ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨРІС АЛҒАН ОҚУ.АҒАРТУ, ТӘЛІМ.ТӘРБИЕНІҢ
ЖӘЙ.ЖАПСАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Осы кезеңдегі қазақ еліндегі педагогикалық және психологиялық ой.пікірлердің өріс алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2 Х. Досмұхамедовтың өмір жолы мен творчествосы, ғалымдық тұлғасының қалыптасуында И.П.Павлов пен В.М.Бехтеревтің әсері ... ... .. 20
1 бөлім бойынша тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2 Х.ДОСМҰХАМЕДОВТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ..
2.1 Ғалым мұрасындағы жалпы психология мен психофизиологияның
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.2 Ұлт психологиясы мен қоғамдық психологияның аспектілері ... ... ... . ...32
2.3 Фольклор . халық психологиясының айнасы. Бөбек психикасының
қалыптасуындағы бесік жырының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
2.4 Ұлттық физиологиялық, психологиялық ғылыми атаулардың негізін қалаушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
2.5 Х. Досмұхамедов және Қазақстандағы педология (1928.1936) ... ... ... ..78
2 бөлімнің қысқаша тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 99
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 100
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 105
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 111
Қосымша Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 113
Қосымша Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 116

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы Х. Досмұхамедовтың ғылыми және тәлім-тәрбиелік тұжырымдарының психологиялық сипатын ашуға арналған.
Х. Досмұхамедовтың тұлғалық қалыптасуының тарихи-психологиялық алғы шарттары анықталып, оның өмір жолының, ғылыми ізденістері мен шығармашылығының аса маңызды факторлары айқындалады. Сондай-ақ, ғалымның психологиялық көзқарастары талданып, баяндалады.
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамымызда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие саласының мазмұнына жаңаша бағыт-бағдар беріп отыр. Ғалымдар мен ұстаздар қауымына жүктелетін міндеттер ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы жолдауында, «мәдени-этностық білім беру» «Мәдени мұра» тұжырымдамаларында [1] айқын көрсетілген.
Қазіргі ұрпаққа еліміздің өткен тарихын таныту міндеті қойылып, ұлттық психология мен педагогикаға қатысты ұлттық ой-танымдардың ғылыми-теориялық жағынан қайта сарапталуына жедел бетбұрыстардың жасалынуы, басқа да қоғамдық, гуманитарлық ғылымдармен қатар қазақстандық психология ғылымының алдына да осы тұрғыдан жаңа міндеттер қойып отыр. Тарихи-психологиялық зерттеулердің өзектілігі бүгінгі таңдағы қазақстандық психология ғылымын одан әрмен қарай дамыту қажеттілігінен туындайды. жаңа негіздегі психология ілімінің дамуының ішкі логикасын, оның сабақтастығын көруге болады. Соңғы он жылдықта біздің елімізде тарихи психологиялық, этнопсихологиялық мәселелерді шешуге қатысты Қ.Б.Жарықбаевтың [2], Ж.Түрікпенұлының [3], Б.Әмірованың [4], С.Қ.Бердібаеваның [5], А.Кукубаева [6], Ж.Сабирова [7] және т.б. іргелі зерттеулерімен қатар, ТМД елдеріндегі психология ғылымында көтерілген көкейкесті өзіндік проблемалар баршылық.
Психология ғылымының даму жолы мен тарихын зерттеуде бұрынғы Одақ көлемінде біраз іс тындырылғанын айта кеткен абзал. Осындай зерттеушілердің қатарына: А.Н.Ждан [8], М.Г.Данильченко [9], А.А.Никольская [10], А.В.Петровский [11], А.А.Смирнов [12], М.Г.Соколов [13], М.В.Теплов [14], М.Г.Ярошевский (Ресей). [15], Г.С.Костюк [16], Б.А.Роменец (Украина) [17], Прангишивили А.С. (Грузия) [18], А.Абдүсәттаров [19], А.С.Байрамов [20], М.А.Мазманян [21], Л.А.Сааякан (Армения) [22]. А.С.Гучас (Литва) [23], Я.М.Анспак [24], К.А.Рамуль (Эстония) [25] т.б. бар. Бұлардың еңбектерінде бұрынғы КСРО еліндегі психология ғылымының тарихы, оларда көтерілген іргелі де келелі теориялық мәселелер мен әдіснамалық арналар жайлы кесек зерттеулер жүргізіліп, көптеген еңбектер жарық көрді.
Бұл жерде осынау ғалымдардың атыжөні мен жұртын тәптіштеп көрсетіп отырған себебіміз тіпті сонау ұлт пен ұлысқа бөлінуді қаламайтын кеңес заманының өзіндеақ аталмыш елдер сөз тарихына айрықша көңіл бөлгенін оқырман қауымға жеткізу еді. Бұл салада бізде де біраз іс тындырылды десек қателеспеген болар едік.

1. Қ.Жарықбаев Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы, 1996.
2. Қ.Жүкеш Ұлттық психологияның сипаты. – Алматы, 1993 –195 б.
3. Н.Иманғалиева Х.Досмұхамедов бесік жыры бала жанының қалыптасуындағы басты дәнекер екендігі туралы //Мектептегі психология. – Алматы, 2007. №6(12). – 5-6 б. (Қ.Жарықбаевпен бірге).
4. Н.ИманғалиеваХ.Досмұхамедов (1883-1939) пен Ш.Әлжанов (1901-1938) және Қазақстандық педология хақында //Мектептегі психология. – Алматы, 2007. №6(12). – 6-8 б. (Қ.Жарықбаевпен бірге).
5. Н.Иманғалиева Х.Досмұхамедов психология мен физиология төл атауларын тұңғыш жасаушылардың бірі //Мектептегі психология. – Алматы, 2007. №6(12). – 8-11 б. (Қ.Жарықбаевпен бірге).
6. Н.Иманғалиева Педология қандай ғылым //Мектептегі психология. –Алматы, 2008. №1. – 11 б.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 ХХ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨРІС АЛҒАН ОҚУ-АҒАРТУ,
ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ
ЖӘЙ-ЖАПСАРЫ

... ... ... ... ... 4
1.1 Осы кезеңдегі қазақ еліндегі педагогикалық және психологиялық ой-
пікірлердің өріс алуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2 Х. Досмұхамедовтың өмір жолы мен творчествосы, ғалымдық тұлғасының
қалыптасуында И.П.Павлов пен В.М.Бехтеревтің әсері ... ... .. 20
1 бөлім бойынша тұжырым

27
2 Х.ДОСМҰХАМЕДОВТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ..
2.1 Ғалым мұрасындағы жалпы психология мен психофизиологияның
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
2.2 Ұлт психологиясы мен қоғамдық психологияның аспектілері ... ... ... .
...32
2.3 Фольклор – халық психологиясының айнасы. Бөбек психикасының
қалыптасуындағы бесік жырының рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
4. Ұлттық физиологиялық, психологиялық ғылыми атаулардың негізін
қалаушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 68
2.5 Х. Досмұхамедов және Қазақстандағы педология (1928-
1936) ... ... ... ..78
2 бөлімнің қысқаша тұжырымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 99
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 100
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 105
Қосымша А

... ... ... ... ... ... ... 111
Қосымша Ә

... ... ... ... ... ... ... 113
Қосымша Б

... ... ... ... ... ... ... 116
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы Х. Досмұхамедовтың ғылыми
және тәлім-тәрбиелік тұжырымдарының психологиялық сипатын ашуға арналған.
Х. Досмұхамедовтың тұлғалық қалыптасуының тарихи-психологиялық алғы
шарттары анықталып, оның өмір жолының, ғылыми ізденістері мен
шығармашылығының аса маңызды факторлары айқындалады. Сондай-ақ, ғалымның
психологиялық көзқарастары талданып, баяндалады.
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамымызда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық
жаңғырулар егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие
саласының мазмұнына жаңаша бағыт-бағдар беріп отыр. Ғалымдар мен ұстаздар
қауымына жүктелетін міндеттер ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы
жолдауында, мәдени-этностық білім беру Мәдени мұра тұжырымдамаларында
[1] айқын көрсетілген.
Қазіргі ұрпаққа еліміздің өткен тарихын таныту міндеті қойылып, ұлттық
психология мен педагогикаға қатысты ұлттық ой-танымдардың ғылыми-теориялық
жағынан қайта сарапталуына жедел бетбұрыстардың жасалынуы, басқа да
қоғамдық, гуманитарлық ғылымдармен қатар қазақстандық психология ғылымының
алдына да осы тұрғыдан жаңа міндеттер қойып отыр. Тарихи-психологиялық
зерттеулердің өзектілігі бүгінгі таңдағы қазақстандық психология ғылымын
одан әрмен қарай дамыту қажеттілігінен туындайды. жаңа негіздегі психология
ілімінің дамуының ішкі логикасын, оның сабақтастығын көруге болады. Соңғы
он жылдықта біздің елімізде тарихи психологиялық, этнопсихологиялық
мәселелерді шешуге қатысты Қ.Б.Жарықбаевтың [2], Ж.Түрікпенұлының [3],
Б.Әмірованың [4], С.Қ.Бердібаеваның [5], А.Кукубаева [6], Ж.Сабирова [7]
және т.б. іргелі зерттеулерімен қатар, ТМД елдеріндегі психология ғылымында
көтерілген көкейкесті өзіндік проблемалар баршылық.
Психология ғылымының даму жолы мен тарихын зерттеуде бұрынғы Одақ
көлемінде біраз іс тындырылғанын айта кеткен абзал. Осындай зерттеушілердің
қатарына: А.Н.Ждан [8], М.Г.Данильченко [9], А.А.Никольская [10],
А.В.Петровский [11], А.А.Смирнов [12], М.Г.Соколов [13], М.В.Теплов [14],
М.Г.Ярошевский (Ресей). [15], Г.С.Костюк [16], Б.А.Роменец (Украина) [17],
Прангишивили А.С. (Грузия) [18], А.Абдүсәттаров [19], А.С.Байрамов [20],
М.А.Мазманян [21], Л.А.Сааякан (Армения) [22]. А.С.Гучас (Литва) [23],
Я.М.Анспак [24], К.А.Рамуль (Эстония) [25] т.б. бар. Бұлардың еңбектерінде
бұрынғы КСРО еліндегі психология ғылымының тарихы, оларда көтерілген іргелі
де келелі теориялық мәселелер мен әдіснамалық арналар жайлы кесек
зерттеулер жүргізіліп, көптеген еңбектер жарық көрді.
Бұл жерде осынау ғалымдардың атыжөні мен жұртын тәптіштеп көрсетіп
отырған себебіміз тіпті сонау ұлт пен ұлысқа бөлінуді қаламайтын кеңес
заманының өзіндеақ аталмыш елдер сөз тарихына айрықша көңіл бөлгенін
оқырман қауымға жеткізу еді. Бұл салада бізде де біраз іс тындырылды десек
қателеспеген болар едік.
Халқымыздың он төрт ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірі тарихындағы аса
көрнекті тұлғалар да біраздан бері зерттеу объектісіне айнала бастады.
Қорқыт ата мен әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұни мен Махмұд Қашқаридің,
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы мен Мұхамед Хайдар Дулатидің, Шәкәрім
Құдайбердіұлының, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабайұлы т.б.ұлт
зиялыларының рухани мұралары педагогикалық, психологиялық тұрғыдан талдауға
алынып, диссертациялар қорғалды. Сондай-ақ Қазақ халқының тәлімдік ой-
пікірлер антологиясы (Алматы, Рауан, 1995, 1998), Қазақ тәлім-тәрбиесі
(Алматы, Санат, 1995). Қазақ психологиясының тарихы (Алматы, Қазақстан.
1996) т.б. іргелі еңбектер жарық көрді.
Соңғы кездері Қазақстан жағдайында да ұлттық тәлім-тәрбие саласының әр
түрлі проблемалары, әсіресе, қазақ психологиясының сан ғасырлық тарихы
зерттеу объектілеріне айналып келеді. Тек соңғы жылдары ғана осы салада
бірнеше диссертациялар қорғалып, жекелеген еңбектер жарық көрді. Бұлардың
қатарына, А.Ақажанованың [26], Н.Жандилдиннің [27], Қ.Жүкештің [28],
Н.Елікбаевтың [29], Қ.Жарықбаевтың [3], А.Мірәлиеваның [30], Ж.Сабированың
[31], В.Чистовтың [32], т.б. еңбектерін жатқызар едік. Осы айтылғандарға
қоса қазақ психологиясының жекелеген мәселелерін қозғап, диссертация
қорғап, еңбектер жазған ғалымдарды айтқанда: Ж.Намазбаева [33], С.Жақыпов
[34], Ә.Алдамұратов [35], Қ.Рахымбеков [36], Қ.Шериязданова [37],
Ж.Түрікпенұлы [3] сияқты ғалымдарды атап өткеніміз жөн.
Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ халқының рухани мұрасы әркез атқарылып,
қаншама аударылса, әлде де болса қалтарыста қалған қазына, шертілмей қалған
шежіре, байқалмай жүрген байлық бар. Әр дәуір, әр кезеңнің өз шежіресін
жасайтыны белгілі. Көнені көзден өткізе отырып, жаңамен сабақтастыру,
жалғастыру да біздің салтымыз. Қазақ тарихында, - деп жазды проф.
Қ.Жарықбаев – небір орақ ауыз, от тілді ақын жазушылар, шежіреші шешендер,
қара қылды қақ жарған, аты аңызға айналған ғұламалар өткен. Оларды қазіргі
ізденімпаз, қагілез, сергек ойлы жұртшылық жақсы біледі. Әйтседе осылардың
көп негізі қағаберіс қалып келе жатқаны аз емес. [38]
Осындай түйінді ел Президенті Н.Ә.Назарбаев та әркез айтып жүр. Менің
ойымша, - дейді Елбасы – қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық
әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние (Н.Назарбаев.
Менің арманым да,мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу. [39. 19]
Олай болса, осы еңбекте сөз болғалы отырған халқымыздың біртуар
ұлдарының бірі – Х.Досмұхамедовтың психологиялық мұрасын зерделеп, елеп
екшеп, зиялы қауым мен қалың жұршылық назарына ұсыну- осынау зерттеудің
басты мақсаттарының бірі дер едік.
Қазақ психологиясының даму тарихы мен өзіндік сипатын көптен бері
зерделеп зерттеп келе жатқан профессор Қ. Б.Жарықбаев: Ұлттық тәлім-
тәрбиелік ой-пікірлер төркінін, оның ілкі бастауын ежелгі Орхон-Енисей
түркі жазба ескерткіштерінен бастап (VI-VIII ғ.ғ) Қазан төңкерісіне дейінгі
кезең аралығында қарастыра отырып, қазақ психологиясының ғылыми-теориялық
дәрежеге әлде де болса көтеріле қоймаған себептерін ашты. Ғалымның
пікірінше, ол себептерге – біріншіден, Қазақстанда қоғамдық, гуманитарлық
ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, жеке-дара бөлініп,
олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймағандығы, екіншіден, әр ғылымның
жекелеген ерекшеліктерін мұқият зерттейтін маман ғалымдардың тапшылығы,
үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық
базаның жоқтығы себеп болған – деп, атап көрсетеді. [38. 114]
Қоғам өміріндегі қазіргі терең өзгерістер ұлттық тәлім-тәрбие
ерекшеліктерін бүкіл адамзат жинақтаған тәжірибемен ұштастыра отырып, қазақ
мектебінің болашақта дамуының жаңа белеске көтерілуіне жағдай туғызды.
Халықтың ата-баба мұрасының баға жетпес рухани байлықтары, тілі, діні,
тарихы, әдебиеті, табиғи ортасы шаруашылық ұйымдастыру мен күн көрісіне
байланысты қалыптасқан ұлттық қол өнері, киім-кешегі мен ою-өрнегі,
қайталанбас үй құрылысы мен жиһаздары, қару-жарағы, әуез аспаптары, күй-
саздары, ақындық-шешендік өнері, инабаттылығы мен имандылығы, ізгілігі мен
адамгершілігі – қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс бітімі бүгінгі таңда қазақ
мектептеріндегі білім мен тәлім-тәрбие мазмұнынан берік орын алуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген ұлттық ерекшеліктер мен болмыс бітімдер оқу
жоспарындағы барлық пәндердің мазмұнына өзіндік ерекшеліктерімен енуі,
оқытудың оқу-әдістемелік жүйесі өз қызметін жемісті орындауы үшін оның
мақсаты, білім мазмұны мен формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, т.б. ұлт
табиғатының ерекшеліктеріне сәйкес жасалуы керек. Бұлардың бәрі сырттан
телінбей, қазақ этносының өзіне ғана тән психологиялық ерекшеліктер
деңгейінде дамып жетілуі тиіс.
Ұлттық тәрбиенің пәрменділігін арттырып, мектептерде оны жандандырудың
бір көзі – әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жоралғы секілді
этностық ерекшеліктеріміздің психологиялық астарларын бойлап, олардың
қайталанбас белгілерін, оның күнгей және көлеңкелі жақтарының даму,
қалыптасу жолдарын ғылыми електен өткізуге келіп тіреледі. Мәселен,
халқымыздың кезінде талай жұртты тамсандырған тамаша қасиеттерін: үлкенді
сыйлау, ата-ананы құрметту, иман-жүзділік, қонақжайлық, бауырмалдық, ақ
көңілділік, қайырымдылық, суырып салмалық, ақынжандылық, т.б. дамыта
түсумен қатар социализм тұсында теріс бағытта белең алған әр түрлі келеңсіз
қасиеттердің (үлкенді сыйламау, ала ауыздылық, арызқойлық, қызғаншақтық,
күншілдік, бақталастық, рушылдық, дүниеқоңыздық, енжарлық, ішімдікке
құмарлық, неке бұзарлық, т.б.) пайда болу себептерін қарастырып, олардан
біртіндеп арылту жұмыстарын жүргізу – қазіргі таңда ұстаз атаулының басты
борышы һәм парызы. Ұлттық сана мен халықтық тәлім-тәрбиенің ілкі бастауы
бесіктен қалыптасатыны белгілі. Сондықтан да ұлт тәрбиесінің әліппесін бала
шыр етіп жерге түскен күннен бастап үйде де, түзде де, мектеп жағдайында да
жас буынның ұлттық санасы мен әдет-ғұрпы, тілі мен имандылығы қалайша
дамып, қалыптасып отырғандығына үнемі көңіл бөлу қажет. Имандылық,
инабаттылық, мейірімділік секілді халқымызға тән қасиеттердің түп-төркіні
мен байырғы бастауларын танып-білу жолында ерінбей-жалықпай ізденіс-
зерттеулер ұйымдастыру, бұларды тәлім-тәрбие процесінің тұрақты жүйесіне
айналдыру – барша жұрттың, әсіресе, ұстаздар қауымының абыройлы міндеті.
Халқымызда баланы жөргегінен бастап оны ер жеткенге дейін үздіксіз
тәрбиелеу жүйесі – халықтық педагогика дәстүрі болған. Сондай-ақ, ата-
бабаларымыз ұлттық ізгілікті, елдің мерейін көтерген рухани мұраны
көкпардай қағып алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Асыл өсиеттей аталы
сөздерді білу баршаның парызы.
Ұлттық психология мен этика, мінез-құлық, әдеп мәселелері – қазақ
елінің егемендік статусын жариялауына байланысты бізде біртіндеп жүзеге
асып келе жатқан ана тілін өркендету саясатына орайлас келетін стратегиялық
мәні бар шаралардың бірі, яғни ұзақ жылдар отаршылдар жүргізген саясат
қазақ халқының қазіргі жан дүниесінен бірден шыға қоймайтыны, сондықтан да
тәлім-тәрбие саласында шет жұрттық (батыс, орыс, т.б.) идеологиядан
біртіндеп арылу қажет болып отырғандығы даусыз.
Сонау отызыншы жылдардың басында жазықсыз жазаға ұшырап, зорлық-
зомбылық құрбаны болған Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931), Әлихан Бөкейханов
(1866-1937), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937), Халел Досмұхамедов (1883-1939),
Міржақып Дулатов (1885-1935), Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931), Мағжан
Жұмабаевтардың (1893-1937) ұлттық тәлім-тәрбие, әдеп, педагогика,
психология саласындағы терең де сындарлы пікірлері бүгінгі жас ұрпақты
толғантып, тебірентпей, бей-жай қоя алмайды. Өйткені олар көтерген өзекті
мәселелер сол кездің өзінде-ақ халқымызға іздесе таптырмайтын аса құнды,
тамаша үлгі-өнеге болған. Сол асыл арыстар ұстаздық етумен бірге тәлім-
тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт-санасын үңіле зерттеп, ғасырлар
бойы қалыптасқан халықтық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық психологияның
озығы мен тозығына терең талдау жасады. Олар өз еңбектерінде кешегі көшпелі
қазақ жұртының үлгі-өнеге тұтар асылдары көп болғанын, ұстаз бен шәкірт
арасындағы әр түрлі қарым-қатынасының ұлттық колоритқа толы сан алуан
көріністерін, енді ғана қаз-қаз басып келе жатқан жаңа типтегі мектеп
өмірінің күнгей және көлеңкелі жақтарын, ғылым негіздерін оқыту мен сауат
ашудың тиімді әдістерін, төте жолдарын, үлгілі мектептердің түрі мен
комплексті оқудың тиімділігін сөз етіп, осы секілді ұлттық мектеп пен
педагогикаға, психология мен этикаға тікелей қатысты (осы айтылғандардың
қажеттілігі күні бүгінге дейін актуальды) мәселелерді айтқан еді.
Осы аяулы арыстарымыздың жеке бас өнегесінің өзі үлкен үлгі. Мәселен,
1920-21 жылдары Торғай бойында қыс қатты болып, мал жұтап қалады. Қазақ
өкіметі сондағы халыққа көмектесу үшін өкілдер жібереді. Сондай өкілдердің
бірі – Жүсіпбек Аймауытов елден көп мал жинайды, бірақ оны қыс кезінде
түгел айдап жүргізу қиынға соғады (қатты боран, мал өлімі ит-құс, ұры-қары,
т.б.). Осыны желеу еткен жала жабушылар: малды түгел айдап жеткізбедің,
ұрлап сойдың деп Жүсіпбекті жауапқа тартады. Соттың қорытынды нәтижесінде
Аймауытовқа сөз бергенде ол былай деген екен: Қазақ ежелден қарыз беріп,
қарыз алады, құн беріп, құн алады. Сонда ол бірінен-бірі еш уақытта қолхат
алмайды, ешбір протокол жасамайды, бәрін ауызша, сөзбен жүргізеді. Бұл
әбден әдет болып кеткен. Аштарға жәрдем үлестіргенде менің бойымда да,
ойымда да осы заң күшті болды. Мен атам қазақтың осы заңын ұстандым.
Аштарға не берсем де ешқайсысынан қолхат алмадым. Хат білмейтін, аштан көзі
қарайып, өлейін деп отырған адамнан қолхат сұрауды қолайсыз көрдім. Сөйтіп
ол өзінің дәлелді логикасы мен дәстүрінің заңдарына сүйеніп ақталып шығады.
Бұл жерде халқымыздың Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы
дейтін ант сөзінің қаншалықты құдіретті екенін аңғаруға болады. Ж.Аймауытов
ұлттық тәрбие туралы аз айтпаған. Мәселен, ол: ...адамның өз басының
көгергенімен ұлт көркеймейді... Ұлт көркейсе, ол бақыт сол ұлт ішіндегі
адамдарға ортақ... ұлтын, Отанын көркейту – қандас, діндес, тілдес
бауырларының қамын жеу... десе, асқақ ақын М.Жұмабаев: ...қазақтың
тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып
тіреледі... мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына)
қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ
серттесуге болады деген еді.
Ахмет Байтұрсыновтың ана тіліне байланысты барша қазақ халқын
сақтандыра айтқан мына сөздерінде қаншама тәлімдік астар жатыр: Өз алдына
ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға
тиіспіз... орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін
елеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап барады.
Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, аз уақытта тілмен
де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу
керек.
Ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана, тіл, дін, діл секілді мәселелердің
психологиялық жақтарын этнопсихология ғылымы қарастырады. Этнопсихология –
түрлі ұлттар мен ұлыстарға тән психологиялық ерекшеліктерді, яғни белгілі
ұлт өкілінің этностық мінез-құлық өзгешеліктерін, ұлттық сана-сезімнің
қалыптасу, даму жолдарын зерттейді. Бұрын КСРО құрамына енген республикалар
өз егемендігі мен тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, осы елдердің саяси-
әлеуметтік, экономикалық өміріне қатысты психологиялық мәселелер көбейіп
келеді. Мәселен, әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың тілі мен мәдениеті, олардың
мүдделері мен құқықтарын қорғау, тыныс-тіршілігінің дәстүрлі салтына
ұқыптылықпен қарау, шиеленіскен ұлттық қатынастарды сауықтыру,
қақтығыстарды болдырмау, реттестіру экстремизм мен шовинизмнің,
нәсілшілдіктің, ұлттық кемсітушілікітің кез-келген көріністеріне қарсы
күресу т.б. осы тектес этнопсихологиялық факторлармен санасуды қажет етеді.
Тоталитарлық режим тұсында қуғын-сүргінге ұшыраған халқымыздың аса
көрнекті ғалымдары, қоғам қайраткерлері Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың,
М.Шоқайдың тәлім-тәрбие саласындағы ғылыми мұралары зерттеле бастады. Осы
орайда ХХ ғасырдың бірінші ширегінде жазықсыз жапа шеккендердің бірі – Х.
Досмұхамедовтің (1883-1939) алатын орны ерекше.
Күні бүгінге дейін ғұлама-ғалым туралы көптеген диссертациялар,
көптеген ғылыми мақалалар жазылды. Бірақ Х. Досмұхамедовтың психология
ғылымы саласындағы мұралары тікелей сөз болмай келеді. Бұл жерде
Қ.Б.Жарықбаевтың еңбегінен басқа ешқандай зерттеу болмай келді.
Х.Досмұхамедов психология ғылымынан арнайы еңбек жазбаса да, оның
көптеген шығармаларында (Адам тәнінінің тірлігі (1927 ж. Қазақ халық
әдебиеті), [40.41] аталмыш ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты
әсіресе, Х. Досмұхамедовтың тікелей өзі жазған педологиялық психологиялық
бағыттағы мұраларын іздеу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық
кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан табылған еңбегінде
ғылыми мәні зор, ерекше көңіл аударарлық ой-пікірлер көптеп кездеседі.
Ғалымның творчестволық зертханасында психологияның негізгі мәселесі – жан
мен тәннің психологиялық, физиологиялық асталары, адамның жан дүниесінің
(түйсік сөйлеу, мінез т.б.), тәрбие мен білім алудың, денсаулықтың,
әлеуметтік психологияның жекелеген мәселелері, ұлттық тәлім тәрбиенің
ғылыми астары мен түсініктерін, ұғым түсініктерін жасау мәселелесі кеңінен
көрініс тапқан.
Х.Досмұхамедов ерекше көңіл бөлген басты мәселенің бірі – қазақ
халқының ұлттық ерекшеліктері жайлы мәселе. Ол өз халқының мінез-құлқын,
көңіл-күйін, салт-дәстүрлері мен іс әрекеттерін, сезім дүниесі мен мінез
ерекшеліктерін жақсы біле отыра, қазақ халқының психологиялық портретін
жасауға, бұларға тарихи-этнологиялық, психологиялық тұрғыдан талдау
жасауды мақсат етеді. Осы айтылғандар әлі де болса ғылыми талдауға түспей,
көпшілік назарынан тыс қалып келеді. Сондықтан да біздің зерттеуіміз
Х.Досмұхамедовтің осы секілді психологиялық көзқарастарын талдауға
арналады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Х. Досмұхамедовтың рухани мұралары соңғы
жылдары ғана әртүрлі ғылымдар тарапында зерттеле бастады. Ғалымның
психологиялық пікірлері профессор Қ.Б.Жарықбаевтың Қазақстандағы
психологиялық ой пікірлердің қалыптасуы мен даму жолы атты еңбегінде
ішінара сөз болады. Ал тарихшы ғалым, профессор Ө.Озғанбай өзінің
Х.Досмұхамедовтың өмірі, шығармашылығы мен дүниетанымдық көзқарастарының
қалыптасуына тоқтала келіп, оның педагогикалық-психологиялық көзқарастары
жайында жекелеген пікірлер айтады, ғылыми тұжырымдар түйіндейді. Х.
Досмұхамедовтың ғылыми мұрасына арналған бірнеше диссертациялық еңбектер
де бар. Олардың қатарына педагог А.Тұрсынованың Х.Досмұхамедұлының
педагогикалық мұрасы [42], Р.Әлмұханованың Х.Досмұхамедұлы – әдебиет
зерттеушісі [43], А.Мектептегінің Х.Досмұхамедұлының публицистикасы
[44], К.Қабатаеваның Х.Досмұхамедұлы еңбектеріндегі қоғамдық саяси, мәдени-
әлеуметтік терминдер [45], Ғ.Базарғалиевтің Х.Досмұхамедовтың ағартушылық
қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары [46]
т.б. Осындай диссертацияларда Халел шығармалары әртүрлі тұрғыдан
зерттелгенімен, психологиялық аспектілері белгілі жүйеде арнайы
қарастырылмаған. Х .Досмұхамедов шығармашылығына арналған бірнеше ғылыми
зерттеулер (диссертация. монография конференция материалдары т.б.) бар.
Мәселен, 1993 ж. жарық көрген Халел тағлымы атты жинақ осындай
зерттеулердің алғашқы қарылғашы еді. [ ] Мұнда қазақ ғалымының тарих,
әдебиет,фольклор, филология, медицина салаларындағы мұралары туралы сөз
қозғалып, оларды тәптештеп зерттеу қажеттігі жайлы айтылмады. Оның
шығармашылығына арналған екінші ғылыми жинақ 2000 жылы Атырау
университетінде өткізілген Х.Досмұхамедов оқулары атты конференцияның
материалдары болатын. Мұнда әртүрлі тақырыптағы 54 материал жарияланған.
Соның ішінде ғалымның тәлім-тәрбиелік мұрасына арналған зерттеулер де бар.
Бұл жерде осы жинақтағы А.Е.Қаженбаеваның Х.Досмұхамедов еңбектеріндегі
психологиялық ой-пікірлер, Л.К.Қойшығұлованың Халел Досмухамедов видный
представитель педологической науки Казахстана, 1996 жылы Рауан
баспасынан шыққан бір жинақ Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен
шығармашылығы деп аталыпты. Бұл ұжымдық ғылыми еңбекте ғалымның медицина,
әдебиет, этнография саласындағы жазған еңбектері талдауға алынған. Бірақ
бұл жинақта тәлім-тәрбие, психология, педагогика мәселелері сөз болмайды.
[53]
2007 жылы Х.Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл толуына байланысты Атырау
университеті Халел Досмұхамедов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері
атты республикалық ғылыми тәжрибелік конференция өткізіп, оның
материалдары жарияланды. Жинаққа әр түрлі тақырыптағы 76 мақала
енгізілген. Бұлардың ішінде Х.Досмұхамедовтың тәлім-тәрбиелік мұрасына
арналған бірнеше еңбектер бар. Солардың қатарына С.Қ.Нұрмұқашеваның
Жоғарғы оқу орындарында психология пәнін оқытуда Х.Досмұхамедұлының
мұраларын пайдалану, Ж.Н.Сабированың М.Жұмабаев пен Х.Досмұхамедов
еңбектерінің үндестігі, т.б.
Х.Досмұхамедовтың психологиялық көзқарастары жайлы А.Тұрсынованың
Х.Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы [42.18] атты диссертациясында
(1998) жоғарыда аталып өткен мақалаларға қарағанда біршама толығырақ сөз
болады. Мұнда зерттеуші Х.Досмұхамедов еңбектеріндегі этнопсихология
мәселелеріне талдау жасайды. Енді осы жөнінде бірер пікір білдірейік.
Аталған диссертациялық еңбекте біраз әлеуметтік психологиялық (көбінесе
этнопсихология мен этнопедагогикаға байланысты) мәселелер сөз болғанымен,
аталмыш саланы тәптештеп талдауды автор өзіне мақсат етпеген. Біздің
зерттеуіміз осы мәселемен қатар Х. Досмұхамедов мұрасында аз көтерілмеген
жас,педагогикалық, жалпы психология, педология т.б аспектілерге талдау
жасап,оларды қазіргі қазақ психологиясының ғылыми аясына енгізуге тырыстық.
Осылайша,біздің зерттеуімізде қазақ ұлттық психология ғылымының тарихындағы
осы Х. Досмұхамедовтың алатын орны талдауға алынады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсат – Х.Досмұхамедов
еңбектеріндегі психологиялық тұжырымдардың қазіргі қазақстандық
психологияда алатын орнын, оған қосқан үлесін айқындау.
Х. Досмұхамедовтың психологиялық ой-тұжырымдары мен ғылыми түйіндеріне
тарихи психологиялық талдау жасап, ғалымның Қазақстандағы психология
ғылымының дамуына қосқан үлесін көрсету.
Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
– Х. Досмұхамедовтың дүние танымының қалыптасу жолын айқындау, осы
орайда ұлы орыс ғалымдары И.П.Павлов пен Б.М. Бехтеревтің тигізген
әсерін көрсету.
– Х.Досмухамедовтың жалпы психология мен психофизиологияның кейбір
мәселелеріне, қоғамдық (әлеуметтік) ұлттық психологияға
көзқарастарының өзіндік ерекшеліктеріне психологиялық талдау
жасау.
– Х.Досмұхамедовтың физиологиялық, психологиялық ұлттық ғылыми
атауларын жасаудағы алатын орнын анықтау;
– Х.Досмұхамедовтың бесік жырының бала жанының қалыптасуындағы
басты фактор дейтін тұжырымын талдау.
– Х.Досмұхамедовтың Қазақстан жағдайында тұңғыш педологияның
негізін салудағы рөлін көрсету.
– Қазақстанның орта арнаулы жәңе жоғарғы оқу орындарындағы оқу -
тәрбие үдерісіне Х.Досмұхамедовтің физиологиялық, психологиялық
мұралары жәйлі студенттер үшін арнаулы дәрістің бағдарламасын
жасау.
Зерттеу объектісі – Х. Досмұхамедовтың тәлімдік мұралары.
Зерттеу пәні – Х. Досмұхамедовтың психологиялық көзқарастары.
Зерттеудің әдістері: Ғұламаның тарихи тұрғыда жазылған шығармаларын
психологиялық талдау негізінде, әртүрлі ғылыми білімдер саласында
жинақталған мәліметтерді тарихи-салыстырмалылық, өмірбаяндық әдістері мен
ғылыми кітапханалар қорындағы сирек кітаптар мен қолжазба материалдарын,
архив деректерін де талдау арқылы сараланды.
– Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Х.Досмұхамедовтың
психологиялық көзқарастары тұңғыш рет ғылыми сарапқа алынып, оның
осы мәселедегі өзіндік ұстанымының сипаты анықталды;
– Х.Досмұхамедовтың дүние танымының қалыптасу жолын айқындау, осы

әсері көрсетілді.
– Х.Досмухамедовтың жалпы психология мен психофизиология,
қоғамдық(әлеуметтік) ұлттық психологияға көзқарастарының өзіндік
ерекшеліктеріне психологиялық талдау жасалды

басты фактор дейтін тұжырымы дәлелденді;
– Ғалымның ана тіліміздегі ғылыми-физиологиялық, психологиялық
атауларды жасаудағы алатын орны дәлелденді.

негізін салудағы рөлі дәлелденді.
Зерттеу жұмысы диалектикалық-материалистік, детерминистік принциптер
негізіне сүйене отырып, жүйелілік, тарихи, жеке тұлғалық және ұлттық тәлім-
тәрбие ерекшеліктерін басшылыққа алып, Х.Досмұхамедовтің психологиялық
көзқарастарының дамып, қалыптасу ерекшеліктері анықталды.
Зерттеудің теориялық, методологиялық негізі ретінде Қазақстандық
ғалымдар профессор Қ.Жарықбаев, С.М.Жақыповтың, Н.А.Логинованың,
С.Қ.Бердібаеваның еңбектері негізге алынды.
Х.Досмұхамедовтің психологиялық пікірлерін зерттеуде біз профессор
Қ.Жарықбаевтың қазақ психологиясы тарихына байланысты зерттеулерін және
профессор С.М.Жақыповтың бірлескен іс-әрекет теориясына сүйеніп, бұл
концепцияларды басшылыққа алдық.
Х. Досмұхамедовтың психологиялық пікірлері қазіргі қазақстандық
психологияның әдіснамалық-теориялық негіздеріне қосқан елеулі үлес ретінде
қазіргі қазақ этнопсихологиясының қордаланып, дами түсуіне ықпал жасайды.
Зерттеудің практикалық маңызы:
– Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін орта мектептерде
әдебиет, әдептану, жантану пәндерін оқытуда пайдалануға болады;
– Зерттеу нәтижелерін сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу
орындарындағы Жалпы психология, Қазақ психологиясының тарихы,
Этнопсихология пәндері бойынша оқылатын лекциялық курстар мен
семинар сабақтарында, арнаулы курстар ретінде пайдаланылса,
оқытушылар мен тәрбиешілердің ұлттық рухани танымын байытып,
әдістемелік шеберлігін ұштауға пайдасын тигізері сөзсіз.
Диссертацияның материалдарын мұғалімдердің облыстық, республикалық
білім жетілдіру институттарында жүргізілетін курстық оқуларда
кеңінен пайдалануға болады.
Зерттеу көздері. Кеңес дәуіріндегі педагогика және психология тарихы,
тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің көрнекті ғалымдарының әр кездері
жарияланған физиологиялық, философиялық, психологиялық, педагогикалық т.б.
әр түрлі ғылым саласындағы еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік Орталық архив материалдары мен Ұлттық ғылым академиясының
ғылыми кітапханасы мен Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорындағы
материалдар. Зерттеуде сондай-ақ Х. Досмұхамедовтың ғылыми еңбектері:
Аламан (1927), Адамның тән тірлігі (1927), Қазақ халық әдебиеті
(1928), Оқушының саулығын сақтау (1925), Қазақтың ел әдебиетінен алынған
сөздер т.б. жеке мақалалары мен очерктері талдауға алынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
– Х. Досмұхамедовтың ғылыми тұлғасының, көзқарастарының
қалыптасуында бұған И.П.Павлов пен И.М.Бектеревтің тигізген әсері
– Ғалым мұрасында жалпы психология мен психофизиологияның
мәселелерінің түйінделуі.
– Х. Досмұхамедовтың ұлттық тіл мен қазақ этнопсихологиясына
байланысты айтқан тұжырымдары;
– Бала жан дүниесінің дамуындағы бесік жырының рөлі туралы.
– Х.Досмұхамедовтың төл тіліміздегі физиология мен психологияның
ғылыми атауларын жасаушы
– Х. Досмұхамедовтың Қазақстандағы педология ғылымының негізін
салудағы рөлі.
Зерттеу жұмысы нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
Ғылыми талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидаларға негіздеп,
зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану, оның нәтижелерін
қорытындылау, бұларды орта және жоғары оқу орындарында олардың тиімділігін
тексерумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезең (2002-2003) – Қазақстандағы және ТМД
елдеріндегі жарияланған философиялық, тарихи, лингвистикалық,
этнографиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді саралап, оларды
талдау, сондай-ақ тақырыпқа байланысты әдебиеттер тізімін, библиография
жасау, осы салаға қатысты ғылым, білім саласынан жазылған еңбектермен
танысу.
Екінші кезең (2003-2004) – Х.Досмұхамедовтың өмір жолы мен еңбектеріне
қатысты архив материалдарын іздестіру, мағлұмат жинау, тақырыптың ғылыми
қисынын жасау.
Үшінші кезең (2005-2007) – Х.Досмұхамедовтың тәлім-тәрбиелік,
физиологиялық, психологиялық пікірлерін белгілі бір жүйеге келтіріп, оның
ішінен негізгі, көкейкесті мәселелерін іріктеп, зерттеуіміздің басты
желісіне айналдыру. Зерттеу барысында жиналған материалдарды теориялық
жағынан тұжырымдау және зерттеу нәтижелерін жариялау.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу нәтижелері Х.
Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-
оқытушыларының ғылыми-практикалық конференцияларында Халел Досмұхамедов
оқулары атты ғылыми практикалық конференцияда баяндалды. Академик
Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығында
талқыланды. Сонымен қатар, ІІ-мемлекетаралық Қазақстан мен Қырғызстан жас
ғалымдарының этнопсихология және этнопедагогика саласындағы ізденістері
атты ғылыми-теориялық конференцияның (Алматы, 2006) жинағында, Мектептегі
психология ғылыми-әдістемелік журналында (Алматы, 2007, №6) және осы
басылымда (Алматы, 2008,№1,№2), АМУ Хабаршысы ғылыми-әдістемелік
жинағында (Атырау, 2008, №1) – Білім Образование ғылыми-педагогикалық
журналының (Алматы, 2008,№4,5,6),әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ хабаршысында
барлығы 11 ғылыми мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаты мен зерттеудің өзектілігі, оның
зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің объектісі мен пәні,
теориялық әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және
практикалық маңыздылығы, зерттеу көздері және қорғауға ұсынылатын
тұжырымдары, зерттеу жұмысы нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі,
кезеңдері, жариялануы мен талқылануы баяндалады.
Бірінші бөлімде ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы
педагогикалық және психологиялық білімдердің жай жапсары деп аталып, мұнда
елдегі экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайлар мен осы кездегі жарияланған
психологиялық, педагогикалық еңбектер талданады. Х. Досмұхамедовтың өмір
жолы мен тұлғалық қалыптасуы, ғылыми творчествосы жөніндегі деректер
келтіріліп, оның дәрігерлік қызметтен халық ағарту жүйесіне келу
себептері, ағарту саласындағы еңбек жолы, ғылыми еңбектері, әділетсіз
қудалауға ұшырауы ғалымның дүниетанымның қалыптасуында орыстың ұлы
ғалымдары И.П. Павлов пен В.М. Бехтеревтің әсері сөз болады.
Екінші бөлімде Х.Досмұхамедовтың еңбектеріндегі психологиялық
көзқарастары талданып, ұлттық психологияға, ұлт тіліне байланысты
пікірлері, сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетіндегі бесік жырының бала жанын
қалыптастырудағы рөлі сараланды.
Ғалымның Қазақстандағы педология профессоры ретінде осы ғылымның
елімізде дамуына қосқан үлесі мен педология ғылымының психология
тарихындағы орны көрсетілді. Осы бөлімде Х. Досмұхамедовтың төл
тіліміздегі физиология мен психологияның атауларын жасаудағы рөлі,
оның ғылыми термин жасаудағы өзіндік ұстанымдары,
ғалым енгізген терминдердің бүгінгі күнде де көкейтестілігі мен қолданылуы
кестеленді.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесі мен жаңалығы, тізбектеліп,
нақты ұсыныстар жасалынды.
Қосымшаларда жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында оқылатын арнайы
курс бағдарламасы мен ғалым енгізген терминдердің кестесі беріледі.

ТӘЛІМ-ТӘРБИЕНІҢ ЖӘЙ-ЖАПСАРЫ

пікірлердің өріс алуы.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ еліндегі экономикалық әлеуметтік
жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның
рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы бұрын да аз жазылып жүрген жоқ.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген жаңалықтар
жаңа тұрпатты мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бет бұрысқа
түсіруге, тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой пікірлердің дамуына
айтарлықтай ықпал етті. Жиырмасыншы жылдары еліміздегі мектеп саны 2410-ға
жетті, оқитын оқушылар саны да біршама өсті. Егер 1914 жылы Қазақстан
мектептерінде орыс, қазақ балаларын қоса есептегенде 105 шәкірт болса, 1920
ж. олардың саны 114002-ге жетті. Мұндағы қазақ балаларының саны 15470-тен
31248-ге өсіп, екі есе артты.
Жаңадан құрылып жатқан мектептер үшін Семей, Торғай, Ырғыз, Орал секлді
қалаларда қысқа мерзімді курстар ашылып, оларда мыңнан астам мұғалімдер
даярланды. 1920-1921 жылдары елімізде 4824 мұғалім болды. Бұл 1914 жылмен
салыстырғанда отыз бес пайыз артық еді. Ұстаздар қауымы күндіз бала оқытса,
кешке үлкендерді оқытып, сауатсыздықты жою ісіне белсене араласты. Қысқа
мерзімдік курстар үшін оқулықтар ауадай қажет болды. Бұл жерде ақын
жазушылар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалардың психология,
педагогика, әдебиет пәндері бойынша оқулық жазуы осындай қажеттіліктен
туған еді. Х. Досмұхамедов те өзінің педагогикалық ағартушылық қызметін
оқулықтар шығару ісімен шебер ұштастыра білді. Мәселен, Ж.Аймауытовтың өзі
1922-30 жылдар аралығында алтыға жуық педагогика және психологияға
байланысты оқулық жазса, М.Жұмабаев та шағын Педагогика оқу құралын
жарыққа шығарды.
1920 жылы қазан айында Қазақ АССР-ның оқу халық комиссариаты құрылып,
оның төрағасы болып А.Байтұрсынұлы тағайындалады. 1921-ші жылғы ақпанда
Бүкілқазақстандық оқу ағарту қызметкерлерінің конференциясы шақырылды. Онда
бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік–техникалық білім беру, мектептердегі
саяси-тәрбие жұмыстары, балаларды қорғау, тағы да басқа мәселелер
қаралды. Конференция қабылдаған қарарда жаңа қоғамда бала тәрбиелеу ісінде
от басының ролі кемиді, алдағы жерде оларды балалар үйі мен коммуна
мектептерінде тәрбиелеуіміз керек, таптық қоғамның жойылуымен қоса
мектептегі сабақтық-сыныптық жүйе де жойылуы тиіс, өйткені, баланы еркін
тәрбиелеу қажет, оқытудың кластық жұмысын лабораториялық-сабақтық,
бригадалық әдіспен ауыстыру керек деген теріс көзқарас етек алды. 1922-23
жылдары құрылған Академиялық орталық ұлт мектептерін төл оқулықтармен,
бағдарламалармен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды. Осы орталық
физика, грамматика, алгебра, педагогика, мектеп гигиенасы тағы басқа оқу
құралдарын жазуға қазақ зиялыларын ұйымдастырды. Бұлардың бел ортасында
А.Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов,
М.Жолдыбайұлы жүрді.
1927 жылы бірыңғай еңбек мектептері ашылып, білім беру жүйесінің
орталықтандырылуы жүзеге асырыла бастады. Мектеп ісін ұйымдастыруда
шешілмеген мәселелер аз болмады. Себебі жаңа типті мектептер үшін қазақ
оқытушылары жетіспеді, ұлт тіліндегі оқулықтар, бағдарламалар да өте аз
болды, сонымен қатар мектеп үйлері де жетіспеді. Барларының өзі жамау-
жасқау болды. Мектептер үшін ұлттық кадрлар даярлау - күн тәртібіндегі ең
негізгі мәселе болды. Біртіндеп бұл мәселелерді шешуде алғашқы қадамдар
жасалды. 30-шы жылдардың басында 30-ға жуық мектеп оқулықтары басылды,
бұлардың тиражы да көбейді. 1925 жылы мұғалімдерге арналған ғылыми
әдістемелік журналдар: Жаңа мектеп, Темірқазық, Сана, Абай
журналдары жарық көрген еді. Олардың беттерінде озат мұғалімдер мен қазақ
ғалымдарының әдістемелік мақалалары жарық көріп, оқыту, тәрбиелеу ісіне
біршама жәрдемін тигізді.
Осы кезеңнің басты жетістіктерінің бір - жаппай міндетті бастауыш
білімді жүзеге асыру шаралары болды. Мәселен, 1930-1931 оқу жылдарының
арасында 450 мыңнан астам мектеп жасындағы балаларды, оның ішінде жасы асып
кеткен 100-мыңдай шәкірттерді оқуға тарту – ағарту саласындағы аса маңызды
жетістіктердің бірі болды.
Елде кітап бастыру ісі едәуір жолға қойылды. Егер өткен ғасырдың
аяғында бізде не бары 70 шамалы кітап басылса, 1917-1930 жылдар арасында
200-ден аса кітап шықты. Бұлардың көпшілігі қазақтың сол кездегі заман
тақырыбына жазған дастан, поэма, жыр, әңгіме, романдары іспеттес туындылары
еді. Бұлардың қатарына М.Ж. Көпеевтің Тірлікте көп жасағандықтан көрген
бір тамаша (Қазан, 1907), М. Бекмұхаметұлының Жақсы үгіт (Қазан, 1908),
Н. Құлжанованың Мектепке дейінгі тәрбие (Орынбор, 1923), Ғ.Қараштың
Педагогика (Бөкей ордасынан шығарылтын Мұғалім деген журналда, 1919)
және басқа да еңбектерді жатқызуға болады.
Өлкемізде бұрын-соңды болып көрмеген қарқынмен газет журнал шығару ісі
де қолға алына бастады. 1911-1915 жылдар арасында Троицк қаласында шығып
тұрған жалғыз Айқап журналы қазақ мәдениеті мен оқу-ағарту мәселелерін
сөз етіп келсе, енді осы айтылғандарды Сана, Шолпан, Жас қайрат
сияқты қазақ тілінде шығатын газеттер жазатын болды. Газет-журнал
беттерінде оқыту – тәрбие процесінің әр түрлі көкейтесті мәселелері, атап
айтқанда, төте оқудың жаңа әдістерін меңгеру, комплексті оқыту жолдары, әр
түрлі пәндерден оқу құралдары мен бағдарламаларды жасау, қазақ қыздарын
жаппай оқуға тарту, мектеп жанынан кітапханалар ашу жайында сан қилы
материалдар жарияланып тұрды. Газет-журналдардың полиграфиялық базасын
жақсартуға да көп көңіл бөлінді.
Сөз болып отырған кезеңде қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің сан қырлы
мәселелері бойынша қалам тартып, ой бөлісушілердің қатары молайған кез еді.
Бұлардың арасында Ш.Құдайбердіұлы, Н.Құлжанова, С.Торайғыров,
Ғ.Мұсағалиұлы, Ғ.Балғынбайұлы, Ғ.Қарашұлы т.б. есімдерін атауға болады.
Мұның ішінде М.Ж.Көпеевтің күні бүгінге дейін жинақталып болмай жатқан
қолтума еңбектерінің орны ерекше еді. Мәселен, бес сезім мүшесінің қызметі,
жүрек пен жанның, жан мен мидың қызметі, ойлау, қиял қуаттары, түс көру
себептері, жас ұрпақты от басында қалайша жақсы, өнегелі азамат етіп
тәрбиелеу, бала мен әке-шешенің қарым-қатынасы, қыз балаларды оқуға тарту,
дүнияуи білім алудың қажеттілігі жайында қызғылықты да салиқалы пікірлер
айтылды.
М.Ж.Көпеев адамның ерік-жігер, қажыр-қайрат қасиеттері туралы айта
келіп, еркі күшті адам алдына қойған мақсаты жолында ештеңеден қайтпай,
талабынан бас тартпай, келешектен ешбір үміт үзбей, ұсақ-түйекпен
айналыспай, көрсеқызарлыққа салынбай, жоқшылық пен қиыншылыққа мойымай
әрекет етеді дейді. Жігерлі қадір-қасиеті мол адам еш уақытта үйде отырып
тыныш өмір сүре алмайды. Оның бүкіл тыныс-тіршілігі ылғи да талас-тартыс
пен күреске толы, өйткені, оның бар арманы мақсатқа жету жолына
бағытталады. Әрине, кей жағдайда мұндай адамның мақсат-мүддесі, талап-
тілегі өзгелердің көзқарасымен үйлесе бермейді. Олар оның алдына көсе-
көлденең тұрып, көздеген мақсатына жетуге кедергі келтіреді. М.Ж.Көпеевтің
адамның мінезі мен психологиясы туралы бұдан басқа да айтқан ғылыми
түйіндері баршылық. Бұларды алдағы жерде арнайы зерттеп, жұрт игілігіне
айналдыру – қазақ тәлім-тәрбие ғылымдары өкілдерінің абыройлы міндеті дер
едік. [47]
Өзінің ғылыми-педагогикалық толғамды ойларымен жұртшылық кезіне түскен
тағы бір қазақ зиялысы - Ғұмар Қарашұлы (1876-1921) болды. Ол өзінің Менің
ойларым, Өрнек деген шығармаларында ұзтаз, мұғалім мамандығы, оған
қажетті мінез-құлық қасиеттер туралы сөз қозғайды. Оның ойынша мұғалім
мінезінің орнықтылығы мен білімінің жан-жақтылығы – шәкірт алдында беделді
болудың басты шарты. Автор өзінің тәлім-тәрбиелік түйіндерін афоризм
(қанатты сөздер) түрінде қысқа болса да, нұсқа етіп бере алған. Мәселен,
Тіл – ойдың кілті, Ой қараңғылығы – жан ауырлығы, Үлкендер үлгісі –
тәрбие құралы тағы басқаларын айтуға болады. [48]
Осы кезеңде өзінің тәлімдік жеке қолтаңбасымен қазақ жұртшылығына
таныла бастаған, ағартушылық пен оқуын тәрбие ісіне ұштастыра насихаттап
жүргендердің бірі - Мұхаметсәлім Кәшімұлы болды. Ол өзінің Қазан қаласында
бастырған Әдеп (1907), Сабақ (1907), Насихат қазақия (1908), Ақыл
кітәбы (1908) шығармаларында қазақ балаларына оқу-білім, тәлім-тәрбие,
тазалық, мәдениеттілік мәселелерінің төңірегінде көптеген ақыл-кеңес,
өнегелі тағылымдар ұсынады. Автор шәкірт тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге
негіздеу қажеттігін баса айтады. Мұны имандылық пен адамгершіліктің сан
алуан көріністерімен тиімді ұштастырып отырудың маңыздылығына ерекше
назарымызды аудартады. М.Кәшімұлы Айқап журналының беттерінде жарияланған
публицистикалық мақалаларында сол кездегі мектеп, медреселердің жай-күйі,
ондағы оқу-тәрбие жұмысының барысы жайлы пікір білдірумен бірге, Жетісу,
қырғыз, қытай қазақтарын аралаған кезінде этнографиялық очерктер жазып, бұл
жерде де тәлім-тәрбие мәселелерін жол-жөнекей сөз етеді.
Қазақ әйелдерінің арасынан тәлім-тәрбие мәселесіне байланысты тұңғыш
қалам тартқан Нәзипа Құлжан келінінің (1887-1934) есімін ерекше қастерлеп
айтпасқа болмайды. Өйткені ол тек қазақ әйелдерінің арасынан ғана емес,
бүкіл Орталық Азия әйел жұртының арасынан педагогикалық публицистикада дара
көрінген тұлға. Ол тәлім-тәрбие тақырыбына арнап екі еңбек (Мектепке
дейінгі тәрбие,1923, Ана мен бала,1927) жазды. Бұларда Қазан
төңкерісінің қарсаңында көшпелі қазақ елінің тұрмыс-салты, халқымыздың
өзіндік бала тәрбиелеу тәжірибесі. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында бала
бақшада жұмыс тәрбиелерін медициналық түсініктермен (баланың үйдегі
күтімі, бесікке бөлеу мен сәбидің дене бітімінің дұрыс қалыптасуына
серуеннің, ауа мен күннің, тазалықтың, дұрыс тамақтанудың маңызы т.б.)
сабақтастыра баяндайды. Автор еңбектері бұдан 70 жылдай бұрын жарық
көргенімен қазіргі кездегі қазақ әулетінің жүрегіне жылы тиіп, қолдан
түспес кітабы болмақ. [49]
Қазақстанда Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы педагогикалық,
психологиялық ой-пікірдердің қалыптасып, дамуы жайлы сөз қозғағанда
А.Байтұрсынұлының қазақ Әліппесін (1914) ерекше ілтипатпен, қазақтың
ғылыми тәлім-тәрбиелік жүйесінің көш басшысы ретінде еске аламыз. Ғалымның
қазақ Әліппесін жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы. Қазақ тіл
білімі мен сөз өнерінің негізгі терминдерін түзіп, оларды халқымыздың ойлау
мүмкіндігімен сабақтастыра, бұлардың әрқайсысына ғылыми анықтама беріп,
грамматикалық категорияның жүйесін жасағаны, әсіресе, дыбыс жүйесін
фонетика, сөз жүйесін морфология, сөйлем жүйесін синтаксис
жасағандағы зор еңбегі ұлттық тәлім-тәрбие ғылымына қосылған баға жетпес
үлес екендігі даусыз.
Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерін зерттеуде біз Ахмет
Байтұрсынұлына ерекше қарыздармыз. Ол өзінің көптеген еңбектерінде қазақтың
тәлім-тәрбиесіне байланысты жайттерді жүйелеп, шегендеп, теориялық жағынан
түйіндеуге бар күш-жігерін жұмсады. Ол қазақтың лингвистика мен әдебиеттану
ғылымдарының атауларын жасаумен қатар ұлтымыздың қоғамдық-гуманитарлық
ғылымдарына қатысты ұғымдарды да елеп-екшеп, тәжірибемізге енгізді.
Мәселен, ол Әліппе, Тіл құралы, Баяншы, Әліппе астары, Тілашар,
Әдебиет танытқыш т.б. еңбектерінде халқымыздың тәлім-тәрбие саласында
ғасырлар бойы жинақтаған ұғым-түсініктеріне өзінше талдау жасап, мұны әрмен
қарай зерттеуге бағыт-бағдар берді. Бұл салада А.Байтұрсынұлы бізге
М.Әуезов айтқандай рухани көсем болды. Оның бір ғана Әдебиет
танытқышының мазмұн-тізбегіне қарасақ осы айтқанымызға көз жеткізуге болар
еді. Мәселен, Көркем өнер, Тірнек өнер, Сөз толғау, Лұғат
әуезділігі, Жан сақтау, Сауық сөз, Жан қоштасу, Ес ұғымы, Іс
ұғым, Әліптеме, Зейіндеме сынды басқа да толып жатқан атауларға берген
анықтамалары мен сипаттамалары ғылыми тұрғыдан қазақ этнопедагогикасына сол
кездің өзінде-ақ қосылған үлес деп бағалауға болады. Ғұлама ғалымның бұдан
басқа өлеңдері мен қара сөздерінен (Қазақ салты, Тілек бата, Жұртыма,
Адамдық диханшысы т.б.) де этнопедагогиканың біраз теориялық дүниелерін
табуға болады. 20-30 жылдардағы қазақ ренессансының көрнекті өкілдерінің
қай-қайсысының еңбектерінде осындай тәлімдік түйіндер көптеп табылады. Гәп
оларды өзімізге үлгі өнеге ете отырып, қазақ этнопедагогикасының теориялық
қисындарына ерекше көңіл бөліп, зерттеулер ұйымдастыруда. [50]
Қазақтың аса көрнекті жазушысы, публицист, журналист, ақын, қоғам
қайраткері Міржақып Дулатұлының (1885-1935) күрескерлік жолы оның 1906 жылы
Санкт-Петербургте Серке атты газеттің шығуына атсалысуымен басталды. 1913
жылы Қазандағы ағайынды Кәрімовтар баспасынан оның Оян қазақ, Бақытсыз
Жамал атты еңбектеры жарық көрді. 1911-1914 жылдары Айқап журналының
беттерінде Қазақ газетінде оқу-ағарту, мектеп ісі, әйел теңдігі, ел
басқару, отарлау саясатын әшекерлеу т.б. осы секілді әлеуметтік мәні зор
мәселелер көтерді. 1922-1926 жылдары Орынборда мұғалім болып жүріп, мектеп
оқушыларына арнап Қарағат кітабын, кейіннен Қызылордада Есеп құралы
еңбектерін баспадан шығарды. Аталған еңбектерде тәлім-тәрбиелік,
дидактикалық әңгімелер, балаларды ізгілікке, қайырымдылыққа, имандылыққа
баулитын ертегілер мен аңыздарды, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын
дәріптейтін, ғибрат қыларлық мақалаларды көптеп келтіреді. Оның көшпелі
қазақ елінің әдет-ғұрпы, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі
жайлі айтқандары (...балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы
сіңісіп, анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады) қазіргі кезде аса зор
маңызға ие болып отыр. [51]
1923 жылы сол кездегі Қазақ Республикасының астанасы – Орынборда Халық
ағарту институтының ректоры В.Я.Струминский (1880-1967) тұңғыш рет
Психология кітабын шығарды. Бұл кітап сол кездегі Санкт-Петербург пен
Мәскеудегі ғылыми зиялыларды дүр сілкіндірген оқиға болды. Өйткені, Кеңес
өкіметі орнағаннан кейін Психология қандай болуы керек және оны марксизмге
негіздеп қалай жаңғырту керек деген мәселе құрыла бастаған мектептер үшін
Мұғалімдердің қолынан түспейтін кітап (1923) атты еңбек жазды. Соңғысы
қазақ мектебінің жаңа бағытта қаз-қаз басуына методикалық жағынан едәуір
себебін тигізгені белгілі. [52]
30-шы жылдардағы зобалаңның құрбаны болған халқымыздың дүл-дүл ақыны
Мағжан Жұмабайұлы (1893-1937) педагогика, дидактика, методика саласына төл
тілімізде алғаш қалам тартқан ғұлама болды. Оның Бастауыш мектептегі ана
тілі (1923), Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайлы (1925),
Обучение грамоте (1926), Букварь для взрослых (1929) т.б. еңбектері,
әсіресе Педагогика (Ташкент, 1922, Орынбор, 1923) атты қолтума еңбегі
бұрынғы КСРО-ны мекендеген бүкіл түркі тілдес халықтар тарихында тұңғыш
жарық көрген оқу құралы еді. Автордың осы оқу құралында психологиялық
мәселелер ерекше сөз болады. Бұлардың ішінде Жан тәрбиесі, Жан
көріністерін топ-топқа бөлу, Ес, Қиял, Ойлау, Тіл, Ішкі сезім
көріністері, Қайрат т.б. – мектептегі оқу-тәрбие процестеріне орайлас
баяндалуы және бұлардың қазақ жанымен ерекше қайысуы – оның ұстаздық,
тәлімгерлік туындыларының ең ұтымды жақтары.
Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуы ғұлама, ақын М.Жұмабаевтың
Педагогика атты оқулығының шығуымен және оның психологиялық түйіндерімен,
Ж.Аймауытовтың Психология еңбегімен басталса, бұдан кейінгі жылдары
алғашқы ашылған жоғарғы оқу орнындағы, әсіресе 1928 жылы ашылған Қазақ
университетінің қабырғасында педологияға қоса ғылыми психологияның дамуы да
ілгерілей берді. Осы жылдарда психологияға өздерінің көлемді еңбектерімен
зор үлес қосып, психологияның іргетасын қалауға В.Я.Струминский,
А.П.Нечаев, Ш.Әлжанов, С.Балаубаев, және тағы басқалары болды. Өткен
ғасырдың 20-жылдары П.Н.Архангельскийдің Мектептегі психологиялық
зерттеулер деген еңбегі, Н.Құлжанованың Мектепке дейінгі тәрбие,
Ғ.Қарашевтің Педагогика атты төл туындылары жарық көрді.
Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейінгі
жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ
педагогикалық институтында (Алматы мемлекеттік университеті) тұңғыш рет
психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика және
психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 жылдары
осы бөлімді жүзден астам түлектер бітіріп шықты. Бұлардың көпшілігі
психология мамандығын иеленіп, еліміздің оқу орындарында, ғылыми
мекемелерде қызмет ете бастады. Осы жылдары республика үшін психологтар
даярлауда профессор Т.Тәжібаев (1910-1964) пен профессор И.Л.Стычинский
(1896-1969) зор еңбек етті.
Елуінші жылдары психология ғылымынан бірнеше диссертация қорғалды
(Е.Суфиев, А.Темирбеков, М.Мұқанов т.б.). Соңғы 50 жыл ішінде көптеген
ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына
М.Мұқановтың Ақыл-ой өрісі, Қ.Жарықбаевтың Қазақ психологиясының
тарихы, Т.Жүкештің Ұлттық психологияның сипаты, Р.Илешованың
Медициналық психология, Ә.Алдамұратовтың Қызықты психология,
Ғ.Досболовтың Алдын-ала тергеудің психологиясы, В.Яковлевтің Діндар
адамның жан дүниесі т.б. толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады.
Психология тақырыбына арналған бірнеше ғылыми конференциялар (1962,
1973, 1990, 1994, 1996, 1998, 2000-2008) өткізілді. 1988 жылдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz