Дағдарысқа қарсы басқару


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Әрбір ұйымда кез келген жағдайда дағдарыс болмағанның өзінде оның туу қаупі болады. Басқаруда әрқашан әлеуметтік-экономикалық жүйенің циклдық дамуы туралы, басқарылатын және басқарылмайтын процестердің қатынасы туралы, адам, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының өзгеруі туралы тәуекел болады.

Сондықтан, әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару белгілі бір дәрежеде дағдарысқа қарсы құрылуы тиіс.

Дағдарысқа қарсы басқару - дағдарыстың қаупін алдын-ала көре білуді, оның симптомдарын, теріс салдарларын төмендету шаралары бойынша және одан әрі даму үшін оның факторларын қолдануды алдыға қойған басқару түрі.

Дағдарысқа қарсы басқарудың мүмкіндігі, ең алдымен, адам факторымен анықталады. Адамның саналы қызметі критикалық жағдайлардан шығу жолдарын іздеу мен табуға, күрделі мәселелерді шешуге барлық күштерді жұмылдыруға, дағдарыстан шығудың мыңжылдық тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде дамыған, алдыңғы қатарлы елдер басқарудың осы түрін қолданудың ерекше маңызын атайды. Себебі, олар өзгермелі, жаңалықтарға толы ортада ұйымда дағдарыстың пайда болу қаупін біледі. Осыған сәйкес біздің Қазақстан ұйымдары шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, енді ғана оның маңызын түсініп, тәжірибеде қолдана бастады.

Сонымен, бұл тақырып қазіргі Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының қалыптасу жағдайында өте маңызды, көкейкесті және қызықты тақырып болып табылады. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім қазіргі нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін кәсіпорындар мен компаниялардың пайда болуы мүмкін дағдарыстық жағдайларға төтеп беруі, банкроттыққа ұшырамауы үшін олардың дұрыс ұйымдастырылып, басқарылуының көкейкестілігі, ғылыми және тәжірибелік маңызды өте жоғары болып табылады. Ал дипломдық жұмысты жазу үшін пайдаланылған зерттеу объектісі «Ұржар ет комбинаты» ЖШС болып табылады, себебі бұл шарушылық субъект, Ұржар өңіріндегі ірі кәсіпорын болып болып саналады. Онда өндірілетін өнімдердің көлемін, кәсіпорын стратегиясын, оның ішкі және сыртқы ортасын анықтаумен, қаржылық тұрақтылығын зерттеумен айналыстым.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның дағдарысқа қарсы бағдарламасын талдау және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде өндірістік кәсіпорынның болашақтағы дағдарыстық жағдайын бағалау, дағдарысты тудырмау бойынша ұсыныстар жасап шығару.

Осы жұмыста келесідей міндеттер анықталған:

1. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы құрылған ағымдағы бағдарламасын талдау;

2. Дағдарысқа қарсы басқарудың тиімділігін анықтайтын негізгі факторларды анықтау;

3. Дағдарысқа қарсы басқарудың атқаратын қызметтерін қарастыру;

4. Дағдарыстан шығу бойынша шетелдік тәжірибені зерттеу;

5. Кәсіпорында дағдарысты болдырмау жолдарын ұсыну.

Берілген дипломдық жұмыстың зерттеу объектсі болып «Ұржар ет комбинаты» ЖШС өндірістік кәсіпорны табылады, ол негізінде ет өнімдерін өндірумен айналысады. Берілген өндірістік және қаржылық есептердің негізінде негізгі экономикалық көрсеткіштер есептелді, кәсіпорынның қаржылық жағдайы бағаланды, өндірістік қызмет тиімділігінің, өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері анықталды. Кәсіпорынның стратегиясы талданды.

Дипломдық жұмысты жазған кезде бірнеше заңдар қолданылды, оалрдың негізгілері болып Қазақстан Республикасының «банкроттық туралы» заңы, «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» Заң және «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы табылады. Сол сияқты, 2005 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының кейбір аспектілері қолданылды.

Талдау барысында келесі статистикалық әдістер қолданылды: топтау, динамикалық қатар, орташа шамалар, салыстырмалы талдау, сонымен қатар графикалық әдістер. Жұмыс қазіргі компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы жазылған: Word, Excel.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде әлеуметтік-экономикалық жүйедегі дағдарыстар түрлері талданып, дағдарысқа қарсы басқарудың мәні ашылды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарудың шетелдік тәжірибесі зерттелді.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы дағдарыстық даму тенденциялары, олардан шығу үшін жасалған мемлекеттік бағдарламалар, олардың қолданылуы қарастырылды. 90-жылдары елімізде болған экономикалық, саяси дағдарыс неге әкеліп соққаны, қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының даму жағдайы бағаланды.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде «Ұржар ет комбинаты» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметі бағаланды, кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқарылуының жаңа жолдары ұсынылды.

Қорытындыда түйіндер мен ұсыныстар берілді.

1-бӨлім. Дағдарысқа қарсы басқарудың мӘні жӘне оны қолданудың маңызы

  1. Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыс

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуында дағдарыс туралы жалпыға бірдей ұғым әлі толығымен қалыптаса қоймаған. «Дағдарыс капиталистік әдістің сипатты белгісі болып табылады және социалистік жүйеде болмауы тиіс» деген пікір болған. Біздің елде көптеген жылдар бойы бұл ұғым өндірісті дамытудың экономикалық саясатын жасау факторы ретінде емес, идеология деп қарастырылды. Алайда, барлық көзқарастарды талдай келе, бүгінгі күнге сәйкес ұғым қалыптасты. Дағдарыс - әлеуметтік-экономикалық жүйеде (ұйымда) оның қоршаған ортада өмір сүру тұрақтылығына қауіп төндіретін қарама-қайшылықтардың шиеленісуі.

Дағдарыстың себебі түрлі болады. Олар объективті және субъективті болып бөлінеді. Объективті себептер модернизация және қайта құрудың циклдық қажеттіліктерімен байланысты. Ал субъективті себептер басқарудағы қателер мен волюнтаризмді білдіреді. Сонымен қатар, климаттың құбылыстарын, жер сілкінісін және т. б. сипаттайтын табиғи себептерді атауға болады (1-сурет) .

Дағдарыс себептері ішкі және сыртқы болады. Сыртқы себептер макроэкономикалық және әлемдік экономикалық дамудың тенденциялары және стратегиясымен, бәсекемен, елдегі саяси жағдаймен байланысты болса, ішкі себептер тәуекелі жоғары маркетинг стратегиясымен, өндірістік ұйымда жетіспеушіліктермен, ішкі конфликтпен, басқарудың жетілмеуімен, инновациялық және инвестициялық саясатпен сипатталады.

Сонымен, дағдарыс қаупі әрқашан болады, оны алдын-ала көре білу және болжау қажет.

Дағдарысты түсіну үшін оның себептерімен қоса, түрлі дағдарыстық салдарларды қарастырған дұрыс. Жалпы, дағдарыстың салдары екі факторға байланысты: оның себептеріне және дағдарыстық даму процесін басқару мүмкіндіктеріне (2- сурет) .

Дағдарыстың түрлі салдарлары дағдарыс белгілерімен, сол сияқты дағдарысты шиеленістіретін немесе әлсірететін дағдарысқа қарсы басқарумен анықталады. Осы қатынаста басқару мүмкіндіктері басқару мақсаттарына, кәсібилігіне, мотивация белгісіне, себеп пен салдарды ұғынуға, жауапкершілікке байланысты болады.

Көп жағдайда энтузиазм көмектеседі. Бірақ, ол үзіліссіз әсер бермесе де, дағдарысқа қарсы басқару бағдарламаларында ескеріледі. Энтузиазм өзінің қайнар көзі, ұлттық ерекшеліктері, мәдениеттің дәстүрлері бойынша әртүрлі болады. Энтузиазм ірі қателер мен мақсаттарды жабу үшін қолданылады да, дағдарыстық қысымды жоғалтпайды.

Дағдарыс себептері.

1-сурет.

Дағдарыстың салдарлары.

2-сурет.

Тәжірибе көрсеткендей, дағдарыс тек себептері мен салдарлары бойынша ғана емес, өзінің мәні бойынша да әртүрлі. Егер дағдарыс типологиясы болса, оны әлсіретуге, уақытты үнемдеуге және ауыртпалықтың аз болуына мүмкіндік туады.

Жалпы және жергілікті дағдарыстар болады. Жалпы дағдарыстар жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтыса, жергілікті оның бөлігін ғана қамтиды. Бұл дағдарыстардың көріну масштабы бойынша бөлінуі.

Дағдарыс проблематикасы бойынша макро- және микродағдарыс болып бөлінеді. Макродағдарысқа көп көлемді және масштабты проблематика тән. Микордағдарыс жеке проблема мен проблемалар тобын қамтиды (3-сурет) .

Жергілікті немесе микродағдарыс тізбекті реакция ретінде болса да, жалпы жүйеге немесе дамудың барлық проблематикасына таралады, себебі жүйеде барлық элементтердің органикалық өзара байланысы болады және проблемалар жекелеп шешілмейді. Бұл дағдарыс жағдайларын басқарудың жоқтығы, дағдарысты локализациялау және оның өткірлігін азайту шараларының жоқтығы, дағдарысты дамытудың әдейі мотивациясын жасау кезінде туындайды.

Әлеуметтік-экономикалық жүйедегі құрылымдық қатынастарға, оның даму проблематикасының дифференциациясына байланысты экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, психологиялық, технологиялық дағдарыстарды бөлуге болады.

Экономикалық дағдарыс елдің экономикасында немесе кәсіпорын мен фирманың экономикалық жағдайында болатын өткір қарама-қайшылықтарды білдіреді. Олар: өндірістік, тауар сату, төлемсіздік дағдарыстар, бәсекелік қабілетті жоғалту, банкроттық және т. б.

Экономикалық дағдарыс тобында қаржылық дағдарыстар ерекше. Олар фирманың қаржылық мүмкіндіктеріндегі және қаржылық жүйе жағдайындағы қарама-қайшылықтарды білдіреді. Ол экономикалық процестердің ақшалай мағынадағы дағдарыстары.

Әлеуметтік дағдарыстар түрлі әлеуметтік топтардың немесе құрылымдардың - жұмысшы мен жұмыс беруші, кәсіподақ пен кәсіпкерлердің - мүдделерінің шиеленісуі кезінде туады. Көбінесе әлеуметтік дағдарыстар экономикалық дағдарыстардың жалғасы немесе толықтырушысы ретінде дамиды, алайда олар басқару стилі, еңбек жағдайларына көнікпеушілік, экологиялық проблемаларға қатынас, патриоттық сезімдер себебінен де туындайды.

Әлеуметтік дағдарыс тобында саяси дағдарыстар маңызды болып келеді. Бұл - қоғамның саяси құрылымындағы, биліктегі, әлеуметтік топтар мен кластардың мүдделерді жүзеге асырудағы, қоғамды басқарудағы дағдарыстар. Саяси дағдарыстар қоғамның әр қырын сырып өтіп, экономикалыққа ұласады.

Ұйымдық дағдарыстар - қызметтің бөлінуі және интеграциясы, функцияларды бөлу, жеке бөлімшелер қызметін регламенттеу, әкімшілік бірліктерді, аймақтарды, филиалдарды бөлу кезінде болатын дағдарыстар.

Дағдарыс типологиясы.

3-сурет.

Психологиялық дағдарыстар - адамның психологиялық жағдайының күйзелісі: стресс, сенімділік сезімінің жоғалуы, паника, болашағы үшін қорқыныш, жұмыспен, құқықтық қауіпсіздікпен, әлеуметтік жағдаймен қанағаттанбаушылық. Ол қоғамның, ұжымның және жеке топтың әлеуметтік-психологиялық климатында болады.

Технологиялық дағдарыс жаңа технологияны анық қажет ететін жағдайларда жаңа технологиялық идеялар дағдарысы ретінде туындайды. Ол -бұйымның технологиялық сәйкессіздігі, жаңа технологиялық шешімдерді қолдамау. Жалпы бұндай дағдарыстар ғылыми-техникалық прогрестің дағдарыстары болып көрінеді - оның тенденциялары, мүмкіндіктері, салдарлары арасындағы қарама-қайшылықтар. Мысалы, қазіргі кезде атом энергиясын бейбіт қолдану, атом электр станциялары мен корабльдерін салу идеясы дағдарысқа ұшырап отыр.

Дағдарыстың пайда болуының басқа да себептеріне байланысты табиғи, қоғамдық, экологиялық болады. Алғашқысы өмірдің табиғи жағдайларынан, адамның қызметінен туады. Себептері: жер сілкінісі, боран, өрт, климаттық өзгерістер, су тасқыны. Бұлар экономикаға, адам психологиясына әсер етпей қоймайды. Белгілі масштабтағы бұл құбылыстар дағдарыстың пайда болуына алып келеді.

Дағдарыс қоғамдық қатынастардың барлық көріністерінен де пайда болады.

Қазір адам мен қоршаған ортаның, яғни экологияның қарым-қатынасында да қауіп-қатер болады. Бұл адам қызметінің әсерінен болатын табиғи жағдайдың өзгерісі кезінде туатын дағдарыстар - ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы, қауіпті технологияны ойлап табу, табиғи тепе-теңдік заңдарының талаптарын орындамау.

Дағдарыстар тағы заңды және кездейсоқ болады. Заңды дағдарыстар даму кезеңі ретінде туады, олар болжанады және дағдарысты тудыру факторлары есебінен объективті себептермен өндірісті қайта құру қажеттілігі, ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен мүдделер құрылымын өзгерту шақырылады.

Кездейсоқ дағдарыстар - басқарудағы үлкен қателіктің немесе табиғи құбылыстың нәтижесі, жергілікті дағдарыстың кеңеюі мен таралуына әкелетін экономикалық тәуелділік нәтижесі.

Айқын дағдарыстар белгілі болады және жеңіл көрінеді. Ал жасырын дағдарыстар көрінбейді, сондықтан қауіпті болып саналады.

Дағдарыс терең және жеңіл болады. Терең, өткір дағдарыстар әлеуметтік-экономикалық жүйенің түрлі құрылымдарының құлдырауына әкеп соғады. Олар қиын және қалыпсыз жүреді, көбіне басқа қарама-қайшылықтарды өзіне қосып алады, оларды өзімен ала жүреді. Жеңіл дағдарыстар тізбектеліп, ауыртпалықсыз жүреді, оларды көре білуге, басқаруға болады.

Уақыт факторы дағдарыстық жағдайларда маңызды роль атқарады. Ұзақ мерзімдік дағдарыстар, әдетте, ауыр және қиын жүреді. Олар дағдарыс жағдайларын дұрыс басқара алмаудың, дағдарыс мәні мен сипатын, себептері мен мүмкін салдарларын түсіне алмаудың әсерінен пайда болады.

Дағдарыс типологиясы оны анықтауда, оны жемісті басқаруда маңызды роль атқарады. Нақты дағдарыстың классификациялық белгілері жағдайдың бағаларын, жемісті басқарушылық шешімдерді дайындау және таңдауды анықтайтын параметрлер ретінде қарастырылады. Дағдарыс болмаса да, оның қаупі әрқашан болады. Сондықтан қателік жағдайлардың туу белгілерін білу мен оның алдын алу мүмкіндіктерін бағалау маңызды.

Дағдарыстың алдын алу - басқарылатын процесс. Басқарудың жемісі оны уақтылы тануға, симптомдарына байланысты болады. Дағдарыс белгілері оның типологиясы бойынша бөлінеді: масштабы, проблематикасы, өткірлігі, даму аймағы, себебі, мүмкін салдары, көріну фазасы.

Әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда дағдарысқа қарсы дамудың мониторингі қызмет етуі тиіс. Бұл - даму процестерін бақылау және олардың тенденциясын дағдарысқа қарсы басқару критериі бойынша барлау. Мысалы, ауа райын, жер сілкінісін болжайтын арнайы службалар бар. Неге басқару жүйесінде осы сияқты қызметті ойлап таппасқа?

Болжау үшін дағдарыстық дамудың белгілері мен көрсеткіштерінің нақты жинағы, оларды есептеу әдістемесі және талдауда қолдану қажет. Дағдарысты болжау жағдай мен тенденцияны арнайы талдау негізінде ғана мүмкін болады. Дағдарысты тануда әлеуметтік-экономикалық жүйенің жағдайын бағалаудың барлық көрсеткіштері қатысады.

Дағдарысты тану әдістемесі мамандардың болуын, олардың қызметтерін, ұсыныс немесе шешімдер мәртебесін, басқару жүйесіндегі өзара байланысы білдіретін жұмысты ұйымдастырумен тығыз байланысты. Мұндай мамандар туралы айтқан кезде, дағдарысқа қарсы менеджерлер немесе арбитражды басқарушылар дайындығы ғана емес, сол сияқты осы қызметке маманданған аналитиктер қарастырылады.

Бүгінгі күні дағдарысты тану және болжау басқарудың күрделілігі мен өндірістік қызмет масштабының кеңеюі есебінен кәсіби негізге қойылуы тиіс. Дағдарыстың алдын алу оны талдау әдістемесіне, дағдарысқа қарсы басқару саласында мамандардың болуына байланысты. Басқарудың кәсібилігі қалыпты, жемісті басқару дағдысымен шектелмейді, ол жоғары тәуекелді, экстремалды, дағдарыстық жағдайларда да көрінуі тиіс.

Қоғамдық ұдайы өндірістің классикалық циклы төрт фазадан тұрады:

1. Дағдарыс (құлдырау) . Өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, баға төмендейді, тауар іркіледі, жұмыссыздық өседі және банкроттық саны артады. Экономикалық дағдарыстың жеке салаларға негативті әсер ету дәрежесінде ерекешеліктер болатынын атап кету қажет. Күнделікті сұраныс заттарын жеткізетін салаларда өндіріс салыстырмалы аз масштабта қысқарады. Қолайсыз экономикалық жағдайда тұтынушылар жақсы уақытты күтіп, жабдықтар мен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатуы мүмкін. Сәйкесінше, металлургияда, ауыр машина жасауда, тоңазытқыш, автомобиль және т. б. шығаратын салаларда өндіріс көлемі тамақ және жеңіл өнеркәсібіне қарағанда күрделірек төмендейді. Монополия және экономиканың монополиялық емес секторларындағы дағдарысқа әсер етуде айырмашылықтар бар. Жоғары монополиялық салаларда дағдарыс кезінде өндіріс көлемі күрт төмендегенде баға төмендемейді, ал капиталдың төмен концентрациясы салаларында өнім шығару көлемі аз ғана қысқарғанда баға көп төмендейді. Басқаша айтсақ, монополия өзінің экономикалық билігіне жүктеліп, дағдарыстан аз шығындарымен шығады.

2. Тоқырау (стагнация) . Жарты жылдан үш жылға дейін созылады. Шаруашылық өмірдің жаңа жағдайларға және қажеттіліктерге бейімделу фазасы, жаңа тепе-теңдікке жету фазасы болып табылады. Оған сенімсіздік, тәртіпсіз іс-әрекеттер тән. Кәсіпкердің конъюнктураға сенімі әзер қалпына келеді, шаруашылық жүргізу бағасы мен шарттары тұрақтанса да, бизнеске үлкен қаржыны тәуекелге бармай отырып, қарайлайды. Бұл фаза көп жағдайларда пайыз нормасының төмендеуімен сипатталады.

3. Жандану - қалыпқа келу фазасы. Капитал салымы басталады, баға, өндіріс, жұмысбастылық, пайыздық қойылым өседі. Жандану, ең алдымен, өндіріс құралдарын жеткізетін салаларды қамтиды. Жаңа кәсіпорындар құрылады. Яғни, жандану макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге қол жеткізумен аяқталады. Содан кейін бұрынғыға қарағанда жаңа, жоғарырақ өрлеу басталады.

4. Өрлеу (серпіліс) - жаңалықтар және жаңа тауарлар мен кәсіпорындардың пайда болу сериясында, капитал салымдарының, акция және басқа құнды қағаздардың бағамының, пайыздық қойылымның, баға және жалақының қарқынды өсуінде экономикалық дамудың жеделдеуі байқалатын фаза. Банктік баланстың қысымы артады, тауарлық қорлар көлемі өседі. Экономиканы дамудың жаңа деңгейіне алып келген өрлеу базаны жаңа деңгейге, периодикалық дағдарысқа дайындайды.

Жаңа периодикалық дағдарыстың алғашқы себебі жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс құлдырайды, жұмысбастылық төмендейді, табыстар азаяды, шығындар мен сұраныс қысқарады.

Жиынтық сұраныстың қысқаруына әсер ететін факторлар: тозған жабдықты ауыстыру (шикізатты, материалдарды, қосымша бөлшектерді бұрынғыдай сатып алу қысқарады), жеке өнімдерге сұраныстың азаюы, салықтар мен несие пайызының өсуі, ақша айналыс заңын бұзу, түрлі саяси жағдай, кездейсоқ жағдайлар. Бұлардың барлығы қалыптасқан нарықтық тепе-теңдікті бұзады және келесі экономикалық дағдарысқа түрткі болады.

Дағдарыс тұрақты (циклдық) немесе периодикалық және тұрақсыз болады. Тұрақты дағдарыс белгілі бір заңдылықпен қайталанып отырады, жаңа циклға бастама береді, осыдан экономика төрт фазадан өтіп, базаны келесі циклға дайындайды. Олар экономиканың барлық салаларын терең және үздіксіз қамтуымен сипатталады. Тұрақсыз экономикалық дағдарыстар: аралық, бөлшектік, салалық және құрылымдық. Аралық дағдарыс жаңа циклға бастама бермейді, өрлеу және жандану фазасының ағымын белгілі бір уақытқа бөледі. Ол тұрақты дағдарысқа қарағанда терең емес және үздікті болып келеді де, локальды сипатта болады. Осындай дағдарыс капиталистік елдерде 1924 және 1927 жылдары орын алды, ал 1953-1954 және 1960-1961 жылдар мұндай дағдарыс тек АҚШ пен Канаданы ғана қамтыды.

Бөлшектік дағдарыс аралық дағдарыстан барлық экономиканы емес, ұдайы қоғамдық өндірістің қандай да бір саласын қамтуымен ерекшеленеді. Оған 1932 жылы Германияда болған оқиғаны мысалға келтіруге болады.

Салалық дағдарыс халық шаруашылығының тек бір саласын ғана қамтиды. Оның тууының негізгі себептері: саланың дамуындағы диспропорция, құрылымдық қайта құру, қайта өндіріс. Бұл дағдарыстар ұлттық және халықаралық болып бөлінеді. Соңғысына 1958-1962 жылдардағы әлемдік судоход дағдарысын және 1977 жылғы тігін өнеркәсібіндегі дағдарысты жатқызуға болады.

Құрылымдық дағдарыс - қоғамдық өндірістің пропорционалды даму заңын бұзу. Бұл, бір жағынан, салалар арасындағы маңызды диспропорцияда көрінсе, екінші жағынан, балансталған даму үшін қажетті өнімдердің маңызды түрлерін натуралды өлшемде шығаруда көрінеді. 70-жылдары Батыс экономикасын энергетикалық, шикізаттық және азық-түлік дағдарыстары жаулап алды.

Келесі периодикалық дағдарыстың басталуы алдында өндіріс жоғарғы деңгейге жетеді де, қайта өндіріске ұшырайды.

Жеке ұйымның қызметінде дағдарыстың тууы мүмкін бе? Бұл басқару проблематикасындағы маңызды сұрақ. Тәжірибеге сүйенсек, дағдарыс тек мүмкін болып қана қоймай, әр жеке ұйымның басқа ұйымның даму ритмімен сәйкес келмейтін жеке даму ритмін де сипаттайды. Әрбір ұйымның өзінің даму потенциалы, оны іске асырудың өз шарттары болады, жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйенің циклдық дамуының заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан, ұйым өзіндік циклдар дағдарыстық дамуын иемдене отырып, экономикалық жалпы циклдарға белгілі қатынаста болады. Ол сыртқы және ішкі, жалпы және спецификалық факторлар болуы мүмкін.

Сыртқы факторлар ұйым қызмет ететін және оған әрқашан тәуелді болатын экономикалық ортаны сипаттайды. Егер экономика жүйелік дағдарыс қалпында болса, бұл ұйымға әсер етпей қоймайды. Әрбіреуіне әрқалай әсер етеді. Барлығы ұйымның белгісіне және қызмет ету аймағына (мемлекеттік, жеке, ірі, шағын, коммерциялық, өндірістік, т. б. ), оның ішкі жағдайына (мемлекеттік, жеке, ірі, шағын, коммерциялық, өндірістік және басқа) байланысты.

Ұйымда дағдарыстың пайда болу факторлары әртүрлі болады. Дағдарысқа қарсы басқару бағдарламаларын уақтылы іске асыру мүмкіндігін алу үшін, дағдарыстық дамудың симптомдарын көру маңызды. Факторларды, симптомдарды, себептерді бір-бірімен шатыстыруға болмайды.

Симптомдар ұйымның қызмет етуін және дамуын бейнелейтін өзгеріс тенденциясында және көрсеткіштерінде көрінеді. Қор қайтарым, өнімділік, тиімділік, энергиямен қамтылу, қаржылық жағдай көрсеткіштерін, яғни персоналдың ағылуы, тәртіп, еңбекпен қанағаттану, конфликтілік сияқты көрсеткіштерді талдау ұйымның өндірістік жағдайында дағдарыс туғанын не тумағанын сипаттай алады. Қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді талдаудың маңызы зор.

Көрсеткіш жағдайы, оның өзгеру тенденциясы дағдарыс симптомы болып табылады.

Дағдарыстың симптомы болып тағы көрсеткіштердің заңды қатынастарға сәйкес келмеуі, уақыт параметрлері табылады. Мысалы, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсу қарқынынан артық болу керек. Егер бұлай болмаса, дағдарыс қаупі төнеді.

Симптомдар дағдарыс себебін әрқашан көрсете бермейді. Симптом - дағдарыстың ақиқат себептерін әрқашан сипаттай бермейтін, алайда себептерді бекіте алатын дағдарыстық жағдайдың алғашқы және сыртқы көрінуі. Дағдарысты тек симптомдары бойынша ғана емес, себептері мен нақты факторлары бойынша да бағалау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару
Кәсіпорынның бизнесін бағалау
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқару жүйесінің тиімділігін талдау
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні
Экономикалық дағдарыс себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz