Кәсіби стресс проблемасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. .
1 бөлім. Стресс жайлы теориялық қағидалар
1. 1. Стресс туралы ұғым . . .
1. 2. Кәсіби стресс проблемасының психология ғылымында зерттеліну жайы . . .
1 бөлім бойынша тұжырымдама.
2 бөлім. Кәсіби стресс проблемасының психология ғылымында зерттеліну жайы
2. 1. Эксперимент әдістемелері, негізгі сипатамалар . . .
2. 2. Стресстен шығу жолдары. Стресстен шығудың ғылыми-әдістемелік нұсқаулар . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Дипломдық зерттеу жұмысына жалпы сипаттама. Қазіргі таңда, яғни қарқыны ерекше жылдамдықпен өту барысы тұсында, адам баласына қоршаған ортаның өзгерісті жағдайларына бейімделу қиынға соғады, әрі адам бейімделе отырып, эмоционалды теңдікті сақтау керек болады. Адам ағзасы күш-қуатты қайта қалпына келтіруге үлгере алмайды. Әрине, мұндай өмір салты жүйке жүйесінің қажып-әлсіреуіне жеткізуі мүмкін және психосоматикалық аурудың пайда болуына алғышарт жасауы әбден мүмкін.
Сондықтан да, стресс туралы ілім қазіргі таңда кең танымал болды. Стресс проблемасымен Селье, Самоукина, Кеннон, Касл, Купер, Маршалл, Альбрехт, Вейтен, Ялайд және т. б. ғалымдар айналысып, зерттеді.
Біздің зерттеу жұмысымызда тек қана күнделікті стресс сөз болып қана қоймайды, адамның іс-әрекеті тудырған стресс те сөз етіледі.
Бұл тақырып өте өзекті, себебі қазіргі қоғамда адам өмірінің басты байлығы, мұраты-оның материалдық қамтамасыздығы болып табылады. Және адам ақша қуудың соңында жүріп, өзіне, денсаулығы, отбасы, достарына уақыт бөлмейтін болады. Міне, сонда кәсіби стресс туындайды. Егер де адам бұл стресстің кері салдарын жеңе алмаса, онда стресс адамды ішкі жағынан бүлдіре бастайды, бұл ауруға тіпті кейде өлімге де жеткізуі мүмкін. Сондықтан да, біздің уақытта стрессті қалай бастан кешіруге болады, оның кері әсеріне шалынбауға үйрену қажет.
Стресстің жағымсыз ықпалын жеңу үшін, алдымен стрестің не екенін білу керек, стресстің түрлерін, біздің стресске реакциямызды, кәсіби стресстің не екенін, оның қайнар көздері, онымен күресу жолдарын білу керек.
Сондықтан да, біздің дипломдық жұмысты жазу мақсатымыз кәсіби стресс проблемалары және оның кері ықпалды әсерімен күресу әдістерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу объектісі - бұл еңбек ұжымы, ал зерттеу пәні - еңбек ұжымындағы кәсіби стресстің пайда болуы.
Дипломдық зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін Г. Сельенің «стресс» туралы теориясы, ағылшын докторы Дж. Мейсонның психосоматикалық аурулар туралы теориясы, А. А. Радугиннің фрустрация туралы теориясы, К. Левиннің кикілжіңді зерттеу тұжырымдамалары, Нил Миллердің теориясы, Джеймс-Лангенің эмоцияның перифериялық теориясы, Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы құрады.
Дипломдық зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Аталған мәселе бойынша қазақ тілінде материалдар, әсіресе психологиялық білім беретін қайнар көздер жоқ. Сондықтан да, бұл дипломдық жұмыс материалы қазақ тілінде психологиялық білімді толықтыруға үлкен жағдай жасайды.
Дипломдық зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Аталған зерттеу жұмысымен танысу арқылы оқырмандар стресстен құтылу жолдары, стресстің алдын-алу, кәсіби стресс мәселелерін шешу сияқты іскерлік-дағдылармен қаруланатын болады. Өмірдегі түрлі стресс жағдайларында жеңіске жету амалдарын игеретін болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізінен тұрады.
1 бөлім. Стресс жайлы теориялық қағидалар
1. 1. Стресс туралы ұғым
Біздің өмірдің шапшаңдығы күн өткен сайын жеделдетіп келе жатыр, осы жағдайда адамдар қоршаған ортасына бейімделе отырып, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауы қиынға түсуде. Адам ағзасы өз күшін қалпына келтіріп үлгермеуде, сол себеппен адамның барлық он екі мүшесі күнделікті күйзелісті сезінуде. әрине күнделікті бұндай өмір барлық адамдардың бір күні күші бітіп, соның әсерінен жүйке жүйесі тозады. Міне сондықтан стресс туралы мәлімет біздің заманымызда өте қажет. Стресс күйін зерттеу мына ғалымдардың өмірінде орын алған: Селье, Самоукина, Кеннон, Касл, Купер, Маршалл, Альбрехт, Вейтен Ллойд және т. б.
Менің жұмысымда қарастыратын мәселе тек күнделікті стресске байланысты емес, сонымен қатар кәсіпкерлік жұмыс нәтижесінде туындайтын стресске де тоқталып кетемін.
Қазіргі қоғамда адамдардың негізгі приоритеті материалды жетістік, сондықтан адам өзіне, отбасы, денсаулығына т. б. күнделікті күйбеңге көңіл бөлуден қалды. Нәтижесінде кәсіби стресске ұшырау әжеп емес, егер оны уақытында тоқтатуға көңіл бөлмесе оның арты адамның ішкі дүниесін, ең қатал жазасы өлімге де әкелуі мүмкін. Сондықтан біздің уақытта стрессті қалай жеңу керек соны білу қажет. Сол себеппен менің таңдаған тақырыбым өте актуалды деп табамын, бірақ стресстің негативті әсерінен құтылу үшін «СТРЕСС»- дегеннің өзі не екенін анықтап алуымыз керек. Оның түрлері, стресске қалай әсер етеміз, неден стресс туындайды, онымен қалай күресуіміз керек осының бәріне мен өз жұмысымда тоқталып кетуге тырысамын.
Сонымен бұл жұмыстың мақсаты кәсіби стрессті анықтау мен оның негативті әсерінен құтылу жолдарын қарастыру болып табылады.
Бұл жұмыста зерттеу обьектісі-еңбек ұйымы, ал кәсіби стресстің еңбек ұйымында туындауы пәні болып табылады.
Бүгінгі таңда стресс туралы көп айтылады, олар әкімшілік, диспечерлік, жұмысқа, қоршаған ортаның ластануымен, зейнетке шығуға, жанұядағы кикілжіңдерге (конфликтке) т. б. жағдайларға байланысты болып табылады. Бәрі де стресс туралы айтады, стресс күйінде болады, бірақ ол не екенін білмейді.
«Стресс»- түсінігін Канадалық физиолог Ганс Селье енгізген. Ол стрессті: «Адам ағзасының кез-келген талабына өзіндік ерекшілігі жоқ (неспецифический) жауабы», - деп түсіндерген. Бұл анықтаманы түсіну үшін біз «неспецифический» (өзіндік ерекшелігі жоқ) деген сөзді түсінуіміз керек.
Ағзаға қойылған әр талаптың өз ерекшелігі бар. Мысалы: Суық күнде біз көп жылу бөлу үшін дірілдейміз, қан тамырлары тарылып, тері сыртына жылу бөлінуі азайады. Күн ыстықта біз терлейміз, теріміздің булануы арқылы біз салқындаймыз. Сол сияқты белгілі дәрілерді ішу арқылы біз оның ерекшелігін біле отырып, сол дәрінің әсерін сезінеміз: Осылардың бәрі «специфический» яғни ерекшелігі бар болып табылса, ерекшелігі жоқ «неспецифический» өзгерісті талап етеді талаптың өзіндік ерекшелігі жоқ, қандай болмасын туындаған қиындыққа бейімделу болып табылады. Сол өзгерістері орындау арқылы біз өзіміздің қалыпты жағдайымызды орнына келтіреміз. Стресс болған кезде ол жағдай жағымды не жағымсыз екені маңызды емес. Бұл жағдайдың қажеттілік өзгеріс және бейімделу маңызды болып табылады. Мысалы: Соғысқа кеткен баласын анасына қаза тапты деп, уақыт өткен соң ол қате болып бала үйіне кіріп келеді. Бірінші жағдайда ана қайғырады, екінші жағдайда қуанады, бірақ екі жағдай да адамға стресс әкеледі. Екеуі екі түрлі сезім болса да, екі жағдайда да анасы болған жайды қабылдап, түсініп соған бейімделеді. Яғни екі жағдайда да стресс күйіндегі адам бір әрекетті жасайды. Селье былай деген: «Стресс-жүйкенің қысымы ғана емес» осы саланың маманы болмаса да көптеген ғалымдар биологиялық стрессті жүйкенің шаршауынан немесе эмоцияның қатты қозуынан деп түсіндіреді, бірақ бұл олай емес. Психологиялық және психопатиялық аспектілерде биологиялық стрессті зерттеген белгілі ағылшын докторы Дж Мейсон. Эмоциялық қозу өмірге деген қорқыныш тудыратын кезде немесе өмірлік басқа да жағдайға байланысты стресс туғанда бұған жауапты физикалық күй болып табылады-деп айтқан. Жүйке жүйесі жоғары дамыған адамдар эмоциялық күйзеліс жиі болғандықтан, ол адам стресске өте жақын болады, бірақ стресстік күйді жүйке жүйесі жоқ жануарлар және өсімдіктер де сезеді. Көп адамдар стресс жағымсыз жағдайлардың нәтижесі деп түсінеді, бірақ Селье олай демейді. Басында біз айтқандай бұл жерде жағымды немесе жағымсыз жағдай маңызды емес. Осыған байланысты стресс күйін кез-келген эмоционалдық әсерден алуға болады. Стресс күйіне әкелетін факторлар стрессорлар. Бір сөзбен айтқанда стрессорлар әр түрлі, бірақ ол күйді сезген адамның биологиялық реакциясы болған жағдайға бейімделу болып табылады.
Стресстің негізгі түрлері
Әр адамға стрессорлар әр түрлі болады. Солардың бәрін ретке келтіру үшін ғалымдар көп еңбек етті, бірақ стрессорларды бір жүйеге келтіру әлі жүзеге асқан жоқ. Бірақ бұл жағдайлар бізге стресстің негізгі төрт түрін қарастыруға кедергі етпейді. Олар: Фрустрация, кикілжің (конфликт), өзгеріс, қысым (давление) .
Фрустрация
Фрустрация латын тілінен fruastratio-өтірік, шыдамды күту деген мағынаны білдіреді. А. А. Радугин бойынша адамның мақсатына жетуде обьективті немесе субьективті кедергіге тап болғандығы эмоционалдық күй уайым, қысым, мазасыздануы. Яғни адам фрустрацияны бір нәрсеге қол жетпегенде сезеді. Бәрімізде фрустрациялық күйді күнделікті өмірде сеземіз, бірақ ол қуанышқа қарай ұзақ және маңызды емес мысалы: Өз уақытында төлем ақыңызды ала алмағаныңызға қатты өкінесіз, бірақ үш күннен кейін оны аласыз сіздің өкінішіңіз бұл кезде ұмытылып кетеді. Әрине, кейбір фрустрациялық күй стресске әкеліп соғуы мүмкін. Сәтсіздік пен бір нәрсені жоғалту: міне осы екеуі стресске әкеп соқтырары анық. Бәріміз, кейбірі алдарына реалды мақсат қоймау арқылы, өздерін сәтсіздікке әкеледі. Жақын адамыңды жоғалту фрустрациялық күйді терең сезінуге әкеледі. Кейде адам фрустрацияны өзіне-өзі тудырады. Адамдар әдетте өздерінің жетістіктеріне өздері кедергі келтіреді. Мысалы: сіздің алаңғағасарлығыңызға байланысты жұмыс дәрежеңіз бойынша сіз күткендей көтерілмесеңіз осыған байланысты фрустрациялық күй туындайды, бұл жағдайдың туындауына өзіңіз кінәлісіз. Көп жағдайда фрустрациялық күй агрессивті мінез-құлықты түсіндіреді. Фрустраторлар тез ашуға айналатын агрессияның пайда болуы адекватты емес реакциядан пайда болады: балағаттау, адамға физиологиялық қысым көрсету (шымшу, ұру, итеру) немесе бір обьектіні сындыру.
Кикілжің
Кикілжің-фрустрация сияқты өмірден бөліп алынбайтын жағдай. Күрделі сұрақ «Тұрады ма жоқпа?» адамның алдында кикілжің туғызатын жай. Мүлде келіспейтін екі немесе одан да көп мотивтер іс-әрекетті асыру үшін мінез-құлық бәсекелесе болып табылады. Кикілжіңдер үш түрге бөлінедіә: 1-жақынырақ-жақындау, 2-қашу-қашқақтау, 3-жақындап-қашқақтау. Кикілжің түрлерін ең бірінші суреттеген Курт Левин, ал зерттеген Нил Миллер болды. Кикілжің жақынырақ-жақындау түрінде-екі көрікті мақсатының біреуін таңдау керек. Бұл жердегі негізгі проблема сіз екеудің біреуін ғана таңдайсыз.
Барлық үш түрдің жақынырақ-жақындау кикілжіңі ереже бойынша стрессогенді болып табылады. Ресторанға келгенде әр түрлі тағамның ішінен біреуін ғана таңдауға қиналмайды, бұл кикілжің ереже бойынша жақсы аяқталады. Бірақ та кей жағдайда жақындау аса маңызды болса, бұл кикілжің едәуір қысым көрсетуі мүмкін. Егер сіз екі көрікті жігіттердің қайсысын таңдарыңызды білмей жүргеннің өзінде де стресс күйі қоса жүреді.
Кикілжің қашу-қашқақтау түрінде қашқақтайтын адамға екі көріксіз мақсаттың арасын таңдауға тура келеді. Бұл жағдайда сізге екі көріксіздің ішінен бір көріксізді таңдау керек. Айталық сіздің беліңіз қатты ауырып жүр сіз бұл кезде өте қатты қорқатын операцияға келісесіз бе, жоқ әлде шыдап жүре бересіз бе? Қашу-қашқақтау кикілжіңі көрініп тұрғандай жағымсыз және ең күшті стресс. Бұл жағадайда әдетте адамдар шешім қабылдауды ұзаққа созады, қалайда бір әдіспен кикілжіңнен қашу үшін. Жоғарыда келтірілген мысалдар ауырған жеріңіз кейін қойып кетер деген үмітпен операция туралы шешімді кейінге қалдырасыз.
Жақындап-қашқақтау кикілжіңге түскен адам алдына қойған мақсатқа қол жеткізер алдында жағдайдың пайдалы және жағымсыз жағын қарастырып шешім қабылдауы керек болады. Мысалы: сіздің меніңіз көтеріледі онымен бірге төлемақыңыз да көтеріледі, бірақ сіз жақсы көрмейтін, білмейтін қалаңызға келуіңіз керек. Жақындап-қашқақтау кикілжіңі өте көп таралғандықтан күрделі стресс тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда кикілжің сенімсіздік туғызады. Кикілжіңге түскен адам сенімсіз бірде алға, бірде кері әрекет етеді.
өзінің тышқанға жүргізген наваторлық зерттеуінде Нил Миллер қашқақтау мотивациясы жақындау мотивациясына қарағанда тез күшейетінің тапты осының нәтижесінде Миллер мынадай қорытында жасады: Жақындап-қашқақтау кикілжіңін шешу үшін ең алдымен жақындау мотивациясын күшейтуге емес қашқақтау мотивациясын әлсіретуге күш салу керек. Кейіннен зерттеу арқылы жақындау градлентіне қарағанда, алыстау градленті баяу үлкейеді. Осыған қарап біз екі кикілжіңге байланысты да кеңес беруіміз керек. Басқа сөзбен сіз өмірдегі өзгерістер стресс жағдайының негізгі қайнар көзі деп есептеледі. Бұлар кез-келген өмірдегі өзгерістер, бұл жағадайда адам өзгеріске бейімделіп отыруын талап етеді. Томос Хоулмзом Ричард Рай мен оның әріптестері бұл мәселені бірінші болып қарастырған. Олар көптеген туберкулез ауруымен ауырған адамдармен әңгіме жүргізген. Қызық көрінгені мен ол оқиғалар жағымсыз болған. әрине жағымсыз жағдайлар көп болғанымен жағымды оқиғалар да болған. Мысалы: үйлену тойы, нәрестенің дүниеге келуі, жұмыс дәрежесінің жоғарлауы.
Неге жағымды оқиғалар стресс туғызады. Хоулмзу және Рай зерттеулері бойынша мұндай оқиғалар адам өміріне өзгерістер тудырады. Күнделікті өмірдегі өзгерістің өзі стресс болып табылады. Осы ережеге сүйенсек, қарым-қатынастағы өзгерістер, жұмыста немесе қаражат жағынан т. б. жағдайлар аяғы жақсыға әкелседе, стресс тудырады.
Браун және Мак Гилл зерттеулері бойынша адамның өз қалауы бойынша болған өзгерістер біреулерде стресс, ал енді біреулерде стрессіз өтуі мүмкін. өмірдегі жағымды өзгерістер және денсаулығының нашарлауы арасындағы байланыс өзін-өзі бағалауы төмен адамдарда болатынын көрсетті. Осы зерттеулер негізінде Браун және Макк Гилл позитивті оқиғаларды қалай бұзса сол дәрежеде стресс тудырады деп атап көрсеткен.
Қысым
Қысым дегеніміз- біз өзімізді белгілі бір бейнеде ұстау үшін, басқалардың күтуін және талабын қосады. Қысым екі түрге бөлінеді. 1 орындау, 2 сәйкес келетін. Бізге берілген тапсырманың ұқыпты, тез орындалуын күткен кезде біз-орындау қысымында боламыз. Мысалы: Клоун күлкілі болу үшін тырысады, ал студент болса емтиханды жақсы тапсыру үшін. Рай Баумейстр жұмысында қысымның жұмысты орындауда, нашар нәтижеге әкелетіні көрсетілген. Бұл мәселені «Потенциалды стресс эффектісі» бөлімінде кең көлемде қарастырамыз. Біздің өмірімізде біреудің күткенімен сәйкес келу қысымы көп кездеседі. Жоғарғы қызметтегі адамнан, оның қатал түрде киінуін күтеді. Ал жасөспірімдерден ата-анасының тәрбиесінен шықпауын, жастардың 30 жасқа келгенше үйленуін күтеді. Қысым психологиялық өзгерістен көрі психикалық денсаулықпен тығыз байланыста көрсетілген.
Стресстік факторлардың кілттік бағасы
Адам оқиғаларды қалай қабылдаса-стресс соған тәуелді. Субьективті бағаға потенциалды стресстік оқиғалар және көп факторлар әсер етеді. Ең негізгілері төрт фактор: Танысу дәрежесінің проблемасы, оқиғаларды басқару мүмкіндігі, оқиғалардың алдын ала болжай алудың белгісі.
Танысу
Біздің стресстік бағамызда ең басты фактор танысу болып табылады. Стресстік жағдайларды үйреншікті ереже бойынша потенциалды стресстік әдістер туралы аз білсек солғұрлым ол үрей ретінде қабылданады. Жаңадан келген парашютистердің секіруге дайындалу жарысында, танысу стрессінің керекті екені көрсетілген. Бұл жағдайда жаңадан келгендердің жүрек қағысының жылдамдығы кәсіпқой парашютистердің жүрек қағысының жылдамдығына қарағанда көп болғаны көрсетілген. Бірінші емтихан, бірінші сахнаға шығу осы кездегі күй әдетте үлкен стресс болып табылады. Бірінші жағдай өткен қобалжуларды ұмыттырады.
Оқиғаларды басқару мүмкіндігі
Стресстік бағалауға әсер ететін тағы бір фактор, біз қаншалықты болып жатқан оқиғаларды басқаруымыз бойынша бағаланады. Стерн, Мак Кант және Петтин зерттеулерінде оқиға басқару ретінде қабылданса, онда олар басқаруға келмейтін оқиғаларға қарағанда стресс туғызатыны көрсетілген. Бірақ Джери Бергер басқарудың көбеюі стресстің көбеюіне әкелетіні туралы айтқан оның айтуы бойынша оқиғаларды басқару мүмкіндігінде позетивті және неготивті аспектілер бар.
Негативті аспект адам өзіне оқиға шығуына үлкен жауапкершілік алуына тұрады. өзін басқалар қалай бағалайтынына көп мән беретін адамдар, оқиғаны басқару мүмкіндігін стресстік жағдай ретінде қарамайды.
Алдын ала болжам
Алдын ала болжам бұл-стресстік жағдайларды алдын ала көру мүмкіндігі. әдетте былай болады: біз алдын ала стресстің жағымсыз болуын қалаймыз. Денсаулығының нашарлауы немесе жұмыстан шығуы осындай күрделі стресстер, алдын ала білсек кері әсерін азырақ тигізер еді. Алайда алдын ала болжам әсері күрделі болып табылады. Кейбір жағдайда адамдар оларды күтіп тұрған стресс туралы білгілері келмейді. Алдын ала болжам бағалығы стресске дайындалу үшін, біз бірдене істей аламыз ба осыған байланысты. Егер дайындық пайдасыз болса, (немесе біз өзіміздің дайын екенімізді сезсек) келе жатқан стресс бізді қобалжытады, әрине болайын деп жатқан жағдай бізге бұрынғысынанда қорқынышты болып көрінеді.
Уақыт жақындығы
Егер сіз болайын деп жатқан жағымсыз оқиға туралы білсеңіз, сол оқиға жақындаған сайын стресс үлкейе береді. Егер проблема болашақта болатын болса, ол онша қорқыныш тудырмайды. Бірақ проблема жақындаған сайын тынымсыздық, қобалжу ереже бойынша арта түседі. Шындыққа келгенде стрессті оқиға барысында емес, сол оқиғаны күткен кезде қатты сезесің.
Емтиханнан кейін студенттер «сұрақтарға жауап берген оңай оны күткенге қарағанда» деп, -айтқан.
Қорыта айтқанда стресс бағасы-бұл қиын процесс. Біз стрессті қалай бағаласақ біздің әсерімізді де соған байланысты.
Стресске деген әсері
Біздің стресске деген әсеріміз қиын әрі ұзақ мерзімді болып табылады. Стресс бізге бірден әрі жан-жақты әсер етеді. Мысалы: сіз өте асығыссыз, бірақ көптеген көліктердің ішінде жай жүруге тура келеді. Сіз жолға қарап қиналған кезде қозып, ашуланып, эмоционалды әсерді сезінесіз. Сіздің ішкі жан-дүниеңізде бәрі қысылып қан тамырыңыз қатты соққан сайын сіз стресске деген физиологиялық әсерді сезінесіз. Ал сіз басқа жүргізушімен ұрысқан кезде вербальды агрессия стресске байланысты мінез-құлқыңыз болып табылады. Осылайша біз стресстік әсердің үш түрін анықтаймыз, эмоционалды, физиологиялық, мінез-құлықтық.
Эмоционалды әсер
«Эмоция-жағдайға байланысты адамның өмірлік мақсатына ішкі және сыртқы көрініс арқылы әсер ететін психикалық процесс». Стресс күшейген сайын адамның көңіл-күйі нашарлай бастайды. Жай бір мағыналы бағыну стресспен эмоцияның арасында жоқ. Стресстік оқиғалар әр түрлі эмоция тудырады, бірақ кейбірі басқаға қарағанда күштірек эмоция тудыруы мүмкін. Вулфоук, Ричардсон эмоцияның дамуын келесі бағыттарда көрсеткен.
• Қозу, ашу, ыза стрессті әдетте жай қозудан бастап өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға дейін жеткізетін ашудан туады. Мұндай әсерлер көбінесе фрустрацияға байланысты. Кейбіреулер кезкелген кедергігі ашуланады сонымен қатар ашу мен жындану біреуді бағындыра алмағанда тууы мүмкін.
• Күдіктену, қоқыныш, үрей көп жағдайда стресске деген жауап әр-түрлі эмоционалды қорқыныш дәрежесінде туады. Бұл эмоция қатарына күдік пен қорқыныш арасына үрей кіреді. Бұл категорияның эмоциясы стресстің кез-келген түрінің әсерінен тууы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz