысын тиімді жүргізу нәтижесінде капиталды жинау мүмкіндігіне ие болады. Өндірістің алдағы дамуы спираль бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен, кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызмет проблемалары ғалым-зерттеушілермен ертеректе және әртүрлі варианттарда қарастырылды. Орындалған экономикалық зерттеулер талдауының негізінде, кәсіпкерліктің экономикалық мәнін нақтылап, толықтыруға талпынып, содан соң берілген сатыда, анағұрлым таралған формада әрекет ететін шағын кәсіпкерлікке анықтама беруге тырысамыз, бірақ алдымен бізге «кәсіпкер» категориясын тұжырымдау қажет. Сөйтіп, әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу мен қорыту кәсіпкердің келесі сипаттамаларын ажыратуға мүмкіндік берді:
1) кәсіпкер - бұл қауіп, белгісіздік;
2) кәсіпкер - бұл пайданы және үстеме пайданы, яғни кәсіпкерлік табысты алу;
3) кәсіпкер өндірістің барлық факторларын үйлестіреді: еңбек, жер, капитал;
4) кәсіпкер жаңалықтарға бейім: жаңа өнім мен қызметтерді өндіруге, жаңа әдістерді енгізуге және өткізудің жаңа нарықтарын іздеуге, инновациялық менеджментке;
5) кәсіпкер - бұл кәсіпкерлік істі жүргізу үшін жігерлі, білім мен ақпараттың белгілі деңгейін меңгерген адам;
6) кәсіпкер, табыс алу мақсатында, жаңа идеялардың болашағын бағалауға, алынған ақпаратты талдауға және нарықтың қалыптасқан конъюнктурасы тұрғысынан шешімдерді қабылдауға қабілетті;
7) кәсіпкер кез келген, әсіресе белгісіз жағдайларда бір ғана дұрыс шешімді қабылдауы тиіс.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, жемқорлықпен, тікелей шаруашылық-коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдың тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің моральді және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада ШОБ қызметінің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі сауда мен делдалдық қызметтерде. [5]
Нарықтық қатынастарды еңгізуші ТМД республикаларының біразында, соның ішінде Қазақстанда, ШОБ кеңінен тарады, «өйткені шағын және орта бизнессіз нарықтық экономика не қызмет ете алмайды, не дамымайды». Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау, ғалым зерттеушілерді оның негізгі сипаттамаларын негіздеуде, ұлттық экономикадағы рөлі мен орнын анықтауда қызығушылығын тудырмай қоймады.
Ғалымдардың басқа бөлігі ШОБ-тің мәні «максималды пайданы алуда ғана емес, сонымен қатар тәуелсіздік, творчествалық сипат пен ерекше тұрмыс қалпы сияқты материалдық емес факторлардан адамдардың алатын қанағатында» деп санайды.
Бірқатар авторлар ШОБ монополияланған экономика жағдайында маңызы ерекше бәсекелестік ортаны құрайды деп пайымдайды. В. Афанасьевтің пікірі бойынша, «шағын және орта бизнес өзінің табиғаты жағынан монополияға қарсы, ол оның қызметінің әртүрлі жақтарында көрінеді. Бір жағынан ол, оны құраушы элементтердің аз болуынан және жоғары динамикасынан, монополиялауға аз дәрежеде түседі. Екінші жағынан, тар мамандану және жаңа техниканы пайдалану барысында ШОБ, ірі корпорациялардың монополистік позицияларын бұзатын, қауіпті бәсекелес ретінде болады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz