Ахметжанов Оралғазы Нұранбасұлы Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар



МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
БЕЛГІЛЕУЛЕР мен ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2 Көгершіндердің паразиттерінің түр құрамы ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2.1 Гельминттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.2.2 Эймериялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.2.3 Кенелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.2.4 Қауырсын . мамық жегіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Зерттеудің негізгі бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.3.1 Қазақстанның шығыс аймағының ауа.райының ерекшеліктері ... ..25
2.3.2 Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері ... ... 26
2.3.3 Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері ... ... ... ... ...28
2.3.4 Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы ... ... ... ..30
2.3.5 Көгершін аскаридиозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3.6 Көгершін капилляриозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
2.3.7 Көгершін эймериозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
2.3.8 Көгершіндердің сыртқы паразиті.Dermanyssus gallinae кенесі ... ... .55
2.3.9 Көгершін маллофагозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
2.4 Көгершін паразитоздарына қарсы тиімді дәрілерді іздестіру ... ... ..66
2.4.1 Аскаридиозға және капилляриозға қарсы 0,2 % универмді сынау...67
2.4.2 Эймериозға қарсы коккимедті сынау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
2.4.3 Маллофагозға қарсы 5 % каратэні сынау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
2.4.4 Маллофагозға қарсы 10 % фьюриді сынау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
2.4.5 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 5 % каратэні сынау ... ... ... ... ..75
2.4.6 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 10 % фьюриді сынау ... ... ... ...77
2.5 Зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78
2.6 Көгершін паразитоздарына қарсы шаралар және оның тиімділігі ... ..82
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...86
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...89
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .97
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 98
Қосымша Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...109
Қосымша Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...113
Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның шығыс аймағында құстардың көгершінтектестер (Columbipormes) тұқымдасына жататын жабайы көк көгершін (Columba livia) көп таралған.
Адамдар осы жабайы көк көгершіндерді өте ерте заманнан қолда ұстауға үйрете бастаған. Содан бері дүние жүзінің әуесқой көгершін өсірушілері үй көгершінінің (Columba livia domestica) 800 – ден аса қолтұқымдарын шығарып өсіруде. ТМД аумағында 200-ден аса, ал Қазақстанда үй көгершінінің бірнеше ондаған қолтұқымдары ұсталады. Үй көгершінін адамдар ұзақ уақыт бойы хат тасуға пайдаланған. Кейіннен көгершіндердің сәндік қолтұқымдары көптеп шығарылды. Олар бағалы құстар. Тұқымдарына байланысты бір жұбы бірнеше мың теңгеге, сирек кездесетіндері бірнеше мың долларға бағаланады. Америка мен Батыс Европа елдерінде етті қолтұқымдарынан (техан, кинга, штрассер) бағалы диеталық ет өндіріледі. Көгершін еті диеталық тағам ретінде ауырған, әлсіреген және жас балаларға ұсынылады. Соңғы уақытта Англияда, Россияда көгершін спорты дамып келеді. Көгершіндер ветеринария мен медицинада зертханалық жануар ретінде пайдаланылады [1,2,3,4,5,6,7].
Зерттеулерге қарағанда көгершіндер әртүрлі ауруларға шалдығады, оның ішінде паразитоздар жиі кездеседі. Ауруларын уақытылы және дәл анықтап, дұрыс емдемесе әсіресе үй көгершіндері жиі шығынға ұшырайды. Аса құнды қолтұқымдары жойылады. К.И. Скрябин [1932] «Глистные инвазии голубей» атты еңбегінде «Көгершін шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы, көгершіндердің көптеген инвазиялық ауруларының қоздырғыштары белгілі болғанымен, олардың биологиясы, экологиясы, патогенезі, емі және ветеринариялық – санитариялық шаралары зерттеулерді қажет етеді», - деп атап көрсеткен [8,9,10,11].
К.И. Скрябиннен кейін ТМД және Қазақстан аумағында көгершін гельминтоздары арнайы зерттелмеген. В.Я. Панин [1964], Е.В. Гвоздев., Б.А. Қасымжанова [1965] т.б. ғалымдар мұндай зерттеулер қажет деп есептейді [12,13].
Ветеринария мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарына арналған паразитология оқулықтарында көгершіндердің инвазиялық аурулары қарастырылмайды. Арнайы әдебиеттер сирек, табу өте қиын. Осыған байланысты ветеринария мамандары үй көгершіндерінің паразитоздарын анықтауда, ем көрсетуде қиындықтарға кездесуде.
Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда күннен-күнге көгершін сияқты синантропты жануарлардың үй жануарлары мен адамның жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын таратушылар және олардың қорламасы (резервуары) ретіндегі ролі жоғарлай түсуде [14].
1 Романов В.Н., Разбесов О.К. //Голубеводство. - Москва: Агропромиздат, 1987. – 206 с.
2 Фернац О. Голуби. – Алма-Ата: -Кайнар, 1985. – 188 с.
3 Овсянников Н., Эйзель Л. Шалевые Семипалатинские. // Птицеводство. 1992. - № 11. – 52 с.
4 Сикора Андраш. Голуби породы техан. //Птицеводство. 1972. -№ 6.
- С. 48 - 49.
5 Альберт Л. Характеристика мясных голубей США. // Птицеводство. 1972. - № 6. – 48 с.
6 Петрухин В.И., Петрухин Н.И. Кормление домашних и декаративных животных. 1992. – Москва: – С.239 - 241.
7 Кратенко А. Любовь и голуби. – Казахстан. ВКО. Газета Время. 8.11.2001. – 14 с.
8 Бессарабов Б. Берегите голубей от болезней. //Птицеводство. 1990. - № 10. – С. 41 - 42.
9 Бессарабов Б. Профилактика и лечение болезней голубей.// Птицеводство. 1979. - № 2. – С. 54 - 55.
10 Рахмахов А.И., Бессарабов Б.Ф. Голуби и профилактика их заболевании. – Москва: Россельхозиздат, 1987. С. 1 - 3.
11 Скрябин К.И. Глистные инвази голубей. – Москва: Сельхозгиз, 1932. – 121 с.
12 Панин В.Я. Гельминтофауна птиц Зайсанский котловины. // Труды инст. зоологий.- Алма-Ата: 1964. -Т.12. – С. 160 - 172.
13 Гвоздев Е.В., Касымжанова Б.А. К фауне нематод диких птиц Южного Казахстана. // Материалы к научной конференции всесоюзного общества гельминтологов.1965. Часть 1. – С. 54 - 58.
14 Бессонов А.С. Проблемы и перспективы развития ветеринарной паразитологий. //Ветеринария. 2002. - № 5. – С. 27 - 29.
15 Kestoing V., Gollash S. // Helgoland Meersuntersuch.1996. -№ 5.
16 Черепанов А.А., Перова Л.А. Новое в теории противопаразитарных мероприятий. //Ветеринария. 1999. - № 6. – С. 31- 33.
17 Касимов Г.Б. К вопросу взаймозаражение гельминтами домашних и диких куриных птиц. // Материалы к научной конференции всесоюзного общества гельминтологов. – Москва: 1965. Часть 2.– С.110 - 112.
18 Гаркови Б.А. Расшифровка цикла развития нематоды Tetrameres fissispina, паразита домашних и диких уток. // Доклад АН СССР. 1949. -Т. 46. -№ 6. – С.1215 – 1218.
19 Гаркови Б.А. Цикл развития нематоды Crassicauda, диагностика и эпизоотология стрептокароза уток. // Труды ВИГИС. 1953. - Т. 5.
–С. 5-22.
20 Потемкин В.А., Демидов Н.В. Справочник по диагностике и терапии гельминтозов животных. – Москва: Сельхозгиз, 1956. – С. 298 - 300.
21 Орлов Ф.М. Болезни птиц. – Москва: Колос, 1971. – 463 с.
22 Rosicky B., Barus V., Bejsoves J. // Prirodoved, pr, Ustavu CSAV Brne, 1974. 8. - № 4. – 45 с.
23 Яровой П.Ф., Ларин С.А., Даугалиева Э.Х., Минеев В.В., Гребенкин В.А. Болезни птиц. – Алма-Ата: Кайнар, 1975. – 271 с.
24 Петроченко В.И., Котельников Г.А. Гельминтозы птиц. – Москва: Колос, 1976. – 352 с.
25 Матевосян Е. М., Мовсесян С.О. Цестодозы животных. – Москва: Колос, 1977. – С. 131-134.
26 Якунин М.П. Спирохеты и спирохетоз птиц в Казахстане. // Труды института зоологий. – Алма-Ата: 1967. -Т.28. - С.153 - 169.
27 Якунин М.П. Кровепаразиты диких птиц Юго-Востока Казахстана. // Труды института зоологий. – Алма-Ата: 1972. –Т.33. – С.69-73.
28 Якунин М.П., Жазылтаев Т.А. Паразитофауна крови диких и домашних птиц Казахстана. //Труды института зоологий. – Алма-Ата: 1977.–Т.37. – С.124 - 128.
29 Якунин М.П. Спирохеты диких птиц. //Труды института зоологий.- Алма - Ата: 1962. – Т.16. - С.15 - 22.
30 Сенотрусова В.Н. Гамазовые клещи-паразиты диких животных Казахстана. - Казахской ССР: Наука, 1987. – 219 с.
31 Цыркунов Л.П., Цыркунова А.Л. О клещевых дерматитах. //Медицинская паразитология и паразитарные болезни. – Москва: Медицина, 1987. - №1. – С.28 - 31.
32 Тагильцев А.А., Бутенко О.Н. О жизненных схемах гамазойдных клещей, связанных с птицами в природных очагах арбовирусных инфекции и риккетсиозов а Восточном Казахстане. //Материалы девятой итоговой науч. практ. конференцийКИЭМГ.- Алма-Ата: 1968. – С.120 - 124.
. 33 Рыбалко С.И., Петрова Е.Ф., Приходько С.Т. Эпидемология клещевого энцефалита в Восточно – Казахстанской области. //Институт зоологий. - Алма-Ата.: 1960. - Т.12. - С.43 - 53.
34 Coles G.C. // Vet. Parasitol. 2001.- №98. – P. 45 - 46.
35 Thompson R.C. // Vet. Parasitol. 2001. - № 98. – P. 52 - 53.
36 Дементьев Г.П., Мекленбурцев Р.Н., Судиловская А.М., Спангенберг Е.П. Птицы Советского Союза. – Москва: Советская Наука, 1951. –Т.2. – С. 3 - 70.
37 Наумов С.П. Зоология позвоночных. – Москва: Просвещения, 1973. – 423 с.
38 Долгушин И.А. Птицы Казахстана. – Алма- Ата: 1969. - Т.1 - 2.
39 Қайым Қ., Муханов Б., Сәтімбекұлы Р., Шаймарданқызы М. Жануартану. – Алматы: Рауан, 1992. – Б.178 - 300.
40 Бессарабов Б.Ф. Болезни сельскохозяйственной птицы. – Москва: Колос. 1973. – С. 9 – 13.
41 Кудрявцев А.А., Кудрявцева Л.А. Клиническая гематология животных. – Москва: Колос, 1974. – 398 с.
42 Скрябин К И., Петров А.М. Основы ветринарной нематологий. –Москва: Колос, 1964. – С. 468 - 490.
43 Скрябин К.И., Соболев А.А., Ивашкин В.М. Спирураты животных и человека и вызываемые ими заболевания. – Москва: Наука, – С. 254 - 485.
44 Гагарин В.Г. К изучению цикл развития Capillaria caudinflata и терапия капилляридоза кур. // Труды всесоюзного института гельминтологии. - Москва : 1953. – С. 160 - 162.
45 Рыжков К.М. Сингамиды домашних и диких животных // В кн.: Основы неметологий. – Москва: Изд. АН СССР, 1949. – Т.1.
46. Дубинина М.Н. Паразитологическая исследование птиц. – Ленинград: Наука, 1971. – 140 с
47 Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. – Астана: 2000. – 560 c.
48 Твердохлебов П.Т. Воспримчивость домашних птиц к Ascaridia galli. //Ветеринария. 1966. - №8. – С. 67 - 69.
49 Вовченко Н.М. Содержание белков сыворотке крови кур в норме и при аскаридозе. // Труды лаборатории гельминтологии АН СССР. 1980. № 32. – С. 15 - 21.
50 Феоктисов П.И. Эпизоотология и профилактика аскаридоза кур. – Ветеринария. 1950. № 4. – С. 51 - 52.
51 Kerr B. Parasitol. Polon., 1975. 5. № 1 - 12. – P. 63 - 90.
52 Лысенко А.А. Эпизоотология и профилактика при аскаридозе кур: Автореферат. Канд. диссертации кан. вет. нау.: - М.: МВА, 1938. – 16 с.
53 Цветаева Н.П. К патологии ранних стади аскаридоза кур. // Труды гельминт. лаборатории АН СССР. 1954.- Т. 7. – С. 45 - 56.
54 Шихобалова Н.П., Кустова Л.И., Касимова А.Н. Влияние аскариди на запасы витамина А в печени цыплят. // Труды. Гельминт. лаборатории АН СССР. –Т. 5. 1951.
55 Коваленко И.И., Шемет Р.С. Влияние аскариди на содержание каротина, витаминов А и Е у цыплят. //Ветеринария. 1983. № 2.
56 Рыжков К.М., Сергеева Т.Г. Экологическая характеристика капиллярид (Nematoda. Capillaridae) паразитирующих у птиц. Фауны СССР. // Труды гельминт. лаборат. АН СССР. 1980. - Т.3. – С. 68 - 82.
57 Гагарин В.Г. Заметки по систематике капиллярид. // Труды института зоологий и паразитологий АН Кирг. ССР. 1959.- Вып.7. – С. 122 -131.
58 Гагарин В.Г. Возбудители капилляридозов домашних птиц и вызываемые ими заболевания. // Труды гельминт. лабораторий АН СССР. 1952 -Т.6. – С. 403 - 406.
59 Wakelin D.J. Helminthol., 1965. 39. № 4. – P. 399 – 412.
60 Enigk .K., Dey- Hazra A. Zeitschrift u. Parasitenkunde. 1968. 31(2). – P. 155 - 165.
61 Berghen P. Exptl. parasitol. 1966. 19.- №1. – P. 34 - 41.
62 Willomitzer J. Lebduska J. Veterinarstvi. 1963. 13.- № 6. – P.257 - 259.
63 Yamaguti S. Studies on the helminth fauna of Japan. Part 6. Cestodes of birds, 1 – Japan. J. Zool., 1935. Vol.6. - P. 183 - 3-235.
64 Joyeux Ch., Baer J.G. Sur guelques cestodes de Cochinchine. Bull. Soc. Path. Exot. 1937. t. 30. – P. 872 – 874.
65 Спасский А.А. Аноплоцефаляты – ленточные гельминты домашних и диких животных. //Вкн.: Основы цестодологии. – Москва: 1951. – Т.1. - 735 с.
66 Матевосян Е.М., Мовсесян С.О. Новый род и новый вид - Penfocoronaria rusannae nov. gen. nov.sp. (Cestoda: Davaineidae) от большой горлицы. - Turtur turtur. // АН СССР. Материалы к научной конф. всесоюзного общество гельминтологов. – Москва: 1966. – С. 170-175.
67 Мовсесян С.О. Новая систематика Райетин (Cestoda: Davaineidae) АН СССР. Материалы и научной конф. всесоюзного общество гельминтологов. – Москва: 1966. – С. 183 - 191.
68 Спасский А.А., Спасская Л.П. Гименолепидиды птиц Вьетнама. - Helminthologia. 1969. –Т. 10. - Вып. 1-4. – С. 203 - 243.
69 Спасский А.А., Юрпалова Н.М. Skjabinotaurus interruptus gen.n. sp.n. (Cestoda: Davaineidae) от голубиных птиц Вьетнама. //В кн.; Проблемы общей и прикладной гельминтологии. – Москва. 1973. – С. 133 - 136.
70 Игуен Тхи Ки., Дубинина М.И. К фауне ленточных червей голубиных птиц (Columbiformes) Ветнама. // АН СССР. Зоологический сборник. – Ленинград: Наука, 1980. - Т. 29. – С. 96 - 112.
71 Vrazic O., Karlovic V. Prvi naloz i pokusaj suzbijanja trakavice Raillietina (Skrjabinia) bonini goluba u Iugoslavija "Acta parasitl. ingosl". 1980. 11. - № 1 - 2. – Р. 95 -101.
72 Аюпов Х.В. Новая трематода из желочных ходов печени голубя - Skrjabinus petrowi. nov.sp. // Труды Башкирской научно- исследовательской вет. станции.1951. –Т. 6. – С. 112 - 115.
73 Орлов Н.П. Паразитологические простейшие Казахстана. – Алма- Ата: 1947. –Ò. 2. – 98 с.
74 Крылов М.В., Зойонц В.И., Илюшечкин Ю.П. Кокцидиозы домашних животных. // Научные труды ВАСХНИЛ «Арахнозы и протозойные болезни сельскохозяйственных животных». – Москва: Наука, 1977. – С. 171 - 182.
75 Илюшечкин Ю.П., Кириллов А.И., Зайтбеков Е.Д. Состояние и перспективы научных исследований по протозойным болезням птиц. //Ветеринария. 1986. - № 5. – С. 49 - 50.
76 Сванбаев С.К. Кокцидии диких животных Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1979. – С. 68 - 69.
77 Nischulz O. Vber Kokzidien der Haustauben.«Zbi. Bakt. I. Orig», 1935. 134
78 Mitra A., Gopta M. On a species of Eimeria (Coccidia, Sporozoa) from the intestine of a pigeon, Columba intermedia. Proc. 24 th. Lnd. Sci. Congr., 1937.
79 Malhotra M.N., Ray H.N. On a new coccidium, E tropicallis n. sp. from. the domestic pigeon, Columba livia intermedia. – Ln: 48 th. Lnd. Sci. Congr. Ass. Part 111.1961.
80 Chatterjee D.K., Ray H.N. Eimeria Rapotei n. sp. from the domestic pigeon, Columbe livia intermedia. – In: Proc. 56 th. Lnd. Sci. Congr. Pazt 111, Abstr. 1969.
81 Рахматулина – Батыршина Н.К., Сванбаев С.К. Зараженность диких птиц кокцидиями. //Труды института зоологии. – Алма-Ата: 1973. – Т.33. – С. 5 - 14.
82 Павловский Е.Н. Вредители животноводства Казахстана. - Алма Ата: 1937.
83 Галузо И.Г. Кровососущие клещи Казахстана. - Алма – Ата: 1953.
84 Кусова В.Н. Клещи орнитодорины средней Азии и Казахстана. – Алматы: Наука, 1973. – 305 с.
85 Брегетова Н.Г. Гамазовые клещи (Gamasoidae); Краткий определитель. - Москва- Ленинград: 1956. – 247 с.
86 Поляков В.А., Узаков У.Я., Веселкин Г.А. Ветеринарная энтомология и арахнология. – Москва: Агропромиздат, 1990. – С. 163 - 234.
87 Есімбек Ж.М. Арахноэнтомология. – Новосибирск: 2002. - С. 152-160. – С. 3 - 37.
88 Бибикова В.А. Гамазовые клещи Юго-Восточного Казахстана //Труды института зоологий. - Алма Ата: 1956. – Т.5. – С. 152 - 160.
89 Бибикова В.А. К фауне краснотелковых и гамазовых клещей Тарбагатая. // Труды Среднее – Азиатского научного исслед.противочумного института. 1959. – Вып. 4. – С. 285 – 289.
90 Земская А.А. Гамазовые клещи в очаге КУ – лихорадки в районе залежных и целинных земель северного Казахстана. // Тезисы доклада девятого совещания по паразитологическим проблемам. - Москва: Ленинград, 1953. – С. 99 - 101.
91 Земская А.А. Паразитические гамазовые клещи и их медицинские
значение. Москва, 1973.
92 Агапова И.П. К фауне гамазовых клещей северного Казахстана. // Тезисы доклада Всесоюзного совещания энтомологического общество. –Москва: 1963. – С. 162 - 163.
93 Синельщиков В.А. Кровососущие членистоногие как эпидемиологический фактор Поймы Иртыша. Природная очаговность болезней и вопросы паразитологии. - Алма Ата: 1961. – Вып.3.
94 Синельщиков В.А. К фауне гамазовых клещей (Parasitiformes; Gamasoidae) Павлодарской области Казахской ССР. Энтомологический обозр. 1967. – Т.46. – Вып. 4. - С. 836 – 844.
95 Коренберг Э.И. Птицы и проблема природной очаговости клещевого энцефалита.// Зоологическии журнал, 1966.- № 45.(2). – С. 245 – 260.
96 Пинчук Л.М. Роль гамазовых клещей в жизни человека и домашних животных. – Кишинев: 1976.
97 Kruspi W., Heimbucher J. // Derm. Mschr. 1980. Bd 166, - № 11. – P. 459 - 460.
98 Bazdach H.Z. Hautkr. 1981. Bd 56. - № 1. – P. 21 – 26.
99 Шустрова М.В., Арестов О.А., Розовенко М.В. Эктопаразиты птиц. //Ветеринария. 1998, - № 10. – С. 33 - 34.
100 Якунин М.П. К фауне эктопаразитов домашних и диких птиц Юго- Востока Казахстана. //Труды института зоологии. – Алма-Ата: - Т.31. 1971. – С. 221-225.
101 Якунин М.П. К вопросу распространении клещей Agas reflexus. //Труды института зоологии. – Алма-Ата: 1960. – Т.12. – С. 221 - 225.
102 Сердюкова Г.В. Иксодовые клещи фауны СССР. Определители по фауне СССР. 64. Изд. Ан СССР. - Москва – Ленинград: 1956. – С.1 - 121.
103 Благовещенский Д.И. Определитель пухоедов (Mallophaga) домашних животных. Фауна СССР. – Москва: 1940. - Нов. сер, 27.
104 Благовещенский Д.И. Насекомые пухоеды. Фауна СССР. Зоологический институт. АН СССР. - Москва – Ленинград: 1959. –Т.1. –Вып.1. – С. 1 - 201.
105 Schölzel G. Die Embrologie der Anopluren und Mallophen. Ztschr. Parasiten Kunde, 9. 1937. – P. 730 - 770.
106 Martin M7 Life history and habits of the pigeon louse. (Columbicola
columbae Linnaeus) Conad. Ent, 1934. 66. – P.16.
107 Rem Reneta., Zuotorzycka Gadwiga. An experimental study of the survival rate of some Mallophaga ontside of columba livia dom. body. «Acta parasitol. pol.» 1981. 28. - ¹ 12 – 24. – P. 179 – 185.
108 Благовещенский Д.И. Mallophaga Таджикстана. // Паразитологический сборник зоологического института. АН СССР.- Москва: 1951. – Т.13. – С. 272 - 327.
109 Василевич Ф.И., Толстенков О.О. Некоторые наблюдение по паразитофауне сизого голубя в г. Москве. // Проблемы энтомологии и арахнологии. Сборник научных трудов. – Тюмень: 2002.- № 44. - С. 16 - 18.
110 Красатин Н., Пиянин В.М. Изучение энтомофауны и акарофауны голубей в Ульяновской области. (клещи и пухоеды). // Профилактика и ликвидация болезней домашних животных и птиц. 1980. – С. 26 - 29.
111 Nelson B.C., Murray M.D. The distribution of Mallophaga on the domestic pigeon. // Int. J. Parasitol. 1971. V.1. – P. 21 - 29.
112 Лункашу М.Т. Пухоеды (Mallophaga) домашних голубей Молдавии.// Паразиты животных и растений. 1973. 9. – С. 214 - 226.
113 Жук. Е.Ю., Волчак Т.М. Да фауны пухоедау (Mallophaga) шызага голуба Беларуси. // Весци АН БССР. Сер. Биол. 1975. - № 2. – С. 101 - 102.
114 Касиев С.К. Результаты изучения пухоедов домашних и промысловых птиц Средней Азии. //Энтомол. исследования в Киргизии. 1976. - №11. – С.80 - 84.
115 Кузнецов З.В., Курицин И.И. Семипалатинская область (Экономика-географическая характеристика) //Изд. АН Каз ССР. - Алма-Ата: 1961. – 214 с.
116 Квятковский В.Н., Замковая Л.А. Статистическая обрапботкеа экспериментальных данных. //Ветеринария. 1986. - № 6.- С. 74 - 78.
117 Лютинский С.И., Степин В.С. Практикум по патологической физиологии сельхозяйственных животных. – Москва: Агропромиздат. 1989. – С. 20 - 24.
118 Догель П.А. Общая паразитология. – Ленинград, 1962.- 463 с.
119 Павловскии Е.Н. Теория паразитоценозов и паразитарные болезни. // Совещание по паразитологическим проблемам. – Ленинград: Наука, 1955. – С. 110 - 116.
120 Маркевич А.П. Паразитология, становления, предмет, теоритические основы и задачи. // Паразитоценология. – Киев, 1985. – С. 16 - 32.
121 Панасюк.Д.И. Эколого-паразитарные патогенетические системы. //Ветеринария. 1986. № 8. – С. 48 - 52.
122 Петров Ю.П. Паразитоценозы и ассоциативные болезни сельхозяйственных животных.- Ленинград, 1988. – С. 174 -178.
123 Искаков М.М., Серикова А.Т., Зайцева А.В., Кабышева Ж.К. Паразитоценозы и ассоциативные инвази сельхозяйственных животных. // Материалы международной научно-практической конференции. Животноводство иветеринария в ХХ1 веке: действительность и перспективы развития. – Семей, 2002. – С. 31 - 33.
124 Сабаншиев М., Сулейменов Т., Карамендин Ө., Шабдарбаева Г.,
Жантөре М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. – Алматы: Агроуниверситет, 2003. – 516 с.
125 Артомонова С.В., Петроченко В.И. О паразитировании аскаридий, капиллярий и кокцидий в кишечнике цыплят. //Ветеринария. 1968. № 8. – С.148 - 149.
126 Головкина Л.П., Волкова Г.Н, Кругляк Е.Б., Тер-Симонян., Авчук С.В. Эффективность универма при нематодозах кур. //Ветеринария. 2000. № 5. – С.30 -33.
127 Campbell W.C., Fischer M.H., Stapley E.O., Albers-Schonberg G., Iocob T.A. Ivermectin a porent vewanti-parasitic agent. “Science” 1989. 221.
№ 4613.- P. 823 - 828.
128 Есенгулова Н.Ж. Влияние способа содержания кур на зараженность эймериями. // Материалы Международной научно-практической конференций Животноводство и ветеринария в ХХ1 веке: действительность и перспективы развития. – Семей, 2002. – С. 29 -31.
129 Хусайнова Л.Т. Эймериоз телят на востоке и северо-востоке Казахстана и его терапия. // Материалы Международной научно-практической конференции. – Семей, 2002. – С. 33 - 34.
130 Крылов. В.Ф. Резистентность кокцидий кур к химиотерапевтическим препаратом. //Ветеринария. 1970. № 6. – С. 63 - 65.
131 Крылов М.В., Зайонц В.И. Препараты при кокцидиозах птицы.
//Ветеринария. 1972. № 8. –С. 76 - 78.
132 Дремова.В.П., Волков Ю.П. Пиретрины и синтетические пиретройды.Медицинская паразитология и паразитарные болезни. – Москва: Медицина, 1987. № 4. – С. 76 - 82.
133 Галяутдинова Г.Г., Абульханова Г.М., Тремасов М.Я., Зимаков Ю.А. Токсикологические аспекты использования синтетических пиретройдов в сельском хозяйстве. // Ветеринария. 2003. № 3. – С. 52 - 55.
134 Нурпейсов. Т.Н., Ажбеков В.К., Кабдулин В.Е., Челдибаев М.К.,
Комиссаров. И.А., Жумагалиева Г. // Саранчовые вредителисельхозяйственных растений Казахстана и рекомендации по огранечению их численности. – Алматы: Asia Publishing, 2000.
135 Исимбков Ж.И., Насыров Ф.С., Макатов Т.К., Жармашов К.М. Способ защиты животных от зоофильных мух, желудочных оводов и гнуса. //Предвапрительный патент № 16573 Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства Юстиции Республики Казахстана 2006, Бюл. №1. – 2 с.
136 Исимбеков Ж.М., Насыров Ф.С., Макатов Т.К. Применения препарата Фьюри для защиты крупного рогатого скота от зоофильных мух, слепней и мошек. //Заявка для получение предварительного патента Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства Юстиции Республики Казахстан. 2006. № 2004/0512.1..
137 Родин И.А. Изучение эффективности карбофоса и диброма в борьбе с эктопаразитами птиц: Автореферат диссертации на соискание уч.
степ. канд. вет. наук:. – Москва, 1970. – 23 с.
138 Фролов Б.А. Кровососущие эктопаразиты птицы и меры борьбы с ними.(D.gallinae R., A.persicus OK., C.lectularius L.): Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора вет.наук:. –Москва, 1971. – 36 с.
139 Холодов И.Я. Разработка аэрозольного метода борьбы с куринным клещом (Dermanyssus gallinae, Redi, 1674) в птичниках в присутствии птицы: Автореферат диссертации на соискание уч. степ. канд. вет.наук:. – Москва, 1974. – 22 с.
140 Керимбаева А.У., Ананьев О.П., Кузнецов В.И. Эффективность
препарата Парисара при некоторых экотопаразитах животных и птицы. // Материалы Международной научно-практической перспективы развития. – Семей, 2002. – С. 169 - 171.
141 Керимбаева. А.У. Средства профилактики и терапии арахнозов с/х животных в южных регионах Республики Казахстан: Диссертация на соискания ученой степени к.в.н:. – Алматы, 2005. – 122 с.
142 Панасюк Д.И. Особенности этиологии и меры борбы при смешанных болезнях птицы. //Ветеринария. 1988. № 7. - С. 38 - 41.
143 Қаз Елімбек. Ақмола облысының Есіл-Нұра алқабындағы ірі қара мал төлінің остертагиялық-эймериялық инвазиясы: Ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын іздену диссертациясы.: –Алматы, 2002. – 128 бет.
144 Шайхаманов М.Х. Определение экономической эффективности ветеринарных мероприятий. – М. Моск. вет. ак. 1987. – 22 с.
145 Сулейменов М.Ж., Диков Г.И., Кереев Я.М. Методические указания по комплексной оценке антгельминтных препаратов в ветеринарии. – Алматы. 2002. – 10 с.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

ӘОЖ 619:576.89;636 Қолжазба
құқығында

АХМЕТЖАНОВ ОРАЛҒАЗЫ НҰРАНБАСҰЛЫ

Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары
және оларға қарсы шаралар

03.00.19 – паразитология

Мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші, биология ғылымдарының
докторы,
профессор Жұмағали Мұрсалиұлы Исимбеков

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2006

МАЗМҰНЫ бет.

МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

БЕЛГІЛЕУЛЕР мен ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .11
1.2 Көгершіндердің паразиттерінің түр құрамы ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.2.1 Гельминттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2.2 Эймериялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.2.3 Кенелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.2.4 Қауырсын – мамық жегіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Зерттеудің негізгі бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.3.1 Қазақстанның шығыс аймағының ауа-райының ерекшеліктері ... ..25
2.3.2 Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері ... ... 26
2.3.3 Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері ... ... ... ... ...28

2.3.4 Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы ... ... ... ..30

2.3.5 Көгершін аскаридиозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3.6 Көгершін капилляриозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
2.3.7 Көгершін эймериозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
2.3.8 Көгершіндердің сыртқы паразиті-Dermanyssus gallinae
кенесі ... ... .55
2.3.9 Көгершін маллофагозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
2.4 Көгершін паразитоздарына қарсы тиімді дәрілерді іздестіру ... ... ..66
2.4.1 Аскаридиозға және капилляриозға қарсы 0,2 % универмді сынау...67
2.4.2 Эймериозға қарсы коккимедті сынау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
2.4.3 Маллофагозға қарсы 5 % каратэні
сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .71
2.4.4 Маллофагозға қарсы 10 % фьюриді
сынау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 73
2.4.5 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 5 % каратэні
сынау ... ... ... ... ..75
2.4.6 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 10 % фьюриді сынау
... ... ... ...77
2.5 Зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78

2.6 Көгершін паразитоздарына қарсы шаралар және оның тиімділігі ... ..82

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8 6

ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .88
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...89
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .97
Қосымша А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 98
Қосымша Ә ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...109
Қосымша Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...113

МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертацияда келесі стандарттарға сілтеме жасалынды:

МЕМСТ 3-150-64 Бинокульярлы үлкейткіш әйнек

МЕМСТ 4.318-85 Петри тостағаншасы

МЕМСТ 5-1472-72 Ертінді бүрккіш АО-2

ТЖ 5.375-4260-76 Центрифуга Опн-3

ТЖ 6-09-3829-77 Ксилол

МЕМСТ 44.51-86 Биологиялық стереоскопиялық микроскоп МБС-1

МЕМСТ 44-52-86 Биологиялық микроскоп Биолам Р6

ТЖ 64-1-860-76 Ертінді бүрккіш Дз-9

ТЖ 64-1-1382-72 Электр термостаты ТС-80

ТЖ 75-6963-79 Фотоапарат ЗОРКИЙ-К4

ТН 23223.10.1996 10 % фьюри

МЕМСТ 359-54 Зертханалық таразы ВР-5

МЕМСТ 1629-89 Жоғарғы сортты техникалық формалин

МЕМСТ 20292-74 Сиымдылығы 100,200,1000 мл шыны сауыттар (колба)
МЕМСТ 20292-74Е Зертханалық шыны ыдыстар, бюреткалар, пипеткалар
МЕМСТ 2290-76 Бальзам
МЕМСТ 5962-67 Ректификат этил спирті
МЕМСТ 7865-56 Бұрандалы микрометр МОВ-1
ТН 788321 5 % каратэ
ТЖ 9337-004-1726133-00 0,2 % универм
МЕМСТ 21241-77 Пинцеттер (қысқыштар)
МЕМСТ 23519-93 Таза фенол (карбол қышқылы)
МЕМСТ 423377 Хлорлы натрий (ас тұзы)
МЕМСТ 760105 Микрофотосуретке түсіретін қондырма

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертацияда келесі терминдер төмендегідей анықтамаларымен
қолданылады:

Акарацид - кенені құртатын химиялық зат

Ассоциативтік инвазия - паразитоценоздан туындайтын инвазиялық
аурулар бірлестігі
Биогельминт - аралық иесінің қатысуымен дамитын гельминт
Биометрия - биологиялық жиынтықтың сандық ара қатынасын зерттеген
кезде қолданылатын матиматикалық статистика тәсілі ғылымы
Балаңқұрт - (личинка) метаморфозбен (түрленумен), яғни сыртқы түрі мен
құрылымының ауысуымен өсіп-дамитын әртүрлі типтегі жан-жануарлардың
постэмбрионалдық даму сатысы
Бульбус - кейбір жұмыр құрттардың өңешінің кеңейген тұсы
Бұлтық - (бурса) жұмыр құрттардың еркегінің құйрық жағындағы өсіндісі,
тарамыс қынабы
Бәтек - (вульва) гельминттердің ұрғашысының сыртқы жыныс мүшесі
Гельминт - организмде тоғышарлық тіршілік ететін, әртұрлі даму
сатысындағы паразит құрттар
Гельминтоовоскопия - гельминтозға диагноз қою мақсатында гельминт
жұмыртқаларын нәжісте, несепте, тік ішек қатпарында, қанда, қарын жынында
табу
Гематофаг - иесінің қанымен қоректенетін паразит
Геогельминт - өзінің дамуы үшін аралық иені қажет етпейтін, жұмыртқасы
мен балаңқұрты сыртқы ортада (топырақта, қида,суда т.б.) дамитын гельминт
Инсектицид - зиянды насекомдарды құртуға қолданылатын дәрі
Имаго - кенелер мен жәндіктердің (насекомдардың) дамуындағы жыныстық
жетілген сатысы
Инвазия интенсивтілігі - жануар немесе құстың ағзасындағы
паразиттердің санының (микроскоптың бір көру алаңындағы гельминттердің
жұмыртқасының немесе ооцисталар саны) көрсеткіші
Инвазия экстенсивтілігі - паразиттермен залалданған жануарлар мен
құстардың пайыздық көрсеткіші
Интенстиімділік - организмнен дәрі әсері арқылы сыртқа шығарылған
паразиттердің пайыздық көрсеткіші
Кутикула - (тері) жұмыр құрттар мен буынаяқтылардың денесінің сыртқы
қаңқасы және қорғаныш қызметін атқарады
Микропиле - ооциста қабығының бір жағындағы тесік
Нимфа - кенелердің балаңқұрттан кейінгі өсіп даму сатысы
Ооциста - спора түзетін қарапайымдардың ұрықтанған жұмыртқа торшасының
тығыз қабықпен қапталып, сыртқы ортаға бөлінетін даму сатысы
Өлтіретін доза - малды, құсты өлімге ұшырататын микроорганизмдер
немесе патогенді заттар мөлшері
Паразит - белгілі бір организмнің сыртқы денесінде, ішкі ағзаларында
тұрақты немесе уақытша тіршілік етіп, иесінің ұлпасымен, сөлімен не асқазан
жынымен қоректенетін организм
Паразитоценоз - организімінді мекендеп, бір-бірімен тұрақты қарым-
қатынаста болатын және иесінің организміне кешенді ықпал ететін, табиғаты
инвазиялық, бактериалдық, саңырауқұлақ немесе вирусты организмдер жиынтығы
Паразитоздар - паразиттер туғызатын (инвазия) аурулар
Патентті кезең - ауру қоздырғышы-паразиттің өз ұрығын (жұмыртқасын,
балаңқұртын, ооцистасын) сыртқы ортаға бөліп шығаратын кезең
Препатентті кезең - паразиттің негізгі иесінің организміне енген
сәттен бастап оның ұрығының (жұмыртқасының, балаңқұртынның, ооцистасының)
сыртқы ортаға шыққанға дейінгі кезеңі
Пальпа - кенелердің қармалауыш мүшесі
Перитрема - кенелер мен жәндіктердің тыныс алу тесіктерін қоршап
тұратын, пішіндері әр түрлі хитинді пластинкалар
Рулек - жұмыр құрттардың шағылыс мүшесін (спикула) бағыттаушы қызметін
атқаратын мүше
Синантропты құстар - жануарлар мен адамның қора-жайын мекендеп, көбіне
солардаң айналасында азықтанатын құстар
Спикула - жұмыр құрттардың еркегінің шағылысу (жыныс) мүшесі
Сколекс - қадалуға бейімделген таспа құрт басы (тұмсығы, тікенегі,
емізікшесі)
Скутум - кенелердің денесіндегі хитинделген көлемі әр түрлі қалқандары
Стигма - буынаяқтылардың тыныс алу тесігі
Спонтанды инвазия - табиғи жағдайда инвазиялық ауруға шалдығу
Спорозойт - спороциста ішінде екіге не төртке бөліну нәтижесіде пайда
болған қарапайымдылардың сыртқы ортадағы ақырғы даму сатысы

Тұрақты паразит - иелерінде ұзақ уақыт өмір сүріп, оларды қоректену
және мекендеу үшін пайдаланатын паразит
Уақытша паразит - өзінің бүкіл өсіп - өну айналымын, жұмыртқадан
ересек сатыға дейін иесінен тыс жерде өткізіп, оларды тек қоректенгенде
ғана пайдаланатын паразит
Хитин - буынаяқтылардың сыртқы қаңқасын құрайтын, құрамы күрделі зат.
Ол суда, спиртте, сілтіде ерімейді. Тек күшті қышқылдарда ериді
Хилицер - кенелердің жоғарғы ерінінде орналасқан, азығын ұстау, шайнау
қызметін атқаратын мүшесі
Экстенстиімділік - паразиттерге қарсы дәрілердің тиімділігін
сараптағанда барлық дәріленген жануарлардың паразиттерден толық
босағандарының пайыздық көрсеткіші

БЕЛГІЛЕУЛЕР мен ҚЫСҚАРТУЛАР

г - грамм
г% - граммпайыз
ИИ - инвазия интенсивтілігі
ИЭ - инвазия экстенсивтілігі
ИТ - интенстиімділік
м³ - метр куб
м² - метр квадрат
мл - миллилитр
мм - миллиметр
мгкг - миллиграммкилограм
млм² - миллилитрметр квадрат
мсек - метрсекунд
млнмм³ - миллионмиллиметр куб
МЕМСТ -Мемлекеттік стандарт
Ок - окуляр
Обь - обьектив
Ө Д50 - өлтіру дозасы 50
см - сантиметр
см² - сантиметр квадрат
°С - градус Цельсий
ТЖ -техникалық жағдай
ТН - тіркеу нөмірі
ЭТ - экстенстиімділік
% - пайыз

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі Қазақстанның шығыс аймағында құстардың
көгершінтектестер (Columbipormes) тұқымдасына жататын жабайы көк көгершін
(Columba livia) көп таралған.
Адамдар осы жабайы көк көгершіндерді өте ерте заманнан қолда ұстауға
үйрете бастаған. Содан бері дүние жүзінің әуесқой көгершін өсірушілері үй
көгершінінің (Columba livia domestica) 800 – ден аса қолтұқымдарын шығарып
өсіруде. ТМД аумағында 200-ден аса, ал Қазақстанда үй көгершінінің бірнеше
ондаған қолтұқымдары ұсталады. Үй көгершінін адамдар ұзақ уақыт бойы хат
тасуға пайдаланған. Кейіннен көгершіндердің сәндік қолтұқымдары көптеп
шығарылды. Олар бағалы құстар. Тұқымдарына байланысты бір жұбы бірнеше мың
теңгеге, сирек кездесетіндері бірнеше мың долларға бағаланады. Америка мен
Батыс Европа елдерінде етті қолтұқымдарынан (техан, кинга, штрассер) бағалы
диеталық ет өндіріледі. Көгершін еті диеталық тағам ретінде ауырған,
әлсіреген және жас балаларға ұсынылады. Соңғы уақытта Англияда, Россияда
көгершін спорты дамып келеді. Көгершіндер ветеринария мен медицинада
зертханалық жануар ретінде пайдаланылады [1,2,3,4,5,6,7].
Зерттеулерге қарағанда көгершіндер әртүрлі ауруларға шалдығады, оның
ішінде паразитоздар жиі кездеседі. Ауруларын уақытылы және дәл анықтап,
дұрыс емдемесе әсіресе үй көгершіндері жиі шығынға ұшырайды. Аса құнды
қолтұқымдары жойылады. К.И. Скрябин [1932] Глистные инвазии голубей атты
еңбегінде Көгершін шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы,
көгершіндердің көптеген инвазиялық ауруларының қоздырғыштары белгілі
болғанымен, олардың биологиясы, экологиясы, патогенезі, емі және
ветеринариялық – санитариялық шаралары зерттеулерді қажет етеді, - деп
атап көрсеткен [8,9,10,11].
К.И. Скрябиннен кейін ТМД және Қазақстан аумағында көгершін
гельминтоздары арнайы зерттелмеген. В.Я. Панин [1964], Е.В. Гвоздев., Б.А.
Қасымжанова [1965] т.б. ғалымдар мұндай зерттеулер қажет деп есептейді
[12,13].
Ветеринария мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарына арналған
паразитология оқулықтарында көгершіндердің инвазиялық аурулары
қарастырылмайды. Арнайы әдебиеттер сирек, табу өте қиын. Осыған байланысты
ветеринария мамандары үй көгершіндерінің паразитоздарын анықтауда, ем
көрсетуде қиындықтарға кездесуде.
Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда күннен-күнге көгершін сияқты
синантропты жануарлардың үй жануарлары мен адамның жұқпалы ауруларының
қоздырғыштарын таратушылар және олардың қорламасы (резервуары) ретіндегі
ролі жоғарлай түсуде [14].
Қазір кейбір паразиттердің биологиялық айналымында қоршаған ортаның
күрделі өзгерістеріне бейімделу қасиеті аса маңызға ие болып отыр. Олар
төтенше жағдайларға бейімделу арқасында өз иелерінің ауқымын кеңейтіп
немесе даму айналымын қысқартып тіршілігін сақтап қалуда. Мысалы,
көгершіндерге тән Capillaria columbae жұмыр құрты тауық пен күркетауықта
жиі паразиттік тіршілік ететіні анықталған. Керісінше, көптеген үй және
жабайы құстарға тән гельминттер де көгершіндерде паразиттік тіршілік етеді
және қоршаған ортаға тарайды. Оларға жататын жұмыр қүрттар: Capillaria
obsignata, Capillaria caudinfilata, Syngamus trachea, Syngamus
skrjabinomorpha, Syngamus merulae, Tetrameres fissipina, Tetrameres
confusa, Acuaria (Disparynx) nasuta, Streptocara crassicauda,
Trichostrongulus tenuis. Таспа құрттар: Raillietina tetragona, Raillietina
echinobothrida.
Көгершіндерден анықталған сорғыш құрттар көптеген үй және жабайы
құстардың да паразиттері екені белгілі
[11,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,2 5].
Кенелерді, қан паразиттерін, спирохеталарды үй және жабайы құстар
арасында жиі көгершіндер таратады. П.П. Якунин., Т.А. Жазылтаев [1967,
1972,1977] зерттеулеріне қарағанда Қазақстанның оңтүстік өңірінде
мекендейтін жабайы көгершіндердің 40 %-ы қан паразиттерімен (трипаносома,
гемопротеус, лейкоцитозон, микрофиляри) залалданған [26,27,28 29].
Көптеген құстардың сыртқы паразиті - Dermanyssus gallinae кенесі
көгершіндерде жиі паразиттік тіршілік етіп, олардың ұяларынан адам тұрағына
тарап, адамға шабуыл жасап, қан сорып, кене дерматитіне ұшыратады
[30,31,32,33]
А.С. Бессоновтың және тағы басқа ғалымдардың пікірлері бойынша, қазір
паразитологиялық зерттеулер адамдардың сұранысына сай, олардың ұсақ үй
жануарлары мен құстарын зерттуге бағытталуы қажет [14,34,35].
Көгершінтектес құстардың ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамы
біршама жақсы зерттелгенмен бұл зерттеулердің басым бөлігі осыдан 70-100
жыл бұрын жүргізілген. Кейінгі уақытта бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары
арнаулы, мақсатты және жоспарлы түрде жүргізілмеген. Соңғы 10 жылда ғылыми
басылымдарда жарық көрген зерттеу нәтижелері өте сирек. Қазақстанның
оңтүстік аймақтарын мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің
гельминттерін К.И. Скрябин [1905-1911], жабайы тау кептерлерінің
эймерияларын С.К Сванбаев., Н.К. Рахматулина-Батыршина, [1972] зерттеген.
Қазақстанның өзге өңірлерінде, атап айтқанда Қазақстанның шығысында мұндай
зерттеулер жүргізілмеген. ТМД елдері мен Қазақстанда өсірілетін үй
көгершіндерінің эймериялары мен эймериоздары әлі зерттелмеген. Қазақстан
аумағында көгершіндер маллофагозын зерттеуге арналған бірде-бір ғылыми
жұмыс кездеспеді. Үй көгершіндерінің паразитоздары жан - жақты
зерттелмеген. Паразиттердің көгершіндерге зияны, ИЭ - гі мен ИИ - гінің жыл
маусымы мен құс жасына байланысты өзгеру динамикасы белгісіз. Сол сияқты
көгершіндердің паразитоздарына қарсы ветеринарияда жаңадан қолданылып
жатқан, тиімділігі жоғары дәрілер сыналып, қолдануға енгізілмеген. Осыған
байланысты Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеу,
оларға қарсы ғылыми негіздегі күрес шараларын жасап, тәжірибеде қолданысқа
енгізу, паразитология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2001 – 2005 –
ші жылдарға арналған ғылми зерттеулер бағдарламасы аясында, бастамашыл
негізде орындалған.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Қазақстанның шығысындағы
көгершіндердің паразитоздарын зерттеп, оларға қарсы күрес шараларын ұсыну.
Осы мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:

1 Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын зерттеу;
2 Көгершіндердің паразитоздарына қарсы дәрілерді сынау;
3 Көгершіндердің паразитоздарына қарсы шараларды жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде:

-Қазақстанның шығысында мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің
ішкі және сыртқы паразититерінің түр құрамы, олар туғызатын паразитоздар
анықталды;
-Көгершіндердің паразитоздарына қарсы дәрілер сыналып, тиімділіктері
анықталды және қолдану әдістері ұсынылды;
-Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы комитетінің 2-і алдын ала патенті алынды және 2
өнертабысқа алдын ала патент беру жөніндегі сұраныс тіркеуден өтіп,
сараптама жасалуда;
-Көгершіндерінің паразитоздарына қарсы шаралар жүйесі жасалып,
ветеринариялық тәжірибеде қолдануға ұсынылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы мен қолданысқа енгізілуі Қазақстанның
шығысындағы көгершіндер арасында таралған паразитоздарды анықтап, зерттеу
нәтижелерін паразитоздарға қарсы шараларды жоспарлағанда және жүргізгенде
ескерудің тәжірибелік маңызы зор.

Зерттеу нәтижелері Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
ветеринариялық медицина және ветеринариялық санитария мамандықтары бойынша
оқитын студенттердің оқу үрдісіне енгізіліп, курстық, дипломдық жұмыстарды
орындағанда қолданылуда.
Көгершіндердің паразитоздарына қарсы сыналған дәрілер Семей
қаласындағы Айда, Владимиров ветеринариялық клиникаларында күнделікті
тәжірибеде ұй көгеншіндерінің паразитоздарын емдегенде және алдын алғанда
қолданылуда.
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздарын анықтау, емдеу
және оларға қарсы шаралар туралы ұсыныс дайындалып, Қазақстан Республикасы
Ауыл Шаруашылық Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық аумақтық
басқармасының ветеринариялық қадағалау бөлімінің отырысында қаралып,
мақұлданып, көбейтіліп, тәжірибеде пайдалануға ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:

1 Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің арасында таралған
паразитоздар және олардың кейбір ерекшеліктері;

2 Көгершіндердің паразитоздарына қарсы қолдануға ұсынылатын дәрілер
және олардың тиімділігі;
3 Көгершіндердің паразитоздарына қарсы шаралар.
Жұмыстың сыннан өтуі Жұмыс нәтижелері Мал шаруашылығы және
ветеринария ХХІ ғасырда: бүгінгі жағдайы мен даму перспективалары
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2002); Ресей
Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ветеринария ғылымдарының
докторы, профессор А.Н. Каденациидің 100 - жылдығына арналған
Паразитологияның теориялық және өндірістік келелі мәселелері Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Омск, 2004); Ветеринария ғылымы мен
тәжірибесі-өндіріске Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда
(Семей, 2004); ҚазҒЗВИ - ның 100 - жылдығына арналған Ветеринариялық ғылым
мен тәжірибенің қазіргі жағдайы және маңызды проблемалары Халықаралық
ғылыми тәжірибелік конференцияда (Алматы, 2005); Аграрлық ғылым-ауыл
шаруашылығына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Барнаул, 2006
); Паразитоценология: қазіргі кездегі өзекті мәселелері және оларды шешу
жолдары Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2006)
баяндалып, талқыланды.
Зерттеу жұмысының жариялануы Диссертацияның негізгі мәселелері
бойынша 14 ғылыми еңбек жарық көрді, соның ішінде 2 алдын ала патент, 2
алдын ала патент алуға өтінім, 1 зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолданысқа
енгізу жөніндегі ұсыныс бар. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестациялау комитетінің талабы бойынша басылымдарда 3 ғылыми еңбек жарық
көрді.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы Диссертация компьютермен 115 бетке
терілген. Ол мазмұны, мөлшерлік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен
қысқартулар, кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер - зерттеудің
негізгі бағыты, материалдар мен зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері,
қорытынды, тәжірибелік ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және
қосымшалардан тұрады.
Диссертациялық жұмыс 6 кестемен, 9 суретпен, 3 фотосуретпен, 14
микрофотосуретпен безендірілген. Әртүрлі 8 қосымша құжаттармен
толықтырылған. Пайдаланылған әдебиеттер 145 басылымнан тұрады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.2 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық
ерекшеліктері
Көгершінтектестер морфологиялық ерекшеліктері бойынша құстар класына
(Avis) көгершінтектестер отрядына (Columbiphormes) біріктірілген.
Екі тұқымдасқа жіктеледі:
А. Дронттар – Raphidae
Б. Көгершіндер - Columbidae
Алғашқысы XҮI – ғасырда жер бетінен толық жойылып кеткен, аса ірі ұша
алмайтын құстар болған. Екінші тұқымдас бірнеше туыстасқа тармақталады.
Қазақстан аумағында Columba- көгершіндер, Streptopelia – кептерлер
туыстастары мекендейді. Бұл құстар жер шарының Арктика мен Антрактидадан
басқа барлық аймақтарында таралған. Көбіне топталып тіршілік етеді. Барлығы
292 түрі және түр тармақтары белгілі. Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында 11
түрі, Қазақстан аумағында 7 түрі кездеседі. Олар: кәдімгі көк көгершін-
Columba livia, орман көгершіндері (Клинтух)-Columba oеnas және (вяхирь)-
Columba palumbus, қоңыр көгершін-Columba eversmanni, тау кептер (гарлица)-
Streptopelia turtur, үлкен тау кептер-Streptopelia orientalis, египет тау
кептері-Streptopelia senegallnsis.
Көгершінтектестер – отырақшы құстар. Кейбір түрлері ғана суық түскен
соң жылы жаққа ұшып кететін жыл құстары (орман көгершіндері).
Көгершінтектестер бір-бірінен үлкенді-кішілігімен, түр-түсімен,
мекендейтін, азықтанатын жерлерімен ерекшеленеді. Орман көгершіндері
орманда мекендейді. Тек біріншісі (Columba oenas) ұясын бұта арасына салса,
соңғысы (Columba palumbus) ағаш қуысына ұялайды. Тау кептерлер таулы жерді
мекендеп, ұясын жартасқа салады. Ал кәдімгі көк көгершін синантропты
құстар. Адамдар мекенін жағалап, ұяларын құрлыстар мен үй шатырлары астына
салатынын білеміз. Көгершінтектестердің негізгі азығы дәндер, жидектер,
қылқан жапырақты ағаштардың ұрығы. Сирек ұлулармен және жауын құрттарымен
қоректенеді [36, 37, 38, 39].
Көгершінтектестер тығыз денелі, жылдам ұшатын құстар. Олар жерде де
жақсы және тез жүреді. Кейбір етті және үлкен жемсаулы қолтұқымдары ғана
нашар ұшады. Терісі жұқа, тер және май бездері жоқ. Басқа құстардан
морфологиялық ерекшеліктерінің бірі-құймышақ безі жоқ немесе нашар
жетілген. Оның қызметін ұшы үнемі үгітіліп, ұнтақ шашатын арнайы
қауырсындар атқарады. Көгершіндердің жемсауы жақсы жетілген. Көбею
кезеңінде онда ерекше сұйық құс сүті бөлінеді. Оның құрамында 64-82%- су,
7-13% - май және майлы заттармен А,Д,Е,В витаминдері бар.
Көгершіндер көбіне бір-ақ рет тұрақты жұп құратын-моногамдар. Бес
айлығынан бастап жұп құра бастайды. Жылына 2-4 рет, көбіне екі жұмыртқадан
салып балапан басып шығарады. Жұмыртқаны қоразы мен мекиені кезек басады.
Жұмыртқадан 17-19 күннен соң қызыл шақа балапан шығады. Ол тез өседі,
жұмыртқадан шыққанда 13-15 гр болса, 2 тәуліктен соң 2 есе салмақ қосады. 6-
8-ші күндері көздерін ашады. Балапандарды көгершіндердің қоразы мен
мекиендері бірдей құс сүтімен қоректендіреді.
10-11-ші күні оған дән араластыра бастайды. 4-5-ші аптада балапан
толық өздігінен дәнмен қоректенуге көшеді. 40-шы тәулікте салмағы ересек
құстардың салмағына жақындап ұшуға үйренеді. Көгершіннің физиологиялық
көрсеткіштері: дене қызуы 40,6-42,0°С жүрек соғысы 1 минутта 140-400 рет,
дем алу жиілігі 1 минутта 25-30 рет.
Көгершіндердің қанының негізгі морфологиялық көрсеткіштері:
- эритроциттері – 3,7 – 4,00 млнмм.куб
- лейкоциттері – 13 –18 мың мм.куб
- тромбоциттері – 10 – 30,0 мың мм.куб
- гемоглобиндері – 14,7 – 15,9 гр. %
[40,41]

1.2 Көгершінтектестердің паразиттерінің түр құрамы

1.2.1 Гельминттері
Көгершінтектестердің гельминттері, түр құрамы ертеден ғалымдардың
назарын аударған. H.Johnston [1918], Irvin – Smith [1980] Австралияда,
Meggitt [1924] Индияда, Joyenx et Houdemer [1927] Үндіқытайда, E. Cram
Америка Құрама Штаттарында таралған жабайы және үй көгершіндерінің
гельминттері, олардың түр құрамы туралы ірі еңбектер жазды.
1932-ші жылы К.И. Скрябиннің өзінің және дүние жүзі ғалымдарының осы
бағытта жүргізген зерттеулерін қорытындылаған, аса бағалы еңбегі жарық
көрді. Жоғарыдағы және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде
көгершінтектестер жұмыр құрттар (Nematoda), таспа құрттар (Cestoda) және
сорғыш құрттар (Trematoda) кластарына жататын гельминттердің иелері екені
анықталды [11].
Жұмыр құрттары Көгершінтектестерден жұмыр құрттар класына жататын
гельминттердің 19 түрі анықталған. Олар: 4 отрядқа, 5 отряд тармағына, 9
тұқымдасқа жіктеледі [11, 42, 43].
I Ascaridida отряды
Ascaridata ортяд тармағы
Ascarididae тұқымдасы
1. Ascaridia columbae
2. Ascaridia australis
Отряд тармағы Filariata
Filariidae тұқымдасы
3. Filaria clava
4. Filaria mazzanti
II Rhabditida отряды
Strongylata отряд тармағы
Trichostrongulidae тұқымдасты
5 Trichostrongulus tenuis
6 Ornithostrongulus guadriradiatus
Sungamidae тұқымдасы
7 Syngamus trachea
8 Synganus Skrjabinomorpha
9 Syngamus merulae
III Spirurida отряды
Spirurata тегі отряд тармағы
Tetrameridae тұқымдасы
10 Tetrcmeres confusa
Acuariidae тұқымдасы
11 Acuaria (Dispharunx) spiralis
12 Streptocara crassicauda
13 Rusguniella wedli
Spiruridae тұқымдасы
14 Habronema incerta
Thelaziidae тұқымдасы
15 Oxyspirura (Vorkespirura) mansoni
16 Ceratospira opthalmica
1Ү Trichocephalida отряды
Trichocephalata отряд тармағы
Trichocephalidae тұқымдасы
17 Capillaria columbae
18 Capillaria coudinfilata
19 Capillaria obsignata
Бұл жұмыр құрттардың 6-уы тек көгершінтектес құстардан анықталған.
Олар:
1. Ascaridia columbae
2. Ascaridia australis
3. Ornithostrongulus guadriradiatis
4. Ceratospira ophtalmica
5. Filaria clava
6. Filaria mazzanti
Жабайы көк көгершін мен үй көгершіндерінен анықталған жұмыр құрттар
саны – 14. Олар:
1. Ascaridae columbae
2. Ornithosrongulus guadriradiatus
3. Tetrameres confusa,
4. Acuaria (Dispharunx) spiralis
5. Steptocara crassicauda
6. Oxyspirura mansoni
7. Capillaria columbae
8. Capillaria obsignata
9. Capillaria caudinfilata
10. Filaria clava
11. Filaria mazzati
12. Syngamus trachae
13. Syngamus skrjabinomorpha
14. Syngamus merulae
К.И. Скрябин [1932] Қазақстанның оңтүстік аймағында үй көгершіндерінен
Ascaridia columbae және Acuaria (Dispharynx) spiralis жұмыр құрттарын
анықтаған [11].
Э.Х. Даугалиева., В.В. Минеев [1975] деректеріне қарағанда
Қазақстанның оңтүстік өңірінде тауықтар мен күрке тауықтар арасында
сингамоз ауруы таралған және олардан Syngamus trachae құрты жиі анықталды.
[23]
Гельминттер көгершіндердің әртүрлі ағзаларын мекендейді. Ascarididae,
Trichostrongulidae, Trichocephalidae тұқымдастарына жататындары аш ішекте,
Tetrameridae, Acuariidae, Spiruridae- безді қарында, Thelaziidae - көздің
қасаң (конъюктива) қабығы астында, Filariidae - тері асты клетчаткасында,
Syngamidae - кеңірдек пен ауа тамырларында (бронхтарда) паразиттік тіршілік
етеді.
Олардың біреулері аралық иесіз сыртқы ортада дамитын геогельминттер
болса, екінші біреулері аралық ие арқылы дамитын биогельминттер.
Соңғысына жататындар: Oxyspirura mansoni-аралық иесі-тарақан-
Pucnoscelus surinamensis [11,17].
Capillaria caudinflata - аралық иесі жауын құрттары – Lumbricus
terrestris, Allobophora caliginosa, Eisenia foetida, Dendrobena octaedra.
(В.Г.Гагарин, 1953). [44]
Streptocara crassicauda - аралық иесі ұсақ шаян тәрізді - Gammarus
lacustris. К.М. Рыжковтың [1949] деректеріне қарағанда сингамустар аралық
иесіз және аралық ие арқылы дами алады. Аралық иесі жоғарыда аталған жауын
құрттары [45].
Б.Л Гаркови [1949]., И.И Коваленко [1960]., Г.А. Котельников [1962]
зерттеулері бойынша тетрамерестер тек аралық ие арқылы дамиды. Аралық
иелері ұсақ шаян тәрізділер: Gammarus lacustric, G.locusta, G.maeoticus.
Қосалқы аралық иелері балықтар [18,24].
Acuaria (Dispharunx) spiralis – аралық иесі құмыттылар: – Porcelli
scaber, P.lavis, Armadillium vulgare [11,20,21,46,47].
П.Т Твердохлебов [1966] әр түрлі құстардың тауық аскаридиасын
(Ascaridia galli) жұқтыру мүмкіндігін зерттеп, оның мысыр тауығы мен қазға
жұғып ересек құртқа айналатынын, күркетауыққа жұғатынын, бірақ ересек
құртқа айналмайтынын, ал көгершінге мүлде жұқпайтынын анықтаған. Сол
сияқты көгершін аскаридиасы тауыққа жұқпаған [48].
Untenberger [1868] көгершін аскаридиасының жұмыртқасын ылғал қағазға
орап қойғанда, 17 күннен соң жұмыртқа ішінде балаңқұрт пайда болып, оны
бұрын аскаридиамен залалданбаған көгершінге жеммен араластырып бергенде, 21
күннен соң ол аскаридиа жұмыртқасын саңғырығымен бөле бастаған [11].
Н.М. Вовченконың зерттеуінде аскаридиозға шалдыққан құстың қанында 18-
ші және 30-шы күндері яғни аскаридиа балаңқұртарының патогендік әсерінен
қанда жалпы белок, g және β глобулиндер мөлшері төмендеген.
Балаңқұрттар ересек аскаридиаларға айналған соң қанда жалпы белок және
альбулин мөлшері азайып, g және β глобулиндер мөлшері сау құс қанындағы
мөлшерге таяған[49].
П.И. Феоктисов [1950] дерегіне қарағанда аскаридианы жұқтырған құстың
жасына байланысты оның денесінде ересек құрт пайда болу мерзімі әртүрлі.
Аскаридиа жас құстардың организмінде тезірек дамып жетіледі [50].
Осы мәселені зерттеген В.Кечч [1955] тәжірибесінде үш айлық балапанға
жұққан аскаридиа 50 күннен соң, ал бір айлық балапандарға жұққан аскаридиа
30-35 күннен соң жұмыртқа бөле бастаған [51].
А.А Лысенко зерттеулерінде құс аскаридиасының жұмыртқасында балаңқұрт
сыртқы орта температурасы +10°C-тан жоғары болса ғана дамитыны анықталған.
+43-44°C-та жұмыртқадан балаңқұрт дамымайды және жойылады. Сыртқы орта
температурасына байланысты жұмыртқада балаңқұрттардың даму мерзімі әртүрлі.
Осыған байланысты әртүрлі аймақтардың ауа райының ерекшеліктеріне
байланысты құстардың аскаридиозаға шалдығу динамикасы да әртүрлі[52].
Н.П. Цветаева [1954] зерттеулерінде аскаридиа жұқтырған тауық
балапандары 9-шы күннен бастап қатты жүдеп, 12 күннен соң сау балапанның
салмағынан 23 гр кем тартқан. Әсіресе аскаридиа балаңқұрты ішектің кілегей
қабығының астына еніп, либеркюн бездерін зақымдауының патогендік маңызы
зор. Oсы кезде ас қорту жүйесінің қызыметі аса бұзылып, құс қатты жүдейді
[53].
Н.П. Шихобалова., Л.И. Кустова., А.Н. Касимова [1951], И.И.
Коволенко., Р.С. Шемет [1983] аскаридиозға шалдыққан құс организмінде
каратин мен А- витамині 3 есе, В-витамині 1,5 есе азайғанын анықтап,
дегельминтизация жасап, толық қанды рацион мен азықтандырғанда бұл
витаминдер қалыпты деңгейге келетінін тәжірибе жүзінде анықтаған [54,55].
К.М. Рыжков пен Т.Г. Сергеева дерегі бойынша ТМД аумағында құстардан
капилляриялардың 44 түрі анықталған. Көгершіндерде жиі кездесетіні
Capillaria obsignata [56].
В.Г. Гагарин [1952, 1959]., D. Wakelin [1965] зерттеулер жүргізіп,
капиллярия жұмыртқалары +4°С-тан төмен температурада дамымайтынын, бірақ 24
күн тіршілігін жоймайтынын анықтады. В.Г. Гагарин зерттеулеріне қарағанда
орталық Ресейде капиллярия жұмыртқалары қар астында тіршілігін жоймай
қыстап шығады. +20°С-та капиллярияның даму айналымы (циклі )13 күнде,
+25°С-та 6-8 күнде аяқталса, +35°С-та капиллярия жұмыртқалары тіршілігін
жояды. Жұмыртқа 100 %-дық ылғалда жақсы дамып, 75 %-дық ылғалдықта дамуы
тежеліп, 50 % -да жұмыртқа тіршілігін жояды. Инвазиялық жұмыртқа құсқа
жұққан соң 20-22 күннен кейін құс денесінде ересек құрт пайда болып,
жұмыртқа шаша бастайды [57,58,59].
K. Enigk., A.Dey-Harra [1968] Capillaria obsignata құс организміне
қалай әсер ететінін белгі соғылған атомдарды пайдаланып зерттеп, бұл
паразиттермен залалданғанда құс саңғырығымен қан плазмасының белогы көп
бөлінетінін, ал тетрамезолмен дегельминтизациядан соң қан плазмасының
белогының құс саңғырығымен бөлінуі азайып, қалыпты мөлшерге жақындаған
[60].
P.Berghen [1966] Capillaria obsignata мен залалданған тауық пен
көгершіннің қан сарысуының белок құрамын зерттеп, өзгеруін агар геліндегі
электрофорез әдісімен анықтап, тауықтың қан сарысуында жалпы белок, β және
g глобулиндердің көбейгенін, альбулиннің өзгермегенін, ал көгершінде
керісінше қан сарысуында жалпы белок пен глобулин біршама азайып, β және g
глобулиндердің өзгерісі өте аз болған [61].
J.Willomitzer., Ka.J. Lebdus [1963] капилляриозға шалдыққан құста ИИ-
гі 1-20 құртқа тең болса, оның орташа салмағы сау құстан 12 %-ға, ИИ-гі 20-
100 құртқа тең болса, 24,7 %-ға кем болатынын анықтаған [62]
Таспа құрттары Әдебиеттердегі деректерге қарағанда ғалымдар жер
шарының түкпір-түкпірінде таралған көгершінтектес құстардан таспа
құрттардың 2 отрядқа, 5 тұқымдасқа, 13 тусқа жіктелген 55 түрін анықтаған
[11,25,63,64, 65,66,67,68,69,70,71].

Көгершінтектестерден анықталған таспа құрттар тізімі мен жіктелуі:
Cyclophyllidea отряды

1
Anoplocephalidae тұқымдасы

1 Aporina delafondi

2 Cittotaenia columbae
3 Cittotaenia Kuvaria
4 Paronella columbae
5 Paronella ngoci
6 Killigrewia pomelae

11 Hymenolepididae тұқымдасы

7 Hymenolepis rugosa
8 Hymenolepis rugosa birmanica
9 Hymenolepis obvelata
10 Hymenolepis rosenthali
11 Weinlandia stenocephala
12 Weinlandia columbina
13 Weinlandia armata
14 Weinlandia Sp.
15 Sphenacanthus serrata

III Davanineidae тұқымдасы

16. Raillietina crassula
17. Raillietina columbae
18. Raillietina carpephaqi
19. Raillietina ceylonica
20. Raillietina clerci
21. Raillietina cryptacantha
22. Raillietina fuhrmanni
23. Raillietina frayi
24. Raillietina goura
25. Raillietina gendrei
26. Raillietina insiqnis
27. Raillietina joyeuxi
28. Raillietina KorKei
29. Raillietina micracantha
30. Raillietina nagpyrensis
31. Raillietina paucitesticulata
32. Raillietina senaariensis
33. Raillietina spiralis
34. Raillietina tunetensis
35. Raillietina weissi
36. Raillietina anatina
37. Raillietina interrupta
38. Raillietina taiwanensis
39. Raillietina joyeuxbaeri sp.n
40. Raillietina macrorhyncha sp.n
41. Raillietina vietnamense sp.n
42. Raillietina microrhyncha sp.n
43. Cotugnia cuneata tenuis
44. Cotugnia cuneata nervosa (meggitti)
45. Cotugnia polyacantha pancimusculosa
46. Cotugnia joyeuxi
47. Cotugnia fleari
48. Cotugnia polyacantha
49. Cotugnia taiwanensis
50. Cotugnia intermedia
51. Houttuynia torguata
52. Pentocoronaria rusannae sp.

IV Dilepididae тұқымдасы

53. Choanotaenia arguata
54. Dipylidium columbae

Pseudophgllidae отряды

Y Diphyllobotriidae тұқымдасы
55 Diphyllobothrium mansoni

Бұл құрттардың 12-сі жабайы көк көгершін мен үй көгершіндерінен
анықталған. Олар:
1 Aporina delоfondi
2 Weinlandia sphenocephala
3 Hymenolepis rugosa
4 Hymenolepis rugosa birmanica
5 Cotugnia cuneata tenuis
6 Cotugnia cuneata nervosa
7 Raillietina tunetensis
8 Raillietina nagpyrensis
9 Raillietina joyeuxi
10 Raillietina crassula
11 Raillietina columbae
12 Houttuynia torguata

К.И. Скрябин [1914] оңтүстік Қазақстан аумағынан көгершінтектестерден
(Columba livia, Columba livia domestica, Perystera cambayensis) Aporina
delofondi және Hymenolepis rugosa таспа құрттарын анықтаған [11].
В.И. Петроченко., Г.А. Котельников [1976], Е.М. Матевосян., С.О.
Мовосян [1977] және тағы басқа ғалымдар көгершіндер денесінде өзге
құрттарға тән таспа құрттар да паразиттік тіршілік ететінін жазады.
Жиі анықталатындары: Raillietina tetragona және Raillietina
echinobothrida [24,25].
Х.И. Егізбаеваның [2000] зерттеулері бойынша бұл паразиттер
Қазақстанның оңтүстігінде тауықтар арасында таралған [47].
Таспа құрттар көгершіндердің аш ішегін мекендейді. Diphyllobothrium
mansoni - таспа құртының ерекшелігі оның негізгі иесі ит пен мысық. Ересек
құрт солардың аш ішегінде тіршілік етеді. Оның аралық иесі суда болатын
ұсақ шаян тәрізділер (циклоп) - Cyclops leuc Karti. Бұлардың денесінде
бірінші реттегі балаңқұрт – sparganum дамиды. Ал, қосымша аралық иесі -
әртүрлі сүтқоректілер (адам да), құстар (көгершіндер де). Қосымша аралық
иелерінің денесінде екінші реттегі балаңқұрт – sparganum mansoni – дамып
жетіледі.
1928 жылы Joyeux et Houdemer Үндіқытайда үй көгершіндерін зерттеп,
олардың 2,5 % -ның тері асты клетчаткасы мен бұлшық еттері аралығындағы
дәнекер ұлпаларынан Spanganum mansoni-ді анықтап көгершіндердің жоғарыда
аталған таспа құрттың қосымша аралық иесі екенін дәлелдеді [11].

Сорғыш құрттары А. Mullery [1897] алғаш көгершін сорғыш құртын
Echinostoma sp. – деген атпен сипаттап жазды. Krause [1925] Берлин маңында
хат тасуға пайдалынатын үй көгершіндерінің аш ішегінде сорғыш құрттардың
паразиттік етуінен қырылғанын, ИИ-гі бір көгершінде 315-1550 құрт
аралығында болғанын хабарлаған.

К.И. Скрябин [1932] өз еңбегінде көгершінтектестерден анықтаған 10
сорғыш құрттың толық сипаттамасын берді [11].
Бұл сорғыш құрттар 2 отрядқа, 3 тұқымдасқа, 6 туыстасқа жіктелген.
Fasciolida отряды
Echinostomatidae тұқымдасы
1 Echinostoma paraulum
2 Hypoderaeum conoideum
3 Echinoparyphium recurvatum
4 Echinostoma sp.

Harmostomatidae тұқымдасы

5 Harmostomum fuscatum
6 Harmostomum mazzanti
7 Harmostomum gallinae
8 Lencochloridium macrostomum
9 Lencochloridium insigne

Strigeida отряды

Strigeidae тұқымдасы
10 Cotylurus cornutus
Көгершінтектестерден анықталған сорғыш құрттар әр түрлі үй және жабайы
құстардың да паразиттері екені белгілі [11, 20, 21, 46, 24, 47].
Lencochloridium macrostomum және Lencochloridium insigne – ден басқа
барлық 8 сорғыш құрт жабайы көк көгершін мен үй көгершіндерінің денесін
мекендейтіні анықталған. Аталған 2-і сорғыш құрт тау кептерден (Columba
Turtur) анықталған. Жоғарыда аталған сорғыш құрттар көгершіндердің көбіне
аш ішегін, соқыр ішегін, ал кейбіреулері тоқ ішегі мен тік ішегін
(клоакасын) мекендейді.
Х.Б. Аюпов [1951] Башқұрт АССР-нің аумағынан көгершіннің бауырынан, өт
жолынан бұрын ғылымға белгісіз сорғыш құрт анықтап, оны Skrjabinus petrowi
sp. – деп атады [72].
Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында жабайы көк көгершіннен Echinostoma
paraulum түрін К.И. Скрябин., Н.П. Попов [1923] Арменияда, Harmostomum
gallinae түрін Witenberg [1925] Өзібекстанда анықтаған.
Көгершінтектестердің Columba turtur түрінен Lencochloridium macrostomum
сорғыш құртын К.И.Скрябин [1923] Арменияда, Lencochloridium insignis сорғыш
құртын Щербович [1931] Қиыр Шығыста анықтаған [11].
Қазақстан аумағында көгершінтектестерден сорғыш құрттар анықталғаны
туралы ғылыми әдебиеттерде деректер кездеспеді.

1.2.2 Эймериялары
Эймериялар – жануарлар дүниесінің Protozoa тармағына, Apicomflexa –
типіне, Sporozoa класына, Coocidiida отрядына, Eimeriidae тұқымдасына,
Eimeria туыстасына жататын бір торшадан тұратын қарапайым организмдер
екені белгілі. Өте ұсақтығына қарап қазақша құртамыш деп аталады. Барлық
жерде таралған, көптеген жан-жануарлардың, оның ішінде құстардың жиі
кездесетін паразиттері. Кокцидилерді зерттеуші ірі ғалымдардың бірі Н.П.
Орлов [1947] құстарда Eimeria туыстастығына жататын түрлері кең тарағанын
және бір организмде бірнеше түрі бір уақытта тіршілік етіп ассоциация
құрайтынын атап көрсеткен [73].
М.В. Крылов., В.И. Зайонц., Ю.П. Илюшечкин [1977] т.б. көптеген
ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелеріне қарағанда әр түрлі құстарда
өздеріне тән эймериялар паразиттік тіршілік етеді және олардың әр түрінің
иммунобиологиялық ерекшеліктері бар. Қолданылатын дәрілерге сезімталдығы
мен бейімделу мерзімдері де бірдей емес [74].
Ю.П. Илюшечкин., А.И. Крылов., Е.Д. Зайтбеков [1986] құстарды қолға
ұстауға үйрету, әсіресе оларды өсіруді өндірістіктік жолға қою, азғана
аумақты аса көп құсты шоғырландыру олардың арасында кейбір паразиттердің
таралуына жағдай жасап, олар туғызатын аурулардың асқынуына әкеледі,
осындай аурулардың бірі эймериоз - деп көрсеткен [75].
Мұндай құбылыс көгершіндерді қолға ұстағанда да байқалуда. Б.
Бессарабов [1979,1990] үй көгершіндерінің жиі кездесетін паразитозы –
эймериоз дейді [8,9]
Алғаш жабайы көк көгершін мен үй көгершінінен кокцидилерді А.Labbе
[1896] анықтаған.
T. Wasielewsky [1904] оны кокцидилердің Eimeria туыстастығына
жатқызды. C. Pinto [1928] бұл анықталған эймерияның түрін A. Labbe-нің
құрметіне E. labbeana деп атауды ұсынып, ол қабылданды [76].
O. Nieschulz [1935] жабайы көк көгершіннен эймерияның екінші түрін
анықтап, оны E. columbarum – деп атады [77].
1937 жылы Индия ғалымдары A. N. Mitra және M. Das Gupta үй
көгершінінен үшінші E. columbae түрін сипаттап жазды [78].
Индия ғалымдары үй көгершінінен тағы 2-і жаңа эймерия түрін анықтағаны
туралы дерек бар. Олар: E. tropicalis және E. rapotea [79,80].
Н.К. Рахматулина – Батыршина және С.К. Сванбаев [1972] Қазақстанның
оңтүстік аймағында мекендейтін жабайы көгершінтектестердің 5 түрін (Columba
oenas, Columba eversmanni, Streptopelia orientalis, Streptopelia
senegalsis, Streptopelia turtur) зерттеп, үлкен тау кептерден (Streptopelia
orientalis) эймерияның бір ғана түрін, E. labbeana- ны анықтаған. ИЭ –гі
3,8 % -ға, ИИ-гі 1-21 эймерия ооцистасына тең болған [76,81].

1.2.3 Кенелері
Кенелер (Acarina) буынаяқтылар типіне (Arthropoda), өрмекшітәрізділер
класына (Arachnoidea) жатады. Көптеген түрлері жануарлар мен құстардың
қанын соратын сыртқы (экто) паразиттері. Жиі жан-жануарлардың оның ішінде
құстардың көптеген инвазиялық және инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын
таратады.
Қазақстанда адам мен жануарларға қауіпті буынаяқтыларды зерттеу Е.Н.
Павловскидің есімімен тығыз байланысты. Ол ұйымдастырған экспедициялар
жүргізген зерттеулер нәтижесінде Республиканың әсіресе оңтүстігінде
таралған зиянды кенелердің түр құрамы мен эколгиясы белгілі болды [82].
Қазақстанда жоспарлы және жүйелі түрде үй жануарларына зиянды сыртқы
паразитттері туғызатын арахноэнтомоз ауруларын зерттеу 1938 жылы академик
И.Г. Галузоның жетекшілік етуімен басталды. Қазақстанның барлық табиғи
аймақтарында И.Г. Галузо иксодид кенелерін түбегейлі зерттеді Oлардың 50
ден аса түрі таралғанын анықтады [83].
Орталық Азия мен Қазақстанда орнитодорин кенелерінің биологиясы мен
зиянын К.Н. Кусова [1973] зерттеді [84].
В.Н. Сенотрусова [1987] Қазақстанда таралған гамаз кенелерінің 77
түрінің биологиясын, иелерін, экологиясын зерттеп жазды [30].
Ал, бұрынғы Кеңес Одағы аумағында гамаз кенелерінің 200-дей түрі
паразиттік тіршілік ететіні анықталған [85, 86, 87].
Құстарға ең зиянды гамаз кенелері. В.Н. Сенатрусова [1987] бұл
кенелердің Қазақстан аумағынан 4 түрін анықтады. (Бұрынғы Кеңес Одағы
аумағында 5 түрі белгілі). Олар: Dermanyssus guintus, Dermanyssus
passerinus, Dermanyssus hirundinis және Dermanyssus gallinae [30].
Бұл кенелердің соңғы екі түрі жиі жабайы көгершіндер мен үй
көгершіндерінің ұяларын мекендеп, олардың қанын сорып, анемияға ұшыратады.
Жиі адам тұрағына тарап, адамға шабуыл жасап, кене дерматитіне
шалдықтырады. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратады
[31,32,33,88,89,90,91,92,93,94,95,9 6,97,98].
Dermanyssus gallinae- үй құстарының, әсіресе тауықтың кең тараған қан
сорғыш сыртқы паразиті [99].
М.П. Якуниннің зерттеулеріне қарағанда көгершін сияқты синантропты
құстар мен үй құстарының сыртқы паразиттерінің түр құрамы көбіне бірдей
болады және синантропты құстар бұл паразиттерді таратады [100].
Көптеген құстардың, оның ішінде көгершіндердің кең тараған қан сорғыш
сыртқы паразиті – Argas persicus кенесі. Ол сонымен бірге құс спирохетозы
қоздырушысының негізгі таратушысы екені белгілі. Қазақстанның оңтүстігінде
көп таралған [86,87].
М.П. Якунин [1971] Argas persicus кенесі тіпті Қазақстанның барлық
аймақтарында, көптеген құстардың, үй және жабайы көгершіндердің сыртқы
паразиті екенін анықтаған. Оның зерттеуі бойынша Қазақстанның шығыс және
оңтүстік шығысында көгершіндерде Argas vulgaris, Dermanyssus gallinae
кенелерімен қоса Dermanyssus hirundinis кенесі паразиттік тірішілік етеді
[100].
М.П. Якунин [1960] Argas reflexus кенесінің негізгі иесі көгершіндер
дейді. Бұл кене Қазақстанда кең тараған. Оның зерттеуіне қарағанда ИЭ-гі –
92,6 %, ИИ- гі бір көгершін ұясында 112 кенеге жетеді [101].
Құстарда 30-дан аса иксод кенелерінің түрлері паразиттік ететіні
белгілі.
Көгершіндерде Ixodes berlesei, Hyalomma plumbenm, Dermacentor silvarum
түрлері паразиттік тіршілік ететіні анықталған [46,102].

1.2.4 Қауырсын – мамық жегіштері
Қауырсын-мамық жегіштер құстардың, оның ішінде көгершіндердің тұрақты
сыртқы паразиттері. Олар буынаяқтылар типінің (Arthropoda) насекомдар
(Insecto) класының жүн-қауырсын жегіштер (Mallophaga) отрядына жататыны
белгілі. Қазіргі уақытта ғылыми деректер бойынша қауырсын- мамық
жегіштердің 2300-дей түрлері анықталған [87].
Қауырсын-мамық жегіштер ертеден ғалымдардың назарын аударып, оларды
зерттей бастаған. Ғалымдар алғашында қауырсын-мамық жегіштердің түрлерін,
морфологиясын зерттесе, одан соң биологиясын, азықтануын т.б.
ерекшеліктерін зерттеді. Қауырсын-мамық жегіштер эпидермистің қопсыған
қабыршағымен, қауырсынмен, мамықпен, жарақаттан бөлінген сөлмен, сирек
кейбір түрлері (Monopon gallinae) иесінің қанымен де қоректенетіні белгілі
болды. Бұл паразиттер өте тез көбейеді. Бір тауық денесінен 24627 паразит
анықталғаны туралы деректер бар. Әр түрлі құстардың өздеріне тән қауырсын-
мамық жегіштері болатыны белгілі. Зертеулер тауқтардың қауырсын-мамық
жегіштері көгершін денесен де өсіп-өнетінін, сөйтіп көгершіндер оларды
тарататынын көрсетті. Ересек құстардан күзде олардың балапандарына
ауысатыны да дәлелденді [99,103,104].
Қауырсын-мамық жегіштердің (Columbicola columbae) даму сатысын
зерттеген G. Schőlzel [1937], M. Martin [1934] олардың дамуы биттерге
ұқсас, балаңқұрты жұмыртқадан шыққан соң шала түрленіп дамитынын, үш даму
сатысынан өтіп, ересек қауырсын-мамық жегішке айналатынын анықтаған.
Олардың зерттеулерінде 37°С- та жұмыртқадан 3-8 күннен соң 1-ші сатыдағы
балаңқұрт шығады. Ол 4-10-күннен соң түлеп ересек қауырсын-мамық жегіш өсіп
жетіледі [105, 106].
Польша ғалымдары R. Renata және Zuotorzyeka Gadwiga [1981] жасаған
тәжірибе, көгершін денесінен тысқары қауырсын-мамық жегіштер қауырсын
салынған түтік шыны ыдыста 45 күнге дейін, ал қауырсынсыз түтік шыны ыдыста
3-11 күн тіршілігін сақтайтынын көрсетті [107].
Д.И. Благовещенский [1951] Тәжікстан аумағында мекендейтін
көгершіндерді зерттегенде ИЭ-гі 71,2 % - ға, ИИ-гі 112 қауырсын-мамық
жегішке жететінін анықтаған [108].
Ф.И. Васильевич., О.О. Толстенков [2002] Москва қаласында жабайы көк
көгершіндерді зерттеп, оларда ИЭ -гі 42,9 % - ға, ИИ -гі 4,9-43 қауырсын-
мамық жегішке тең болғанын хабарлайды [109].
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде көгершіндерден төмендегідей
қауырсын-мамық жегіштердің түрлері анықталғаны туралы деректер бар.
1. Goniocotes bidentatus
2. Hohorstiella gigantea
3. Campanulotes compar
Н. Красатин., В.М. Пиянин [1980] жабайы көк көгершінде тауықтың мамық
жегіші-Menopon gallinae паразиттік тіршілік ететінін анықтап, әртүрлі
құстар арасында бұл паразиттердің алмасу мүмкіндігі бар екенін дәлелдеді
[110].
Ғалымдардың әртүрлі аймақтарда жүргізген зерттеулерінен көгершіндердің
қауырсын-мамық жегіштерінің түр құрамы мен таралуының әр түрлілігі көрінеді
[111, 112, 113, 114].
Ғылыми әдебиеттердегі деректерді саралап, қорытындыласақ,
көгершінтектес құстардың ішкі және сыртқы паразиттерінің түр құрамының сан
алуандылығын көреміз.Оларда таспа құрттардың – 55, жұмыр құрттардың – 19,
сорғыш құрттардың –10, эймериялардың –5, гамаз кенелерінің - 2, иксод
кенелерінің – 3, қауырсын-мамық жегіштердің –5 түрі паразиттік тіршілік
ететіні анықталған.

2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

2.1 Зерттеудің негізгі бағыты Көгершінтектес құстардың ішкі және
сыртқы паразиттерінің түр құрамы біршама жақсы зерттелгенмен, бұл
зерттеулердің басым бөлігі осыдан 70-100 жыл бұрын жүргізілген. Кейінгі
уақытта бұл бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары арнаулы, мақсатты және
жоспарлы түрде жүргізілмеген. Соңғы 10 жылда ғылыми басылымдарда жарық
көрген зерттеу нәтижелері өте сирек. Қазақстанның оңтүстік аймақтарын
мекендейтін жабайы және үй көгершіндерінің гельминттерін К.И. Скрябин [1905-
1911], жабайы тау кептерлерінің эймерияларын С.К Сванбаев., Н.К.
Рахматулина-Батыршина, [1972] зерттеген. Қазақстанның өзге өңірлерінде,
атап айтқанда Қазақстанның шығысында мұндай зерттеулер жүргізілмеген. ТМД
елдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары, оларға қарсы шаралар
Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар
Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Қой негізінен жайылым малы
Тұяқ аурулары және тұяқ ауруларын алдын
Жараның секвестрациялық тазаруы
Құстарды кнемидокаптозға тексеру және алдын алу
ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ. ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ. ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ
ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы
Бронхопневмания ауруы
Пәндер