Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА және ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРң

ФАКУЛЬТЕТІ

«ЭКОНОМИКАң КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Нарық жағдайында өнімнің сапасын басқару (Кәсіпорын мысалында) ң

520830 «Экономикаң (бакалавр) мамандығы күндізгі бөлімнің 4 курс студенті

ҚАСЕНОВА АЙНҰР ТӨРЕХАНОВНА

Ғылыми жетекші:

оқытушы ГАЛИНОВА А. Т.

Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдына қорғауға жіберілді

Экономика кафедрасының

меңгерушісі, э. ғ. к. профессор СЕЙДАХМЕТОВ А. С.

Алматы, 2005

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 6

1. 1. Нарық жағдайында өндірілетін өнім сапасының ұғымы, мағынасы . . . 6

1. 2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы . . . 12

1. 3. Өндірілетін өнім сапасына әсер ететін факторлар, олардың жіктелуі . . . 23

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕУШІ ӨНДІРІСТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ . . . 30

2. 1. «Қызыл Жарң өндірістік кооперативінің экономикалық жағдайын талдау . . . 30

2. 2. Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау . . . 47

2. 3. Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау . . . 56

3. ӨНІМНІҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 62

3. 1. Өнімнің сапасын көтерудің ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері . . . 62

3. 2. Өнімнің сапасын көтеруде кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіру жолдары . . . 65

3. 3. Өнімнің сапасын көтеруде инновация, маркетинг жүйелерін жетілдіру жолдары . . . 71

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80

ҚОСЫМШАЛАР . . . 81

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығы өндірістері «Қазақстан-2030ң стратегиясында көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: Тек шикізатқа ғана бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы жүріп барады.

Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.

Осы факторларды есепке ала, дипломдық жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым. Дипломдық жұмыс обьектісі болып «Қызыл Жарң ӨК-і табылады.

Міндеттері ретінде :

− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;

− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;

− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;

− «Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;

− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;

− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.

Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнімнің сапасын арттырудың мәні анықталады. Өнім сапасына әсер ететін факторлар анықталып, олардың өндірілетін өнімнің сапасындағы атқаратын қызметі, сондай-ақ олардың түрлері, олардың түрлерінің сапаның атқаратын ортасына қарай топталып, жіктелуіне толық сипаттама беріледі.

Екінші тарауда ауыл шаруашылығыны өнімдерін өндіру саласында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары қарастырылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің бәсекелік көрсеткіштеріне талдау жасалады. Мұнда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттарына сүйене отырып өнімді сұрыптарға бөлу, «Қызыл Жарң ӨК-мен өндірілген өнімнің сапасын, сондай-ақ мысалдағы кәсіпорынды есепті ретінде алып осы аудандағы дәл осы қызметпен айналысатын бірнеше кәсіпорындарды салыстырмалы бәсекелестер ретінде алып, жергілікті тұрғындардан, басқа да өңдеуші кәсіпорындардан анкеталық сұраулар жүргізу арқылы негізгі өнімнің сапасына бірқатар маркетингтік талдаулар жасалып зерттеулер жүргізілді.

Үшінші тарауда өнімнің сапасын арттыру бағыттары келтірілген. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет етуші кәсіпорындар шаруашылығымен облыс ауқымында танысып, астық егумен айналысатын әр ауданның табиғи-экономикалық жағдайларының қолайлылығына байланысты алынатын дәнді дақылдардың сапасын, түсімділік мөлшерін, бәсеке қабілеттілігін арттырып, астықтың өзіндік құнын төмендетуге, еңбек, жер, су, тыңайтқыш ресурстары мен техникалық құралдарды рационалды пайдаланып, ұсынылған арнайы технологияларды қолдану барысында оң нәтижелерге жететіндігі жөнінде мысалдар келтірілген. Сондай-ақ өндірістің өндірілетін өнімнің сапасын арттыудағы : ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктер, яғни бір-бірімен тығыз байланысты халық шаруашылығы салаларындағы шаруашылық етуші нарық субьектілерінде (ауыл шаруашылығы - өңдеуші кәсіпорындар - тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары - текстильдік өнеркәсіп кәсіпорындары және т. б. ) тізбектелген байланыс жүйесін құрудың тиімділігі; өнімнің сапасын көтерудегі кәсіпорындардың өзара байланыстарын жетілдіруі; ауыл шаруашылығы өндірісіндегі инновация, маркетинг жүйелерін жақсарту жолдары туралы сөз болады.

Зерттеудің әдістемелік негіздеріне Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жолдаулары, статистика мәліметтері, сапаны басқару тақырыбында ой қозғаған шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және мамандардың ой-пікірлері мен еңбектері қолданылады.

1 . НарыҚтыҚ жаҒдайда ӨнімніҢ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ теориЯлыҚ мӘселелері

  1. Нарық жағдайында өндірілетін өнімнің сапасының ұғымы, мағнасы

XXІ ғасыр цивилизациялық дамуда сапаның барлық салалары: еңбек сапасы, қызмет және өнім сапасы, қоршаған орта сапасы және т. б. жоғары сапа ғасыры болуы керек. Қазіргі замандағы нарықтық қатнастар жағдайында кәсіпорынның сәтті және бәсекеқабілетті қызметі көбінесе оның өндіретін өнімінің сапасына тәуелді.

Сапа - бұл белгіленген және болжанатын сұранысты қанағаттандыра алатын объектінің сипаттамаларының жиынтығы.

Сапа түсінігі: құжаттандырылған процедуралар негізінде үрдістерді басқару; тұрақты тұтынушылармен өзара тиімді әріптестік негізінде өткізу нарықтарын жаулап алу; бәсеке қабілетті өнім ұсыну арқылы жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты қызметтің барлық түріне таралады. «Сапаң - бұл өндірілген өнімнің емес тапсырыс берушінің қайтып келуі. Өндірілген өнімнің сапасын анықтайтын факторлар болып тапсырыс берушінің сұранысына икемделу, кәсіпорынның әрқашан оны ескеріп ал іс жүзінде оны риза қылу табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде мәселелерді тиімді шешу құралы болып сериясы 9000 ІSO стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ендіру табылады.

Бүгінгі таңда жердің барлық түкпірінен Қазақстанға көптеген және әрдайым сапалы емес тауарлар ағылуда, бұл жағдайда тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау және ақпарат қажет. Алматы стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының директоры Есбергенов Базарбай Сейілхановичтің айтуы бойынша, сапа бүгінгі таңда өнімді, жұмысты және қызметті бағалаудың негізгі критериі ол - әр адамның және жалпы қоғамның өмір сүру деңгейін анықтайды. Сапа жоғарғы стандарттың индикаторы секілді, өнім өндіруші өзінің өнімін жарнамалау кезінде оның сапасы жайында сөз қозғайды. Сапа әр кезде әсіресе қазіргі нарықтық экономикаға өту кезеңінде өткір мәселе болуда. Елімізде өндірілетін өнімнің көп бөлігі импортталатын тауарлармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан отандық кәсіпорындар көптеген қиындықтарға кездеседі. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, қиындықтардан шығуға негізгі жол ашатын құрал бұл - сапа.

Өнім сапасы - бұл кәсіпорын қызметінің айнасы, осы айнадан қолданылатын техника, технология және басқарушылық деңгейін анық көруге болады. Өнімнің сапасы - маңызды экономикалық категория, сонымен қатар өнімнің өзіндік құны, табыс, рентабельділік және т. б, сияқты экономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Өнімнің сапасын арттыруды түрлі аспектілерде сондай-ақ макро және микро деңгейде қарастыру керек.

Өнімнің сапасын көтеру:

- өткізілетін өнім және қызмет көлемін ұлғайтуға;

- экспорт құрылымын жақсартуға;

- ҒТП-ті және басқаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өнімнің сапалылығының жоғары деңгейі мемлекет үшін: ҒТП-тің жеделдеуі, экспорттың ұлғайтуы, жаңа өткізу нарықтары мен гүлдену. Ал, нарықтық қатынастар жағдайында, әрдайым сапалы өнім өндіру кәсіпорын үшін өте маңызды, ең алдымен ол кәсіпорын имиджінің қалыптасуына септеседі.

Жоғары деңгейлі имидж, бұл - танымалдылық және сенімділік, сатып алушылардың фирмаға, оның тауарына, қызметіне, тауарлық белгісіне, жарнамасына, фирмалық стиль атрибуттарына оң және тұрақты көзқарасының қалыптасуына себеп болады.

Қазіргі таңда біз экономиканың әр саласында, әлемдік және Қазақстандық нарықтарда мықты да танымал көшбасшы орындарын иемденетін көтеген шетелдік фирмаларды көреміз. Олар: Adіdas, Nіke, PHІLІPS, SONY, Nokіa, Coca-Cola және де басқа көптеген фирмалар.

Сонымен кәсіпорында сапа мәселесін шешу - оның сатып алушылар алдындағы жоғары имиджі, сыртқы нарыққа шығу, өнімнің сапасын тұрақты

қылу жоғары деңгейде табыс табуға негіз болады.

Өндіріс технологиясы мен адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапа рөлі мен маңызы үнемі өсіп отырады. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр.

Сыртқы нарықты зерттеу: Сыртқы нарықты зерттеу

1 сурет - Тауардың бәсекелік қабілетін бағалаудың типтік сызбасы

Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі - тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің маңыздысы.

  1. Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:

− бағаның негізгі бәсекелестердің бағасымен салыстырылуы;

− сұраныс пен ұсыныс қатнастарына байланысты, бәсекелестер саясатына байланысты бағаны дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;

− жеңілдіктер жүйесінің тұтынушыларды тартуы;

  1. Өнім сапасы :

− өнімнің техникалық-функционалдық қасиеттері;

− қосымша пайдалылықтың болуы;

− өнімнің танымалдық деңгейі;

  1. Өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:

− өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;

− жарнаманың тиімділігі;

− қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.

Өнімнің сапасы саласындағы атақты американ маманы А. Фейгенбаум өзінің «Өнімнің сапасын бақылауң атты кітабында: қызметтің немесе өнімнің сапасы мағынасын, оның пайдалану кезінде сатып алушының талаптарына толықтай жауап беру жолымен қызметтің немесе өнімнің техникалық, технологиялық және эксплуатациялық мінездемелерінің жалпы жиынтығымен анықтауға болатындығын түсіндіреді. Ары қарай автор қызметтің немесе өнімнің сапасын анықтаушы, басқа емес, ал нақ осы тұтынушы екендігін атап өтеді. Кейбір отандық мамандар өнімнің сапасын ғылыми-техникалық прогресстің айнасы деп те атайды. Өнімнің сапа деңгейі оның сапасының көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Ол үшін осы әр көрсеткіштің сандық мағынасын біле отырып, салыстыру үшін есепті өнім ретінде алынып отырған тауардың сәйкес көрсеткіштерімен салыстырылады.

Сапа көрсеткішін анықтаудың негізгі міндеті болып оның сандық мағынасын табу есептеледі. Ол үшін практикада өнімнің спецификасына байланысты келесі әдістер қолданылады:

- Өлшеу әдісі - приборлар мен құралдардың көмегімен анықталады;

- Тіркеу әдісі - белгілі бір жәйттер (мәселен: сынақ кезінде теріс нәтиже) немесе заттардың (мәселен: стандартталған, унифицирленген немесе патентпен қорғалған әмбебап) санын есептеу мен тіркеуге негізделген. Тіркеу әдісі арқылы сенімділікті, патентті-құқықты, стандарттау, унификациялау секілді көрсеткіштерді анықтауға болады;

- Есесптеу әдісі - өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы математикалық моделдерді пайдалануға негізделген;

- Органолептикалық әдіс - адамның сезім мүшелерімен: көру, есту, дәм сезу, ұстап көру және т. б. сияқты қабылдауын талдауды қарастырады. Табылған мәндердің туралығы мен растығы оны анықтаушы тұлғаның квалификация, анықтау қабілеті, кәсіпқойлық деңгейіне байланысты;

- Социологиялық әдіс - барлық тұтынушылар желісі бойынша ақпарат жинап, талдау жасау арқылы жүргізіледі. Өнімнің техникалық деңгейі және өнімнің сапа деңгейін неғұрлым терең түсінік ретінде қарастырады;

Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.

Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Атап айтқанда: сапа бағдарламасы, «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003 жж, арналған бағдарламасың, «Сертификаттау туралың, «Стандарттау туралың, мақсатты-отандық өндірушілерді демпингті тауарлар нәтижесінде қалыптасқан теріс пиғылды бәсекеден қорғау болып табылатын «Демпингке қарсы шаралар туралың, «Теріс пиғылды бәсеке туралың, ішкі нарықты, шет мемлекетпен субсидияланатын импорт тауарларын жеткізушілер тарапынан теріс пиғылды бәсекеден қорғануға бағытталған «Субсидиялармен орын толтыру шаралары туралың және Президентіміз бен Үкіметтің тиісті атқарушы органдар мен жергілікті әкімшіліктер алдына қойып, орындалуы соңғы 2-5 жыл ішінде көзделген, қысқа және орта мерзімді страгтегиялық даму бағдарламалары, басқа да жекелеген бағдарламалар мен заңдар жатады.

Сапа Республикалық бағдарламасының негізгі мақсаттары мен қызметтері келесідей :

− өнімдер мен қызметтер сапасы саласында мемлекеттік басқаруды құқықтық қамтамасыз ету, жетілдіру;

− басқару нысандары мен әдістерін жетілдіру;

− отандық өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыруға бағытталған ҒТП жетістіктерін енгізу;

− өнімдер мен жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сетификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға көшу;

− стандарттау, метрология мен сертификаттау саласында кадрларды дайындау;

− сапаны артыру саласында іс-шаралар ұйымдастыру мен насихаттау.

Ішкі факторларға кәсіпорын деңгейіндегі шаралар, білікті менеджмент, сапа үйірмелері, жақсы қалыптастырылған кадрлық саясат және т. б. жатады.

Бәсекелік қабілетті қамтамасыз етуде ХХ-ғасырдың 80-ші жылдары сапаға деген талап шешуші болды. Сатып алушылардың 80%-ы өнімді әлемдік нарықта сатып ала отырып, бағасынан гөрі сапасын қалайды. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілетін талдауда сапа көрсеткіштерін талдаудың маңызы зор :

− функционалдық қасиеттер тұтыну затының өз мақсаттық бағытына сәйкес келуін көрсетеді. Олардың негізгі функцияларының, көмекші операциялар мен қосымша операциялардың дәл орындалуын көрсетеді.

Мысалы, кір жуғыш машинаның функционалдық қасиетіне оның кір жууын жатқызамыз. Көмекші функциялар - электронды сағаттарда калькулятордың болуы;

- әлеуметтік арналымы тауардың әр-түрлі халық тобына арналғандығы;

- эргономиялық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі ыңғайлылық пен комфорт, яғни адамға физикалық, психологиялық ауыртпалық түсірмеу. Мысалы, автомобильде басқару жүйелерінің орналасуы және т. б.

- эстетикалық қасиеттер тауардың көңілге аларлықтай ерекшеліктер арқылы қоғамдық құндылыққа ие болуы. Мысалы, сәнді киім, әдемі ыдыс-аяқ және т. б.

Poole computer компаниясының тек түсімен ғана ерекшеленетін жаңа компьютер шығаруы, итальяндық Zanussі фирмасының әр-түсті асхана жихазын шығаруы.

- экологиялық қасиеттері, бұл тауарды қолдану қоршаған ортаға қаншалықты зиян болғандығымен анықталады. Мұнда тек тұтыну заты ғана емес, сақтау, тасымалдау және т. б., үрдістер ескеріледі. Мысалға кір жууға арналған ұнтақтың биологиялық тазалығы, аэрозольді заттардың ауаға әсері және т. б.

- гигиеналық қасиеттер тауардың тұтыну кезіндегі адам ағзасына, жұмыс жасау қабілетіне кері әсер етпеу мүмкіндігі. Олар жарықтылық, вентиляция, температура, ылғалдылық деңгейі және т. б.

- тауардың тұтынудағы сенімділігі, яғни тұтыну кезіндегі өзінің негізгі ерекшеліктерін сақтап қалуы. ұзақ мерзім қолданылуымен, сақталымдығымен, жөндеуге жарамдылығымен т. б. -мен анықталады. Мысалы, матаның сенімділігі жуғанда өз түсін сақтап қалуы.

1. 2. Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында өнімнің сапасын көтерудің маңызы

Қазақстан 1996 жылы Ұйымға кіру туралы жариялы мәлімдеме жасап БСҰ-ның құрамына тіркеле бастады. Осы жылдың ақпанынан бастап елімізге бақылаушы статусы берілді. Сонымен қатар еліміздің БСҰ-ға кіруі үшін Қазақстанның барлық сауда жөніндегі әріптес мемлекеттермен жұмыс тобы құрылды. Бұл топ құрамына: Қазақстан мен оның сауда ұйымына кіру жағдайын талқылауға ниет білдірген 36 мемлекет (АҚШ, ЕО, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай және т. б. ) кірді.

Министрліктердің жариялы құжаттарды дайындауы, келіссөздер жүргізуіне және де басқа принципиальді негіздегі мәселелерді шешуі үшін ведомства аралық комиссия құрылды. Комиссия негізінен кедендік-тарифтік саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу секілді сауалдарды қарастырады.

1996 жылдың шілдесінде Қазақстан сытрқы сауда режимі туралы мемарандумын және басқа да құжаттарды (заңдыпроектілік жұмыстар жоспарын, субсидиялау жөнінен ақпараттар, жекешелендіру, салық салу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттау және сертификаттау, интелектуалдық меншікті қорғау және т. б. ) жұмыс тобы мүшелерінің қарауына жіберді. Осы уақыт аралығында Республикадағы сыртқы сауда режимі және заң шығару базасы талқыланған бес отырыс болып өтті.

Қазақстанның БСҰ-на кіруіне қоғамның көзқарасы әртүрлі.

БСҰ-на кірудің позитивті факторлары:

- Қазақстан тауарларына БСҰ-на мүше елдердің нарықтарына шығу мүмкіндігі, яғни өткізу нарықтарының кеңеюі. Қазақстан тауарлары БСҰ-на мүше елдермен тең құқықтылығы, елімізден экспортталатын тауарларға саны мен көлеміне шектеу қойылмауы, антидемпингтік және басқа да дискриминациялық мінездегі салымдардың болмауы;

- Халықаралық стандарттарға сай қолайлы және транспорентті ішкі заң ортасын құру;

- Шетел инвестицияларын, өңдеуші өнеркәсіпке ноу-хау мен жаңа технологияларды тартуда бірігіп қызмет ету;

- Тұтынушыға ұсынылатын тауардың көлемі мен сапасын арттыру;

- Экономикалық өсуді ұзақ мерзімді сауда саттық жоспары негізінде ынталандыру және т. б;

Атап өтетін жайт, позитивті эффект БСҰ-на кіргеннен бастап емес, ал келешекте байқалады.

БСҰ-на кірудің негативті факторлары:

- Көпжақты келіссөздер негізінде неғұрлым ауқымды өндірушінің позициясы мен көзқарастарының қолдау табуы;

- Саудада кей жағдайларды ескермегенде, көлемдік шектеудің болмауы;

- Тауар мен қызмет сату аясын реттеуде жаңа шаралар енгізудің шектеулілігі;

- Бәсекелестіктің күшеюі және экономиканың неғұрлым сезімтал секторлары жағдайының нашарлауы. Бұл бірінші кезекте ауылшаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті, қызмет саласының жекелеген секторларын қамтиды.

Мемлекетіміздегі ауылшаруашылық секторының жете дамымағандығы барлығымзға бірдей белгілі бола бермейді. Экономиканың көп секторы қалаға немесе негізгі ақша айналым орталықтарына бағытталған. Еліміздегі ауылшаруашылығында бәсекелестік орта жете дамымаған, шетелмен (ЕО, АҚШ және т. б. ) салыстырғанда мүлде дамымаған деп айтуға болды.

Осыны негізге ала отырып Президентіміз Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер алдына келесі 2006 - 2007 жылдары орындалуға бағытталған мәселелер жиынын қойды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері жайлы
Өнім сапасы және оның бәсекеге жарамдылық
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтеру
Нарық жағдайында өнімнің сапасын көтерудің теориялық мәселелері
Ақауларды жөндеуге шығындар
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Өнім сапасын басқару
Нарық талабына сай мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс тиімділігі
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайлы
Халықаралық сапа
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz