Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Әшірбекова Р. Ә.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050507 - «Менеджмент» мамандығы
Алматы 2011
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«Менеджмент және бизнес»
кафедрасының меңгерушісі
«Қорғауға жіберілді» ___«» э. ғ. д., профессор Мухтарова К. С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару»
050507 - «Менеджмент» мамандығы бойынша
Орындаған Әшірбекова Р. Ә.
Ғылыми жетекші Жұмағазиева А. Ғ.
аға оқытушы
Норма бақылаушы Нұрмағанбетова М. Т.
Алматы 2011
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Менеджмент және бизнес» кафедрасы
«050507 - «Менеджмент» мамандығы
«Бекітемін»
«Менеджмент және бизнес»
кафедрасының меңгерушісі
э. ғ. д., профессор К. С. Мухтарова
«» 2011ж.
Диплом жұмысын орындау үшін
Тапсырма
Студент Әшірбекова Р. Ә.
Диплом жұмысының тақырыбы «Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару»
ЖОО № 4-2765 21. 10. 2010 ж. бұйрығымен бекітілді.
Аяқталған жұмысты өткізу уақыты _ __
Жұмысқа байланысты алғашқы мәліметтер:
- дипломдық жұмыс бойынша жоспар-тапсырма;
- ҚР статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері;
- Диплом алдындағы практика кезіндегі алынған мәліметтер;
- Зерттеу объекті бойынша соңғы үш жылғы мәліметтері.
Диплом жұмысты дайындауда қарастырылатын сұрақтар тізімі немесе олардың қысқаша мазмұны:
1. Инвестициялық қызметті басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері
2. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық қызметін басқару
3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін ұйымдастыруды оңтайландыру жолдары
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасы Парламент Жаршысы, 2003 ж., №1-2 «Инвестициялар туралы» ҚР Заңы.
- Подшиваленко Г. П. Инвестиционная деятельность. М. : Дашков и К, 2005.
- Бланк Н. А. Инвестиционный менеджмент. - Киев, МП «ИТНМ» ЛТД «Юнайтед Лондон Трейд Лимитед», 2005.
Графикалық материалдар тізімі (кесте, диаграмма, сүлбелердің нақты көрсетілуімен)
Жұмыста 12 кесте, 12 сурет көрсетілген.
Тапсырманы беру күні
Ғылыми жетекшісі: Жұмағазиева А. Ғ., аға оқытушы
Тапсырманы орындауға қабылдады
Студент: Әшірбекова Р. Ә.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 8
- Инвестиция және инвестициялық қызмет түсініктерінің
мәні, мазмұны . . . 8
1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі тиімділігінің көрсеткіштері мен
бағалау әдістері. . 20
- Мемлекеттің инвестициялық қызметті реттеу және қолдау
шаралары . . . 35
2 «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС-НІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ . . . 41
2. 1 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің экономикалық-ұйымдық сипаттамасы . . . 41
2. 2 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық қызметінің тиімділігін бағалау . . . 46
2. 3 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2011-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын талдау . . . 53
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . 59
3. 1 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-де инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау үшін компьютерлік технологияны қолдану . . . 59
3. 2 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық саясатын жасақтау . . . 64
3. 3 Кәсіпорындардағы инвестициялық бағдарламаларды тиімді қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75
КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, еліміздің экономикасына елеулі үлес қосатын шағын және орта бизнес субъектілері - кәсіпорындар деңгейіндегі инвестициялық қызметтің де алатын орны ерекше.
Қазақстандағы инвестициялық қызмет ішкі және сыртқы қаржыландыру көдері есебінен ұдайы өндіріс процесін жандандыруға бағытталған. Шетел кәсіпорындарының, фирмаларының өкілдері және жеке бизнесмендер Қазақстандағы инвестициялық климатты жоғары бағалап отыр. Қазақстан шетел капиталын басымды стратегиялық мәселе ретінде жариялап, әлемдік шаруашылыққа кірігу мен ашық экономикаға өту үшін заманауи заңнамалық базаны құруға бағытталған қажетті қызметтерді кезекті түрде жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейтін, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн айқындайтын, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепiлдiк беретiн, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейтiн арнайы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 «Инвестициялар туралы» және «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңдары қолданылады. Бұл Заң ҚР Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады: «Тікелей және шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасының басымды секторлары тізімін бекіту туралы» және «Инвесторлармен келісімшартқа отыру кезіндегі жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі мен оларды ұсыну тәртібінің Ережесін бекіту туралы» Президенттің Қаулылары шығарылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - инвестициялық қызметті басқарудың теориялық негіздерін және зерттеу объектісі ретінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық қызметінің ұйымдастыру үрдістерін зерттеу негізінде кәсіпорындарда инвестициялық қызметті ұйымдастыруды оңтайландыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- инвестиция түсінігінің мәнін және оның экономикалық мазмұнын ашу;
- инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету жағын талдау;
- кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің тиімділігінің көрсеткіштері мен оны бағалау тәсілдерінің әдістемелік негізін саралау;
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң экономикалық-ұйымдастырушылық жағдайы мен инвестициялық қызмет тиімділігін бағалау;
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң инвестициялық қызметі тиімділігін арттыру мен жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша электр қуатын тасымалдаушы «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Зерттеу пәні: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң инвестициялық қызметі мен саясаты және оның тиімділігін бағалау әдістері мен көрсеткіштері.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің инвестициялық саясат аясында өрбіген мәселелер туралы еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң жылдық есептік деректері, нормативтік құжаттары, «Deloitte» ЖШС-ң қаржылық есептері мен Аудиторлық Компания «Отрар аудит» ЖШС-ң қаржылық экспертизалары, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ инвестициялық қызметті басқару жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (Дасковский В., Деева А. И., Просветова Г. И., Лунц Л. А., Найденков В. И., Орлова Е. Р. және т. б. ) және отандық экономист-ғалымдардың (Мамыров Н. К., Алимбаев А., Сейтказиева А. М., Епбаев А., Абрамов С. И., Мухамбетов Т., Абдырахманова Г. және т. б. ) еңбектері пайдаланылды.
Құқықтық негізіне: ҚР Президентінің «Инвестициялар туралы» және «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңдары мен заң күші бар жарлықтар, қаулылар, сондай-ақ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- «Инвестиция» ұғымына қатысты авторлық көзқарас нақтыланып, инвестицияның классификациясы жасалды;
- Инвестициялық қызметтің тиімділігін бағалаудың әдістемелік тұжырымы мен оның көрсеткіштері кешенді әрі жүйелі түрде зерттелді;
- Инвестициялық жобаға ықпал етуші сыртқы және ішкі факторлар түрлері айқындалды;
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ң экономикалық-ұйымдастырушылық жағдайы талданып, 2011-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының тиімділік көрсеткіштері бойынша аналитикалық талдамасы ұсынылды;
- Кәсіпорындарда инвестициялық саясатты жүзеге асырудың әдістемелік үлгісі жасалып, инвестициялық қызмет тиімділігін арттыру мақсатында жаңа жетілдіру жолдары ұсынылды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
- «инвестиция», «инвестициялық қызмет» және «инвестициялық саясат» ұғымдарына қатысты авторлық көзқарас;
- инвестициялық қызмет тиімділігін бағалау мен оның әдістері мен көрсеткіштері;
- инвестициялық жобаға ықпал етуші сыртқы және ішкі факторлар;
- инвестициялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету негізі.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Дипломда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар өнеркәсіптік кәсіпорындардың инвестициялық қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Дипломның құрылымы. Дипломның құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
- Инвестицияның мәні және оның экономикалық мазмұны
Инвестиция салыстырмалы түрде алғанда біздің экономикамыз үшін жаңа термин. Отандық экономикалық әдебиеттерде инвестиция ұғымы күрделі қаржыларды жұмсау синонимі ретінде қолданылып келді. Бұл ұғым арқылы негізгі қорлардың жай және дамыған ұдайы өндірісіне бағытталған барлық материалдық, еңбек, қаржылық шығынның ресурстары ретінде түсінілді [1] .
Орталықтанған жоспарлы жүйе шеңберінде жалпыға ортақ келесі ұғым қолданылды: «Күрделі қаржы жұмсау - жұмыс жасап тұрған мекемелерді (өндірістік күрделі қаржы жұмсау) қайта жаңғырту, кеңейту, техникалық жарақтандыру және жаңасын тұрғызуға немесе тұрғын үй, мәдени - тұрмыстық құрылысқа (өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау) жұмсалған қаржы құралдары» [2] .
Ұлттық заңға сәйкес инвестициялар - бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар; лицензиялар - соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс-әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатына жұмсалатын зияткерлік құндылық [3] . Нарықтық экономикада ең кең тараған және жалпылама ұғым бойынша инвестиция - бұл табыс табу немесе басқадай бір нәтиже алу мақсатында кез-келген түрдегі қаржы жұмсау үдерісі [1] .
Экономикалық пікір сайыстарында «таза инвестиция жасау» немесе «капитал түзу» деп аталатын, нақты капиталдың таза өсімін білдіретін (ғимараттар, жабдық, материалдық - өндірістік қорлар және т. б. ) ұғым біздің күнделікті өмірде қолданатын «инвестиция» сөзінің мағынасымен сәйкес келе бермейді. Күнделікті тұрмыста «инвестиция жасау» деп жер бөлігін сатып алғанда, айналымдағы құнды қағаздарды немесе кез-келген өзге меншік атағын сатып алған кездерде жиі айтылады.
Келтірілген түсініктер жоспарлы және нарықтық жүйедегі инвестиция мәнін анықтаудың ерекшеліктерін көрсетіп отыр. Күрделі қаржы жұмсауға (инвестицияға) жоспарлы экономика берген анықтама инвестиция аумағын тарылтып отыр, оны тек қорларды көбейтуге және жетілдіруге қаржы жұмсау деген ұғымымен шектейді. Ресурстарды әкімшілік үлестіру жағдайында инвестицияның қаржылық және басқа да түрлерінің болуын отандық экономика ғылымы қарастырмады. Қазіргі уақытта, біздің еліміздің экономикасында екі термин де қолданылады. «Күрделі қаржы жұмсау» термині негізінен негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне бағытталған инвестициялар түрін білдіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс-әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады [2] .
Сонымен қатар, инвестициялардың келесі ортақ, өзіне тән сипаттарын айтып өтуге болады: олар, әдетте, ұзақмерзімді сипатқа ие (бұл - нақты инвестицияларға қатысты) ; қысқамерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады; инвестициялық іс-әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді[4] .
Сол себепті қабылданатын инвестициялық шешімдер техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген болуы қажет. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында. Алайда, «инвестиция» ұғымына берілген барлық анықтамаларды қарастыра келіп (1-кесте), авторлық бірмағыналы анықтама беруге тырысайық.
Кесте 1.
«Инвестиция» терминінің анықтамалары
автормен құрастырылған
Жоғарыдағы анықтамаларды жалпылай келе, келесідей ортақ анықтама беруге болады: «Инвестиция - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде немесе шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сонымен қатар пайда алу мақсатында қаражат бөлу, яғни сол қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсау және бағалы қағаздарға салымдар жасау».
Батыстың экономика ғылымы инвестициялар теориясын микро және макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда ғылымдардың негізі деп қарастырады. Микроэкономикалық тұрғыдан алғанда, инвестициялар теориясында кәсіпкерлерге оңтайлы инвестициялық саясат құрудың ғылыми негізделген нақты әдістерін ұсына отырып, кәсіпорын деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдау үдерісі инвестициялық теориясының негізі болып табылады. Макроэкономикалық тұрғыдан (теорияның негізін қалаушы - Д. Кейнс) инвестиция проблемасы мемлекеттің инвестициялық, табыстар мен жұмыспен қамту саясаты тұрғысынан қаралады [5] .
Кейнс теориясында инвестициялар ағымдық кезеңде игерілмеген табыс бөлігі деп қаралады. Мұнда инвестициялар жинақтау үдерісіне қарама-қарсы болып келеді. Кейнс өзінің макроэкономикалық теориясында инвестициялық үдеріс тетігін инвестициялар мен жинақтау арасындағы байланысқа баса көңіл бөле отырып зерттегені белгілі.
Кейнсиандық теорияда инвестициялық үдеріс тетігінің негізгі сәттері келесіде. Дамыған экономикалық жүйеде жинақтау және инвестиция функциялары бір- бірінен бөліне бастайды. Жинақтаудың белгілі бір бөлігі тікелей бірден инвестициялануы мүмкін. Бұл - шағын және орта кәсіпорындардың, фермалық және басқа да шаруашылықтардың жинаған қаржыларының негізгі бөлігі. Қалған қаржы бөлігін экономикалық қатынастар субъектісі болашақтағы болатын шығындарды өтеу үшін сақтайды (тұтыну және инвестициялық) . Сонымен бірге, болашақтағы болатын табысқа сене отырып, инвестициялық жобаларды бастауы мүмкін.
Жинақтау мөлшері жөніндегі және инвестициялық шешімдерді әр субъект алдағы болатын жағдайға байланысты әр түрлі қабылдайды. Жинақтау үй шаруашылығы арқылы жүргізіліп, тұтынушылық таңдауларына қарай реттеледі (Кейнс бойынша тұтынушылық икемі деп аталады) . Кәсіпкерлер қабылдайтын инвестициялық шешімдері олардың өндірілетін тауарға деген сұранысты субъективті түрде бағалауына байланысты болғандықтан тұрақсыз, айнымалы сипатқа ие.
Үміт артып отырған инвестициялар мен жинақтау мөлшеріне Кейнстің экономикалық теориясында үлкен мән беріледі. Инвестициялар мен жинақтаудың көлемі әрқашан нақты болады, бірақта үміт артқан мөлшерінен (инвестициялық үдеріске қатысушылардың жоспарына сәйкес) өзгеше болуы мүмкін. Оларды болашаққа қатысты болжамдардың екі түрі ретінде қарастыруға болады: игіліктерді өндіруші мен тұтынушылар көзқарасына қарай, олардың сәйкес келуі кездейсоқ болуы да мүмкін. Бұл шамалардың бір бірінен айырмашылығы болған кезде екі жағдай туындайды. Егер жоспарланған жинақтау көп болса, онда инвестиция мен жинақтаудың нақты мәндері күштеп, игерілмеген игіліктер қорына мәжбүрлі түрде инвестиция жасау арқылы теңестіріледі. Бұл жағдайда артық өндіру тоқырауы орын алады. Мұндай жағдайда өзінің шығындалуы арқылы мемлекеттік реттеу арқылы «тиімді сұранысты » кеңейтуі мүмкін [6] .
Біздің еліміз үшін ұзақ уақыт бойы басқа жағдай тән болып келді. Шаруашылықтар жинақтаудан гөрі инвестицияны артық жасап келеді. Бұл кезде нақты іс жүзіндегі инвестициялар мен жинақтауды күштеп теңестіру нәтижесінде тұтынушылар қолында тауар көлемімен қамтылмаған мәжбүрлі жинақтау қоры пайда болуына әкелді, соның салдарынан ол инфляция үдерісінің негізгі көзіне айналып отыр.
Тұтынушылардың жинақтауы мен бизнеске қажет деп тапқан инвестициялар арасындағы теңдік макроэкономикалық тепе-теңдіктің негізгі іргетасы болып табылады. Классикалық теорияға сәйкес, бұл мәндерді теңестіретін тетігі түрінде инвестициялар мен жинақтар теңескен кездегі деңгейде автоматты түрде орнаған пайыз мөлшері болып табылады. Инвестициялық үдеріс тетігін түсіндіретін кейнстік теория нарықтың өзін - өзі автоматты түрде реттеуді жоққа шығарады. Жеке алғанда, игілікті өндірушілер мен тұтынушылар жоспарының сәйкес келмеуінің ықтималдығы бар екенін естен шығармау керек, себебі бұл уақытта пайыздық мөлшер инвестициялық тетікті реттей алмайды. Мемлекеттік бюджет, салық саясатын және пайыздық мөлшерін басқару арқылы инвестициялық үдерісті реттеу дағдарыстардың алдын алып, қоғамдық игіліктер өндіруші мен тұтынушылардың жоспарлары мен үміттерін өзара үйлесімге келтіру құралы болып табылады. Кейнс теориясында қарастырылған инвестициялық үдеріс тетігінің негіздері міне осындай. Ол кейіннен дағдарыстық жағдайда экономиканың әрекет етуін түсіндіретін теория деген сипаттамаға ие болды [1] .
Инвестициялық үдеріс тетігі нарықтық қатынастардың жүйесінің негізі болып, ол белгілі бір құрылым түріне айналды. Көптүрлі экономикалық қатынастар ішінен іс-әрекеті жеке өзара байланысқан бірыңғай секторларға (нарықтарға) бөліп көрсетуге болады. Осы нарықтарда әр түрлі субъектілер экономикалық қатынасқа түсіп, іс-әрекеті бірдей топтарды құрайды.
Әдетте, белгілі бір түрде бір-бірімен қарым-қатынаста болатын және нарықтық экономика жүйесін құрайтын төрт нарықтық және төрт экономикалық субъектілер тобын ажыратып көрсетуге болады:
- тауар нарығы, мұнда халық шаруашылығында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер айналымға түседі;
- еңбек нарығы - еңбектің өндірістік факторын қамтиды;
- ақша нарығына ақша қаржыларына ұсыныс пен сұраныс мәселелері кіреді;
- қаржы нарығы, мұнда құнды қағаздар нарықта айналыста болады.
Бірқатар мәселелерді зерттеу және тереңінен оқып білу нарық шаруашылығының құрылымын неғұрлым толық түрде талқылауды талап етеді. Ол үшін бұл құрылымдарды одан ары бөлшектеу керек, соның әсерінен талқыланып отырған элементтер саны көбейе түседі. Мысалы, мемекеттік құнды қағаздар және акциялар нарығы тұтыну және инвестициялық тауарлар нарығынан бөлек қаралады.
Нарықта ұсынысы мен сұранысы бар әр түрлі нарықта әр түрлі субъектілердің өзара әрекеттесуі экономиканың төрт түрін анықтайды:
- үй шаруашылығы;
- кәсіпкерлік;
- мемлекет;
- шет ел[1] .
Қазіргі заманғы экономикалық пікірдің даму тарихында инвестициялар теориясы әр түрлі өзгерістерге ұшырады. Инвестордың іс әрекеті жайлы бір ғылыми болжамдар екіншісімен алмасып отырды. Инвестициялар теориясының қайсы бірі болмасын мәнін дәлелдеу немесе теріске шығару мақсатымен түрлі көптеген эмпирикалық зерттеулер жүргізілді.
Шындығында, бұл ғылыми болжамдардың барлығы келесі сұрақтарға жауап беруге ұмтылды: “қандай көлемдегі және қандай жағдайда инвестициялар экономикалық дамуға жағдай тудырады және инвестицияның конъюнктуралық тұрақсыздануы қандай факторлармен анықталады? “
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz