Лизинг операциялары жайлы



КІРІСПЕ
1 ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Лизинг туралы түсінік және оның пайда болу тарихы
1.2 Лизингтік операциялардың негізгі түрлері
1.3 Лизингті операцияларды ұйымдастырудың ерекшеліктері
2 ҚР.ДА ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫНА ТАЛДАУ
2.1 ҚР.да лизинг операцияларының даму тенденциялары
2.2 ҚР. дағы банктердің шаруашылық субьектілерін лизингпен қамтамасыз етуінің деңгейлері
2.3 Қазақстанда лизингтік операциялардың дамындағы мәселелері
3 ҚР.ДА ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Лизингтік операциялардың басым бағыттарымен тиімділіктері
3.2 Қазақстанда лизингтік операцияларды жетілдіру механизмдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып халық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың қаржысы саналады. Өндіріс саласында барлық экономикалық қатынастардың (қаржы, несие) белгілері кездеседі. Сондықтанда ҚР- ның халық шаруашылығын инвестицияны жоғары тиімділікпен пайдалану арқылы өркендету қажет. ҚР- ның экономика және бюджет министрлігінің айтуынша осы мақсатта қаржылық лизингтің әсері үлкен. ҚР «Лизинг туралы» заңының жобасы ҚР Парламенті мәжілісінің қарауына беріліп, 2005 жылы 5 шілдеде ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңы қабылданды. Жаңа заң лизинг қатынасының жағдайын қалыптастырады және оның экономикалық мазмұнын әрі дамытуға мүмкіндік берді. Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.д.д. 2005 жылдай бұрын жасалғандығы белгілі болғаныменде, шет елдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігі дәлел дейді.
Экономикалық тұрғыдан лизингтік операция дегеніміз - жабдық белгіленген мерзімге (лизинг мерзімі) қайтару шартымен беріледі, нәтижесінде меншік иесі сыйақы (лизингтік төлемдер) алады. Бұл несиелік қатынастардың барлық қағидаларының орындалуын көрсетеді: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік. Лизингтік операцияның негізін ақшалай қаражаттар емес, мүлікті жалға беру құрағандықтан инвестициялық қатынастардың белгілері кездеседі.
Құқықтық жағынан алғанда лизингтік операция дегеніміз- мүлікке меншік құқымен оны пайдалану құқығын ажырату.
Техникалық жағынан лизингтік операция- меншік иесі мүлікті лизингке бере отырып, оның техникалық- технологиялық белгілерін анықтауға қатыспайды. Бұл лизинг алушының міндетіне жүктеледі.
Лизингтің Қазақстанда қалыптасуы және дамуы жабдықтардың төмен тиімділігімен, дұрыс қолданылмауымен, қосымша бөлшектермен қамтамасыз етілуінің жоқтығымен сипатталады. Осы мәселені қарауда ішкі саудалық, несиелік және инвестициялық операцияларды біріктіретін лизингтің маңызы үлкен.
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады Сондықтан, кейде лизингті «несие- жал» (фр.«credit-pail») деп атайды.
Бұл тақырыпты таңдауымдағы себептер: Лизингтің теориялық негіздерін зерттеу: лизинг түсінігі, шығу тарихы, дамуы, түрлері, лизингті ұйымдастыру маңыздылықтары. Лизингтік операциялардағы лизинг беруші банктердің қызметін талдау, коммерциялық банктердің лизинг субьектілеріне қызмет көрсетуі, Қазақстандағы лизингтік процесстің қалыптасуы, Қазақстан Республикасында лизингтің даму тенденциялары, мәселелері.
1. Қазақстан Республикасының « Қаржылық лизинг туралы» заңы 5 шілде 2005 ж, № 78- II
2. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы ереже және ерекше бөлімдері) – Алматы,2005. 275-277 б.
3. Қазақстан Республикасының «Шет елдік инвестициялар туралы» заңы 28 желтоқсан 1994 ж. (өзгерістермен)
4. «ҚР- дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің заңдық күші бар жарлығы. 31.08.1995. 2444
5. Послание Президента РК Н.Назарбаева народу Казахстана. Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентноспособных стран мира.
6. ҚР- ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Астана, 2012 ж.
7. Налоговый кодекс РК, Алматы,2009
8. Конвенция УНИДРУА «О международном финансовом лизинге» от 28.05.88. (по состоянию на 31.12.94.)
9. Адриасова И.В. Лизинг: быть или не быть? // Бизнес и банки, №2, 1998 55- 57 б.
10. Ажмұқанова Л. «Учет лизинговых операции и его проблемы», Ізденіс 1/2009 81- б.
11. Гладких Р.А., Лизинг как форма инвестиционной деятельности, // Бизнес и банки, №30, 1998 65- 69 б.
12. Исабеков Б., «Лизингалық операцияларды ұйымдастыру және жүргізу техникасы», Ізденіс 3/2008, 49-б.
13. Каренов Р.С. Лизингтік қызметтер. Оның ерекшелігі неде? // Егемен Қазахстан. № 7 2009ж. 2- б.
14. Кожемяков А., Лизинг в Центральной и восточной Европе, // Бизнес и банки, №7, 1996 54-57б.
15. Козлов Д., Лизинг: новые горизонты предпринимательства, // Экономика и жизнь, №29, июнь, 1997 23-25 б.
16. Оралбаева Ж.З. «Лизингті қалыптастыру және тиімді қолданудың
экономикалық негіздері», Экономика и статистика 1/2008, 53- б.
17. Оралбаева Ж.З., «Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері», Банки Казахстана, 6/2009 42- б.
18. Оралбаева Ж., «Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары», Қаржы қаражат 2/2009 91-96 б.
19. Панкратов А.Р. «Лизинг в Казахстане», // Панорама, 28. 11. 2011 4-б.
20. А. Сайденов «Операция лизинг», газета «Казахстанская правда» № 209- 210 от 28.09.2007 6- б.
21. Толмачов У.Л. «Развитие лизинга в Казахстане», // Казахстанская правда, 20. 11. 2011 № 332- 333, 3- б.
22. Финансы кредиты № 5 2011 мамыр
23. Мақыш С.Б. “ Ақша айналысы және несие ”. Оқу құралы. - Алматы: Издат Маркет, 2009г. -248 б.
24. Коммерциялық банктер операциялары, С.Б.Мақыш, «Лизинг операциялары»,А., 201- 209 б.
25. Банктегі бухгалтерлік есеп, С.Т.Мақыш, «Лизингтік операциялар»,А., 348- 356 беттер
26. Лизинг- учебное пособие М,. 1992
27. Экономика и бизнес (теория и практика предпринимательства)под ред. В.Д. Камаева М., 1993
28. Учет расчетов организаций по арендной плате // Бухгалтерский учет. Захарова А.В. - 1996 № 8 – 71 бет
29. Учет лизинговых операций // Бухгалтерский учет. Леонтьева Ж..Г. – 1996 № 12- 45 бет
30. Учет арендных обязательств и лизинговых операций // Бухгалтерский учет. Луговой В.А – 1997 №6 – 3 бет
31. Учет операций по договору финансовой аренды (лизингу) //Бухгалтерский учет. Луговой В.А. -1996 №2 58 бет
32. Договор аренды: бухгалтерский учет и налогооблажение // Хозяйство и право. Медведев А. – 1997 №1- 116 бет
33. Учет лизинговых операций // Бухгалтерский учет. Палит В.Ф.- 1996 №9- 13 бет
34. Бухгалтерский учет операций по договору финансовой аренды // Бухгалтерский учет. Пятов М.А. 1997 10- 53 бет
35. Лизинговые услуги для предприятий // Экономика сельскохозяйственных и промышленных предприятий. Касимов А.В. -1992- №9
36. Об экономической сущности лизинга.- М.: сборник научных трудов института экономики и финансов. Лелецкий Д.В. Московский государственный университет экономики, статистики и информатики, 1998
37.Основы лизинга: Учебное пособие.М.:- Лещенко М.И. Финансы и статистика, 2005. 336 бет
38. Лизинг в промышленности.- М.:- Лещенко М.И. МГИУ, 1998- 234 бет
39. Операции международного лизинга / Экономика и управление в зарубежных странах, №9.- 2006, 14-22 беттер
40. Организация лизинговой деятельности / Бизнес для всех, №23.- 2005, 12-19 беттер
41. Лизинг: теория, практика, комментарий. Газман В.Д. М.,1996
42. Школа европейского бизнеса. Балтус П., Майджер Б.,1996, №1
43. Лизинг, бартер, товарообмен с зарубежныим партнерами. М., Сусанян К.Г.1992
44. Лизинг в экономике США. Медведков С.Ю. 1980, №5-101 б.
45. Национальное Статистическое Агентство Республики Казахстан http:// www. kazstat. asdc. kz
46. Национальный Банк Республики Казахстан http://www.national bank.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып халық шаруашылығы саласындағы
кәсіпорындардың қаржысы саналады. Өндіріс саласында барлық экономикалық
қатынастардың (қаржы, несие) белгілері кездеседі. Сондықтанда ҚР- ның халық
шаруашылығын инвестицияны жоғары тиімділікпен пайдалану арқылы өркендету
қажет. ҚР- ның экономика және бюджет министрлігінің айтуынша осы мақсатта
қаржылық лизингтің әсері үлкен. ҚР Лизинг туралы заңының жобасы ҚР
Парламенті мәжілісінің қарауына беріліп, 2005 жылы 5 шілдеде ҚР Қаржылық
лизинг туралы заңы қабылданды. Жаңа заң лизинг қатынасының жағдайын
қалыптастырады және оның экономикалық мазмұнын әрі дамытуға мүмкіндік
берді. Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.д.д. 2005 жылдай бұрын
жасалғандығы белгілі болғаныменде, шет елдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл
Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігі дәлел дейді.
Экономикалық тұрғыдан лизингтік операция дегеніміз - жабдық белгіленген
мерзімге (лизинг мерзімі) қайтару шартымен беріледі, нәтижесінде меншік
иесі сыйақы (лизингтік төлемдер) алады. Бұл несиелік қатынастардың барлық
қағидаларының орындалуын көрсетеді: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік.
Лизингтік операцияның негізін ақшалай қаражаттар емес, мүлікті жалға беру
құрағандықтан инвестициялық қатынастардың белгілері кездеседі.
Құқықтық жағынан алғанда лизингтік операция дегеніміз- мүлікке меншік
құқымен оны пайдалану құқығын ажырату.
Техникалық жағынан лизингтік операция- меншік иесі мүлікті лизингке
бере отырып, оның техникалық- технологиялық белгілерін анықтауға
қатыспайды. Бұл лизинг алушының міндетіне жүктеледі.
Лизингтің Қазақстанда қалыптасуы және дамуы жабдықтардың төмен
тиімділігімен, дұрыс қолданылмауымен, қосымша бөлшектермен қамтамасыз
етілуінің жоқтығымен сипатталады. Осы мәселені қарауда ішкі саудалық,
несиелік және инвестициялық операцияларды біріктіретін лизингтің маңызы
үлкен.
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны
ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады.
Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен пайдалануға
жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие
ретінде қарастыруға болады Сондықтан, кейде лизингті несие- жал
(фр.credit-pail) деп атайды.
Бұл тақырыпты таңдауымдағы себептер: Лизингтің теориялық негіздерін
зерттеу: лизинг түсінігі, шығу тарихы, дамуы, түрлері, лизингті ұйымдастыру
маңыздылықтары. Лизингтік операциялардағы лизинг беруші банктердің қызметін
талдау, коммерциялық банктердің лизинг субьектілеріне қызмет көрсетуі,
Қазақстандағы лизингтік процесстің қалыптасуы, Қазақстан Республикасында
лизингтің даму тенденциялары, мәселелері.
ҚР- дағы лизингтің даму жолдарын анықтау және шет елдік тәжірибені
қолдану: лизингтің тиімділіктерімен басымдылықтары, Қазақстан
Республикасында лизингті дамытудағы шет елдік тәжірибелер.
Диплом жұмысын ойдағыдай жазу үшiн оқыған алыс-жақын шетел және
қазақстан ғалымдарының ғылыми әдебиеттерi мен еңбектерi, сонымен қатар
ресми құжаттары оқылып, түсiнiлiп, пайдаланылды. Нақты ақпараттарды терең
талдап, оларды мұқият таңдап алу шарт. Ол үшiн статистикалық жинақтар мен
банктердiң сандық мәлiметтерi қолданды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 тақырыптан, бiрнеше
тақырыпшалармен, қортындыдан ұсынылатын әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Бiрiншi бөлiмiнде: Лизинг операцияларының теориялық негіздері,
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың даму жолдары, ҚР-
дағы лизингтік операциялардың дамуындағы приоритетті бағыттар. туралы
берiлген.
Екiншi бөлiмiнде: Қазақстандағы лизингтік нарықтың даму
жолдарын,мәселелерін қарастырдым. Қазақстандағы ең алғашқы лизингтік
компания Цеснабанк ORIX Лизинг және Қазагрофинанс компанияларының
қызметтеріне талдау жасадым. Цеснабанк- ORIX Лизинг компаниясының
мәліметтерін кесте, диаграмма, график түрінде және еліміздегі лизинг
нарығының әр салада қалай дамып жатқандығы туралы, лизингтің аймақтық
ерекшеліктері қарастырылады.
Үшiншi бөлiмiнде: “Лизингті қолданудағы шет елдік тәжірибелермен оларды
мемлекетіміздегі лизинг нарығының дамуында пайдалану жолдарын іздестіріп,
лизингтің тиімділіктерімен басымдықтарына байланысты мәліметтері” туралы
баяндалады.

1 ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Лизинг туралы түсінік және оның пайда болу тарихы

Лизинг сөзі to lease ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген
мағынаны білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы- жалға
беруде 2 тарап қатысса: жалға беруші және жалға алушы болса, ал лизингте 3
жақты қатысушылар болады: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы
болып бөлінеді.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-
жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда -
саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген уақыт мерзіміне пайдалануға
беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Жалға беру келісім шартын жасау мерзіміне қарай төмендегі операцияларға
бөлінеді:
- қысқа мерзімді жалға беру (рентинг)- 1 күннен 1 жылға дейін;
- орта мерзімді жалға беру (хайринг) – 1 жылдан 3 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді жалға беру (лизинг)- 3 жылдан жоғары.
Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны
ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады.
Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен пайдалануға
жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие
ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті несие- жал
(фр.credit-pail) деп те атайды.
1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг
конвенциясында былай деп жазылған: Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты
қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші)
пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша
пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталғаннан соң алынған жабдық
сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.
ҚР Қаржылық лизинг туралы заңында лизингке мынадай анықтама беріледі:
Лизинг – сатушының меншігіндегі жабдықты лизинг берушінің сатып алып,
лизинг келісімі арқылы лизинг алушыға белгіленген шарттарға сәйкес 3 жылдан
кем емес уақытқа пайдалануға беретін инвестициялық қызмет түрі. П. Балтус
пен Б. Майджердің Европалық лизинг мектебі оқулығында лизингтік
келісімдер б.д.д. 2005 жылы ежелгі Шумер елінде жасалғандығы туралы
мәліметтер бар. Шумер мемлекетінің Ур қаласында ауыл шаруашылық құралдарын,
жерді, су көздерін, жануарларды жалға беру туралы мәліметтері бар саз
балшықтан жасалған тақтайшалар табылған. 1984 жылы табылған бұл тақтайшалар
жергілікті шаруалармен шіркеу қызметкерлері (жалға берушілер) - арасында
келісім жасалғандығы туралы сыр шертеді. Дегенменде ертедегі құжаттар жалға
берудің тәжірибеде қолданылуын ертедегі Шумер мемлекетімен шектей алмайды,
жалға беру түсінігін бұданда ежелгі кезеңдерде қолданылғандығын жоққа
шығаруға болмайды, тек бізге ол туралы мәліметтер жетпеген.
Ағылшын тарихшысы Т. Кларк лизинг туралы ережелерді б.д.д. 1775- 1750
жылдар арасында қабылданған Хаммурапи заңдарынан кездестіреді. Кларк былай
тұжырымдайды: лизинг біздің дәуірімізге дейін болған институттардың бірі.
Заңда лизинг туралы барлық жағдайлар және лизингтік төлем мөлшері нақтылап
жазылған.
Тарихшылар мен экономистердің көзқарасы бойынша лизинг түсінігі б.д.д.
350 жылы жазылған Аристотельдің Байлық тек меншік ету құқығына негізделген
мүлікті иеленіп қана қою емес, сонымен қатар оны пайдалана білу деген
трактатында кездеседі. Міне осы қарапайым ғана пікір лизингтің негізгі
идеясын сипаттайды: пайда табу үшін міндетті түрде өндіріс құралын өз
меншігінде иеленудің қажеті жоқ немесе өз меншігінде өзге мүлікті иелену
емес, жеткілікті түрде мүлікке пайдалану құқығын иелене отырып табыс табу
жеткілікті болып табылады.
Үздік теңізшілер мен саудагерлер атанған ертедегі финикийліктер
кемелерді жалға берген. Бұл экономикалық - құқықтық жағынан алғанда
жабдықты лизингке берумен ұқсас келеді. Ұзақ мерзімді келісімдер кемелердің
толық экономикалық құнын өтейтін мерзімге арналған. Соған қоса, жалға
алушыға жалға алған жабдығына байланысты бірнеше міндеттер жүктелген.
Экономикада лизингтің осы келісімге ұқсас екі түрі бар. Бірі- толық лизинг
– лизинг затына техникалық қызмет пен жөндеу жұмысына лизинг беруші
жүргізеді. Екіншісі- таза лизинг- лизинг затына техникалық қызмет пен
жөндеу жұмысын лизинг алушы жүргізеді.
Жабдыққа меншік иесі болмай пайдалану құқығы Римнің заңдарында
кездеседі. Император Юстиниан I (483-565ж.ж.) лизингтік қатынастарды
белгілі институтцияларда қарауға нұсқау берген.
Лизинг ертеде меншік объектілерінің белгілі түрімен шектелмеді.
Тарихтан білетініміздей ауыл шаруашылық жабдықтары ғана емес, сонымен бірге
әскери техникаларда жалға берілген.
1066 жылы Вильгельм Жаулап алушы Британ аралына басып кіру үшін
нормандық кеме алпауыттарынан кемелерді жалға алған.
11 ғасырда Венецияда лизингке ұқсас операциялар жүргізілді.
Венециандықтар саудагерлер мен кеме иелеріне сол кездегі қымбат зәкірлерді
жалға берді. Жүзудің аяқталу мерзіміне қарай зәкірлер иелеріне қайтарылып
және қайта жалға беріліп отырған. Қазіргі таңда келісімнің бұл түрі
екіншілей лизинг деп аталады.
Орта ғасырларда жалдық қызмет шектеулі болды. Жалға негізінен ауыл
шаруашылық құралдары мен жылқылар берілді. Уақыт өте келе жалдау затының
жаңа түрлері пайда болды. 1248 жылы Жетінші Крестік шеруге қатысу үшін
рыцарь Бонифис Манганелла Гаэта қару- жарақты жалға алды. Кейіннен ол
арендалық төлемдер төледі, нәтижесінде төленген төлем көлемі қару- жарақтың
бастапқы құнынан жоғары болды.
1572 жылы Ұлыбританияда лизингке қатысты Лизингтік жалған мәліметке
тыйым салу туралы заңдық акт қабылданды. Бұл акт лизинг затының иесі кім,
меншік иесі кім деген сұрақтарға жауап беру үшін қабылданды.
ХХ ғасырдың басында Ұлыбританияда өндірістің дамуымен байланысты
лизингке берілетін құралдарда көбейді. Оған теміржол көлігімен көмір өндіру
өндірісінің дамуы септігін тигізді. Көмір кендерінің иелері көмірді
тасымалдау үшін вагондар сатып ала бастады. Бірақ бұл олар үшін тиімсіз
болды. Көмірді өндіру өсті, жаңа шахталар ашылды. Нәтижесінде шағын
кәсіпорындар осы жағдайларды өз пайдаларына шешті. Олар вагондарды сатып
алып темір жол компанияларына лизингке берді. Лизинг нәтижесінде
компаниялардың пайдасы өсті, олардың лизингтік қызметінің жалғыз объектісі
болып темір жол вагондары табылды. Келісімге олар пайдаланушының лизинг
мерзімі аяқталғанда лизинг затын сатып алу құқығын қосты. Пайдаланушылар
болашақта өз меншігінде болуы мүмкін болғандықтан вагондарға ұқыпты қарады.
Мұндай келісімдер жалға беру- сату деп аталды.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.д.д. 2005 жылдай бұрын
жасалғандығы белгілі болғаныменде, шет елдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл
Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігі дәлел дейді.
1930 жылдары көлік құралдарымен байланысты лизинг бизнесі дами бастады.
ХIХ ғасырдың 30 жылдары Генри Форд өз автомобильдерін өткізу үшін лизингті
қолданды. Бірақ автомобильдік лизинг бизнесінің заңды әкесі болып
Чикагодағы сауда агенті Золли Фрэнк саналады. Ол ХIХ ғасырдың 40 жылдардың
басында алғашқы болып автомобильдерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынды.
Юнайтед Стейтс Лизинг Корпорациясы алғашқы американдық лизингтік
компания 1952 жылы Сан-Францискода құрылған. Компания басшысы Генри
Шонфельд. Осылайша АҚШ жаңа банктік кәсіптің отаны атанды.
1960 жылы бірінші рет Меркантиль лизингтік Компани лизингтік
компаниясы құрылған, осы компанияның жарғылық капиталының 20%
американдықтар, ал 80% ұлыбритандықтар ие болды.
Еуропада 1962 жылы Дойче лизинг ГБмХ деген бірінші лизингтік компания
Дюссельдорфта (Германия) пайда болып қызмет атқарды.
1972 жылдан бері Еуропада лизинг нарығы қазіргі уақытқа дейін қарқынды
дамып келеді.
1980 жылы жаңа ұғымда қалыптастырылған қаржылық лизинг туралы
халықаралық заң қабылданды.
1982 жыл авиациялық техника лизингі үшін атаулы жыл болды. Осы жылы Мак-
Доннела Дуглас корпорациясы лизинг көмегімен Боинг-727 ұшағымен бәсекелес
ДС-9-80 ұшағы нарықта пайда болды. Дугластың ұсынған концепциясы fly
before buy (сатып алудан бұрын ұшу) деп аталды.
1991 жылдың маусымында халықаралық кеңес-неміс лизингтік компаниясы
Еуролизинг құрылды. Сол жылдың желтоқсанынан бастап компания өз қызметіне
кірісті. Оның құрылтайшылары кеңестік Внешэкономбанк КСРО, Совморфлот және
Госснаб КСРО, француздық Европадағы ең ірі банктің бірі Банк Насиональ Де
Пари (Bank National De Paris), немістік- Батыс Германиядағы ең ірі
лизингтік компания- Лифтинанц ГмБХ. Батыс елдерінде жаңа инвестицияларды
тартудың негізі болып қаржылық аренда немесе қаржылық лизинг табылады. АҚШ-
та лизингтің пайда болуын экономист Г. Лолюн былай сипаттайды: 1952 жылы
Босх мырзаның Калифорнияда азық-түлік өнімдерін өндіретін шағын фирмасы
болған. Осы фирма әскери мекемеден алынған ірі тапсырманы орындауы үшін
фирмадағы машина-аппараттарын көбейту керек болған, бірақ фирманың капиталы
жаңа машина-аппараттарын иелену үшін жетпеді. Міне осы кезде Босх қажетті
машина-аппараттарды жалдауға кіріскен және осылай машина-аппараттарды алу
үшін қаржыландыру процесін жүзеге асырған. Осындай операциялардың
тиімділігін көре отырып, Босх мырза ИС Лизинг фирмасын құрған, капиталы
20 мың долларды құрады. Осы фирма екі жылдан кейін машиналарды жалға бере
отырып құрал-саймандар арқылы табысты жалпы сомасы 3 млн долларға жеткізді.
Фирмадағы капиталдың өсуі нәтижесінде Босх мырза Booth lising Corporation
деп аталатын екінші фирмасын құрды (капиталы соммасы - 400 мың долларды
құраған). 1959 жылы лизингтік операциялар көлемі АҚШ-та өсті, оның көлемі
300 млн. долларды құрады. Ал, 1961 жылы фирманың 2700 клиенті болған, оның
капиталы 8 млн $ құрады және 66 млн $ соммасында келісім шарттары бар
болған. АҚШ қазіргі лизинг отаны болып саналып, әлемде лизингті қолданатын
елдердің алдыңғы орнында тұр. Бұл мемлекеттің үлесіне әлемдік лизинг
көлемінің 40% келеді. АҚШ- та лизингтің тез дамуына әсер еткен факторлар:
жылдамдатылған амортизация және инвестициялық салықтық жеңілдіктер (жаңа
инвестицияның 10% құны салықтан алынады). Елуінші жылдардың соңында
американдық лизингтік компаниялар шет елдік нарыққа қанатын жая бастады.
1959 жылы Us lising Corp Канадада өз филиалын құрды және Англияда өз
филиалын құруға кіріскен. Осы жылы Меркантиль кредит компания ағылшын
сауда несие компаниясының өкілдері АҚШ- та Us lising Corp өкілдерімен
келісім шарттарға отырып, осы кездесу нәтижесінде Еуропада лизингтің
дамуына жол ашты. АҚШ-та лизинг экономиканың салаларында несиелеудің басты
түріне айналды. Өз қызметтерін ұсынатын жаңа лизингтік компаниялар санының
артуы кәсіпкерлерге экономиканың әр түрлі салаларына инвестициялық
қаражаттарды тартуға мүмкіндік берді. Уақыт өте келе лизингтік компаниялар
Қаржы-лизингтік қауымдастықтар деп аталды.
1954 жылы ішкі табыс кодексімен лизинг және аренданың алғы шарттары
шектелді. Ал, 1955 жылы ереже бекітілді, ал 1960 жылы ереже қабылданып,
лизинг белгілері белгіленді және осы ереже негізінде лизинг шарттары
жасалды.
Батыс Еуропада алғашқы қаржы-лизингтік қауымдастықтар ХІХ ғасырдың 50
жылдарының соңымен 60 жылдардың басында қалыптасты. Бірақта, лизинг
оперцияларының дамуына азаматтық, сауда және салық заңдары кедергі болды.
Тек салық заңында лизингтік келісімдер өз көрінісін тапқаннан кейін жоғары
өсу қарқынына ие болды. Осы жылдары Азия құрлығында да лизинг дами бастады.
1963 жылы АҚШ-та банктер лизингтік компания нысанында филиалдар құру
жолымен мүлікті жалға беру құқығын иеленді.
1976 жылы лизингтік операциялар есебі қабылданды.
1981 жылы лизингтік компаниялар үшін салықтық жеңілдіктер беретін,
салық туралы заң қабылданды.
1983 жылы бірінші мемлекеттік халықаралық лизингтік корпорация (LZFC)
құрылған. Қазіргі уақытта әлемдік лизингтік қызмет нарығы АҚШ - Шығыс
Еуропа - Жапония үш бұрышына бағытталған. Шығыс Еуропада лизинг беруші
болып мамандандырылған лизингтік компаниялар саналады.
Жапония үшін лизингтік операция қызметі қаржыландырудан бастап, сату-
сатып алу, лизинг пен займды қосатын толық қызметтер жиынынан тұрады. Бұл
қызметтер кешендік лизинг деген атауға ие болды. Жапонияда тұңғыш
лизингтік компания 1963 жылы құрылған. 1969 жылы ірі лизингтік корпорация
құрылған. Жапония әлемде АҚШ-тан кейін лизингтік қызмет бойынша екінші
орынды иеленеді. Жапониямен қатар 1960 жылдары лизинг Оңтүстік Кореяда да
дами бастады. Оңтүстік Корея лизингтік операциялардың көлемі бойынша әлемде
қазіргі уақытта 5- орында.
Францияда бірінші лизингтік компания 1961 жылы 22 ақпанда құрылған.
1966 жылы Францияда 28-ге жуық лизингтік компания әрекет етеді, осы жылы
несие-аренда (лизинг) туралы заң қабылданды. Қазіргі кезде ол мемлекетте
ұшақ, тікұшақ, кемелер, көтеру құралдары, контейнерлер, есептеу техникасы,
медициналық жабдықтар, полиграфиялық, ауыр өндіріс жабдықтар лизингі
дамуда.
1962 жылы Дюссельдорфта, яғни Германияда бірінші лизингтік фирмалар
құрылды, 1970 жылы федералдық қаржылық сот лизингті салық салу мақсатында
саралай отырып, лизинг туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда Германияда
көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істейді, олардың 57-сі неміс лизингтік
ассоциациясына мүше.
Шығыс Европа елдері Венгриямен Чехияның инвестициядағы лизинг үлесі 15,
бұл елдер Норвегиямен Данияны басып оза отырып әлемдегі лизингтік
операциялар көлемі бойынша 26-27 орындарда.
1972 жылы қозғалатын мүлік лизингі туралы қаулы қабылданды. (Mobilien
Lising Sreass).
1986 жылы Австралияда лизинг берушілердің қауымдастығы құрылды.
Австрияда лизингтің дамығанына 30 жыл. Бұл елде лизингке
балабақшалармен, мектептер берілді.
Италияда бірінші лизингтік компания 1963 жылы пайда болған. Қазіргі
таңда Италяндық лизингтік ассоциациясының мүшелігінде 50 компания бар.
Қоғамдық ұйымдарға және экономиканың кей салаларына салықтық жеңілдіктер
қарастырылған. Жеңілдік бойынша заңдар келесі салаларда қолданылады:
инновациялық технология, өнеркәсіпті жөндеу, баспа ісі, кеме жасау,
энергетика, сауда, ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылықтарында іске аса
бастады. Испанияда лизингпен айналысатын 117 компания тіркелген, оның 20-
сы тәуелсіз, қалғандары банк жанынан ашылған. Ресейде 1990 жылы Юро-
лизинг бірлескен компаниясы, Балтийский лизинг арнайы компаниясы құрылып
қызмет атқарса, одан кейін 1992 жылы Россия сауда-лизингтік компаниясы
құрылып қызмет атқарды. Ресейде 1995 жылы РФ Азаматтық кодексі қабылданып,
одан кейін 2004 жылы РФ-нің Президентінің Инвестициялық қызметтегі қаржы
лизингін дамыту туралы Жарлығы шықты. Ресейдің экономика министрлігінің
бағалауы бойынша 1996 жылы лизингтік операцияның негізгі капиталы
инвестиция көлемінде 1% құраған, ол 630 млн. $ (London Financial Global
Leasing Report). 2005 жылдың көрсеткіштері негізінде Ресейде қызмет
көрсететін лизингтік компаниялардың саны 1400 жетті.
1974 жылы меншік құқын унификациялайтын Халықаралық институтымен
Унидруа конвенциясын құруға шешім қабылданды. Бұл ұйымды 1988 жылы 28
мамырда дүние жүзінің 55 мемлекетінің өкілдері Оттавадағы конференцияда
жұмыс істейтіндігі туралы келісімге келді.
Конвенцияның негізгі мақсаты-халықаралық қаржылық лизинг келісімдерін
жүргізгенде туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу. Конвенцияның реттейтін
мақсаты-лизинг келісімінде лизинг берушімен лизинг алушы әр елден болады,
ал лизинг затының мерзімі оның амортизациялық мерзімімен сәйкестендіріледі.
Унидруа конвенциясының басты ережелері:
1. Лизинг- өзіндік қаржылық институт;
2. Лизинг- аренданың, шартты сатып алу- сату белгілері бар, бірақ
бұлардың ешқайсысына кірмейтін, 2 келісім- сату- сатып алу, лизингтен
тұратын екі жақты келісім.
Экономикалық тұрғыдан лизингтік операция дегеніміз-жабдық белгіленген
мерзімге (лизинг мерзімі) қайтару шартымен беріледі, нәтижесінде меншік
иесі сыйақы (лизингтік төлемдер) алады. Бұл несиелік қатынастардың барлық
қағидаларының орындалуын көрсетеді: мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік.
Лизингтік операцияның негізін ақшалай қаражаттар емес, мүлікті жалға беру
құрағандықтан инвестициялық қатынастардың белгілері кездеседі.
Құқықтық жағынан алғанда лизингтік операция дегеніміз- мүлікке меншік
құқымен оны пайдалану құқығын бөлу.
Техникалық жағынан лизингтік операция-меншік иесі мүлікті лизингке бере
отырып, оның техникалық-технологиялық белгілерін анықтауға қатыспайды. Бұл
лизинг алушының міндетіне жүктеледі.
Лизинг операциясының жүргізілуі үшін келесі шарттар орындалуы қажет:
1. лизинг затын лизинг алушының меншігіне беру немесе лизинг алушыға
лизинг затын лизинг келісімінде көрсетілген бағамен сатып алуға құқығы;
2. лизинг мерзімі лизинг затының пайдалану мерзімінен 75% жоғары болуы
шарт;
3. лизинг мерзіміндегі лизинг төлемдерінің дисконттық (ағымдық) құны
берілетін лизинг заты құнының 90% жоғары болуы тиіс.
Лизинг операциясының қатысушылары:
- лизинг беруші- тартылған немесе меншікті қаржысы есебінен өз
меншігіне лизинг затын алатын және оны лизинг келісім шартымен лизинг
алушыға белгілі төлеммен, анықталған шартпен уақытша пайдалануға және
кәсіпкерлік мақсаттар үшін жолдайтын лизингке қатысушы. Лизинг беруші бір
мезетте лизинг қызметінің басқа қатысушысы ретінде қызмет етуге құқығы жоқ;
- лизинг алушы-лизинг келісім шартымен лизинг затын кәсіпкерлік
мақсаттар үшін қабылдайтын, лизингтік қызметтің қатысушысы;
- сатушы-лизинг беруші сатып алу-сату келісімі немесе лизинг келісімі
негізінде лизинг затын алатын лизингтік келісімнің қатысушысы.
Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен
сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін 2 топқа бөлуге болады:
1.Техникалық қызмет-клиент пайдаланатын объектіні тасымалдауды,
құрастыруды және орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет
көрсетуге және ағымды жөндеуге байланысты (жабдық жаңа болғанда).
2. Кеңес беру-салық салу, рәсімдеу және тағы басқа мәселелер бойынша
қызметтер.
Лизингтік операцияның объектісі: үйлер, ғимараттар, машиналар,
жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскелері және басқа да
тұтынылатын заттар. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола
алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына
меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік
тіркеуден өзкізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтің заты уақытша
иемденуге және қолдануға беріледі (1-кесте).

1 2
Коммерциялық банктер Лизингтік компания
Сатушы
7 3
4

5

Лизинг алушы

1- Кесте. Лизингтік операцияның қатысушылары

Дерек көзі: ҚҚК мәліметтері бойынша

1- Кестеде көрсетілгендей, лизинг операциясына қатысушылардың
арасындағы жүретін мынадай процесстер болуы тиіс:
1- банкпен лизинг компаниясы арасында несиелік келісім шарт жасалып,
несие беріледі;
2- лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдықтар үшін сатушыға
(жабдықтаушы) төлейді;
3- сатушы (жабдықтаушы) лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады;
4-лизинг компаниясымен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік
келісімшарт жасалады;
5- сатушы (жабдықтаушы) құрал-жабдықпен жабдықтайды;
6- лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер
жүргізеді;
7- лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі-оның қарапайым несиелерден
мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
- лизинг көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды
несиелеуге болады: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг
объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа
ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (несиелік тәуекел бұл сол
құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорынды іздестіруге
кетеді);
- лизинг 100% дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім
ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықтарды
пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік
береді;
- кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған
қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
- құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты,
өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты
жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп лизинг алушы салықтық жеңілдіктер
алады;
- несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты
пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан
(инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақта ескірген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау
қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны
көбірек алуға тырысады.
Лизингілік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері комбайн,
трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар, технологиялар үшін шағын және
орта бизнес субъектілері пайдаланады. Бүгінгі таңда лизинг кез-келген
өндірістің материалдық-техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал
салымдарын салуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, лизинг шет елдік нарықтық экономикада кеңінен
қолданылатынын айтып өтуге болады. Батыс елдерінде несиелеудің бұл түрінің
артықшылықтары көп.
Біздің мемлекетімізде лизинг келісімдері жиі кездеседі, ол банктердің
тәуекелділіктерге бармауынан, венчурлық кәсіпорындардың аз болуыда әсер
етеді. Несиелеудің бұл түрін кеңінен қолдану мемлекетімізге инвесторларды
тарту, төлем жүйесін жақсартуға, мемлекетіміздің экономикасын дамытуға
көмектеседі. Лизинг шаруашылық жүргізуші субъектілерде альтернативті
дәстүрлі әдістерді қолдануда банктік несиесінде маңызды орын алады және
бірнеше басымдықтарға иелікке жеткізеді. Лизинг құрал-жабдықтармен дұрыс
жабдықталмаған кәсіпорындар мен оларға несие беретін банк арасындағы қарым-
қатынастар бағытының болмауы да үлкен әсер етеді.

1.2 Лизингтік операциялардың негізгі түрлері

Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикаға өте қажетті
банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе
қызмет етуіне әсер ететін операция.
Лизингтік операцияларды әр түрлі белгілеріне қарай келесі тәртіппен
топтастыруға болады:
1.Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке
өткізеді (екі жақты келісім);
- жанама лизинг (үш жақты немесе көп жақты лизинг), бұл кезде мүлікті
беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі- қайтымды лизинг, лизинг фирмасы
иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
2. Мүлікті типіне қарай бөлуге болады:
- жылжымалы мүлік лизингі;
- жылжымайтын мүлік лизингі;
- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.
3. Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:
- бір келісімнің әрекет ету мерзімдеріне мүлік құны толық өтелетін
лизинг;
- толық өтелмейтін лизинг.
4. Амортизация шарты бойынша былай бөлінеді:
- толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық
төленетін лизинг;
- толық емес амортизациялы лизинг.
5. Қызмет объектісіне қарай былай бөлінеді:
- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз
мойнына алса, таза лизинг;
-толық қызмет жиынтығы бар лизинг- объектіге толық қызмет көрсету лизнг
берушіге жүктеледі;
- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.
Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халықаралық)
лизингті қарастырады.
Ішкі лизинг-оның қатысушыларының бір елден болып келуімен сипатталады.
Сыртқы лизинг-бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып
келуімен сипатталады.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді.
Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг
кезінде-шетел лизинг беруші болып табылады.
6. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып
бөлінеді:
- жалған лизинг-қызмет алып сатарлық сипатта болады және жеңілдіктер
есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
- нағыз лизинг-жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел
амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық
төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жабдық төлемдерді алып тастай
алады.
7. Лизинг төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:
- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг-барлық төлемдер ақша нысанында
жүргізіледі;
- компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг-төлем аталған жабдықта
өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге
асырылады;
- аралас төлемді лизинг.
Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады: жедел
және қаржылық лизингке.
ҚР Қаржылық лизинг туралы заңға сәйкес лизингтің 2 түрі бар: ішкі
және халықаралық.
Ішкі лизингте лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы ҚР резиденті
болып табылады. Ішкі лизинг ҚР заңдарымен реттеледі. Халықаралық лизингте
лизинг беруші немесе лизинг алушы ҚР бейрезиденті болып келеді. Халықаралық
лизингте ҚР заңдарымен реттеледі. Егер лизинг беруші ҚР резиденті болса,
онда лизинг заты резиденттің меншігінде болады. Егер лизинг беруші ҚР
бейрезиденті болса, онда лизинг заты бейрезиденттің меншігінде болып,
халықаралық лизинг келісімі ішкі экономикалық заңдармен реттеледі.
Қазіргі уақытта дамушы елдердің шаруашылығында лизингтің бірнеше түрі
қолданылады. Олар өздерінің құрылымдық ерекшеліктерімен сипатталады.
Олардың кеңінен таралған түрлері:
1. Жедел (сервистік) лизинг( operating lease)
2. Қаржылық (капиталдық) лизинг(financial lease)
3. Қайтарымды лизинг ( sale and lease back)
4. Үлесті лизинг ( leveraged lease)
5. Тура лизинг ( direct lease)
6. Сублизинг ( sub- lease).
ҚР Қаржы лизингі туралы заңда лизингтің 4 түрі қарастырылады:
1) Қайтымды лизинг;
1-1) екіншілей лизинг- лизинг келісімін бұзғанда немесе мерзімі
тоқтатылғанда лизинг затының лизинг берушінің меншігінде қалып, ол лизинг
затын қайтадан лизинг алушыға беруі;
2) банктік лизинг-лизинг беруші банк болып табылатын лизингтің түрі;
3) толық лизинг-лизинг затына техникалық қызмет пен жөндеу жұмысын
лизинг беруші жүргізеді;
3-1) сублизинг;
4) таза лизинг-лизинг затына техникалық қызмет пен жөндеу жұмысын
лизинг алушы жүргізеді.
Жедел лизинг-көлікті, құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да
техникаларды (компьютерлер және көбейту құрылғылары), күрделі сервистік
қызметті күтуді қажет ететін (әуе авиалайнерлері, теміржол және теңіз
көліктері) техникаларды жалға беретін лизинг операциясының бір түрі. Бұл
келісімнің мерзімі жалға алынған активтің толық амортизациялық құны өтелу
уақытынан кем болуы. Жедел лизингте келісім 3-5 жылға арналып жасалады.
Лизингтің бұл түрі активтің құны жалдау келісімі бойынша толық
өтелмегендіктен, лизинг затын бірнеше рет лизингке беруді қажет етеді.
Жедел лизингтің ерекшелігі-лизинг алушының келісімді мерзімінен бұрын
тоқтатуы. Бұл жалға берілетін жабдықтың орнатылуы мен техникалық күту
қызметтеріне байланысты болуы мүмкін. Бұл лизинг түрінің жиі қолданылатын
атауы-сервистік. Лизинг алушы лизинг затын пайдаланып болған соң иесіне
қайтарады. Көрсетілетін қызметтер құны жалдау төлеміне қосылады немесе
бөлек төленеді. Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін қолайлы. Себебі
оның жалды мерзімінен бұрын тоқтатып ескірген құрылғыны жаңа жоғары
технологиялы, бәсекеге қабілетті құрылғымен ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Жедел лизингтің кемшіліктері: лизингтің басқа түрлеріне қарағанда
жалдау төлемі жоғары; аванспен алдын ала төлемнің талап етілуі; келісімде
жалды мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін айыппұл төлеу (2- кесте).

5
Жалға беруші Өндіруші
(лизингтік компания) 2
1
3
4
Жалға алушы

2 – Кесте. Жедел лизингтің процесі
Дерек көзі: ҚҚК мәліметтері бойынша

1- жабдыққа тапсырыс беру;
2- жабдықтың төлемін төлеу;
3- жабдық;
4-арендалық төлемдер;
5-келісімнің аяқталу мерзімі бойынша жабдықты қайтару.
Қаржылық (капиталдық) лизинг-жалға алушының жалға алған жабдығының
толық амортизациясын өтейтін ұзақ мерзімді келісім жасалатын лизингтік
операцияның түрі. Лизингтік келісім мерзімі 2-6 жылдан 10 жылға дейін,
кейде 20 жылға дейін. Қаржылық лизингтің келісімінде келесі шарттардың
біреуі көрсетілуі қажет:
- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай лизинг берушіге көшуі;
- келісім шарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқығын лизинг
алушыға ұсынады;
- жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың
нарықтық құнының 90%- на тең немесе одан жоғары болуы керек.
Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі
ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) % мөлшерлеме және алынатын
несиелер бойынша (жалға алушыда) % мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек,
онда:
- жалға алушының ең аз төлемі-жалға беруші бойынша жылдық төлем;
- ең жоғары төлем-жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;
- келтірілген құн-ағымдағы жылдағы келтірілген болашақ жылдың ақша
ағымының құны.
Егер лизинг келісім шарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса
біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.
Келісімнің бұл түрі мерзімінен бұрын тоқтатуды қарастырмағандықтан,
лизинг затына төленетін төлемдерді, жабдықты іске қосқанда кететін
шығындарды жалға алушы төлейді. Лизингтің бұл түрінде жабдықтың пайдалану
мерзімі аяқталғаннан соң, жалға алушының ол жабдықты қалдық құнымен немесе
келісімде көрсетілген жеңілдікпен алуға мүмкіндігі бар (лизинг затының құны
мысалға 1$ болуы мүмкін).
Бұл лизинг түрінің жедел лизинг түрінен айырмашылығы-жабдық егесінің
тәуекелділігін төмендетеді. Бұл келісімде жабдықтың толық құнының өтелуі;
жалға алушыны шарттарды орындамағанда банкрот етіп жариялау қарастырылады.
Қаржылық лизингтің объектісі болып мүлік (жер, ғимараттар, құрылыс),
сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары (ұшақ) табылады.
Франция, Бельгияда лизинг алушы міндетті түрде лизинг келісімінің
шарты бойынша лизинг затын сатып алуы тиіс, АҚШ лизинг келісіміне
қатысушылар өздері шешеді; ал Ұлыбританияда лизинг келісіміне бұл шартты
қосуға тыйым салынады.

2
Жалға беруші Жалға алушы
(лизингтік компания)
1
4 3

Өндіруші

3- Кесте. Қаржылық лизингтің процесі
Дерек көзі: ҚҚК мәліметтері бойынша

1- жабдыққа сұраныс;
2- жабдыққа төлем;
3- жабдық;
4- арендалық төлемдер.
Түрі мен көлеміне қарай New York Банкі қаржылық лизингті 3-ке бөледі:
- көп миллионды-салықтан қорғалған жабдықтар, мысалы: жеке әуе
компанияларының ұшақтары және теңізде мұнай скважиналарын бұрғылауға
арналған жабдықтар;
- аралық лизинг, мұндай келісіммен жалға алынатын жабдықтың құны-0,5-5
млн $ 10 жылға;
- нарықтық лизинг, банк келісімде бір өндірушінің өндірген бірнеше
арзан құралдарын біріктіреді.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап еткендіктенде оларды
банктермен бірлесе отырып жүзеге асырады (3-сызба).
Қаржылық лизингтің ұзақ мерзімді екі түрі бар: қайтымды және үлесті
лизинг.
Қайтымды лизинг-жабдық егесінің жабдықты екінші бір жақтың меншігіне
сатып және сатып алушының жабдықты ұзақ мерзімді жалға беру келісімі
жасалатын лизингтің түрі (4-кесте). Сатып алушы ретінде коммерциялық
банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар болады.
Мұндай операцияны жүргізгенде жабдық меншік иесі өзгереді, ал пайдаланушы
қосымша қаржы көздерін тауып сол қалпында қала береді. Инвестор жабдық
иесін несиелеу арқылы, оның жабдығының иесі атанады. Мұндай операциялар
өнеркәсіптің құлдыраған кезінде қаржылық жағдайын жақсарту үшін
қолданылады.

1
Лизингтік компания Өнеркәсіп

2

4- Кесте. Қайтымды лизинг процесі
Дерек көзі: ҚҚК мәліметтері бойынша

1-жабдық құны;
2-арендалық төлемдер
Үлесті лизинг (үшінші жақтың қатысуымен)-келісімде үшінші жақтың
қатысуын қарастыратын қаржылық лизингтің түрі. Үшінші тұлға болып инвестор
немесе, әдетте, банк, сақтандыру және инвестициялық компаниялар қызмет
атқарады. Бұл лизингтің келісімде лизингтік фирма бірнеше жабдықты ұзақ
мерзімді жалға алу туралы келіседі. Жабдықтың құнының 1 бөлігін тартылған
қаржыдан төлеп, оны өз меншігіне алады. Тартылған қаржыны (займды) қайтару
үшін сатып алынған жабдық және инвесторға жалға алушының төлейтін болашақ
арендалық төлемдері саналады. Лизингтің бұл түрінің объектілері-қымбат
активтер, мысалға пайдалы қазбалар алынатын жерлер, өндіру саласында
қолданылатын жабдықтар (5-кесте).

Жалға беруші 2
Қосымша қаржылық көздер

3
1 Өндіруші
4

5
6 Жалға алушы

5- Кесте.Үлесті лизинг процессі
Дерек көзі: ҚҚК мәліметтері бойынша

1- жабдыққа сұраныс;
2- жалға берушіге 80% ссуда;
3- жабдықтың төлемін төлеу;
4- ссуда бойынша төлемдер;
5- жабдық;
6- арендалық төлемдер
Тура лизинг- жалға алушы лизингтік фирмамен қажетті жабдықты сатып алу
туралы келісім жасалатын лизингтің бір түрі (6-кесте). Лизинг туралы
келісім тікелей өндіруші-фирмалармен жасалуы мүмкін. Мысалға лизинг
шарттарына сәйкес өз өнімдерін жалға беретін белгілі фирмалар IBM, XEROX,
GATX және де авиациялық, кеме жасайтын, автомобиль компаниялары. Сонымен
қатар әлемдік автомобиль нарығының көш басшылары- Даймлер Крайслер және
BMW концерндері әлемнің кейбір елдерінде өз өнімінің сұранысын
қанағаттандыру мақсатында алдыңғы қатарлы лизингтік компаниялардың
құрылтайшылары қызметін атқарып отыр.

1
Өндір
Жалға алушы

2

6-Кесте. Таза лизингтің процесі
Дерек көзі: ҚҚК мәліметтері бойынша

1- жабдық;
2- арендалық төлемдер.
Сублизинг- лизинг алушының (сублизинг берушінің) лизинг берушіден
келісімге сәйкес алған затын үшінші тұлғаға (сублизинг алушыға)
кәсіпкершілік мақсаттарға пайдалану үшін келісімде көрсетілген мерзімге
беретін лизингтің бір түрі (7-кесте). Сублизингте лизинг затын 3- тұлғаға
бергенде лизинг берушінің жазбаша келісімі болуы қажет. Сублизинг келісімі
мерзімінен бұрын тоқтатылмайды.

1
Жалға беруші
Делдал
2

1 2

Тұтынушы

7- Кесте. Сублизингтің процесі
Дерек көзі: ҚҚК мәліметтері бойынша

1- жабдық;
2- арендалық төлемдер.

1.3 Лизингті операцияларды ұйымдастырудың ерекшеліктері

Лизинг бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген
мәмілелерде кемінде 3 келісім шарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг
алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы
мен банк арасында.
Келісім шартқа қол қоюдан бұрын клиентті толық қаржылық талдаудан
өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісім шарт соңында құрал- жабдықтың
белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал- жабдықтың қалдық құнының
сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен
лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.)
сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәләндырылған
көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез- келген келісім шарт мынадай элементтерден тұрады:
1.Лизинг объектісі.
2. Жабдықтау мерзімі.
3. Лизингке алу мерзімі.
4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.
5. Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық тілхат.
6. Құрал- жабдықтарды пайдалану.
7. Күту, жөндеу, жаңарту.
8. Зиян, қолайсыз жағдайлар.
9. Сақтандыру.
10. Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
11. Төлемді кешіктіргені үшін төлемақы мөлшері.
12. Сатып алу мүмкіндігі.
13. Келісім шартты бұзу шарттары.
14. Құрал- жабдықты қайтару.
15. Салықтар, баждар.
16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
17. Тараптардың қосымша құқықтары.
18. Даулармен арбитраждарды қалпына келтіру.
19. Кешіктіру шарты (келісім шарт кепілдеме алуына байланысты күшіне
енеді).
20. Қажетті ақпараттарды беру міндеттемесі (баланс).
21. Тараптардың қолдары.
22. Тараптардың орналасқан жері.
23. Қалдық құнын кепілдеу.
24. Банктердің кепілдемесі.
Өндірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез- келген
түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Мәміле объектісіне тікелей
қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік
қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг – бизнестің капитал сыйымды түрі
болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен
байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты
бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама
ретінде шығуы жатады.
ҚР Банктер және банктік қызмет туралы заңына сәйкес банктер банктік
қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған
жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі (лизинг) ішінде жалға берушінің
берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай отырып, мүліктерді жалға беру
бойынша операцияларды жүзеге асырады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке
қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым білікті ұйымдар болып саналады, себебі
олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп отырады. ҚР Банктер және
банктік қызмет туралы жарғысының 42- бабына сәйкес белгіленетін
пруденциялық нормативтер және басқа да мөлшерлер мен лимиттер, сондай- ақ
кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-
ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға
ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар Ұлттық банктің қатаң
бақылауында болады.
Лизинг кезеңі лизнгтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсіндіріледі.
Себебі лизинг- ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және
қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезеңінің
уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде
лизинг алушымен лизинг беруші келесі қызметтерді ескереді: құрал- жабдықтың
қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік
немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда табу циклдерін, инфляциялық үрдіс
динамикасын, қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын және оны дамыту
беталысын.
Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг
операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер
лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген
тәртіпте енгізіледі.
Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:
- кезеңдік төлемдер- лизингтік келісімге қатысушы тараптар келісімімен
жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;
- бір мерзімдік төлемдер- егер келісімде лизинг берушіге аванс төлеу
қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.
Лизинг алушының қаржылық жағдайымен төлем мүмкіншіліктерін ескере
отырып, мәміледе лизингтік төлемдерді төлеудің төмендегідей әр түрлі
тәсілдері белгіленуі мүмкін:
- бірдей үлестермен- бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;
- өспелі өлшемдермен (прогрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы
кезеңінде лизингті пайдаланушы лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген
ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда өндірілген өнім қарқынын
арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы
тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;
- азаймалы өлшемдермен (жеңілдетілген, регрессивті төлемдер) лизингтің
бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз берешегінің көп бөлігін
өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын
төлемдер.
Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық
құны, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары
(тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды,
салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестерді ұйымдастыру) әсер етеді.
Кез- келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:
- амортизация;
- мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін
төлемі;
- көрсетілген қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік
маржа;
- лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік сыйақысының көлемі.
Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы
лизингтік пайызды құрайды.
Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады,
өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы және оны
қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай- ақ жалгердің өндірістік және
қаржылық қызмет деректері көрсетілген бизнес- жоспары болады. Әрбір
кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметінің есептерін шешу үшін қаржылық ресурстар
қажет. Қаржылық ресурстар өндіріс шаруашылық қызметінің факторларын іске
қосады. Бұл факторлардың бастылары:
- өндіріс факторлары (жабдық);
- материалдық ресурстар;
- еңбек ресурстары;
- басқа да материалды және материалды емес активтер (мысалға,
лицензияға төлем).
Қаржылық ресурстарды алу 4 негізгі көздер арқылы жүргізіледі:
1. Өндіріс қызметі нәтижесінде алынған кәсіпорын немесе кәсіпкердің
пайдасы.
2. Кәсіпорын немесе кәсіпкердің өздерінің жеке қаржылары.
3. Бос жабдықтармен материалдық ресурстарды, құқық, технология,
интеллектуалдық білім секілді материалдық емес активтерді сату.
4. Банк, инвестициялық компания, лизингтік компания секілді қаржы-
несиелік ұйымдардан қарызға қаржы тарту.
Бизнес- жоспар- лизинг алушының (кәсіпкердің) қаржылық лизинг сызбасы
арқылы лизинг затын алғандағы нақты, дәл құрастырылған мақсаттарын
көрсететін құжаты. Сонымен қатар бизнес- жоспар алға қойылған мақсаттарға
жетуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің дамуы
Жаңа банктік қызметтер мен өнімдер, олардың талдау әдістері
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
«Банк ісі» лекциялық курсы
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
Банктің активтік операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
ШНҰ Альянс Бизнес Кредит ЖШС шығу тарихы
Пәндер