Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Т. С. Сарбасова, А. К. Сарбасова

Ж. Т. Бейсенбаев

Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың

интерактивті әдістері

Оқу құралы

Алматы

«Қазақ университеті»

2006

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық - баспа кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

Экономика ғылымдарының кандитаты, доцент Г. Т. Күренкеева;

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ұ. Б. Төлешова

Сарбасова Т. С., Сарбасова А. К., Бейсенбаев Ж. Т.

Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері. Оқу құралы - Алматы:

Қазақ университеті, 2006ж. 67-бет.

Оқу құралында біртұтас білім кеңістігін құру қажеттілігіне алып келген әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әлемдік білім беру саласындағы кешенді талдауы келтірілген және бұл контексте әлемдік білім беру жүйесіне толығымен кірігудегі Қазақстанның орны анықталған.

Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына арналған.

с Сарбасова Т. С., Сарбасова А. К.,

Бейсенбаев Ж. Т., 2006

с Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2006.

Кіріспе

Әлемдік өндірісте болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, дамыған елдердің постиндустриалды қоғамға өтуі жаңа экономикалық парадигманың қалыптасуын қамтамасыз етті. Ондағы экономиканың тиімді сапалы және құрылымдық өзгерістерге (түрлендіруге) бейімділігі адам және оның қабілеттігін қалыптастыратын байлықтар мен салалардың материалды емес формаларға тікелей тәуелді болады. Бұл контексте білім беру жүйесінің рөлі мен маңызы артады. 2015 жылға дейінгі тұжырымдамада білім беру жалпы ұлттық басымдық ретінде қарастырылатыны белгілі. Ол адамзат капиталымен қатар елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің базасын құрайды. Бүкіл білім беру жүйесінің жетекші буыны педагогикалық білім беру болып табылады ([18] ) .

Экономикадағы трансформациялық үрдістер білім берудің барлық деңгейлерінің модернизациясына әкелді, бірыңғай білім беру кеңістігінің құрылу үрдісі жүріп жатыр. Сондықтан білім беру саласының мазмұны мен ұйымдастыруын қалыптастыру бойынша АҚШ, дамыған Батыс елдерінің тәжірибелері бірінші тараудың негізін құрайды.

Білім беру модернизациясының әлеуметтік құрастырушысы болып халықтың барлық санаттарына білім алуда теңдей мүмкіндіктерді құру табылатыны белгілі. Әлемдік дамудың бағыты мынада: білім беру барған сайын адамға жақындай түсуде. Әртүрлі жолдармен-білім берудің дистанциялық формалары, филиалдардың ашылуы, мемлекеттік емес бағдарламалар, жеке бағдарламалар және т. б. арқылы, мұндағы өзекті бағыт - бұл білім берудің оңтайлылығын қамтамасыз ету. Осыған сәйкес екінші тарауда балалар мен ересектерді оқытудың кейбір қазіргі заман әдістерін қарастыруға тырыстық.

Бұл жұмыста шетелде білім беру мәселелері бойынша ресей авторларының ғылыми мақалалары, заң құжаттары, статистикалық мәліметтер және т. б. пайдаланылды.

І-тарау

Білім беру жүйесін жаңалау бағытына Әсер етуші факторлар

1. 1. Жаһандану жағдайындағы білім берудің жаңа

тұжырымдамасы мен моделі

Жаһандану деп өндіріс сферасындағы микроэлектрондық революция туғызған «өнеркәсіптік төңкерістің» нәтижесін айтады. Басқа нәтижесі ретінде өнеркәсіптік дамыған елдердің дамудың постиндустриалды сатысына өтуін, ал мемлекеттік саясат саласында кейнсиандық идеологиядан неолиберализмге өтуін атайды.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдардағы Еуропа елдерінде байқалған экономикалық және институционалды дағдарыстан шығу еркін нарыққа қайта келумен, бәсекелестік индивидуализмге негізделген жеке мүдде мен бастаманың қайта өрлеуімен байланыстырылды. Ең ақырында бәсекелестіктің өсуіне қол жеткізу, демек өңдіріс шығындарын азайтуға қол жеткізу мүмкін еді. Бұл елдердің жаңа әлемдік еңбек бөлінісіне және әлемдік нарықтағы бәсекелестің жаңа шарттарына бейімделу үрдістерін күшейтер еді.

Қарқынды техникалық прогреспен үйлесе отырып, экономиканы және каржыларды либералдау экономика, қаржылар, нарықтар саласында бірыңғай кеңістікті қалыптастырудың алғышарттарын құрды. Олардың заңдары қазіргі кезде жеке елдердің, өндірушілердің және азаматтардың орнын анықтайды.

Ақпараттық-коммуникациялық желілердің дамуы ақпараттық және интелектуалды кеңістіктің қалыптасуына әкелді. Осылайша, батыс қоғамдарының дамуындағы көп нәрсе қазіргі таңда әлемдік нарықтарда өсіп келе жатқан бәсекелестік және нарықтар ұсынатын идеялармен және құндылықтармен анықталады.

Жалпыға бірдей коммерциялизациялау және бәсекелестік күрес пен нарық логикасын енгізудің әлемдік үрдісіне мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер сияқты сфералар түсті, бұл сфералар бұрында «қоғамдық игілік» ретінде қарастырылатын.

Аталған өзгерістерді бәрі бірдей қабылдамайды, себебі:

- біріншіден, кейбіреулер онда еуропалық елдерге тән, демократиялық құндылықтарға төнетін қауіп бар деп ойлайды;

- екіншіден, және бұл бастысы, бүгінгі таңдағы білім беру-бұл стратегиялық ресурс және оны тиімді пайдалану жеке елдердің өндірушілердің және тұлғалардың жетістігін қамтамасыз етеді;

- үшіншіден, осының салдары ретінде білім беруді дамыту проблемаларын талқылауға білім беру саласындағы мамандар, басқарушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар іскер топтар, халықаралық ұйымдар - ЮНЕСКО, ОЭСР, әлемдік банк, ХВҚ (МВФ) және ХСҰ (ВТО) қатысады;

- төртіншіден, білім беру елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторына айналып отыр.

Білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен моделі қажет пе?, - деген сұраққа жауап беруден бұрын, алдымен білімнің өсуі мен оның қолданылуының экономикаға әсерін анықтайық. Бұл үшін кейбір мәліметтерді келтірейік.

Әлемдік банктың бағалауы бойынша, білім ел дамуының негізгі факторына айналып отыр. Адам капиталы елдегі жалпы байлық көлемінің 64%-ға жуығын құрайды. АҚШ-та ЖІӨ-нің 45%-ы ғылыми зерттеулер, білім беру, бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі сферасында жасалады ([4], 50б. ) .

Ақпараттық технологияларды пайдалану Нью-Йорк биржасына өз тиімділігін 400%-қа жоспарлатуға мүмкіндіктер берді. «Қоғамның білімін» бір академиялық жылға арттыру ЕО экономикасын қысқа мерзімдік переспективада 5%-ға және ұзақ мерзімдік перспективада 2, 5%-ға өсуін қамтамасыз етті ([4], 51б. ) .

Білім өз мәні жағынан демократиялық болғанымен, білім беру сферасында жаһанды бәсекелестік болып отыр: қаржыландыру көлемі мен студенттер үшін жоғарғы оқу орындары арасында; еңбек нарығындағы мамандар арасында; еңбек ресурстары үшін елдер арасында.

Осындай жағдайда елдің экономикалық өсуі мен әлеуметтік бірлігіне қалай қол жеткізуге болады? Әр елдер мәселесінің шешімін әрқалай табады. Алайда, Әлемдік банк мынандай ұсыныс беріп отыр: білім беруге салынатын инвестицияның жалпы деңгейі ЖІӨ-нің 4-6%-ын құрауы тиіс. Орташа есептегенде, ЕО елдері ЖІӨ-нің 5%-ын, АҚШ ЖІӨ-нің 6, 6%-ын, Жапония 3, 5%-ын, Ресей 0, 62%-ын, ҚР ЖІӨ-нің 1%-дан аз ғылымға жұмсайды.

Білім беру сферасындағы 10 жылдық нарық реформалары білімді дамытуға деген кәсіпкерлік көзқарастың кері жақтарын айқындады. Ең алдымен, бұл:

  • білімге практикалық және тұтынушылық көзқарастарын нығайту, оның руханилығы мен ағартушылығының маңызын жою ТҰК-мен монополиялар жағынан ұлттық жүйелерге қауіп төндіреді, азаматтардың құқықтарына, еркін білім алуға кедергі жасау;

- білім берудегі нарықтық бастамалар әр түрлі елдердегі элиталар үшін мүмкіндіктердің жоғарғы теңдігіне, ал ел ішінде қоғамның күрт әлеуметтік поляризациясына әкеледі;

- білім беру саласындағы мамандар мен саясаткерлер мемлекетті білім беру саласынан шығару тенденциясына қарсы, өйткені мемлекет өзінің қоғамдық маңыздылығынан айырылады: білім беруге «таңдау», «бәсекелестік», «стандарттар», «еркіндік» сияқты түсініктер маңызды бола бастады;

- білім берудің нарық сұраныстарына бағытталуы сынға түсіп отыр: мәселен, мектептік білім беру сферасындағы басымдықтар жұмыс табуға мүмкіндік беретін мәселелерге, білімге және ептілікке шоғырлануға фундаменталды білімі бар ерекше тұлғаны қалыптастырудан жылжып отыр;

- нарық жоғарғы білімді әлемдік нарықтарда қысқа мерзімдік бизнес қажеттілктеріне сәйкес кадрларды даярлауға және зерттеулерді жүргізуге бағыттайды және де экономика мен қоғамның әрі қарай дамуы үшін фундаментін жоя отырып, табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы фундаментальды зерттеулерге зиян келтіреді;

- мамандарды сонымен бірге білім беру бағдарламаларында әлеуметтік негіздің болмауы, білім беруді жалпы да алаңдатып отыр, бұл болашақта қоғамның, экономиканың мәселелерін ұзақ мерзімде көруіне зиян әкеледі.

Сонымен, бүгінгі таңда жаһандану жағдайындағы қоғам дамуының ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарғы технологияның қажеттіліктеріне сәйкес білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен үлгісін құру қажет.

Моделдің негізі-бұл үздіксіз білім беру немесе өмір бойы оқыту. Осыған байланысты білім берудің дәстүрлі ұйымдастырылуы мен институтционалдық құрылымын, мектептік, жоғары оқу орнындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруден және ересектерге білім беруден бастап радикалды қайта құру керек.

Тұжырымдаманың жарияланған жобасында ([18] ) үздіксіз білім беру жүйесі деп білім берудің барлық деңгейіндегі өзара іс-әрекет ететін оқу орнындары жүйесіндегі бірізді, келісілген оқу бағдарламаларын, педагог қызметін, тұлғаны дамыту, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау жүйесін дамыту жолдарының, тәсілдерінің және құралдарының жиынтығын айтады. Тұжырымдамада, сонымен бірге, үздіксіз педагогикалық білім берудің қағидалары анықталған, сондай-ақ буындарының жүйелілігі негізінде білім берудің барлық 5 сатысының мазмұнын талдау келтірілген. Тұжырымдаманы жүзеге асыру сатылары мен күтілетін нәтижелері табылды.

Білім беру жүйесіне қоғамдық жоба дәрежесін қайтару қажет, онда барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі қамтамасыз етілер еді.

Жаңа әлеуметтік келісім-шарт жасау керек, мұнда мемлекет білім беру қызметтерін алуға тұтынушылар құқығының, сондай-ақ азаматтардың өмір бойы білім алуға құқығының кепілі ретінде шығады. Ал білім беру жүйесі азаматтардың жекелеген және әр түрлі қажеттіліктеріне сай келуі тиіс.

Білім беру сапасын бақылауды мемлекет жүзеге асыруы қажет.

Осылайша, білім беру қазіргі жаңа әлемде қоғамдық игілік қызметін өзіне қайтаруы тиіс, ал оның дамуына ұлттың әл-ауқаты байланысты.

1. 2. АҚШ-ғы саяси оқиғалар

Бұл оқиғалар американдық қоғам өмірінің көптеген жақтарына, экономикасына, жекелей алғанда, жоғары білім беру жүйесіне күшті әсер етті.

Студенттер қандай колледждерді таңдады:

- Потенциалды студенттердің қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылығы өскендіктен, олардың көбісі үйлеріне жақын орналасқан оқу орындарын таңдайды;

- Колледждердің 30%-ы жақын жатқан аймақтарда тұратындарға басты назар аударды;

- 173 жеке және 63 мемлекеттік колледждер жарнамалық қағаздарда кампустардағы қауіпсіздік пен білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлді ([6] 27б. ) .

АҚШ-ғы шетелдік студенттер санының динамикасы қандай? 2002 жылдың мамыр айында АҚШ сенатымен қабылданған шекара қауіпсіздігі туралы заңның негізінде келесі шаралар қабылданды:

- туристік визаның студенттік визаға алмастырылуы қиындайтын болады; шетелдік студенттердің тәртібі үшін жауапкершілік университеттерге жүктеледі;

- виза алушылардан қосымша қаражаттар алынатын болады (мәліметтер базасына мәліметтерді кіргізу үшін) және оларды алу мерзімі ұзартылады;

Осыған сәйкес оқығысы келетіндердің саны қысқарады, демек колледждердің табыстары қысқарады, себебі шетел студенттері өз оқуларын толық төлеп отырған.

Тиісінше, ағылшын тілінің жазғы курстарына қатысатын шетелдіктердің саны қысқарады. Ескеретін бір жәйт, шетел студенттерін қабылдап отырған елдерге қаржы ресурстарының жалпы ағыны жыл сайын 20 млрд. долларды құраған. АҚШ-та шетелдік студенттердің ағымы ел экономикасына 2002 жылы 12, 3 млрд. долларды қамтамасыз етті. 1999/2000 оқу жылында АҚШ-та 515 мыңға жуық шетел студенттері білім алды, ал Францияда-180 мың студент, Австралияда-70 мың студент. Ресей білім беру қызметімен осы қызметтерді тұтынушылардың әлемдік нарығының тек 1%-ға жуығын ғана қамтамасыз етіп отырды ([3], 16б. ) .

- Шетел студенттері мен аспиранттар санының қысқаруынан табиғи және техникалық факультеттер (әсірісе, шетелдіктер есебінен өмір сүретін шағын университеттер) және мазмұнын әскери мақсатқа пайдалану потенциалды мүмкін болатын академиялық сабақтарды оқып үйрену ең көп зардап шегеді;

- Сонымен бірге жарты оқуын АҚШ-та өткісі келетін ағылшын студенттерінің саны өсті. Мұны АҚШ-тың сырты саясат мәселелеріне қызығушылықтың күшеюімен байланыстырады. Мәселен, Уэйн Университетінде (Огайо штаты) олардың саны бір жыл ішінде 50%-ға дейін артты. Ағылшын студенттерінің Фулбрайт стипендияларын (30%-ға), Кеннеди Мемориалды трастын (12%-ға) алуға өтініштерінің саны өсті, себебі соңғы трасттар атақты университеттерде, мәселен Гарвард секілді университеттерде оқу құнын толық төлейді ([6], 31б. ) .

Оқу курстарының құрылымы және білім берудің мазмұны өзгертілді, жеке алғанда:

- адам іс-әрекеттеріне байланысты стихиялық апаттардың алдын алу, мәселен ғимараттарды жарылыс қауіпінен сақтау, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бөлмелерді ауамен қамтамасыз ету жүйесіндегі бұзылулардың алдын алу, құтқару психолгиясы және т. с. с. ;

- әртүрлі катаклизмалармен байланысты тәуекелді сақтандыру саласындағы қызметінің маңызы жоғарлады, осыған сәйкес тәуекелдерді басқару бойынша оқыту бағдарламалары енді апаттардың теорияларын зерттеуді, әсіресе табиғи апаттардың, терроризм және қылмыстық әрекет тәуекелдерін экономикалық және техникалық шешімдерді қабылдауды, қоғамдастықтың, мемлекеттік көмектің рөлін және т. с. с. зерттеуді қамту қажет.

- Таяу Шығыс проблемаларына, исламға, араб тіліне және халықаралық байланыстарға, сәйкесінше тиісті курстарға деген қызығушылық күрт өсті; Мәселен, 2001 жылдың қазан айының соңына қарай Чикаго университетіндегі араб тілінің бастапқы курстарында тыңдаушылардың саны 70%-ға өсті, ал Стэнфорд университетінде «палестина, сионизм және араб-израиль қақтығысы» курсында олардың саны 40-тан 100 адамға дейін артты; Бостон университетінде 95 студент терроризм бойынша курс өтуін талап етті және т. б. ;

- Калифорниялық университетте (Лос-Анджелес) 50 жаңа курс енгізілді, жеке алғанда, колониалды Мысыр әдебиеті және Алжир мен бельгиялық Конгодағы соғыстарды оқып-зерттеу бойынша, лаңкестік және Макиавелли философиясы, талибан қозғалысын, лаңкестік тарихын оқып-үйрену және т. б.

- араб, корей және парсы тілдері бойынша мамандарды даярлауды арттыру қажеттілігі туындады, бұл әлемдік нарықтағы АҚШ-тың экономикалық бәсеке қабілеттілігінің өсуіне және басқа елдермен байланысты нығайтуға мүмкіндік туғызар еді ([6], 32-33б. б. ) .

11 қыркүйек оқиғасының тағы бір салдары-бұл on-line оқытуына қызығушылықтың пайда болуы: авиатасымалдау мәселесі бойынша алаңдаулар электронды білім алудың артықшылықтарын анықтады, мұнда ешқандай жерге барудың қажеті жоқ, мәселен, іскерлік әкімшіліктің магистр дәрежесін алу үшін.

Күйдіргі ауруының пошта арқылы тарату жағдайлары корреспонденцияны электрондық пошта арқылы таратудың, демек білім беру саласындағы интернет-технологияларды пайдаланудың артықшылығын ұлғайтады. Мұны кең тыңдармандар үшін Гарвард, Йель университеттерінің және т. б. студенттерін қабылдау қызметтері қолданды.

1. 3. Еуропалық білім беру жүйесінің реформалары

80-ші жылдардың ортасында басталған реформалардың мақсаты- бұл ұлттық білім беру жүйелерін өндірістің жаңа жұмыс істеу жағдайларына, сондай-ақ жаһандану мен техникалық прогрестің ықпалындағы экономикадағы және қоғамдағы өзгерістерге бейімдеу ([1], 25б. ) .

Бұл реформаларды жүргізуге дейін білім беру былайша қарастырылған:

- ол мемлекеттің айрықша құзыреті болып табылады, ал білім беру құқығы демократиялық мемлекеттің құндылықтар жүйесінің бөлігі болып табылады;

- мемлекет шеңберінде жеке азаматтардың әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік интеграциясын қамтамасыз етудің фундаменталды шарты ауқымды оңтайлы мемлекеттік білім беру болып табылады;

- ол қоғамдық игілік болып табылады және барлық азаматтарға мемлекетпен кепілді минималды өмірлік стандарттардың жиынына кірді;

- еңбек күшінің әлеуметтік ұдайы өндірісіне жұмсалған шығындар мемлекет есебінен жүзеге асырылды, бірақ бұл шығындарға («фордистік»1 моделі шеңберінде) барлық адамдарды жоғары біліммен қамтамасыз ету кірмеді.

Алайда, 70-ші жылдардың соңынан бастап жоғары білімге деген сұраныстың қарқынды өсуі байқалды. Оның туындау себебі:

- біріншіден, өндіріске ақпараттық технологияларды енгізу және техникалық прогресс өндіріс пен өнім интелектуализациясын жоғарлату қажеттілігін тудырды;

- екіншіден, микроэлектроника, ақпараттық жүйелер, фармацевтика, биотехнология және т. б. салаларға техникалық жаңалықтарды енгізу елдердің постинндустриалды дамуға жылдам өтуіне әкелді;

- үшіншіден, ауқымды мектептік білім беруге деген ескі бағыт елдердің әлемдік нарықтағы жеңілісіне әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты мемлекет университеттерге элитарлық білім беруден кадрларды ауқымды даярлауға өтуді ұсынды;

- төртіншіден, білім беру реформаларын бүгінгі таңда экономикалық жаһанданудың факторын күшейту және ұлттық өндірушілер мен жалпы экономикалық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату қажеттілігі ұсынады.

Білім беруді реформалаудағы барлық Еуропа елдеріне ортақ нәрсе - бұл білім беру сапасын жоғарлату және ұлттық оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында білім беру сферасындағы бәсекелестікке жағдай жасау. Осындай жолмен білім беру жалпы арнада реформаланады, мұндағы басты элементтер болып басқаруды орталықсыздандыру және жеке әлеуметтік немесе мемлекеттік қызметтердің автономиясы табылады.

Білім беруді реформалаудың негізгі бағыттары ретінде мыналар қарастырылады:

- мемлекеттің білім беру сферасына қатысуын айтарлықтай қысқарту, себебі ол оқу орындарының тиімді оқытудағы икемділігін жояды;

- оқу мекемелері арасындағы бәсекелестікті ынталандыру жолымен мемлекеттік ресурстарды өте тиімді пайдалану;

- жаңа жағдайларда мемлекеттің міндеттерін анықтау - бұл кедейлердің білім алуына құқығының кепілі, білім алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты тарату, білім беру стандарттары мен оларды сақтау мониторингін енгізу жолымен білім беру сапасын қамтамасыз ету;

- жоғары білім беруді басқарудағы бизнес тәжірибесін енгізу;

- оқытудың ресурс сыйымдылығының және соған сәйкес оның құнының үнемі жоғарлауына қарай жоғарғы оқу орындарының балама қаржы көздерін іздестіру қажеттілігі.

Салыстырмалы қаржылық дербестік жағдайындағы жоғарғы оқу орындарына тән белгілер-бұлар:

- оқу үшін төлем енгізу;

- жеке компаниялармен және әртүрлі деңгейдегі билік орындарымен келісім-шарт бойынша жұмыс істеу;

- көптеген елдердегі жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік қаржыландыру жүйесін келісім-шарттық негізге ауысуы;

- бизнес және жоғарғы оқу орындар арасында өте тығыз байланыс орнату; бизнес, мемлекет және университеттер арасында жоғарғы технологиялық зерттеулер бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ жобалар егер қысқа мерзімдік нарық қажеттіліктеріне бағытталған болса, аса тиімді болып табылады;

- жаңа жүйеде «студент-тұтынушыға, оқытушы-сатушыға, ал зерттеушілер кәсіпкерлерге айналады» ([1], 28б. ) .

1. 4. Бизнес-білім берудің мәні мен қызметтері

Бизнес-білім беру жалпы білім беру жүйесінің шағын жүйесін білдіреді; ол 100 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды, кейін Еуропаға өтті. Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында бизнес- білім беру әзірге білім беру жүйесінің органикалық бөлігіне айналған жоқ.

Бизнес-білім берудің туындауы мен дамуына бірнеше жағдай әсер етті.

Жоғарыда айтылып өткендей, ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және техникалық білімдерінің жылдам таралуы, олардың өндіріске және әлеуметтік сфераға жаппай енуі байқалып отыр. Осылайша, дамыған елдердің білім, ақпарат, коммуникация сияқты материалдық емес ресурстарды пайдалануға негізделген өндірістің жаңа моделіне өтуі жүзеге асырылып жатыр. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрі адам ресурсы болып табылады.

Қазіргі уақытта көптеген өнеркәсіптік корпорациялар білім беру мен кадрларды даярлауды өзінің даму болашағына стратегиялық инвестиция ретінде қарастырады. Мемлекет істің мұндай жағдайының маңыздылығын әзірге жете түсінбей отыр және білім беруді әрбір адамның ішкі ісі ғана деп қарастырады. Дистанциялық білім беру, білім беру сферасына компьютерлік технологияларды енгізу жолымен өнеркәсіп пен білім беру мекемелері арасындағы байланысты күшейту қажет.

Жаһанданудың өсуі және онымен байланысты бәсекелестік жағдайында бизнес білім беру процесіне белсенді араласа бастады және білім беру жүйесіне өз талаптарын қоя бастады.

Жеке алғанда, мектеп бітірушісіне кәсіпкерлік саласында дағдарыстық жағдайларды шешу және т. б. саладағы білімімен кең білім алу қажеттілігі тағайындалады, себебі ол осы білімдерін іс жүзінде қолдана алуы тиіс. Ол еңбек нарығында қандай өзгерістер болып жатқандығынан үнемі хабардар болуы тиіс. Осыған байланысты көптеген елдерде жастарды кәсіптік даярлау жүйесін дамытуға күш салынып отыр. Қазақстан Республикасында жастар ұйымы да мемлекет алдына кәсіптік техникалық оқу мекемелерінің қайта ашылу, лицейлер мен гимназиялар санының артуы және т. б. туралы мәселелерді қойып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының мазмұны оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі
Әлемдік экономикадағы жаңа құбылыстар және білім беру
Интерактивті тақтаны орнату
Педагог кадрларды даярлау процесі
Интерактивті тақтаның құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
ҚАЗАҚ ТІЛІН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҮЙЕСІМЕН ОҚЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz