Қазақ спортының дамуындағы ұлттық патриотизм идеясы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 139 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ [796. 01+172. 15] (574) Қолжазба құқығында

АХМЕТОВ ИЗГИЛИК ЖОЛМАНОВИЧ

Қазақ спортының дамуындағы ұлттық патриотизм идеясы

09. 00. 11 - әлеуметтік философия

Философия ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Д. К. Кішібеков

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қазақ халқының спорттық өнерінің тарихи-философиялық негіздері мен ұлттық патриотизмнің шығу тегі . . 11

1. 1 Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуының тарихи-философиялық негіздері . . 11

1. 2 Жауынгерлік дәстүрдің ұлттық менталитеттегі спорттық сипаты және патриотизмдік қыры . . 37

1. 3 Қазақтарда патриоттық тұлғаны жетілдірудегі руханилық пен тән шынықтырудың бірлігі . . 50

2 Ұлттық идея және Қазақстан спортындағы патриотизм . . 64

2. 1 Спорт өнеріндегі ұлттық идея көрінісі . . 64

2. 2 Қазақстан спортының дамуы және ондағы патриотизмдік рух . . 74

2. 3 Ұлттық спорт философиясының қалыптасуы және әлемдік деңгейдегі қазақстандық спортшылар . . 95

Қорытынды . . . 111

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 115

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Спорт адамзат мәдениетінің ертеден келе жатқан бір саласы. Оның тарихи - философиялық мәні мен маңызы туралы көптеген ғалымдар әр түрлі деңгейде біршама еңбектер жазған, парасатты пікірлер айтқан.

Спорттың адам денсаулығына әсері ғана емес, оның қоғамдық санадағы орны, адамдардың рухани өміріндегі жасампаздық қасиеті де бұл тақырыпты тереңдей зерттеп, философиялық тұрғыдан нақты жауап беруді қажет етеді. Аталған жұмыста спорт өнерінің әлеуметтік маңызы, ұлттық ерекшеліктері мен болмыс-бітімі қазақ философиясы негізінде талданып, зерделенеді. Спорттық өнер феномені ұлттық философиялық ой толғам тарихы тұрғысында сараланып, оның теориялық мәселелері жүйелі талданып, таразыланады. Яғни, көне дәуірлердегі арғықазақтық дүниетанымдағы діни, натурфилософиялық, алғы философиялық көзқарастардағы алғыспорттық мәселелерді ауқымды түрде ашу қолға алынады, қазақ дәстүрі мен менталитетіндегі физиологиялық жетілудің эмоционалды-рационалды жақтары баса көрсетіліп, оған жасалған құрылымдық-функционалдық талдаулар ұлттық түсініктер бойынша, халықтық дүниетанымды негізгі ала отырып бағамдалады. Демек, түркі және қазақ халқындағы қалыптасқан спорт өнерінің шығу тегін ашудың және қазіргі замандағы отансүйгіштікпен байланысқан философиясын ғылыми-теориялық түрде зерделеу қолға алынған еңбек болып табылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көне дәуірлерден бастап, оғыз-қыпшақ кезеңіне дейінгі дүниетанымдық салттарды өткен мен бүгіннің мәңгілік рухани кеңістігіне шығару мен дәстүрлі әлемдік рухани-мәдени кеңістіктегі өнер принциптерін ұқсату түрінде ұлттық дүниетаным көшірмесінен интроекциялау маңызды, өзекті болып отыр.

Бұл еліміздің «Қазақстан-2030» бағдарламасына, «Мәдени мұра» жылының талаптарына, Қазақстанның әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес келетін, далалық даналық пен нақты биоәлеуметтік дамудың айғағын зерделейтін еңбектердің бірі болмақ.

Халқымыздың ұлттық мәдениетіне қатысты мәселелерді ашудың өзектілігін алғаш ұсынғандардың бірі: «қазақтардың қайталанбас этникалық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» деп атап көрсеткен ел басшысы Н. Назарбаевтың да қоғамымыздың рухани-әлеуметтік саласының даму бағыттарын жіті қадағалап, әрдайым жете көңіл бөліп отырғандығын атап өткіміз келеді [1, 19 б. ] .

Бүгінгі таңдағы этникалық мәдени спорт өнерін және оның отансүйгіштік қызметін тұтас ұлттық идея тұрғысынан ғылыми-теориялық түрде зерделеп, оның әлемдік ойсанадағы спорттық және отансүйгіштік принциптермен сабақтастығын аша отырып, өзіндік төлтума дүниетанымымызды, гуманизмімізді, патриотизмімізді айшықтау да тарихи-мәдени іргетасымыз бен рухани кеңістігімізді нығайтатыны хақ.

Демек, біз «Қазақ спортының дамуындағы ұлттық идея патриотизмін» зерделеуде түркі халықтарының арғытүптік дүниетанымынан бастап, ондағы тұрмыс-салт ерекшеліктерін, номодологиялық өмір сүру шарттарын байыптай отырып, отансүйгіштік рух пен тәндік-физиологиялық жетілу-икемділік тұрғысынан қайта бағамдап, бүгінгі заманға дейінгі жалғасқан тұтас ұлттық менталитет пен дүниетанымымызды дәйекті аңғарамыз, кейінгі келер ұрпаққа этномәдени дәстүрлердегі спорттық өнер құрылымындағы: намыс пен жігер, отансүйгіштік пен әділеттілік, шынайылық пен адалдық этикасының биік талаптарын; жұптасу мен оппозиция, топтық интеграция, тұлғалыққа өту мен көшбасшылыққа ұмтылу қатынастарының әлеуметтанулық асқақ мінберін, үйлесімділік пен теңдікке, қуаныш пен қайғыға және ерлікке негізделген эстетикалық нормаларын, ақиқат пен шындыққа, дәлдік пен дұрыстыққа, сандық және сапалық қатынастар теңдігіне, жеңімпаздық монизміне бағытталған логикалық құрылымын, өзін және өзгені бағалау, өзге мен өзін тануға, ардақтау мен персоналистік биік деңгейлерге ұмтылатын аксиологиялық құндылықтар жүйесін ұғындыруға қажетті компоненттерін ашып көрсетеміз. Спорт кеңістігіндегі ұлттық рухтағы жігер мен намыс, өзін-өзі ашу мен өзін-өзі тану персонализмін дәйектеу арқылы өткеннің түркі халықтары үшін мәңгілікпен ұштасқан өмір сүру дағдыларын, тұрмыстық-әлеуметтік өлшемдерін танытуда және бүгінгі әлемдік спорттық аренада өзгелерден озу, шеберлік сырын меңгеру үшін де бұл еңбектің өзектілігі ерекше болмақ.

Сонымен қатар бұрын-соңды арнайы зерттелмеген қазақ халқының дүниетанымындағы спорттың тарихи-философиялық негіздерін саралау мен қазіргі Қазақстандағы ұлттық идея мен отансүйгіштікке бағдарланған спорт өнерінің рухани мәнін арнайы қарастыру - Қазақстанның бүгінгі таңдағы рухани-әлеуметтік дамуына, отан, ел мен жер т. б. түсініктердің шынайы мәнін ашып, отансүйгіштік рухты әйгілеуіне қосылған маңызды еңбектердің бірі болмақ.

Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Мұндай тақырыпты жете зерттеуді қолға алу ұлттық болмысымызды тұтастай пайымдауға негізделген ұлттық өзіндік сана мен тәуелсіздік рухының айғағы бола отырып, қазақ халқының да спорттық өнеріндегі отансүйгіштік рухты тудыратын философиялық ұғымдарын зерделеу болып табылатындығы сөзсіз. Сондықтан ұлттық спорт өнеріндегі отансүйгіштік феноменін арнайы философиялық деңгейде қарастырмағанмен, оның аспектілерін және ондағы өзекті мәселелер туралы толымды ой, тың пікірлер айтқан ғалымдардың еңбектерін де назардан тыс қалдырмадық.

Мәселен, спорт өнерінің философиялық, әлеуметтанушылық-мәдениеттанушылық жақтарына баса назар аударып, оның отансүйгіштік қырын атап өткендер: В. Д. Гончаров, Л. Кун, Н. А. Пономарев, Е. В. Утищева , В. И. Столяров, М. С. Каган, Е. Н. Князева , С. П. Курдюмов, В. П. Кузьмин, В. Б. Кучеревский т. б.

Ұрпақтарды спорт өнері арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеуге баса назар аударған ғалымдарымызды да атап өтуге болады. Олар: Е. С. Ананьева, А. А. Анцифирова, А. А. Аронов, А. Н. Вырщиков, М. П. Бузский, И. И. Валеев, З. Т. Гасанов, Р. К. Гусейнов, А. Р. Жумаков, Д. П. Ильченко, А. П. Кабаченко, Е. И. Корнеев, Ю. В. Кутлугильдина, В. В. Макаров, А. С. Миловидов, Л. И. Мищенко.

Ал жастарға патриоттық тәрбие берудің теориялық-методологиялық және концептуалдық негіздерін іргелі зерттеушілер: А. Г. Агаев, Н. А. Белоусов, Ю. С. Васютин, Г. М. Рогачев, М. Н. Росенко, Р. З. Алиев, М. Н. Алиев, А. Ю. Рустамов т. б.

Сондай-ақ қазақстандық педагог-психолог ғалымдарымыз да отансүйгіштік, дене тәрбиесі, тәннің шынығуы мәселелерін өздерінің зерттеу еңбектеріне арқау еткен. Олар: Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, М. Оразаев, С. Т. Иманбаева, Е. Жұматаева, А. А. Бисембаева.

Қазақ халқының дүниетанымындағы отансүйгіштік рухтың компоненттерін және физиологиялық жетілу шарттарын философиялық тұрғыдан зерделегендер: А. Айталы, А. Тайжанов, К. Н. Меңлібаев , Ғ. Телібаев, С. Әмірғазин, Н. Елікбаев, Д. Кішібеков, Ғ. Есім, Ж. Молдабеков, Ә. Нысанбаев, І. Ерғалиев, Ш. Нұрланова, Т. Қ. Айтқазин, Т. Х. Ғабитов, О. А. Сегізбаев, М. Орынбеков, Қ. Бейсенов сынды ғалымдарды атауға болады.

Сонымен қатар ұлттық менталитеттің негізгі ерекшеліктерін баса көрсетіп, елжандылық пен ұлттық рух мәселелерін өздігінше байыптағандар, атап айтқанда: Қ. Әбішев, А. Х. Қасымжанов, Қ. Мұқашев, Н. Р. Мұсаева, З. Ж. Наурызбаева, А. С. Сырғақбаева, С. Н. Ақатай, А. К. Қасабек, Ж. Алтай, А. Казыханова, Н. Ж. Байтенова, Р. А. Клещева, А. Т. Құлсариева, Г. Н. Әбдіғалиева, Б. И. Абирова, Ғ. Ғ. Ақмамбетов, К. Ахметжанова, Ж. Б. Бекбосынова, Қ. Қ. Бегалинова, Қ. Жамалов, К. К. Котошева, Б. Ғ. Нұржанов, Ғ. Т. Телібаев, М. Ш. Хасанов т. б.

Сол сияқты ұлттық спорттағы отансүйгіштік қасиеттерді филологиялық тұрғыдан зерттеген және келелі пікір айтқандар: А. Сейдімбеков, С. Қасқабасов, С. Мұқанов, М. Жолдасбеков, Ә. Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев т. б. ғалымдарымыз қазақ фольклоры мен әдебиетін талдауда ондағы отансүйгіштік, елжандылық, гуманизм сияқты рухани құндылықтардың мән-маңызын жан-жақты ашып көрсетті.

Дегенмен мұндай зерттеулерді ұлттың рухани кеңістігіндегі спорт пен тәндік-рухани жетілу мәселесін зерделі зерттеудің алғашқы қадамдары деп айтуымызға болады. Сондықтан осы диссертация мәселенің мәнін тереңірек ашу үшін, тыңғылықты байыптауға қажетті, іргелі түрде бағамдауға негіз болатын еңбектердің бірі болмақ.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Аталған диссертацияның мақсаты ұлтымыздың төл рухани мәдениет кеңістігіндегі ата-бабаларымыздың дәстүрлі дүниетанымын шығыстық-көшпелілік архетиптер мен менталитет бойынша философиялық-теориялық тұрғыдан зерделей отырып, спорт өнерінің тарихи-әлеуметтік негіздерін философиялық тұрғыдан байыптап, ондағы отансүйгіштік феноменін арнайы зерттеу объектісі ретінде бөліп алып, ғылыми негізде талдап, мәнін ашу болып табылады. Мұндай зерттеу еңбек өзінің алдына мынадай міндеттер қояды:

- Арғықазақтық мифтік дүниетаным мен алғыфилософиялық дүниеге көзқарастың символдық, образдық, тұспалды-ишаралы түрде берілген салттарындағы алғыспорттық дәстүрлерді формальды логикалық, ғылыми-теориялық өлшемдерде ашып көрсету.

- Түркі дүниетанымының рухани кеңістігіндегі, тіршілік етудің онтологиясындағы - жаугершілдік кезеңдегі ғұмыр кешу салттары мен ұстанымдарының спорттық санаға қатынасы мен өзара байланысын ажыратып, философиялық тұрғыда бағамдау, ондағы отансүйгіштік этиканың биік талаптарын заманауи спортшы сапаларына көшіру дидактизмін саралау.

- Қазақ халқының рухани-әлеуметтік даму тарихының өн бойындағы тұлғаны қалыптастырудағы тән мен рухтың бірлікте даму диалектикасы әдіснамасының өмірмәнділік канондарын және тәсілдерін, тәлімгерлік үрдістерін заманауи қажеттіліктер тұрғысынан зерделеу, этноболмыс пен таным-тіршіліктегі, тұрмыстық деңгейдегі ұлттық персонализм ерекшеліктерінің қалыптасу тәжірибелерін зерделеу.

- Спорт өнеріндегі ұлттық идеяны ұлттық дүниетанымның тұтас бөлшегі ретінде тани отырып, оның шынайы мағынасы мен мәнін ұғындырудың байыпты философиялық деңгейіне қол жеткізу.

- Қазақстан спортының дамуының тарихи-мәдени аспектілеріне баса назар аудара отырып, ондағы патриотизмнің және спорттық отансүйгіштік рухтың шынайы мәнін ашу.

- Тұтас ұлттық спорт философиясын ашуда ондағы негізгі бағыттарды философиялық тұрғыдан зерделеп, оның халқымыздың мәдени-әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарымен сәйкестенетіндігін және ойтолғам тұрғысында маңызды буын екендігін анықтау.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Мұндағы зерттеу бағыттарында философиядағы дәстүрлі методология басшылыққа алынған: тарихи-салыстырмалы, абстрактылықтан нақтылыққа өту, жалпыдан жекеге және жекеден жалпыға көшу мен демифологизация, психоанализ, герменевтика, құрылымдық-функционалдық талдау, лингвистикалық талдау, мистификациялық дүниетанымды формальды логикаландыру т. б. тәсілдер ақиқаттылық принципімен орайласып, жарыспалы түрде жүргізілді.

Сондай-ақ бұл еңбектің теориялық негізі әлемдік философия тарихындағы ойшылдардың еңбектеріне және жалпы ұлттық дүниетаным мен дәстүрлі архетиптерге сүйену бойынша бағамдалып, этнофилософияны зерделеуші ғалымдарымыздың ой-пікірлері де басшылыққа алынды.

Диссертациялық еңбектің ғылыми жаңалығы. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі жаңалығы - қазақ халқының спорт өнеріндегі отансүйгіштікті ашу мәселесіндегі басты бағыттар мен кейбір аспектілерді тұтастай диахроникалы тарихи-философиялық, синхроникалы қоғамдық-әлеуметтік түрде танытып, оның рухани болмысымыздың өн бойына тұтас тарап жатқан тұрмыстық-мағыналық мәнін және отансүйгіштік рухтық сипатын философиялық деңгейде байыптау. Осы мәселелерді көрсете келіп автор жұмыстың мынадай негізгі жаңалықтарын ұсынады:

- Қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік өмір салты мен тұрмыс тіршілігіндегі отансүйгіштік құбылысының түпкілікті мәні анықталып, жеке адам арқылы ашылған сезімдік қатынастың жалпы концептуалдық деңгейлері зерттелінді. Эпостық «баһадүрлік» пен қазіргі заман спортшысының өзара байланысы және оның тарихи-генетикалық сабақтастығы жалпылама түрде зерделеніп, тұтас ұлттық дүниетаным бойынша жауынгершілдік пен отансүйгіштіктің философиясы қарастырылды, оның әр дәуірдегі ерекшеліктері сарапталды, еліне сүйіспеншілікпен қараудың ұлттық шарттары көрсетілді.

- Түркі және қазақ сахарасындағы спорттық өнердің тарихи тамырлары құрылымдық-мағыналық түрде ұлттық рухани көздер арқылы түсіндіріледі, оның қазіргі ұрпақ пен болашақ Қазақстан халқына арналған рухани құндылық жақтары нақты мысалдармен дәлелденді. Этнофилософияның антропологиялық адам дамуы ілімдеріндегі этикалық еліне деген сүйіспеншіліктің, биоәлеуметтік тәндік жетілу практикасының тылсымдықтары мен рухани жетілуі арналастығының ғұмыр кешуіміздегі жалғасын тауып келе жатқан сабақтастығы көрсетіліп, шынайы болмыс пен өмір сүру салттарындағы тәжірибелерінің рационалды деңгейлері ғылыми түрде тұжырымдалды.

- Ұлттық спорттық рух пен отансүйгіштік рухтың құрылымдық компоненттері жеке құндылық пен философиялық категориялардың тұтастығы ретінде алынып, оның құрылымдық-генетикалық, функционалдық-мәндік мазмұны мен формасы жалпылама түрде талданды, осы құрылым бойынша қазақ спортшысының елінсүйгіштігі түркі даласындағы көне дәстүрлерден жалғасын тапқан мәңгілік нышандар ретіндегі сабақтастығымен де бекітілді.

- Ұлттық спорт философиясын қалыптастырудың жалпы методологиясы зерделеніп, оның мақсаттары мен жалпы концептуалдық жобалары психоанализдік, герменевтикалық әдіснамалармен қазіргі заманға көшіріліп, Қазақстанның прогрессивті дамуының шарттары болатындығы дәйектелді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар. Сондай-ақ бұл еңбекте қорғауға мынадай негізгі тұжырымдар ұсынылды:

1. Аталған тақырып бойынша “Қазақcтан спортының дамуында ұлттық идея мен патриотизм идеясы” сабақтас-байланысты болғандықтан, бұл еңбекте қазақ халқының тарихи-әлеуметтік дамуы бойынша спорттық-физиологиялық дәстүрлердің шығу тегіне талдаулар жасалып, оның кезеңдері тұжырымдалды. Сондай-ақ спорт өнерінің дамуының тарихи-философиялық рухани тамырлары көрсетілді: миф пен дін, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, жаугершілдік салттар т. б. Олардың әрбір компонентіне жеке-жеке талдаулар жасалып, қазіргі заманғы спорттың дамуы мен өркендеуіне қатынасы және синкретизмдік негіздерін ұлттық болмыс арқылы тұжырымдау көзделді. Сондай-ақ ұлттық спорттың құрылымдық-функционалдық негіздері де этноболмыс арқылы зерделеніп, биологиялық-физиологиялық, эстетикалық, этикалық, әлеуметтанулық, саясаттанулық, психологиялық, философиялық, аксиологиялық, логикалық аспектілерінің элементтері құрастырылып, тұтас жүйесі ұсынылып, оның да әрбір буыны мен элементтеріне жеке-жеке талдаулар жасалып, шынайы тіршілік ету мен ғұмыр кешудің салттарымен байланыстыра қарастырылып, бүгінгі заманға көшіріліп, түсіндірілді. Байырғы далалық менталитет пен таным түсініктердің спорттық салттар бойынша құрылған рухани-мәдени сферасы ашылуға бағытталды, оның қазіргі әлемдік спорттың қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалы мен ұқсату модельдері көрсетілді.

2. Қазақ халқының Жауынгерлік дәуіріндегі шынайы бейнелер мен олардың көркемдік айшықталуын беретін эпостық тұлғаға тарихи-философиялық талдаулар ұсынылып, оның болмысы - өмірмәнділік шарттармен толықтырылып, отансүйгіштік сапасының деңгейлері зерделенді. «Баһадүрлік» болмыстың сапаларының қазіргі замандағы спортшы сапаларына сәйкес келетін жақтары ұқсату түрінде көрсетіліп, бүгінгі спорттық көшбасшылардың этникалық сабақтастық бойынша заңды жалғасы екендігі айғақталды. Мұндағы тарихи-сабақтастық пен биогенетикалық бірлік арқылы жалғасқан рухтың өміршеңдігі отансүйгіштік феноменін де байыптауға мүмкіндіктер ашатындығы ескерілді. «Баһадүрлік» сапалардың тұтастай ұсынылған құрылымы бойынша қазіргі кезең үшін ғибраттық мәні, мәдени-әлеуметтік өмірдегі маңызы бейнеленді. Мұны зерделеуде нақты тарихи кезеңдер басшылыққа алынып, түркі дәуірі деп аталатын ғұндар мен сақтардың, көне түркі қағанатының, оғыз-қыпшақ даласының, Алтын орда кезеңінің рухани ойханасындағы эпостық-баһадүрлік сарындары, ондағы физиологиялық жетілу идеалы мен эмоционалды отансүйгіштіктің тарихи-мәдени негіздері ашылды. Қазақ халқының батырлық қасиетінің қалыптасуы мыңдаған жылдар бойғы көшпелі тұрмысы екендігі де айтылған. Ол қиссаларда айтылғандай: «Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жолы бір басқа» деген тұжырымға ойысатындығына байланысты мотивтер толғанылды.

3. Тұтас түркі халықтарының рухани дүниесіндегі дүниетаным ерекшеліктеріндегі басты байыптау объектісінің бірі - адам проблемасы болғандықтан, ондағы дүниеге ұрпақ келудің экзальтациялық қуанышының әлеуметтік сипаты (ел қорғайтын потенциалды әскер ресурстары ретінде) - ұрпақтар сабақтастығының өмірмәнділік адамзат тіршілігінің негізгі мақсаттарға айналдырылғандығы, дүниеге келген ұрпақты түркі азаматы ретінде қалыптастырудың технологиясы зерделенді. Тәндік шынығу мен рухани жетілу арналастығының дуалистік позициясын басшылыққа алған принциптердің тарихи-философиялық негіздері ұсынылып, оның инструменттері мен идеологиялық құралдары көрсетілді: салт-дәстүр мен әдет-ғұрып канондары, мифтік және діни салттар, тұрмыс қалыптарының ерекшеліктеріне байланысты бейімделу, көшпелілік өмір стилін қабылдау өлшемдері, жаугершілік заман талабына сай тұлға қалыптастырудың методологиясы т. б. бүгінгі заманға байланысты түрде қазақ азаматына лайықты сапа ретінде бағамдалды. Қазіргі кезең үшін де осындай тән мен рухтың бірлігі идеясының қажеттілігі тарихи тамырлар мен әлемдік ой деңгейлеріндегі идеялармен толықтырылды.

4. Халқымыздағы тұтас дүниетаным синкретизмі бойынша спорт құрылымының шынайы әлеуметтік-мәдени жақтары ашылып, ұлттық идея орталық түсінік ретінде зерделенді. Ұлттық идеяның рухпен байланысы, биогенетикалық сабақтастығы, моральдық принциптерден туындайтындығы, саяси идеологиялық бірлік пен тұтастыққа үндейтіндігі т. б. спорттық құрылымдар бойынша дәйектелді. Спорттың ұлттық идеяны қалыптастыру мен нығайтудағы функциялары ұсынылып, спорт өнерінің де өркендеуінің шарты ұлттық идея ретінде кері байланыспен дәйектелді. Бүгінгі таңдағы ұлттық идея мен Қазақстан прогресі үшін спорт өнерінің тигізер ықпалы тарихи негіздер мен қазіргі заманғы гуманистік-моральдық принциптер бойынша зерделенді.

5. Қазақстан спортының дамуы және ондағы отансүйгіштік рух өнегелілігін зерделеу мәселелері бойынша отансүйгіштіктің жалпы классикалық түсініктеріне сүйеніп, оны спорттық санадағы отансүйгіштікке бағдарладық. Отансүйгіштік рух феноменін ашып көрсетіп, оның табиғи-әлеуметтік субстраттарын таныта отыра, спортшыдағы отансүйгіштік сананың құрылымдары психофилософиялық тұрғыдан дәйектелді. Сонымен қатар спорт арқылы отансүйгіштікті қалыптастырудың өнегелілік педагогикасының жалпы концептуалды негіздері этноболмыс тұрғысынан көрсетілді. Қазақстан спортының дамуына жалпы шолулар жасалып, ондағы ұлттық идея, тәуелсіздік рухы, отансүйгіштік феномені т. б. шынайы тарихи хронофактілермен салыстырылып, оның келер ұрпаққа тигізер маңызын дәйектеу қолға алынды.

6. Қазіргі заманғы Қазақстан прогресіне бастайтын ұлттық спортымыздың дамуына философиялық тұрғыдан келудің өзектілігі баса айтылды. Ұлттық спорт философиясының негізгі ұғымдары мен жалпы мақсаты: ұлттық спорттық дүниетаным, ұлттық спорттың шығу тегі, оны тарихи-салыстырмалы, герменевтикалық-психоанализдік, құрылымдық түрде талдау мен нәтижелерін практикада қолдану, қазіргі ұлттық спортты дамыту концепциясын дайындау және оны Қазақстан прогресіне ықпалдастыру, ұлттық спорттық рух феноменін зерделеу, Қазақстандағы спорттық сана құрылымы, тәндік және физиологиялық жетілудің жаңаша ұлттық методологиясын жасау, спорттық этикалық құндылықтардың психогенетикалық негіздерін ашу: намыс, жігер, рух т. б. ұсынылып, олар жеке-жеке талқыланып, жалпы концептуалдық жобалар ұсынылды.

Зерттеу нәтижелерінің теориялық және тәжірибелік маңызы. Бұл жұмыс ғылыми зерттеу жұмысы болғанмен, кейіннен де теориялық-практикалық маңызы бар еңбек деп тұжырымдауымызға болады. Мәселен, ол қазақ философиясы тарихын оқытуда, этнопедагогиканы жетілдіре түсуде, жүйелеуде, этнопсихологияны толықтыруда жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері үшін арнайы оқу құралы ретіндегі материалдарға көмекші мәліметтер бере алады. Сонымен қатар Қазақстандағы спорттың әлеуметтік институт ретінде ұсынылуына байланысты кәсіби, бұқаралық, олимпиялық спорт түрлерін дамытуға септігін тигізеді. Бұл еңбектегі ұсынылған теорияларды нақтырақ айтсақ, спортшы дайындауда, бапкерлік өнерде, бұқаралық санада отансүйгіштік рухты қалыптастыруға арнайы ресмиленген формаларда пайдалануға да болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі спорт өнерінің қалыптасуы
ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Қазақстандық патриотизм: мұраты, қалыптасу проблемалары
Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері
Оқушыларға патриоттық, интерноционалдық тәрбие беру
Бұқаралық спорт
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Тәрбие саласындағы өзекті мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz