Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері



Кіріспе бөлім:

Радиожурналистиканың жанрларының тарихы.
Негізгі жанырлары жайлы бірер сөз.
Радиожурналистика жанырларының өзіндік ерекшеліктері.

Негізгі бөлім:
В.Н Ружников анықтамасы .
Радиожурналистика жанырларының негізгі өзегі.
Радиожурналистиканың талдамалы жанырлары.

Қорытынды бөлім:
Біздің міндет.
Радиожурналистиканың жанырлары радиогазет шеңберінде дамыды. Жалпы газет жанырлары радиоға өзінің бастапқы күйінде емес, бірқатар аралық буындар арқылы келеді. Жанрлар радиогазетте радиоға бейімделу процесін бастап, қарқынды түрде дамыды. Сөйтіп, газет жанырлары дыбыстық сипат алып радиожурналистика жанырларына айналды.
Эфирден тараған күрделі қосындыда журналистиканың, әдебиет пен өнердің әр түрлі пішіндері мен жанырларын біріктірген радиогазетте бұл элементтер бірімен-бірі қақтығысты, бірімен-бірі өзара қарым-қатынасқа түсті.
Бұл процестердің бәрі радиохабар шеңберінде болғандықтан дыбысталу сапасына, ұзақтық мөлшеріне қарай бір-бірімен өзара байланыста болды .
Қазақ радиогазеттерінде дыбысты журналистика негізінен газет жанырларын ауызша жеткізуге және қабылдауға бейімделу жолымен дамыды. Радио қызметкерлері 1930-1940 жылдары ақпараттық хабарлар, газет мақалаларынан бастап, баспа мәтіндерін дайындау дағдыларын иегерді
Соның нәтижесінде, сөилемдердің құрылымын жеңілдетуді, сандық мәліметтерді қысқартуды және қабылдауға қиын сөздерді азайтуды, халықтың бейнелі сөз тіркестері бар сөйлеу тілінің элементтерін, әдеби тіл нормаларын пайдалануды, ресми ақпараттарды әдеби, музыкалық хабарлармен алма-кезек беруді көздеді. Сол жылдары радиохабарының негізгі пішіндері: радиогазеттер, радиожурналдар, байандамалар, лекциялар, консульлтациялар, радиотыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар, диспуттардан, коцерттерден, спектакльдерден берілетін хабарлар, радиомитингілер, радиоүндесулер, радиожиналыстар, радиоуниверситеттер , ал радиожурналистианың негізгі жанырлары: ақпарат, хроника, әңгіме, сөйленген сөз (выступление), комментарий, корреспонденция, очерк, фельетон, шолу, ішнара сұхбат және репортаж болды.
1. Омашев Н. “Радиожурналистика” Алматы, 2005.
2. Ақтаев С. “Дауылпаз дауыс” Алматы, Қазақстан, 2005.
3. Әуе толқынында – Қазақ Радиосы. Жинақ. Алматы, Нұрлы әлем, 2001.
4. Әбдіжәділқызы Ж. “Тікелей эфир табиғаты”:оқу құралы,Алматы, Қазақ университеті, 2003.
5. Қабылғазина К. “Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы”, Алматы, 1999.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
 Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері

Жоспар:
Кіріспе бөлім:

Радиожурналистиканың жанрларының тарихы.
Негізгі жанырлары жайлы бірер сөз.
Радиожурналистика жанырларының өзіндік ерекшеліктері.

Негізгі бөлім:
В.Н Ружников анықтамасы .
Радиожурналистика жанырларының негізгі өзегі.
Радиожурналистиканың талдамалы жанырлары.

Қорытынды бөлім:
Біздің міндет.

Радиожурналистиканың жанырлары радиогазет шеңберінде дамыды. Жалпы газет жанырлары радиоға өзінің бастапқы күйінде емес, бірқатар аралық буындар арқылы келеді. Жанрлар радиогазетте радиоға бейімделу процесін бастап, қарқынды түрде дамыды. Сөйтіп, газет жанырлары дыбыстық сипат алып радиожурналистика жанырларына айналды.
Эфирден тараған күрделі қосындыда журналистиканың, әдебиет пен өнердің әр түрлі пішіндері мен жанырларын біріктірген радиогазетте бұл элементтер бірімен-бірі қақтығысты, бірімен-бірі өзара қарым-қатынасқа түсті.
Бұл процестердің бәрі радиохабар шеңберінде болғандықтан дыбысталу сапасына, ұзақтық мөлшеріне қарай бір-бірімен өзара байланыста болды .
Қазақ радиогазеттерінде дыбысты журналистика негізінен газет жанырларын ауызша жеткізуге және қабылдауға бейімделу жолымен дамыды. Радио қызметкерлері 1930-1940 жылдары ақпараттық хабарлар, газет мақалаларынан бастап, баспа мәтіндерін дайындау дағдыларын иегерді
Соның нәтижесінде, сөилемдердің құрылымын жеңілдетуді, сандық мәліметтерді қысқартуды және қабылдауға қиын сөздерді азайтуды, халықтың бейнелі сөз тіркестері бар сөйлеу тілінің элементтерін, әдеби тіл нормаларын пайдалануды, ресми ақпараттарды әдеби, музыкалық хабарлармен алма-кезек беруді көздеді. Сол жылдары радиохабарының негізгі пішіндері: радиогазеттер, радиожурналдар, байандамалар, лекциялар, консульлтациялар, радиотыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар, диспуттардан, коцерттерден, спектакльдерден берілетін хабарлар, радиомитингілер, радиоүндесулер, радиожиналыстар, радиоуниверситеттер , ал радиожурналистианың негізгі жанырлары: ақпарат, хроника, әңгіме, сөйленген сөз (выступление), комментарий, корреспонденция, очерк, фельетон, шолу, ішнара сұхбат және репортаж болды.
Радиожурналистика жанырларының өзіндік ерекшеліктері радионың бейнелеуші құралдарынан келіп туындайды. Олар: жанды сөз (оны пайдалану әдісі; монолог пен диалог), дыбыстық дерек (өмір шындығының дыбыстық көшірмесі), музыка (радиохабардың әуенмен әрленіп, сөзбен көмкерілуі, монтаж) сөз, музыка, дыбыс эфектілерінің астастырылып, көркемдік деңгейге жетуі.
Бұқаралық ақпарат құралыретінде радионың техникалық мүмкіндіктеріне, өзгеше табиғатына негізделген журналистиканың жаңа түрі қалыптасты. Радио хабары газет публицистикасының бай тәжірибесін өзіне мұра етті: ол баспасөздің әр түрлі жанырлары мен қаруланды. Сонымен бірге радиожурналистика алғашқы қадамдарынан бастап, кеибір өзіндік белгілерге де ие бола бастады. Радиохабар жанырларының қалыптасуы газетпен ғана етене байланыста болған жоқ, ауызша үгіт пен насихаттың жанырлары да, радиогазеттің алғашқы сандарынан бастап-ақ серігі болған музыка да, әдеби-музыкалық монтаждарының эстрадалық түрлері де ықпал етті.
Осындай ерекшеліктерді бойына сіңірген журналистиканың жаңа түріне В.Н.Ружников мынадай анықтама берді: “Радиожурналистика бұқаралық хабарлама тарататын құрал ретінде радионың бірігей техникалық мүмкіндіктеріне негізделген насихаттық сипаты бар журналистика. Ол күрделі элементтік құрылыстар категориясына жатады, Оның функциялары, ішкі құрылымы, басқа элементтік институттармен, бұқаралық аудиториямен байланысы өзіне тән күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл құбылысты тану соншалық күрделі жан-жақты, сан қырлы болып табылады”
Зерттеуші М.Триккель бұл оиды одан әрі дамыта түседі: “Радионың өзіндік ерекшелігі оның таралу сипатынан және дыбыс жазу техникасынан туындайды. Бұл: а) дереу және шексіз тарату, шындықтың даректі жазбасын сондай-ақ акустикалық, дыбыстық картинасын беру мүмкіндігі. ә)осы акустикалық шындықты сақтап қалу және монтаждау кезінде өңдеу мүмкіндігі. б)хабарды тыңдау мүмкіндігі. Бұл факторлар радионың оперативтігін, оның жоғары ұғыштылығын, дерктілігін, хабарламаның жинақтылығын компазициялық құрылымды қамтамасыз етеді:
Дыбыстық қарым- қатынас жасаудың сөзбен және музыкамен байланысының ерекшеліктерін білу қажет. Жанды сөз көмегімен берілген хабарларда жүргізушінің құбылысұа қарым-қатынасы, көңіл-күйі, дауыс ырғағы араласқанда жақсы қабылданады . Жанды сөз – бұл радиодағы ең нәзік күрделі бейнелеу құралы . Өйткені, мұнда ой мен іс-әрекет, сезім, мінез және көзбен көруге болатын өмір шындығы бейнеленуге тиіс.
Психологтардың әр түрлі эксперименттеріне сүйенетін болсақ, егер материалдарының дұрыс қабылдануы тыңдаушы зердесіне оның ой топшылдауына, сезімталдығына және хабардың берілу формасына, ойнақылығына быйланысты болады. Сондықтан сөздің эмоционалдығына орынды мән беріп, мұқият болу керкек деп сендіреді. Сұхбат ой туғызады. Ал бүкіл әңгіме барысында психологиялық ахуал сөз сөйлеушінің лебізін, оның ішкі дүниесін, көңіл-күйін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Пікірталасқа алғышарт жасайды.
Радиожурналистика жанырларының негізгі өзегі – радиодерек. Радиодерек 1930жылы Днепргэс құрылысынан жүргізілген репортаж дан бастау алды. Ешбір дайындықсыз, қағаз қаламсыз, инцинировкасыз оқиға орынынан тікелей жүргізілген бұл репортаж радиожурналистикадағы деректің дәйектілігін, шынайлығын, нақтылығын дәлелдеп бергендей болды.
Днепрогэс құрылысына 6 микрофон, 11 дыбыс күшейткіш орнатылды. Оқиға бастан- аяқ ешбір ақаусыз екі сағат көлемінде эфирге берілді. Біріншіден, осы тектес тікелей эфирден берілген өзекті, яғни, актуалды хабарлар 30-жылдағы радиожурналистиканың ең үлкен жетістігі болды. Екіншіден, аяқ астынан тауып айту, суырып салып сөйлеу радиохабарға шынайлылық сипат берді. Үшіншіден, репортедің сөйлеу өнеріндегі шеберлікті көрсетті. Тауып айту мен суырып салу сөйлеу деректіліктің радио ашқан жаңалығы болды. Өйткені, репортер жай ғана оқиғаны байандаушы емес, ол-болып жатқан оқиғаның куәгері, тікелей қатысушысы сондықтан да ол өз көзімен көріп тұрған дүниесін қолма-қол әңгімелейді, одан алған әсерін бөліседі, ойын ортаға салады.Сол арқылы тыңдарманның сенімін арттыра түседі. Оның үстіне тікелей оқиға ортасынан дәл сол болып жатқан кезде берілетін радиодеректе ешқандай уақыт алшақтығы болмайды.
Жалпы деректілік пен жаңашылық радиоақпараттың ең басты критерийі болып табылады. Енді солардың арасынан тікелей эфирдегі жаңалықты алып қарайтын болсақ, оның деректілігі ең алдымен, уақыт аясындағы дәлдігінде, сол сағатта, сол минутта, сол секундтар аясында эфирден тарап халыққа жетіп үлгеретіндігінде. Таспаға түсіріліп алынған жағдайда ол хабардың сол күнгі датасы, уақыты көрсетіліп қойылады.
Келесі бір артықшылығы – тікелей эфир кезіндегі дыбыстық жазбаның ешбір өзгеріске ұшырамайтындығы. Демек, тікелей эфирде сөйлеген біреудің сөзін басқаша етіп өзгертіп беру әсте мүмкіне емес. Мысалы, газет бетінде “ол өзінің қазақ тілінің келешегі туралы ойы көмескі екенін аңғартты” деп тұспалдап беруі ықтимал, ал теледидарда мінбеге көтерілген жарыссөзге шығушы адамды көрсетіп жатып, журналистің кадірден тыс мәтіні оқылуы мүмкін. Ал радиода біреудің сөзі сол қалпында пайдаланылады. Өйткені, ол-дыбыстық ақпарат. Қазіргі заманғы радиожурналистиканың тілімен айтқанда, “Жанды ақпарат” деп атайды. Үшіншіден, радиодеректер ұзақ жылдар өтсе де, сол қалпында сақталады. Сондай рдиодеректердің арқасында халықтық қазынамыздың бір бөлшегі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналист шеберлігі
Қазақ радиохабары құрылымы
“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”
Радиоочерк
Радиожурналистика
Радиожурналистика туралы
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Ақпарат туралы
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Кустық жұмыстың өзектілігі
Пәндер