Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . .
3
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: 1 Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштерінің аймақтық таралу ерекшеліктері
3:
Кіріспе. . .: 1. 1 Шығыс Қазақстан мен Жетісу өңірін мекендеген сақтардың ескерткіштері . . .
3: 11
Кіріспе. . .: 1. 2 Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері . . .
3: 29
Кіріспе. . .: 1. 3 Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері . . .
3: 37
Кіріспе. . .: 1. 4 Батыс Қазақстан өңіріндегі сақ ескерткіштері . . .
3: 47
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: 2 Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерінің хронологиялық аспектілері
3:
Кіріспе. . .: 2. 1 Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерінің негізгі ортақтастықтары мен ерекшеліктері . . .
3: 52
Кіріспе. . .: 2. 2 Қазақстандағы сақ дәуірі ескерткіштерін кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелері . . .
3: 70
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 77
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебитеттер . . .
3: 79
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қосымшалар . . .
3: 83


Кіріспе

Өзектілігі. Кез келген өркениетті ел өз тарихының тамырын тереңнен іздестіретіні белгілі. Тарихының бастауын ежелгі дәуірлерден таратқан мемлекет мызғымас саяси-идеологиялық сана қалыптастырып, онда ұлттық құндылықтар негізінде қоғамдық келісім және демократиялық өрлеу, нарық пен ғылым байланыстары дамиды. Сондықтан да ұлттың болашағы үшін өткенге бет бұру, одан сабақ алудың маңыздылығы ешқашан өзектілігін жоймайтын құбылыс.

Еуразия тарихы мен өркениетінің көптеген түйіткілді мәселелерінің түйінін шешетін Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірі ескерткіштері болып табылады. Аталған тарихи аймақта ерте темір дәуірінде тіршілік еткен тұрғындардың мәдениетін зерттеу отандық тарихнамадағы көкейтесті мәселелердің бірі екендігін оның жалпы Еуразия тарихымен тікелей байланысты екендігі де аңғартады. Себебі, Қазақстан аумағында басталған халықтардың Ұлы қоныс аударуы сынды күрделі тарихи үдерістер Еуразияның этникалық, саяси және тарихи картасын түбегейлі өзгеруіне әсер етті. Нәтижесінде, қарастырылып отырған Қазақстан аумағының мәдени дамуы, тұрғындарының этникалық келбеті мен заттық мәдениеті де азды-кемді өзгерістерге ұшырады. Мұндай өзгерістердің барысын, қайнар-бастаулары мен тарихи жазба деректердің кемдігіне байланысты, біз тек қана археологиялық қазба зерттеулері негізінде қалпына келтіруге болады деп есептейміз. Жарқын мәдениеттерін, бірегей мәдени туындыларын қалдырған тайпалар мен халықтардың өткенін екшеп, даму деңгейін айқындау бүгінгі күн талабынан туындайды.

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінің зерттелген қорымдарынан жинақталған материалдарды топтап, қазылған қорғандарды жүйелеп, археологиялық ескерткіштердің картадағы орынын нақтылап, хронологиялық мерзімдемесін айқындап шығу да түйіні түйткілді сауалдарға жауап алуға жетелейді.

Бүгінгі таңда ерте темір дәуірінде орын алған тарих-мәдени үрдістер көпішілікті қызықтыруда. Өйткені, қазақ этногенезі мен дәстүрлі мемлекеттілігі, заттық-рухани мәдениеті, дүниетанымы осы дәуірден басталатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде көтеріп жүр. Дегенмен кейбір «миграциялық» бағытты қолдайтын зерттеушілер әлі де болса қазақ халқының автохтондығын жоққа шығаруға тырысып келеді. Мұндай керағар пікірлерге тойтарыс беру қажеттілігі де күн санап артып келеді. Жас зерттеуші ретінде төл тарихымыздың тамыры тереңде жатқандығын ұғындыру үшін ең алдымен көне дәуірдегі тарихи дамуды дәлел ретінде пайдалануға болады деп есептейміз.

Соңғы жылдары Қазақстанда археологиялық ізденістер кең қанат жайып, соны мағлұматтар алынуда, жаңадан ашылған ескерткіштерде жоспарлы түрде зерттеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың қорытындыларын көрсету, алынған нәтижелерін ғылым талабына сай бағамдау ісі де көкейтесті мәселеге айналуда.

Сонымен қатар зерттеу жұмысы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған іргелі зерттеулермен, соның ішінде «Мәдени мұра» секілді ұлттық стратегиялық жобалармен тікелей үндеседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында сан алуан тайпалар мен халықтар тіршілік етті. Олар жайында жазбаша және материадық дерек көздерінен азды-көпті болса да мәлімет алуға болады. Алайда ғалымдар арасында әрбір этностың мәдениеті мен оның таралу ерекшеліктеріне қатысты бірнеше көзқарастар орын алып отыр [1, 230 б] .

Жалпы алғанда, зерттеушілер назарын ертеден-ақ өзіне аударған этнонимдердің бірі «сақтар» болып табылады. Осы мәселе төңірегіндегі сан алуан ғылыми зерттеулер мен пікірлерді талдау үшін тақырыптың зерттелу тарихын негізінен бес географиалық аймаққа бөліп қарастырдық.

Шығыс Қазақстанның далалық өңірлерінде грек және парсы деректерінде кездесетін Азиялық скифтер немесе сақтар орналасқан еді. Бұл өңірді зерттеу ХҮІІІ ғасырдың басынан басталады. Оған Д. Г. Мессершмидт, Г. Ф. Миллер, И. Г. Гмелин сияқты ірі ғалымдарды атап өтуге болады [2] . Ең алғашты археологиялық қазба жұмыстар В. В. Радловтың есімімен байланысты, ол Бұктырманың биігіндегі Берел жазығында ерте көшпелілердің жеті қорғанын қазып зерттеді. Осы өңірді зерттей келе Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Сібірдің ертедегі ескерткіштерін топтауды және кезеңдерге бөлуді ұсынды [3] .

1911 жылы В. А. Адрианов Бұқтырма аймағындағы қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде Шығыс Қазақстан өңірінің ерте темір дәуірінің көшпенділерінің мәдениеттерінің кезеңдері аңықталды [4] . Ал 1935 жылдан бастап Ертіс пен Тарбағатай аумақтарын С. С. Черников зерттеді, ол негізінен осы өңірдегі ескерткіштердің хронологиясымен айналысты. С. С. Черников Шығыс Қазақстан өңіріндегі сақ мәдениеттерің үш кезеңге бөліп қарастырады [5] . С. С. Черниковтан кейін Ертіс аңғарында археологиялық зерттеулерді Ф. Х. Арслановтың басшылығымен Өскемен педагогикалық институтының экспедициясы жалғастырды, (1960-70 жылдары) [6] . Бұл өңірдің сақ ескерткіштерінің қорытынды жұмыстары М. Қ. Қадырбаевтің - «Қазақ ССР тарихының» тарауында жазылды [7] .

Қазіргі кезде де Шығыс Қазақстан өңірін зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда, онымен әйгілі Берел қорымы мен Алтай өңірі бойынша З. С. Самашев, Шілікті экспедициясының жетекшісі Ә. Т. Төлеубаев т. б. ғалымдар айналысуда.

Жетісу өңірі жайлы ең алғаш рет Ш. Ш. Уалиханов, пен Н. Н. Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық ескерткіштері мен тарихы туралы құнды мәліметтер берді [8] . 1893-1894 жылдары белгілі шығыстанушы ғалым В. В. Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл Қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескерткіштері жайында «Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью» атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іс-сапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырмасымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс - әрекеті жайлы да жазып кетеді [9, с. 210-215] .

Жетісу жеріндегі сақ ескерткіштерін зерттеу ХХ ғасырдың 30 - жылдарынан бастап Қазақстан жерінде бірқатар археологиялық экспедициялар жұмыстары жүргізіле басталады. Сақ тайпаларының отырықшы мәдениеті мен мәдени дәстүрлерінің ерекшілігі мен өзгешеліктерін анықтау мақсатында КСРО ҒА Қазақ филиалын ұйымдастырған. А. Н. Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның Оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығың ашып көрсетуде ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарларындағы Кеңқол обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде қол жеткізді [10] . Жетісудың ерте көшпенділерін зерттеуге Қ. А. Ақышев, Е. И. Агеева, Г. А. Кушаев, Н. И. Копылов, А. Г. Максимова, Б. Н. Нұрмұхамбетов сияқты ғалымдардың да үлесі болды. 1954 жылдан бастап Тарих, Археология, Этнография институты Қапшағай ГЭС - нің салынуына байланысты Қ. А. Ақышевтің басшылығымен Іле археологиялық экспедициясы ұйымдастырылды. Бұл кезеннің басты ерекшілігі, ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Жетісудың көне тарихын көптеген қалтарыс тұстары ашылып сақ дәуірінің Жалпы ерте темір кезенінің басты көрсеткіші болып табылатын археологиялық ескерткіштердің хронологиялық диапозонының кендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге сақ дүниесі шеңберінде болған тығыз мәдени - шаруашылық байланыстар археологиялық материалдардан да анық көрініс табады. Осы ретте қорғандардың архитектуралық құрылысын, ондағы табылған олжаларды зерттеулер мен топтау мәдени - тарихи кезеңдерді түйіндеуге және осы мәдениеттерді жасаған сақ тайпаларының даму деңгейін саралауға мүмкіндік туғызады, ескерткіштерін зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескерткіштердің тізбегі ғылыми айналымға енгізілді [11, с. 2-4] .

Бұл өңірдің зерттеулі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жалғасын тауып жатты, оның ішінде К. М. Байпақов, Б. Н. Нұрмұхамбетов, Ф. П. Григорьев, Ю. А. Мотов, З. С. Самашев сынды т. б. ғалымдарды атап өтуге болады. Бұл өңірдің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу деңгейі жеткілікті емес, сондықтан келешекте атқарылатын археологиялық деректердің негізінде көне тарихымыз жүйелі түрде әліде зерттеледі деп ойлаймыз.

Келесі аймақ Оңтүстік Қазақстан өңірі, бұл өңірдің ескерткіштерін зерттеу мәселесі XIX ғасырдың басында басталды. Бұл зерттеулер ежелгі антикалық деректер мен, орта ғасырлық саяхатшылар мен, географтардың арнайы хаттарында айтылады. 1946 жылдан бастап КСРО ҒА Хорезм экспедициясы Оңтүстік аудандарда археологиялық зерттеу жұмыстарын бастайды. Осы экспедицияның зерттеу нәтижелерінде осы аймақта көптеген ескерткіштер жиынтығы табылады, оның ішінде ең ірілерінің бірі Шырық-Рабат қаласын атауға болады. Қазақстанның Оңтүстік өңірін зерттеген ғалымдар қатарына Б. П. Адрианов, М. А. Итина, А. С. Кейс, С. П. Толстов, Т. А. Жданко және т. б. ғалымдарды айтуға болады. 1957-60 жылдары Шырық-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды сияқты ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, осының негізінде жаңа қорымдар ашылды, ежелгі қоныстардың қалдықтары табылды. 1960-63 жылдары Түгіскен үстіртінде Оңтүстік және Солтүстік Түгіскен қорғандары ашылды [12] . Соңғы жжыдары бұл оңірде Ж. Құрманқұлов, З. Самашев, Н. Подушкин т. б. ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы Оңтүстік өңірде Сыр бойы мен Арал маңындағы ескерткіштері қазіргі кезде өте аз зерттелуде. Осыған байланысты болашақта бұл өңірдің ерте темір дәуірінің ескерткіштері өз деңгейінде зерттеледі деген сенімдеміз.

Орталық және Солтүстік Қазақстанды зерттеу Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының Ұлытаудағы ескерткіштерді зерттеуден басталады. Бұл өңірлерді алғаш Ә. Х. Марғұлан зерттеді. 1950 жылдардың басында Ә. Х. Марғұлан «мұртты» обаларға діни ғұрыптық құрылыстар деген анықтама берді және сонымен бірге ескерткіштердің орналасу аймағын көрсетті [13] . Осы кезеңде Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің мерзімдемесі мен кезеңдемесі жасалды, және көптеген қорымдардың ашылуының негізінде, Орталық Қазақстанның сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы, материалдық мәдениеті мен шаруашылығына қатысты мәліметтер жиналды.

Одан кейін Орталық Қазақстанның ескерткіштерін М. Қ. Қадырбаев зерттеп, жалғастырды. Ол 1957 жылдан бастап Орталық Қазақстан Археологиялық Экспедициясының құрамындағы ерте темір дәуірінің жеке отрядын басқарды. Ол 1959-63 жылдары Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Шідерті өзенінің бойындағы Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет сияқты қорымдарды ашты. 1967-68 жылдары солтүстік-шығыс Балқаш өңірінде көптеген қорымдар ашылып, зерттелді [14] . Бұл кезеңнің басты нәтижесі Орталық Қазақстан өңірі бойынша көптеген ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, ғылымда Тасмола мәдениеті ашылды. 1980 жылдардан бастап Солтүстік Қазақстан өңірін белгелі археолог М. К. Хабдуллина зерттеп келеді [15] .

1980 жылдардың аяғында Археология институтының Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуге бағытталған А. З. Бейсенов басқаруындағы жеке экспедиция (қазіргі «Сарыарқа» экспедициясы) өз жұмысын бастады. Осы жұмыстардың барысында Баянауыл, Қарқаралы өңірлерінен б. з. б. ҮІІ-І ғасырлар кезенің ондаған ескерткіштері зерттелді [16, с. 6-8] . 1990 жылдардағы үзілістен соң, 1998 жылы зерттеулердің жаңа, қазіргі кезеңі басталды. Осы ретте ерте темір дәуірі қоныстарының табылуын айрықша атап өтуге болады.

Арал-каспий аймағындағы археологиялық зерттеулердің тарихы революцияға дейінгі кезеңнен басталады. Орынбор мен оған оңтүстіктен шектесіп жатқан Батыс Қазақстан даласының археологиялық ескерткіштерінің бірінші тізбесін П. И. Рычков 1762 жылы жасады [17] . XIX ғасырдың екінші жартысында реформа кезеңіндегі экономикалық өсуге байланысты аймақтағы археологиялық зерттеулер белсенді жүргізіле бастады. Орынборлық өлкетанушылар А. А. Аниховский, И. А. Кастанье, П. Д. Нефедов, А. В. Попова және басқаларының еңбегімен Орынбор ғылыми архив комиссиясының атынан жүргізілген барлау және қазба жұмыстары өлкенің ертедегі тарихын зерттеудің бастауы болып табылады [18] .

1926 жылы М. П. Грязнов Оралдың оңтүстік жылғаларының бойында орналасқан Әбет, Қиялы-Бөрте, Кіргелді, Әлімбет, Теректі және басқаларында ертедегі қорғандарды барлау жүргізіліп, оның барысында қола, ерте және ортағасырлық көшпенділер дәуіріне жатқызылатын Оралсай, Құмсай қорғандары қазылды [18, с. 71-72] . 1930-1933 жылдары Б. Н. Граков Ор және Сүйіндік өзендері бассейндеріндегі обаларда барлау мен қазу жүргізді, ол Ордың орта ағысындағы Матвеевский поселкесіндегі бірқатар обаларды қазды [19, с. 100] .

1955 жылы Ақтөбе облысында қола және ерте темір дәуірлерінің қорғандарын барлау мен қазу жұмысын В. С. Сорокин басқаратын ТИММ Батыс Қазақстан отряды жүргізді [20] .

1960-1970 жылдарының соңында А. С. Пушкии атындағы ОПИ-нің архелогиялық экспедициясы Г. А. Кушаевтың, сонымен қатар Б. Ф. Железниковтың, В. А. Кригердің басшылығымен көптеген барлаулар жүргізіледі, Оралдың оң және сол жағалауы аумағындағы көптеген қорған, молаларды қазды [21] .

Каз КСР ҒА ТЭАИ Батыс Қазақстан отряды М. К. Қадырбаев пен Ж. Құрманкұловтың басшылығымен 1970 жылдары Електің жоғары ағысындағы «сармат» қарауылдарының қорғандары зерттелді. Сынтас, Бесоба, Жалғызоба, Күміссай сияқты бірінші дәрежелі ескерткіштер ғылымның жетістігіне айналды [22] .

М. К. Қадырбаевтың көмегімен Ақтөбе өлкетану музейінде археологиялық топ құрған ақтөбелік өлкетанушы В. В. Родионов Ақтөбе облысында ертедегі ескерткіштерді іздестіруді кеңінен өрістетті. Егжей-тегжейлі барлау мен қазу барысында ол Бесоба, Иманғазы-Қарасу, «Оқу полигоны» және басқа қорғандар сияқты ескерткіштерді зерттеді. 1986 жылы АОИКМ-нің тікелей қатысуымен ол Ақтөбе археологиялық экспедициясының қазбаларын ұйымдастырды.

XX ғасырдың 80 жылдарының соңынан бастап ҚазКСР ҒА ҚР БҒМ-нің З. С. Самашев басқаратын Батыс-Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы аймақтағы ертедегі мәдениеттің қызықты ескерткіштерін зерттеді: сақ дәуірінің ондаған тас мүсіндері ретінде көрінетін Бәйте типтес жерлеу-ғибадат ету орыны; Дықылтас жерлеу және ғибадат ету нысаны [23] ; сармат дәуіріндегі Аралтөбе қорымдары және басқалары. Тоқсанбай [24, с. 125] және оба-ғибадат ету орны Үстірттегі Қызыл Үйік ертедегі қоныстарын зерттеуде.

Арал-Каспий тарихына арналған көшпенділердің архитектурасына қатысты бірқатар жұмыстарды С. Е. Әжіғали жазды [25] .

Батыс Қазақстан тарихының бастапқы кезеңі жөніндегі жинақталған жұмыстар өте аз. Расында Қазақстан тарихы жөніндегі ұжымдық монографияларды жазу кезінде бұған жекелеген ұмтылыстар жасалды. Бірақ тұтастай алғанда бұл жеткілікті болған жоқ және басқа аймақтар мен тарихи дәуірлердің пайдасына жасалды.

Бүгінгі күні Қазақстанның археологтары да ерте темір дәуірінің қорғандарынан көптеген көне материалдық заттар тауып, дүние жүзінің мәдени коллекциясын толықтыруда. Мәселен Қ. А. Ақышев зерттеген «Есік обасы», З. С. Самашевтің «Берел обасы» мен Ә. Т. Төлеубаев зерттеген «Шіліктіден» сақтардың құнды заттары табылды. Сақтар өз қорғандарын сондықтан мақтан тұтқан. Мұндай бай қорғандар Египеттегі фараондардың пирамидаларынан кем түспейді деген Қазақстандық ғалымдар К. А. Ақышев еңбектерінде б. з. б. VIII-IV ғасырлардағы Жетісу территориясын мекендеген сақ патшаларының қабірлері туралы мәліметтер келтірген. Жалпы зерттеу жұмысын орындау барысында жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының деректік негіздері. Көне тарихтың мәселелеріне арналған отандық және шетелдік зерттеушілердің теориялық-концептуалдық көзқарастары көрініс тапқан мақала, монография, рецензия, шолу және басқа да ғылыми шығармалардың формалары жұмыстың деректік негізін құрайды. Ежелгі Қазақстан тарихы басқа дәуірлерге қарағанда, негізінен, археологиялық материалдар бойынша ғана толымды түрде өрбітіліп келеді. Сол себепті де зерттеудің деректік негізін ең алдымен археологиялық дереккөздерін талдаған зерттеушілердің еңбектері, содан кейін барып көне жазба деректері бойынша ой толғамдарын жасаған ғалымдардың ізденістері құрайды.

Басты дерек негізін Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатының қорлары және ғылыми басылымдарда жарияланған бірқатар археологиялық экспедициялар мүшелерінің еңбектері құрайтындығын айта кету керек. Осы орайда өткен ғасырдың алғашқы жартысынан бастап Қазақстан аумағында далалық ізденістер жүргізген археологиялық экспедицияларды атап кетуге болады: Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (С. С. Черников) ; Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, Жетісу археологиялық экспедициясы (А. Н. Бернштам, Е. И. Агеева) ; Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (әр жылдардағы жетекшілері Ә. Х. Марғұлан, М. Қ. Қадырбаев, Ж. Қ. Құрманқұлов, т. б. ) ; Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С. П. Толстов, т. б. ) ; Қаратау палеолит отряды (Х. А. Алпысбаев) ; Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (Г. Б. Зданович, В. Ф. Зайберт) ; геологтар А. Г. Медоев, М. Н. Клапчук, Б. Ж. Аубекеров қатысқан экспедициялар (Солтүстік Балқаш геологиялық; Шу-Іле геологиялық-геоморфологиялық; Орталық Қазақстан геология басқармасының Сокур отряды, т. б. ) ; Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Іле археологиялық экспедициялары (К. А. Ақышев) ; Отырар арехологиялық экспедициясы, Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев, К. М. Байпақов) ; Петропавл және Орал-Қазақстан археологиялық экспедициялары (Г. Б. Зданович, т. б. ) ; Шардара археологиялық экспедициясы (А. Г. Максимова) ; Қостанай және Торғай археологиялық экспедициялары (В. Н. Логвин, т. б. ) ; Шүлбі археологиялық экспедициясы (А. Г. Максимова, С. М. Ақынжанов, т. б. ) ; Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (З. С. Самашев) ; Целиноград археологиялық экспедициясы (В. С. Волошин) ; Павлодар археологиялық экспедициясы (В. К. Мерц), т. б. Сондай-ақ республика аумағындағы Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал, Өскемен, Қостанай, Ақтөбе, т. б. қалаларда орналасқан педагогикалық институттар, университеттер, облыстық музейлер жасақтаған археологиялық экспедициялар (А. Г. Кушаев, Ә. М. Оразбаев, В. В. Евдокимов, А. Н. Подушкин, И. И. Копылов, А. Н. Марьяшев, Ф. Х. Арсланова, З. С. Самашев, Ә. Т. Төлеубаев, т. б. ) жетекшілері мен мүшелері жариялаған материалдар да зерттеу жұмысының деректік негізін құрайды. Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде зерттеу жүргізген Астрахань (А. Н. Мелентьев), Еділ-Жайық (Л. Л. Галкин), Хакас, т. б. экспедициялардың да материалдары біз үшін маңызды. Тәуелсіздік жылдарында да Қазақстан археологиясын әлемге таныта түскен бірқатар экспедициялардың жарияланған материалдары да зерттеу жұмысының деректік негізін құрап отыр. Олардың арасынан Есіл археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев), Берел археологиялық экспедициясы (З. С. Самашев), Шілікті археологиялық экспедициясы (Ә. Т. Төлеубаев), Орал кешенді археологиялық экспедициясы (К. М. Байпақов), Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж. Қ. Құрманқұлов), Сарыарқа археологиялық экспедициясы (А. З. Бейсенов), сондай-ақ облыстар бойынша құрылған Тарих және мәдениет ескерткіштер жинағының экспедицияларын, т. б. атап кетуге болады. Сонымен қатар соңғы жылдары нәтижелі жұмыс істеген халықаралық археологиялық экспедициялар (қазақ-итальян, қазақ-француз, Қазақстан-Ресей, т. б. ) мүшелері жарыққа шығарған мағлұматтар да осы зерттеу жұмысының деректік негізін құраған. Мұны кеңестік және ресейлік тарихнамада ежелгі Қазақстан тарихының белгілі бір мәселелеріне қалам тартқан ғалымдардың (К. В. Смирнов, Г. Ф. Коробкова, Н. А. Аванесова, В. А. Алекшин, Е. Е. Кузьмина, А. М. Хазанов, С. Ю. Гуцалов, А. А. Ткачев, В. К. Мосин, т. б. ) іргелі ізденістері толықтыра түседі.

Жазба дереккөздерін зерделеген мамандардың (Ю. А. Зуев, И. В. Пьянков, Су Бихай, Н. Мұқаметханұлы, Ә. Дәулетхан, С. Сұңғатай, Б. Еженханұлы, т. б. ) еңбектері де диссертациялық зерттеу жұмысының деректік негізін құрайды. Олардан алынған мағлұматтар белгілі бір мәселелерді анықтау үшін қолданылды. Нәтижесінде түйіні түйіткілді жайттарды шешуге ат салысқан мамандардың ізденістері, әсіресе, ерте темір дәуіріндегі қордаланған мәселелерді шешуге кеңінен жол ашты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Қола дәуір мәдениеті
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі
Археология ғылымы. Археологиялық ескерткіштер түрлері
Андрон мәдениеті
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Сақ ескерткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz