Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 5
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері . . . 5
1. 2 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны . . . 14
1. 3 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері . . . 21
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-ЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМА . . . 30
2. 1 ҚР-сындағы коммерциялық банктердің дағдарыс кезіндегі жағдайын талдау . . . 30
2. 2 «Казкоммерцбанк» АҚ-ы туралы жалпы сипаттама . . . 38
2. 3 Коммерциялық банктердің қазіргі қаржылық жағдайы және банк жүйесінің халықаралық рейтингін бағалау . . . 49
3 ҚАЗАҚСТАН БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН ЖЕТІЛДІРУ…… . . . 61
3. 1 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері . . . 61
3. 2 Қазақстандық коммерциялық банктердің дағдарыс кезінде қаржылық жағдайын дамыту жолдары . . . 66
3. 3 Банк жүйесін қаржылық дағдарыстан алып шығу жөніндегі шаралар мен ұсыныстар . . . 73
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81
КІРІСПЕ
«Қазақстан-2030» Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлеуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады /1/.
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс және бәсеке жағдайында әрбір мемлекеттің мақсаты экономикалық жағдайдың тұрақтылығын, елдің әл-ауқатын және экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет ұлттық бәсекеқабілеттілікті дамыту қажет, яғни тиімді және пайда әкелетін кәсіпорындар және банктерді құруы керек. Бірақ та қазіргі дағдарыс кезінде кәсіпорындар мен банктердің жағдайы қиын болып тұр. Кәсіпорындар мен банктердің жағдайының нашарлауы мемлекет экономикасының өсуін тежейді. Сондықтан да қазіргі кезде дағдарысқа қарсы басқару мәселесі өзекті болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың зерттеу пәні - нарықтық экономиканың тұрақсыздығының өсуі жағдайында кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару.
Зерттеу объектісі болып жалпы Қазақстан Республикасы бойынша екінші деңгейлік банктердің қызмет ету принциптері, қазіргі жағдайы және әрі қарай дамыту мәселелері қарастырылады.
Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың теоретикалық-әдістемелік негіздерін анықтау, оның механизмін жетілдіру және Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қазіргі қаржылық жағдайы мен сенімділігін талдай отырып, оның дағдарыстан шығу және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолдары болып табылады.
Жұмыстың міндеттері :
- дағдарыс туралы түсінік қалыптастыру және ерекшеліктерін анықтау;
- дамыған шетелдiк мемлекеттердің дағдарысқа қарсы басқару тәжірибелерін қарастыру, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын анықтау;
- коммерциялық банктердің экономикалық маңыздылығын қарастыру және оның қызмет ету принциптерімен танысу;
- Қазақстан Республикасындағы банктердің қазіргі жағдайын талдау және рейтинг деңгейін бағалау;
- еліміздің банк жүйесінің әрі қарай дамуын қамтамасыз ету шараларын қарастыру.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы дағдарыс жағдайында отандық кәсіпорындардың көпшілігінің құлдырау себептерін анықтау және оған қарсы басқару тәсілдері туралы теория - әдіснамалық қағидалар жиынтығын қамтитын ғылыми - қолданбалы даярламалар әзірлеу болып табылады.
Диссертациялық жұмыс барысындағы зерттеу жұмысының методологиялық және әдістемелік негіздері отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері, оқулықтар, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, заңдар, бағдарламалар, интернет ресурстары, газеттер, автордың өз ізденістері болып табылады. Зерттеуге алынған объектіні қарастыру барысында экономикалық, салыстырмалы, статистикалық және логикалық әдістер қолданылды. Жұмыстың ақпараттық негізін ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің статистикалық мәліметтері мен есептері және жекелеген коммерциялық банктердің веб-сайттарынан алынған мәліметтер құрайды.
Дағдарысқа қарсы басқару, кәсіпорынның тұрақсыз сыртқы орта жағдайындағы экономикалық стратегиясын жасаудың жекелеген мәселелері Г. Беккер, У. Брэддик, Ф. Хайек, Р. Хоутри, Д. Кейнс, С. Джевонс, Б. Мур, Й. Шумпетер, Г. Минцберг, М. Портер, А. Пигу және т. б. шетелдік белгілі ғалымдардың еңбектерінде мазмұндалған.
Нарықтық экономикаға тән үдерістердің даму шамасына орай, кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы басқару К. Жугляр, Д. Китчин, Н. Д. Кондратьев, И. Ансофф, В. А. Баринов, В. П. Буянова, Е. Т. Гребнева, А. Г. Грязнова, Э. М. Коротков, В. Г. Крыжановский, В. И. Лапенков, О. Т. Лебедев, К. И. Кирсанов, Г. З. Базаров, С. Г. Беляев және т. б. секілді көптеген ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері мен жарияланымдары нақ осы мәселені зерттеуді, оны шешуді мақсат тұтқан.
Қазақстандық экономикалық ғылымда дағдарысқа қарсы басқару мәселелері У. Б. Баймуратов, А. К. Кошанов, О. С. Сабден, Н. К. Нурланова, А. А. Рамазанов, Н. С. Алпысбаева, В. А. Мунш, М. Б. Кыстаубаев, А. Г. Нукушев, Л. Нурмуханова, Д. А. Құнанбаева және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы жоғары болып келеді, себебі мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары екінші деңгейдегі банктерді дағдарыстан алып шығуға, олардың қызметін жақсартуға және дамытуға арналған.
1 КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Әлеуметтік-экономикалық дамудағы дағдарыс түсінігі және оның пайда болу себептері
Қазіргі әдебиетте әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы дағдарыс туралы жалпы көріністер әлі анықталмаған. Дағдарыстың өндірістік капиталистік әдісінің сипаттамалық белгісі екендігі және социалистік кезеңінде болмау керектігі туралы көзқарас бар. Бұрын социализм кезінде теориялық жағынан алғанда «дағдарыс болмайды», тек «өсу қиындықтары бар» деген пікір қалыптасқан. Көп жылдар бойы біздің елімізде дағдарыс түсінігінің өзі өндірістік дамуының экономикалық саясатын жасаудың нақты факторы болуына қарағанда көбінесе идеологиялық түсінік болып табылады.
Кейбіреулер дағдарыс түсінігі тек макроэкономикалық даму процестеріне жатады десе, рудың кәсіпқорлығысыз немесе қателіктерден туындаған аз немесе өте өткір проблемалар бар. Бұл проблемалар кейбір сыртқы себептермен жаттастырылған болса да, даму дағдарысы туралы айғақ бола алмайды және олар объективті тенденциялармен келтірілмеген. Осындай көріністердің кері салдарлары болу мүмкін: егер бұл ұстанымнан кәсіпорынды басқаруды қарастырсақ, онда оның даму стратегиясын жасағанда дағдарыстың мүмкіндігін болжауға және есепке алуға қажеттілік жоқ. Осы кезде стратегия қаншалықты нақты болады, егер дағдарыстар шын мәнінде заңды болса?
Дағдарыс түсінігі түрлі басқарушылық шешім жасау әдістемесіне әсер ететін тәуекелділік түсінігімен өзара байланысты. Басқарудан болжамды және дағдарысты күтуді алып тастаңыз, онда тәуекелділікті қабылдау өткірлігі болмайды және тек дағдарыс жағдайында ғана емес, сонымен қатар кәдімгі қатерлер де кенеттен пайда болу мүмкін. Дағдарыс проблемасына басқа жақтан да қарауға болады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің өзінің түрлі түрінде және формасында, ол қоғамдық формация, фирма немесе кәсіпорын болсын, өзінің өмір сүруінің 2 тенденциясы бар: қызмет ету және даму /2/.
Қызмет ету - бұл оның тұтастығын, сапалы нақтылығын, сипаттарын анықтайтын функцияларды сақтау, өміршеңділігін қолдау.
Даму - өміршеңдікті өзгерістегі орта жағдайларында бекемдейтін жаңа сапа алу. Қызмет ету және даму өзара байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің негізгі тенденцияларының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Бұл байланысты оның сипаттамасынан және көрсеткіштерінде көруге болады. Мысалы, әлеуметік-экономикалық жүйенің қызмет етуі еңбек затының, құралдың және еңбек әрекетін жүзеге асыратын адамның міндетті түрде болуын сипаттайды. Осындай әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет етуі бұл белгілердің нақты сәйкестілігінде мүмкін болады: еңбек құралы оның затын өзгерте алады, адамда еңбек құралы болу керек, нәтиже адамның мүддесіне және қажеттілігіне сәйкес болу керек. Бұлардың бәрі қызмет ету жағдайлары.
Әлеуметік-экономикалық жүйедегі (ұйым) дағдарыс қауіпінің пайда болуы
1 - сурет
Даму заттың, еңбек құралының және адамның өзгерістерін сипаттайды. Бұл өзгерістердің өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету тұрақтылығын және үйлесімділігін бекітетін немесе оның қызмет етуіне жаңа жағдай жасайтын жаңа сапалардың болуы болып табылады. Даму факті ретінде еңбек өнімділігін, оның мазмұнын өзгерту, жаңа технологияның болуы болып табылады. Осы кезде, әрине әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет етуі жағдайларды да өзгертеді. Қызмет ету және дамудың өзара байланысында диалектикалық сипат бар, ол дағдарыстың пайда болу мүмкіндігін және заңдалған шешімдерін көрсетеді. Қызмет ету дамуды тежейді және сонымен бірге оның керектік ортасы болып табылады. Даму қызмет етудің көптеген процесстерін бұзады, бірақ оның бекемді болуына жағдай жасайды /3/.
Сонымен дағдарыстың кезеңдік пайда болуын көрсететін дамудың кезеңдік тенденциясы пайда болды. Дағдарыс міндетті түрде қиратқыш болып табылады, бірақ олардың болуы тек субъективті емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық жүйенің табиғатымен, объективті салдарымен байланысты.
Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Мысалы фирма үшін дағдарыстың сыртқы себептері макроэкономикалық дамудың тенденциясы және стратегиясымен немесе әлемдік экономика дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайымен байланысты болу мүмкін, ал ішкі себептер маркетингтің тәуекел стратегиясымен ішкі қайшылықтарымен, өндірісті басқарудың кемшіліктерімен, инновация және инвестициялық саясатпен байланысты болады.
Егер дағдарысты осылай түсінсек, онда дағдарыс қаупі әрқашан бар екенін айтуға болады, сол себептен оны болжау және жоспарлау керек. Дағдарыс түсінігінде оның себептеріне ғана емес сонымен қатар салдарына да үлкен мән беріледі - ұйымдастыруды жаңарту немесе оны жою, жаңа дағдарыстың болуы немесе қалпына келуі мүмкін. Ол тізбекті реакция сияқты пайда болуы мүмкін.
Дағдарыс қызмет ету мен дамудың қайшылықтарын ғана көрсетпейді, олар қызмет ету процесінің өзінде пайда болу мүмкін. Бұл, мысалы, техника мен персонал квалификациялық деңгейі, нақты технология және оны пайдалану жағдайы арасындағы қайшылықтар /4/.
Дағдарыс - бұл оның қоршаған ортаның өміршеңдігіне қатерлі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі қайшылықтардың өсуі болып табылады.
Дағдарыс себептері жаңарту және қайтақұрылымданудың циклдық қажеттілігімен байланысты объективті басқарудағы волюнтаризм мен қателерді көрсететін субъективті, климат ерекшелігіне, жер сілкіну мен тағы басқа байланысты табиғи болу мүмкін.
Дағдарыс жағдайларды ұзақ уақытқа консервациялау мүмкіндігі бар. Бұл белгілі саяси себептерімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы дағдарыстың салдары 2 фактормен өзара байланысты: оның себептері және дағдарыстың даму процесстерін басқару мүмкіндігі. Дағдарыстың салдары аяқ астындағы өзгерістерге немесе одан жұмсақ, созылмалы және жүйелі шығуына әкелу мүмкін.
Кәсіпорын дамуындағы дағдарыстық өзгерістер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және санды, қайтымды және қайтымсыз болады. Дағдарыстың түрлі салдары оның сипаттамасымен ғана емес, сонымен қатар оны жұмсартатын немесе күшейтетін дағдарысқа қарсы басқару сипаттамасымен анықталады.
Бұл қатынаста басқару мүмкіндіктерді ынталандыру сипаттамасына, басқару мақсатына кәсіпқорлығына, мәдениетіне, себептер мен салдары, жауапкершілікті түсінуге байланысты.
Көп жағдайда энтузиазм көмектеседі. Бірақ энтузиазм ұзақ әсерді бере алмаса да оны дағдарысқа қарсы басқару бағдарламасынан шығаруға болмайды. Сонда да энтузиазм өзінің басталуы, ұлттық ерекшеліктері, мәдениет дәстүрлері тағы басқа бойынша әр түрлі болады. Егер энтузиазм өрескел қатерлер мен мақсаттарды жасыру үшін қолданылса да дағдарыс қысымын төмендетпейді.
Тәжірибе көрсеткендей, дағдарыстар тек себептері мен салдары бойынша ғана емес, сонымен қатар өзінің мазмұны бойынша да әр түрлі болып келеді /5/.
Дағдарыстардың ішіндегі жалпы және жергілікті дағдарыстар. Жалпы дағдарыстар әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәрін қамтыса, ал жергілікті тек оның бір бөлігін ғана қамтиды. Бұл дағдарыстардың көрсетілу масштабтары бойынша бөлудің шартты сипаттары бар. Дағдарыстық жағдайды нақты талдауда әлеуметтік-экономикалық жүйенің шектерін оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.
Дағдарыстың мүмкін салдары
2 - сурет
Дағдарыстық жағдайларды макро және микро дағдарыстар деп бөлуге болады. Макро дағдарысқа туындайтын жағдайдың үлкен көлемі мен ауқымы тән; ал микро дағдарыстар тек жеке мәселелерді немесе мәселелер тобын қамтиды. Дағдарыстың ерекшелігі ретінде жергілікті немесе микро дағдарыс болса да ол тізбекті реакция секілді дамудың бүкіл жүйесіне немесе мәселесіне қарай тарай алады. Себебі жүйеде барлық элементтердің өзара әсерлесулері болады және мәселелер жеке шешілмейді. Бірақ ол дағдарыстық жағдайды басқару, дағдарыстарды жою және оның өткірлігін төмендету шаралары болмаса немесе керісінше дағдарыс дамуының ынталандыруы болса ғана пайда болады /6/.
Дағдарысты басқару әдістерін және құралдарын жіктеу үшін қажетті дағдарыстық нысандарының жіктемесін жасауға болады. Егер дағдарыс мазмұнының түсінігі қалыптасса, онда оның өткірлігін төмендету, уақытты қысқарту және ауыртпалықсыз келуін қамтамасыз ету мүмкіндігі жетерліктей.
Әлеуметтік-экономикалық жүйедегі қатынастар құрылымына байланысты оның даму жағдайларын жіктеуде экономикалық, әлеуметтік, басқарушылық, психологиялық, технологиялық дамудың жеке топтарын бөлуге болады.
Экономикалық дағдарыстар ел экономикасындағы немесе фирманың экономикалық жағдайындағы өткір қайшылықтарды көрсетеді. Бұл тауар өндірісі және өткізу, экономикалық топтардың өзара байланысы төлем қабілеттілігінің төмендеуі, банкроттық жағдай т. б.
Дағдарыс типологиясы
3 - сурет
Экономикалық дағдарыстар тобында жүйенің немесе фирманың қаржылық мүмкіндіктері жағдайындағы қайшылықтары сипатталады. Бұл экономикалық процестің ақшалай көрінісінің дағдарысы.
Әлеуметтік дағдарыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің қақтығысы немесе қайшылықтары ұлғайғанда пайда болады. Әлеуметтік дағдарыстар экономикалық дағдарыстардың жалғасы болып табылады, бірақ ол өздігінен де пайда болуы мүмкін. Мысалы, басқару стилі, еңбек жағдайына қанағаттанбаушылық, экологиялық мәселелерге, патриоттық сезімдерге байланысты болып келеді /7/.
Әлеуметтік дағдарыс тобында саяси дағдарыстың орны ерекше. Ол қоғамның саяси құрылымындағы дағдарыстар, билік бағдарыстары, түрлі әлеуметтік топ мүдделерін жүзеге асыру дағдарыстары, қоғамды басқаруда кездесетін дағдарыстар. Саяси дағдарыс дамудың барлығын қамтиды да экономикалық дағдарысқа ұласып кетеді.
Ұйымдастырушылық дағдарыстар - іс-әрекетті бөлу және біріктіру, функцияларды бөлу, жеке бөлімшелердің қызметтерін реттеу дағдарыстары ретінде пайда болады.
Түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ұйым құрылымында ұйымдастырушылық қатынастары күшейтілуі мүмкін. Ұйымдастырушылық дағдарыстардың шиеленісуі барысында, іскерлік қақтығыстардың туындауы барысында және бақылаудың қиындығы, оның қызмет ету, даму жағдайларының өзгерісінің, ұйымды жаңарту немесе бюрократиялық тенденциялар тудыратын ұйымдастырушылық сақтандыру қатерлерінің болуынан көрінеді. Бұл дағдарыс көбінесе ұйымдастырушылық әрекетті қиындатады.
Психологиялық дағдарыстар - бұл дағдарыс түрі әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі жағдайында сирек кездеспейді. Бұл адамның психологиялық жағдайындағы дағдарыстар. Олар күйзеліс, сенімсіздік, болашақтан қорқуы, жұмыспен, құқықты түрде көрініс береді. Бұл қоғамдағы ұжымның немесе жеке топтың әлеуметтік-психологиялық табиғатындағы дағдарыстар.
Технологиялық дағдарыстар жаңа технологияға қажеттілік жағдайында технологиялық идеялардың дағдарысы ретінде пайда болады. Бұл заттардың технологиялық сәйкессіздігі немесе жаңа технологиялық шешімдерден бас тарту дағдарысы болуы мүмкін. Жалпы осындай дағдарыстар ғылыми техникалық прогресс дағдарысы болып көрінуі мүмкін. Оның тенденциялары, мүмкіндіктері, салдары арасындағы қайшылықтардың күшеюінен көрінеді. Мысалы, қазір атомдық энергияны пайдалану, атомдық электростанцияны салу идеялары дағдарысты бастан кешіріп отыр.
Дағдарыс тікелей пайда болу себептеріне байланысты табиғи, қоғамдық, экологиялық болып бөлінеді.
Табиғи дағдарыстар адамның өмірі және табиғи әрекетінің жағдайларынан туындаған. Олардың себептері - жер сілкіністері, өрт, климат өзгерістері және су топаны. Бұлардың бәрі экономикаға, адам психологиясына, әлеуметтік және саяси жақтарға әсер етпеуі мүмкін емес. Белгілі аумақта осындай табиғи құбылыстар дағдарысты туғызады.
Қоғамдық дағдарыс себептері ретінде қоғамдық қатынастардың өзгеруін айтамыз. Қазіргі жағдайда адамның табиғатпен қатынастары «экологиялық дағдарысты» түсіну немесе танып білуге үлкен мән беріледі. Бұл дағдарыстар адам әрекетінен туындаған табиғи жағдайлардың өзгерісі кезінде пайда болады, яғни ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы, табиғи тепе-теңдік талаптарын елемеу салдары болып табылады /8/.
Сонымен бірге дағдарыстар күтілген және кенеттен пайда болуы мүмкін. Күтілген дағдарыстар даму кезеңі сияқты пайда болады және оларды болжауға болады, бұл дағдарыстың пайда болу факторларының жиынтығының обьективті себептерінен туындайды, яғни өндірісті қайта құру қажеттілігі ҒТП қызығушылықтар құрылымының өзгерісі.
Күтілетін дағдарыстар циклдық дағдарыс болып табылады. Әрине дағдарыстардың табиғаты және оның сипаттамасы белгілі болса, ол кезеңдік түрде пайда болады және өзінің өтуінің белгілі фазалары бар.
Кенеттен пайда болатын дағдарыс көбінесе басқарудағы өрескел қатынастардың басқа да табиғи құбылыстардың немесе жергілікті дағдарыстардың таралуына және кеңеюіне әсер ететін экономикалық тәуекелділіктің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар анық (дағдарыстың көрініс беруі және оңай анықталуы) және латентті (жасырын, көрінбейтіндей өтеді және өте қауіпті) дағдарыстар бар.
Сондай-ақ өткір және жұмсақ дағдарыстар болады. Өткір дағдарыстар әлеуметтік-экономикалық жүйенің түрлі құрылымын бұзады. Олар қиын және біртекті емес өтеді, қайшылықтары көп. Жұмсақ дағдарыс тегіс және ауыртпалықсыз өтеді, оларды болжауға және басқаруға болады.
Барлық мүмкін болатын дағдарыстар ұзақ және уақытша мерзімде болып келуі мүмкін. Ұзақ дағдарыстар әдеттегідей қиын өтеді, олар көбінесе дағдарыстық жағдайды басқара алмау, дағдарыстың мәнін түсінбеу және оның себептері мен мүмкін салдарының нәтижесі болып келеді.
Дағдарыс жіктемесінің оларды тануда және басқаруда үлкен мәні бар.
Нақты дағдарыстың жіктемелік белгілері жағдайдың бағасын, басқару шешімдерін жасауын және талдауын анықтайтын оның көрсеткіштері ретінде қарастырылуы мүмкін. Дағдарыс қаупі әрдайым болады. Сондықтан дағдарыс жағдайының пайда болу белгілерін білу керек және оларды шешу мүмкіндіктерін бағалау қажет.
Әлеуметтік-экономикалық жүйе өздігінен реттелетін жүйе болып табылады. Яғни, оның болуында қажетті және салыстырмалы тепе-теңдікті қалпына келтіру механизмдері әрекет етеді. Сонда, басқару бұл механизмдердің бөлігі болғандықтан және осы механимдерге сүйене отырып, адам мүддесінен қарағанда, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің ауыртпалықсыз және жүйелі қамтамасыз ететіндіктен өмір сүреді. Бірақ, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің даму және мінез-құлық тенденциялары, оның сипаттамасы және жағдайдың белгілері, бұл жағдайдың белгілі фазаларының және объективті даму кезеңдерінің болуларының белгілі болса ғана мүмкін болады.
Дағдарыстарды жеңу - басқарылатын процесс. Мұны адамзат, өндіріс пен экономиканың даму тарихында өтіп жатқан көптеген дағдарыстар айғақтайды. Басқару жетістігі дағдарысты өз уақытында байқауға, оның болу белгілілеріне байланысты.
Дағдарысты тануда мәселелердің өзара байланысын бағалаудың үлкен мәні бар. Осындай өзара байланыстардың болуы және сипаттамасы дағдарыстың қаупі және оның мінез-құлқы туралы көп айтылады /9/.
Әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруда дағдарысқа қарсы даму мониторингі әрекет етуі керек. Бұл даму процесстерін бақылау және дағдарысқа қарсы басқарудың өлшемдері бойынша олардың тенденцияларын байқау болып табылады. Мысалы, ауа-райын, жер сілкінісін, күннің белсенділігін болжау деген бар. Онымен арнайы қызметтер айналысады. Онда неге басқару жүйесінде осындай ұқсас қызметтер жоқ.
Басқару - бұл адамның қасиеттерімен анықталатын іс-әрекет: тәжірибесі, білімі, адам мен өмірге қатынасы, әдістеме, және т. б.
Дағдарыс объективті құбылыс бола тұра әрдайым адамзат табиғатының факторларын өзінде ұстайды - менталитет, мәдениет, қызығушылықтар, қоғамдық сана, білім деңгейі, дүниетанымы және т. б.
Дағдарысты бағалаудың негізгі сипаттамалары
4 - сурет
Дағдарыстың белгілері оның типологиялық тиістілігі бойынша жіктеледі: масштабы, мәселесі, өткірлігі, даму саласы, себептер, мүмкін салдары, көріну фазасы.
Бірақ осындай болжамдар үшін дағдарыстық дамудың белгілері мен көрсеткіштері, оларды есептеу әдістемесі және талдауда пайдалану әдістемесі қажет. Дағдарысты болжау жағдайлары мен тенденциялары арнайы талдау негізінде ғана мүмкін болады. Жалпы дағдарыстарды байқауға әлеуметтік-экономикалық жүйенің жағдайын бағалаудың барлық көрсеткіштері қатысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz