Қаржы менеджменттінің ұйымдастырылу негіздері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

Қаржы менеджменттінің ұйымдастырылу негіздері Диплом жұмысы

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТI ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI5

1. 1 Қаржы менеджментiнiң экономикалық мәнi, атқаратын қызметтерi және қажеттiлiгi5

1. 2 Қаржылық реттеу - қаржы менеджментiнiң құрамдас бөлiгi15

1. 3 Қаржылық басқарудың әлемдiк тәжiрибесi27

2 ҚАЗIРГI КЕЗДЕГI КӘСIПОРЫН ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ40

2. 1 Кәсiпорынның баланс активтерiнiң құрастырылу көздерiнiң құрамы мен құрылымының динамикасын талдау40

2. 2 Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылыңының көрсеткiштерi53

2. 3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кейбiр факторлардың әсерi59

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТIН ЖЕТIЛДIРУ БАҒЫТТАРЫ64

3. 1 Қаржылық басқарудағы проблемаларды шешу жолдары64

3. 2 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджментiн жетiлдiру бағыттары76

ҚОРЫТЫНДЫ84

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ86

КIРIСПЕ

Тақырыптын өзектілігі . Нарықтық экономика Қазақстанда белсенді қызмет атқаруда онымен бірге шаруашылық үрдісті реттеудің негізгі механизм бәсекелестік те күш жинауда. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір шаруашылық субъектінің әрекеті нарықтық қатынасқа қатысушылардың көңілін аударды.

Қазіргі жағдайды кәсіпорынның қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін басқарушы өкілдер өздерінің және басқа бәсекелес кәсіпорындардың экономикадағы жағдайларын бағалай білулері керек. Нарықтық жағдай-кәсіпорынның экономикалық әрекетінің маңызды сипаттамасы. Ол бәсекелестікті анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның қаржылық және өндірістік қатынастағы серіктестіктердің экономикалық қызығушылықтары қандай дәрежеде кепілденгенін бағалайды. Дегенмен, экономикалық саясаты бағалау кәсіпорынның табысты әрекет етуі мен алдына қойған мақсатына жетуі үшін жеткіліксіз.

Бәсекелестік кәсіпорынның қаржылық қор мен капиталды қозғалысын дұрыс басқаруын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты бухгалтерлік және қаржылық есеп басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі ақпарат болып есептеледі.

Ақпараттық база қаншалықты объективті және жақсы болса, экономикалық шешімдер соншалықты нақты болады.

Кәсiпорын менеджері үшін ресурстарының есепте уақыттық әртүрлі мерзімінде тауар ағымдарын салыстыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі жағдайда кәсiпорынды басқарушы кәсіпорынның ең негізгі өкілі болып есептеледі. Ол қаржылық сипаттағы мәселелерге, кәсіпорын басшылары қабылдаған шешімдердің қайсысы кәсіпорын әрекеті үшін қажетті екенін анықтауға жасаупты.

Сонымен, табысты кәсiпорынды басқару бәсекелестік жағдайда фирманың қызмет артуына, ірі қаржылық банкроттарға ұшырамауына және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтасыз етуге бағытталады. Қаржылық тұрақтылықты құруда кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы маңызды болып табылады. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жеке заемды қаржыларының деңгейін көрсететін маңызды көрсеткші және осылайша фирма жетекшісіне бизнес әлемінде бағытталуына көмектеседі.

Осыған орай қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін бағалау жүйесінде қаржылық менеджменттің жалпы деңгейіне көңіл аудару қажеттілігі артып отыр, бұл жағдай біз таңдап отырған тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты: басқару шешімдерін қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдастырылу негізіне байланысты талдау әдістерін зерттеу және осы негізде практикалық ұсыныстар мен қорытындыларды өңдеу.

Дипломдық зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының нарық жағдайында кәсiпорын қаржысын басқаруды талдау.

Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында жоспарлық жүйенің қызмет атқару үрдісінде туындаған қаржылы-экономикалық қатынастар.

Қаржылық талдау мәселелері саласындағы отандық және шетелдік ғалым экономистердің монографиялар мен статьялар дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заң және нормативті актілері, статистика агенттілігінің мәліметтері, оның ішінде жергілікті мерзімдік басқармалардың материалдары.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы кәсіпорын мен оның құрамында қаржыны басқару жүйесінде жүзеге асырылатын нақты ұсыныстарды жасау және қаржылық саясаттың қаржылық көрсеткіштерін жоспарлау әдістері болып табылады.

Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi кәсiпорынның қаржылық жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын, оның нарықтығы жағдайын сипаттау үшiн қажет. Талдауға қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы - шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есепте, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады, сондай-ақ толығырақ ақпарат қолданылады. қаржы менеджерiне кәсiпорынның алдағы уақыттағы потенциалды мүмкiндiктерiн бағалау, қаржы шешiмдерiн қабылдау үшiн өткен кезеңдердегi кәсiпорын қызметi туралы ақпараттар қажет. Мұндай ақпараттарда:

- кәсiпорынның ағымдағы қаржы жағдайын, оның активтерiн, мiндеттемесiн және меншiктi капиталын бағалау және белгiлi бiр уақыт аралығындағы осы баптардағы өзгерiстердi бағалауға;

- кәсiпорынның ақша құралдарының ағынын бағалауға;

- инвестициялық шешiмдер және қаржыландыру көздерiн таңдау бойынша шешiмдер қабылдауға қажеттi мәлiметтер болуы керек.

Қаржы менеджментi бүгiнгi таңның өзектi мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан да диплом жұмысымның тақырыбы етiп алуыма себеп болды. Диплом жұмысы үш бөлiмнен тұрады:

- Бiрiншi «Нарықты экономика жағдайындағы қарж менеджментi дамуының теориялық негiздерi» бөлiмiнде қаржы менеджментiнiң экономикалық мәнi, атқаратын қызметтерi және қажеттiлiгi, қаржы менеджментiнiң әлемдiк тәжiрибелерi қарастырылған.

- Екiншi «қазiргi кездегi кәсiпорын қаржыларын басқаруды талдау» бөлiмiнде кәсiпорынның баланс активтерiнiң құрастырылу көздерiнiң құрамы мен құрылымының динамикасы, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткiштерi, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына кейбiр факторлардың әсер етуiне талдау жасалған.

- Үшiншi бөлiмiнде Қазақстан республикасындағы қаржы менеджментiн жетiлдiру бағыттары ұсынылған.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТI ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1. 1 Қаржы менеджментiнiң экономикалық мәнi, атқаратын қызметтерi және қажеттiлiгi

Парламенттiң құзырында қаржы проблемаларын шешу заңдамалық актiлерi - Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейiн дауыс беруге енгiзу жөнiндегi заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн заңдар шығарады, негiзгi қағидаттар мен нормаларды белгiлейдi, олар: салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге, республикалық бюджетке, бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, елдiң қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiне, айналадағы ортаны қорғауға, меншiк режимiне және өзгеде мүлiктiк құқықтарға қатысты.

Парламенттiң жұмыс органдары тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн сенат пен мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi - Экономика және бюджет комитеттерi болып табылады . Комитеттерде заңнамалық актiлер оларды Парламенттiң палаталарында дауысқа салуға енгiзгенге дейiн анықталады.

Жалпы қаржыны басқарудағы үкiметтiң құзыры оның атқарушы билiктiң органы ретiндегi мәртебесiмен анықталады және мыналарды қамтиды:

- әлеуметтiк - экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзiрлеу;

- мемлекеттiк әлеуметтiк - экономикалық және ғылыми - техникалық бағдарламаларды, индикативтiк жоспарларды әзiрлеу;

- республикалық бюджеттi әзiрлеу және оны атқару;

- елдiң қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру, мемлекеттiң қаржы, валюта және материал ресурстарын жасап, пайдаланған кезде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

- құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;

- мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастыру;

- аймақтардың әлеуметтiк - экономикалық даму мәселелерiн шешу;

- сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру, басқа мемлекеттермен, ынтымақтастық пен халықаралық қаржы ұйымдастырумен өзара iс - қимыл жөнiндегi шараларды әзiрлеу;

- елдiң Конститутциясымен айқындалған мәртебеге сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Экономика мен әлеуметтiк саланы басқару жүйесiн түбiрлi қайта құрудан туындап отырған жаңа мәселелердi шешуге байланысты және қазақстан экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуiне орай қаржыны басқару саласында қайта құрылған қаржы министрлiгi және оның жер -жерлердегi органдарының рөлi шұғыл артып отыр. Сонымен бiрге бұл жерде мынаны атап өту қажет. “Қазақстан Республикасының мемлекттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес қаржы министрлiгiне Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi қосылып, олардың бюджеттi жоспарлау және мемлекеттiң кiрiсiн жоспарлау саласындағы функциялары мен өкiлеттiктерi жаңадан құрылған экономика және бюджеттiк жоспарламау министрлiгiне берiлген.

Қазақстан Республикасы ұкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 962 қаулысымен бекiтiлген қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi туралы қағидаға сәйкес Министрлiк басшылықты, сондай -ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы және атқарылуын бақылау, банкроттық рәсiмдерiнiң және дәрменсiз борышкердi тартудың соттан тыс рәсiмiнiң жүргiзiлуiн бақылау, бухгалтерлiк есеп жүйесiн және қаржылық есептеме аудитiн реттеу саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Бәрiнен бұрын бұл жұмыста мемлекеттiң экономикалық рөлi сөз болатындығын баса көрсету қажет. Сондықтан мемлекеттiк экономиканы қаржылық басқаруды қарастыру кезiнде объективтi заңдылықтар негiзiнен шығатын әлеумелтiк экономикалық процестер негiзге алынады. Бұл процестер субъективтi сипатқа ие және олар мұнда мемлекеттiң шаруашылық мәселелердi шешу кезiнде орын алатын салдарларды қаржылық басқару үшiн мысал ретiнде келтiрiлген.

Өзара байланысты экономикалық көрсеткiштердiң жүйесiн есепке ала отырып шартты түрде бұл жүйенi негiзi макроэкономикалық көрсеткiштердi құрайтын пирамида тұлғасында елестетуге болады.

Мемлекеттiк экономиканы қаржылық басқару кезiнде неғұрлым, тиiмдi салық ставкасын орнату қажет. Бұл әрине аса зәру және өте қиын процесс.

Ал мемлекеттiк экономиканы қаржылық басқару мемлекеттiк экономиканы басқарудың тетiгi болып табылады.

қаржы өндiру жүйесiнiң нәтижелiлiгi салық рөлiмен айқындалады. қаржы өндiру потенциалы тәжiрибеде барынша мүмкiн деңгейде жүзеге асырылған және функциялар арасындағы салыстырмалы тең дәрежелiкке қол жеткiзiлген жағдайда ғана бұл рөл оң болады. Және бұл салықтық алымдардың деңгейiн жандандыруда, ал атап айтқанда төлеушiлердiң мүдделерiне залал келтiрмейтiн бюджеттi қалыптастыруда көрiнiс бередi. қаржы өндiрудiң қаржы-шаруашылық iс-әрекет саласына жағымды ықпал етуiн қамсыздандыру-күрделi және сонымен қатар қарама-қарсы мiндет: мемлекет үшiн алғашқы дәрежедегi және ең бастысы салықтық алымдарды максимизациялау, ал салық төлеушi үшiн минимизациялау болып табылады. қаржы өндiрудi жандандыру экономика мен саясаттың ықпалында табылатын көптеген объективтi және субъективтi факторларға тәуелдi.

Шынайы экономикалық ортадағы қаржы өндiру қоғамның экономикалық және саяси пiсiп-жетiлгендiгiн бейнелейдi.

Жоғарыда айтылғандай, салық өндiруде салық рөлiн әралуан бағалайтын мемлекет және салық төлеушi мүдделерi тоғысады. Әрине, салық өндiру жүйесiнiң рөлi салықтық қатынастағы екi жақ үшiн де тең дәрежеде жағымды болуы мүмкiн емес. асiресе экономикалық және саяси дағдарыс жағдайындағы мемлекет пен салық төлеушiлердiң мүдделерi әралуан. Билiк салықтық басқару жағдайын мұқият қадағалауы және салық өндiру жүйесiне қажеттi түзетулердi дер кезiнде енгiзiп отыруы тиiс.

Жоспарлы экономиканың құлдырауында мемлекеттiк басқарудың мақсатқа сәйкестiгi, дәрежесi мен шекарасы жайындағы сұрақтар туындайды. Нәтижесiнде нарық бәрiн өзi реттейтiн және шаруашылық тепе-теңдiгiне қол жеткiзiлетiн еркiн нарықтық қатынастарды енгiзу ұсынысы да жасалады. Дәл осы нарықтық экономикадағы мемлекеттiң жеке тәжiрибесiнiң болмауы бiздi дамыған шет елдер тәжiрибелерiне арқа сүйеуге мәжбүр етедi.

Мемлекеттiң экономикаға қатысуы өндiрiстiң барлық тәсiлдерiнде де орынға ие болды. Ол барынша көп дәрежеде кедендiк қаржылар орнатылып, ол тек тыңшылық мақсатпен ғана емес, өндiрушi мүддесiн қорғау мақсатымен де алына бастағанда айрықша сезiлдi, әлсiз салаларды қорғайтын протекционистiк кедендiк саясат жүргiзiлдi. Өткен ғасырдың бас кезiнде ағылшын үкiметi айлық жалақы деңгейiн, бағаны, жұмыс жағдайын, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп мүдделерi тарифiн реттедi, жабдықтарды экспортқа шығаруға және бiлiктi жұмыскерлердiң елден тысқары шығуына тыйым салды.

Экономикада әрекеттесе отырып мемлекет, әрине мақсат көздейдi:

- үздiксiз тұрақты экономикалық өсiмге қол жеткiзу;

- негiзгi тауарлар мен қызметтер құнынының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- еңбекке жарамды тұрғындардың толық жұмысбастылығын қамсыздандыру;

- тұрғындарды, бiрiншi кезекте зейнеткерлердi, мүгедектердi, көп балалыларды әлеуметтiк қорғау жүйесiн құру;

- сыртқы экономикалық белсендiлiктегi тең дәрежелiлiк.

Бұл мақсаттарға бiр мезгiлде қол жеткiзу мүмкiн емес. Мемлекеттiң қаржылық-бюджеттiк механизмiнiң әрекет етуiнде оның барлық иiндерi кеңейтiлген және қайта өндiру процесiне реттелген арақатынасты әсер етуiне қол жеткiзу-алғашқы дәрежелi мәндi мiндет. Осындай мемлекеттiк реттегiш қажеттiгi болып табылатындар:

  • тұтынушылық тауарлар бағасына бюджеттiк жәрдем көрсету;
  • экономикаға мемлекеттiк инвестиция;
  • кәсiпорындарға дотация немесе несие саясаты түрiнде тiкелей көмек беру;
  • бағаны басқару формасында қажеттiлiк туғанда қаржылық-несиелiк шектеулердi орнату, несие беру, несиенi шектеу, валюталық бақылаушарттарын енгiзу;
  • лицензиялау;
  • жеке саудаға қатысты зандарды даярлау, өнiмдердi стандарттау, мемлекеттiк арбитаж тағы басқа;
  • ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-құрастырушылық жұмыстарды қаржыландыру;
  • қаржы саясаты.

Нарықтық шаруашылыққа тән осы экономикалық ретегiштер арқылы мемлекет қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын шаруашылық белсендiлiк варианттарын ұсынады.

Мемлекеттiк басқарудың негiзгi құралы қаржылық саясат болып табылады. Таза тыңшылық функциядан басқа қаржы және алым жүйесi қоғамдық өндiрiске, оның құрылымы мен динамикасына, ғылыми-техникалық iлгерiлеушiлiктiң шапшандығына экономикалық ықпал ету механизмi ретiнде де қызмет етедi. қаржы пен iскер белсендiлiктi ынталандыруға немесе керiсiнше шектеуге, кәсiпкерлiк белсендiлiктiң кейбiр салаларының дамуына көмек беруге, өндiрiс шығындарын төмендету үшiн алдын ала шаралар жасау және жеке кәсiпорындарға назар аударуға болады. қаржының көмегiмен протекционистiк экономикалық саясат жүргiзiледi, оған тауар нарығының еркiндiгi тәуелдi. қаржылар шығыс белiгi арқылы экономикаға қаржылық ықпал ету мүмкiндiгiн қамсыздандыра отырып мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiнiң негiзгi бөлiгiн құрайды.

Басқарудың жергiлiктi органдары өз территорияларына жеке капиталдарды тартуға мүдделi және жер бөлiктерi мен ғимараттарды жалға алу немесе сатып алу кезiнде жалға алу төлемiн немесе сату құнынан жеңiлдiк түрiнде инвесторларға жанама көмек көрсетуге, заемдарды қамтамасыз етуге, кепiлдемелiк қорларға қатысуға, өнеркәсiптiк аймақтарды құруға даяр. Территориялар мен ғимараттар өнеркәсiптiк аймақтарда көбiне кәсiпорындарға тиiмдi қаржылық жағдайларда ғана берiледi және көбiнесе муниципальды есепте шаруашылық белсендiлiктiң жаңа түрлерiн дамытуға болатын арнайы өндiрiстiк ғимараттар тұрады. Сондай-ақ әрине, ынталандырушы шараға инвесторларды жергiлiктi қаржылардан тұрақты немесе уақытша босату жатады.

Мемлекеттiк және муниципальды билiк, экономикалық инфроқұрылымға капиталдық салымдардың елеулi бөлiгiн жүзеге асырады. Бұл салым түсiм алуға бағытталмаған, бiрақ жанама түрде жекеменшiк капиталға түсiмнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Бәрiнен бұрын бұлар құрылысқа, транспорттық қатысым мазмұнына, байланыс линияларына, өнеркәсiптiк су құбырлары жүйесiне, тазалағыш құрылымдарға, жер бөлiктерiн даярлауға кететiн шығындар.

Қазiргi уақытта жұмысшы үшiн қайта бiлiктендiру және инфроқұрылымды модернизациялау мен қатар жүретiн жаңа алдыңғы қатарлы өндiрiстi дамытуға, өнеркәсiптi қайта бағыттау мiндетi қойылуда. Ол мемлекеттiң кең көлемдi салықтық жеңiлдiктер мен қаржылық ықпал етудiң басқа да әдiстерiн қолдануға белсендi қатысуы кезiнде шешiледi.

Экономикалық белсендiлiктi жандандыру үшiн қаржылық ықпал етудiң капиталдық қаржы бөлу мен өнеркәсiпке жәрдем көрсету, жеке аудандар үшiн электр энергиясы мен суға жеңiлдiк тарифтерi түрiнде жәрдем беру, несие берудiң жеңiлдiк көрсетiлетiн жағдайлары - төмен пайызға займ, ұзақ мерзiмдi займ, несие бойынша дотация сияқты формалары қолданылады.

Экономиканың дамуына қаржылық ықпал ету тек ынталандырушы ғана емес сонымен қатар iркушi де болуы мүмкiн. Бұл қажеттiлiк қоршаған табиғи орта, халықтың орналасуы, ресурстық қамсыздандыру тағы басқа мәселелерi ұшығып тұрған, өндiрiс пен тұрғындары жоғары шоғырланған аудандардың дамуын басқаруде туындайды.

Салықты бiр формада жоғарылату тым жоғары коньюктураны iрку қажет болған жағдайда барынша нәтижелi және берiк құрал болып табылады. Тағы бiр әдiс - салықтық жеңiлдiктердi жою болып табылады /4/.

Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортаны ластау, шикiзаттың басқа ресурстарына қарым-қатынаспен қалдықсыз технологияны жеткiлiксiз ұйымдастыру арқылы бейнеленедi. Бiрақ бұл жерде мемлекет сырттай бақылаушы болуы мүмкiн емес және үш негiзгi бағыт бойынша белсендi шаралар жүргiзуге мәжбүр, атап айтқанда:

а) орталықтандырылған қаржыландыру көздерiнiң есебiнен ағымдық және iлгерiлемелi табиғатты қорғау iс-шараларын жүзеге асыру;

б) сыртқы нәтижесi алдын ала орнатылған нормативтердi жоғарылататын шаруашылық субъектiлерi үшiн әкiмгершiлiк құқықтық шектеулердi орнату;

в) табиғатты ұтымды пайдалануды ынталандыратын механизм әрекетiн
бақылау және өңдеу.

Экономиканың нарықты қатынастар жағдайында қаржы саласында қабылданатын басқару шешiмдерiнiң рөлi және мәнi аса түсуде. Жалпы қаржы дегенiмiз ақша табыстарын қалыптастыру және оларды пайдалануға байланысты пайда болатын ақша қатынастары болып табылады. Сонымен қатар қаржы ақша қаражаттарының тиiмдi пайдалануына, яғни қоғамның әлеуметтiк-экономикалық даму тиiмдiлiгiнiң көтерiлуiне ықпал жасайды. Бұл анықтама негiзiнде жалпы мемлекеттiк қаржыға қатысты. Ал кәсiпорын деңгейiнде қаржы қатынастары кәсiпорынның қаржы қорларының қозғалысына байланысты, яғни ол кәсiпорынның мемлекетпен, халықпен, басқа да шаруашылық субъектiлермен қаржылық қатынастарды қамтиды. қаржы менеджментi - қызметтегi субъектiнiң қаржы ресурстарын пайдалану, бөлу және қалыптастыруды басқару процесi және оның ақша қаражаттарының айналымын оптимизациялау болып табылады. қаржы менеджментiнiң негiзгi мақсаты кәсiпорынның капитал иеленушiлерiнiң жағдайын жақсарту, яғни кәсiпорынның немесе оның акцияларының нақты құнының өсуiн табыстың көбеюiмен шатастыруға болмайды, өйткенi табыстың көбеюiбарлық жағдайда мақсатқа жетуге әкеле алмайды. Бiр жағынан, кәсiпорын алған табыс кәсiпорынның даму мақсаттарына жұмсалмауы мүмкiн. Екiншi жағынан, кәсiпорынның табыстылығы үлкен қаржылық тәуекелдерде қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатқа байланысты қаржы менеджментiнiң мiндеттерi:

- кәсiпорынның жоғары қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- кәсiпорынның ақша айналымын оптимизациялау және тұрақты төлемқабiлеттiлiктi қолдау;

- кәсiпорынның табысын көбейтудi қамтамасыз ету;

- кәсiпорын қызметiнде қаржы тәуекелдерiн төмендетудi қамтамасыз ету.

қаржы менеджментi шегiнде кәсiпорында осы мақсаттарды жүзеге асыру жолдары келесiлер:

  • кәсiпорынның шаруашылық және инвестициялық қызметiн қаржыландырудың тиiмдi саясатын қалыптастыру және оның капиталының қаржылық құрылымын оптимизациялау;
  • ақша ағндарын тиiмдi басқару, активтердiң өтiмдiлiгiн қолдау;
  • сақтандырудың iшкi және сыртқы формаларын пайдалана отырып қаржы тәуекелдерiн тиiмдi басқару.

қаржы жүйесiнiң бастапқы буыны ретiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы базистiк категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс iстейтiн айрықшалықты белгiлерi мен ерекшелiктерi бар объективтi экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бiрақ ақша қорлары қозғалысының объектiсi бар, субъектiлердiң нақтылы мүдделерi жөнiнде көрiнетiн кез-келген қатынастар сияқты, олар реттеудi, тиiстi қаржы ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтiрудi қажет етедi. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен машығымен және iскерлiгiмен жасалатын субъективтi басқарушы iс-әрекеттерi арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистiк аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиiс, яғни базистiң шарттарына бағынышты болуы тиiс болғандықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын iс-әрекеттерге қаржы менеджментi ұғымы - тиiмдi пайдалану мақсатымен кәсiпорынның ақша ағынының, кәсiпорынның бүкiл қаражаттарының қозғалысы механизмiн басқару жүйесi жатады.

қаржы менеджментiнде ақша оның iс-әрекетiнiң мезгiлдiк межелдемелерi тұрғысынан қызметтердi атқару кезiндегi өзге нысанға, сапаға айналғанға дейiн қаралады. Бұл аспектiде ақшаның уақытша құнынынң барлығы есепке алынады: мұндай сомада бүгiнгi ақша мен келешектегi ақшаның сатып алу күшi бiрдей болмайды. Ақшаның қазiргi және келешектегi құны өзара қайтымды. қазiргi құн келешектегi құнға компаудингiлеу-күрделi пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегi құн қазiргi құнға дисконттау-пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткiзiледi. Ақшаның келешектегi құнының есеп қисабында инфляцияның индекстерiн есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет. Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның ренте төлемдерiнiң, жүйелi жарналардың, кiрiстердiң және басқа ақша операциялары есептеулерiнiң бiр жолғы сондай-ақ дүркiн-дүркiн түсулерi мен төленулерi жай және күрделi аннуитеттердiң есеп қисабы, капиталды бюджеттендiру, табыстылықтың iшкi мөлшерлемесi тәсiлдерi арқылы жүргiзiледi.

Аннуитет дегенiмiз тұрақты негiзде уақыттың белгiлi бiр мезгiлi iшiнде тiркелген межелдемелер арқылы төленетiн немесе алынатын инвестиция, табыс. Капиталды бюджеттендiру - өтеудiң қарастырылған мезгiлiнде қаражаттарды кейiнгi дүркiн-дүркiн қайтаруларымен жабылатын ақша қаражаттарыныңбiр жолғы жылыстауы. Бюджеттендiру тұжырымдамасы негiзгi активтер бойынша шығыстарды жоспарлау кезiнде пайдаланылады, бұл жобаларды талдау және ақша қаражаттартының ұзақ мерзiмдi және iрi жұмсалымы жөнiнде шешiмдер қабылдау процесi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ
Қызмет көрсету саласының секторы ретінде қонақ үй шаруашылығының теориялық негізі
Менеджменттің мақсаты, принциптері және құрымы
Депозит қаражатын басқару
Менеджменттің стратегиясы мен талқыласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz