Карбонизделген сорбенттің регенерациялық және жара жазушы қасиеттерін зерттеу туралы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кадирбеков А.
КАРБОНИЗДЕЛГЕН СОРБЕНТТІҢ РЕГЕНЕРАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРА ЖАЗУШЫ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В070100 - «Биотехнология» мамандығы
Алматы, 2015
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биотехнология кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Биотехнология
кафедрасының меңгерушісі Кистаубаева А. С.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «КАРБОНИЗДЕЛГЕН СОРБЕНТТІҢ РЕГЕНЕРАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРА ЖАЗУШЫ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ»
5В070100 - «Биотехнология» мамандығы
Ғылыми жетекші: Аға оқытушы, PhD Акимбеков Н.
Алматы, 2015
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы 52 беттен, 11 суреттен, 6 кестеден, 45 әдебиет көздерінен тұрады.
Түйін сөздер: сорбент, карбонизделген сорбент, абсорбция, адсорбция, S. aureus (aлтын cтaфилoкoкк), S. epidermidis, S. saprophyticus, Streptococcus pyogenes .
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ауруларды емдеудегі карбонизделген сорбентті таңғыштардың емдік қасиетін зерттеу.
- Карбонизделген сорбенттің регенерациялық қасиеттерін анықтау.
- Карбонизделген сорбенттің жара жазушы қасиеттрін анықтау.
- Сорбенттердің сорбциялау, адсорбциялау және абсорбциялау қабілеттерін және олардың активтілігін ұлғайтатын тәсілдер жасау.
- Карбонизделген сорбенттің маңыздылығы мен әсер ету жағдайын зерттеу.
- Зерттелген карбонизделген сорбенттердің сорбциялану процесінің заңдылығын түсіндіру.
- Қолданылған карбонизделген сорбенттің қасиеті мен қызметі процесінің заңдылығын көрсету.
- Алынған тәжірибелік мәліметтерді іс жүзінде қолдану жолдарын және болашағын көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жарақаттанған теріге сорбентті таңғыштарды таңу және таңғыштардың қасиетін салыстырмалы түрде бақылау
Зерттеу әдістері: микробиологиялық әдіс, In vivo және In vitro жағдайындағы тәжірибелер жүргізілді.
Алынған нәтижелер:
- Өсірудің алғашқы 7 күнінде бидай өскіндерінің өсуін балдыр суспензиясы стимулдейді және жерүсті биомассасының өсуін орташа шамамен 25%-ға арттырады. Кaрбoниздeлгeн күрiш қayызы нeгiзiндe . бaктeрияcы қaтыcындa coрбциялық бeлceндiлiгi 80% құрaйтынын көрceттi.
- In vitroжaғдaйындa кaрбoниздeлгeн күрiш қayызы нeгiзiндe spp. бaктeрияcы қaтыcындa coрбциялық бeлceндiлiгi 70% құрaды.
- Кaрбoниздeлгeн күрiш қayызы нeгiзiндeгi coрбeнттiң лaбoрaтoриялық жaнyaрлaрдың iрiңдi жaрa қoздырғыштaры қaтыcындa жoғaры coрбциялық бeлceндiлiккe иe бoлып, oның эпитeлизaцияcын жылдaмдaтaтыны бeлгiлi бoлды.
Практикалық қолдануы: Алынған мәліметтерді Медицина, микробиологияда, биология, нанотехнология, өнеркәсіп салаларында, ветеринария және хирургия практикасында қолданылады.
РЕФЕРАТ
Орыс тілінде!
ABSTRACT
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ПВП - Пoливинилпиррoлидoн
БAЗ - Бeттiк aктивтi зaттaр
ПЭГ - Пoлиэтилeнгликoль
ККҚ -Кaрбoниздeлгeн күрiш қayызы
КТБ - Кoлoния түзyшi бiрлiк
ГЛОССАРИЙ
Сорбент ( латын тілінен sorbens - сіңіргіш) - қоршаған ортадан газдарды, еріткіш заттарды және булардың таңдап сорбциялаушы немесе сіңіргіш, қатты денелер мен сұйықтықтар.
Абсорбент (лат. absorbeo - сіңіру) газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті жәнебойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе қатты зат.
Абсорбция дегеніміз сорбент массасына диффузия арқылы газ енгендегі сорбция құбылысы.
Адсорбент - оған тиген газдардың немесе сұйықтықтардың (белсендірілген көмір, цеолиттер, силикагельдер, вермикулит, күйе, оксидтер және кейбір металлдардың гидроксиді (негізінен алюминийдің), кеуек металлдар, табиғи минералдар, саздар) заттардың адсорбциясы болатын үлкен бетті жоғары дисперлік табиғи немесе жасанды материалдар.
Силикагель - өндірістік көлемде көп тараған кеуектілігі жоғары дамыған минералдық адсорбенттердің бірі -кремний оксиді.
Адсорбция - дененің тек беткі қабатында ғана жүретін сіңіру.
Табиғи сорбенттер - бүтін, табиғи, химиялық және биологиялық құрылымдардарға ие және ешқандай өңдеуді қажет етпейді.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы с орбциялық әдістер емдеудің ең маңызды түрі. Сорбциялық әдістердің медицинада теориялық маңыздылығы мен практикалық мәнділігі көрсетілді. Асыра сілтемей-ақ салыстырмалы қысқа уақытта медициналық сорбенттің және терапияның сорбциялық әдістерінің жарыққа шығуы және практикалық денсаулық сақтауда олардың қолданылуы таңғаларлық жетістіктерге жеткен.
Ғылыми жаңалығы. Тәжірибе кезінде карбонизделген сорбенттердің сорбциялық қасиеттеріне жүйелі зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде осындай карбонизделген сорбенттің регенерациялық және жара жазушы қабілеттілігін аз уақыт ішінде емдеп жазуға болатындығы анықталды.
Практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтерді Медицина, микробиологияда, биология, нанотехнология, өнеркәсіп салаларында, ветеринария және хирургия практикасында қолданылады.
Ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағалануы. Тәжірибе кезінде сорбенттердің сорбциялық қасиеттеріне жүйелі зерттеу жүргізілді. Егеуқұйрықтарға жасалынған тәжірибе барысында сорбентті таңғыштармен емдеу жүргізілді. Нәтижесінде осындай карбонизделген сорбенттің регенерациялық және жара жазушы қабілеттілігін аз уақыт ішінде емдеп жазуға болатындығы анықталды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: 4 міндет 4 қорытынды, 1 мақсат
- Ауруларды емдеудегі карбонизделген сорбентті таңғыштардың емдік қасиетін зерттеу.
- Карбонизделген сорбенттің регенерациялық қасиеттерін анықтау.
- Карбонизделген сорбенттің жара жазушы қасиеттрін анықтау.
- Сорбенттердің сорбциялау, адсорбциялау және абсорбциялау қабілеттерін және олардың активтілігін ұлғайтатын тәсілдер жасау.
- Карбонизделген сорбенттің маңыздылығы мен әсер ету жағдайын зерттеу.
- Зерттелген карбонизделген сорбенттердің сорбциялану процесінің заңдылығын түсіндіру.
- Қолданылған карбонизделген сорбенттің қасиеті мен қызметі процесінің заңдылығын көрсету.
- Алынған тәжірибелік мәліметтерді іс жүзінде қолдану жолдарын және болашағын көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жарақаттанған теріге сорбентті таңғыштарды таңу және таңғыштардың қасиетін салыстырмалы түрде бақылау
Зерттеу объектісі ретінде биoтeхнoлoгия кaфeдрacындaғы қoлдaнбaлы микрoбиoлoгия зeртхaнacының микрooргaнизмдeрдiң мұрaжaй штaммдaры: S. aureus (aлтын cтaфилoкoкк), S. epidermidis, S. saprophyticus, Streptococcus pyogenes және иммoбилиздeнгeн биoкaтaлизaтoрлaрды aлyғa aрнaлғaн coрбeнттeрдiң oрнынa тaбиғи тaбиғи тacымaлдayшылaрдың нeгiзiндe жaңa нaнoмaтeриaлдaр пaйдaлaнылды.
Теориялық және әдістемелік негізі. Қазіргі таңда түрлі жағдайлармен регенерациялық және түрлі ауруларға шалдығу жиі кездеседі. Осы жұмыс барысында медициналық, микробиологиялық әдебиеттер пайдаланылды. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі, сорбентті таңғыштардың емдік қасиеттерінің әсерінен егеуқұйрықтартың түрлі дәрежедегі жарақаттарының жазылуы теориялық негіз болып табылады. Сорбция изотермасы және орта қышқылдығының сорбциялық сыйымдылыққа әсері бойынша алынған мәліметтердің сенімділігі арқасында оларды анықтамалық материал ретінде қолдануға болады .
Практикалық базасы. Дипломдық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасындағы зертеханасында орындалды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Сорбент және оның түрлері
Сорбент (латын тілінен sorbens - сіңіргіш) - қоршаған ортадан газдарды, еріткіш заттарды және булардың таңдап сорбциялаушы немесе сіңіргіш, қатты денелер мен сұйықтықтар.
Ең алғаш сорбенттер ежелгі египеттіктер және гректер, Қытай және Месопотамия халқы қолданды. Сары ауру, дизентерия және ағзаның барлық қызметін жақсарту мақсатында пайдаланылды. Барлық адамзатқа белгілі, ертедегі шипагер Авиценаның еңбектерінде сорбциялық процестер туралы керекті мағлұматтар жазып қалдырған. Заманауи медицинаның практикасында ағзаны тазалау проблемасымен айналысуларына көп бола қойған жоқ. Табиғи сорбенттерді пайдалану өткен ғасырдың 30-шы жылдарында басталды. Көптеген ғалымдар табиғи сорбенттердің біртекті пайдасын тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсетті. Осы уақытта мамандар адам ағзасы үшін сорбенттерді пайдаланудың екі бағытын көрсетті: 1) тазалау әдісі; 2) адам үшін қатерсіз препараттар дайындады. Бұл жұмыспен шет ел және орыс ғалымдары айналысты.
Сорбенттің екі түрі ажыратылады: 1) абсорбент, 2) адсорбент.
Абсорбент (лат. absorbeo - сіңіру) газдар немесе сұйық ортадағы (ерітіндідегі) заттарды өзінің барлық массасымен сіңіруге, соруға қабілетті және бойына судан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе қатты зат. Абсорбент бұл жағдайда абсорбат деп аталатын сорбатты жұтады. Мұндай спецификалық орындарға мысал ретінде абсорбент беті немесе абсорбенттегі белгілі химиялық байланыстарда жұмыс жасай алады. Абсорбаттың сұйық абсорбатта орналасуы ерітіндіде физикалық типтердің әрекетінің нәтижесінде байланысады: диполь-диполь, лизосомалар диполь-индуцирленген диполь лондоновты дисперсионды күштер. Барлық сорбциялық әдістерде абсорбатты су ортасынан жою қажеттігі ескерілген. Абсорбциялық сұйықтықтың әрекетінің әсері абсорбаттың су фазасында еруі және абсорбенттің химиялық потенциалы немесе бірдей белсенділік көрсетілгенде анықталады. Абсорбаттың екі сұйық ортада бірдей еруі нәтижесінде абсорбат концентрациясы және теңдей орналасуы болады. Дәстүрлі гемодиализді абсорбция процесі ретінде қарастыруға болады. Нәтижеде абсорбент ерекше диализденген мембрана қанынан бөлектенеді. Бөлетін мембрана кезінде абсорбцияланған сұйықтық тазаланған су фазасымен араласпауы қажет. Мысалы: абсорбция әдісі бірінші типті әдіспен қосылғанда фторланған көмірсутектер оксигенация қаны болып табылады. Бұл байланыстар өзіндік ауыр (ρ 1, 7-1, 9 г/см 3 ), өте төмен когеиялық энергиямен байланысқан химиялық инертті сұйықтықтарды, практикалық жұмыстарда толығымен басқа да сұйықтықтарда ерімеуін қадағалайды. Фторланған көмірсутектер ерітіндіден көмір қышқыл газын тазалап, оттекпен қанықтырады. Фтор құрайтын байланыстарда еріп және сол уақытта артық ерітілген оттегі қанға өтеді де көмірқышқыл газының артығын қаннан жояды. Абсорбаттың сұйықтықтарда жақсы еритін қасиетін байқауымызға болады [1] .
Биологияда абсорбентке: 1) Адам мен жануарлардың дене құрылысындағы сіңіргіш құрылымдарға: жасушалардың биологиялық жарғақтары (мембраналары), арнайы (жасушалар микробүрлері) және жалпы органеллалар 2) Өсімдіктер организмдерінде - тамырдын, сабақтың, жапырақтың беткей жатқан жасушаларының плазмолеммалары жатады.
Абсорбция дегеніміз - сорбент массасына диффузия арқылы газ енгендегі сорбция құбылысы. Ол берілген бір заттың (сорбтивтің) екінші бір затта (сорбентте) еру құбылысына пара-пар. Фаза араларындағы заттың таралуы Генри заңына бағынады. Қазір абсорбциялық құбылыстар өнеркәсіпте кеңінен қолданылуда. Мысалы, өнеркәсіптегі тұз қышқылын өндіру толығымен хлорлы сутек газын судың абсорбциялау құбылысына негізделген. Нақ осы құбылысқа, яғни газдардың абсорбциясына сүйеніп газдарды зиянды қоспадан тазартады, газ қоспасын бөледі.
Химияда: әр абсорбент белгілі бір заттарды ғана (мысалы, су, сұйық зат, қышқылдардың, сілтілердің сулы ерітінділері) белгілі мөлшерде сіңіре алады. Мұндай қасиет газ қоспаларын бөлуде және тазалауда немесе дайын өнім алуда қолданылады. Тау-кен ісінде: абсорбент (лат. absorbens - сіңіргіш зат) - абсорбент, көлемді сіңіргіш зат - бойына cудан, ауадан иондар мен молекулаларды сорып алатын сұйық немесе кеуекті қатты зат [2] .
Адсорбент - оған тиген газдардың немесе сұйықтықтардың (белсендірілген көмір, цеолиттер, силикагельдер, вермикулит, күйе, оксидтер және кейбір металлдардың гидроксиді (негізінен алюминийдің), кеуек металлдар, табиғи минералдар, саздар) заттардың адсорбциясы болатын үлкен бетті жоғары дисперлік табиғи немесе жасанды материалдар. Адсорбент дегеніміз - бұл дене, өзінің қатты дамыған бетіне сіңіргіш зат. Адсорбенттер медициналық сорбенттер арасында кеңінен таралған. Шектік бөлімде адсорбенттер сорбцилық заттарды құрайды. Бұл заттар шектік бөлімде газ-сұйықты, сұйықтық-сұйықтық болып адсорбцияланады. Көбінде мынадай түрлері таралған: белсендірілген көмір, алюминийдің белсендірілген оксиді, силикагель, кремний диоксиді [3] .
Белсендірілген көмір - әлемдегі ең танымал сорбент. Ішек-қарын жолындағы у мен уыттың сіңуіне жол бермей, адсорбция жасайды. Дәріден уланғанда жақсы көмектеседі.
Белсендірілген көмірдің қолданылуы: ішекте ашу және шіру үдерістерімен қоса жүретін, асқазан-ішек ауруларында (оның ішінде іштің желденуі, диспепсия) ; жоғары қышқылдылықта және асқазан-ішек жолындағы шырыш секрециясында; іш өткенде; қатты уланғанда (оның ішінде алкалоидтармен, гликозидтермен, ауыр металл тұздарымен) ; улану белгілері бар ауруларда ( токсемия және септикотоксемия сатысындағы күйік ауруларында; ХПН (гиперазотемияда) ; алкалоидты-абстинентті синдромда) ; онкологиялық ауруы бар науқастар сәуле және химиялық ем қабылдағанда болатын уыттануларда; тағамнан болатын уытты жұқпаларда; дизентерияда; сальмонеллезда; бауыр циррозында; рентгенмен тексеруге дайындық жасағанда (газдың түзілуін азайту үшін) [4] .
Беткейлік белсенділікті төмендететін заттармен байланысу қабілетінің жүзеге асуынан беткейлік белсенділігінің үлкен болуымен сипатталады (олардың химиялық табиғатын өзгертпей) . Газдарды, уыттарды, алкалоидтарды, гликозидтерді, ауыр металлдардын тұздарын, салицилаттарды, барбитураттарды және басқаларды сіңіріп, олардың асқазан-ішек жолынан сіңуін азайтады және организмнен нәжіспен бірге шығарылуына мүмкіндік береді. Қышқылдарды және сілтілерді (оның ішінде темір тұздарын, цианидтерді, малатионды, метанолды, этиленгликольды) аз сіңіреді[5] .
Силикагель - өндірістік көлемде көп тараған кеуектілігі жоғары дамыған минералдық адсорбенттердің бірі -кремний оксиді. Кремний оксидінің бірнеше түрлері бар. Ол табиғатта кварц және аморфты түрде кездеседі. Кристалдық модификациялардың қайта түрлену мүмкіншіліктері температуралық диапазонмен шектеліп, қысымға тәуелді болып келеді. Силикагель қаңқасының беттік қабатының тетраэдрлік құрылымдарының шыңдарында SI - OH топтары сыртқа теуіп орналасқандықтан олар адсорбенттің химиялық және адсорбциялық қасиеттеріне ерекше әсерін тигізеді. Өндірісте силикагель төрт маркалы болып шығарылады: КСМГ (түйіршіктелген ірі силикагель), МСМК (кесек ұсақ силикагель), ШСМК, ШСКГ немесе ШМСГ («шихталық» силикагель) деп аталады. Силикагельдің басқа өнеркәсіптік минералдық сорбенттерге қарағанда (алюминий оксиді, цеолиттер), регенерациялануының төменгі температурада жүргізілуі, қышқылдық ортаға және механикалық жаншылу мен үгілуге беріктігінің жоғарылығы әрі арзандығы оның артықшылық тұстарын сипаттайды [26] .
Энтеросорбент (SiO 2 ) - кремний жерде ең көп тараған элементтердің бірі және де оның оксиді SiO 2 жер қыртысының 50% көбін құрайды. Өте таза кристалдық кварц ретінде (негізінен құм және кремний түрінде) және таулы хрусталь ретінде белгілі.
Төртінші негізгі топтың көміртектен соңғы келесі элементі кремний. Кремний, жаратылыста таралуы жағынан салмақ проценті бойынша оттектен кейін екінші орын алады. Көміртек органикалық заттардың құрамындағы негізгі элемент болатын болса, кремний жер қыртысын түзетін минрералдық заттардың құрамындағы негізгі элемент. Кремний жаратылыста қосылыстар түрінде ғана болады, ол қосылыстары: кремний диоксиді SiO (кварц, құм), жер қыртысының негізгі массасы силикатты жыныстар (далалық шпат, слюда, каолин т. б) . Кремнийдің тұрақты үш изотопы бар: 28 Si (92, 27%) 29 Si(4. 68%), 30 Si (3. 05%) .
Кремнийді алу үшін, ақ қиыршақ ұсақ құмды магниймен араластырып қыздырады: SiO+2Mg=2MgO+SiH=-372кДж/моль [7] .
Кремнийдің MgO және реакцияласпай қалған SiO-ден тазарту үшін, шыққан массаны тұз қышқылымен және фторсутек қышқылымен әрекеттейді. Магнийдің орнына тотықсыздандырғыш ретінде алюминий, көміртек (техникада) алуға болады. Мұнда шығатын амофрты кремний сұр түсті ұнтақ зат, тығыздығы 2. 35 г/ см -ке жуық. Кремнийді балқыған металда ерітіп қайта кристалдауға болады, онда кристалдық кремний түзіледі; бұл болат сияқты сұр, металдық жылтыры бар, қатты кристалдық зат, тығыздығы 2, 4г/см. Кремнийдің сыртқы электрондық құрылысы 3s 3p, оның атомында sp - гибридизация болады. Кремний түрлі құймалардың құрамына араластыруға колданылады. Көптеген органикалық шикізаттардан, торф, антрацит, табиғи көмір, олардың өңделген өнімдерінен, кокс қабығы, ағаш-өсімдіктер және жеміс дақылдарынан алынған активті көмір негізіндегі өнеркәсіптік адсорбенттер белгілі. Активті көмір негізіндегі адсорбенттер әр түрлі процестердегі зиянды қосылыстардан тазалауда, автокөліктерден шыққан зиянды газдар және сұйық орталардағы құнды металдарды бөліп алуда кеңінен қолданылып келеді. Сонымен бірге активті көмір ауыз суды тазалауда және медицинада қан тазалау т. б. кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде кеуектілігі, механикалық беріктілігімен ерекшеленетін жаңа көміртекті материалдарды жасау әдістері қолданылуда. Әртүрлі қатты табиғи сорбенттердің бетінде көмірсутек пиролизі кезінде каталитикалық көміртек түзілуі жаңа сорбенттер синтездеуге мүмкіндік береді. Нұсқаларды көміртектеу арқылы меншікті беттер сыйымдылығын және активтілігін жоғарылатуға болады. Бұл газдарды адсорбциялау процестері үшін қажетті катализаторды таңдауға жаңа жол ашады, сондай-ақ көміртектелген материалдарының газдарды адсорбциялау қабілетінің заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік береді [8] .
Нефрологтар хирург-трансплантологтармен жұмыс жасауда маңыздылығы зор әсері күшті, бірақ қымбат ұзақ мерзімді қалпына келмейтін бүйректерді емдеу жолдарын ашты. Европада және америкалық континентте сырқаттың нашарлауы мен ылғи да өлім болатыны белгілі.
1977жылы АҚШ-та 37100 науқасқа созылмалы уремия ауруына перитонеальді диализ және гемодиализ немесе бүйрек трансплантация жолымен көмек көрсетілді. Емдеудің құны 902 млн. доллар. Соңғы есептеулер бойынша жылдық құны 2, 3 млрд. долларды қамтиды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 1976 жылы 74, 1% немесе 12775 уремиямен ауыратын науқастар, гемодиализ бен емдеу жүргізілді. 23, 7% құрайтын 4076 науқас үй жағдайында диализбен ем қабылдаса, 2, 27 % құрайтын 378 науқас перитонеальді диализ арқылы емделді. Сонымен қатар 1976 жылы 3504 бүйрек трансплантациясы жүргізілді. Трансплантациядан кейін диализбен емдеу әдісі және қолданылуы жанама және күрделі әсерлерге алып келеді. Ең маңызды жағдайлардың бірі, диализдан басқа емдеудің бірнеше түрі бар екені, яғни интраалюминий сұйықтығын жою адам және жануар бүйрегінсіз ішекте өмір сүруі болып табылады. Бұл бөлімде энтеросорбенттің қолдану жағдайын қарастырамыз. Бұл үшін бүйрек орнына тоқ ішекті пайдаланудың 4 әдісі ұсынылып отыр: 1) қышқылды ауыстыра алмайтын кетоаналогтарды пайдалану; 2) азотты қоқыстарды қайталап қолдану негізінде топырақ бактерияларының ферменттерін пайдалану; 3) сұйық мембранамен қапталған капсуланы қолдану; 4) гастроинтестинальді диализ (диареяны емдеу) . Сорбциялық әдістер арқылы олардың өзгерістері мен шығарылу әрекеттерімен уремияны емдеу клиникалық және тәжірибелік модельдер болып табылады. Асқорыту каналы гипертрофиялық болса, бірақ басқа жерде нефрон болып шектеледі. Уремиялық токсинді қалдықтарды жою үшін энтеросорбенттер қолданылады, себебі токсиндер және ішекте қатынаста болуы қажет, ал сорбенттер осы керек емес заттарды жұтуға қабілетті болу керек. Р. Спаркстің есебі бойынша, интестинальді диализ зерттегенде күн сайын тік ішектен 71г зәр, 2, 9 креатинин, 2, 5 зәр қышқылы, 2г фосфаттар өтеді. Бірақ дәлелденбесе де бұл уремиялық токсинді заттар бүйректен айырылған адамның ішектегі тәуліктік құрауының жартысы ғана жойылып отырады. Егер адам сорбентті қабылдаса, онда уремиялық зиянды керек емес заттардың тәуліктік көлемі аздап гемо- және перитонеальді диализ арқылы шығып тұрады. Диализге қосымша ретінде сорбциялық терапияны қарастырсақ ол тәулік сайын 6 г зәр, 500 мг креатинин, 300 мг зәр қышқылын, 800 мг фосфаттарды шығару керек. Тым ірі байланыстардың өзі ішектегі сорбент әсерінен жойылады. Х. Ятцидистің мәлімдеуінше, белсендірілген көмірді энтеросорбент негізінде қолдану, гуанидин мен органикалық қышқылдар туынды ретінде шығарады. Ішек сұйықтығында кездесетін пептидтер мен гормондар ағзадан сорбциялануы және шайылуы мүмкін. Т. Разенен мысалында, уремиямен ауыратын науқастардан альдостеронды және 17- ішек сұйықтығынан диализ жолымен алды [9] .
Алюминийдің белсендірілген оксиді - сусыз өнім есебімен алюминий сульфаты ерітіндісінің 1 - 1 5 % алса, 1 г сіңірілген фтордың 40-50 г шығынын алады. Алюминийдің белсендірілген оксидін табиғи газдың кептіргіші ретінде қолданылады. Әдістің алыну тәуелділігіне байланысты оның алынуы катион немесе анион ретінде болады. Катионды алу үшін натрий алюминат ерітіндісіне көміртек диоксидін жібереді де, алюминий гидроксиді толығымен тұнбаға түскенінше, сосын қыздырады.
Алюминийдің белсендірілген оксидінің бірнеше түрлері бар. Олардың өзінің өнім ретінде қолдану реттілігі әртүрлі (Кесте 1) [30] .
Кесте 1.
Алюминий белсендірілген оксид өнімінің классификациясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz