Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасы жайлы


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА
1.1 Облыс төлқұжаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Туристік потенциалы және орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Туризм инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

2 БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
2.2 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту ... ... .32
2.3 Маркетинг және туристік өнімнің алға жылжуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.4 Туристік саланы ақпараттық және ғылыми.әдістемелік қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.5 Туризм кластерін құру және туристік саланы кластерлік дамыту ... ... ...37

3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1 Аудандар мен қалалардағы туризм дамуының жағдайларын талдау ... .43
3.2 Алматы облысында 2007.2009 жылдар аралығында бағдарламаға сәйкес атқарылған шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
Алматы облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» № 211 Заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауының «Қазақстанның елу бәсекеге қабілетті елдер құрамына ену стратегиясын» жүзеге асыру шараларын орындаудағы жалпыұлттық жүйелік кестесінің 16 тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 Әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленді.
Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стартегиясына сәйкес туризм мемлекеттің 2010 жылға дейінгі экономикалық дамуының басымдылығы болып белгіленді.
Өткен кезеңде Алматы облысында туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылды, мемлекетаралық туристік байланыстар кеңейтілді. Сонымен қатар, 2003-2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стартегиясының негізгі параметрлерін ескере отырып, туристік саланы дамыту жөніндегі шараларды іске асыруға көп көңіл бөлінді.
Туристік индустрияның дамуына экономика саласының басым секторларының бірі, соның ішінде жеті пилоттық кластерді тануға түрткі болды. Осы жағдай қызмет көрсету саласында, оның ішінде туризмге жақын: ауыл шаруашылығы, ұлттық табиғи парктер, мәдениет, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымда және т.б. салаларда халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсуге ықпал жасау мақсатында мемлекеттің бәсекелестікке қабілетті туристік индустриясын дамыту жөніндегі мақсатты айқындау және міндеттерді шешу үшін алғышарттар жасады.
Қалыптасқан жағымды бастамалар туризм саласының бастапқы міндеттерін ғана емес, сонымен қатар оның ұзақ мерзімге қойылған даму келешегін есепке алуды да көздейді. Басты міндеттердің бірі - Қазақстанның 2011 жылға дейін Орталық Азия аумағының туризм орталығына айналу - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясымен анықталды.
Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін қамтиды.
1 Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтма I том. Алматы, 2008.-Б.131-133.
2 Алматы облысының мәслихаты.-Талдықорған, 2006.-Б.1-5.
3 Ата-жұртқа саяхат.- Талдықорған, 2006.-Б.3-13.
4 Мемлекеттік Ұлттық табиғи парктер мен қорықтар.- Талдықорған, 2006.-Б.1-19.
5 Алматы облысының туризмді дамыту бағдарламасы http://www.tkoblakimat.kz
6 Алматы облысы жайлы жалпы мағлұмат http://www.almatyreg.kz
7 Алтын Емел ұлттық табиғи парк http://www.altyn-emel@nursat.kz
8 Іле Алатау ұлттық табиғи парк http://www.alataupark@nursat.kz
9 Закон о туристской деятельности Республики Казахстана. 2002.
10 О Государственной программе Республики Казахстан "Возрождение
исторических центров "Шелкового пути», сохраняя и приемственность развития культурного населения тюркоязычных государств, создание ифраструктуры туризма" (собрание Актов Президента Республики Казахстан. 1998.
11 Пыхарев А. Н., Жолдасбеков А. А., Мамадияров М. Д.
Организационно-правовые основы туристской деятельности в
Республике Казахстан.-Алматы, 1998.-260c.
12 Табиғи мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан
Республикасының заңы. Халықкеңесі 1992.4 тамыз.
13 Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтма I том
және II том. Алматы, 1973,1980.
14 К. Сыздықов., С. Жолдасов "Ата қоныс" - Шымкент, 1992.-Б.8-9.
15 Памятники культовой архитектуры. – Шымкент, 1985.
16 1992 ж. 2 шілдеде қабылданған "Тарихи мәдени мүраларды қорғау
және пайдалану" туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
17 Жетісу энциклопедиясы. Арыс баспасы. - Алматы, 2004.
18 Қ. Байпақов, А.Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және орта ғасырлық
Қазақстан.
19 1997 ж. 15 шілдеде кабылданған "Ерекше қорғалынатын табиғи
территориялар" туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
20 Проблемы развития туризма и возрождение Исторической
значимости Шелкового пути. - Шымкент, 1998.
21 Блажнов Е.А. Паблик рилейшнз. Приглашение в мир цивилизованных рыночных и общественных отношений. - М., 1994.
22 Теоретические проблемы рекреационной географии. - М., 1989.
23 Родоман Б.Б. Географические проблемы отдыха и туризма. Сб. Территориальные системы производительных сил. - М., 1971.
24 Чигаркин А.В. Памятники природы Казахстана. - Алма-Ата, 1980.
25 Чупахин В.М. Физическая география Казахстан. -Алма-Ата, 1968.
26 Ивлев И.П. Находки краеведа. - Алма-Ата: Казахстан,1977.- 118с.
27 Международный экологический форум. Сборник мате¬риалов. Выпуск 1.
28 Перспективы освоения туристско-рекреа¬ционных ресурсов Прибалхашья. - Алматы, 2000.
29 Кораблев В.А. История спортивного туризма в Казахста¬не. Библиотека
туриста. - Алматы: Университет «Туран», 2004.
30 Нурмухаммедов Н. Будды Тамгалытаса // Простор. - 1967 - №8.

31 Международный экологический форум. Сборник мате¬риалов. Выпуск 1. Алматы, 2000.
32 Ким А. Г. Рекреационная оценка территории и развития туристско-
рекреационного хозяйства в Казахстане. – Алматы, Рауан. 1997.
33 Закон О туристской деятельности в Республике Казахстан: Закон
Республики Казахстан от 13 июнья 2001. №211-ІІ. - С.4-5.
34 О концепции развития туризма в Республике Казахстан. Постоновление Правительство Республики Казахстан от 6 марта 2001. №333.-С.7-8 .
35 Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі Қазақстан халықына жолдауы. //Егемен Қазақстан. 2005, ақпан.
36 В.С.Преображенский. Географические проблемы организации туризма и отдыха.- М.:Мысль,1980.
37 Г.А.Ким. Рекреационная оценка территорий и развитие туризма в Казахстане.- Алматы: Рауан, 1999.
38 Статистикалық мәліметтер http://www.statakimat.kz
39 Суреттер http://www.google.kz
40 О туризме в Республике Казахстан в 2000 году. Статистический справочник. - Алматы, 2001.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 48 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Туризм кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2007-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТУРИЗМ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ТАЛДАУ

Орындаған
курс студенті Нарымбетова А.Ш.

Ғылыми жетекшісі _____________________ Жылқыбаева М.І.
аға оқытушы (қолы, күні)

Норма бақылаушы ______________________ Байжокенова А.М.
(қолы, күні)
г.ғ.д., профессор кафедра
меңгерушісінің рұқсатымен
қорғауға жіберілді ______________________ Ердавлетов С.Р.
(қолы, күні)

Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА
1.1 Облыс төлқұжаты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Туристік потенциалы және орталықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Туризм инфрақұрылымы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

2 БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту ... ... .32
2.3 Маркетинг және туристік өнімнің алға жылжуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..33
2.4 Туристік саланы ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
2.5 Туризм кластерін құру және туристік саланы кластерлік дамыту ... ... ...37

3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК САЛАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
.1 Аудандар мен қалалардағы туризм дамуының жағдайларын талдау ... .43
3.2 Алматы облысында 2007-2009 жылдар аралығында бағдарламаға сәйкес атқарылған шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51

КІРІСПЕ

Алматы облысында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы № 211 Заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауының Қазақстанның елу бәсекеге қабілетті елдер құрамына ену стратегиясын жүзеге асыру шараларын орындаудағы жалпыұлттық жүйелік кестесінің 16 тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 Әлеуметтік-экономикалық орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленді.
Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стартегиясына сәйкес туризм мемлекеттің 2010 жылға дейінгі экономикалық дамуының басымдылығы болып белгіленді.
Өткен кезеңде Алматы облысында туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылды, мемлекетаралық туристік байланыстар кеңейтілді. Сонымен қатар, 2003-2015 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму стартегиясының негізгі параметрлерін ескере отырып, туристік саланы дамыту жөніндегі шараларды іске асыруға көп көңіл бөлінді.
Туристік индустрияның дамуына экономика саласының басым секторларының бірі, соның ішінде жеті пилоттық кластерді тануға түрткі болды. Осы жағдай қызмет көрсету саласында, оның ішінде туризмге жақын: ауыл шаруашылығы, ұлттық табиғи парктер, мәдениет, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымда және т.б. салаларда халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы экономикалық өсуге ықпал жасау мақсатында мемлекеттің бәсекелестікке қабілетті туристік индустриясын дамыту жөніндегі мақсатты айқындау және міндеттерді шешу үшін алғышарттар жасады.
Қалыптасқан жағымды бастамалар туризм саласының бастапқы міндеттерін ғана емес, сонымен қатар оның ұзақ мерзімге қойылған даму келешегін есепке алуды да көздейді. Басты міндеттердің бірі - Қазақстанның 2011 жылға дейін Орталық Азия аумағының туризм орталығына айналу - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясымен анықталды.
Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін қамтиды. Алматы облысының өзгеше табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі туристік индустрия –капитал сыйымдылығына қарамастан салынған қаржыны өтеу бойынша серпінді дамудағы және тиімді салаға туризмнің ықпалдастануына жүйе құраушы фактор болып табылады.
Туризмге жақын салалардың (көлік-коммуникациялық инфрақұрылым, қызмет көрсету, мәдениет, құрылыс, сақтандыру және де басқа) дамуына негізделген турөнімнің кешенді өткізу және инвестициялық белсенділікті ынталандыру халықтық жұмыспен қамтылуын және кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.

1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА СИПАТТАМА

1.1 Облыс төлқұжаты

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың шаршы км. Облыс аумағында 16 аудан және 3 қала ( Қапшағай, Талдықорған, Текелі ) бар. Облыс орталығы –Талдықорған қаласы [1 сурет]. Халық саны 2006 жылдың 1 қаңтарына –,7 мың адам. Алматы облысының батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

1 сурет. Талдықорған қаласындағы Үш ата ескерткіші [5].

Тарихы. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы құрылды. 1944 ж. 16 наурызында Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959-1967 жылдары Алматы облысының құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанында қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірінде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.
Ерте кезден бастап бұл көркем және таңқалдырарлық жерді Жетісу деп атаған. Ғасыр ортасында - ақ Жетісу егін шаруашылығы мен сауданың маңызды орталығы болып табылған; оның территориясы бойымен әйгілі Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен. Қазақ халқының көне мәдениеті құнсыз тарихи ескерткіштерінде бейнеленген.
Табиғаты. Облыстың табиғаты мен жер бедері әр түрлі. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы - Бесбасқан (4442 м.) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың шаршы км-ге жуық. Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің, т.б. жоталарынан құрылған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының батысын және оңтүстік батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандыдала, Бозой, Қараой).
Іле және Жоңғар Алатауы жоталарының арасында Іле шұңқырлығы орналасқан, ол Іле өзенінің орта ағысымен беттеседі. Бұл шұңқырлық Балқаш-Алакөл шұңқырлығынан Караой жазығы арқылы бөлінген. Батыста ол Қопа жазығына өтеді. Қазір Іленің ені 7-8 км. және ол тоғайлармен, төменгі құмдармен, сор топырақтармен мекен етілген. Іленің қалған бөлігінің кеңістігі өзен терассаларымен жасалған.
Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Тянь-Шань тауының солтүстік беткейіорналасқан, оған Шу-Іле таулары мен Іле Алатауының, Күнгей Алатауының, Кетменнің жоталары кіреді. Облыстың оңтүстік-шығысының шеткі бөлігінде Теріскей-Алатау жотасының саласы орналасқан. Оңтүстікте Хан-Тәңірі шыңы орналасқан.
Шу-Іле таулары облыстың оңтүстік-батысында орналасқан. Бұл биік емес таулар, олар жеке ірі тастарға мүшеленген, олардың беттері тегістелген, ал беткейлері құламалы. Бұл жерде шөлдің желденуінен туған топырақтың қызық формалары қалыптасады.
Іле Алатауы жотасы оңтүстікке қараған кең доғаны қалыптастырады. Жота ұзындығы 300 км. ені 35-40 км. шамасында. Оның орталық бөлігі альпілік сипатқа ие, 4500-5000 м. биіктігінен бастап бұл жерде қазіргі мұздану шоғырланаған. Жотаның ең жоғары нүктесі –Талғар шыңы. Іле Алатауының солтүстік беткейінде беткейленген тегіс жазықтар, тау етегіне түсетін терассалар жақсы дамыған. Прилавоктардың жоғарғы сатысы төменгісінің құламалы шығындысымен үзіледі. Оңтүстік беткей көбірек тікшілденген, бірақ аз мүшеленген.
Күнгей - Алатауы мықты кетіктелген қабырғасымен Ыстықкөлдің шұңқырлығын солтүстіктен шектейді. Жотаның дәл осылай орналасуы оның атының қойылуына негіз болған еді. Әдетте жергілікті халық Алатау атымен қар басқан тауларды атайды.
Шелек - Кемен қысқа тау түйіндісі орталық бөліктегі Күнегей-Алатауы солтүстікте орналасқан Іле Алатауының параллельді жотасымен қосады.
Күнгей - Алатауының биіктігі 4000-4200 метрге жетеді. Жотаның жоғары нүктесі – Шотқал (4770м.). Іле Алатауының солтүстік беткейінде тау бөктерінің жолағы жақсы дамыған. Ол үшін жоғары тау рельефі тән. Іле Алатауы мен Күнегей Алатауы жоталарынан шығысқа қарай Сугетін таулары мен Торайғыр жотасы орналасқан, олар тіке төментаулы мүшеленген рельефке ие. Одан кейін Кетмен жотасы келеді. Бұл аймақта орташа таулардың мүшеленген рельефі анық байқалады, төбелері жазық тегістелген, мұнда ежелгі мұздық белгілері бар. Қазіргі мұздалу жоқ, тек кішкене қар түйіршіктері ғана бар. Бұл жотадан оңтүстікке қарай биіктігі 4500 м. болатын Теріскей - Алатауының шығыс салалары орналасқан.
Тау аралығында тұйықталған және жартылайтұйықталған тауаралық ойыстар орналасқан –Кеген, Жалаңаш, Текес, т.б.
Облыс территориясы бойымен Іле (Қазақстан шегінде 815 км., жалпы ұзындығы -1439 км.), Лепсі (147 км.), Қаратал (390), Ақсу (316 км.), Тентек (200), Ырғайты (69 км.).
Ірі көлдер – Балқаш (18200 шаршы км.), Алакөл (2650 шаршы км.), Жалаңашкөл (36,6 шаршы км.), Сасықкөл (736 шаршы км.). Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы (ауданы –кв. км, cу көлемі –млрд. куб. м). Шелек өзенінде –Бартоғай суқоймасы ( ауданы – шаршы км., су көлемі – млн. куб. м.). Құрты өзенінде – Құрты суқоймасы (ауданы -8,3 шаршы км., су көлемі - 120 млн.куб.м.) салынған.
Геологиясы. Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзген және кембийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құрамы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жер асты сулары бар.
Климаты. Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде -10 –С, оңтүстікте -4 -9С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының
орташа температурасы солтүстігінде 25С, оңтүстігінде 27С. Бұл жазық өңірлерінде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы -5 -9С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде -21 -23С, тау аңғарларында 19-22С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Балқаш пен Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Тұрғындары. Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м.) 1 шаршы км-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 шаршы км-ге 2,6 адамнан келеді. Олардың 30,3 % қалада тұрады. Қалалары: Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқант [1].
Экономикасы. Алматы облысының экономикасы көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 %), машина жасау және металл өңдеу (6,5 %), құрылыс материалдары (6,2 %), тамақ өнеркәсібі (38,2 %), ұн, жарма және құрама жем (5,5 %) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991-1997 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл көлдерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығатын өнімдерге тері шикізаты, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы, т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6,5 % шамасында (1997) [2 сурет].

2 сурет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алматы облысының өндірістік орындарын аралау сәті [5].

Шағын бизнес. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 6200 сауда үйлері, дүкендері жұмыс істеді, 94 кафелер мен мейрамханалар пайдалануға берілді. 600 шағын кәсіпкерлер тұтынушылар товарларын шығаруда, 1900 обьект сервистік қызмет көрсетеді, ауылда туризмді дамыту үшін 93 туристік бағыттар ашылды, қызмет көрсету тізбесі 11 ден 46 түрге дейін кеңейтілді.
Туризм. Облыста 349 туристік обьект бар ( 57 қонақ үй, 61 қонақтарға арналған коттедждер, 14 санаторий және профилакторий, 176 демалыс зонасы және базасы, т.б.).
Облыста 107 туристік маршрут жасалынған. Мұнда туризмнің танымдық, экологиялық, орниталогиялық, этнографиялық және т.б. түрлері қарастырылған. 2006 ж. облыста 248,4 мың туристке қызмет көрсетілген. Туристерден түскен табыс 1424,8 млн. теңге, бұл алдыңғы жылға қарағанда 10 %-ға өскен [2].

1.2 Туристік орталықтары және потенциалы

Алматы облысында Алматы, Іле Алатау, Алтын Емел, Алакөл, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен қорықтар орналасқан.
Алматы мемлекеттік табиғи қорық 1931 ж. салынған. Қорықтың территориясы 71700 га. Биіктігі теңіз деңгейінен 1200-5017 м. [3 сурет].
Алматы мемлекеттік табиғи қорықтың басты мақсаты табиғи комплексті зерттеу және сақтап қалу.

3 сурет. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы [5].

Парктің табиғаты әр түрлі. Мұнда: жапырақты, аралас және тағы басқа орман түрлері кездеседі. Қорық территориясының 30%-н мұздықтар құрайды. Осы мұздықтардан Талғар, Есік, Шелек өзендері ағып шығады. Мұнда көптеген хайуанаттар түрлері бар. 200 жуық құс түрлері, 38-ге жуық сүтқоректілер және тағы басқалар. Мұнда көбіне барыс, бүркіт, архар, жейран, киіктер кездеседі. Қорық территориясында Қазақстанның Қызыл кітапқа енген 22 жануар түрі және 28 өсімдік түрі сақталған. Алматы қорығының өз музейі бар. Мұнда осы қорықтың флорасымен және фаунасымен танысуға болады. Іле Алатауындағы ең биік нүкте осы Алматы қорығында орналасқан. Ол –Талғар шыңы, биіктігі теңіз деңгейінен 5017 метр.
Іле Алатау ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырысы бойынша 1996 жылдың 22 ақпанында ашылды. Парк территориясы 202 292 га. Мұнда көптеген туристік обьектілер бар: Тургень сарқырамалары, Иссык көлі, Жасылкөл көлі, Тұйықсу мұздығы, үлкен Алматы көлі, Горельник сарқырамасы, Бутаковский сарқырамасы, Алтын адамның тас мүсіні және тағы басқалар [4 сурет].

4 сурет. Іле өзені [5].

Алтын Емел ұлттық табиғи паркі Жоңғар Алатауының оңтүстігін алып жатыр. Алтын Емел 1996 жылдың 10 сәуірінде пайда болған. Парк территориясы 520,2 мың гектар. Парктің едәір жерін таулы массивтер алып жатыр [5 сурет]. Мұнда 1800-ге жуық өсімдіктер түрі бар, оның 21 Қазақстанның Қызыл кітабына енген және де паркте 60 жуық эндометриялық және сирек кездесетін өсімдіктер өседі. Алтын Емелдің фаунасы да өте бай. Мұнда: жейран, архар, түркмен құланы, барыс, бүркіт, манул, балобан, сапсан және т.б. Парк территориясында Әнші құм экотуризм обьектісі орналасқан. Бұл өте сирек кездесетін ландшафтты ескерткіш. Ұзындығы 3 км., ені 500 метр, биіктігі 100 м. астам.
Саябақ аумағының ландшафты саналуан: Іле өзенінің бойындағы аралдар мен жағалауларда тоғай өсімдіктері; Қапшағай суқоймасына құятын өзен атырабында және көлдерде ұйықтар; құмды және ұсақ тасты шөлдер мен шөлейттер; тау сеңгілеріне дейін алы жатқан көптеген тау қыраттары.
Үлкен және Кіші Қалқан тауларының арасында Іле өзенінің жағалауын үлкен құмды тау –Әуенді Бархан алып жатыр. Оның биіктігі шамамен 200 метрдей, ал гребень ұзындығы –жартыкилометр шамалас. Басқа бархандарға қарағанда бұл өзінің орны мен пішінін өзгертпейді, себебі мұндағы төбелер арасындағы жылғадағы жел раушанының бағыты ерекше. Одан кішілеу тағы екі бархандар оның жалғасы секілді. Барлық құмды жерлер 10 шаршы километр ауданын алып жатыр. Бархан шыңынды әрқашан жел соғып тұрады және ол қиыршықтарды ұшырып, құмда толқын суретін салады, бірақ соған қарамастан бархан шыңы әрқашан алмас екілді өткір қырлы болып тұрады. Құрғақ ауа райында Бархан гуілдей, яғни әндете бастайды. Бұл таңғажайыпты түсіндіруге ешкімнің шамасы келмейді. Физиктердің ойынша, бұл майда қиыршықтың үйкелуінің және резонансты толқындар салдарынан деп санайды; ал жергілікті халықтың айтуынша бұл қуғыншылардан қашқан екі ғашықтар құмның астына тығылған, енді қосыла алмаған ғашықтар бір –бірін жоқтап шақыруда деген аңыз бар. Чулак, Дегерес және Матай тауларының күнге күймейтін қырлары жабайы да адам аяғы баспаған.
Жоғарғы өсімдіктердің флорасының 634 түрі бар, олардың 41 түрі жиі кездесетін және жоғалу қаупі бар өсімдіктер қатарына жатады, ал 29 типті өсімдіктер Алтын –Емелдің эндемикі болып табылады. Ормандарында: туранга (700 жыл) және джида ағаштары; үйеңкі (300 жыл), ырғай, іле барбарисі типті бұталар өседі. Шөл далада қара сексеуілді аймағы да кездеседі, ал Әуезді Бархан жотасында ақ сексеуіл де кездеседі. Жайлау мен тау бөктерінде шамамен 5000 қара құйрық, 3000 тауешкілер, тауда архарлар мекендейді. 70- жылдардың аяғында Барсакелместен 32 бас құлан әкелінген, қазір олардың саны 700 ге жетіп отыр. Бұл аймақта тас сусары, дала мысығы, манул және басқа да жануарларды кездестіруге болады. Қазақстан Мюнхен зообағынан сегіз Пржевальскийй атын сыйға алды (аттардың қазақстандық тіркелген жері – Алтын Емел саябағы). Сонымен қоса мұнда құстардың 231 түрі және балықтардың 26 түрі мекендейді.

5 сурет. Алтын Емел ұлттық табиғи парктегі Ақтау тауы [5].
Көлсай көлі бойынша экскурсия жыл мезгілінің кез келген сәтінде қызықты. Әсіресе осы көлге апаратын жол ерекше әдемі. Ол серпантин лента секілді, біесе ағаштар арасына сүңгиді, біресе сымбатты қарағайлар мен аралас орманның жанынан өтіп қауіпті қырлармен аса жөнеледі. Көлдің қоршаған ортасы жазда жасыл желегімен таң қалдырса, күзде анық бояуларыменсүйсіндіреді.тіпті қыстың қақаған аязында, су беті мұз бен қар басып жатса, ол өзінің көрінісі мен құпиялылығымен таң қалдырады.
Үш қайталанбас тау көлдері: Көлсай-1, Көлсай -2, Көлсай -3, сәйкесінше теңіз бетінен 1700 м., 2252 м. және 2650 м. биіктікте орналасқан. Олар тау өзені арнасынан тасып, су қоймадан көтеріліп, асу етегіне тасығанда пайда болған. Көлдер расында табиғат таңғажайыбы болып келеді. Бір рет болса да, жолы болып, көрген адам олардың сұлулығын, тыныштығын және қоршаған ортасының сабырлылығын ұмыта алмас. Көлдің суының беті тыныш болып тұрған сәтінде, оның бетінен аспан мен тау ландшафтының бейнесін байқауға болады. Тау қыратымен, ормандармен, альпі шалғынымен және эдельвейс тауларының нәзік зәйтүн белгілерімен қоршалған ол аймақ, сізді сиқырлап алатын тәріздес. Сонымен бірге көлдің терңдігі де таң қаларлық: бірінші көлдегі ең терең жері 80 м., ал екінші көлдің тереңдігі - шамамен 50 м.
Барлық көлдерде, ең суық үшіншіден басқасында, форель көптеп кездеседі. Жылы маусым мамыр айынан қазан айына дейін созылады, бірақ қайталанбас сұлулық пен табиғат аясындағы керемет демалыстан жылдың кез келген сәтінде ләззат алуға болады: жаз айында көлге шомылып, балық аулап, атпен және жаяу серуеннен рахат алсақ, қыста шаңғы теуіп, мұз айдынында коньки тепкенге не жетсін.
Көлсай-1 көлі Алматы қаласынан 295 км. қашықтықта орналасқан. 1,5 км. ұзындыққа созылған көл, тар өткелге қысылған. Басқа көлдерге қарағанда бұл жоғары орналасқан және суы да жылы, мұнда балық аулауды ұнататын адамдар өздерінің сүйікті ісімен айналысуға өте қолайлы. Ортаңғы көл Көлсай -2 қарай беттегенде, сіздің бағытыңыз керемет су ағынының бейнесін тамашалай алатын батыс өткел арқылы өтеді. Енді 2-3 сағат жаяу жүргеннен кейін сіз Көлсай -2 көлінің жағалауында боласыз. Мұнда әрқашан көптеген адамдар демалуға келеді, орманнан саңырауқұлақ тереді, ал күн батарда гүлдер мен шөптер бал иісі аңқыған сәтте, ғалымдардың Чехословакиядан әкелген форелдерінің судан суырыл шығып, секіргенін байқауға болады. Мұнда рюкзагыңызды арқалап жаяу не атпен серуендеуге , тіпті атқа рюкзагыңызды арқалатып, өзіңіз жанында жаяу табиғат сұлулығын тамашалап серуендегенге не жетсін. Бұл жерлер әдейі бір көлден екінші көлге жаяу жүруге арналғандай.
Ал алда сіздерді ағайынды үш көлдің ішіндегі ең кішісі –Көлсай-3 –ең суық көл күтіп тұр. Оны тамаша тау қырлары қоршап тұр. Бұл көл Табиғаттың өзі құрған керемет ансамбльді аяқтайы [6].
Сонымен бірге сіздерге осы тау тізбегінің таңғажайып жерлерінің бірі –Қайыңды көлі туралы айта кеткім келіп отыр. Бұл көл Тянь –Шань тау бөктеріндегі ең бір құпиялы жер. Ол бірінші Көлсай көлінен оңға қарай 12 кмдей жерде орналасқан. Геология тұрғысынан Қайыңды көлі –жас, жер сілкінісі кезінде құлаған тастар өткелді бөгеп, су қоймасынан пайда болған. Су басқан ағаштар шірімей, көлге өздерінің ұзын ұара көлеңкесін түсіріп, көл маңын күзетіп тұрған күзетші тәрізді тұр. Қайыңды көлін барлық жағынан себілген тастар мен өткір тау қыраттары қоршаған. Көлден жоғары шықсаң жол жоқ, машинамен көлге тек бір жағынан ғана келуге болады. Көл ертегідегідей сұлу және өзінше бір ерекшелігі бар. Айнала қоршаған саңырауқұлақты орман, аятың асты толған қойбүлдірген, ал жапырақтарының астында тау таңқурайы тұр. Егер тау жотасына көтерілсек, Күнгей Алатау келбетін : қарағайлардың өткір қырларын және алыс тау шыңдарын көруге болады. Ал төменде қырлардың көлеңкесінде басқа көлге ұқсамай Қайыңды өзенінің өзі тұр. Оған қарағанда еріксіз ежелгі суасты құбыжығы туралы аңызға сенесің.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парк 2004 жылдың 23 ақпанында ашылған. Парк Алматы облысының үш ауданының территориясында орналасқан: Ұйғыр, Райымбек және Еңбекшіқазақ.
Осы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ясень тоғайы бар. Шарынның ясень тоғайы жер бетінде мамонттар тіршілік еткен кезден бастап сақталып келеді. Ғалымдардың пікірінше, оның жасы бес миллионнан асты, оның пайда болуын палеоген дәуіріне жатқызады. Тоғайдың негізін согдиандық ясень құрайды, ол флораның ең ежелгі түрі болып есептеледі. Халықаралық ұйымдар оны құрып бара жатқан түр ретінде есептеп, динозаврлар уақытының ескерткіші деп санайды.
Бұл ағаштың ерекшелігі мынада: ол өте ылғалсүйгіш және ол тек қана жыл бойы суы мол жерлерде ғана мекен ете алады. Бұрын согдиандық ясень тек қана Қазақстанның оңтүстігі мен Орталық Азияда ғана кездесетін еді, оның өзінде тек жекелеген ағаш ретінде. Олар ясеньді шауып, үйлерді, жолдарды салды. Нәтижесінде қазір республикада ясеньннің табиғи өсуі 1500 гектар жерден аспайды. Олардың 1035 гектары Алматы маңында өсіп тұратын ясень тоғайына тиесілі [6].
Бұл ағаш жайлы ой адамдарға тек өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ғана келген болатын. Сол кездің өзінде-ақ ясень тоғайына қауіп төніп тұрғаны анық сезіле бастаған еді. 1964 жылдан бастап оны мемлекеттік табиғат ескерткіші деп жариялады. 1979 жылы басқа аналогы жоқ жоба іске асты – Шарын зонасында орналасқан біртұтас елді мекен Шонжа ауылына көшірілді.
Қазір экологтар ясень тоғайын сақтап қалу мәселесімен шұғылдануда. Қазір мамандар оны жасанды түрде ұлғайтуға қадам жасап отыр - үстіміздегі жылы он мыңнан астам ағаш отырығызылды. Бірақ олардың сол жерге сіңіп, ойдағыдай өсіп кететініне ешкім толық кепілдік бере алмайды.
Ясень тоғайында салқын әрі тыныш. Басқалардың айтуынша оған барғаннан кейін өзіңді тыныш әрі қауіпті сезінуіңе болады. Кейбір сенімдерде ясень Әлем ағашын немесе Өмір ағашын бейнелейді. Скандинавиялық аңыздарда ясень өмірдің діңгегін сақтайды деп айтылады. Ежелгі тайпалардың бірі алғашқы адамдар дәл осы ясень ағашында пайда болған деп есептейді. Басқа ақпаратқа сүйенетін болсақ, ясень мен үйеңкі ер адам мен әйел адамды бейнелейтін екі ағаш болып табылады.
Туристер ясень тоғайын оның сұлулығы мен тыныштығы үшін жақсы көреді. Ағаштар көлеңкесінде табиғат аясында тынығу көп адам таңдайтын уақыт өткізу болып табылады. Бірақ, кейінгі кезде ясень тоғайына баратын адамдар саны да өсіп барады, соның салдарынан ұсақ-түйек қоқыстар, бөтелкелер және де өркениеттің басқа да жанама эффектілері пайда болған.
Табиғаттың ерекше ескерткіші қазіргі кезде қорғауға алынған. Себебі оның құрып кету қаупі өте жақындап кеткен сияқты. Ясень сайына Шарынға баратын экскурсия арқылы жетуге болады, бірақ бұл жерге жету кәдімгі жеңіл автокөлікте де іске асырылуы әбден мүмкін. Ясень ағашына сұрақ қоюшылар саны да күннен-күнге артып бара жатқан сияқты.
Алматы облысында тағы бір көркем орын бар –Тургень шатқалы. Турегень шатқалына жол Тургень деп аталатын ірі ауылдың батыс жағынан басталады. Бұл ауыл Алматы –Кеген –Тургень жоғарғы магистралының 56 километрінде, Тургень өзенінің сағасының кең жерінде, дала аяқаталып, өте өнімді жазыққа айналатын жерде орналасқан.
Шатқалға кірер жерде кірпіш зауыты орналасқан, шатқалдан ары қарай денсаулық қалыптастыру орындары, балалар демалыс лагельлері, субөлгіш ғимараттары шашылып жатыр. 5-ші шлагбаумда: Ұлттық паркке кіру. Өте көркем көрініс. Шатқалдың басқа жағында Таутургень ауылына апаратын жол бар, ол бұл жердегі шатқалдың ені 3 км болғанына қарамастан өте жақсы көрінеді.
км. шлагбаумнан кейін “тірі” суы бар бұлақ бар. 9 километрде –балық шаруашылығы. 10 километрден кейін шатқал кеңейіп, кең дала көріне бастайды.
Негізгі шатқал археологтар үшін асыл қазына болып табылады. Барлық жол бойында, әсіресе Ассыда, ежелгі қорғандар мен жерлеу орындары көп. 15-ші километрде сақ, үйсін және монғол периодтарының молалары табылған; бес мың жылдан бұрын қалған адам баласының іздері, отырықшы және көшпенді өмірдің, табиғи катаклизмдердің іздері қалып қойған.
18-19 км. “Таутургень” санаторийі орналасқан. Мұнда радондық жылы емдік кілттер бар. Ал көпірден кейін жол бар, бұл жол бір шетке қарай ығысып, 1,5 км. кейін 30 мертлік “Аюлы” сарқырамасына алып келеді.
Сарқырамадағы құздар жер сілкіністерімен бұзылған, олар өз ішінде мұз перодынан бұрынғы кездегі өсімдіктердің анық таңбаларын сақтайды. Сарқырамаға апартаын көпірден 300 м. жоғары биіктікте “әдемілік көзі” бар –дәмді, салқын минералды суы бар бұлақ.
км. өзеннің дәл жанында ені кішірейген шатқалда аралас орман, бұлақ бар, бұл бұлақ басында бірнеше жыл бойы саяхаттық фирма қызмет етіп келеді.
км. Батан деп аталатын орманшылар мен жолшылардың кішігірім ауылы орналасқан. Батан жанында Тургень өзенін қалыптастыратын үш ағыс қосылады: Кіші-Тургень, Тургень және Талғардың тау түйінінен және Аманжол мұздығынан ағатын Чин Тургень ағыстары бар.
Құпиялы әрі жұмбақ Есік көліне саяхаттан қалу мүмкін емес. 1963 жылы болған селмен жойылған аңызға айналған көлге экскурсия. Қазір көл 1963 ж жалпы көлемінің үштен бір бөлігі қалпына келген. Қырық жыл бұрын болған апат қаланың бір бөлігін жер бетінен жойып жіберді, осы өзен жағасында демалып жатқан адмдардың көпшілігі мерт болды. Қазір көлден үш километр жерде Алматы қорығы бастау алады. Кремельдік қабырғаға және селқақпандағы серуен туристер үшін өте қызықты.
Тауларда тікұшақпен ұшу ұмытылмас әсер қалдырады [6 сурет]. Тікұшақтың көрінісі, оның көкке самғауы мен тау басына отыруы тау биіктеріне қарсы тұра алатын күшке қызығу сезімін тудырады. Авиатурбиналардың мықты дыбысы мен ауаны қақ айырып жіберетін лопастердің ысқыры бұл құдіретті одан сайын айқындап тұрғандай! Сен арқаңа сөмке асып, бірнеше сағат бойы өткен қашықтық бірнеше минутта ғана жабыла қалады. Ал иллюминатордан байқалатын көрініс қолыңыздағы фото және видеокамераны ойнатады! Ал одан кейін фотопленканы аз етіп алғаныңа немесе борттың қарсы жағынан бір нәсрелерді назардан тыс қалдырып алғаныңа өкіне бастайсың. Жерге отырғаннан кейін трап бойымен тез түсе бастайсың. Лопастерден арқаңа есетін мықты жел әсерінен тікұшақтан ары қарай жүгіре бастайсың. Ал бірнеше сәттерден кейін тыныштық құлағыңды жара бастаған сияқты. Және тек ұшып кетіп бара жатқан ұшақтың алыстағы әлсіреп бара жатқан шулы бүкіл шатқал бойымен таралып кеткендей.

6 сурет. Келген туристерге тікұшақпен Алматы облысының туристік обьектілерін көрсету [5].

Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті 2004 жылдан бастап, аумағы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтитын халықаралық Ата жұртқа саяхат экспедициясының әдеттегіден өзгеше туристік жобасын жүзеге асырумен айналысып келеді.
Жобаның негізгі мақсаты –байырғы керуен жолының бағытын қалпына келтіру, ұлы Жібек жолы өткен жердің төл тарихы мен мәдениетінің қазіргі жағдайына дүниежүзінің назарын аудару мақсатында туристік сапар бағытын әзірлеу.
Ата жұртқа саяхат ең алдымен Қазақстан туралы кітап пен газеттен оқып, теледидар хабарлары мен Интернет ақпаратынан хабардар болып жүрген, жат жерде туып, өскен қазақтарға арналады.
Алматы облысы тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Ал осы жердің табиғатына келер болсақ - ол мүлдем бөлек әңгіме, себебі бұл жерлер әсемдігі жағынан биік таулар алқабындағы көріністер мен Колорадоның үлкен коньонынан, Солтүстік Американың шалғынды аймақтарынан асып түспесе кем болмайды.
Талдықорғанның қақ ортасында 2006 жылы ұлы арғы аталарымыздың құрметіне, оларға тағзым еткен ұрпақтары көтерген сәулетті монумент анадайдан көз тартады. үш ата деп аталған ескерткіштің скульптуралық композициясында 17-18 ғасырлар аралығында өмір сүріп, жоңғарлардың қалың әскерлерін талқандауға үлкен үлес қосқан атақты Ескелді би, Балпық би және Қаблиса жырау сияқты үш тарихи тұлға бейнеленген.
Қаялық –қарлұқ тайпасының астаналық қаласы, Іле алқабындағы, Алматы облысының Сарқан ауданындағы Қойлық ауылының шығыс жақ шетінде орналасқан ең үлкен қала. Уақыты 8-14 ғасырлармен белгіленген тарихи ескерткіш болып табылады.
Бұл күндері Балқаш көлі жағалауы қазақстандықтар мен шетелдіктердің маусымдық және жыл он екі ай бойына демалысын дамытуға арналған жеке капитал салу аймағы. Кемпингтер, демалыс базалары салынуда, келешекте санаторлық-курорттық ем ұйымдастыру перспективасы бар балшықпен емдеу әдісін зерттеу басталды. Жұмыс істеп тұрған обьектілерінің ішінде этностильдегі қазақ үй қалашықтары жаз бойы демалушылардың сұранысына ие.
Қапал - Арасан санаторийі –жылдық тарихы бар, заман талабына сай жабдықталған тамаша курорт. Ол Жоңғар Алатауының солтүстік баурайында, теңдесі жоқ табиғи парктің аумағында орналасқан. Бұл курорттың басты артықшылығы мен негізгі емдеу факторы –көптеген емдік қасиеттері бар аз минералданған термальдық сулар.
Шоқан Уәлихановтың Кербұлақ ауданының Шанханай ауылындағы мемориалдық кешені –теңдесі жоқ тарихи және сәулет ескерткіші. Ол, 1958 жылы атақты қазақ ғалымы мен саяхатшысының зиратынан, Шоқанның 1979 жылы орнатылған биіктігі он метрлік қола ескерткішінен және 1983 жылы салынған музейден тұрады.
Патшаның Бесшатыр қорғандары –Кербұлақ ауданының әкімшілік шекараларында орналасқан Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи парктің ең басты, көруге тұратын орны.
Бесшатыр сағанасы Қазақстан аумағында біздің жылсанауымызға дейінгі 1 мыңжылдықта өмір сүрген баяғы сақтардың аса қасиетті жері. Мұнда, көлемі 2 шаршы км.болатын алаңда диаметрі 8-ден 70 метрге, биіктігі 2-ден 20 м. дейін жететін 18 патшалық қорған орналасқан.
Бесшатырдың қатарына сақтардың Қызылауыз, Алтын Емел, Қарашоқы қорғандары бар. Оңтүстік шығысқа қарай 3 км. жерде кейінгі мазарлар орналасқан, олар: 40 қорғаннан тұратын Бесшатыр 2-үсеней мазарлары, одан әрі қарай –жерлеу құрылыстары бар 1-мазары, ал Алтын Емел асуы маңында –қорғаннан тұратын аталуы бірдей мазарлар орын тепкен.
Жаркент –қазіргі Панфилов ауданының әкімшілік орталығы –қаласының тарихы таңқаларлықтай, елді мекен ерте кезде, ұлы Жібек жолы тармақтарының бірінде орналасқан, бірнеше ғасыр бойы өмір сүрген, ал 1882 жылы Ресей империясының оңтүстік-шығыс шекарасында пайда болған ол уездік қала мәртебесіне ие болған. Бірақ барлық уақытта Жаркент Қытайдың қақпасы болып келген, қазір де Еуразиялық континенттің түрлі елдері арасында сауда айырбасы ісіне қызмет ете отырып Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрады.
Жаркентке келіп, оның басты назар аударарлық жері –Жаркент мешітінде болмауы мүмкін емес. Осынау 19 ғасырдың соңғы кезіндегі таңғажайып сәулет ескерткіші ерекше өзгеше: діни құрылыс кірпіштен емес, Тянь-Шань шыршаларының бөренелерінен бір де бір шеге қақпастан салынған, интерьерінің нысаны мен безендірілуі бойынша ол көбіне көп мешіттен гөрі Қытайдың храмына ұқсас, құрылыс құламасын ұштары жоғары қарай иілген биікке қарай шарықтаған төбе аяқтайды, ғимаратты айналдыра цилиндрлік колонналары бар және карнизі үлкен галерея орналасқан.
Жетісу жерінің тағы бір назар аударарлық тарихи жері Іле өзенінің оң жақ жағалауында, Қапшағай ГЭС-нен 25 шақырым жерде орналасқан, ол ертедегі және кеінгі орта ғасырдағы тастарға салынған теңдесі жоқ суреттер. Бұл жануарлардың, тәңірінің суреттері қашалып жасалған, ертеде жазулар жазылған тастар немесе белгілері бар тастардан тұратын Тамғалы тас деп аталатын жер. Шөл даланың аптап ыстығы күйдірген тастарда стилі мен мазмұны бойынша көптеген түрлі суреттер, яғни будда жазулары мен суреттерінен бастап тау қойлары, бұғылар, аң аулау көріністеріне дейін бейнеленген.
Қазіргі заманғы Қазақстан туралы, басты ұлттық символының бірі –Алтын адамды еске алмай ойлау мүмкін емес. Алтын адам 20 ғасырдың 70 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында табылған болатын.
Есік қаласының шет жағында осыдан 30 жыл бұрын, бұл күндері кеңінен танымал сақ қорғаны табылған болатын. Оның астында, шыршаның бөренелерімен қапталған мазарда, ағаш еденнің үстінде алтын тіліктер қадалған киім киген (Алтын адам) сақ жауынгерінің сүйегі жатқан. Басына күн құдайының символындай қанатты аттар бейнеленген әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Жерленген адамның қаруы ұзын қылыш пен қысқа қанжардан тұрады.
Ашық аспан астындағы Сақ қорғаны музейінде болу –осыдан мыңдаған жылдар бұрын ұлы дала өңірінде құрыла бастаған қазақ мемлекеттігінің бастамасымен танысу.
Алматы облысының Жамбыл ауданында Жамбыл Жабаевтің музейі мен мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық, бірімен бірі алмасқан ажырамас тізбектің тағы бір буыны болып табылатын –Тамғалы музейі орналасқан.
Петроглифтер Тамғалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тамғалы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірінің петроглифтері эстетикалық және мәдени құндылықтарға ие. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті (күнбастылар), маскардшылар шоқпарұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшы, қару ұстаған жауынгерлер, малдар мен адамдарды құрбандыққа шалу көріністері, жас босанған әйел, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ бұқаларды, құландарды, аттарды, түйелерді, қабандарды, қасқырлар мен бұғыларды бірнеше рет бейнелеу сияқты ойлардың кеңдігі ерекшелендіріп тұрады.
Шымбұлақ тау шаңғы курорты. Шымбұлақ - Іле Алатау жотасында орналасқан туристік тау шаңғы базасы. Биіктігі 2200 м. Ауа райының температурасы жазда +20С болса, ал қыста -7С. Көбіне Шымбұлақта ауа райы жағымды, күні ашық болып келеді. Қар қалыңдығы 1,5-1,8 м. Шымбұлақта канат жолы бар. Негізінен канат жолының 3 түрі бар. 1-канат жолы Пересичение станциясына апарады, 2 - Пересичение станциясынан 20-я опора станциясына апарады, 3 –20-я опора станциясынан Талгарский перевал станциясына апарады.
Туристік потенциалы. Алматы облсында туризмді дамытуға барлық жағдайлар бар. Былайша айтқанда облыстың туристік потенциалы өте зор. Мысалы экологиялық туризм, қонақ үй бизнесі, балалар мен жасөспірімдер туризмі, ішкі туризм, экстремалды туризм және т.б.
Алматы облысында экологиялық туризмді дамыту қажеттілігі алыс аумақтарда жергілікті қауымдастықты дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, яғни тек экономикалық фактормен ғана шектелмейді, сонымен қатар бос уақытты пайдалану және денсаулық проблемаларына біртұтас, жүйелік тұрғысындағы халықтық сұранысымен - әлеуметтік тапсырыспен түсіндіріледі. Бүкіләлемдік туристік ұйымның сарапшыларының мәліметі бойынша экологиялық туризм соңғы он жыл ішінде әйгілі болып, кез келген мемлекеттің тұрақты даму құралдарының бірі болып табылады [1 кесте].
Туристік әлеуетті зерттеудің қорытындылары көрсеткендей, жалпы Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Еуразияның орталығындағы ерекше табиғат жағдайлары мен ландшафттары, көптеген табиғи, тарихи ескерткіштер, Қазақстан территориясында әр түрлі тарихи кезеңдерде мекендеген ұлттардың мәдени және этникалық мұрасы оның негізін қалайды.

1 кесте
Экологиялық туризм –тұрақты даму факторы

Шараның аталуы
Аяқтау түрі
Жауапты орындаушылар
Орындау мерзімі
Көзделетін шығындар (мың теңге)
Қаржылындыру көзі
Алматы облысында тау шаңғы курорттарын салу инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі шараларды қабылдау
ҚР үкіметіне ақпарат
КӨД, аудандардың (қалалардың) әкімдері
-2008 жылдардың желтоқсаны

Бюджеттік емес көздері және инвестицияларды тарту есебінен
Бүкіләлемдік экологиялық саммитінде қабылданған Квебек декларациясы ұсынымдарының орындалуын қамтамасыз ету
ҚР ТСМ-не ақпарат
КӨД, ҚОҚБ, АШД, аудандардың (қалалардың) әкімдері
2007 жылдан бастап, жыл сайын
Талап етілмейді

*Дерек көзі: Алматы облысының туризмді дамыту бағдарламасы http:www.tkoblakimat.kz

Қазақстандағы экологиялық туризмнің қазіргі жай-күйі жалпы тұрақтануда. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша 2005 жылы ұлттық табиғи парктер мен қорықтар 127 мың 300 туристке қызмет көрсетті, 2005 жылы туристік топтардың келуінен түскен кіріс 36,3 млн. теңгені құрады.
Бірақ, экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы табиғат ортасына әлсіз әрекетімен сипатталса да, аса дамыған инфрақұрылымды қажет етпесе де, рекреациялық-туристік инфрақұрылым құрылу барысында болғанымен көбінесе байланысты бұл бағыттың дамуы шындап қиыншылықтармен кездеседі. Орманды қайта жаңарту шараларына жеткілікті қаржы бөлінбейді, ұлттық табиғи парктеріне кіру кезіндегі тұтасбірыңғай бағалық және тарифті саясат жетілдіруді қажет етеді.
Шетелдек мемлекеттердің, мысалы, ұлттық табиғат парктеріне (мәселен, Кения, Америка, Қытайда) барушы туристер, оған 1 млн. АҚШ долларына дейін жыл сайын жұмсайтынын көрсетеді. Тауарлар мен ақылы қызметтерді сату арқылы қорықтар және ұлттық парктерге өз бетімен ақшалай табыс табуға рұқсат етілген. ұлттық парктерге түскен қаражаттар олардың дамуына, сонымен қатар қорғау және қалпына келтіру шараларына жұмсалады.
Облыста экологиялық туризмнің негізін экожүйесі жақсы сақталған ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар құрайды: Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркі, Алтын-Емел, Шарын, Алакөл және Алматы мемлекеттік табиғат қорықтары.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті шектелмеген, бірақ оны дамыту және қалпына келтіру үшін бірталай шығындар мен күрделі салымдар қажет. Экотуризмге қажетті инфрақұрылымды құру туристтер үшін табиғаттың ерекше жерлерінің тартылымдығы мен қолжеткізуін қамтамасыз етеді.
Осы процесті белсендетуге бағытталған негізгі шара туристтердің жоғары сұранысын қанағаттандыра алатын, экотуризм инфрақұрылымын құру үшін облыстың аумағында орналасқан Мемлекеттік ұлттық табиғат парктерін дамытудың бас жоспарларын әзірлеу болып табылады.
Сонымен қатар, 2002 жылғы мамырда Бүкіләлемдік экологиялық саммитте қабылданған Квебек декларациясының ұсыныстарын іске асыруды қамтамасыз ету қажет:
жергілікті тұрғындар, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Алматы облысының 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі бағдарламасы
Мойынқұм ауданының 2007 - 2008 - жылдарға арналған индустриалды-иновациялық даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь