Инфляция және инфляцияға қарсы саясат туралы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Инфляция туралы жалпы түсінік
2.2. Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар
2.3. Инфляцияның түрлері
2.4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік
салдары
2.5. Филлипс қисығы
2.6. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері
және инфляцияға қарсы саясат
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Инфляция  бұл күрделі де көпфкаторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасты. Мұнда ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырыды. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция энономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, ұсынысты арттыруға өндірушілерді ынталандырады, нарық тез тауарға толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бірқалапты өспейді. Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіншілік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тездеу өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
1. Назарбаев Н.Ә «Қазақстан Республикасының Ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.»  Алматы, 1997 жыл.
2. Н. Г Мэнкью. Макроэкономика. Оқулық,  Алматы, ҚазМБА, 1997 жыл.
3. Ойкен В. «Основные принципы экономической политики». Москва, Прогресс 1995 жыл.
4. Кэмпбелл Р. Макконнелл, Стенли Л. Брю «Экономикс» І том Таллин, 1995 жыл.
5. Р. Дорнбуш, С. Фишер. Макроэкономика. Оқулық,  Алматы, «Білім» 1997 жыл.
6. Осипов Ю. «Основы теории хозяйственного механизма».  Моква, МГУ, 1994 жыл.
7. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика. Оқулық, Алматы, «Экономика» 2003 жыл.
8. Экономикалық теория негіздері. Оқулық,  Алматы, ҚазМҰУ, 1998 жыл.
9. Алдабергенов Ә. «Жылдық инфляция болжамдық деңгейден өсіп отыр». Егемен Қазақстан  2002 жыл, 13 қаңтар.
10. Андыбаев Т.Т. « Инфляция және жұмыссыздық »
«Экономическая наука в Казахстане: проблемы и пути
решения» - Алматы «Экономика» 2003 жыл.
11. Жақынбек О. «Баға құтырып, инфляция ұшығып тұр» Егемен
Қазақстан 2003 жыл 6 тамыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"Макро және микроэкономика" кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ: Инфляция және инфляцияға қарсы саясат

Алматы 200жыл

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Инфляция туралы жалпы түсінік
2.2. Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар
2.3. Инфляцияның түрлері
2.4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік
салдары
2.5. Филлипс қисығы
2.6. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері
және инфляцияға қарсы саясат
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Инфляция  бұл күрделі де көпфкаторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасты. Мұнда ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырыды. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10%-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция энономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, ұсынысты арттыруға өндірушілерді ынталандырады, нарық тез тауарға толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бірқалапты өспейді. Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіншілік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тездеу өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті.Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстарыайналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып-сату түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң, нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет трапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс-шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады. Ол үшін инфляцияны түсіндіретін концепциялар, инфляцияның түрлері мен оның экономикалық және әлеуметтік салдары, инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары анықталады және инфляцияға қарсы саясат қарастырылады.

Инфляция түсінігі
Инфляция–бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни инфляция бұл жалпы сұраныс пен ұсыныс арасында қалаптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында сұраным ұсынымнан артқан болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ, мұндай жекеленген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл рыноктардың көбіне сүраныстың артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұраныстан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына (конъюктурасына), сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасында инфляцияны қалыптастыратындарын анықтап алу қажет.
Айталық, экономиканың конъюктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбек ақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта шығын инфляциясы деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені қандай жағдайларды жатқызуға болады?
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылығы Орталық банктің несиесі арқылы каржыланған болса, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инфляцияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несиесі беруімен жүргізілетін болса, түптеп келгенде, бұл да инфляциянық себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ-ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіріледі. Бүгінгі нарық ХІХ- ғасырдағы нарық түріне тіпті ұқсамайды. ХІХ-ғасырдаға нарықта негізінен өзара толық бәсекелі тауарлар сатылатын. Бұл тауалар көптеген өндірушілер өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын және салалық, салааралық бәсеке жағдайы болған, капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді. Осы күнгі нарық- көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма-олигополист бағаның өсуін қолдамаса да, оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайды бұзып алмау мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден, Ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне олардың әлемшаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады. Импортталған инфляциямен күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өнімділігі кемиді. Бесіншіден, инфляциялық тосу деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде көптеген экономистердің инфляцияны тосу психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбек ақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбек ақының өсуін тұтынушылық сұрынамын одан әрі арттыра түседі.
Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде, бағалар сұраныс көлемі анықтайтын деңгейден артып, инфляцияны тосу деңгейіне көтеріледі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, екінші дүниежүжілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, баға-еңбекақы, инфляциялық тосу, инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы және басқалары болады. Бұрынғы Советтер Одағында инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болады.

Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар
Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) концепция ретінде сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механизм-моделі) қаралады.
Сұраныс инфляциясы жалпы сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің сұраныс жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемелекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұраныстың қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шектеулі тауар ұсынысына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады.
Шығындар инфляциясы өндіріс шығындарының өсуінен туындаған бағалардың жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс шығындарының өсуі монополиялық немесе олигополиялық бағалардың қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан, шикізат пен энергия ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден болады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіпорындар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардың жалпы өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс шығындарын арттырады, яғни инфляцияны одан да жоғары артуына себеп болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда, табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды.
Мысалы, еңбекақының өсуі табыс инфляцияның себебі ретінде көрінуі мүмкін.
ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдар үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада стагфляция деп аталады.
Инфляцияның асқындауын осы күндері теорияда инфляцияны тосу принципімен түсіндіріледі. Инфляцияны тосу механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың тоқтаусыз өскенін көріп, олардың енді болашақта төмендейтінінен күдер үзеді, сондықтан бағалар кездейсоқ жағдайларға байланысты өссе де, тұрғындар жаппай тауар сатып алуға ұмтылады. Тұтыну бағалары бұрынғыдан да тез және енді тұрақты түрде күрт өседі. Табыстар, осыған байланысты, екі-үш есе және өте қысқа мерзімде құнсызданып құлдырап кетеді. Тұрғындар еңбекақы және басқа да төлемдер деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Төлемдердің өсуі тұтыну сұранысын арттыра түседі. Өндірушілер де материал, энергия, шикізат бағаларының өсуін тосып өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Кәсіпкерлер өздерін инфляциядан сақтандыру үшін өнімдеріне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде бағалар артық сұраныс көлемі анықтайтын деңгейден артып, инфляцияны тосу деңгейіне көтеріледі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ нақты экономика жағдайлары олардың белгілі бір құрамасын (комбинациясын) қалыптастырады.

Инфляция түлері
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықтарда көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды.
Осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онда әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірде-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция саясатта өндіріс пен нарық (сұраныс) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20%- 200%-ке дейін өсу түрі). Экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляция бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқаны сондай, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымда қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалды екен.
Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті  MV=PQ қолдана отырып осыны қалай сипаттауға болады? Егер М  n-есе өскен болса, сонша есеге баға деңгейі өсуі қажет сияқты. Бірақ бұл жерде V  де еске алу қажет. Шарушылық субъектілері ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда, олар қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жалдамдығы (V) күрт өседі, ал бұл айналымға қажетті ақша көлемінің күрт өсуімен бірдей. Сондықтан бағаның өсу қарқыны айналымдағы ақша массасының өсуінен сан есе артады. Сонымен инфляцияны тосу факторы қарқанды инфляцияның гиперинфляцияға ауысып асқындап кетуінің негізгі бір себебі ретінде қарауға болады.
Жоғарыдағы сөз болғандары инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бүл түрі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бірқалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады.
Теңгермелі емес инфляция кезінде жек тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқанмен өседі.
Тағы да тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе, оны үкімет арнайы мақсатпен жоспарлайды.
Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраныс пен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың инфляциялық тосу психологиясын туғызады. Егер тосын инфляция экономикасы дамыған елдерде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елдерде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тұрақты болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұраныстың қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқа қалпына келеді.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықты шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисті есімімен аталатын Пигу әсері, немесе нақтылы кассалық қалдықтың әсері деп аталатын құбылыс суреттелді. Айта кететін тағы бір ескертпе, Пигу әсері икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз Батыс экономистерінің пікірінше Пигу әсері экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді дейді.

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары
Инфляцияның салдары өте күрделі де көпқырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың уақытша жандануына ықпал жасайтан фактор болады. Бірақ уақыт артып инфляция треңдігінде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларға да кіші бизнеске де айтарлықтай зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықта болжау мүмкін емес болғандықтан бизнесте тәуекелділік жоғарылайды, іскерлік әрекеттер күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық диспропорцияларды ұлғайтады, тұтынушылық сұраныс құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін  нарықтық объективті өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамды ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада Танзи  Оливера әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70-ші жылдары Латын Америка экономистері ашып зерттеген екен. Инфляция салықтан түскен табысты құнсыздандырады. Мысалы, егер салық жылдың үшінші кварталында (ширегінде) есептеліп осы жылдың ІV ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды.
Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді. Экономиканың интернациялануы инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатыды.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты табыс азаяды. Инфляция зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.

Филлипс қисығы
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияға қарсы саясат және оның Қазақстан Республикасындағы қолдану ерекшеліктері
Ақша инфляциясы
ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты жайлы
Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары
Инфляцияның себептері мен механизмдері
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
Пәндер