Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 116 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпкерлік түсінігі, мәні және экономикадағы рөлі

1. 2 Kәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру ерекшеліктері

1. 3 Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуға әсер ететін факторлар

2 Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау

2. 1 Қазақстанда кәсіпкерліктің даму тенденциясы

2. 2 “Kagazy Recycling” ЖШС-і мен «Іле Кардон Қағаз Комбинаты» АҚ қызметін ұйымдастыру мен дамытуды талдау

2. 3“Kagazy Recycling” ЖШС-нің«Іле Кардон Қағаз Комбинаты» АҚ кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалау

3. Қазақстанда кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуды жетілдіру жолдары

3. 1Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың шетелдік озық тәжірибесін қолдану

3. 2 Қазақстанда кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың тиімді жақтарын әзірлеу

3. 3 Қазақстан Республикасының интеграциялық үрдістер жағдайында кәсіпкерліктің даму проблемалары және шешу жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерліктің рөлі қоғамның дамуымен ерекшеленеді. Республиканың қазіргі заман даму кезеңінде кәсіпкерлік сектор - ұлттық экономиканың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында халықтың тұрмысының жоғарлауы, ел экономикасының тұрақты өсу темпін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау және дамытуда үлкен көңіл бөлінеді. [1] .

Оның ішінде шағын және орта бизнестің рөлі өте маңызды, себебі қай мемлекет болмасын экономикасының тұрақты дмуының негізі, барлық экономикалық үрдістер дамуының негізгі факторы және локомотиві болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік мәселелерінің шешілуінде кәсіпкерлік әлеуетінің орасан зор екені туралы ешкімде сурақ туындамайды. Қазақстанның көптеген кәсіпорындары қазірдің өзінде жаңа жұмыс орындардың ашылуымен, бюджетке табыстың көбеюі, жаңашылдықпен инновациялық қызметтердің пайда болуын, сонымен қатар Қазақстан Рспубликасының әлеуметтік тұрақтылығының маңызы болып табылатын орта таптағы меншік иелерінің қалыптасуын ынталандырады. Кәсіпкерлік нарық конъюктурасының оперативті түрде өзгеруі арқылы экономикаға қажет икемділік тудырады. Соның ішінде шағын кәсіпкерлік бәсекелік ортада қалыптасуы, біздің экономикамыз үшін маңызды.

Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы дамуының қазіргі тенденциясы жоғары тиімді нарықтық шаруашылықтың қалыптасуымен сипатталады. Кәсіпкерлік қызметтің жаңа нысандары пайда болуда. Жүргізілген көптеген экономикалық реформалар бизнес субьектілерінің құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік статустарын өзгертті. Нарық шаруашылығының қатысушылары мемлекетпен, бәсекелестермен, қаржылық институттармен және жалдамалы жұмысшылармен жаңа қарым-қатынастар тұрғызып жатыр.

Қазіргі таңда мемлекеттің экономикалық стратегияларының басты міндеті бизнес субьектілерінің қызмет етуінің тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі күні бәсекелестіктің күшеюі, шикізат ресурстарының тапшылығы, кәсіпкерлік тәуекелділік, Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы арту тенденциясы байқалуда.

Экономиканы құрылымды қайта құру қазіргі бизнес саласының даму тенденциялары туралы ұлттық экономика және өндірісті басқару саласының отандық және шетелдік тәжірибедегі проблемаларды және негізгі құбылыстарының маңызын терең түсіне білетін кәсіпкерлікті кадрларды даярлауда жаңа сапалы бағыттарының болуын қарастырады. Қазіргі менеджерлардың кәсібилігі фундаментальді экономикалық ғылымдардың негізінде қалыптасқан. Сонымен қатар, олар бизнес субьектілерінің мінез құлқын анықтайтын жағдайлар мен себептерді диагностикалау мен зерттеудің қазіргі әдістерін игеру деңгейін әрдайым арттырып отыру тиіс.

Экономикалық кадрларды даярлау (қазіргі заманғы басшылар) үдерісінде ұйымның инвестициялық және инновациялық саясатын әзірлеу мен жүзеге асырудың, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін және бизнес құрылымдардың ресурстарын пайдалануды талдаудың әдістемелік құралдарын игеруге ерекше назар аударылу керек.

Қазақстан Республикасы дамудың даңғыл жолына түсіп, жоғары халықаралық беделге ие болу арқылы өз тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, жоғарғы мәртебесіне жоғарғы мәртебесіне ие болып отыр. Сондай-ақ еліміздің басты мақсаттарының бірі - әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында бизнесті дамытуға баса назар аударды. Осы жолдауда Елбасы: “Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. ”- деп атап көрсетті. [2]

Шағын несие ұйымдарының жұмысын, соның ішінде мемелекет қаражаты есебінен де қолдау керек. Олар біздің жүзмыңдаған азаматтарымыздың өз ісін ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берудің қолжетімділігін арттыру және көптеген қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажет.

Дамыған кәсіпкерлік сектор - кез келген ел экономикасының негізі.

Осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялау, серттификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырды. [2]

Жоғарыда айтылып өткендей ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындауларында ескертіліп айтылғандай, еліміздің стратегиялық міндеті - бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан қосылу болып табылады. Осыған байланысты мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке бағытталған әріптестік қатынастарын алдыңғы қатарға қойып, тығыз байланыс орнатуы тиіс. Бірақ, стратегиялық міндетті шешу үшін экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тарту және өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндіру, салалық кластерлер құру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта, ең алдымен, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық- инновациялық стратегиясы қабылданып іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту, экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру, индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау, экономикалық әлеуетті ұтымды аумақтық ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын құру Экономиканың басым салаларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету. [3 ]

Мұның барлығы жоғары деңгейде орындалып, оң нәтижесін беру үшін еліміздегі кәсіпкерлік қызметті ұтымды ұйымдастыру, дамыту және қызмет тиімділігін арттыруға ерекше мән беру қажет.

Яғни, еліміздің экономикасының әрбір саласында шағын кәсіпкерлікті дамыту, олардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру негізінде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаржы тапшылығы, материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігі, өнеркәсіптегі дағдарыстың бетін қайтару, экономика саласын тұрақтандыру мүмкіндіктері әлі де болса жойылмауы себепті қазіргі кезде күрделі мәселелердің бірі болып отыр.

Нарықтың қалыптасуы мен дамуының негізгі күші кәсіпкерлік болып табылады. Бүгінгі күні елімізде кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ерекше мән беріліп отыр. Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту жылдан-жылға дамып, саны жағынан артып келеді. Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әр түрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.

Кез келген ел үшін кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл :

- қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды;

  • қаржы нарығын жандандырады;
  • бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады;
  • халықтың сатып алу қабілетін және өмір сүру деңгейін арттырады;
  • ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді;

Осы аталғандарды ескере отырып диссертациялық жұмыстың тақырыбы өзекті деп айтуға толық негіз бар.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты -қазіргі таңдағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оны дамыту және жетілдіру бағыттарын анықтау және оларды басқаруда оңды ұйымдастырушылық - экономикалық механизмдерін анықтау жолындағы өзекті мәселелерін теориялық - әдістемелік, тәжірибелік тұрғыда зерттеу, талдау және ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс:

  • кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының методологиялық, теориялық яғни ғылми-әдістемелік негізін тереңдету;
  • нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы кәсіпкерліктің экономикадағы рөлін анықтау;
  • елімізде кәсіпкерлікті ұймдастыру мен дамытуға әсер ететін факторларды жүйелеу;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму тенденциясына талдау;
  • еліміздегі кәсіпкерліктің даму үрдістеріне оның қалыптасқан жолдары, түрлері мен әдістеріне талдау жасау;
  • «Kagazy Recycling» ЖШС -і мен «Іле Кардон Қағаз Комбинаты» АҚ жалпы өндірістік және қаржы- экономикалық қызметін бағалау;

- кәсіпкерлікті реттеу әдістері мен қолдау формаларын ұйымдастырудың және басқарудың бүгінгі жағдайын бағалау мен оның дамуының негізгі бағыттарын белгілеу;

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы төменде көрсетілген:

- Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы және ұйымдастыру жағдайлары теориялық әдістемелік аспектіде зерттелді;

  • нақты статистикалық мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму тенденциясы анықталды;

- Зерттеу объектісі ретінде алынған кәсіпорынның қызметін жан жақты экономикалық талдау негізінде оны жетілдіру бойынша авторлық тұжырымдар жасалды;

- Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, басқару және дамытудың шетелдік тәжірибелері зерттелді;

  • Интеграциялық үдерістер жағдайында кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту проблемалары анықталып, оларды шешу жолдары анықталды;

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосқан Қазақстанның танымал экономист ғалымдары және ТМД елдері мен шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікке қатысты заңдары, бағдарламалары күнделікті баспасөздегі мақалалар мен Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттіктің деректері және зерттеу объектісі ретінде отандық нарықта өндірістік қызметті жүзеге асыратын «Kagazy Recycling» ЖШС - сі және «Іле Кардон Қағаз Комбинаты» АҚ құрайды.

Диссертациялық жұмыс өзекті мәселеге арналған және оның тәжірибелік мәні жоғары. Себебі, Қазақстан экономикасын жаңғырту кәсіпкерлікті дамытуға негізделген өте тиімді нарықтық шаруашылықтың қалыптасуына байланысты. Нарық экономикасы дамыған елдерде бизнес - экономикалық және әлеуметтің басты қозғаушы факторының бірі болып табылады. Бизнес жүздеген адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде бизнестің әлеуметтік экономикалық мәні зор. Өйткені ол қоғамның алға жылжуының бірден бір тетігі болып табылады. Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі бизнесті жетілдіру болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері, теориялық - әдістемелік негізі қарастырылған.

Бірінші бөлімде Қазақстанда кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың теориялық негіздері зерттелді.

Екінші бөлімінде Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайын талданған, «Kagazy Recycling» ЖШС-і мен «Іле Кардон Қағаз Комбинаты» АҚ жалпы өндірістік жағдайын және қаржы-экономикалық жағдайына талдау жасалған.

Үшінші бөлімінде кәсіпкерлікті ұйымдастыру және дамытудың шетелдің озық тәжірибесі қарастырылған, мемлекеттік тұрғыдан кәсіпкерлікті қолдау және дамыту талданған, Қазақстан Республикасының интеграциялық үрдістер жағдайында кәсіпкерліктің даму мәселелері мен және шешу жолдары қарастырылған.

Қорытындыда диссертациялық жұмыс бойынша жалпы қорытындылар мен тұжырымдар жасалған.

1. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпкерлік түсінігі, мәні және экономикадағы рөлі

Қазақстанда қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі - кәсіпкерлікті жетілдіріп, дамыту Еліміздің Ата Заңына сәйкес әрбір адамның өзі қалған қызмет түрімен айналысуға құқықпен еркіндік Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлікке кең жол ашуға деген бастамасымен қолдау тапты. Қоғамның өзі де уақыт өткен сайын кәсіпкерліктің нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде қолданылатын негізгі көздердің бірі екенін мойындауда. Кәсіпкерліктің кеңінен құлаш жайып дамуы ғылыми-техникалық прогрестің, әртүрлі меншік субъектілері арасында бәсекенің дамуына ықпал ететін экономикалық, әлеуметтік-саяси ортаның қалыптасуына, ол жаңа жұмыс орындарының құрылуына, нарықтық инфроқұрылымының оңтайлы қалыптасуына, тұрғындар табыстары арасындағы теңсіздіктің азаюына, экономиканың нашар дамыған салаларының дамуына зор ықпал етеді.

Кәсіпкерлік - түрлі аспектілер мен бағыттарды қамтитын экономиканың маңызды секторы. Нарықтық өзгерістер Қазақстанда экономиалық реформалардың дамуына байланысты тұрақты түрде зерттеліп отырады. Мысалға, экономикасы тұрақты дамыған мемлекеттерде шағын кәсіпкерлік соңғы жүз жылда жақсы зерттелген.

1998 жылы халықаралық валюта қоры терминологиясынан «үлкен жетілік» елдері АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және Япония елдеріне тән термин «өндірістік-дамыған елдер» түсінігі жойылды. Халықаралық валюта қоры ресми есебінде «экономикасы дамыған елдер» термині қолданылады. Бұл топқа, жоғарыда айтылған елдермен қатар қосымша төрт мемлекет Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур және Тайвань, сонымен қатар Израиль кіреді. [4; 312]

Кәсіпкерлік - адамзат тарихындағы ең күрделі және сыры көп әлеуметтік экономикалық феномендердің бірі. Бұл құбылыстың көпқырлылығы оны зерттеудегі әдістемелік пікір алуандығы (плюрализм) болып табылады. Біздің уаққыттағы кәсіпкерлік адамның жеке қызмет образын және нақты әлеуметтік қауымдастық ретінде сипатталады. Нәтижесінде экономикалық ғылым шеберінде бірыңғай кәсіпкерлік теориясы қалыптаспады.

Кәсіпкерлік экономикалық аспект түрлі экономикалық ағымдар мен мектептер зерттеліп ұсынылған: «кәсіпкерлік» терминіне «entrepreneur» (француз сөзі «кәсіпкер» дегенді білдіреді), «entrepreneurship» (кәсіпкерлік), «business-leader» (бизнес-лидер), «innovator» (инноватор), «promoter» (делец, епті), «unternehmer» ( нем. - кәсіпкер) .

Сонымен, кәспкер деген кім? Өз бизнесінің иегері, табысты менеджер, жай алыпсатар немесе табыс табудағы ойшыл.

Кәсіпкерлік феноменіне қатысты еңбектерді көне грек филосовтары мен ғалымдарының еңбектерінен кездесітруге болады. [5] .

Содан кейінгі кәсіпкерлік туралы эволюциялық көзқарастар тым әр түрлі және қайшылықты болып келеді.

Кәсіпкерлік туралы ұғым орта ғасырдан басталады. Сол уақыт кезінің өзінде сатушылар, сатып алушылар, миссионерлер бастаушы кәсіпкер ретінде болған. Кәсіпкерлік деген сөзді естігенде ойымызға максималды түрде пайда табу деге ұғым түседі. Осы уақытта жаңа мамандық пайда бола бастады - менеджер - басшы, ірі өндірістегі ұйымдастырушы. Кейін бертін келе қаржыгерлер, экономистер, бухгалтерлер, заңгерлер, канструкторлар, технологтар пайда бола бастады.

«Кәсіпкерлік» туралы ұғымды алғаш рет XVIII ғасырда 1721 жылы ағылшын банкир экономисті Р. Кантильон енгізген. Ричард Кантильонның «кәсіпкер - тәуекелге бел буу», -деп түсінген. Кантильонның пайымдауынша байлық көзі жер мен еңбек деп санаған. [6; 113. ]

Ол кәсіпкерлер категориясына көпес пен кәсіпшілерді ғана емес, сонымен қатар қарақшыларды, кедейлерді және басқа да белгісіз ақы табатынадарды жатқызған. Кантильон кәсіпкер деген міндетті түрде өз ақысына бір нәрсені ойлап өндіру не болмаса кәсіпкерлік қызметпен айналысу ғана емес деп көңіл аударған.

Кантильонның кәсіпкерлік функциясы капиталистер немесе басқарушы функциясынан ерекшеленеді және тек тәуекел ауыртпалығымен байланысты деп біледі. 10. Смит А. Исследования о природе и причинах богатства народов. [7]

Д. Рикардо кәсіпкерге капиталист-инвестор рөлін жақын қарастырып, капиталист классына жатқызған. [8]

Кейін XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында кәсіпкерлік теориясының дамуына өз үлесін қосқан, өмірінің бір кезеңінде тоқыма фабрикасын иемденген кәсіпкер болған француз экономисті Ж. Б. Сэй (1767-1832) өзінің «Саяси экономикалық трактат» деген кітабында кәсіпкерлік қызмет туралы жазған. Оның пайымдауынша «кәсіпкер - бұл өзінің ақша-қаражаттарын жұмсап, тәуекелге бел буа отырып жаңа өнім шығару», - деп есептеген. Сэй кәсіпкердің басты функциясын өндіріс факторларының координациясынан тұрады деп есепетеген: өндірістік үрдісті ұйымдастыруда жер, капитал және адами фактор, сонымен қатар ғылыми білім керек. [9]

Сэйдің пайымдауынша факторлы табыстар көлемі сұраныс пен ұсыныс заңдарымен анықталады.

Тек XIX - XX ғасырларда ғана, шетелде кәсіпкерліктің мәні мен мағынасы, экономикадағы рөлі аса маңызды түсінік берді. Француз экономисті Андре Маршалл (1907-1968жж) алғаш рет үш классикалық өндіріс факторларына (жер, капитал, еңбек) тағы бір факторды - ұйымды қосты. Осы уақыттан бастап кәсіпкерлік деген ұғым кең етек жая бастады.

Американ экономисті Дж. Б. Кларк (1847-1938жж) Сэйдің «үш біртұтас форасын» кішкене өзгерістер енгізген. Оның пікірінше өндіріс процессі әрдайым төрт факторлар арқылы жүзеге асырылады: капитал, жер, кәсіпкерлік қызмет және жұмысшы еңбегі. Бұдан әр фактор осы өндірістен түсетін пайдадан спецификалық үлесі болуы қажет, яғни капитал капитлистке пайыз, жерге- рента, капиталистің кәсіпкерлік қызметі - пайда алып келеді, ал жұмысшы еңбегін жалақымен қамтамасыз етеді.

Кәсіпкерліктің ең танымал базалық теорясы Й. Шумпетер концепциясы болып табылады. Ол кәсіпкерді капитализм дамуының негізгі қозғалтқышы, ал кәсіпкерлікті «творчестоволық қирау» процесс деп сипаттаған. Атақты Американ экономисті Йозеф Шумпетер (1883-1950жж) 1911 жылы шыққан «Экономикалық өсу теориясы» кітабында «кәсіпкер» сөзінің мағынасын «новатор» сөзімен теңестіреді. Оның айтуы бойынша кәсіпкер функциясы жаңашылдықты енгізуге байланысты болады, яғни ол мемелекеттің экономикасының өсуіне, экономикалық өсімде аса маңызды рөл ойнайды. Шумпетердің көзқарасы бойынша кәсіпкерлік екі функцияны жүзеге асырады.

Біріншіден, бұл ресурстардың жаңа, бірегей, жаңашылдығы бар комбинацияларды біріктіретін күш.

Екіншіден, арнайы білім, біліктілігі, кәсіпкерлік қасиеті бар адамдар негізінде, қайта құрулардың және әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші. [10]

Осы жағдайға ағылшын экономисті, 1974 жылы экономикадан Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих фон Хайек (1899-1984жж) жаңа көз қарас білдірді. Оның пікірінше кәсіпкерліктің мәні - жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу және оны жүзеге асыру. [11]

«Кәсіпкер» және «Кәсіпкерлік» терминдерінің эволюциясын қарап шығайық.

1725 жылы Ричард Кантильон: кәсіпкер - белгілі бір істі тәуекел жағдайында жүзеге асыратын тұлға.

1797 жылы Бодо «кәсіпкер - кәсіпорында жоспарлауды, ұйымдастыруды контроль жасауды, кәсіпорынды басқаратын немесе кәсіпкерлік қызметі үшін жауап беретін жеке тұлға. »

1934 жылы Американдық экономисті Йозеф Шумпетер «кәсіпкер - ол новатор, жаңа технологияларды енгізуші. », -есептеген. .

1964 жылы Питер Друкер «кәсіпкер - бұл кез келген жағдайды пайдалана отырып, максималды пайда табу», -деп санаған.

1985 жылы Роберт Хизрич - кәсіпкерлік бұл жаңа, сапасы, құны бар өнім шығару процессі, ал кәсіпкер - бұл өнім шығаратын өнімге қажетті кететін уақыт, жұмысшы күші, қаржылық, технологиялық, әлеуметтік және нәтижесінде пайда мен көрсетілген жақсы нәтижелерге көңілі толатын адам. [12; 7-114. ]

XX ғасырдың 30-60 жылдарында кез келген сала ғалымдары экономистер, философтар, психолотар, социологтар және т. б. кәсіпкерлік теориясы ғылымына, мәніне, мағынасына, мемлекеттің дамуындағы экономикалық рөліне аса мағызды көңіл бөлуде. Соның ішінде, Ресей ғалымы А. Каминка, кәсіпкер - бұл толығымен өзінің кәсіпорынын иеленетін, қаржыландыратын, басқаратын және ең басты мотиві - қаржы табуға бағытталған тұлға деп есептеген. Ал келесі Ресей ғалымы А. Петражицкий кәсіпкерлікті -жеке өз атынан, өзінің мүлкімен тәуекелге бел буу арқылы шаруашылық істі жүзеге асыру деген мағына берген.

Американ ғалымы Р. С. Ронстадта, кәсіпкерлік - байлықты өсірудегі динамикалық процесс. Байлық - өзінің қаржысымен, мүлкімен тәуекелге бел буатын, уақытын шектемейтін, тұтынушыларға жаңа тауар мен қызмет түрін ұсынатын тұлға. Бұл тауар немесе қызмет түрі жаңашылдықты ғана қамтамасыз етпей, ең бастысы кәсіпкер тұтынушыларға жаңа сапалы, бағалы тауар немесе қызмет түрімен қамтамасыз ету болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы мәлімет
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау, дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Кәсіпкерлік құқық субьелтілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz