Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: «Ұлы Жібек Жолы» - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым - қатынас сырын жан-жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы мәдениетті өркендетуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек жолын көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін өзекті мәселе.

Зерттеудің мақсаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде халықаралық туризмді дамыту (Көне «Хан Ордасы - Сарайшық» мысалында) жолдарын қарастыру.

Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:

- Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау;

- Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының», оның ішіндегі “Хан Ордалы Сарайшықтың” қыр-сырын жан-жақты зерттеп, жағымды факторларын анықтау;

  • «Хан Ордалы Сарайшық» обьектісін экономикалық позициядан қарастыру және оның тиімділігін, Қазақстан Республикасы мен Атырау облысына тигізетін септігін анықтау;

- Орталық-Азия аймағына Ұлы Жібек жолы бойынша туризм шеңберінде еліміздің туристік беделін қалыптастыру және дамыту жолдарын анықтау.

Тақырыптың ғылыми жаңашылығы: жаңа деректер мен оқу құралдарын пайдалана отырып Ұлы Жібек жолының тарихына толық зерттеу жүргізуге тырысу.

Зерттеудің ғылыми құндылығы: зерттеу барысында қолданылған материалдар мен қорытындылар тақырыптың өзектілігін аша түседі.

Зерттеу барысында қолданылған деректер: ҚР-ның туризм және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің, Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің статистикалық жинақтарының мәліметтері, туризм бойынша арнаулы басылымдардың есепті материалдары мен статистикалық мәліметтері болды. Жұмыста Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Ұлттық бағдарламалары, ҚР-ның Президентінің Жарлықтары, ҚР-ның Үкіметінің Қаулылары, ҚР-ның министірліктері мен ведомствалары мәліметтері, ғылыми журналдар мен мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер, тақырып бойынша негізгі оқулықтар мен қатар қосымша монографиялар және баспасөз құралдары.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми құндылығы және пайдаланылған деректер көрсетілген.

1 тарауда Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған.

2 тарауда Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Хан Ордалы Сарайшық туралы айтылған. Қорытындыда зерттеу бойынша нәтижелер шығарылады.

3 тарауда Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде туризмды дамытуды қарастырылып келеді. Яғни, оның ішінде көне Ортағасырлық Қазақстан қалаларында туризмды дамыту, сонымен бірге «Хан Ордалы Сарайшық» орналасқан Атырау облысының экономикасын және туризм инфрақұрылымын дамыту жайында сөз қозғалынған.

1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

1. 1 Ұлы Жібек жолының пайда болуы

«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді -ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.

Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.

Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань - Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл қателіктердің аттары керемен екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан (3, 2м) ұштары желкесіне түскен Жібек шолпа орап алған. Оған оқалы - зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар - тұлындап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта, садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес» [1] .

Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.

Егер «Жібек Жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотан аймағындағы Яркент (Жаркент) - Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.

Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, 1 мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.

Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңізімен және Үнді мен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.

Біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғары Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.

Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдық саналып келеді.

Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады.

Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У - Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған книязі Чжон - Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға, Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.

1. 2 Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі

Жібек жолы 2-5 ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді, ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен, Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. (Сурет 1) «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді [2] . Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол 6-7 ғасырларда барынша жандана түсті. Негізгі жолдан басталған біреулері жарамсыз болып қалды, басқалары, керісінше, қызу жұмыс істеді, ал жолдармен бірге сауда жолдары мен қиылыстарында тұрған қалалар, селендер және керуен сарайлары дамыды немесе қаңырап қалды. Жібек жолының бағыттары қатып қалған бірдеңе болмағанын атап көрсеткен жөн, жүз жылдың барысында оның жеке учаскелері мен тармақтарының бағыттары өзгеріп отырды.

Сурет 1. Ұлы Жібек Жолының жылжу тармақтары []

Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол 6 ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды [3] . Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.

Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да 7-14 ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, 6-8 ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік Қазақстан - Талас алқабы - ШУ алқабы - Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс Түркістан арқылы таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын - Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары аталған негізгі жолға келіп қосылды.

Батыс Түркі қағанаты Византиямен сауда-дипломатиялық одақ келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен 9-12 ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды.

Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да туыстас немесе біркелкі этникалық саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүниежүзілік өркениеттің қызыл арқау-күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі 6-3 ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандарды қабірлерден, оның ішінде Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған. Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен Ираннан әкелінен аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдарда куә бола алады [4] .

6 ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан - ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелілер мемлекеті - Түрік қағанаты құрамына кірді.

Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды роль атқарды. Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзынна-бойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін тигізді [5] .

Өзара талас-тартыстар мен жортауыл-жорықтар, сондай-ақ Қытайда теңіз жолдарының игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып, күйдіруге жеткізгенге дейін, яғни 14 ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек Жолынан кереуен арылған жоқ.

Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының қазақстандық бөлігінің сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан (Ташкенттен) Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, Қытай сапарнамасында Испиджаб «Ақ өзендегі қала» аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі бойынша «Испиджап деп аталған Ақ қаланың (Ал-мединат ал Байда) шын атауы-Сайрам». Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған қалашық та осылай аталады. Оның орнында бұрын Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда құрылыстары базарлар мен керуен - сарайлары болды, ал Испиджаб көпестері Мерв Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб ибн Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен темір сатылатын.

1. 3 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары

Жібек жолындағы ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын, Таразға сол арқылы жететін. Бұл сонау 6 ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең ежелгі қала еді. Түрік қағаны 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери одақ шартын жасасу және жібек саудасы мәселелерін шешу мақсатымен Византиядан әскери сарапшы Замархтың бастауымен келген Юстиниан 2-нің елшілігін қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Сонымен бірге ол кейін қарлұқтар мен қараханидтердің де сауда-саттығының орталық астанасы болды.

Талас алқабындағы Таразға керуендер, сондай-ақ, Ферғана алқабынан Шатқал жотасындағы Чанач, Алатаудағы Қарабура асулары арқылы өтетін жолмен де жүретін. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының «Ферғанаға» және «Жетісу» бағыттарын жалғастыратын.

Бұл қалалардың жұрты жатқан жерлерді археологтар таба білді: олар осы күнгі Тоқмақ қаласына таяу маңда жатқан болып шықты және олардың бір-бірінен 5 км жерде жатқан ескі Ақбешім, Боран қалаларына келетіні анықталды.

Жібек Жолы Суябтан Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауымен өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі Жоғарғы, Барысқан қаласын басып өтетін, ал солтүстік тармағында атаулары бізге жетпеген шағын керуен - сарайлардың қалдықтары кездеседі. Одан әрі бұл жолдар Бедел асуында немесе сол арқылы Ташрабатта түйісіп, Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға апаратын.

10-12 ғасырларда Жібек жолының бір тармағы Іле алқабын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай көктей кесіп өтті.

Керуен жолы Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзені ағысын қуалай отырып Арал теңізі алқабына кетеді.

Сырдарияны жағалай созылған керуен жолындағы аса ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавгар қалалары болды. Бірінші қаланың атауы Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы қираған қаланың аты арқылы осы күнге дейін сақталып келеді. «Фараб» сөзін тәжімалағанда «арғы беттегі қала» деген ұғым береді, ал мұның өзі Сырдария өзенінің арғы бетінде тұрған қала атауына сәйкес келеді.

Отырар маңында 10 ғасырда Отырардың көгал алқабында болған басты қаланың бірі - Кедер. Ол «әр елден ағылған көпестер мекені» ретінде белгілі.

Отырар көптеген керуен жолдары тоғысқан түйін еді. Бір жол осы жерден Шавгарға кетсе, екінші жол Сырдария өткелі арқылы Басиджа қаласына барады. Соңғысы Шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу Насыр әл - Фарабидің алтын бесігі болды. Бұл қала 13-14 ғасырларда Зернук аталады. Жібек жолы одан Сырдарияны жоғары бойлап, оғыз қаласы - Сүткент арқылы Шашқа, ал төмен қарай Жентке барады. Осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке, одан Еділ жағалауымен Кавказға кетеді. Жібек жолының бұл бөлігі 13 ғасырда, яғни Еділдің төменгі ағысы сағасында Алтынордалық Сарай қаласы салынған кезде қатты жанданды.

Бұл жол 13-14 ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффа қалалары арқылы өтті.

8-інші ғасырдағы деректерден белгілі Шавгар қаласы осы күнгі Түркістан маңындағы қираған ескі Чуйтөбе (Шойтөбе) қаласына сәйкес келеді. Шавгар атауы «Қаратау қаласы» деген мағына береді, ол бұл Қаратау бөктерінде орналасқан қалаға сайма-сай келеді. 10-12 ғасырларда қазіргі Түркістанмен қарайлас Шавгарға жақын маңнан Яссы қаласы ірге тепті. Бұл кәдімгі аты шулы Темірдің бұйрығымен моласының басына күмбез мазар орнатылған атақты ақын Қожа Ахмет Яссауи туып, өз уағызын жүргізген қала еді [6] .

Жібек жолы Шавгардан оғыздардың астанасы болған Янгикентке (Жаңакент) баратын. Жол бұл жерден де Қызылқұм арқылы Хорезмге тірелетін. Бұл аралық 10 күндік жол еді.

12 ғасырда Жент, оңтүстік-батысқа таман орналасқан Сығанақ тәрізді, қыпшақ мемлекетінің орталығы болды.

Шавгардан, кейінірек Яссыдан Тұрлан асуы арқылы шыққан жол Қаратаудың солтүстік бөктеріне жететін, ал дәл осы жерден Сырдарияны бойлай созылған екінші жолмен иықтаса жарысып жататын. Ол жол әсіресе 13-14 ғасырларда қатты жанданды. Аралдың солтүстік жағалауынан Монголияға бет алған армян патшасы Гетум мен сопы Рубрук дәл осы жолмен жүрді. Бұл жолдың бойында Созақ, Уростан, Құмкент, Сүгүлкент қалалары жатты. Ол Таластың төменгі ағысына жетіп, өзенді жоғары өрлей көтерілетін немесе Билікөлдің батыс жағалауын бойлап, Бүркіт-Паркет, Хутухнин арқылы Таразға апаратын.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізі сорабынан солтүстікке де, шығысқа да жол бұтақтары тармақталып жатты. Олар Орталық және Шығыс Қазақстанды басып өтіп, кейін Сарыарқа ретінде баршаға мәлім болған Дешті - Қыпшақ жеріне Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға жетелеп кететін. Бұл жерде атты көпшелілер тайпалары жүретін дала жолы болатын. Алайда, бұған қарап Қазақстанның далалық аймақтарын тек қана көшпенділер мекендеген екен деп ойлауға болмайды. Мұндай егіншілікке қолайлы жерлерде - Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендері жағалауларында, Ұлытау етегінде, Ертіс жағасында, орта ғасырда егіншілік және қалалық тіршілік төңірегінде суармалы көгалдар алқаптар көбейе түсті. Оның үстіне мыс, қалайы, қорғасын, күміске бай кен орындары сонау қола дәуірінен игеріле бастады, ал көп кейінірек осы жерлерде кеншілер, метал балқытушылар, мысшылар мен күміс бұйым шеберлерінің қалашықтары бой көтереді. Мал, жүн, былғары, металл тәрізді шикізат қорына бай Орталық Қазақстан аудандары сауда-саттық жүйесіне, оның ішінде халықаралық байланысқа тартылды және көптеген керуен жолдарымен қоса Жібек жолы жүйесіне енгізілді.

Отырардан Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы, Қаратаудың аласа жоталарынан асып, Тұрлан асуы арқылы Шавгар мен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар Орталық Қазақстанның далаларын шарлап, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері жағалауларына жетіп жатты. Бұл жерлерде Болған-Ана, Жаман-қорған, Нөгербер-дарасы, Домбауыл, Милы-құдық, Ормамбет тәрізді қабырғалары шөгіп кеткен, төрт бұрышты елді мекен табылып, аршылды. Олардың айналасынан Жошы-хан, Алаша мавзолейлері тәрізді сәулеткерлік ескерткіштер сақталған ауқымды зираттар кешендері ашылды. Әл-Идриси Бақырлытаға, Махмуд Қашғаридің орта ғасырлық жазбаларындағы деректерінде кездесетін Жұбын, Қоңғылыкент қалаларын, Ортау мен Кейтау (Кейтаг) жайлауларын, Гарбин кен орындарын да осы жерлердің шеңберіне енгізу керек.

Тағы бір сораб - «Ханжолы». Жаңа дәуірге дейін кәдеге жараған, бұл жол Тараздан шығып, Таластың ағысы бойымен төмен жүріп, Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасу жағасына апарды [7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолының ежелгі тайпалар өміріндегі рөлі
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Ұлы жібек жолы. Орта ғасырлық Қазақстан қаласы
Ұлы Жібек жолы жеріміздегі өркениеттің даму жолы
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Жібек жолы
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Қазақ мәдениетінің бастаулары. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz