Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе . . . . . . 3

  1. Инфляцияның теориялық негіздері

1. 1 Инфляцияның мәнi мен түрлері. . …… . . . 4

1. 2 Инфляцияның пайда болу себептерi . . . . . . 7

  1. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктерін талдау

2. 1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және дамуы ……… . . . 14

2. 2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары…… . . . 17

ІІІ ТАРАУ. 2007-2010 жылдардағы инфляцияны ТӘРГЕТТЕУ саясаты

3. 1 2007-2010 жылдардағы инфляцияны таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы

Қорытынды. . …. . . . …… . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер……. . . . . . . 32

Кiрiспе

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады. Оның көрсеткіштері мен әлеуметтік - экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбы инфляцияны тәргеттеу проблемасы деп алдым.

Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2, 9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.

Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір күнделікті, барлық орамды; егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция - бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы - бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді. 1

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

  1. Инфляцияның теориялық негіздеріИнфляцияның мәні мен түрлері

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң бағасының өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуi салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндiрiстегi диспропорцияның көрiнiсi. Ол мемлекеттiң табысы мен шығынының үйлеспеуi салдарынан кездесетiн кез-келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттiң және шаруашылық субъектiлерi арасында қайта бөлуге тiрейдi.

“Инфляция” (латынша - inflatio) терминiн қазақшаға аударғанда “қабыну, iсiну” деген сөздi бiлдiредi. Шындығында да, қауырт жағдайларда мемлекеттiк шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт “көтерiлiп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегi соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 жылдары соғыс және 1861-1865 жылдары Азамат соғысы (оның соңғы екi жылында доллардың сатып алу мүмкіндiгi 60 пайызға дейiн төмендеген) ; XIX ғасырдың бас кезiндегi Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 жылдары француз революциясы. Әсiресе, Бiрiншi дүниежүзілік соғыстан кейiн Германияда инфляция жоғары қарқынға жеттi, 1923 жылы күзiнде айналымға ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетiп, ал ақша өлшемi триллион есе құнсызданды. Осы келтiрiлген тарихи мәлiметтер инфляцияның бұрыннан келе жатқан феномен екенiн дәлелдейдi.

Ал қазiргi инфляцияға тән бiраз ерекшелiктер бар. Олар:

  • егер бұрын инфляция бiр жердiң шеңберiнен аспаса, қазiргi инфляция елдiң бүкiл жерiн қамтиды;
  • егер бұрын инфляция бiр мезгiлде ғана әсіресе, қазiргi инфляция көп уақытқа созылған құбылыс;
  • егер бұрын инфляция тек ақшаның әсерiнен туындаса, қазiргi инфляция көптеген ақшасыз факторларға байланысты болды.

Инфляцияны келесiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:2

  1. Инфляциялық процестiң сипатына қарай:ашық инфляция, яғни бағаға ешқандайда кедергi болмайды, оның еркiн өсуi байқалады; жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады; инфляциялық шошыну, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.

2. Таралу орнына қарай: - локальдық инфляция , яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;

- дүниежүзілік инфляция , яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.

3. Бағаның өсу қарқынына қарай:

  • баяу инфляция- баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10%-ғана өседi.
  • орташа инфляция- баға тез қарқынды жылына 20-дан 200%-ке дейiн өседi, ондай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға шалдықтырады;
  • ұшқыр инфляция- баға жылына 500-ден 1000%-ке дейiн және одан жоғары қарқынмен өседi. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінiң құлдырауына әкелеп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта бастайды.

4. Пайда болу сипатына қарай:

- Әкімшілік инфляция - «әкімшлікті» басқарулы бағалардан туындаған бағаның өсуі мен пайда болатын инфляция.

- Шығын инфляциясы - ресурстар мен өһндіріс факторларына бағаның өсуі мен көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығынлар мен тауарлардың бағалары өседі.

- Сұраным инфляциясы - ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуы мен, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.

- Ұсыным инфляциясы - өндірісті к ресурстарды толық пайдаланбаған жағдайда өнджіріс шығындарының өсуі мен байланысты бағалардың өсуінен туындайтын инфляция.

- Импортталған инфляция - сыртқы факторлар әрекетінен туындаған инфляция.

- Кредиттік инфляция - шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған инфляция.

Өнеркәсiбi дамыған елдер үшін бiрiншi түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екiншi және үшіншi түрлері тән болып келедi.

Инфляцияның қарқыны статистикалық көрсеткiш - тұтыну бағаларының индексi көмегiмен анықталады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2009 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 38, 8%, азық-түлік емес тауарлар - 32, 4%, ақылы қызметтер - 28, 8% құрады.

Дүниежүзілік тәжiрибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледi:

  • экономикадағы қамтитын аумағына байланысты жергiлiктi және әлемдiк инфляция;
  • жүру қарқынына байланысты - бiркелкi (баға үнемi төмен қарқынмен өседi), үздiксiз және сатылы (бiр қалыпты емес) инфляция;
  • даму қарқынына байланысты - жылжымалы инфляция, онда бағаның өсу қарқыны жылына 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция - онда бағаның өсу жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейiн (ал кейде 100 процентке) жетедi; ұшқыр инфляция ( гиперинфляция) - онда бағаның өсуi жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 проценке өссе, оны ұшқыр инфляцияның iшiндегi аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндiрiстiң құлдырауымен ұштасса оны стагфлияция деп атайды;
  • әсер ететiн факторлар бойынша - сұраныс инфляция және ұсыныс (шығын) инфляциясы.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде кағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторыиа айналды.

Инфляция қарқынының жай, орташа журуі кезінде бағанын өсуі 10%-тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жургізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруга мүмкіндік береді.

Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200 процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады. Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналысындағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан еткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдекайда жоғары.

Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады, бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Көптеген зерттеушілер стагфляцияның болу себебін инфляциялық күтумен байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өндіріс факторларының қожайындары өздерінің табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екендігін ескере отырып өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды.

Бұл өндіріс шығындарының өсіне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болды. Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс көлемінің төмендеуі орын алады.

Стагфляция себептері туралы теориялық даудың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін де үлкен практикалық маңызы бар, себебі біз қазірде терең стагфляция жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мамандардың пікірінше, стагфляцияны сәйкессіздіктер диспропорциялар, қалыптасқан басқару нысаны, тағы басқа жағдайлар тудырады. Мысалы, ішкі сомдық аймақта төлем дағдарысынан туындаған өнім өткізу дағдарысы халық шаруашылығының құлдырауына әкеліп соқтырып отыр.

  1. Инфляцияның пайда болу себептерi

Инфляция - бұл кез-келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.

Қазiргi инфляция келесiдей факторларға байланысты болып келедi:3

- Ақша айналысының факторларына : бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының артық несиеге толуы;

- Ақшалай емес факторларға : қоғамдық өндiрiстегi теңсiздiкке, шаруашылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық, саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы көтерiлiп, соның салдарынан төлем қабiлетi бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегi бiрқалыпты баға жағдайында өндiрiстiң оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтiп жиынтық сұраныс экономиканың өндiрiстiк мүмкіндiктерiнен жоғарылап, бағаның көтерiлуiне соқтырады.

Ақша массасының “көтерiлуi” себептерiнiң ең негiзгiсi - әскери шығындардың өсуi, яғни шығарылған әскери техника күнбе-күнге өмiрде колдануға жарамайтындықтан оның ақшалы эквивалентi бюджеттiң тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттiк займдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бiрiншi жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндiрiстiң дамуы, жұмыссыздықтың азюы және бағаның төмендеуi сияқты жағымды көрiнiстер байқалып, ал қорытындысында тепе-тендiк орнайды. Сондықтан аз мөлшерлi инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебi ондай инфляция артық өндiру дағарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынын сақтандырады.

Сөйтiп, сұраныс инфляциясы кезiнде шектеулi ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны құнсыздандырады.

Сұраныс инфляциясы келесiдей факторлардың әсерiнен туындайды:

- әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда

пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшін артық

болып қалады;

- мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;

- несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiсінiң коммерциялық банктер мен үкiметке несие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын сипаттайды;

- импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

- ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

Шығын инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде әсер ететiн ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi.

Тауар бағасының өсуi халықтың табысын төмендетiп, жалақыны қайта индекстеу қажеттiгiн талап етедi. Жалақы өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру шығындарының өсуiне, пайданың төмендеуiне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде инфляциялық серiппе пайда болады: бағаның көтерiлуi жалақының өсуiн талап етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық серiппе” теориясы деп аталады.

Шығын инфляциясы өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығыны көтерiлiп, соған байланысты баға өскенде ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердiң тек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат, энергия көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.

Өнеркәсiбi дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға ауысатын бiр қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерiнiң жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндiрiс пен жалпы ұлттық өнiмнiң өсуiн ынталандыру мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететiн факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерiне байланысьы болады.

Инфляцияға түбегейлi себептерi тауар айналымы және тауар өндiрiсi аясында болғанымен, оған елдегi саяси жағдайлар да әсер еттедi.

Инфляцияға әсер ететiн бiрiншi топтағы ақшалы факторлар - ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесiнде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюi, халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптiгi, ұлттық валютаның курсын бiрқалыпта ұстау үшін қолданылатын үкiметтiң тәсiлдерi, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу және т. б. факторлар.

Екiншi топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсiретiн ақшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндiрiс құрлымының үйлеспеушiлiгi, шаруашылық механизiмiнiң шығындылығы, мемлекеттiң экономикалық саясаты, оның iшiнде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық iс-шаралары және сол сияқты факторлар.

Шын мәнiндегi екi топтағы факторлар бiр-бiрiмен тығыз байланысып, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң бағасын өсiрiп, инфляцияға соқтырады.

Инфляцияның өмiрдегi көрiнiсi -тауар бағаларының күрт өсуi. Осы көрiнiстi американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт “ақшаның тауарды қууы” деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебi -айналымдағы ақша массасы мен сатуға тиiс тауарлар массасы теңдiгiнiң бұзылуы. Бұндай диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.

Алайда, айналымдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша массасы бiр қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтiң көлемi қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттыру өзiнiң экономикалық тиiмдiлiгi жөнiнен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.

Инфляция кезiнде капитал өндiрiс аясынан айналысқа құйылады, себебi айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсiредi. Бiрақ ол инфляция әсерiн күшейтедi: несиенi өндiрiске салынатын инвестицияны және тауарлар ұсынысын қысқартады. Сөйтiп, инфляция факторлары екi жақты - тауарларды шығаруға және сатуға, ақша массасын және айналым жылдамдығын өзгертуге әсер етедi.

Инфляция факторларын былайша топтаймыз:

- ұдайы өндірістік факторлар : тауарлардың өндірісінің тоқырауы немесе өндіріс көлемінің азаюы жағдайында пайда болды.

- қазыналық факторлар - ақша эмиссиясы есібінен бюджеттік тапшылықты жабу, жанама салықтардың өсуі.

- ақшалай факторлар - ұлттық валютаның валюталық бағамының құлдырауы үнемі сипат алып отырады.

- сыртқы факторларға - экспорттың артуынан шетел валюталарының түсімінің ұлғаюы.

Инфляция - өндiрiс процесiнiң бұзылуы, шаруашылық салаларының бiр-бiрiмен үйлесiмсiз дамуы және мемлекеттiң эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердiң iскерлiгiнiң икемсiздiгi салдарынан туындайтын күрделi, әрi көп факторлы құбылыс.

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.

Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.

Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.

Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция және онымен күрес
Инфляцияға қарсы күрес
Инфляция жағдайы
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазақстан Республикасындағы инфляция мен жұмыссыздық процестерді мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Инфляция жайлы
Ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша-несие саясатына талдау
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфаляциямен күресу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz