Ежелгі Қытай мәдениетіндегі қолданылған цифрлар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
- ТАРАУ. ҚЫТАЙ ИЕРОГЛИФТІК САНЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ.
1. 1 Қытай нумерологиясының қысқаша даму тарихы . . . . 6
1. 2 Қытай нумерологиясындағы «күрделі жазу» формасының ерекшелігі . . . 8
1. 3 Қытай нумерологиясындағы «жеңіл (кіші) жазу» үлгісінің даму тарихы. 11
- ТАРАУ. ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ 1-10 ға ДЕЙІНГІ САН МӘДЕНИЕТІ.
2. 1 1-5 ке дейінгі сан әлемі… . . . . . . 17
2. 2 5-10 ға дейінгі сан әлемі…. . . . . 32
2. 3 Араб сандарының Қытайға енуі…. . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ… 47
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Көне дәуір кезінде әріптер болмаған. Адам ойын, сөзін жартастардың, үңгір қабырғаларының, тастардың беттеріне салған суреттері арқылы білдірген. Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Қытай ғалымдарының ойынша санды білдіретін таңбалар жарық көрмей тұрып, сөзсіз адамдардың өз ойын дыбыспен, дене мүшемен білдіретін әдістері дүниеге келген, кейін олар сызып, таңбалау жүйесін қалыптастырған. Егер дыбыспен, қолмен білдіретін болмаса санның таңбалары қайталанып, ешқандай мағынасы жоқ өзгерістер ретінде сақталар еді, тіпті тану да қиын болар еді. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияны зерттеген ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады деп қаралған. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13, бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Санның жазбаша жазылуы Қытай мәдениетімен өте тығыз байланысты болған. Ол тек таңбалауға ғана емес, қытайлардың тұрмыстық өмірімен де тығыз байланысқан. Қытайлар өздерінің төрт түлігі түгел болуын армандайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нумерологияның қазіргі таңдағы қытай мәдениетіндегі маңызы біршама. Бұл жұмыстың өзектілігі ‒ адам өміріне сандардың қандай қатысы бар екенін анықтау, сандардың даму тарихын зерттей отырып оған деген қызығушылықты арттыру, қытай нумерологиясын жан жақты зерттеу, сол арқылы сандардың даму тарихы мен ұғымдарына кеңірек тоқталу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты және міндеті. Ерте Қытай мемлекетіндегі сандардың пайда болуы туралы ғалымдардың, ойшылдардың айтқан сөздері негізге алынып, Қытай нумерологиясының даму тарихына жалпы сипаттама берілді. Сол арқылы зерттеу жұмысымыздың басты міндеті етіп алған Қытай нумерологиясының даму тарихы нақты мәліметтермен тиянақталып, қызықты мағлұматтармен ерекшеленеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі міндеттерді шешу көзделеді:
- Алдымен қытай тарихындағы сандарының шығу тарихын қарастыру;
- Оның жазылу формасының мағынасын ұғыну;
- Сандардың күнделікті өмірде адамдардың қолдануы;
- Сандарға қатысты қытай мәдениетіндегі сөз тіркестерін аудару;
- Сандардың психологиялық және философиялық мән-мағынасын ашу.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қытай нумерологиясының даму тарихын мына авторлар зерттеген:李志江атты жазушының еңбектерінде былый жазылған «Даостық ілімді ұстанған қытай ғұламалары жер жүзі үш бастаумен басқарылады деп сенген. Олар - жұлдыздар, шам-шырақ және сандар». 刘庆龙жазушының еңбектерінде былай жазылған «Ғұламаларға сүйенсек, планеталар циклы сандарға байланысты құрылған. Түрлі табиғи құбылыстар, мемлекеттердің, материктердің орналасуы, тіпті дыбыс, түс, сезім түрлері де сандарға байланысты бөлінген екен. Ол аз болса, империя ішіндегі император сарайының салынатын орны, император мен оның қызметшілерінің міндеттері де сандардың қасиетіне орай анықталған. Адам өміріне, жалпы, айналадағы қоршаған ортаға әсер ететін цифрлардың ішіндегі ең құрметтісі 12 болған. 12 жыл, 12 ай, 12 жануар . . . тағы басқа. Осы 12-ге дейінгі сандардың әрқайсысының да қытайлар үшін қасиеті, мағынасы зор. Сол он екі санның ішінен бірден онға дейінгі сандарды таныстырып өтейік.
黄华атты жазушының еңбектерінде былый жазылған «1 cаны. Бұл - Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Қай тілде болсын, бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. 12 санның циклында бұл цифр «жаңа туған нәресте» мағынасын білдіреді. Даостық ұғымда «бірлік тынысы», «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады».
王伟атты жазушының еңбектерінде былый жазылған «2 саны. Қосылу, толықтыру символы. Даостық ұғымда Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі, 12-лік цикл бойынша өсіп келе жатқан ұрпақ болып саналады. Юпитермен басқарылады. Бамбук ағашына теңеледі. Өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең. «Оңай» сөзінің омонимі».
王萍атты жазушының еңбектерінде былый жазылған «3 саны. Көптеген елдердегідей бұл да қасиетті сан болып есептеледі. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларда үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі - Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау - Аспан, Жер, Адам. Үш жер - қасиетті жер, ақиқат жер, шексіз өмір жері. Отбасының негізгі үш элементі - еркек, әйел, ұрпақ. Үш бағыныштылық - патша мен қызметкер, әке мен бала, күйеу мен әйел. Қытайлардың ең қалаулы үш арманы - ұзақ өмір, мол байлық, көп ұрпақ. Қытайлар тұтынған негізгі үш дін мен ілім - конфуцийлік, даосизм және буддизм. Марс арқылы басқарылады. Жалынға теңеледі. Мінезі болжаусыз, қызуқанды, тынымсыз келеді. Қандай да бір жаратылысты тудыра да, жоя да алады. «Өсу» сөзінің омонимі».
张兵атты жазушының еңбектерінде былый жазылған «4 саны. Қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар 4 саны бар жерге жоламауға тырысады. Өйткені бұл - «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті кейбір биік ғимараттардан 4 және 14 нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, 4 қасірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. 4 мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Жылдың 4 мезгілі бар. 4 мифологиялық жануар бар - Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин және Айдаһар. Жарықтың 4 көзі бар - жұлдыздар, планеталар, Күн мен Ай. Қандай да бір сандармен байланысты бал ашу кезінде төрт саны шықса шенеунік немесе офицерлік ұғымын білдірген. Яғни бал аштырған адамның қызметінің өсуі барысы осы бағытта өрбімек. 4 саны шамға теңелген - бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ». Одан сырт Қытай нумерологиясы тарихында мынадай жазушылардың еңбегі жарыққа шыққан: 李雷 , 王乔鹏,王泊,张丹,曹兰萍, 郭地 ,王力,黄成稳.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесі бойынша мынадай тұжырымдар ұсынылды:
- Алдымен қытай нумерология тарихындағы сандарының шығу тегі;
- Оның жазылу формасының мағынасы;
- Сандардың күнделікті адам өміріндегі маңыздылығы;
- Сандарға қатысты қытай мәдениетіндегі сөз тіркестері;
Бітіру жұмысының пәні мен нысаны. Қытай нумерологиясының даму тарихындағы сандарды талдау, мысалдармен түсіндіру арқылы орынын сипаттау.
Бітіру жұмысының құрылысы. Бұл жұмыс кіріспе, негізгі тарау, қорытынды, глоссарий және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда қытай иероглифтік санының шығу тарихы баяндалса, келесі тақырыпшаларында күрделі, жеңіл жазудың даму тарихы қарастырылады. Екінші тарауда сандардың мәдениеті мен Араб сандарының Қытайға енуі туралы толық қанды жазылған.
1 ТАРАУ. ҚЫТАЙ ИЕРОГЛИФТІК САНЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
1. 1 Қытай нумерологиясының қысқаша даму тарихы.
Тағы бір деректерде ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар1 мен 0-ден ғана тұрған. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Оған қоса күллі әлем жаратылысының құпиясын сандар арқылы жасырылған кодтың шешімін табу арқылы түсінуге болады деп тұжырымдаған. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13, бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады. Осы наным-сенімдер мен ырымдар бізге де, басқаларға да ерте кезде өмір сүрген ата-бабаларымыздан жеткен. Көзбен көріп, қолмен ұстап көрмесе ештеңеге сенбейтін бүгінгінің жастары үшін бұл өткен ғасырлардың мәдениеті ретінде қабылданады. Дегенмен мұндай сенімдерді әлі күнге дейін жас-кәрісі қосыла, түгел құрметтейтін ұлт, жалпақ жұрт бар. Олар-салт-дәстүр мен наным-сенімге бай аспан асты мемлекетінің тұрғындары - қытайлар.
Ежелгі Қытай елінде нумерологияға ерекше көңіл бөлінген. Даостық ілімді ұстанған қытай ғұламалары жер жүзі үш бастаумен басқарылады деп сенген. Олар - жұлдыздар, шам-шырақ және сандар. [1, 47б. ] Ғұламаларға сүйенсек, планеталар циклы сандарға байланысты құрылған. Түрлі табиғи құбылыстар, мемлекеттердің, материктердің орналасуы, тіпті дыбыс, түс, сезім түрлері де сандарға байланысты бөлінген екен. [1,50б. ] Ол аз болса, империя ішіндегі император сарайының салынатын орны, император мен оның қызметшілерінің міндеттері де сандардың қасиетіне орай анықталған. Адам өміріне, жалпы, айналадағы қоршаған ортаға әсер ететін цифрлардың ішіндегі ең құрметтісі 12 болған. 12 жыл, 12 ай, 12 жануар . . . тағы басқа. Осы 12-ге дейінгі сандардың әрқайсысының да қытайлар үшін қасиеті, мағынасы зор. Сол он екі санның ішінен бірден онға дейінгі сандарды таныстырып өтейік.
1 cаны. Бұл - Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Қай тілде болсын, бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. 12 санның циклында бұл цифр «жаңа туған нәресте» мағынасын білдіреді. Даостық ұғымда «бірлік тынысы», «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. [2,48б. ]1 саны шыршамен теңестіріледі. Жаймен болса да басқалардан биік, көркем боп өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді. 1 санының омонимдері - «намыс», «ұтыс» болып саналады.
2 саны. Қосылу, толықтыру символы. Даостық ұғымда Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. [2,68б. ]Өсу мен дамудың белгісі, 12-лік цикл бойынша өсіп келе жатқан ұрпақ болып саналады. Юпитермен басқарылады. Бамбук ағашына теңеледі. Өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең. «Оңай» сөзінің омонимі.
3 саны. Көптеген елдердегідей бұл да қасиетті сан болып есептеледі. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларда үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі - Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау - Аспан, Жер, Адам. Үш жер - қасиетті жер, ақиқат жер, шексіз өмір жері. Отбасының негізгі үш элементі - еркек, әйел, ұрпақ. Үш бағыныштылық - патша мен қызметкер, әке мен бала, күйеу мен әйел. [3,74б. ] Қытайлардың ең қалаулы үш арманы - ұзақ өмір, мол байлық, көп ұрпақ. Қытайлар тұтынған негізгі үш дін мен ілім - конфуцийлік, даосизм және буддизм. Марс арқылы басқарылады. Жалынға теңеледі. Мінезі болжаусыз, қызуқанды, тынымсыз келеді. Қандай да бір жаратылысты тудыра да, жоя да алады. [4,50б. ] «Өсу» сөзінің омонимі.
4 саны. Қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар 4 саны бар жерге жоламауға тырысады. Өйткені бұл - «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті кейбір биік ғимараттардан 4 және 14 нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, 4 қасірет саны болып саналады. [4,90б. ] Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. 4 мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Жылдың 4 мезгілі бар. 4 мифологиялық жануар бар - Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин және Айдаһар. Жарықтың 4 көзі бар - жұлдыздар, планеталар, Күн мен Ай. Қандай да бір сандармен байланысты бал ашу кезінде төрт саны шықса шенеунік немесе офицерлік ұғымын білдірген. Яғни бал аштырған адамның қызметінің өсуі барысы осы бағытта өрбімек. 4 саны шамға теңелген - бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ. [4,81б. ]
5 - аса құрметті сан. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Айналадағы болатын барлық құбылыстар мен өзгерістерді қадағалайды деп саналатын негізгі бес планета бар - Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Сатурн. Жер бетінде бес негізгі элемент бар - су, металл, от, ағаш және топырақ. Адамда бес негізгі сезім мүшесі бар, бес негізгі мүше бар. Негізгі бес түс бар, бес дәм бар. Бал ашу кезінде бестік императорлықты білдірген. Шарықтау шегіне жетудің белгісі. 5 саны ауқатты, күшті, белсенді де сабырлы және биіктен көрінер сан болып есептеледі. Сондықтан оны белеске теңейді. Қытайша «бес» сөзінің омонимі «ештеңе де емес, бос» деген ұғымды білдіреді. Жалпы, қытайларда ерекше көңіл мен сипатқа ие негізгі сандар осы бес сан болып табылады. Өйткені бұлар он екілік циклдың негізгі іргетасы делінеді. [5,64б. ]
6 саны. 6-дан 12-ге дейінгі сандар осы негізгі бестіктің қайталанып қосылуы болып саналады. Дегенмен олардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, 6 саны дыбысталғанда «байлық» дегенді білдіріп, құрмет тұтатын сандар қатарына кіреді. [5,70б. ]
7-ге ерекше көңіл бөлінетін себебі, ол өміріміздің негізгі циклы - аптаны, сол апта ішіндегі 7 күнді білдіреді. [6,80б. ]
8 саны да дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Оның омонимi - «гүлдену». Екі «өлімнің» (төрт) қосындысы соңында бәрібір де «гүлденуге» жетелеп әкеледі. [6,90б. ] Бұл - қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы, сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілге белгіленді.
9 санын қасиетті сан деп санайды. Қытайлардың жер бетіндегі ең көп халық саналуы бір жылдары болған демографиялық дүмпудің арқасы екені анық. Ал осының қосалқы себептерінің бірі олардың өздерін баптап, күтінуінің арқасында қол жеткізген ұзақ өмір сүру үрдісі екендігіне дау жоқ. 9 санының омонимі - «ұзақ өмір». [6,87б. ] Кейбіреулер мұны қасиетті сан деп санайды.
Қытайлар 10 санын аса құрмет тұтпаса да, оған да айтарлықтай көңіл бөлінеді. 10 қандай да бір құбылыстың аяғын, соңын білдіреді. Санақ циклының соңы. Құрамы бір мен нөлден тұрады. Яғни ұлы бастамамен (1) басталса, аяғы боc кеңістікке (0) әкеліп соғады. 5-тің екі рет қайталануынан шыққан сан нәтижесінде ештеңеге әкелмейді. [6, 102б. ]Міне, әдетте соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың бәрінің мән-мағынасы бар екен.
1. 2 Қытай нумерологиясындағы «күрделі жазу» формасының ерекшелігі.
Санның Қытайша екі түрлі жазылу формасы бар, олар «күрделі жазу» формасы және «жеңіл (кіші) жазу» жазылу формасы болып екі түрге бөлінеді. Күрделі жазылу формасы, негізінен экономикалық қазынаны есептеп жазғанда қолданылады. Мысалы: почтаға барып төлем төлегенде, олар үлкен жазылу формасын қолданады. Мұнда шотта жазылған сан өзгертілуден сақтандыру үшін күрделі жазылу формасы қолданылады. Егер санды қытайша жеңіл (кіші) жазу үшін болса, жазылу түрін қолданады. Мысалы: 765ж бұл араб саны, қытайша жазылуы былай жазылған “七百六十五” .
Қытай санының бірден онға дейінгі жазбаша жазылуының күрделі жазу формасы :
Бір 壹 (yi)
Екі 贰 (er)
Үш 叁 ( san )
Төрт 肆 ( si )
Бес 伍 ( wu )
Алты 陆 ( liu )
Жеті 柒 ( qi )
Сегіз 捌 ( ba )
Тоғыз 玖 ( jiu)
Он 拾 ( shi )
Деректер бойынша Қытай санының бірден онға дейінгі жазбаша жазылуының күрделі жазу формасын Жу Юань Жаң тапқан. Тарихтарда жазылу бойынша Жу Юань Жаң Миң дәуірінің бастапқы кезеңдерінде саяси жұмыстарымен айналысқан. «Үлкен пара жеу» оқиғасы болған. Оны «Гуо Хың» ісі деп атаған. Гуо Хың бұрын шаруаларды басқарған. Ол өзінің құқығын пайдалана отырып, шаруалардың, өкіметтің астық қазынасын көп мөлшерде өз меншігіне айналдырған. Қымқырған астығының мөлшері 24 миллион тонна мөлшердегі астықты құраған. Бұл сан көрсеткіші мемлекеттің сол кездегі күздік барлық астығының жиынымен тең. Осы делоға 12 өкілетті орган мен мемлекеттік органда жұмыс жасайтын алты қызметкер және мемлекеттегі көп санды помешиктер байланысқан. Жу Юань Жаң бұған қатты таңғалып, осы «Гуо Хың» делосына қатысты барлық сыбайлас жемқорлыққа қатысқан адамдарды тұтқынға алуға бұйрық берген. Сонымен қатар оларды мемлекеттің экономикасына терең түрде зиян келтірді деп айыптап, мемлекеттің қазынасын ретке келтіру шараларын жүргізген. Ішіндегі ең маңызды біреуі астықтың санын жазбаша жазу формасын өзгертті. Санның қытайша жазу формасы күрделі және жеңіл (кіші) жазу болып екі түрге бөлінеді. Олардың бәрі Қытай эроглифтерінің құрылуының маңызды бір бөлігі болды. Қытай жазуындағы иероглифтер табыла сала бірден онға дейінгі сандар шартты түрде белгіленді. Осы шартты белгілер санның күрделі жазу формасы болып қалыптасты. [7,84б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz