Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Саясаттану кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуы

(салыстырмалы талдау)

Орындаушы Б. Шаймерденова

(қолы, күні)

Ғылыми жетекші Г. О. Насимова

с. ғ. д., профессор (қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

Саясаттану кафедрасының

меңгерушісі, Г. О. Насимова

c. ғ. д., профессор (қолы, күні)

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 ПАТРИОТИЗМ ҒЫЛЫМНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Патриотизм түсінігі және мәні . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Патриотизмді зерттеудегі рухани-діни концепциясы . . .
3: 17
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Патриотизмді зерттеудегі саяси-әлеуметтік концепциясы . . .
3: 29
КІРІСПЕ . . .: 2 ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДЕГІ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ . . .
3: 33
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмді қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі . . .
3: 33
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Қазақстан мен Ресейдегі азаматтық қоғам патриотизмді қалыптастыру институты ретінде . . .
3: 58
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 86
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 88
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 92


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты: бүгінгі таңда патриотизмді зерттеудегі негізгі концептуалды негіздерін анықтаумен қатар, Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасу жолдарын зерттеу өте өзекті болып табылады. Сонымен қатар патриотизмді қалыптастыру процессінде мемлекеттің рөлін және оның саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір негізгі факторлары болып табылатын процессті мемлекеттік концепцияларды дамыту жолында қызметін анықтап, азаматтық қоғам шарттарында патриотизмнің қалыптасу тұжырымдамаларын талдау. Жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылып, негізгі концептуалды негіздері және тәжірибеде қолданылатын механизмдер толыққанды қарастырылған.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптастыру мәселесін зерттеу, қазіргі қоғамның дамуы үшін, теориялық және практикалық маңызды екеніне күмән жоқ. Өйткені ол қоғамның бүгінгісі мен келешегін анықтайтын қозғаушы және біріктіруші факторлар қатарына жатады. Патриотизм мәселесімен терең тамырлас, құрамдас болып, байланысты дамитын ұғымдар Отан, ана тіл, жер, ұлттық мәдениет, ұлттық идея, ар-намыс, ұлттық мүдделер және т. б. жатады. қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси-экономикалық ахуалдың адам факторынан, рухани дамуымыздың маңыздылыққа ие болып отырған өзекті мәселелердің бірі - жастардың патриотизмін қалыптастыру болып табылады. Жастарды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеу, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде кең көлемде дамуына, ана тілімізді арындай сақтауға, ел бірлігін нығайтуға атсалысу. Елдің рухын көтеру, ұлттық мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық сынды қасиет қалыптастыру - тәуелсіз мемлекетіміздің өтпелі кезеңі үшін айрықша маңызды мәселе болып отыр.

Осы жұмыстың тағы да бір өзекті жағы ретінде қазіргі заманғы Қазақстан қоғамы үшін күшті тұрақтылық және интеграциялық фактор болып, сонымен қатар қазақстандық мемлекеттендірудің және билік органдарына сенімділік деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін шарттардың бірі болып табылғандықтан, бүгінгі күні жас азаматтардың саяси және патриоттық санасын қалыптастыру бірден бір өзекті мәселе екендігіне көз жеткізуге болады. Патриоттық сана - бұл идеялардың және көзқарастардың Отанға деген позитивті қатынастармен байланысты күрделі басқарылатын жүйесі. Жалпы патриоттық сана бұл Отандық құндылықтар көрінісінің нәтижесі және адамдардың санасында прогрессивті дәстүрлердің қабылдануы болып табылатын процесс. Сондықтан да жастардың патриотизмін қалыптастыру қазіргі кезенде маңызды мәнге ие болады. Осының негізінде қазақстандық азаматтардың, жастардың саяси санасындағы айрықша рөлге ие болады.

Сонымен қатар, қоғамда азаматтық-патриоттық тәрбие беру негінде мемлекетттің дамуының барлық салаларында үлкен көрсеткіштерге жетуге болады. Себебі, өз мемлекетті үшін еңбек жасап, жетістіктерге жетіп, мемлекетінің гүлденуіне үлес қосу экономикалық-әлеуметтік жағынан ғана емес, мемлекетте ішкі саяси тұрақтылықты сақтаумен ерекшеленеді, ал бұл, әлемдік деңгейде тез өзгеріп отыратын жағдайларда, әр мемлекеттің басты міндеті болып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау болып табылады. Сондықтан да, біздің мемлекетіміз де үшін, осы сұрақ алдыңғы қатарда тұр. Яғни, патриотизмді өоғам арасынжа қалыптастыру саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін шарты ретінде болып табылады. Саяси-экономикалық жағынан тұрақты дамыған мемлекетте халықтың әлеуметтік жағдайы толыққанды қамтылғанмен қатар, мемлекет азаматының рухани құндылықтары да қалыптасқан болу керек. тек осы салалардың толыққанды дамуы негізінде мемлекет өзінің ішкі де, сыртқы да саясат бағытын жүзеге асыра алады. Патриотизм осында күшті біріктіруші фактор болып шығады. Сондықтан Қазақстан мен Ресейдегі оның қалыптасу жолдарын, саясатын зерттеу өте өзекті болып табылады. Ресей қоғамы бүгінгі таңда патриотизм қалыптастыруда өте үлкен жетістіктерге жеткен. Осы салада заңнама негізін құруда да, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда да, ақпараттық саясатының осы саладағы жұмысын жүзеге асыруда да тиімді, әрі пайдалы жетістіктерге қол жеткізген. Сондықтан Қазақстанның осы салада жұмысын Ресеймен салыстыру кездейсоқ емес, бұл тарихи қалыптасқан ерекшеліктерге, Ресей біздің мемлекетіміздің ең басты стратегиялық әріптес болғандықтан және ең бастысы патриотизмді қалыптастыру бойынша саясатын өте тиімді жүзеге асырып жатқанның арқасы.

Диссертациялық жұмысының объектісі: Қазіргі заманғы Қазақстан мен Ресейдегі саяси процессінде күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретіндегі орын алып жатқан патриотизм.

Диссертациялық жұмысының пәні: Қазақстан мен Ресей қоғамының барлық салалардағы біріктіруші фактор ретінде және тұрақтылықтын маңызды шарты болып табылатын патриотизмді қалыптастыру процессі болып табылады.

Диссертациялық жұмысының мақсаты: патриотизмді қалыптастыруды зерттеудегі негізгі концептуалды негіздерін анықтаумен қатар, Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмді қалыптастырудың саясатына салыстырмалы талдау жүргізу болып табылады.

Тақырыпты ашу барысында қойылған негізгі міндеттері:

- патриотизм түсінігінің мәнін анықтау;

- патриотизмді зерттеудегі негізгі концептуалды негіздерін талдау;

- салыстырмалы талдау негізінде патриотизмді қалыптастырудағы мемлекеттің рөлін анықтау;

- екі мемлекет қоғамының патриотизмін қалыптастырудағы азаматтық қоғам институтының рөлін айқындау, SWOT талдауын жүргізу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: патриотизмді қалыптастыру бойынша еңбектер әлемдегі әр елдің ғалымдарында кездеседі, осы жұмысты жазу барысында батыс, ресейлік және қазақстандық ғалымдардың еңбектері пайдалынылған болатын.

Батыс ғалымдар ішінен патриотизм түсінігінің көрінісін зерттеген М. Монтень Дж. Локк фран. Ж. Руссо, Д. Дидро және К. А. Гельвеций, Б. Шалотэ, А. Р. Ж. Тюрго, Л. М. Лепелетье, Ш. М. Талейран неміс философиясының таңымал өкілдері: И. Кант, И. Г. Фихте, Г. В. Ф. Гегель патриотизм түсінігін тұжырымдауға маңызды үлес қосқан болатын. Американдық ғалымдар және мемлекет қайраткерлері ішінен мемлекеттің ұлттық идеясын, азаматтардың патриотизмін қалыптастыруды Т. Джефферсон, Дж. Мэдисон, Т. Пейн және т. б. құрастырып, айқындаған болатын.

Ресейлік ғалымдар ішінен патриотизм мәселелерін қарастыруға үлкен үлес қосқандар асасында: М. В. Ломоносов, А. С. Хомяков, Н. М. Карамзин, Ф. И. Тютчев, Н. Г. Чернышевский, В. С. Соловьев, Г. В. Плеханов, және т. б.

«Орыс идеясының» негіздерін қалап, ғылыми негіздеген Н. А. Бердяев, А. И. Солженицын, Н. Ф. Федоров, Вл. Соловьев болып табылады.

Сонымен қатар патриотизмді қалыптастыру мәселелерін зерттеуге елеулі үлестерін қосқан ресейлік ғалымдар қатарына, Л. И. Ятина, А. В. Кузнецова, А. П. Погорелый, М. А. Никова, В. А. Белоганова, Т. В. Беспалова, А. И. Афонин, И. В. Родионова жатады.

Қазақстандық ғалымдар арасында патриотизм ұғымын, оның шығу тарихын және жастарда қалыптастырып, тәрбиелеу мәселесін: М. Ю. Насырова, Л. И. Пухович, С. Е. Нурмуратов, Б. Махамедова болып табылады. Қазақстандағы жастар саясатын жүзеге асыру барысында патриоттық тәрбие беріп, патриотизмді қазақстанда қалыптастыру бойынша Д. А. Калетаев, Л. Ю. Зайниева, Ж. К. Симтикова, Г. Н. Шойкин, М. К. Бексултанов еңбектерін атап айтқан жөн.

Сонымен қатар А. Қалмұрзаевтың «Қазақстандық патриотизм» және Л. Ахметованың «Патриотизм в ракурсе истории» монографиялары,

Мусатаев С. Ш. Қазақстандағы азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі атты монографиясы негізінде, қазақстандық жастардың патриотизмін қалыптастырудағы азаматтық қоғам институтының маңызы анықталынған болатын.

Сонымен қатар Г. О. Насимованың, Л. М. Иватованың, Ғ. М. Мұтановтың, М. О. Насимов, Н. А. Саитова, А. И. Лұқпанов, Р. Б. Сейсебаева, А. С. Қайдарованың, А. С. Абулкасованың, А. М. Қанағатованың, Ө. Б. Балажановтың, Г. А. Андиржанованың, Р. С. Арынның және т. б. авторлардың мақалаларында Қазақстандағы ұлттық идея негіздерін, жастардың патриотизмін қалыптастыру, қоғамның негізгі рухани және әлеуметтік құндылықтары, жастарға патриоттық тәрбие саяси менджменттің ықпал жасау объектісі ретіндегі, қазақстандық қоғамның тұрақтылығын сақтау және дамыту мәселелерін қарастырылған болатын.

Диссертациялық жұмыстың жаңалығы:

  • бүгінгі таңда қоғамның рухани-таңымдық құндылықтарын қалыптастыруда негізі болып табылатын, сонымен қатар, мемлекеттің барлық салалардағы дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналған «патриотизм» түсінігін қарастыру, негізгі концептуалды негіздерінің мәнін сараптамалынып, қазақ саяси ілімінде саяси ойшылдар қатарына жататын адамдардың патриотизм туралы идеялары анықталынып, патриотизм сияқты рухани құндылықты сақтап, одан әрі қалыптастыру бойынша тұжырымдар қарастырылған болатын;
  • патриотизмнің қалыптасуында маңызды орынға ие заңнамалық базасы, яғни, нормативтік-құқықтық база, мемлекеттік бағдарламалар және тұжырымдамаларды сараптамалау.
  • Қазақстан мен Ресей тәжірибесінде патриотизмнің қалыптасуында маңызды ролді атқаратын нормативтік-құқықтық базасының ерекшеліктері және ұқсас жақтарын анықтау.
  • Қазақстан мен Ресейдегі патриотизмнің қалыптасуында негізгі жолдарының тиімділігі және осы тәжірибені жүзеге асырудың ерекшеліктері.
  • Патриотизмнің қалыптасуында негізгі ролді атқаратын мемлекеттің ролі сараптамалнып, салыстырмалы талдау жүргізіліп жатқан екі ел тәжірибесінде патриотизмді қалыптастырушы институт ретінде азаматтық қоғамның ролі анықталынып, сараптамаланған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан патриотизмді түсіндірудің жаңа жолдары, яғни жаңа патриотизм үлгісінің қалыптасуында мемлекеттің және азаматтық қоғамның ролі анықталынған болатын.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдамалар:

1) патриотизмнің қалыптасуын зерттеу барысында теориялық-методологиялық базасының тереңдігі және маңыздылығы анықталған болатын. Қазақстан мен Ресей ойшылдарының патриотизмді зерттеудегі тұжырымдамалыры және негізгі идеялары көбінесе тарихи жағдайларға байланысты рухани-дәни құндылықтар негізінде, кейінірек мемлекеттің патриотизмді қалыптастырудағы маңызды ролін көрсету негізінде ұқсас болып келеді. Екі мемлекеттің патриотизмді зерттеудегі негізгі концептуалды негіздерінің мәні және ойлары өте ұқсас болып келегенмен, екі халықтың тарихи-ұлттық құндылықтарға, дініне, діліне байланысты ерекшеліктер орын алып жатқанын атап кеткен жөн.

2) патриотизмді қалыптастыруда басым ролдердің бірі мемлекеттің жүргізіліп жатқан саясатына байланысты болып келеді. Себебі, Қазақстан мен Ресейде мемлекет институтының билігі өте маңызды орынды алады. Мемлекеттің патриотизмді қалыптастыру саласында жүргізіліп жатқан саясатының көп қырлары екі мемлекетте бір жолмен жүзеге асырылып жатқанымен қатар, заңнамалық базасында көптеген ерекшеліктер байқалған болатын. Ресей мемлекетінде патриотизмнің қалыптасуын қамтамасыз ету негізін құрайтын мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялар, заң жобалары үнемі жаңашаланып, мемлекет саясатының бағытына сай өзгеріп тұратынын көруге болады. Сонымен қатар, патриотизмнің қалыптасуы бүкілхалықтық және еңбіріншіден мемлекет саясатының басты мақсаттарының бірі ретінде қойылған, бұнын дәлелі ретінде мемлекеттік органдар, Президент әкімшілігі құрылымында осы жұмыспен айналысатын басқармалардың құрылғандығы болып келеді.

3) қазіргі таңда барлық мемлекеттерде өз жұмысының тиімділігін көрсетіп жатқан азаматтық қоғам институттары патриотизмнің қалыптасуында өте үлкен маңызға ие болып келеді. Себебі, Қазақстан мен Ресейде саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құраладары және үкіметтік емес ұйымдарының жұмысы халыққа үлкен әсер ететін күштер болып табылады. Екі мемлекетте осы институттардың жүзеге асырылып жатқан саясатның негізгі ерекшілігі болып, Ресей мемлекетінде бұқаралық ақпарат құралдарында патриотизм саласындағы жасалынып жатқан барлық жобалардың мақсаттылы және терең мәнге ие болу болып келеді. Мемлекеттік құрылымдардың еңбегі, билік органдарының жұмысы, ұлттық құндылықтар және империялық рух насихаттанады. Қазақстанда саяси партияларға деген сенімі және халықтың саяси белсенділігі, Ресейге қарағанда басым болып келеді. Сонымен қатар, халық арасында үкіметтік емес ұйымдарының осы салада жұмысы туралы ақпараттың аз болуы, жалпы жұмыс нәтижелігіне әсер етеді. Жалпы алғанда азаматтық қоғам Қазақстан мен Ресейде патриотизмді қалыптастыру негізгі интституттарының бірі болып табылатыны анық.

Жұмыстың әдістемелік негізін: тарихи салытырмалы, құрылымдық, SWOT талдауы құрады.

Жұмыстың деректемелік көзі: ғылыми-саяси журналдардағы және газеттердегі мақалалар, басылымдар, ғаламтор желісінің Қазақстан Республикасының жастар саясатын және патриотизмін қалыптастыру бойынша құқықтық-нормативті актілер, мемлекеттік бағдарламал, Заңдар, Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдаулары, элетрондық ресми сайттары, оқу-әдістемелік құраладары, монографиялар және концептуалды негіздері қарастырылып, зерттеген еңбектері, кітаптары болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 100.

1 ПАТРИОТИЗМ ҒЫЛЫМНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ

  1. Патриотизм түсінігі және мәні

Патриотизм - (гректің patre - Отан) қоғамдық және адамгершілік принципі [1] . Ресейлік ғалым В. В. Макаров: «Патриотизм кез-келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтық ғасырлар бойына тұтастығын қамтитын құбылыс», - деп көрсеткен болатын.

Патриотизм - азаматқа мінездеме беретін негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. бұл әлеуметтік күрделі құбылыс тек қоғамдық сананын шегін ғана көрсетпей, сонымен қатар, қоғамның өмір сүруінің және дамуының негізгі қайнар көзі болып табылады. Патриотизм азаматтардың ұлттық сана сезімінің жалпы және ажырамас бөлігі болып, қоғамның рухани құндылықтарының қалыптасуына негіз болады. Сондықтан да, еңбіріншіден патриотизм ұғымының мәнін түсіндіріп, концептуалды негіздерін қарастыруға тура келеді.

Патриотизм мәнің зерттеу және патриоттық көзқарастарды тұжырымдау өз бастауын алғашқы рулық қауымда алған болатын, олар рудың әлеуметтік және рухани біртұтастығы негізінде көрініс тапқан болатын. Ал, таптық қоғамның пайда болуымен қауым мүшелерінің азаматтық сезімі көрініс тапқан.

Ежелгі әлем мемлекеттерінде - Ежелгі Грция және Рим мемлекеттерінде патриоттық идеялар отанды көршілес елдер тарапынан әскери қауіптен қорғау және мемлекеттік істерді басқаруға белсенді қатысу қажеттілігімен шартталған болатын. Әрине, сол кезде соғыстар, территорияны жаулап алу жағдайлары жиі болған. Сондықтан да, қоғамның әр мүшесі өз еліне, Отанына деген махаббатын, сүйіспеншілігін осы процестерге қатысу негізінде көрсете алған. Сократ пен Демокрит адам бойында әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру негізінде патриоттық сезімді дамыту тұжырымдарын айтқан болатын. Осындай әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру функциясы мемлекеттің негізгі істерінің біріне айналуы керек деп негіздеген болатын. Сонымен бірге патриотизм түсінігі туралы өз еңбектерінде Платон мен Аристотель жазған болатын. Олардың түсінігінде патриотизм - мемлекет мүдделерін өзінің жеке мүдделерінен жоғары қойған кезде жүзеге асады. Яғни, мемлекет дамуына қызмет етіп, оны өмірдегі ең басты құндылығы ретінде қарау адам бойында патриоттық сезімді күшейтіп, дамытуға болатынын тұжырымдаған. Ежелгі Римде патриотизмге мұдделік құндылықтар жүйесінде негізгі, маңызды рөл бөлінген болатын. Себебі, патриоттық сезім еңбіріншіден адам рухани өміріне, ішкі жан дүниесіне негізделеді.

Орта ғасырлар заманында М. Монтень, Т. Мордың және Я. А, Коменскийдің патриоттық идеялары діни мінге негізделген болатын. Қайта өрлеу заманында көптеген мемлекеттердегі ұлттық сана сезімді қалыптастыру процесі басталды. Осы процесс жоғары рухани қасиеттері бар адамды - азаматты тәрбелеуді бірінші орынға қойды. Жаңа әлем адамын тәрбелеу қажеттілігі жаңа ұлттардың құрылуына байланысты болып, Ағартушылық кезеңде дамыған болатын. Дж. Локк өз еңбектерінде саналы азаматтық позициясын анықтауды негіздеген болатын. Яғни, тек өзінің азаматтық бағытталуын толыққанды түсінетін тұлға өз мемлекетінің дамуына үлес қосып, саяси өмірдің белсенді субъектісі бола алатындығын көрсеткен болатын. Ал, бұл нағыз патриоттың бейнесі болып келеді. Ұқсас көқарасты француз философтары Ж. Ж. Руссо, Д. Дидро және К. А. Гельвеций ұстанған болатын. Патриотизмді қалыптастыру мәселесі Ұлы Француз революция жылдарында негізгі мемлекеттік міндетке айналады. Оның негізін қалаушылардың қатарына Б. Шалотэ, А. Р. Ж. Тюрго, Л. М. Лепелетье, Ш. М. Талейран болып табылады. XIX ғасырдағы патриоттық идеяларға неміс классикалық философия үлкен ықпалын тигізген болатын. Оның таңымал өкілдері И. Кант, И. Г. Фихте, Г. В. Ф. Гегель және т. б. патриотизм түсінігін және оның идеяларын тұжырымдаған болатын. Олар патриотизм түсінігін адамдардың қандай да бір жоғары мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған, өз еркімен шектеу контекстінде түсіндірген болатын.

Ресейлік ғалымдардың еңбектерінде патриотизм мәселесі жиі көтерілген болатын. Отанына деген махаббат осы сезімінің бір түрі болып келеді. көптеген әлеуметтік қатынастар негізінде адам тұлғасының әлеуметтену процесі барысында отанына деген махаббаты көрсету, адамдардың Отанына деген қатынасын көрсетуге көмектеседі. Қандай болмасын әлеуметтік қатынастар (мысалы, ұлттық, саяси, мәдени және т. б. ) патриоттық сезімді қалыптастыруда, эмоционалдық қатынастарды ығыстыра алмайды.

Патриотизм адам бостандығына, тәуелсіздігіне негізделген. Әр жеке тұлға отанына деген сүйіспеншілігн еркін түрде анықтайды.

Қалыпты өмір сүру жағдайларында патриотизм біртұтас эмоционалды-ріктік кешен болып келеді. Отанына деген сүйіспеншілік халықты бір мақсатқа бірігуіне жетелейді. Ал, кейбір кезде мемлекетіне, туған еліне құрбандық жасап, қызмет етуге де адамдарды шақырады. Осының негізінде патриоттар арасында бір бірене саналы немесе бейсаналы сенім түріндегі қатынасының негізінде органикалық ынтымақтастық орнатылады. Кері процесс- әлеуметтік- топтық немесе жалпыұлттық ынтымақтастық «патриотизм толқынын» тудырған кезде кері процесс байқалады - бірақ та оны патриотизм деп түсінуге тура келмейді. Осыған сәйкес адам өз еркімен Отанын анықтап, одан қандай да нақты нәтижені күтетінімен патриотизм ұғымын анықтауға болады. Осы туралы И. А. Ильиннің сөздері дәлел ретінде келтіруге болады: «Адам отанды тек жай инстинкт бойынша ғана емес, инстинктивті тамырланған рух пен сүйіспеншілік негізінде табады» [2] . Осыдан адамның отанға деген сүйіспеншілігін көрсету, шындау сияқты сезімдер өз еркі, өз түсінігі негізінде жүзеге асатының байқауға болады.

Патриотизм - күрделі және көпжақты құбылыс болып табылады. ол үнемі әртүрлі формаларда келеді. сондықтан оларды дұрыс бағалау кейде қиынға түседі. Осы жағдайдың қиындығын көрсету үшін мысал келтірейік. Ұлы Отан Соғыс жылдарында И. В. Сталиннің кабинетінде коммунистік нышандармен қатар А. В. Суворовтың және М. И. Кутузовтың портреттері қабырғада ілінген болатын. Кутузов та Суворов та монархисттер болған. Суворов Е. И. Пугачевтың жетекшілігімен болған шаруалар соғысын тұңшықтыруға да қатысқан болатын.

Әрине де, Пугачев та орыс патриоттар қатарына жататыны сөзсіз. Бірақ соғыс жылдарында коммунист-марксисттер қатарына жатқан және шаруалар қозғалыстарын сөзсіз қолдаған Сталин, дәл Суворов пен Кутузовтың портреттері Жоғары Қолбасшының кабинетінде орын табу керектігін жөн деп санады. Генералиссимус Суворов және фельдмаршал Кутузов орыс халқының таңымал қолбасшылары, патриоттары және Отан үшін күрескерлері болған. Сталиннің осы позициясы бүкіл әлемдік революциялық процесіне және Кеңес елінің терең таптық көзқарастарына сай келген болатын.

Осы шартты белгілердің ыдырауы немесе олардан бас тарту ұлттың, халықтың, этностың қызметтік саласының толыққанды деформациялануына алып келеді. осындай шартты белгілер құрылымында принциптер және ережелер жүйесі әр этностың социогенезінде және онтогенезінде бар. «Иерархия өзгермелі» болып келеді, ал «әлем иерархиялы» [3] . Бұл патриотизм түсінігінің әмбебаптылығын көрсетеді. Яғни, патриотизм нақты қатып қалған, консервативті, өзгермейтін түсінік қана емес, ол нақты этностың социомәдени тұрмысын және осы жүйенің құрылымындағы рухани доминантасын көрсететін, тірі және үнемі дамуда болатын ғаламдық көзқарастық жүйе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары
Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік, саяси дамудың қүқықтық базасы
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру
Патриоттық тәрбие
Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
Патриотизмге тәрбиелеу мәселесі
Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz