Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4


1 Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4. 12

2 Ортағасырлардағы Талас өңірі қалалары мен елді мекендер жазба деректерінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.21
Баяндама жұмысының өзектілігі: Қазақстан жеріндегі және Орта Азия елдеріндегі отырықшы елді мекендер мен қалалардың дамуын зерттеу, археология ғылымында аса маңызды мәселелердің бірі. Қазақ тарихында зерттелмей, тың жатқан тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі орта ғасырлардағы қалалар тарихы. Талас өзені өңтүстік қазақ даласын басып өткендіктен көптеген қалалар бой көтеріп, ірі мәдени ошақтар қалыптасты. Бұл өңірде қадым замннан бастап-ақ мекендей бастаған дала тайпаларының кейініректегі түркі-қыпшақ, моңғол қосындыларымен біте қайнасқан, түп-тамыры бірегей, орта ғасырлардағы түркі-араб-парсы рухани жетістіктерімен жалғасқан өзіндік көне мәдениеті болғанын, сол заманғы ойшылдардың еңбектері дәлелдей түседі. Олар: - Әбу Нәсір әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йасауи, Махмұт Қашғари, Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри т.б. Әбу Нәсір әл-Фараби – Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», «Шығыстың ұстазы» атанған ғұлама ойшылдарымыздың ішінде көренкті орын алады \1\.
Қазіргі таңда Талас өңіріндегі ескерткіштер дүние жүзінің көптеген мемлекеттеріндегі туристердің назарын өзіне қатты аударып отыр. Оларды әсіресе Тараз қаласындағы Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун архетиктуралық сәулет ескерткіштері ерекше қызықтырады.
Тақырыптың зерттелуі. Археологтардың зерттеу еңбектерінде Орта ғасырлық қалалар отырықшылық пен қалалық мәдениеті тарихы көптеген ғалымдардың: П.И.Лерхтің, В.В.Бартольдтің, В.А.Каллаурдің, П.П.Ивановтың зерттеулерінде бастапқы негізі қаланды.
Сол сияқты бұл мәселелер С.П.Толстов, М.Е.Массон, А.Ю.Якубовский, П.И.Пацевич, Т.Н.Сенигева, А.Н.Бернштам А.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев, К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович, А.Е.Агеева, М.Елеуов және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қамтылып қаралды.
1986 жылы шыққан К.М.Байпақовтың жұмысында Оңтүстік Қазақстан мен Талас, Шу, Іле өңірлеріндегі ортағасырлық қалалармен елді мекендердің зерттелуі, баламалануы, даму тарихы және ерекшеліктері қарастырылып, оларға тән ұқсастықтар мен айырмашылықтар көрсетілген.
1980-1990 жылдарда Бурана, Қызыл өзен, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Тараз, Ақтөбе қалаларында кең көлемде тұрақты жүргізілген қазба жұмыстары. М. Елеуовтың «Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары» атты еңбегіне арқау болды.
Және көп жылғы ізденістер арқасында Елеуов. М. Е Шу, Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары тақырыбында Докторлық диссертация қорғады.
1. Берштам.А.Н, Таласская долина. Алма-Ата, 1942.
2. Сенигова.Т.Н Средневековый Тараз 1972
3. Байпақов.К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. Алма-Ата. 1986.
4. Елеуов.М.Е. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары. Алматы 1998.
5. Елеуов.М.Е Шу Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары. Докторлық диссертация афтореферат – Алматы, 2001.
6. Пальгов.Н.Н. Реки Казахстана. Алматы 1980.
7. Россия Полное географическое описание нашего отечества. Настаольная и дорожная книга.- Т.19. Туркестанский край. Санкт-Петербург, 1913.
8. Соболев Л.Н. Растительный покрыв и его использование\\ Казакстан. – Москва, 1969.
9. Петровский.Н.Ф. Древние арабские дорожрикик по средне-азиатским местностям, входиящим в настоящеев время в состав русских владени. Ташкент. 1984.
10. Бартольд. В.В. О христианстве в Туркистане в домонгольский период (по поводу семиреченских надписей) \\ Сочинения. Москва 1964. т.2.
11. Бернштам А.Н. Археологические работы в Казахстане и Киргизии\\ ВДИ. 1940.
12. Байпаков. К.М. Средневековые горола Казахстана на Великом Шелковом Пути. Алматы 1998.
13. Байпақов. К.М. О локализации средневековых городов Южного Казахстана.
14. Махмут Қашқари Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат ит-түрк): 3 томдық шығармалар жинағы\ Қазақ тіліне аударған алғы сөзі мен ғылыми түсінектемесін жазған А. Егеубай. Алматы: 1997.
15. Маргулан А.Х. Из мстори городов и строительного искусства древнего Казахстана. Алма-Ата, 1951.
16. Кумеков. Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источикам. Алма-Ата, 1972.
17. Винник.Д.Ф. Новые эпиграфические памятники Таласской долины\\ Археологические памятники Таласской долины:- Фрунзе, 1963.
18. Археологическая карта Казахстана, №3521.
19. Агеева Е.И., Пацевия Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. Труды института истории, археологи и этнографии Академии наук КазССР. Алма-Ата, т.5, 1958.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -4

1 Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық
мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4– 12

2 Ортағасырлардағы Талас өңірі қалалары мен елді мекендер жазба
деректерінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..13–17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .18

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .19

ҚОСЫМША
МАТЕРИАЛДАР: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..20-21

КІРІСПЕ

Баяндама жұмысының өзектілігі: Қазақстан жеріндегі және Орта Азия
елдеріндегі отырықшы елді мекендер мен қалалардың дамуын зерттеу,
археология ғылымында аса маңызды мәселелердің бірі. Қазақ тарихында
зерттелмей, тың жатқан тақырыптар жеткілікті. Солардың бірі орта
ғасырлардағы қалалар тарихы. Талас өзені өңтүстік қазақ даласын басып
өткендіктен көптеген қалалар бой көтеріп, ірі мәдени ошақтар қалыптасты.
Бұл өңірде қадым замннан бастап-ақ мекендей бастаған дала тайпаларының
кейініректегі түркі-қыпшақ, моңғол қосындыларымен біте қайнасқан, түп-
тамыры бірегей, орта ғасырлардағы түркі-араб-парсы рухани жетістіктерімен
жалғасқан өзіндік көне мәдениеті болғанын, сол заманғы ойшылдардың
еңбектері дәлелдей түседі. Олар: - Әбу Нәсір әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн,
Ахмет Йасауи, Махмұт Қашғари, Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайыри т.б. Әбу
Нәсір әл-Фараби – Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, Шығыстың ұстазы
атанған ғұлама ойшылдарымыздың ішінде көренкті орын алады \1\.
Қазіргі таңда Талас өңіріндегі ескерткіштер дүние жүзінің көптеген
мемлекеттеріндегі туристердің назарын өзіне қатты аударып отыр. Оларды
әсіресе Тараз қаласындағы Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун
архетиктуралық сәулет ескерткіштері ерекше қызықтырады.
Тақырыптың зерттелуі. Археологтардың зерттеу еңбектерінде Орта
ғасырлық қалалар отырықшылық пен қалалық мәдениеті тарихы көптеген
ғалымдардың: П.И.Лерхтің, В.В.Бартольдтің, В.А.Каллаурдің, П.П.Ивановтың
зерттеулерінде бастапқы негізі қаланды.
Сол сияқты бұл мәселелер С.П.Толстов, М.Е.Массон, А.Ю.Якубовский,
П.И.Пацевич, Т.Н.Сенигева, А.Н.Бернштам А.Х.Марғұлан, К.А.Ақышев,
К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович, А.Е.Агеева, М.Елеуов және т.б. авторлардың
еңбектерінде кеңінен қамтылып қаралды.
1986 жылы шыққан К.М.Байпақовтың жұмысында Оңтүстік Қазақстан мен
Талас, Шу, Іле өңірлеріндегі ортағасырлық қалалармен елді мекендердің
зерттелуі, баламалануы, даму тарихы және ерекшеліктері қарастырылып,
оларға тән ұқсастықтар мен айырмашылықтар көрсетілген.
1980-1990 жылдарда Бурана, Қызыл өзен, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Тараз,
Ақтөбе қалаларында кең көлемде тұрақты жүргізілген қазба жұмыстары. М.
Елеуовтың Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары атты еңбегіне
арқау болды.
Және көп жылғы ізденістер арқасында Елеуов. М. Е Шу, Талас
өңірлерінің ортағасырлық қалалары тақырыбында Докторлық диссертация
қорғады.
Сол сияқты кейбір жағдайлардағы қалалардың дамуының аспектісі
қаралып, олардың жіктелуі, құрылымы, тұрғын үй тұрақтарының өрістеуі
және сауда мен кәсібі туралы ғылыми мінездеме берілді. Байпақов К.М.
1985, 1986 1987 жылы Алматыда болып өткен дүние жүзілік ғылыми
симпозумде көшпенділер мәдениеті мен ежелгі цивилизацияның бірлестігі
туралы мәселе қаралды. Орта ғасырлық Қазақстан қалаларының мәдениетін
зерттеудегі қол жеткен келелі табыстар мен қатар, кейбір жекеленген
аудандар бойынша жинақталған мәліметтерден әртүрлі біркелкі емес пікірлер
туады.
Сондай аудандардың біріне орта ғасырлық ескерткіштерге бай Талас
өңірі жатады. Ежелгі дүниедегі байланыс сауда аймағы болып табылатын екі
мәдени саланы, егіншілік пен мал шаруашылық, қала мен даланы біріктіріп,
толықтыра дамытып өркендеп отырған. Талас өңірінің өзіне тән ерекшелігі
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындай емес, ол таулы Қаратау мен Талас
Алатауы сілемдерінің ортасында орналасқан. Сондықтанда Қазақстан мен Орта
Азия аймағының мәдени-тарихи орталығы болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Баяндама жұмысының
мақсаты Ортағасырлардағы қалалар қызметін, саяси мәнге ие болуын және
сауда мен қалалардың өсуіне әкелуін біртұтас мәдениеттің дамуына ықпалын
жүйелі түрде қарастыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Талас жолының пайда болуы мен оның тармақтарын қарастыру.
- Оңтүстік өңірлеріндегі ортағасырлық қалалармен елді мекендердің
зерттелу тарихын қарстыру.
- Ауыз әдебиеттің деректерін, жазба деректерді және жергілікті жер-су
аттарын пайдалана отырып қалалар мен елді мекендерді баламалау.
Баяндама жұмысының құрылымы: Жұмыс: Кіріспеден және екі тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және иллюстрациялық материалдардан
тұрады.

ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ: СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ
МӘДЕНИЕТ

Қазақ халқының төл мәдениеті ұзақ ғасырлар бойындағы тарихи
қозғалыстың жемісі болды. Ұлан – байтақ Еуразия даласындағы тайпалардың
қалыптасуы, жалпы түріктік өркениет жетістіктері, әрине Қазақ халқының
мәдениетіне түп тамыр болды. Алайда қазіргі таңда Ұлттық мәдениет өркендеу
үшін ұлттық мемлекет ауадай қажет.
Шығыстанушы В.В. Бартольд: “Ортағасырдың ерте кезеңінде ,ҮІ-ҮІІ
ғасырларда еуразияда маңызды өзгерістер болды”, - деп жазған еді. Осы
дәуірге алдымен Суйдің (589 – 618 жж.) басшылығымен, содан кейін Тан (618 –
907 жж.) әулеттерінің арқасында Қытайдың бірігуі жатады. Олардың әрқайсысы
Орта Азияға билік етуге ұмтылған. Мұнымен қатар Ислам діні пайда болып өріс
ала бастаған алғашқы ғасырларда Ганг өзеніндегі Үндістанның Канаужа қаласы
империя астанасы болып күшейді.
Қытайдан Үндістан, Иран, Византияға дейінгі аралықтағы созылып жатқан
көшпенділер түркі әулеттерінің қол астына бірікті. Осы оқиғалардың
негізінде буддизмнің “әлемдік төрт монархияның дүниенің төрт бұрышында
тұруы керек” деген идеясы қалыптасты. Олар: “пілдер патшасы” – оңтүстікте,
“асыл тастар патшасы” – батыста, “аттар патшасы” – солтүстікте және
“адамдар патшасы” (кейіннен Қытай империясындағы адам санының көбеюіне
байланысты айтылған) – шығыста болуы. Біршама өзгерістер енгізілген бұл
идеяның бірнеше түрлерін мұсылмандар да қабылдады. Ерте дәуірде өмір сүрген
авторлар қай империяның қандай салада артықшылықтары болғанын айтып қана
қоймаған. Олардың түпкі ойларында жатқан мәселе - өз халқының өзге
мәдениетіндегі құнысын игеруі. Сондықтан бүкіләлемдік мәдениеттің ертедегі
формаларының бірі жоғарыда көрсетілген әлемдік патшалар концепциясы еді.
Оның қалыптасуына Ұлы Жібек жолы үлкен әсер еткен.
Ұлы Жібек жолы – адамзат баласы өркениетінің теңдесі жоқ тарихи
ескерткіші. Ол көп ғасырлар бойы өз құрамына кіретін елдер мен халықтардың
экономикасының, мәдениетінің дамуында басты рөл атқарды. Құрлықтарды
жалғап жатқан бұл жол ІІ ғасырдан бастап Еуропа мен Азия арасын біріктріген
көпір болды, Шығысты Батыспен байланыстырды.
Ортағасырлар кезеңінде Қазақстанда гүлденген ондаған қалалар өмір
сүрді. Олардаң тамаша архитектуралық үйлесімділіктері, сарайлары,
мешіттері, ұлық мавзолейлері, медреселері, ұстаханалары, шеберханалары
кімді болмасын таңқалдырмай қоймаған.
Қазақстан археологиясындағы жарқын оқиғалардың бірі-жазба деректерде
көрсетілген ортағасырлық қалалық мәдениет пен қалалардың табылуы болды.
Қазақстан тек көшпелілер Отаны деп кешегі күнге дейін айтылып келген пікір
жоққа шығарылып, жеріміздің өзіндік, далалық өркениеттің бесігі болғандығы
айқындалды. Ол өркениет диқан мен малшы, қала мен дала мәдениеттерін бойына
сіңіріп, кіріктіре білген. Мұндай дәстүрлер бірлестіктің ізі тіптен қола
дәуірі кезінде де болған.
Археолгтар мен тарихшылар Орта Азия мен Қазақстанның отырықшы-
егіншілік кезеңінің гүлденген тұсы Х-ХІІ ғасырларға сай келетінін
анықтаған. Сол кездегі қоғамның дамуы қолөнердің, ғылымның, өнердің,
архитектураның шыңына жеткендігінен көрінеді. Археологиялық деректер мен
жазба мәліметтер куә болғандай, ерте ортағасырлардағы Қазақстан
қалаларының тұрғындары үйсіндер, қаңлылар, соғдылықтар, түркілер болған.
ІХ-ХІІ ғасырлардағы ортағасырлық авторлар түркі қалалары жайлы мынадай
деректер қалдырған. Бұл – қарлұқ, чарұқ, қимақ, оғыз, қыпшақ, жікіл, тухси,
қаңғарлардың (көне түркі тайпалары мен халықтары) қалалары еді. Тараз “бата
алған түркі – чарұқтар қаласы” деп аталған. Құлан, Қасырбас, Көлшөп, Жолшөп
қалаларында қарлұқтар тұрды. Талхир жікіл мен қарлұқтардың шекарасында
орналасты. Ал қарлұқтар астанасы Қаялық болды. Алакөл мен Ертіс маңында
қимақтардың Көктұма, Гаган, Карантия, Дамурия, Имакия, Сараус, Дахлан,
Банжар, Астур қалалары орналасқан. Жетісу мен Сырдария өзендерінің бойында
оғыздардың Хиам, Горгуз, Дахлан, Габриан, Қарашық, Янгикент қалалары бар.
Ортағасырлық араб саяхатшыларының жазба мәліметтеріне жүгінсек, көз
алдымызға гүл жайнаған өлке келеді. Мысалы, әл – Макдиси, Ибн Хордадбек,
Қашқарлық Махмұт Х-ХІ ғасырларда көптеген қалалардың атын атайды. Ибн
Хордадбек пен Кудама ибн Джафар бойынша Құланнан Суябқа дейінгі аралықта
Түрік жолы бойында 10 қала мен елді мекенднр көрсетілген 20. Меркі,
Аспара, Нүзкет, Хоранжуан, (Ақсу), Жүл (Соқұлық),Сары (Новопокровка), Суяб,
Бунджикент, Навакент, Кирмирау. Қалалардың дамуының бір кепілі сауда-
саттықтың өркендеуі. ҮІІ ғасырлардан бастап Ұлы Жібек жолы ортағасырлық
қалалардың шоқтығы Самарқандтан бастап, Отырар, Таразды қамти отырып, Шу
өңіріне жетеді де, Қырғыз Алатауының асулары арқылы Шығыс Түркістанға
өтеді.
Отырар, Янгикент, Қарашық, Сүткент, Кедер, Құлан, Төменгі Барысхан,
Жікіл, Қаялық қалалары түрікше атауларды иеленген.
Қазақстанның қалалары саяси-әкімшілік орталық қызметін атқарып қана
қоймай, қолөнердің, сауда мен ауыл шаруашылығының шоғырланған орны да
болды. Сонымен бірге олар ғылым, білім, мен мәдениет ордасы болып табылды.
Уақыт өткен сайын Жібек жолының жеке тармақтары жергілікті саяси-
экономикалық жағдайға орай, жанданып немесе керісінше құлдырау кезеңдерін
басынан кешірген. Ерте ортағасырларда Жібек жолының Қытай мен Орта Азия
арасын жалғастырып жатқан, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен
тармағы күшті дамыған. Түрік қағанатының құрылған кезеңінен бастап Жетісуда
аса ірі қалалар жүйесі қалыптаса бастады.
Х ғасырда Жібек жолының Іле Алатауын бойлап, Баба Ата (Алматы), Талхиз
(Талғар) арқылы Іле аңғарына шығатын бөлігі жандана бастайды. Олардың
атаулары Жібек жолы мен жүріп өткен саяхатшылардың жолжазбалары арқылы осы
күнге дейін жеткен.
Кейінгі ғасырларда (1424 жылы Қытай мемлекеті Солтүстік-Батыс
шекараларын жауып тастағанға дейін) Жібек жолының Қазақстан мен Орта Азия
арқылы өтетін тармағы басты күретамыр қызметін атқарды. Қазақ жеріндегі
отырықшы өркениеттің ошақтарына айналған Отырар, Яссы, Сауран, Тараз,
Мерке, Құлан, Талхиз, Алмалық және т.б. қалалар осы кезеңде гүлденіп,
дамуының шырқау шегіне жетті.
Сан ғасырлық керуен қатынасы жол бойында сауда мен қолөнердің,
суармалы егіншіліктің күшті дамуына себепші болды. Егіншілікті шұраттар
жергілікті халықты ғана емес , сауда керуендерін де азық –түлік түрлерімен
қамтамасыз еткен. Сол кездегі ауыл шаруашылығы географиясын талдасақ,
көптеген тарихи деректер оның маманданған тауарлы сипаты болғанын
дәлелдейді. Мұның өзі – Жібек жолы бойындағы елді мекендерде нарықтық
шаруашылық-сауда қатынастары керуен жолдары бойындағы қалалардың мамандану
сипатын анықтап берді. Сонымен Ұлы Жібек жолы Қазақстанның Оңтүстік
өңірінде феодалдық – қалалық мәдениеттің дамуына шешуші ықпал етті деуге
болады.
Енді осы қалалардың өзіне тоқталып кетейік. Жоғарыда айтып
кеткендей, жібек жолы бойнда Жетісу өңірінде бірнеше қалалар бой көтеріп
дамыды. Жер жанаты Жетісу деп халық аузында қалуы да бекер емес шығар.
Табиғаттының қолайлы, әсем болуы қалалардың дамуына басты себепкер болса
керек. Жетісудағы көне қалалардың басын Талхирдан (Тахир – Талхиз – Талғар)
бастағанды жөн көрдік. Бұл қала жайында алғаш жазба деректі Х ғ. белгісіз
авторы парсы тіліндегі географиялық шығарма “Худуд әл-Әлем” (“Әлем
шекаралары”) береді. Аталған шығармада Тонг және Талхир қалалары
қарлұқтардың шекарасында, Ыстықкөлге жақын маңда орналасқан делінген.
Сонымен ежелгі Талхир қалашығы Алматыға таяу жерде орналасқан Талғар
қаласының оңтүстігінен, жағалаулары тіп-тік келген, арнасы толы, ағыны
қатты, күндіз-түні гүрілдеп ағып жататын өзеннің жанынан табылған. Бұл өзен
Талғар деп аталады. Қаланың аты өзеннің атауынан шыққан болуы керек.
Археолог А.Н. Бернштам, Ә.Х. Марғұлан зор еңбек сіңірді. Жылнамалық Талхир
мен қазіргі Талғардың бір қала екендігін алғаш болып анықтағандар да осы
ғалымдар. Қалаға алғаш археологиялық жұмыстарды, қазіргі Абай атындағы
Алматы Мемлекеттік педагогикалық университеті И.И. Копылов басқарған
экспедициясы бастады. 1970 жылдардың екінші жартысынан Археологиялық
институтының Т.В. Савельева жетекшілік еткен экспедициясы жұмыс жүргізді.
1994 жылдан бері қазба жұмыстарын америкалық ғалымдар мен т.б. елдің
зерттеушілері басқа да сала мамандары жұмыла жүргізуде. Қаланың тарихы сақ
дәуірінен (б.з.д. ҮІІІ-ІІІ ғғ.) басталатыны айқындалып, б.з.д. ІІІ - б.з.
Ү ғасырына дейін үйсін мемлекетіне қатысты болған. Х-ХІІІ ғғ. гүлдену
шегіне жеткен. Ұлы Жібек жолындағ халықаралық сауда да қала тіршілігіне
үлкен ықпал еткен. Себебі, Жібек жолы дәл осы жерден жан-жаққа
тарамдалғандықтан, Талхир керуен жолдарының тоғысқан жерінде, түйілісінде
орналасқан. Бірінші тармақ солтүстік-батыс Іле өзені арқылы Жоңғар
Алатауын, Алакөлдің жағасынан Қытайға апратын жол. Екіншісі шығыстық бағыт
бойынша Іленің оң жағалауымен Жаркент, Қорғас арқылы Қытайға шығатын
болған. Талхир тұрғындарның басым бөлігін түркілер – жікіл, қарлұқ, яғмалар
құраған. Және өзге елдің көпестері де жергілікті халықпен араласа бейбіт
өмір кешкен. ХІ-ХІІІ ғғ. бас кезінде қалада шамамен 5-6 мың халық өмір
сүрген. Қолөнер өте жақсы дамыған, егіншілік пен қатар мал шаруашылығы
жетік игерілген. Ежелгі Талхир қаласының шеберлері - өз ісінің нағыз
маманы, ал Талғар-Шығыстағы сирек кездесетін темір қорытатын орталықтардың
бірі болған. Атақты құрыш болат осы жерде өндірілген. Талхир қаласы ХІІІ-
ХІҮ ғғ. құлдырай бастаған. Оның себебі монғол хандарының өзара ауыздықтары,
бітіспес соғыс еді.
Келесі үлкен қала орталықтардың бірі Алматы (Баба Ата – Алмалық) елді
мекенінің тарихта алатын орны зор. Қазіргі Алматының орнында орналасқан
Алмату деп аталатын ортағасырлық қала болған. Қалалар жайында мәліметті ХҮІ
ғ. өмір сүрген мемлекеттік қайраткер, қолбасшы, ақын әрә жазушы Заһир ад-
Дин Мұхаммед Бабырдың “Бабыр-наме” атты шығармасында былай делінген:
“Ферғана – бесінші климаттық белдеудегі аймақ. Ол жер өңдеумен айналысатын
елдердің шекарасында орналасқан. Оның шығысында – Қашқар, батысында –
Самарқанд, оңтүстігінде – Бадахшан таулары, солтүстік шекарасында –
Таразкент кітабында аттары аталатын Алмалық, Алмату, Янги қалалары сияқты
ежелгі елді мекендерді айтады”. Алайда олардың монғолдар қиратып кеткен,
сондықтан да ол жерлерде қазір ешқандай мекендер қалған жоқ. Алматы елді
мекені жайлы Бабырдың замандасы, “Тарих – и – Рашиди” атты еңбектің авторы
Мұхаммед Хайдар Дулат та моңғол шапқыншылығы мен осы елді мекеннің маңында
болған соғыстарға байланысты деректерінде атап өтеді. Алматыдан 1979 ж. екі
күміс теңге табылды. Бұл теңгелердің Жетісуда соғылғандығы және қазіргі
Алматы территориясында ХІІІ ғ. ақша соғатын өндіріс болғаны жайлы болжамдар
бар. 1990 ж. тағы таңбалы екі теңгелер табылған. Теңгелерді оқып зерттеу
барысында ғалымдар, оның сол кездің өзінде қазіргі “алмалы жер” немесе
“алма көп өсетін жер” деген мағынаны білдіретін “Алматы” атауымен аталып,
ХІІІ ғ. Қазақстанның оңтүстік астанасының орнында өмір сүрген қала екеніне
көз жеткіземіз. Бұл аймақта б.з.д. Х-ІХ ғғ. қола дәуірдің өзінде елді мекен
болған. Одан сақтар, үйсіндер мекендеген жер. Алматы тыныс-тіршіліктің
келесі бір маңызды кезеңі ортағасырлар дәуірімен байланысты. Өйткені осы
кездерде бұл аймақта елді мекендер мен қалалар пайда бола бастаған. Бұл
ҮІІІ-ХІІІ ғғ. аяғы, қала мәдениетінің дамып, Жібек жолы бойындағы
халықаралық сауда байланыстары арасында гүлдене түскен кезі. Жібекжолы,
дәлірек айтсақ, оның Іле алқабына кетеін бір тармағы Х-ХІІІ ғғ. жұмыс істеп
тұрған. Осы кезеңде “үлкен Алматы” маңында бірнеше елді мекендер мен
қалалар болған.Қазір олардың бәрі құрылыс жұмыстарының астында қалды. Жазба
ескерткіштер, теңгелер және археологиялық материалдарға сүйене отырып,
қазіргі Алматы ежелден осы атымен белгілі болып, Х-ХІІ ғғ. қалыптасқан деп
археолг, ғалым К. Байпақов тұжырымдайды. Демек бұл қаланың тарихы мың
жылдан асып кеткен. Сонымен, Алматы бір кездері ортағасырлық Қазақстанның
саяси, экономикалық, мәдени орталығы, қолөнері, саудасы, сонымен бірге
Жібек жолы бойндағы халықаралық саудасы күшті дамыған, Жетісу өңірі
тұрғындарын ақшамен қамтамасыз ететін ақша сарайы жұмыс жасаған ірі қаласы
болған.
Келесі ортағасырлық қала мен елді мекендер “құм астында қалған”,
қазіргі Іле өзенінің оң жағалауы Бақанас ауылының маңында бар. Бұл қалалар
“Ақ-Там, Қармерген (Х-ХІІІ ғғ.), Ағашаяқ” сияқты құм астында, шөлді далада
орналасқан мекендер. Араб-парсы тілінде жазба деректер Іле алқабындағы
қалалар туралы мағлұмат береді. Кейінірек монах Гильом Рубрук Іле алқабын
аралаған кезіндегі негізгі ой-пікірлерін күнделігінде былай дейді: “...
жоғарыда айтылған алқапта (Іле мен Лепсі өзендерінің аралығында) көп
қалалар өмір сүрген. Алайда олардың барлығын дерлік өз малдарын жаюға мол
жайылымдарды басып қалу үшін татарлар қиратып кеткен. Өйткені ол жерлер өте
шұрайлы болған”. ХІІІ ғ. Шыңғыс ханның әскері Жетісуға басып кіріп,
талқандаған. Нәтижесінде қалалар күйреп, суғару жүйесі ескіріп, тозады.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша ХҮ-ХҮІІ ғғ. дейін Іленің арнасы толы су
болған. Яғни, олардың жағасындағы мәдени өмір әлдеқашан тоқтап қалса да,
біраз уақытқа дейін бұл өңір жасыл дала күйінде сақталған.
Қаялық (Қойлық – Қойлақ) қаласы – Қарлұқ қағанатының астанасы. Іле
алқабында ІХ-ХІҮ ғғ. өмір сүрген, кезінде Ұлы Жібек жолындағы экономикалық,
мәдени өмірдің қайнаған ортасы, қарлұқтардың саяси орталығы болған ірі
қала. Деректерде ІХ-ХІІІ ғғ. Қаялық атауымен белгілі болған. Заманыда
гүлденген үлкен мәдени, діни орталық қаласы болса керек. Себебі, Қаялықтан
будда ғибадатханасының қалдықтары, Рубруктың мәліметі бойынша христиан
шіркеулері және мұсылман мешіттері болған деседі. 2001 жылы археолгтар
қазіргі Антоновка орнында орналасқан қала Қаялықта хаммам-монша аршылынып,
зерттелді. Шығыстық моншаларға жататын, барлық жағдайлар ойластырылып,
сапалы салынған. Тіпті, монша қабырғасында арнайы намаз оқитын оңтүстік –
шығыс бұрышында “михраб” ойластырылып салынған. Қаялық моншасының өмір
сүрген уақыты ХІІІ ғ.
Талас және Шу аңғарларындағы қалалар жиынтығы үлкен бір топты құрайды
деп айтсақ қателсепейміз. Қазақстандағы көне қалалардың біріне Таразды
жатқызуға болады. Ортағасырлық Таразға қатысты алғашқы мәліметтер ІҮ ғ.
аяғына жататын византиялық жазбаларда кездеседі. Византия империясы түркі
қағанатымен келісім жасамақ болып Дизабулдың ордасына аттандырады. Алдында
айтып кеткен византиялық тарихшы Менандрдың суреттеуі бойынша Земарх сапар
барысында Талас қаласында және сол қалаға жақын бір жерде үлкен мемлекеттің
әміршісі, түрік қағанының ордасында қабылдауда болады. Кейіннен Тараз
(Талас) туралы ортағасырлық географ, тарихшылары, саяхатшылардың бәрі
дерлік жазады. Себебі, қала Ұлы Жібек жолындағы маңызды орындардың бірі
болған. Сондықтан да авторлар Тараз жайлы жазған кездерінде, ең алдымен,
оның сауда саласындағы маңызы туралы айтады. Қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь
“Таластың аумағы 8-9 ли. Бұл арада көптеген елдердің саудагерлері аялдап,
түрліше заттар әкеліп сатады” – деп жазады. Үш ғасырдан кейін ибн Хаукаль
да қаланы дәл осылайша, яғни: “Тараз – мұсылмандардың түркілермен сауда
жасайтын қаласы”, деп суреттейді, әл-Макдаси: “Тараз – бақтары мол,
тұрғындары тығыз орналасқан үлкен қала. Ол қамалмен қоршалған әрі оның
сыртын айналдыра ор қазылған. Қаланың төрт қақпасы бар. Халқы
рабадтакөбірек шоғырланған. Қала қақпасының алдында үлкен өзен ағып ағып
жатыр, қаланың бір бөлігі сол өзеннің келесі бетінде орналасқан. Өзен
арқылы жол өтеді. Базардың ортасында үлкен мешіт бар”, - деп жазады. Алайда
ертедегі авторлардың бірде-біреуі Тараздың орнын дәл көрсете алмаған.
Академик В.В. Бартольд ортағасырлық Тараз Әулие-Ата қаласының орнында
болған деген пікірге ден қойды. Себебі қазан төңкерісіне дейін Тараз осылай
аталған. Талас өңіріндегі көне Тараз қаласы осы аймақтағы мәдени-
экономикалық тұрғыдан маңызды да дамыған орталық болған. ХІ-ХІІ ғғ. Орта
Азияны Қарахандар әулеті билеп тұрған уақытта, Тараз өз дамуының шырқау
шыңына жетті. Ол үлкен мемлекеттің бір бөлігінің астанасы болды. Таразда ел
билеушілері жасатқан жергілікті ақшаның соғылуы, бәрінен бұрын, қаланың
саяси тұрғыдағы тәуелсіз екенін көрсетеді. Тараз қаласының құрылысы,
архитектурасы, сол замандағы ең көркем өнер шеберлігін көрсетеді. Атақты
Айша-Бибі және Бабажы-Қатын кесенелері Тараз моншасы осының айғағы. ХІІ-
ХІІІ ғғ. қантөгіс соғыстар қаланы ауыр хальге жеткізді. Көшпенді
қарақытайлар мен моңғолдар қаланы одан ары түбіне жете қиратқан. Құлап,
қирап қалған Тараз кейін қайта қалпына келсе де, бұрынғыдай жанданып кете
алмады. Кейінірек бұл қала Янги деген атпен белгілі болған. Бірақ ол әлі
толық дәлелденбеген.
Келесі бір қала Құлан қаласы. Құлан (Луговое) қалашығы ҮІІ ғ. бастап
ХІІІ ғ. басына дейінгі аралықта өмір сүрген ортағасырға тән ескерткіш қала
болған.
Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлардағы Батыс Еуропа өркениеті
Түркілердің рухани мәдениетін дамытудағы исламның маңыздылығы
Қазақстанның ежелдегі мәдениеті
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Ортағасырлардағы тайпалардың материалдық мәдениеті
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті
Пәндер