Аграрлық саясат жайлы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Менеджмент және бизнес кафедрасы

Бітіру жұмысы

Аграрлық саясат

Орындаған 4 курс

студенті Назым

Ғылыми жетекші

э. ғ. к., доцент Г. С. Смағұлова

Норма бақылаушы

оқытушы А. Ғ. Жұмағазиева

Кафедра меңгерушісімен

қорғауға жіберілді,

э. ғ. д., профессор К. Е. Кубаев

АЛМАТЫ, 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСТАРЫ

1. 1 Нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәні . . . 7

1. 2 Мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асырудың механизмдері мен құралдары . . . 16

1. 3 Аграрлық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі . . . 22

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2. 1 Республика агроөнеркәсіп кешенінің даму барысын және Жамбыл облысының аграрлық секторының қазіргі жағдайын талдау . . . 30

2. 2 Индустриялық-инновациялық стратегия аясында облыстың аграрлық секторында жүзеге асырылған шараларды талдау . . . 48

2. 3 Ауылдық аудандарды шағын индустрияландырудың беталысы . . . 56

3. МЕМЛЕКЕТТІҢ АГРАРЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ

3. 1 Ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан қолдау көрсету механизмдерін жетілдіру жолдары . . . 70

3. 2 Ауылдық аудандарды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағыттары . . . 78

3. 3 Кластерлер - ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыты . . . 77

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 85

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 88

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына ұсынылатын дәстүрлі Жолдауларында халықтың әл-ауқатын жақсарту, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономика мен әлеуметтік саладағы және саяси өмірдегі жаңару процесстерін жеделдету бағыттары қамтылуда. Жаңа экономика дегеніміз терең білім мен ғылымға негізделіп дамыған экономика, ол тек өнім, тауар шығаратын экономика емес, білімге білім қосып, ғылыми жаңалықтарға қол жеткізген, ғылыми жаңалығы жаңа технология туғызып, тағы да солай дами беретін экономика. Ол бұрынғы экономикамен салыстырғанда экономикалық дамудың бірден-бір тиімді жолы. Қазіргі таңда дамыған елдердің ұлттық ішкі өнімінің 75-80%-ы осындай экономика негізінде жасылынады. Бүкіл әлемдегі өнімнің 2 триллион 300 млрд. доллардан астамы ғылыми негізде шығарылады екен.

Біздің еліміздегі 12-15 жыл ішінде болып жатқан жаңару мен өзгерістер айтарлықтай деңгейге жете қоймағаны рас. Дегенмен соңғы алты жыл ішінде (1999-2004 ж) Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 60%-ға жуық өсіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда біз ТМД елдерінің алдындамыз, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне шықтық. Алдағы 2-3 жыл ішінде ЖІӨ екі есеге жуық көбейеді деп күтілуде. Академик К. Сағадиевтің сөзімен айтсақ, бір Қазақстан екі Қазақстан болады. Салыстыру үшін еске алайық, кезінде осындай күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі ЖІӨ-нің екі есеге өсуіне 12-13 жыл керек болған, ал біз ондай нәтижеге 8-9 жыл ішінде жетейін деп отырмыз.

Алайда біз осы нәтижелерге оңайлықпен жеткеніміз жоқ. Аграрлық реформа өте көп қиыншылықтармен жүрді. Жіберілген әр бір кемшіліктерді жоюға орасан көп күш жұмсалды, олардың салдары әлі күнге дейін байқалуда.

Ендігі бағыт индустриялық - инновациялық даму стратегиясы және басқа да шешуші салаларды дамытудың ауқымды бағдарламалары негізінде кластерлік даму жүйесін қалыптастыру. Жалпы мемлекеттік деңгейде заман талабына сай келетін ой-сана қалыптастыра отырып, аграрлық реформаны тереңдете түсу, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы экономиканы тұрақтандыру.

Осыған байланысты есте ұстайтын бір мәселе - ауыл шаруашылығын дамытудың ертеден келе жатқан проблемаларының ешқайсысы да соңына дейін зерттелмеген, отандық экономикалық ғылым осы бағытта қаншама әрекет етседе даму басымдықтары әлі күнге дейін көп пікірталас тудырады. Бұл - кемшілік емес, ғылым жоғарылаған сайын зерттеу аясының кеңейе беретінінен туындайтын заңды құбылыс. Сондықтан да мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру, оны жүзеге асыру сияқты мәселелер ешқашанда өзінің өзектілігін жоймайды. Әсіресе, бүгінгідей жаңа экономика құруға бет алып отырған елімізде аграрлық саясаттың маңызы ерекше болуға тиіс деп ойлаймыз. Себебі, ауыл шаруашылығы сияқты нарық заңдылықтарына тез бейімделе қоймайтын саланы тез арада жаңаша өзгерту мемлекет тарапынан айырықша назарды талап етеді. Мемлекеттің аграрлық саясаты елдің тұтас әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттің маңызды стратегияларын, атап айтқанда, индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда да маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда индустриялық-инновациялық стратегия аясында аграрлық секторда іске асырылып жатқан шарлар кешенін де талдағанды жөн көрдік. Өйткені, ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімдер өндіріп, қарқынды дамуы осы стратегиямен байланысты. Сонымен қатар еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес агралық саясаттың рөлі арта түсері де сөзсіз. Осыған орай біздің зертеу тақырыбымыздың өзектілігі ешбір күмән туғызбайды.

Агралық саясат мәселесіне шетелдік те, отандық та көптеген оқымыстылар назар аударғаны белгілі. Атап айтсақ, В. Медведев, А. Руцкой, Е. Строев, В. Фролов, К. Кубаев, О. Ескараев, Т. Есіркепов, В. Григорук, Ж. Қорғасбаев, К. Сағадиев және т. б. Бұл авторлардың еңбектерінде аграрлық сектор мәселесі жан-жақты қарастырылған. Ал, біз өз тарапымыздан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы аграрлық секторды одан әрі дамыту, ел межелеген елулік деңгейіне жету үшін аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсу, осы мақсатта аграрлық саясатты оңтайлы ету сияқты мәселелерді қарастырдық.

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының аграрлық секторында қалыптасқан жағдайды саралай отырып, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық саясатты жүзеге асырудың құралдары мен механизмдерін ұсыну болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

- бәсекелестік қабілетті арттырудағы агралық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәнін анықтау;

- аграрлық саясатты жүзеге асыру құралдары мен механизмдерінің іс жүзінде қолданылу барысын анықтау;

- аграрлық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесін саралау;

- республиканың аграрлық секторының қазіргі жай-күйіне баға беру;

- индустриялық-инновациялық стратегияның аграрлық секторда жүзеге асу барысын талдау;

- шағын индустрияландырудың ауылдық аудандардағы беталысын айқындау;

- аграрлық саясатты жүзеге асыруды жетілдіру жолдары мен бағыттарын ұсыну.

Осы міндеттерді шешу үшін бітіру жұмысын жазу барысында Казақстан Республикасындағы аграрлық сектордың дамуын сипаттайтын көптеген статистикалық мәліметтерге сараптау жасалынып, солардың негізінде ауыл шаруашылығының даму барысы айқындалды. Сонымен қатар аграрлық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу арқылы оның мүмкін болатын тұстарын Қазақстанда қолдану жолдары көрсетілді. Ең негізгісі осылардың барлығын жинақтай отырып, аграрлық саясатты жүзеге асыруды жетілдіру жолдары мен бағыттары айқындалды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 98 бет көлемінде жазылды және ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 16 кестеден, 13 суреттен, 2 қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының аграрлық саясатын қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылады. Осы мақсатта аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі қарастырылды. Аграрлық саясаттың негізгі құралдары мен механизмдеріне талдау жасалынды.

Екінші бөлімде республика аграрлық секторының қазіргі жағдайына сипаттама беріліп, оны Жамбыл облысының аграрлық секторының қазіргі жай-күйіне және осы облыстың Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы саласына талдау жасаумен ұштастырдық.

Үшінші бөлімде алдағы тараулар нәтижесін саралай келіп, Республикада аграрлық саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары ұсынылды, оны жүзеге асыру механизмдері ретінде баға, салық, несие механизмдері қарастырылды.

1. ЭКОНОМИКАНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды

мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәні

Ауыл шаруашылығы - адамзат тіршілігінің, кез келген қоғам экономикасының, яғни барлық өндірістің негізі. Егер де өндірісті бір айға емес тек бірнеше күнге ғана тоқтаған жағдайда қоғам өмір сүруін тоқтатқан болар еді. Ендеше ауыл шаруашығы - материалдық өндірістің ерекше саласы. Халықтың өмір сүру деңгейі мен дамуына байланысты. Кез келген мемлекеттің дамуы - өркениетке қол жеткізуі оның өз халқын тамақтандыру қабілетімен анықталады. Адамзаттың өмір сүруі үшін алдымен тамақтану, түрақ - жайын жасау және киіну қажет. Аксиомаға айналған бұл тұжырымның - үш мәселенің астарында - аграрлық өндіріс жатыр. Ғылымның даму жолына көз салар болсақ, ХҮІІІ ғасырда пайда болған физиократтық ілім ауыл шаруашылығын ұлттық байлықтың негізі деп таныды. Физиократизм грек тілінен аударғанда «рһізіз» - табиғат, «кгаіоз» - билік мағынасын білдіре отырып ауыл шаруашылығының үстемдігін жақтайтын ілім /1/. Оның негізін қалаушы Франсуа Кэне адамдар үшін ең тиімдісі - жерді игеру ісі деп жазды. Ол алғаш рет қоғамды жер иеленушілер, жер өңдеушілер табына және экономиканың басқа саласына қамтылғандарға жіктеді. Оған қоса көрнекті ағылшын экономисі У. Петтидің «еңбек - байлықтың ағасы, жер оның анасы» - деп тұжырымдауы жермен тікелей байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің аса маңыздылығын білдірсе керек. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастар өндірістің табиғи, ұдайы өндірілмейтін факторларына байланысты ерекшеленеді. Жердің ұдайы өндірісі оның табиғилығы себебінен мүмкін емес.

Ауыл шаруашылығының ерекшелігі - ондағы экономикалық қатынастар жер иесі мен оны пайдаланушылар арасында жүзеге асатындығы. Жер иелену - жерге меншік иесі құқығын білдіреді. Ал меншік мәселесі ерте заманнан бүгінгі күнге дейін аса күрделі экономикалық, құқықтық категория болып есептелінеді /2/.

Біздің эрамызға дейінгі ҮІ ғасырда Үндістанда үстемдік еткен «Ману заңдары» меншік құқықтары мен қатынастарын реттеген.

Ежелгі грек философы Демокрит жеке меншікті адамзаттың күнкөрісі үшін болатын табиғи күресінің қажетті шарты ретінде қарастырды. Платон меншіктің біртұтас, әрі тұрақты болуына үлкен мән беріп, қоғамдық меншікті, жер мен мүліктің ортақ болуын жақтады. Августин жеке меншік - түрлі қақтығыстар мен қайшылықтарға себеп болады деп есептеді. У. Петтидің ілімі бойынша еңбек нәтижесіне иелік ету маңызды, яғни меншік шаруашылық қызметінің жоғары өнімділігін ынталандырады /3/. Ал А. Смиттің пікірі бойынша ел байлығы жеке меншіктің дамуы арқылы жасалады /4/. К. Маркстің ілімінде өндіріс құралдарын күштеп мемлекет иелігіне алуға дейін қатаң мемлекеттік бақылау идеясы негізгі мәселе /5/.

Маркс негізгі еңбегі Капиталдың 3-ші томының «Үстеме пайданың жер рентасына айналуы» атты 6-шы бөлімінде «жер меншігі адамдардың белгілі бір жер бөлігіне өз еркіне ғана бағынатын ерекше сала ретінде билік ету монополиясына жол ашады» дейді /6/. Яғни меншік - әр адамның жеке үстемдігін тудырады. Олай болмас үшін Д. Эйнштейн: «Жер - мемлекеттің меншігінде болуы тиіс, оны жеке адамдарға немесе ұжымдарға пайдалануға иелік етуге және билік жүргізуге болады» дейді /7/. Бірақ барлық операцияларды мемлекет толық реттеп отырады.

Белгілі экономист ғалым А. В. Чаянов жер иелену жөнінде келесідей пікірлерін білдірген:

  1. Жер - бүкіл халық иелігі.
  2. Жер - мемлекет меншігі.
  3. Жер иесі - жергілікті билік органдары.
  4. Жер салығы - жер рентасына тең, яғни бірыңғай сала.
  5. Жер иеленуді мемлекеттік реттеу жүйесі жерге жеке меншікті жоймайды, бірақ жерді емін - еркін сату, сатып алу жүйесі жойылады /8/.

Мұндай, бір-біріне қарама-қайшы және астасып жатқан ғылыми тұжырымдардан туындайтыны - жер және меншік категориясы қоғам дамуының, оның ішінде әсіресе ауыл шаруашылығының басты ерекшелігі, аса өзекті мәселелер бастауы. Жерді ешкім де өз қолымен жасаған емес - ол табиғаттың сыйы, сондықтан ешкім де оны шексіз пайдалану, сату, сатып алу құқығына ие бола алмайды.

Қазақстан ауыл шаруашылығының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар:

  • ауыл шарушылық өндірісі, оның ішінде мал шаруашылығы - жергілікті халықтың ата кәсібі, бұл ерекшелік елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлін анықтауы тиіс. А. Смиттің абсолюттік артықшылық теориясына негізделген еңбек бөлінісінің, маманданудың тиімділігін басты назарға алар болсақ Қазақстан әлемдік нарыққа «қонақ» ретінде қосылмай аграрлық өндірісін бағыттануына толық мүмкіндік бар;
  • тарихи тұрғыдан алғанда Қазақстанда жер жеке меншік пен сату - сатып алу объектісі болған емес. Бір жағынан алғанда бұл экономиканың ең басты саласы ретінде жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізу үшін қажетті алғышарт болды. Екіншіден, бұл түрі жыл мезгілдерінде мал жайылымдарын қолайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіріп, тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Шаруашылық жүргізу тәсілінің өзі жазды - жайлауда, күз - күзекте, қыс - қыстауда өткізуді талап етеді. Кез келген тіршілік иесі - жан-жануар, құстың да үнемі қозғалыста болу қажеттігі табиғи - заңды құбылыс. Әрине, оларды қолда асырап - бағып, бордақылау да - шаруашылық жүргізу тәсілі, бірақ бұл қосымша тәсіл. Мал мен құстың барлық түрінің өз аяғымен жүріп жайылуы - ғылыми негізделген табиғи қажеттілік. Мысалға, ірі қара малының, сиырдың күніне бірнеше шақырым жүріп жайылуы оның сүттілігін арттыруға негіз болса, ал ешкі малының үнемі қозғалыста болуы оның құнарлы азықты таңдап қоректенуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде ет, сүтінің медициналық тұрғыдан алғанда адам организміне өте пайдалы болатындығы белгілі. Сондай - ақ қолдағы асыранды қоян етінен дала қоянының еті әлдеқайда дәмді. Себебі үнемі қозғалыста болу - қан айналымының, тіршіліктің, саналы дамудың негізгі көзі.
  • Республикамызда шаруашылық жүргізу тәсілдері Үкіметтің жоғарыдан күштеп ұжымдастыру (1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін) және жаппай жекешелендіру саясаттары арқылы (1993-1995ж. ж. мемлекет иелігінен алу және жаппай жекешелендіру бағдарламалары бойынша) қалыптасты.

Қазақстан экономикасы қарама -қайшылығы мол бір жүйеден екінші жүйеге өту сатысының күрделі кезеңдерін бастан кешіруде. Бұл тұста экономиканы дағдарыстан шығару мәселесін шешу - бірінші кезекте болды. Өйткені қоғамдағы кез келген саяси реформаны халық әлеуметтік жағдайларын жақсарту арқылы қабылдайды. Нарықтық экономикаға өтудің алғашқы жылдарында экономикалық реформаны қандай салаларды көтеруден бастау қажет? - деген орынды сұрақ туындады. Өйткені мемлекет экономиканы реттеуде алдымен осы мәселені анықтап алуы қажет.

Егер әлемдік экономика тарихына сәл көз жіберер болсақ АҚШ сияқты дамыған елдер де кезінде шамамен әрбір 10 жыл сайын қайталанып тұратын циклдік дағдарыстарды бастан кешірген. Солардың ішінде ең ірісі 1929-1933 жылдары көптеген елдерде өнім өндірісінің екі есе қысқарып, әрбір төртінші адамның жұмыссыз болуына әкеліп соққан. Осындай жағдайларда АҚШ-та президент Рузвельттің «жаңа бағыттары» жарияланып, мемлекеттік шаралар, батыл жүргізіле бастаған /9/. Сол уақытта Рузвельтке ірі өнеркісңп орындарының (машина жасау, темір балқыту салаларының) өкілдері өздеріне емес өз өнімдерін фермердің сатып алуы үшін ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету жөнінде өтініш жасайды. Ал ғылым саласында 1936 жылы белгілі экономист Д. М. Кейнстің мақсатты бағытталған мемлекеттік шаралардың қажеттілігін ғылыми негізделген еңбегі шықты. Онда мемлекеттің экономикаға белсенді түрде араласуы қажеттілігінің әсіресе дағдарыс жағдайында қатаң мемлекеттңк реттеудің теориялық негіздері қаланды. Кейнс теориясы бойынша қоғамда инвестиция ретінде жұмсалатын мемлекеттік шығындарды арттыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға, қоғамдық жұмысьарды ұйымдастыруға, нәтижесінде жұмыссыздықты қысқартып, ұлттық өндірісті көтеруге мүмкіндік туады. Мемлекет - адамдардың әлдеқашан атқарып жатқан ісін емес, олар мүлде айналыспайтын, бірақ оған мұқтаж болып отырған істі меңгеруі тиіс. Мемлекеттік реттеудің қажеттілігін айқындайтын ондай істерге келесідей бірқатар мәселелерді жатқызуға болады.

Экономикалық қатынастардың заңды - құқықтық негіздерін жасау арқылы мемлекет нарықтағы тауар өндірушілер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауы тиіс /10/. Тауар өндірушілерге қатысты - меншік иесі құқығын, кәсіпкерлікті, бәсекелстікті қорғайтын және монополияға қарсы әрекет ететін заңдар шығару қажет болса тұтынушылар мүддесін қорғау мақсатында тауар сапасын қадағалау, сапасыз тауарлар мен жалған ақпараттар саудасын шектеу қажет. Сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында да кейбір тауарлар мен қызметтер бағасын мемлекеттік реттеу - объективті қажеттілік болып табылады. Бағанаң төменгі деңгейін белгілеу арқылы мемлекет тауар өндірушілердің зиян шекпей, өндірістік шығындарын өтеуін қамтамасыз етсе, бағаның жоғарғы деңгейін белгілеу арқылы тұтынушыларды қолдайды.

Кез келген қоғамда мемлекет экономиканы тұрақтандыру және өзгеріп жатқан жағдайларға бейімдеу мақсатында реттеу шараларын жүзеге асырады. Қазақстанда 1990 - 2000-шы жылдар аралығында - нарыққа өтудің алғашқы онжылдығында Үкімет өндірістің құлдырауы, жұмыссыздық сияқты дағдарысты құбылыстарды жоюмен айналысты. Сонымен қатар нарықтық орта құру мақсатында меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі жүргізілді /11/.

Нарықтық жүйеде мемлекет аса ірі жұмыс беруші, тауар өндіруші және тұтынушы болып табылады. Кейбір жағдайларда нарық белгілі бір қоғамдық тауарлар өндірісін қамтамасыз ете алмайды немесе тиімсіз болғандықтан онымен айналыспайды. Сондай жағдайда нарыққа тиімсіз, бірақ қоғамға қажетті тауарлар өндірісі мен қызметтер көрсету ісін мемлекет ұйымдастыруы тиіс. Ауыл шаруашылығында бұл - ғылыми зерттеу жұмыстарына негізделген асыл тұқымды мал шаруашылығы мен тұқым шаруашылығын қолдау, мал індеті және өсімдік зиянкестерімен күрес, табиғатты қорғау шаралары, мелиоративтік жұмыстар, ауылдық инфрақұрылымды дамыту және құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыру тектес шаралар.

Таза нарықтық механизмдер халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген бөлігін әрдайым және толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бұл тұста мемлекеттің трансфертік функциясы, яғни ұлттық табыстың бір бөлігін халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобының үлесіне бөлу аса маңызды. Мемелекеттің бұл функциясы әлеуметтік реттеу мәселелеріне жатады және экономикалық функцияларымен тығыз байланысты.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін трансакциялық шығындарды тауар өндірушілердің нарықтық қатынастар негізіндегі қосымша шығындарын қадағалау мен азайтудың да үлкен мәні бар. Бұл мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Сондай-ақ тиісті мекемелерде тауар өндірушілерді тіркеу, лицензиялау сияқты басқа да шараларға жұмсалатын шығындарды мейлінше азайту - одан арғы кәсіпкерлік қызметті дамытуға мүмкіндік туғызуы керек/12/.

Нарықтық әкономика нарық субъектілерінің еркіндігін білдіреді. Әрбір тауар өндіруші барынша аз шығын жасап жоғары пайда табуды көздейді, ал қоршаған ортаға тигізетін әсері, әсіресе келтіретін зиян ескеріле бермейді. Экономиканың басты мәселесі - шектелген әрі сирек кездесетін ресурстарды тиімді пайдалану арқылы адамдардың шексіз қажеттіліктерін қамтамасыз етуде мемлекет субъектілерінің сыртқы ортаға зиянды әсер етуін реттеуі қажет. Ауыл шаруашылығында бұл ең алдыммен жер қатынастарын - жерді өңдеу, топырақ құнарлылығын сақтау және орман, су ресурстарын қорғаауға байланысты. Өндірістің қалдық, лас суларын өзенге ағызу, ауаны улы газдармен ластану сияқты әрекеттерін мемлекет әкімшілік және экономикалық әдістермен реттейді 13/.

Ауыл шаруашылығының жоғарыда аталған ерекшеліктері мен ретеуді қажет ететін мәселелері мемлекеттің аграрлық саясатының негізі болып табылады. Мемлекеттік саясаттың тиімділігі келесідей мәселелердің шешіміне байланысты болады:

  • елдің ресурстық, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қамтамасыз ету;
  • азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі мен санасына тікелей әсер ететін еңбекті жандандыру;
  • еңбек жағдайын, өнімділігін, әлеуметтік нәтижелілігін және адамдардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету.

Егер де осы аталған мәселелер тиімді шешілсе онда мемлекет саясатының тиімді болғаны.

Голландиялық экономист Ян Тинберген кез келген мемлекеттің дамуын айқындайтын экономикалық саясаттың келесідей сегіз бағытын қарастырған: мелекетті кшығындан көлемі, нақты жалақының өзгеру қарқыны, жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі, табыстарды бөлу, инвестиция көлемі, жиынтық сұраныс, өндіріс көлемі және төлем балансы кірістер ме шығыстар айырмашылығы /14/. Экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің аграрлық саясатының да негізін осы мәселелер құрайды.

Ауыл шаруашылығы мен азық - түлік мәселесі мемлекет саясатының әрдайым маңызды бағыттарының бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазақстандағы аграрлық құқық
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу
Дамыған елдердегі нарықтың түрлері және инфрақұрылымы
Қазақстандағы агробизнес
Экономикадағы интеграциялық процестер
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ КЕҢЕУІ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz