Инфляция жағдайындағы меншікті капитал


Кіріспе
Қазіргі экономиканың шарықтап дамуы барысында, инвестициаларды тиімді орналастыру мақсатында, инвесторлар және басқа да ақпаратқа қызығушылар қаржылық есептіліктің шынайы болуына үлкен көңіл бөліп отыр. Қаржылық есептіліктің дамуы және оның ақпаратының шынайы жасау мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының ішкі заңдарына сай жүргізілуде. Ал қазір қарқынды орын алып отырған инфляция қаржылық есептіліктің ақпаратының шынайылыға әсер ете алатын, есептілік стандарттарында толық ашылып көрсетілмеген маңызды факторлардың бірі болып отыр. Инфляция латын тілінен шығып ісіну деген мағынаны білдіреді және оның пайда болуы тұтынуға қажетті, сұранысқа ие болып табылатын тауарлар мен қызметтер құнының көтерілуінен көрініс табады. Әдетте бұл жағдайда кәсіпорындар монетарлық емес активтерге салыстырғанда монетарлық міндеттемелерден артық болып отырған жағдайда тиімді болып табылады, ал керісінше жағдай орын алса, оның нәтижесінде кәсіпорындар сатып алу қабілеті төмендейді. Бұл меншікті капиталдың азайып, алға қойылған мақсаттарды орындауға мүмкіндік бермейді.
Инфляция жағдайындағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу туралы Отандық және шетел ғалымдары зерттеулер жүргізді. Олар С. С. Сатыбалдин, К. Ш. Дюсембаев, К. К. Кеулімжаев, С. Б. Баймуханова, Г. Т Андыбаева, Ж. Н. Айтжанова, Ф. Вуд, П. С. Безрукий және тағы басқалар болып табылады. Бірақ инфялция жағдайындағы меншікті капитал есебі мен ондағы түзетулер туралы зерттеулер, оны түзету тәсілдері зерттелмеді. 29 халықаралық қаржылық есептілік стандарты Гиперинфляция жағдайындағы қаржылық есептіліктің 24, 25, 27 бөлімшелерінде көрсетілгенімен оның қандай инфляция деңгейінде орын алатынын және түзету тәсілдері оның түзету деңгейі ашылып көрсетілмеген. Сондықтан, меншікті капиталды түзету тәсілдері мен инфляцияның түзету деңгейін зерттеу мәселесі туындап отыр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Инфляция жағдайында белгілі бір ақша қаражатына уақыт өте келе есепті кезеңнің басындағымен салыстырғанда тауарлар мен қызметтерді алу мүмкіндігі азаяды. Сондықтан, инвестицияны орналастыруда инвесторлар жоспарланып отырған бизнестің қаржылық есептілігін инфляциялық түзетумен ғана қабылдайды. Инфляция деңгейі мемлекетіміз тәуелсіздік алып, нарықтық экономикаға өткеннен кейінгі жағдайы оның жыл сайынғы қарқыны 7, 8-2960, 8 деңгейде болғаны кәсіпорындарға, оның қаржылық есептілігіне, капиталына әсерін анықтап, оны түзетуде болып табылады. Бұл жағдайдың қиыншылықтары жеке кәсіпкерлер үшін Кеңестік Республикалар тарап, нарықтық экономика орнағаннан кейін өте қиынға түсті, себебі инфляция қарқыны шарықтап тұрды және инфляция әсерін есепке алу шарттары жоқтығы оның есепке алуын қиындатты. Бұл жағдайда кәсіпорындар қаржылық есептілік ақпараттарының шынайылығы жоғалды және қазір инфляция деңгейінің төмендегіне қарамастан, оның шынайылығына әсері жоғалмады. Осының негізінде кәсіпорында және басқа да ұйымдарда инфляция жағдайының әсерін есепке алатын түзету тәсілдері, оның пайыздық деңгейі және оны енгізу жолдарын анықтау болып табылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Инфляциялық үдерістердің кәсіпорындар қызметіне әсерін, оның қаржылық есептілігінде ақпаратқа қызығушылығы бар тұлғаларға шынайы жеткізу жолында түзетулер, меншікті капиталдағы өзгерістер және оны түзету тәсілдерін қолданысқа енгізуге ұсыныстар жасау және оның қолданысын дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмысы бойынша төмендегідей жаналықтарды болашақта пайдалану ұсынылады:
- Меншікті капитал қозғалысының құнсызданудың тигізетін әсерін енгізу бойынша түзету деңгейін ұсыну;
- қаржылық есептілікті, оның ішінде меншікті капиталды түзету әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар;
-Қолданысқа енгізілуге ұсынылып отырған түзетулер шарттары ұсыныстары жасалды;
Зерттеу жұымысының теориялық және тәжірибелік маңызы . Инфляция жағдайындағы меншікті капитал қозғалысы және оның түзету деңгейін және түзету әдістерін, капитал қозғалысын талдау бойынша зерттеуге анықталған. Осы жұмыстың негізінде туындаған теориялық сипаттағы жаңалықтарды және жинақталған ақпараттарды енгізу, қолдану және пайдалану қажет. Сондықтан, теория түрінде «Бухгалтерлік есеп», «Экономикалық және қаржылық талдау», «Салық есебі» және «Қаржы» оқу курстарына енгізуге болады. Зерттеу жұмыстарының жаңалықтары мен тұжырымдары «Алматы Газ Желілері», «Б. А. С. тау фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне пайдалануға енгізілді.
Зерттеу жұмысының пәні мен объектісі . Меншікті капиталда, қаржылық есептілікте берілген ақпараттың шынайылығы және оған инфляцияның әсері, инфляция әсерінен жүргізілетін қаржылық есептіліктегі түзету әдістері, оның меншікті капиталға әсерін анықтау болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Диссертациялық жұмыстың мақсаты меншікті капиталдың қозғалысын және оны түзету әдістерін анықтап, оны тәжірибе түрінде зерттеп, қорытындыларды анықтап, тұжырымдау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер қойылды:
-Құнсыздану және меншікті капиталдың түсініктерін анықтау және олардың өзара байланысын зерттеу;
-Инфляция жағдайында меншікті капиталдағы өзгеріс және оны есепке алудың тәсілдерін қарастыру және кемшіліктерін көрсету;
-Қазақстан Республикасы мен шетел қаржылық есептіліктеріндегі инфяцияны есепке алудың ерекшелітері және ғалымдардың түсініктері;
-«Алматы газ желілері» және «Б. А. С. тау фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жағдайында инфляция әсерін көрсеті және есепке алу жолдарының тиімдісін қарастыру;
- Құнсыздану үрдісіндегі кәсіпорын жұмысын реттеу түрлеріне және деңгейлеріне бөлу;
-Тақырыпты зерттеу нәтижесінде туындаған пікірлер мен мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және оның есепке алудағы тиімділігін дәлелдеу;
Зерттеу жұмысының объектісі - қаржылық есептілік, оның ішінде меншікті капитал мен инфляция, олардың өзара қарым қатынасы болып табылады.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытындыдан және қосымшалардан құралады. Жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция түсінігі, инфляция жағдайындағы меншікті капитал есебі және оның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке көрсетілу әдістері, инфляцияның шаруашылық жүргізуші субъектілерге әсері және оның есептілігін түзетудегі қолданыстағы әдістер, шетелдерде инфляцияны есепке алудағы әдістер қарастырылады.
Дисертациялық жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорын мысалы «Алматы газ желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынып, оның қаржылық есептілігі және есепті жүргізу шарттары қарастырылып, мемлекеттің ұстанатын саясаты көрсетіліп, кәсіпорынның қаржылық есептілігі талданады және инфляция жағдайындағы меншікті капитал қозғалысы және оны түзету жолдары қарастырылады.
Жұмыстың үшінші бөлімінде инфляцияның меншікті капиталға әсері және оны бағалау әдістері бойынша ұсыныстар, қаржылық есептілікті жүргізу барысындағы инфляция әсерінің толық ескерілмеу кемшіліктері және оны есепке алу бойынша және оларды қолдануды дамыту бойынша ұсыныстар жасалды. Инфляция жағдайында оның қарқынын есепке алу үшін кәсіпорындарға ұысыныстар жасалып, оның деңгейін есепке алу және оның қолданысы бойынша шарттары қарастырылды.
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша жалпы көлемі 0, 35 б. т. 2 ғылыми мақала жарияланды. Олар:
- «Ғаламдық экономикалық үдерістердің тұрақсыздығы жағдайындағы инновациялық даму» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Инфляцияның қаржылық есептілікке әсері, оның ішінде капиталдың қалыптасуына әсері» деген тақырыпқа мақала жарияланды.
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті «Хабаршы», экономика
Сериясында «Инфляцияның кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсері» тақырыбына мақала жарияланды.
1 Инфляция жағдайындағы меншікті капитал және оның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке алыну әдістері
1. 1 Құнсыздану және меншікті капитал түсінігі және инфляцияныңшаруашылық жүргізуші субъектілерге әсері
Инфляция жағдайындағы оның қарқынының кәсіпорынның қаржылық есептілігіне, оның ішінде меншікті капиталға әсерін анықтау үшін инфляция және меншікті капитал түсініктерін жеке-жеке қарастырып кетейік. Инфляция ақша қаражаттар нарығынды елеулі қиыншылықтарды туғызып, теңсіздіктің пайда болуынан тауарлар мен қызметтер құнының қымбаттауы және ақша қаражаттарының басқа валютамен салыстырғандағы сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі болып табылады[7, 130 б. ] .
Мемлекетке инвестицияны орналастыру барысында оның тиімділігін анықтау үшін пайда көлемімен инфляция деңгейіне қаралады, себебі пайда мен қатар инфляция деңгейі экономиканың жағдайын көрсетуші маңызды факторлардың бірі болып табылады. Егер пайда деңгейі жоғары болып инфляция қарқыны одан да жоғары дейгейде болса, оның тиімсіздігін көрсетеді. Инфляцияның орын алуына көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Олар:
- ақша қаражаттар эмиссиясының артып кетуі, яғни мемлекеттік қарыздарды жабу мақсатында пайдаланып, ақша қаражаттарын басып шығару;
- өнімділік деңгейінің төлемқабілетті сұраныс деңгейінен төмен болуы, яғни тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс деңгейінің ұсыныс деңгейінен төмен болуы;
- нарықта сұранысы жоқ тауарлардың көбеюі.
Инфляция мағынасын ақша қаражатарының тым артып, қаржы арналарының толтыруының кесірінен және тауарлар мен қызметтерге және ақша қаражаттарына сұраныстың төмендеуі немесе ұсыныс деңгейіне жетпеуі деп тұжырымдасақ болады. Негізінен, инфляция термині латын тілінен аударғанда -«ісіну» деген мағына береді. Жалпы инфляция көрінісі тауар мен қызметтер бағаларының қымбаттауынан және ақша қаражаттарына бұрынғымен салыстырғанда сатып алу мүмкіндігі төмендеуінен байқалады[9, 518б] .
Инфляция мәселесі экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік - экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі нарықтық экономика орын алып отырған замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның қарқынының дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі мәселелердің бірі жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі мәселе инфляция болды. Инфляцияның жылдық деңгейі әлемдік экономикада 2, 9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті[4, 68б. ] .
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар қасиеттер тән:
-егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір - күнделікті, барлық орамды;
-егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық;
Қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция - бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі. Ал инфляцияның жалпы анықтамасы - бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама - бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дұрыс теңгерімнің болмауы және бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып отыр. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Инфляция - бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс үрдісінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді[6, 151б] .
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді[17, 380б. ]
Егер адамның өмір сүруіне қажетті тауарлар бағасы шарықтап қымбаттап жатса, бірақ, кейбір тауарлар бағасы керісінше төмендеуі мүмкін, мұндай тауарлар сұранысы жоқ делініп алынады. Баға өзгерісін анықтау мақсатында бағалар индексі көрсеткішін пайдаланамыз. Бағалар индексі- өткен кезеңмен салыстырғандағы осы кезеңдегі бағалардың айырмашылығы қандай екендігін көрсететін көрсеткіш. Инфляция жағдайында ақша қаражатырының құнсыздануы мынандай жағдайларда орын алады:
- Алтынды сатып алу мүмкіндігіне байланысты;
- Тауарды сатып алу мүмкіндігіне байланысты;
- Шетел валютасын сатып алу мүмкіндігіне байланысты.
Масштабына байланысты инфляцияны мемлекеттік, аймақтық және әлемдік деп бөлінеді[66, 19б. ] .
Ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне байланысты импорттық және экспорттық деп қарастырады.
Болжалдануына байланысты болжалданған және болжалданбаған деп қарастырылады.
Инфляция ұзақ мерзімді және айналымдағы активтерді алу мақсатында қолданылатын қаржы ресурстарының өзгеруіне алып келеді, яғни қаржы ресурстарының оны сатып алу мүмкіндігі азаяды. Ол меншікті капиталдың белгіленген мөлшерін қалыптастыруды, сырттан тартылатын қаражаттарды арттыруға мәжбүрлейді. Инфляция экономикада маңызды орын алып, ал оның нәтижелері қоғамға, экономиканың өсуіне кері әсерін тигізеді. Оның нәтижелері экономиканың айырылмас бөлігі, тәуекелге бел байлаған шаруашылық жүргізуші субъектілерге, оның қаржылық есептілігіне және өнімділігінің тиімділігіне кері әсер етеді[11, 448б. ] .
Ақша қаражаттарының құнсызданып, тауарлар мен қызметтер құны өсіп, оны алу мүмкіндігі төмендегенде, мемлекетте инфляция орын алады. Инфляцияның туындауына ақша массасаның артып, тауар және қызметтердің жеткілікті деңгейде болмауы себеп болып табылады. Қазақстаның экономикасына, онда орын алып отырған өзгерістерге көз жүгіртсек, бұл «стандартты емес» жүйе екендігін байқаймыз. Оның көрінісі 1 кестеде көрсетілген.
Кесте -1 Жылдық инфляция деңгейінің көлемі, пайызбен
Кестеден байқап отырғанымыздай ел тізбегін алғаннан кейінгі үш жылда гиперинфляция қалыптасты. 1993 жылы ұлттық валютаны қабылдап, инфляцияға қарсы күрес жүргізіле бастаудың негізінде оның деңгейін едәуір төмендетті. Қазір инфляция деңгейі бірқалыпты қалыптасып, 3 жыл ішінде жыл сайынғы көлемі 10 пайыздан аспады. Бірақ осы құнсызданудың өзі кәсіпорындар үшін ақша қаражаттарымен тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігін 10 пайызға төмендетіп отыр деген мағына береді.
Инфляция ұзақ мерзімді және айналымдағы активтерді алу мақсатында қолданылатын қаржы ресурстарының өзгеруіне алып келеді, яғни қаржы ресурстарының оны сатып алу мүмкіндігі азаяды. Ол меншікті капиталдың белгіленген мөлшерін қалыптастыруды, сырттан тартылатын қаражаттарды арттыруға мәжбүрлейді. Инфляция экономикада маңызды орын алып, ал оның нәтижелері қоғамға, экономиканың өсуіне кері әсерін тигізеді. Оның нәтижелері экономиканың айырылмас бөлігі, тәуекелге бел байлаған шаруашылық жүргізуші субъектілерге, оның қаржылық есептілігіне және кәсіпорын құрылтайшыларымен қалыптастырылған меншікті капитал көлеміне де кері әсер етеді [19, 591б. ]
Жалпы кәсіпорынның меншігі және тартылған қаражаттар кәсіпорынның негізгі қаржылық жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның құрылу барысында салынған қаржылық ресурстар оның, яғни кәсіпорынның құқықтық формасына байланысты үлескерлер немесе қатысушылар (құрылтайшылар) салған жарғылық капитал сомасына тең болады. Қаржылық ресуртар ретінде кейінірек кәсіпорын жұмысында қолданылатын, оны қолданылуы пайда алып келуге септігін тигізетін меншік ретінде қарастырылады. Ұйым қызметін жүзеге асыру барысында оған сырттан да капитал тарту қажет болады. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі» заңы бойынша капиталға келесідей анықтама берілген: Капитал - жеке кәсіпкердің немесе ұйымның міндеттемелерін шегеріп тастағандағы активтердегі үлесі[1] . Капиталдың қалыптасуының екі көзі бар: меншікті және сырттан тартылған. Оны 1-ші суреттен көруге болады.
Сурет1- Ұйым капиталын қалыптастырудың көздері
Ал енді ұйымның меншікті капиталының құрамын 2-ші суреттен көруге болады.
Сурет 2- Меншікті капиталдың құрамы
Меншікті капиталдың негізгі құраушысы болып жарғылық капитал табылады. Жарғылық капитал деп ұйымның алғаш құрылған кездегі қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында қатысушылардың, меншік иеленушілердің үлестерінің жиынтығын көрсетеді. Кәсіпорын құрылған кезде өз қызметін жүргізу мақсатында белгілі бір қаржылық ресурстарды кәсіпорын меншігіне орналастырады. Орналастырылған қаржылық ресурстар ақшалай бағаланып кәсіпорынның меншікті капиталын құрады. Меншікті капиталдың сомасы мемлектіміздің заңдарымен реттеліп, ұйымның құру формасына байланысты әр түрлі болып келеді. Сондықтан, қаржылық құралдар активтер деп аталып, бастапқы теңдеу активтеріміз капитал мен міндеттемелер қосындысынан құралады. Осы теңдеудің нәтижесінен ұғатынымыз капитал бұл үлескерлердің немесе кәсіпорын қатысушыларының сол айтылған кәсіпорынға салымдары және кәсіпорын міндеттемелері толық орындалғаннан кейінгі активтердің құны меншікті капитал құнына тең болады[12, 126б. ] .
Мемлекет ұйымның меншікті капиталын айлық есептік көрсеткіш сомасының минималды сомасын бекіту арқылы реттеп отырады. Меншікті капитал сомасы кәсіпорын таза пайда тапқан жағдайда капитал көлемі өзгеріп отырады. Қаржылық есептілікте кәсіпорын меншікті капиталды құрайтын меншікті баланстың актив жағында көрсетсе, ал капиталдың пайда болу көздерін баланстың пассив жағында көрсетеді. Ол кәсіпорын құрылған кезде нотариалды куәландырылып, әділет министрлігінде тіркеуде болады. Ал кейінгі меншікті капиталдың қозғалысының есебі салық есептілігінде және кәсіпорынның шаруашылық нәтижелерінің құрамында болады.
Жарғылық капитал келесідей маңызды қызметтерді атқарады:
1. Ол ұйым қызметінің мүліктік негізін құрайды, яғни бастапқы капитал болып табылады;
2. Жарғылық капиталдың қалыптасуы арқылы әрбір қатысушының, акциа иелерінің ұйымдағы үлесін анықтауға болады, сол арқылы олардың жалпы құрылтай жиналыснда иеленетін дауыстарының саны мен табыстарының мөлшерін анықтауға болады;
3. Жарғылық капитал үшінші жақтар алдындағы міндеттемелердің орындалатындығын кепілдендіреді, сол себепті заңнамалық тұрғыда жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері бекітіледі.
Меншікті капитал кәсіпорынның жағдайын анықтайтып ең басты факторлардың бірі болғандықтан оның есебі және беріліп отырған ақпараттың шынайылығы үлкен маңызға ие болып келеді.
Капитал мен резевтер жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының 5 «Капитал және резервтер» бөлімінің шоттарында жинақталады. Соның ішінде жарғылық капитал есебіне 5000 «Жарғылық капитал» бөлімшесінде келесідей пассивтік шоттар берілген:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz