Студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен


МОДУЛЬ.1.КІРІСПЕ
МОДУЛЬ .2.ТАС ДӘУ1Р1 Палеолит
Неолит (Жаңа тас дәуipiв)
Эеолит (Мысты тас дәуipi)
Кавказдың қола дәуірі
Модуль.3.ҚОЛА ДӘУІРІ
Ресейдің еуропалық аймағының қола дәуірі
Скифтер жене сарматтар мәдениеті
Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы көне қалалар мен мемлекеттер
Ресейдің далалық орманды аймақтарының
ерте темір дәуірі
Алтай жөне Сібірдің ерте темір дәуірі
Антикалық және орта ғасырдағы Кавказ.
Орта Азияның ерте темір дәуірі
Алтай жөне Сібірдің ерте темір дәуірі
Антикалық және орта ғасырдағы Кавказ
Археология – тарих ғылымының бір саласы болып табылады. Тарих ғылымы адамзаттың өткенін, адамзат қоғамының дамуы мен оның заңдылықтарын зерттейді. Археологи яда осындай мақсаттарды көздейді, сондықтан да бұл тарих ғылымының бір бөлігі болып табылады. «Археологи я» сөзі гректің «архайос» - ежелгі, «логос» - ғылым немесе сөз деген екі сөзінен шыққан.
Тарих ғылымында деректің екі түрі бар: жазба және заттай. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған заттар заттай деректер қатарын құрайды. Археология қосалқы тарихи пәндер қат арына кірмейді. Археологтар қазба жұмыстары барысында алынған материалдары негізінде кең тарихи мәселені алдыларына қойып, оны шешеді. Археология – адамның пайда болуы мен сана – сезімінің қалыптасуына дейін зерттейтін жан – жақты ғылым саласы.
Сонымен археология адамзат қоғамының дамуымен өзінің заттай деректері арқылы дамудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Заттай деректердің қазба жұмыстары барысында алынғандығын ескере отырып археологияны «күрекпен қолға түсірілген» тарих деп те аталған.
Археологтар зерттеген заттар ежелгі қорғандар мен қоныстардан табылған. Қорғандардың ішінен табылған заттар о дүниелік өмірге деген сенімнің дәлелі болған: оларды өлікпен бірге обаға қойған, яғни заттарды келесі өмірде пайдаланады деген сеніммен өлікпен қоса жерлеген. Алғашқы қоныстанушылар салған баспаналар ағаштан болса, онда оның қалдықтары көптеп саналған. Малдың сүйектері, ыдыстардың сынықтары секілді. Бұл қалдықтарды топырақ басып уақыт өте келе жердің деңгейі көтеріле берген. Үйге жөндеу жұмыстарын жүогізу барысында да құрылыс қалдықтары қалған. Сондай – ақ үй өртеніп кеткен жағдайда ағаштың шоқтары, күлі кездескен. Егер үйді бұзған жағдайда оның төменгі бөлігі жер астында қалған. Жаңа үй салу кезінде жаңа қоныстар пайда болған. Мұндай жағдайда ескі қоныс орындарынан лақтырылып тасталаған сынық заттардан басқа, ұмыт қалдырылған немесе жоғалған бүтін заттарды кездестіруге болады. Біздің ежелгі тарихымыз жөнінде мәліметберетін құнды жәдігерлеріміз ослай жер астына кеткен. Ешқандай зат, қоныс, тұрғын үй жәйдан – жай жер астында қалмаған. Оның жоғарыда біз көрсеткендей себептері бар. Осы себептерді анықтау археологияның бір міндеті болып табылады.
Жер қабаттарынан табылған заттар сол кедердегі қоғам дағы мәдениеттің деңгейін көрсетеді, сонықтан да пайда болған қабаттарды мәдени қабаттар деп атаған.
Ежелгі қабірлерді екі типке бөлеміз: оба және қорған. Шұңқырдың үйіндісіз орналасқан қабір – оба, ал топырақ үйіндісі бар қабір - қорған болып саналады. Кез келген қабірлер, қоныс және ол жерден табылған заттар, ежелгі ғимараттардың қалдықтары және т.б. археологиялық ескерт кіштер болып табылады.
Археологиялық ескерткіштердің ішінен оңай қолға түсірілетіні аздап саналады. Олар айқын көрінетін қорғандар мен қалашықтар.
Ескерткіштердің көп бөлігі жер астында жатқандықтан, іздеуді көп қажет етеді. Олар: обалар, тұрақтар, ежелгі жолдар, құбырлар. Мұндай көзге оңайлықпен түсе қоймайтын ескерткіштерді археологтар ескерткіштің орналасқан жерінің топографиялық заңдылықтарын біле отырып, сол жерді мұқият аралап, ескерткіштің орнын тауып ежелгі заттарды іздей бастайды. Мұндай жағдайда археологтар бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланады.
Авиабарлау әдісі. Бұл әдіс бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында алғаш рет пайдаланылған. Ежелгі құрылыстардан, обалардан қалған түсті дақтар жоғарыдан жақсы көрінген. Сондай – ақ ауадан балшықтан тұрғызылған баспаналар мен қоныстардың қалдықтарын да айқын көруге болады. Қорғанның маңайында өсімдіктер қалың өскен. Авиабарлау археологиялық ескерткішті іздеуде ерекше орын алған.
Тоқ өткізгіш әдісі. Қабатқа электр желісін тартып ғимараттың қабырғаның сызбасын алады.
1. Авдусин Д.А. Основы археологии. М., 1989.
2. Авдусин Д.А. Полевая археология. СССР. М., 1980
3. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-Ата,
4. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумагамбетов Т. Археология Казахстана. Алматы, 1993.
5. Мартынов А.И. Археология. М.,1966
6. Галперина Г.А., Доброва Е.В. Популярная история археологии. М., 2002
7. Мартынов А.И., Шер Я.А. Методы археологического исследования. М., 1989
8. Авдусин Д.А. Археология СССР. М., 1977
9. К.М. Байпақов., Ж.Қ. Таймағамбетов., Т.Жұмағанбетов. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2006

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Клейн Л.С. Археологические источники. Л., 1995
2. Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. А-Ата, 1970..
3. Керам К.В. Боги, гробницы, ученые. М.,1986
4. Мартынов А.И. Археология. М., 1996.
5. Масон В.М. Исторические реконструкции в археологии. Самара, 1996
6. Гинзбург В.В., Трофимова Т.А. Палеоантропология Средней Азии. М., 1972
7. Алексеев В.П. Становление человечества. М., 1984
8. Матюшин Г.Н. Мезолит Южного Урала. М., 1976
9. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. Алма- Ата, 1979
10. Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. Алма-Ата, 1962
11.Таймагамбетов Ж.К. Памятники каменного века // Археологические памятники в зоне затопление Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987
12. Хлопин И.Н. Геоксюрская группа поселение эпохи энеолита. М., 1964
13. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1979
14. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966
15. Акишев К.А. Курган Иссык. Алма-Ата, 1978
16. Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. Алматы, 1998
17. Кожемяко П.А. Раннесредневековые города и поселения Чуйской долины. Фрунзе, 1959
18. Город Болгар (очерки истории и культура) М., 1987
19. Толочко П.П. Древняя Русь. Киев, 1987

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 104 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА
ИНСТИТУТЫ
ЖАЛПЫ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ

Бекітемін
Оқу ісі жөніндегі проректор
_____________Ж.А.Қараев
_________________2007 ж

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕШЕН

Тарих-экономика факультеті
Жалпы тарих кафедрасы
Мамандық: тарих
ПӘН: АРХЕОЛОГИЯ

050203, тарих 1к кб
050203,тарих 1к.3ж сб
Кредит-3
Коды-Arh 1210
Коды-Arh 1210
Семестр:1
Семестр:12
Дәріс-9
Дәріс-3015
ОСӨЖ-9
ОСӨЖ-3015 СӨЖ-
117
CӨЖ-3015

АЛМАТЫ,2007

Оқу-әдістемелік кешен Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру
стандартына сай (Алматы, 2007), типтік бағдарлама негізінде (әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті) жасалды.

Құрастырушы: Бакаева Гаухар Ергалиовна, жалпы тарих кафедрасының оқытушысы.

Жалпы тарих кафедрасының мәжілісінде бекітілді
Хаттама №_________ __________________2007 ж.

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент_______________Л.Т.Қожакеева

Тарих-экономика факультетінің ҒӘК төрайымы

______________Р.А.Дарменова

КЕЛІСІЛДІ
ТЭ факультетінің деканы, т.ғ.к.,доцент____________Аширбекова Ж.Б.

_________________2007 ж.

Курстың аты: Археология
Курс коды: Arh 1210
Кредит саны: 3
Курс оқытушысы: Бакаева Гаухар Ергалиовна Жалпы тарих кафедрасының
оқытушысы.
Курстың өтілетін уақыты мен орны: сабақ кестесі бойынша
Курс пререквизиттері:
1. Алғашқы қауымдық құрылыс
2. Этнология
3. Ежелгі дүние тарихы
Курс постреквизиттері:
1. Қазақстанның көне дәуірі
2. Орта ғасыр тарихы
3. Ежелгі және қазіргі заман тарихы
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Археологияның зерттеу обьектілері ежелгі және ортағасырлық
ескерткіштер болып табылады. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу арқылы
материалдық мәдениет пен өндіріс тарихын, ертегі қоғамның рухани өмір
үлгісін және әлеуметтік құрылымын тануға болады. Археология курсында
адамзат өмірі мен мәдениетінен жалпы заңдылықтар тарихын, археология
ғылымының негізгі түсініктері мен көне мәдениет археологиялық ескерткіштері
жөнінде ақпарат береді.
Курс мақсаты:
Болашақ тарихшыларды археология пәнінің тарих ғылымында алатын орны
мен, оның міндеттері, тәсілдері және даму тарихымен таныстыру. Сонымен
қатар осы жалпы курстың мақсатына дүниежүзіндегі аса маңызды, ғылыми ерекше
құнды ескеркіштердің ашылуы, зерттелу тарихы кіреді. Бағдарламада көне
дәуірдегі, ортағасырдағы тарихымызға тікелей немесе жанама қатысы бар
Еуразия аймағына, оның ішінде елімізге көршілес жатқан өңірлер Кіндік Азия,
Орта және Оңтүстік – Батыс Азия, Кавказ, Сібір, Орал атырабына көбірек
көңіл бөлінді. Еліміздің көне, байырғы тарихының деректерін біз негізінен
археологиялық ескерткіштері зерттеу арқылы аламыз. Сондықтан да
Археология деп аталатын жалпы пән материалының қомақты бөлігі Қазақстан
архелогиясына арналады. Пән тарихшыларды археологиялық ескерткіштерді танып
–білумен қатар оларды зерттеу әдіс – тәсілдерімен де таныстырады. Бірінші
курс студенттерінің білімін Алғашқы қоғам тарихы, Этнология пәндерімен
байланысты жүргізіледі. Бағдарламаның материалдары кезеңдік – дәуірлік және
аймақтық принципте құрылды.
Курс міндеті:
Болашақ тарихшыларды Еуразия тарихындағы әртүрлі кезеңдер мен
дәуірлердегі археологиялық ескерткіштердің территорияларын, мәдени
мұраларын айыра білуге, ескерткіштердің орны мен мағынасын түсінуді
оқытады. Сонымен қатар студенттерді тарихи мәліметтен археологиялық
материалдарын айыруға үйретеді.
Курсты зерттеу нәтижесінде студент төмендегілерді білу қажет:
- Еуразия территориясындағы тас ғасырынан ортағасырларға
дейінгі археологиялық ескерткіштер туралы нақты мәліметтер;
- Еуразия ескерткіштер жүйесіндегі Қазақстан археологиялық
ескерткіштерінің орны мен мәнін;
- Қазақстан ескерткіштері туралы шыққан әдебиеттердің барлығын.
Осы курсты өту нәтижесінде студент төменгі білгірлікке ие болуы қажет.
- Сыртқы белгілеріне қарап археологиялық ескерткіштерді танып,
айыра білу;
- әртүрлі ескерткіштерге қандай қазба әдістерін қолдану
керектігін анықтау;
- артефактілермен аппеляция жасай білу;
- салыстырмалы – тарихи анализ, типология
- тарихи қорытынды жасай білу.

Күндізгі бөлім
050203-педагогтік
Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

№ Тақырыптар ДәрісПрактЛабор.ОСӨЖ СӨЖ
ика жұмыс
1 2 3 4 5 6 7
1 1 - - 1 1
Модуль-1.Кірісп
е.
2 Қазақстандағы 1 - - 1 1
археология
ғылымының
дамуы.
3 Модуль-2.Тас 1 - - 1 1
дәуірі.Палеолит
4 Қазақстандағы 1 - - 1 1
көне тас
ғасыры.
5 Неолит. 3 - - 3 3
6 Энеолит. 3 - - 3 3
7 Модуль-3.Қола 1 - - 1 1
дәуірі.
8 Орта Азияның 2 - - 2 2
қола дәуірі.
9 Кавказдың қола 2 - - 2 2
дәуірі.
10 Ресейдің 1 - - 1 1
Еуропалық
аймағының қола
дәуірі.
11 Орал бойының 2 - - 2 2
және Сібірдің
қола дәуірі.
12 Қазақстанның 2 - - 2 2
қола дәуірі.
13 Модуль-4.Ерте 1 - - 1 1
темір дәуір.
14 Скифтер мен 2 - - 2 2
сарматтардың
мәдениеті.
15 Урарту 1 - - 1 1
археологиясы.
16 Солтүстік Қара 3 - - 3 3
теңіз
жағалауындағы
көне қалалар
мен
мемлекеттер.
17 Солтүстік Қара 1 - - 1 1
теңіз
жағалауына
римдіктердің
енуі.
18 Ресейдің 2 - - 2 2
далалық орманды
аймақтарының
ерте темір
дәуірі.
19 Алтай мен 2 - - 2 2
Сібірдің ерте
темір дәуірі.
20 Антикалық және 2 - - 2 2
ортағасырдағы
Кавказ.
21 Орта Азияның 2 - - 2 2
ерте темір
дәуірі.
22 Қазақстан 2 - - 2 2
жеріндегі ерте
темір дәуір.
23 Модуль-5. 2 - - 2 2
Ортағасыр.Орта
Азияның
ортағасырлық
ескерткіштері.
24 Ортағасырдағы 1 - - 1 1
Алтай мен
Сібір.
25 Шығыс Еуропа 1 - - 1 1
ерте ортағасыры
26 Қазақстанның 3 - - 3 3
ортағасырлық
археологиясы.
БАРЛЫҒЫ: 45 45 45

СӨЖ-ге арналған тапсырмалардың орындалуы мен
тапсырылуы туралы график

№ Сабақ СӨЖ Ұсын БақылаТапс Жоға
тақырыбы тапсыр ыл у ыру ры
малары атын түрлермерзібалы
әдебиеі мі
ттер
1 Модуль-1 Бекітілге1;2;3;үй 2-апт1
Кіріспе. н 4;9 жұмысыа
сұрақтарғ
а жауап
дайындау.
2 ҚазақстандРеферат 1;9;13үй 2-апт2
а ;14 жұмысыа
археология
ғылымының
дамуы.
3 Модуль-2. Схема 1;2;9;ағымды2-апт1
Палеолит. құрау. 10;11 а
4 ҚазақстандБекітілге9;10;1үй 3-апт1
ағы көне н 1 жұмысыа
тас ғасырысұрақтарғ
а жауап
дайындау.
5 Неолит. Неолит 1;2;5 үй 3-апт1
дәуірінің жұмысыа
ескерткіш
тері.
6 Энеолит. Түсінік 1;2;8;ағымды4-апт1
беру. 12 а
7 Модуль-3. Бекітілге1;2;5;ағымды4-апт2
Қола н 14 а
дәуірі. сұрақтарғ
а жауап
дайындау.
8 Орта Схемалар 1;2;8 үй 5-апт1
Азияның мен жұмысыа
қола таблицала
дәуірі. р құрау.
9 Кавказдың Түсінік 1;2;8 үй 5-апт1
қола беру, жұмысыа
дәуірі. салыстыру
.
10 Ресейдің Бекітілге1;2;8 ағымды6-апт1
Еуропалық н а
аймағының сұрақтарғ
қола а жауап
дәуірі. дайындау.
11 Орал Түсінік 1;2;8;ағымды6-апт1
бойының беру, 4 а
және салыстыру
Сібірдің .
қола
дәуірі.
12 ҚазақстаннОсы 9;13;1ағымды7-апт1
ың қола тақырыпты4 а
дәуірі. ң
кезеңдеу
мәселесін
е талдау
жасау.
13 Модуль-4. Схема 1;3;5 үй 7-апт1
Ерте темірқұрау. жұмысыа
дәуірі.
14 Скифтер Мәдениетт1;9 үй 8-апт2
мен ерді жұмысыа
сарматтардсалыстыру
ың .
мәдениеті.
15 Урарту Бекітілге1;2;8 ағымды8-апт1
археологиян а
сы. сұрақтарғ
а жауап
дайындау.
16 Солтүстік Схема 1;2 үй 9-апт1
Қара теңізжәне жұмысыа
жағалауындтаблица
ағы көне құрау.
қалалар
мен
мемлекетте
р.
17 Солтүстік Реферат 1;2;5 үй 10-ап1
Қара теңіз жұмысыта
жағалауына
римдіктерд
ің енуі.
18 Ресейдің Басқа 1;2;5 ағымды10-ап1
далалық аймақтард та
орманды ың ерте
аймақтарынтемір
ың ерте дәуірімен
темір салыстыру
дәуірі. .
19 Алтай жәнеТүсінік 1;2;8 ағымды11-ап1
Сібірдің беру,салы та
ерте темірстыру.
дәуірі.
20 Антикалық Бекітілге1;2;8 ағымды11-ап1
және н та
ортағасырдсұрақтарғ
ағы а жауап
Кавказ. дайындау.
21 Орта Схема 1;2;5үй 12-ап1
Азияның құрау. жұмысыта
ерте темір
дәуірі.
22 Қазақстан Реферат 9;15 үй 12-ап1
жеріндегі жұмыс та
ерте темір ы
дәуір.
23 Модуль-5. Схема 1;2;5 үй 13-ап1
Орта және жұмысыта
Азияның таблица
ортағасырлқұрау.
ық
ескерткішт
ері.
24 ОртағасырдТүсінік 1;2;5 ағымды14-ап1
ағы Алтай беру, та
мен Сібір.салыстыру
.
25 Шығыс Реферат 1;18;1үй жұм6-апт1
Еуропа 9 ысы а
ерте
ортағасыры
26 ҚазақстаннСхема 9;16;1ағымды7-апт1
ың және 7 а
ортағасырлтаблицала
ық р құрау.
археология
сы.
27 1-14 Тестке 1-9;1-1-Арал7-апт15
тақырыптардайындық 19 ық а
бақыла
у
28 1-25 Тестке 1-9;1-2-арал15-ап15
тақырыптардайындық 19 ық та
бақыла
у
29 1-24 Емиханға 1-9;1-жылдық16-ап40
тақырыптардайындық 19 та
100

050203-тарих педагогтік
Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары сырттай бөлім 1 курс 3 жылдық

№ Тақырыптар ДәрісОСӨЖ СӨЖ
1 Кіріспе.Қазақстанда 1 1 6
архология ғылымының
дамуы.
2 Палеолит. 1 1 6
3 Қазақстаның көне тас 8
ғасыры
(палеолит).Мезолит,неолит
,энеолит.
4 Қола дәуірі. Қоланың 1 1 6
шығуы, мысты өңдеу және
қоланы құю әдісі.
5 Кавказдың қола дәуірі. 7
6 Ресейдің еуропалық 7
аймағының қола дәуірі.
7 Орал бойының және 7
Сібірдің қола дәуірі.
8 Қазақстанның қола дәуірі.1 1 6
9 Урарту археологиясы. 1 1 8
10 Солтүстік Қара теңіз 1 6
жағалауындағы көне
қалалар мен ммемлекеттер.
11 Алтай және Сібір ерте 7
темір дәуірі.
12 Антикалық және 1 1 6
ортағасырдағы Кавказ.
13 Орта Азияның ерте темір 1 1 7
дәуірі.
14 Қазақстан жеріндегі ерте 8
темір дәуір.
15 Орта Азияның ортағасырлық 8
ес керткіштері.
16 Шығыс Еуропа ортағасыры. 7
17 Қазақстанның ортағасырлық1 1 7
ескерткіштері.
БАРЛЫҒЫ: 9 9 117

мОДУЛЬ-1.КІРІСПЕ
1. Археологияның мақсаты, міндеттері және тарих ғылымында алатын орны.
2. Археологиялық ескерткіштердің түрлері.
3. Археологиялық зерттеулердің әдістері.

Археология – тарих ғылымының бір саласы болып табылады. Тарих ғылымы
адамзаттың өткенін, адамзат қоғамының дамуы мен оның заңдылықтарын
зерттейді. Археологи яда осындай мақсаттарды көздейді, сондықтан да бұл
тарих ғылымының бір бөлігі болып табылады. Археологи я сөзі гректің
архайос - ежелгі, логос - ғылым немесе сөз деген екі сөзінен шыққан.
Тарих ғылымында деректің екі түрі бар: жазба және заттай.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған заттар заттай деректер
қатарын құрайды. Археология қосалқы тарихи пәндер қат арына кірмейді.
Археологтар қазба жұмыстары барысында алынған материалдары негізінде кең
тарихи мәселені алдыларына қойып, оны шешеді. Археология – адамның пайда
болуы мен сана – сезімінің қалыптасуына дейін зерттейтін жан – жақты ғылым
саласы.
Сонымен археология адамзат қоғамының дамуымен өзінің заттай деректері
арқылы дамудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Заттай деректердің қазба
жұмыстары барысында алынғандығын ескере отырып археологияны күрекпен қолға
түсірілген тарих деп те аталған.
Археологтар зерттеген заттар ежелгі қорғандар мен қоныстардан
табылған. Қорғандардың ішінен табылған заттар о дүниелік өмірге деген
сенімнің дәлелі болған: оларды өлікпен бірге обаға қойған, яғни заттарды
келесі өмірде пайдаланады деген сеніммен өлікпен қоса жерлеген. Алғашқы
қоныстанушылар салған баспаналар ағаштан болса, онда оның қалдықтары көптеп
саналған. Малдың сүйектері, ыдыстардың сынықтары секілді. Бұл қалдықтарды
топырақ басып уақыт өте келе жердің деңгейі көтеріле берген. Үйге жөндеу
жұмыстарын жүогізу барысында да құрылыс қалдықтары қалған. Сондай – ақ үй
өртеніп кеткен жағдайда ағаштың шоқтары, күлі кездескен. Егер үйді бұзған
жағдайда оның төменгі бөлігі жер астында қалған. Жаңа үй салу кезінде жаңа
қоныстар пайда болған. Мұндай жағдайда ескі қоныс орындарынан лақтырылып
тасталаған сынық заттардан басқа, ұмыт қалдырылған немесе жоғалған бүтін
заттарды кездестіруге болады. Біздің ежелгі тарихымыз жөнінде
мәліметберетін құнды жәдігерлеріміз ослай жер астына кеткен. Ешқандай зат,
қоныс, тұрғын үй жәйдан – жай жер астында қалмаған. Оның жоғарыда біз
көрсеткендей себептері бар. Осы себептерді анықтау археологияның бір
міндеті болып табылады.
Жер қабаттарынан табылған заттар сол кедердегі қоғам дағы мәдениеттің
деңгейін көрсетеді, сонықтан да пайда болған қабаттарды мәдени қабаттар
деп атаған.
Ежелгі қабірлерді екі типке бөлеміз: оба және қорған. Шұңқырдың
үйіндісіз орналасқан қабір – оба, ал топырақ үйіндісі бар қабір - қорған
болып саналады. Кез келген қабірлер, қоныс және ол жерден табылған заттар,
ежелгі ғимараттардың қалдықтары және т.б. археологиялық ескерт кіштер болып
табылады.
Археологиялық ескерткіштердің ішінен оңай қолға түсірілетіні аздап
саналады. Олар айқын көрінетін қорғандар мен қалашықтар.
Ескерткіштердің көп бөлігі жер астында жатқандықтан, іздеуді көп қажет
етеді. Олар: обалар, тұрақтар, ежелгі жолдар, құбырлар. Мұндай көзге
оңайлықпен түсе қоймайтын ескерткіштерді археологтар ескерткіштің
орналасқан жерінің топографиялық заңдылықтарын біле отырып, сол жерді
мұқият аралап, ескерткіштің орнын тауып ежелгі заттарды іздей бастайды.
Мұндай жағдайда археологтар бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланады.
Авиабарлау әдісі. Бұл әдіс бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында алғаш
рет пайдаланылған. Ежелгі құрылыстардан, обалардан қалған түсті дақтар
жоғарыдан жақсы көрінген. Сондай – ақ ауадан балшықтан тұрғызылған
баспаналар мен қоныстардың қалдықтарын да айқын көруге болады. Қорғанның
маңайында өсімдіктер қалың өскен. Авиабарлау археологиялық ескерткішті
іздеуде ерекше орын алған.
Тоқ өткізгіш әдісі. Қабатқа электр желісін тартып ғимараттың
қабырғаның сызбасын алады.
Химиялық анализ жүргізу.қоныстанушылардан қалған заттарға химиялық
анализ жүргізіледі. (Органикалық заттарға)
Археологиялық қазба жұмысын жүргізу барысында табылған ескерт
кіштердің ұзындығын, енін, тереңдігін нақты анықтау керек. Сондай-ақ мәдени
қабаттардың құрамын, яғни ескерткіштердің археологиялық ст ратиграфиясын
зерттеу керек. (Латынша стратум-қабат, грекше графо- жазу).

1. Авдусин Д.А. Археология СССР. Москва.,1977
2. Авдусин Д.А. Основы археологии. Москва.,1989
3. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана. Алма-
Ата.,1972
Қазақстандағы археология ғылымының дамуы
1.І Петрдің Сібір мен Қазақстанға жіберген экспедициялары.
2.Қазақстандағы археология ғылымының дамуына алғаш үлес қосқан тарихшы
және шығыстанушы ғалымдар.
3.Қазіргі таңдағы Қазақстан археологиясының дамуы.

ХІХ-ХХ ғасырларда ғана қалыптасқан археология ғылымы біршама жас
саналады. Соңғы кездерге дейін оның негізгі принциптері мен бағыттары толық
айқын болмай, ол түрлі білім саласына, әдетте биология ғылымдарына,
өнертануға жатқызылып келді. Бірақ археологияның жылда да шапшаң түрде қол
жеткізген табыстары оның қоғамдық ғылымдар арасындағы орнын айқындап берді.
Қазақстанның өткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің көне мұраларға
ұқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген жарлықтары, сондай-
ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге іргелес жатқан Қазақстан
жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар маңызды рөл атқарды. Осы
әрекеттер нәтижесінде 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С.Ремезов жазған
Чертежная книга Сибири жарық көрді.
1733 жылы Сібірге академик Г.Ф.Миллердің басқаруымен жасалған бірінші
академиялық экспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияның құрамында белгілі
ғалымдар Л.Делаклоер, И.Фишер, геодезистер И.А.Красильников, А.Иванов,
М.Ушаков жұмыс істеді.
Жылдары Еділ бойы, Орал, сібір мен Қазақстан халықтарының тарихын,
географиясы мен этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдастырылған екінші
академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу ісін жалғастырды.
Экспедиция жұмыстарына өз заманының аса көрнекті ғалымдары П.С.Паллас,
И.П.Фальк, И.Г.Георги , П.И.Рычков, Х.Барданес қатысты. Бұл ғалымдардың
есептері мен еңбектерінде қазақ халқының ілкі замандардағы ескерткіштері
туралы мол мәліметтер сақталған. Мысалы, П.И.Рыков өзінің Топография
Оренбургская атты іргелі шығармасында өзіне ұшырасқан көне кен өндіретін
жерлерді, мыс, қорғасын және қалайы қорытатын орындарды сипаттап кеткен.
Қазақстандық археологияның қайнар бастауында орыстың В.В.Бартольд,
В.В.Радлов, П.И.Лерх секілді шығыстанушылары мен тарихшылары, сондай-ақ
алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдері тұрды. Орыс халқынан шыққан
көрнекті өкілдер арасында кейбір азаматтардың қазақ халқының тарихы мен
мәдени мұрасына деген ықыласы, ынтасы өте жоғары болды. Мысалы, ХІХ
ғасырдағы белгілі мәдениет тарихшысы В.В.Стасов қазақстандық археологиялық
ескерткіштер көне Рим құландыларынан кем еместігін атап кеткен болатын.
Республикада археология ғылымының қалыптасуында академик М.Е.Массон,
С.П.Толстов, А.Н.Бернштам, М.П.Грязнов, С.С.Черников сынды ғалымдардң рөлі
орасан зор. Бірақ Қазақстан қоғамтану ғылымдары арасындағы дербес ғылыми
бағыт ретінде археология Қазақ КСР ҒА құрамында Тарих, археология және
этнография институты құрылғаннан кейін ғана қалыптаса бастады.
Республикалық археология ғылымының дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге
болады, олардың әрқайсысы оның қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесі мен күш-
жігерін қосқан ғалымдар есімімен тығыз байланысты.
Соғысқа дейінгі уақыт пен 60-жылдар соңындағы кезең ірі
экспедициялардың жасақталуымен, тың және тыңайған жерлер аймағында жұмыс
жүргізумен, Бесшатырды қазумен, Орталық Қазақстанда қола дәуірінің
қорымдарын зерттеумен сипатталынады. Бұл кездері өз ізденістерін
Ә.Х.Марғұлан, А.Г.Максимова, Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич, Т.Н.Сенигова,
К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, Х.А.Алпысбаев бастаған болатын.
70-жылдардан бастап археология ғылымы ұйымдастырушылық жағынан өрледі,
соның ішінде жаңа бөлімдер – археологиялық технология лабораториясы,
ортағасырлық археология бөлімі, Археология музейі ашылды. 1989 жылы олар
ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институты құрамындағы
Археологиялық орталыққа бірікті, ал 1991 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясында дербес Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты
ұйымдастырылды. Бұл уақыт ішінде ғылымға Б.Н.Нұрмұханбетов, К.М.Байпақов,
Л.Б.Ерзакович, М.С.Мерщиев, Ә.К.Ақышев, Ж.Қ.Таймағамбетов, Ж.Қ.Құрманқұлов
келген болатын. Осы жылдары Отырар, Құйрықтөбе, Көкмардан қалашықтарында
қазба жұмыстарын атқарған және Сырдария аңғары мен Қаратау беткейлерінде
зерттеу жүргізген Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы
ұйымдастырылған еді. Аталмыш уақытта Шығыс қазақстан мен Жетісуда сақ және
үйсін ескерткіштері, байырғы жартас сурет өнері зерттелді, Орталық
Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің түрлі кезеңдерін қамтитын ес
керткіштерде қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл кезеңдегі маңызды
құбылыстардың бірі Ғылым Академиясындағы археологиялық орталықтан басқа
университеттерде, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында, музейлерде жаңа
орталықтар ашылған болатын. Іскер зерттеушілер ұжымы Қазақ мемлекеттік
университетінің археология және этнология кафедрасында, Қарағанды
мемлекеттік университетінің тарих факультетінде, Шымкент, Петропавл және
Қостанай педагогикалық институттарында, Қарағанды және петропавл облыстық
музейлерінде қалыптасты. Зертеушілер отряды В.Ф.Зайберт, Н.П.Подушкин,
М.Е.Елеуов, В.В.Евдокимов, Г.Б.Зданович секілді жаңа есімдермен толықты.
Жарты ғасырдай уақыт ішінде Тарих, археология және этнография
институты құрамында болған қазақстандық археология әлемдік ғылымды сан
алуан табыстарымен байытып қана қоймай, сонымен қатар ежелгі және орта
ғасырлардағы Қазақстанды қоғам дамуының негізгі кезеңдерін айқындауға
мүмкіндік берді.
Оның ең маңызды жетістіктерінің арасында Қазақстан аумағын бұдан 1
млн. Жылдай уақыт бұрын алғашқы адамдар қоныстанғандығын дәлелдейтін ежелгі
палеолиттік тұрақтардың ашылуын айтуға болады.
Бүгінгі күні Қазақстанның малшы-егінші тайпаларының ертедегі
көшпелілерге айналу үрдістерін өткерген өңірлердің бірі ретінде
танылғандығын анықтау мүмкін болып отыр. Жаңа археологиялық мәліметтер,
әсіресе Іле жағалаулары мен Сырдарияның төменгі ағысындағы сақ обаларында
жүргізілген қазба жұмыстары қазақстанды сақ тайпаларының маңызды орталығы
болған деуге мүмкіндік береді.
Қазақстандық археологтардың ірі табыстарының бірі – урбанизациялық
үрдістердің серпінділігін, отырықшылық және қалалық мәдениеттің дамуын
анықтау болды. Қазақстан аумағы арқылы, дүниежүзілік өркениеттің жарқын
жетістіктерінің бірі – Ұлы Жібек жолы өткендігі анықталды.
Археологиялық материалдар Қазақстан мәдениеттерінің сан қырлылығын
анықтап отыр. Қазақ мемлекеттілі, Қазақ хандығының мәдениеті Оырар, Кедер,
Тараз, Түркістан, Сарайшық, Тальхир қала жұрттарындағы археологиялық
ізденістер көрсеткендей, көне түріктерді, қарахандықтардың, қыпшақтардың
мемлекеттілігі мен мәдениетінен бастау алады.
Қазіргі таңда қазақстандық археологтар ЮНЕСКО-ның Ұлы жібек жолы –
мәдениеттер диалогының жолы атты халықаралық жобасын әзірлеуге белсене
араласуда. 1991 ж. ЮНЕСКО-ның халықаралық экспедициясы Орта Азия мен
Қазақстанның ежелгі керуен жолдары арқылы жүріп өтті. Экспедиция жұмысы
кезінде ЮНЕСКО мен ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография институтының
ұйымдастыруымен Алматыда ғылыми семинар өткізілді. Ол Жібек жолы бойындағы
көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әрекеттестігін, байланысын
зерттеуге арналды. ҚР ҒА-ның Археология музейі – археологиялық ілім-білім
мен Қазақстан ғылымының жеткен жетістіктерін насихаттауда, халықтың тарихи
жадын жандандыруда негізгі құралдардың біріне айналды. 1973 ж. құрылған бұл
музейге 1946-1990 жж. Ғалымдар жинастырған жәдігерлер қойылды. Олардың
арасында бүкіл әлемдік және ғылыми маңызы жоғары болып саналатын қазба
кезінде қола дәуірінің қорымдарынан алынған материалдар, сақ-үйсін
дәуірлеріне жататын алтыннан жасалған әшекейлер, Отырар, Тараз, Түркістан
секілді орта ғасырлық қалалардан табылған өте сирек ұшырасатын заттар бар.
Есік обасынан табылған алтын бұйымдар кешені де осы музейде. Алтыннан
жасалған бұл бұйымдар теңдесі жоқ көркем және ғылыми құндылық, сонымен
қатар ол ғалымдар тарапынан үнемі зерттеу нысанына айналып отыр. Есік
обасындағы туынды аршып алынғаннан бері ежелгі Қазақстанның өнері,
идеологиясы мен мәдениеті жайлы 3 ғылыми момнография мен 30 шақты мақалалар
жарияланды.
Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулердің объективті ерекшеліктерінің бірі
теориялық мәселелер мәнінің көтерілуі болып табылады. Бұл жағдайларда
зерттеушілердің өздерінің философиялық дайындығы, бұрынғы философиялық
ұстанымға тұйықталмаған және де дүниежүзілік мәдениетті ұғынған
методологиялық ойлау мәдениеті басты орынға көтерілді. Бүгінде археолог-
зерттеушілеріміз осы ұстанымдарды ұстана отырып, археологиялық зерттеу
жұмыстарын жүргізіп отыр. Дәл қазіргі уақытта елімізде археология ғылымының
дамуына К.А.Ақышев, Ә.К.Ақышев, К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович, З.С.Самашев,
Ж.Құрманқұлов, У.Шәлекенов, Ж.Қ.Таймағамбетов, Т.Жұмағанбетов,
Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Қ.Омаров, Д.Байқұнақов сияқты археологтарымыз өз үлестерін
қосуда.

1. К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов, Т.Жұмағанбетов. Қазақстан
археологиясы. Алматы,2006
2. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя
культура Центрального Казахстана. Алма-Ата,1966
3. Проблемы археологических исследований позднесредневековых городов
Казахстана:Обзар. Алма-Ата,1990

МОДУЛЬ -2.ТАС ДӘУ1Р1
Палеолит
1. Палеолит мәдениетінің кезеңдері.
2. Ежелгі адамдар.
3. Ежелгі гоминидтердің тіршілік еткен ортасы.

Палеолит дәуірі (ежелгі тас) адамзат тарихындағы ең маңызды
кезеңдердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде біздіңарғы бабаларымыздың
тұрмысы туралы осы заманғы түсініктер олардың тұрған жерлерінің, адам
еңбектерінің қалдықтары – тас құралдарына, жан – жануарлар сүйектері
түріндегі тағам қалдықтарна негіздегі материалы болып табылатын тастан
жасалған еңбек құралдары береді.
Ежелгі адам өзінің дамуында бірінен соң бірі келген бірнеше кезеңнен
өтті. Бұлардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілуі және осыған
байланысты еңбек өнімділігінің заттай және рухани мәдениеттің өсуі жатыр.
Ғылымдағы қазіргі классификация бойынша ежелгі тас ғасыры ұзақ-ұзақ үш
хронологиялық дәуір: ежелгі, орта және кейінгі палеолитті қамтиды. Батыс
Европа материалдарына негізделген ежелгі палеолит классикалық үлгі боынша
үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель: орта палеолит кейінгі ашель мен мустье:
кейінгі палеолит ориняк, салютре мен мадлен болып бөлінеді. Соңғы жылдары
бұл үлгіге бірқатар түзетулер енгізілді. Бірқатар авторлар мустье мен
кейінгі палеолитті медеге алып, палеолитті ежелгі және кейінгі деп бөледі.
Көбінесе Африкадан табылған жаңа мағлұматтар негізінде, дошелльді қамтитын
адамзат өмірінің ерте кезі бұл күнде олдувэй дәуірі деп белгіленеді.
Төменгі палеолиттің дошеллль мен олдувэй мәдениеті деп аталатын ең
ежелгі кезі шамамен 2,5 млн. жылдардан 800 мың жылдықтарға дейін созылады.
Ежелгі палеолиттің кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140
мың жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Көптеген зерттеушілер палеолитті
(кейінгі ашель мен мустье ) б.з.б. 140-40 мың жылдықтарға жатқызады.
Кейінгі палеолит 40-10 мың жылдарға созылады.
Ежелгі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының қалыптасу уақыты
өндіргіш күштердің төмен деңгейімен сипатталады. Долбарлы шаруашылықтың
мәні табиғаттан дайын өнім алу: жабайы дәнді – дақылдарды, жемістер мен
жидектерді, аңдарды аулау сынды іс-әрекеттерінен тұрады. Адамдардың қарым-
қатынасы ұжым мүшелерінің экономикалық теңдестігіне еңбектің табиғи түрде
жыныс-жас жағына қарай бөлінуіне қарай құрылды. Және өзіндік бір сипаты
жағынан ұжымшылдықта болды.
Адамдардың палеолит дәуіріндегі қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму
жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі – бірігіп қорғану мен шабуылдау, аң
аулау мен терімшілікпен айналысу үшін құрылған тобыр болды. Руға дейінгі
бұл әлеуметтік құрылым – түбірсіздігімен, қоғамдық қатынастардың дамуымен,
қауымдық-отбасылық шаруашылықтың жоқтығымен ерекшеленеді, сонымен қатар
оған некелік қатынастардың кейбір қырынан реттелуі тән еді. Алғашқы
қауымдық тобырдың өмір сүрген уақытына төменгі палеолиттің ең ерте сатылары
– дошелль мен шелль кезеңдері жатқызылды.
Ашель заманында біртіндеп жаңа әлеуметтік құрылым – алғашқы қауымдық
құрылыстың алғы шарттары пісіп жетіле бастады. Ал мустье дәуірінде
отырықшылық орнықты, жыныс пен жас мөлшеріне қарай еңбек бөлінді, қауымның
алғашқы тұрпаттары бастапқы кейінгі палеолиттегі адам ұжымы әлеуметтік
жағынан алғашқы рулық қауымның кемеліне жеткен қатынастарымен сипатталынды.
Бұл сапалық секірім, көптеген зерттеушілердің пайымдауынша
неандертальдықтардың осы замандағыдай дене бітімі бар адамға (homa sapiens)
айналуымен тұстас келген.
Homo түрінің нақты ежелгі өкілдері бұдан 2,5 млн жыл бұрын пайда
болған. Бұл уақытта австролопитектер өмір сүргендігі туралы пікірлер бар.
Қазір 1959-63 жылдары Олдувэй шатқалынан ( Шығыс Африка ) дөрекі шапқы
құралдарымен (чоппер) бірге сүйек қалдықтары да табылған. Презинжантроп жер
шарындағы ең ежелгі еңбек етуге қабілеттелер ретінде саналады. Бұл ежелгі
гоминидке ғалымдар homo habilis ( шебер адам) деген атау берді. Оның
жасы – 1 млн. 750 мың жыл.
Homo habilisтің ми көлемі (652 см) антропоид маймылдар миынан біраз
асады. Басқа бірқатар мәліметерде де мысалы, тік жүргендікті айқындайтын,
айқын білінетін табан имектігі, бұл тіршілік иесінің адам тәрізді
маймыдардан ежелгі адамды бөлген шектен әлдеқашан өтіп кеткендігін
білдірдеді.
Адам эволюциясының келесі қадамы homo erectus ( түрегелген адам)
сатысымен байланысты. Бұл түрдің өкілдері тас ғасырында шелль – ашель
мәдениеттерін қалдырған – питекантроп пен синантроп болды. Ява аралынан
табылған питекантроптың ми көлемі 950 см, ал Пекин маңындағы Чжоукоудянь
үңгірінен алғаш ретқазып алынған синантроп миы 1075 см еді.
Қазіргі уақытта осы заманғы адамның ең ежелгі түпкі отаны расалық
түрлерінің тегі туралы бірыңғай пікір жоқ. Екі ғылыми болжам: көпорталық
(полицентрлік) және бірорталық (моноцентрлік) кең тараған. Біріншісі
бойынша, осы заманғы адам планетаның Еуропа, Азия, Африка, Австралия
секілді бірнеше бөліктерде қалыптасқан; бір-бірінен біршама бөлек түрлі
қарқынмен еуропа тектес (еуропеоид), моңғол тектес (монголоид), зәңгі т
ектес (негроид), австралия тектес (австралоид) үлкен расалардың қалыптасуы
жүрген. Бірорталық (моноцентрлік) ғылыми болжамын жақтаушылар, барлық
расалық түрлер алғашқыда Солтүстік-Шығыс Африканың, Алдыңғы және Оңтүстік
Азияның орасан зор аумағын мекендеген бір арғы ата-бабалардан тараған деп
есептейді.
Соңғы уақытта ғалымдар тарапынан адамның Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік-
Батыс сияқты екі облыста қалыптасуы жөніндегі теория ұсынылды. Дәл осы,
экватордан ежелгі адамдардың қазба қалдықтары көп табылған.
Кейінгі ашель мен мустье уақытында тас құралдарын жасау
технологиясында және еделгі адамның өмір сүру бейнесінде түбегейлі
өзгерістер болып өтті. Бұлар неандертальдық аталатын адамның жаңа, жоғарғы
дәрежедегі эволюциясы салдарынан өзгерген еді.
Жалпылама түрде палеоантроптар аталатын ашель-мустье дәуірінің
адамдары, жер шарының кейбір бөліктерін мұздық басқан, климаттың біршама
суытқан жағдайында өмір сүрді. Төменгі палеолиттің бұл ақырғы кезеңінде
қазіргі адамдар түрінің ата-бабаларының сыртқы кескін ерекшеліктері
түпкілікті орнықты.
Маңдай көлбеу, қасының үсті доға тәрізді, бас сүйегінің аласа болуы,
бет сүйегінің шомбалдығы, тістері өте ірі, иек сүйегінің болмауы немесе
нашар дамуы неандертальдықтардың басты өзгешелік елгісі болып келеді.
Омыртқасындағы онша байқалмайтын бүгіліс пен аяғындағы тізесінің әлсіз
түзулігі неандертальдықтардың жүрісі ебедейсіз болғандығын көрсетеді. Олар
аласа бойлы (150-160 см)болды, енді бірақ та ми қауашағының көлемі 1300-
1400 см-ге жетті.
Кейінгі ашель мен мустье заманы палеолит адамы мен оның мәдениетінің
дамуындағы жаңа кезең болды. өндірістік қатынастарда ол дамыған тас өңдеу
техникасына өтумен басталды. Мұның мәнісі солтас дайындамасының қысқа жағы
бір немесе екі тегіс алаңқайша алу үшін шағылды. Бұл үшін сүйектен,
ағаштан, мүйізден жасалған цилиндр тәрізді шой балға пайдаланылды. Сонан
соң тегіс алаңқайшадан ұзынша зілмен тас тілікшелері шағып алынылды. Тас
өңдеудің бұл жаңа тәсілі леваллуа техникасы деген атау алды.
Ашель заманында пайда болған дөңгелек өзек тастан құралдар жасау
тәсілі де бұрынғыдай дами берді. Мұндай дайындамалардан тас тілікшелерін
дөңгелек өзек тастың шетінен орта тұсына бірнеше соққы бағыттай отырып
дайындады. Мустьеде құралдардың негізгі түрі үшкір тас пен қырғыш болды.
Үшкір тас – пышақ ретінде және сабы ағаш найза, сүңгі ұшына пайдаланылса
керек. Қырғыштар ағаш өңдеу, аң терілерін сыпыру, т.б. жұмыстарда
пайдаланылды. Бірақ құрал сайман жиынтығы бұл екі құрал түрімен шектелген
жоқ. Олармен қатар алдыңғы дәуірдегі тас құралдарының клектон және жалған
клектон түрлері жаңқалар, бифастар, унифастар т.б болды және дамытыла
берді.
Алғашқы қауым адамы өмір сүрген төрттік ( антропоген) кезеңі 2 млн
жылдан астам уақыт бұрын басталды. Антропоген дәуірін оған дейінгі
неогенмен бөлген өзіндік табиғи шекаралар ірі палеографиялық өзгерістер
болған еді. Бұл уақытта тау түзілу үрдістері зор қарқынмен жүрді. Жер
қыртысының тіке қозғалысы ұсақ шоқылардың рельефін қалыптастырды. Оның
жекелеген телімдері жазықтық пен үстірттер қалыптастырып біршама көтерілсе,
басқалары төмен түсіп, ойпаттар мен қазақшұңырларға айналады. Әлбетте,
олардың қуаң аймақта орналасуы ежелгі гоминидтер тіршілік жағдайының
әркелкілігіне және де сонымен қатар ұқсастығына себепкер болды. Қуаңшылық
аймақтарға аумақты алғашқы игерудің ұзаққа созылуы, сондай-ақ гоминидтердің
қалыптасуы мен дамуының өзгешеліктері тән болып келді.
Полеолграфиялық жағдайлардың тұрақтылғы, көші – қон жолдарының қалыпқа
келуі, жануарлардың тіршілік ететін жерлері мен құстар жолының да қалпында
қалуы, жақсы шикізат қорының жер бетіне шығып жатуы және тиянақты су
көзінің болуы палеолиттің әр түрлі мәдениетін бойына дарытқан алғашқы
ұжымдардың бір тұрақтарда, өзен жағасында және суы тұщы бұлақтар жанында
ұзақ уақыт тіршілік етуіне мүмкіндік берген. Тек ұзақ жылдарға созылған
тоңданудың өрістеуі нәтижесінде су жүйелері бұзылып, гоминидтердің тіршілік
ету орталары өзгерген. Гоминидтер өмір сүруге қолайлы жерлерден, яғни
өзендердің жағасынан, үңгірлердің маңынан, бортопырақты аудандардан тұраққа
қажетті жерлер тапқан.

1. Алексеев В.П. От животных к человеку. М.,1969
2. Григорьев Г.П. Начало верхнего палеолита человечества. Л.,1979
3. Деревянко А.П., Маркин С.В., Васильев С.А. Палеолитоведение.
Введение и основы. Новосибирск, 1994

Қазақстанның көне тас ғасыры (палеолит)
1.Қазақ жерінде тас ғасырының зерттелу тарихы.
2.Қазақстан аумағындағы ежелгі тас ғасырының ескерткіштері.

Қазақстан археологиясының 50-жылдардың орта шеніндегі аса жарқын
жаңалықтарының бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратауда ежелгі палеолиттік
тұрғын-жайлардың табылуы болды. Оларды геолог Г.Я.Ярмак пен Қаратау
палеолиттік отрядын басқарған археолог Х.А.Алпысбаев тапқан еді. Бұл
жаңалық қазақстандық археологияның жаңа бағытын – палеолитті зерттеудің
негізін қалады.
Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария алқабында тас ғасыры ескерткіштерін
қарқынды түрді зерттеу ісін Х.А.Алпысбаев жүргізді. 1979 жылы жарық көрген
монография осы жұмыстардың қорытындысы еді, онда Бөріқазған, Кемер,
Қызылрысбек, Тоқалы, Дарбаза және т.б. палеолиттік тұрақтардың материалдары
жарияланды. Солтүстік Балқаш маңының орталық бөлігіндегі палеолиттік
тұрақтарды А.Г.Медоев жетекшілік еткен отряд зерттеді. Нәтижесінде Балқаш-
Ертіс су айрығының шығыс телімдерінен палеолиттік және неолиттік
дәуірлердің ашық жатқан 73 тұрағы табылды.
Сарыарқадағы палеолиттік мәдениеттер кеңістігі Қарағанды облысында
зерттеу жүргізген М.Н.Клапчук ізденістері арқасында кеңейе түсті. Ол
Қосмола, Қызылжар, Батпақ сынды мустье ескерткіштерін тауып, зерттеген
болатын.
Бұл жылдары тас дәуірінің тұрақтары Батыс қазақстанда, Маңғыстауда
ашылып, зерттелінді.
Қазақстанның түрлі аудандарында, атап айтқанда Шығыс Қазақстандағы
Шүлбі ГЭС-і аймағында тас дәуірі ескерткіштерін зерттеу жалғастырылды.
Ж.Қ.Таймағамбетов басқарған палеолит отряды Семей облысындағы Шүлбі
(Шульбинка) палеолиттік тұрағында станционарлық зерттеулер жүргізді. Қазба
барысында алынған материалдар негізінде ол б.з.б. 30-25 мыңжылдықтарға
жатқызылды. Жезқазған облысынан Ж.Қ.Таймағамбетов мустье дәуіріне жататын
тұрақтарды зерттеді.А.Г.Медоев және М.Н.Клапчук бастаған Сарыарқа
аумағындағы кең көлемді ізденістерді В.С.Волошин жалғастырды. Маңғыстаудағы
А.Г.Медоевтың ғылыми ізденістерін Ж.Қ.Таймағамбетов қайтадан жаңғыртты. Ол
палеолиттік ескерткіштердің үлгілі өлшеуіші болып табылатын көп қабатты
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ материалдарын талдап қорытып, жариялады. Ғалым
тұрақтағы қазба жұмыстары мен оны одан әрі жалғастыру палеолитті, төрттік
кезеңдегі антропоген қабаттарын зерттеу үшін де зор ғылыми мәні бар
екендігін жан-жақты дәлелдеп берді.
Қазақстан аумағында ежелгі палеолиттің екінші жартысына жататын
көптеген ескерткіштері белгілі.
Ежелгі тас ғасырының қазақстандық археологиясында әзірге дәстүрлі
түрде палеолит дәуірін ежелгі, орта, кейінгі кезеңдерге бөлерліктей
өлшемдер жоқ. Сондықтан Қазақстанның көне тарихының ескерткіштері жөнінде
сипаттама екі – ежелгі палеолит пен кейінгі палеолит жайында берілген.
Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың мекендеуі үшін қолайлы
аудандардың бірі Қаратау жотасы болды. Мұндағы ең көне еңбек құралдарының
қатарына жататындар – Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі
Арыстанды өзенінің төменгі төрттік, ең жоғарғы жайылма сөресін құрайтын
жентектелген қосындылардың ішінде Кеңірдік елді мекенінен табылған ауыр,
тік бұрышты шақпақ тастар. Клектон тұрпаттас деп аталатын бұл ең ежелгі
құралдардың одан анғұрлым кейінгілерден айырмасы – олардың соғатын қыр
алаңқайшасы тым үлкен, ол тіпті бүкіл сынық көлемінің жартысынан көбірек.
Олармен бірге бұл тас жаңқалары сындырылып алынған үлкен шақпақ тас
дайындамалары, ұра-өзектастар да болды. Қаратауда табылған шелль-ашель
дәуіріне жататын неғұрлым ден қоярлық олжалар Шабақты, Тәңірқазған,
Бөріқазған, Алакөл-1, қазанғап қоныстарынан алынды.
Шабақты қонысында көлбей жатқан қыраттың тегіс бетінен, клектон
тұрпатты деп аталатын, арыстанды тас жаңқаларына ұқсас екі шапқы табылды.
Бөріқазған мен Тәңірқазған қойнауларындағы тұрақтар шелль-ашель
дәуіріне жатады. Мұнда напа-нақ анықталған мәдени қалдықтар шыққан жерден
төрт түрлі бұйымдар тобы табылған. Бұлар – шеті не бір жағынан, не екі
жағынан жұқартылған дөрекі шапқы құралдар, жүзі мейлінше өткірленген
ашельдік тұрпатты шапқылар, клектон тұрпатты зілмен тас жаңқалары, тұрпайы
ірі ұра-өзектастар. Мұндай тас құралдар жиынтығы Ақкөл-1 тұрағына да тән.
Тоқалы қойнауынан 300-ден астам тас бұйымдары жинастырылған, олардың басым
көпшілігі дөрекі имек жүзді малта тас құралдары мен көне зілмен қырғыштар
құрайды.
Келесі бір тұрақ – Қызылрысбек, ол Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20
км жердегі куэст қыратының бетінен табылды. Дөңгелек өзектастардан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Саясаттану пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
Жалпы физиология студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы
Геология оқу - әдістемелік кешен
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Оқу-әдістемелік кешен
«Даму психология» пәні бойынша студентке арналған оқу-әдістемелік кешен
Оқу-әдістемелік кешен «Корпоративтік қаржы»
«Жарнама психологиясы» (оқу-әдістемелік кешен)
“Мектеп педагогикасы” оқу-әдістемелік кешен
«Хорды дирижерлау» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь