Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесіне байланысты әлеуметтік жұмыс
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3
I. Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстеориялық әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Проблемалы отбасылар ұғымының мәні, пайда болу себептері ... ... 4.7
1.2 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысмақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.8
II. Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысқазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.10
2.1 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысбағыттарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.14
2.2 Қиын балалармен әлеуметтік әлеуметтік жұмыс жасау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.18
III. Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесін әлеуметтік әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды дамыту жолдары ... ... ...19
3.1 ҚР.ғы әлеуметтік әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.23
3.2 Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесін тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
I. Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстеориялық әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Проблемалы отбасылар ұғымының мәні, пайда болу себептері ... ... 4.7
1.2 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысмақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.8
II. Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысқазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.10
2.1 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысбағыттарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.14
2.2 Қиын балалармен әлеуметтік әлеуметтік жұмыс жасау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.18
III. Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесін әлеуметтік әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды дамыту жолдары ... ... ...19
3.1 ҚР.ғы әлеуметтік әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19.23
3.2 Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесін тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесін жетілдіру.
Әлеуметтік жұмыстың міндеті: Проблемалы отбасылардағы балалармен әлеуметтік әлеуметтік жұмыс жүйесін қолдау, оларға қолданылатын шараларды практикаға енгізу, проблемал отбасыларда қиын балаларды болдырмау үшін тиісті әдіс-тәсілдер қолдану.
Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны-бесіктің қалай тербелетіне байланысты денендей, бүгінгі ұрпақ ертең мемлекттің тұтқасын ұстар бір-бір азамат. Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі жаста, балада мемлекет еңсесінің биік, тұғырының берік қалауына сүбелі үлес қосып жатса, қазақтығы қанында, азаттығы жанында буырқанған Бөрі тәңірлі еліміз рухының мықты екендігінің айғағы емес пе?
Бүгінгі жас толқынның қалай тыныстап, қай бағытқа қарай бет алып бара жатқандығы турасында ата-анамызбен, мектеп қабырғасындағы тәрбиеге, балалар үйіндегі тәрбиешілерімізге байланысты. Ол жердегі балаларымыздың дамып, әлеуметтік өмірге бейімделуі турасында отбасы үлгісіндегі балалар үйінде, балалар ауылдарында болып тұр.
Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерде тұруы қажет, сонымен қатар өзінің отбасы махабатты сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын сезіндіру, олардың өмірлерін қызылды -жасыл өрнектерге, баяуымыз қажет. Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған сахаббатты жат елдерден тауып, мұхит асып кетіп жатыр.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесін жетілдіру.
Әлеуметтік жұмыстың міндеті: Проблемалы отбасылардағы балалармен әлеуметтік әлеуметтік жұмыс жүйесін қолдау, оларға қолданылатын шараларды практикаға енгізу, проблемал отбасыларда қиын балаларды болдырмау үшін тиісті әдіс-тәсілдер қолдану.
Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны-бесіктің қалай тербелетіне байланысты денендей, бүгінгі ұрпақ ертең мемлекттің тұтқасын ұстар бір-бір азамат. Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі жаста, балада мемлекет еңсесінің биік, тұғырының берік қалауына сүбелі үлес қосып жатса, қазақтығы қанында, азаттығы жанында буырқанған Бөрі тәңірлі еліміз рухының мықты екендігінің айғағы емес пе?
Бүгінгі жас толқынның қалай тыныстап, қай бағытқа қарай бет алып бара жатқандығы турасында ата-анамызбен, мектеп қабырғасындағы тәрбиеге, балалар үйіндегі тәрбиешілерімізге байланысты. Ол жердегі балаларымыздың дамып, әлеуметтік өмірге бейімделуі турасында отбасы үлгісіндегі балалар үйінде, балалар ауылдарында болып тұр.
Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерде тұруы қажет, сонымен қатар өзінің отбасы махабатты сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын сезіндіру, олардың өмірлерін қызылды -жасыл өрнектерге, баяуымыз қажет. Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған сахаббатты жат елдерден тауып, мұхит асып кетіп жатыр.
1. М.Т.Баймұқанова “Отбасымен әлеуметтік – педагогикалық әлеуметтік жұмыс” – Астана – 2005 ж.
2. А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев “ Жастармен жүргізілетін әлеуметтік әлеуметтік жұмыстар” – Астана 2005 ж.
3. С. Сәбиева “Жаңа адам тәрбиесі” – Алматы 1984 ж.
4. Ы. Ибадуллаев “Отбасы және жастар” – Қазақ тарихы – 2007 ж.
5. Ж.Жаназарова “Социальная работа с семьей” – Алматы –
2003 ж.
6. Социальная работа:теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная.,Астана-2005
7. Социальная работа: учебное пособие. Курбатов В.И., Москва-2007
8. Социальная работа с семьей: учебное пособие. Е.И.Холостова., Москва-2007
9. Социальная педагогика. Мардахаев Л.В., Москва-2003
10. Қазақ отбасы. Х.Арғынбаев., Қайнар баспасы-1996
11. Педагогика. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова., «Дарын» Әлеуметтік гумманитарлық институты-2004
12. Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы.Тұрғынбаев Ә.,Кенжебаев С., Есімханов Т., Алматы-2006
13. Ежелгі дәуір әдебиеті. А.Қыраубайқызы. Оқу құралы. Алматы-2003
14. « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007ж. 28 ақпан
15. «Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарлама »
16. « Қазақстан тәуелсіздік жылдарында » 2006жыл
17. « Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі » Алматы 2006 жыл
18. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы» №246-II ҚР3 Заңы
19.Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
20. Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000
21.Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
22. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы» туралы Заңы 2005ж 28 маусым
23. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
24. Советхан Ғаббасов «халық педагогикасының негіздері» Алматы 1995ж.
25. Интернет көздері www.irgetas.com, www.vkgu.kz, www.katev.kz
2. А.Н. Агафонов, Қ.Н. Меңлібаев “ Жастармен жүргізілетін әлеуметтік әлеуметтік жұмыстар” – Астана 2005 ж.
3. С. Сәбиева “Жаңа адам тәрбиесі” – Алматы 1984 ж.
4. Ы. Ибадуллаев “Отбасы және жастар” – Қазақ тарихы – 2007 ж.
5. Ж.Жаназарова “Социальная работа с семьей” – Алматы –
2003 ж.
6. Социальная работа:теория и технологии. А.Н.Агафонов, К.Н.Менлибаев, К.М.Туганбекова, Г.Г.Черная.,Астана-2005
7. Социальная работа: учебное пособие. Курбатов В.И., Москва-2007
8. Социальная работа с семьей: учебное пособие. Е.И.Холостова., Москва-2007
9. Социальная педагогика. Мардахаев Л.В., Москва-2003
10. Қазақ отбасы. Х.Арғынбаев., Қайнар баспасы-1996
11. Педагогика. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова., «Дарын» Әлеуметтік гумманитарлық институты-2004
12. Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы.Тұрғынбаев Ә.,Кенжебаев С., Есімханов Т., Алматы-2006
13. Ежелгі дәуір әдебиеті. А.Қыраубайқызы. Оқу құралы. Алматы-2003
14. « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007ж. 28 ақпан
15. «Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарлама »
16. « Қазақстан тәуелсіздік жылдарында » 2006жыл
17. « Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі » Алматы 2006 жыл
18. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі туралы» №246-II ҚР3 Заңы
19.Сансызбаева Г.Н. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оның проблемалары/ Оқу құралы.-Алматы: Экономика,1998
20. Адам дамуы: әлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі/Колесов В. және Маккинли ред. М.: Адам құқықтары ( Права человека),2000
21.Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
22. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы» туралы Заңы 2005ж 28 маусым
23. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі / А.А. Смайыловтың редакциясымен шыққан статистикалық жинақ.-Алматы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі,2001
24. Советхан Ғаббасов «халық педагогикасының негіздері» Алматы 1995ж.
25. Интернет көздері www.irgetas.com, www.vkgu.kz, www.katev.kz
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университеті
Басқару факультеті
Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы
Әлеуметтік жұмыс теориясы мен тарихы пәні бойынша
КУРСТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесіне байланысты әлеуметтік
әлеуметтік жұмыс
Орындаған:Бөденбаева.А.
2 курс, әлеуметтік әлеуметтік жұмыс мамандығы
201 тобының студенті
Тексерген: аға оқыт. Бердімұратова Қ.
Қабылдаған: доцент Абенова Қ.
аға оқыт. Рысқұлова М.
оқыт. Сағидолда Н.
АЛМАТЫ 2010
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-3
I. Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстеориялық әдістемелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .4
1.1 Проблемалы отбасылар ұғымының мәні, пайда болу себептері ... ... 4-7
1.2 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысмақсаты мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-8
II. Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысқазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...9-10
2.1 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысбағыттарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-14
2.2 Қиын балалармен әлеуметтік әлеуметтік жұмыс жасау
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-18
III. Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесін әлеуметтік әлеуметтік
жұмысты ұйымдастыруды дамыту жолдары ... ... ...19
3.1 ҚР-ғы әлеуметтік әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-23
3.2 Проблемалы отбасылардағы бала тәрбиесін тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..28-29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30
Кіріспе
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның
ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында
қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар
бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: Отбасы –
табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, - десек артық емес. Жеке адамның
бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-
қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан,
отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын
баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала
тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі
– бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың
міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса,
босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Әлеуметтік жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы проблемалы отбасылардағы бала
тәрбиесін жетілдіру.
Әлеуметтік жұмыстың міндеті: Проблемалы отбасылардағы балалармен
әлеуметтік әлеуметтік жұмыс жүйесін қолдау, оларға қолданылатын шараларды
практикаға енгізу, проблемал отбасыларда қиын балаларды болдырмау үшін
тиісті әдіс-тәсілдер қолдану.
Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны-бесіктің қалай тербелетіне
байланысты денендей, бүгінгі ұрпақ ертең мемлекттің тұтқасын ұстар бір-бір
азамат. Жігері жалын боп жанып, өрелі өрге талпынған бүгінгі жаста, балада
мемлекет еңсесінің биік, тұғырының берік қалауына сүбелі үлес қосып жатса,
қазақтығы қанында, азаттығы жанында буырқанған Бөрі тәңірлі еліміз рухының
мықты екендігінің айғағы емес пе?
Бүгінгі жас толқынның қалай тыныстап, қай бағытқа қарай бет алып бара
жатқандығы турасында ата-анамызбен, мектеп қабырғасындағы тәрбиеге, балалар
үйіндегі тәрбиешілерімізге байланысты. Ол жердегі балаларымыздың дамып,
әлеуметтік өмірге бейімделуі турасында отбасы үлгісіндегі балалар үйінде,
балалар ауылдарында болып тұр.
Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек
отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте
өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда
отбасы үлгісіндегі үйлерде тұруы қажет, сонымен қатар өзінің отбасы
махабатты сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын
сезіндіру, олардың өмірлерін қызылды -жасыл өрнектерге, баяуымыз қажет.
Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез
болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған сахаббатты жат елдерден тауып, мұхит
асып кетіп жатыр.
Балаларымыз мұхит асып кете беретін болса Қазақстанымыздың болашағы
не болмақ. Бала ең асыл қазына, болшақ Қазақстанымыздың атын шығаратында
сөндіретін де осы балаларымыз. Ұлттық рухымызды да қалыптастыратын да,
ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз.
Отбасы- өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты
даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт
берумен айналысатын әлеуметтік институт. Отбасында ата-ана арқылы берілетін
тәрбиенің басты мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық
процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу.
Сол ияқты отбасы үлгісінде тәрбиеленетін балаларымызды да осылай
тәрбиелеу.
Осы аталған міндеттерді қазақ отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін
жасауда бірізділік болмағанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы
тұрғысында қарастырып келеді. Әрине, қазақ отбасындағы өзіндік ұлттық
тәрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар..
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дейтін қазақ қыз
балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін
бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің
адал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың
барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын
сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы қонақ
деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы
жауапты болған. Сондықтан қазақ Шешесіне қарап қызын ал – деп бекер
айтпаған.
І Проблемалы отбасылармен әлеуметтік жұмыстеориялық әдістемелік негіздері
1.1 Проблемалы отбасылар ұғымының мәні, пайда болу себептері
Отбасы - шағын мемлекет. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-
ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие. Алайда, жанұяда қалыпты тәрбие
беруді айтпағанның өзінде түрлі жағдаймен шаңырақ шайқалып, бала тағдырына
өз деңгейінде көңіл бөлінбей жататындығы жасырын емес. Кезінде ата-бабамыз
ерекше қастерленген отбасылық құндылық мәселесі неге төмендеп кетті? Біз
бүгінде оған қаншалықты мән берудеміз? Көкірек көзі ояу әрбір жанды
толғандырады.
Облысымыз бойынша 537 мың бала бар. Бұл осыншама тағдырға асқан
жауапкершілікпен қарауымыз керек дегенді білдіреді. Осы балаларға бүгін
қалай тәрбие берсек, болашағымыз да сондай болмақ. Көбіне тәртібі нашар,
қиын балалар әке-шешесі ішімдікке салынған немесе толық емес отбасылардан
шығып жатады. Олардың қылмысқа, ұсақ ұрлыққа баруын айтпағанның өзінде
бүгінгі таңдағы балалар арасында суицид мәселесінің белең алуы
ойландырарлық жағдай. Бұл бойынша облысымызда өткен жылы 38, осы жылдың 8
айында 17 жағдай тіркеліп отыр.
Оған себеп, балаға өз дәрежесінде көңіл бөлмеуіміз. Ата-ана
күнделікті нан табу қамымен ғана жүргенде отбасы тәрбиесі ақсай береді.
Одан осындай шиеленісті жағдай туындайды. Өйткені, отбасылық құндылық деген
мәселе төмендеп барады. Бүгін қосылып, ертең ажыраса салатындар қатары көп.
Тіпті үйленбей жатып бірге тұру, оп-оңай ажыраса салу сәнге айналғандай.
Бұл жағдай оңай шешілсе бір сәрі. Орталарында бала болса ше? Оның тағдыры
не болмақ? Балалар үйінің есігінің алдына апарып сәбиін тастап кету сынды
жағдайлар міне, осындай ата-ана жауапкершілігінің төмендігі салдарынан
туындап отыр. Тіпті мектеп жасындағы қыздардың да жезөкшелік әрекетке баруы
бүгінгі таңдағы бәрімізді алаңдататын күрмеуі қиын мәселе. Халқымыздың
қуаттылығы қашанда отбасындағы балалар санының көптігімен өлшенген.
Мәселен, 1955 жылы жанұядағы бала саны орта есеппен 7-ні құраса, 1999 жылы
бұл көрсеткіш 2-ге төмендеп кеткен. Бүгінгі таңда да отбасындағы бала саны
екі-үштен аспауда. Осының салдарынан жыл сайын 200 мыңнан аса жасанды түсік
жасату дерегі орын алуда. Бұл да отбасылық құндылықтың төмендеуінің бір
салдары.
1.2 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмысмақсаты мен міндеті
Объективті шектелген материалдық мүмкіндікті қажет ететін отбастары,
жас балалары (үш жасқа дейінгі) бар отбастары, балалары бар студент
отбасылар жатады. Нақты алғанда, олар (көпшілік жағдайда) босқындар мен
қоныс аударғандардың (оралмандар) отбасы, ер жетпеген балалары да бар,
әлеуметтік жұмыссыз отбасы, девианттық (маскүнем, құқық бұзушы, нашақор
және т.б.) отбасылары ата-аналарының асырауында болады. Қазіргі жағдайда
тек әлеуметтік әлсіз отбастары (көп балалы, толық емес, мүгедектер отбасы
т.б) ғана емес, бұрын отбасының кемелі әлеуметтік проблемалы қоғамның күрт
әлеуметтік-экономикалық жіктелуінен, миграция, халық, соның ішінде отбасы
денсаулығының төмендеуінен, демографиялық жағдайдан отбасының, әсіресе
әйелдің дәстүрлі рөлінің негізді түрде өзгеруінен, жарымжан отбастары
санының өсуінен асыраушылық коэффицентінің көтерілуінен отбасындағы
зорлықтан әлеуметтік жетімдік және ең бастысы мемлекеттік бюджеттің үнемі,
тапшылығынан көрінеді.
Әлеуметтік әлеуметтік жұмыс отбасындағы осы мәселелерді шешуге ғана
емес, сондай-ақ отбасының көптеген қоғамдық мәнді қызметтерін орындау үшін
оның ішкі әлеуетін нығайтып, дамытып, қалпына келтіруге бағытталған.
Қылмыс көбеюде, соның ішінде жасөспірімдер жасаған қылмыс саны
көбеюде. Шамамен, тонау, ұрлау және зорлыққа кінәлілердің үштен бірі –
жасөспірімдер. Әлеуметтік сәтсәздәк бұл – жиілеп кеткен балалармен
мейірімсіз қатынас жасаудың (оларды сату), психологиялық күйзелістің,
науқастану, өзін-өзі өлтіру, жезөкшеліктің себебі (13-15) болды.
Дүние жүзінде, Ресейде және бізде әлеуметтік әлеуметтік жұмыс
практикасы мен тәжірибесі адамдардың өздері, не отбасы, не жолдастары, не
көршілері тілектес шенеуліктер де шеше алмайтын мәселерімен жиі
кездесетіндігін көрсетеді. Осы үшін аса маңызды маман иелері отбасымен
әлеуметтік жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкерлер талап етіледі.
Кадрлардың кәсіптік дайындығынсыз елдегі тез өзгерген әлеуметтік
жағдайлардан, жағдайды қиындатқан үдерістен туған мәселелерді шешу, оларды
талдау және жинақтау мүмкін емес. Халықпен, отбасымен әлеуметтік жұмыс
жүргізетін әлеуметтік қызметкердің ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау,
оның әлеуметтік технологиясын әлеуметтік әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен
жүргізудің түсінікті және сенімді шараларын әзірлеу қажет. [2]
Отбасы дағдарыстары. Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін
дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі. Алғашқы некеге
тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір –
бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының
өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін
өзгерту, Эриксон пікірінше Ұқсастық дағдарысына соқтыруы мүмкін, тұрмыс
сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі
– зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына
созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық
дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар
үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды
немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады.
Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін
болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда
болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да
қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер
ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда
көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды.
Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің
сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты
болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты
көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың
мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада
кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан
байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды,
өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен
туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті
төзімділік талап етіледі.[15]
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың
бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін
кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын
болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір әлеуметтік жұмыс көзін тауып,
айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске
жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын
жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста
көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей
бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір
сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші
өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты –
дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала
болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық
тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз
етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл
осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана
қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып
кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі –
зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын
болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы:
соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің
кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден
кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға
кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген
отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын
алады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар,
жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол
жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен
бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар
тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында
қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының
кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды. [3]
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған
қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола
білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық
қатынастың қажеттілігін түсінеді.
Отбасылық тәрбие дегеніміз – ата-ананың баласының рухын және дене
бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Ұстын дегеніміз –
қандай да бір теорияның, ілімінің, дүниетанымының, теориялық бағдарламаның
түпкі қағидасы.
Отбасылық тәрбиенің келесідей ұстанымдары бар:
• мақсат белгілеу;
• тәрбиенің әлеуметтік бағдары;
• тәрбиенің өмірмен байланысы;
• тәрбиелік үрдісті жобалау және болжау;
• отбасылық тәрбие мен қоғамдық тәрбиенің бірлігі;
• тәрбиелеу үрдісінің өзгергіштігі және басымдылығы;
• жағымды эмоционалдық ая;
• бала тұлғасының дамуының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеру;
• тәрбиелеу тұрғысында талаптардың бірлігі;
• тәрбиеленушінің қызметке араласуы;
Әдіс дегеніміз теориялық зерттеу немесе бірдеңені жүзеге асырудың
тәсілі. Тәрбиелеу әдістерінің түрлі классификациясы. Отбасылық тәрбиеде біз
келесі әдістерді қолданамыз:
• сендіру;
• тіршілікті ұйымдастыру;
• түзету;
• марапаттау және жазалау.
Отбасылық тәрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері
бар:
❖ үздіксіздік;
❖ тәрбиелік әсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы:
❖ тәрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы;
❖ тікелей әсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз);
❖ қарым-қатынастың жекелігі;
❖ өзара қарым-қатынастың табиғилығы және көпқырлығы.[1]
Ата-ананың міндеті – ескі өмірлік таптаурындардан бас тартып
адамдар өзара соғыспай, ынтымақтасатын жаңа таптаурындар жасап, жекеше
қаралатын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі ең маңыздысы ата-ананың
отбасы болып табылады, себебі бала өзінің неғұрлым қабылдағыш кезеңінде
отбасының әсерін бәрінен бұрын сезінеді. Отбасындағы жағдай, оның ішінде
ата-ананың әлеуметтік жағдайы, қызметі, материалдық деңгейі, білім деңгейі
баланың өмірлік жолын едәуір анықтауға мүмкіндік береді. Ата-ана баласына
саналы түрде беретін тәрбиеден басқа балаға отбасыішілік атмосферада әсер
етеді. Бұл әсердің ізі жеке тұлғаның құрылымында көрініс тауып, оның жасы
есейген сайын көбейе түседі.
Баланың кез келген жастағы мінез-құлқындағы әлеуметтік немесе
психологиялық аспектінің барлығы оның қазіргі күнгі және өткен уақыттағы
отбасылық жағдайына байланысты болады. Әрине бұл тәуелділіктің сипаты
өзгереді. Мысалы баланың үлгерімі (өткен уақытта) және оның оқуының
ұзақтығы өте басым материалдық деңгейіне байланысты болса, енді ата-
аналарының білім деңгейі әсер етеді (жоғарға білімді т-аналардың балалары
жақсы оқиды). Ата-аналардың білім деңгейінен басқа балалардың тағдырына
отбасының құрамы мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарының сипаты
әсер етеді.
Отбасын бұлайша сипаттау олардың ерекше жағдайда материалдық
қолдауды қажет ету дәрежесін анықтау үшін қажет.
Отбасыларын нығайтуға бағытталған әлеуметтік саясат отбасы саясаты
үшін әлеуметтік экономикалық дағдарыс жағдайында ерекше мәнге ие болады,
яғни мемлекет тарапынан материалдық қолдау, ерекше жеңілдік пен қызметті
талап ететін объектілер әлеуметтік қызметкерлер қызметінің объектісі болып
табылады.
Тәрбиелеуді иландыру мәнерімен жүргізілетін отбасыларындағы ата-
аналар баланы ақыл-кеңеске көндіруге тырысады, ықпал етуге бара бермейді,
нәтижесінде бала басқа шығып кетеді деуге болады. Мұндай жағдайда
әлеуметтік педагогтан баламен қатар ата-анаға қатысты да қатаңдық талап
етіледі. Кез келген ата-ана үшін өзінің баласы жөнінде жаман сөз естуі
ұнамсыз, сондықтан баланың жақсы жағын да елеп мақтап қойған жөн.[17]
ІІ Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қазіргі жағдайы
2.1 Проблемалы отбасыларда жүргізілетін әлеуметтік жұмыс бағыттарын
талдау
Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның,
мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты индикаторы. Балалар -
әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін
азаматтардың санаты.
Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы, дәстүрлі
отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы балалардың
жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді.
Соңғы жылдары болған өзгерістер бала проблемасын күрт өршітіп, осы салада
қабылданатын шешімдердің ерекшелігін белгіледі.
Соңғы жылдары Қазақстанда ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар санының
өсуі байқалады. Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз
бөлігі ата-аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз
қалғандар. Қалғандары әлеуметтік жетімдік дейтін құбылысқа жатады, яғни
ата-аналары тірі жетімдер. Қазіргі кезде жетім балалар мен қамқорлықсыз
қалған балаларға арналған 204 мекемеде ҚР Білім және ғылым министрлігінің
мәліметтері бойынша 18198 бала, олардың ішіндегі 2105 бала - денсаулық
сақтау жүйесінің сәбилер үйлерінде, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 19
балалар үйінде - 1294 бала, білім беру жүйесінің 159 ұйымында - 14799 бала
тұрып, тәрбиленіп жатыр.
Ата-аналары тірі жетім балалардың санының артуының негізгі себептері
отбасының әлеуметтік беделінің түсуі, оның материалдық және тұрғын үйге
байланысты қиындықтары, некесіз туудың өсуі, өмір салтын қоғамда
қалыптасқан имандылық принципінен басқаша ұстайтын ата-аналар пайызының
жоғарылығы болып табылады. Осыған орай ата-аналар қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанда өте жоғары маңызға
ие болуда, ал мұндай қорғаныс әдістерінің бірі тиісті нормативтік құқықтық
база құру болып табылады.
Қылмыстық биморальді отбасылары теріс қылықтарымен өздерінің
балаларына қауіп төндіреді. Мұндай отбасындағы балаға деген қарапайым ғана
қамқорлықтың жоқтығы, балаға қаталдықпен қарау, ішімдікке салынып, үнемі
жанжал шығару, жыныстық жағынан шектен шығып кетушілік көптеген жағдайда
бала тәрбиесіне айтарлықтай кері әсер етеді. Мұндай әлеуметтік жетімдер деп
аталатын (ата-анасы тірі кезінде жетім атануы) балалар мемлекеттік-қоғамдық
қамқорлыққа алынуы тиіс. Олай болмаған жағдайда баланың тым ерте
қаңғыбастыққа салынуы, үйден қашып кетуі, қаталдықпен қараудан толығымен
әлеуметтік қорғауға алынбауы күні ертең қылмысқа апарып соқтырады.
Осындай отбасыларды сипаттайтын әлеуметтік сәтсіздік пен
қылмыстылықты ескере отырып, басым күшті әлеуметтік патронаж бен балаларды
әлеуметтік құқықтық қорғану нысандарына шоғырландырып, кәмелетке
толмағандармен әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерімен бірлескен
қызмет атқарған жөн. Мұндай шараларды қолға алу өте қажет. өйткені көптеген
отбасыларды ересектердің теріс тәрбиесі нәтижесінде ішімдікке,
қаңғыбастыққа, ұрлыққа, қайыр сұрауға, қылмыстық әрекетке үйір балалар
тобының қоршайтыны анық. [4]
Биәлеуметтік-биморальдік отбасылар өзге көзқарасты талап етеді.
Мұндай типтегі отбасын, анығын айтқанда, моральдық нормаларды мен
шектеулері жоқ пайдакүнемдік бағытқа жатқызуға болады. Бұл отбасындағы
жағдайы жақсы, өмірлік деңгейі жеткілікті. Отбасында қоғамға жат
көзқарастар қалыптастырылады. Мұндай отбасы мен отбасындағы кәмелетке
толмағандармен түзеу-алдын алу әлеуметтік жұмыстарын жүргізу өте қиынға
түседі. Ата-аналардың балаларға теріс пиғылды әсер беруіне қарамастан,
тәртіп бойынша осы сияқты отбасын баласынан айыру туралы шешім қабылдау
үшін формальді болса да негіз жоқ. Пайдакүнемдік пиғылдағы отбасындағы
материалдық жағдай деңгейі, салауатты өмір салты, өздерінің балаларына
деген қамқорлығы, әрине басқаларға қарағанда жоғары болады. Мұндай
отбасына қатысты көбінесе өсіп келе жатқан балалары арқылы өздерінің ішкі
бейнесі көрінетін, өздерінің көзқарастарын ой елегінен өткізетін ата-
аналардың кері әлеуметтену қағидасына негізделген түзеу әдістері
қолданбалы болады. Дегенмен, кері әлеуметтенудің елеулі кемшіліктері
олардың кеш қалуы болып табылады, жасөспірім тұлғасын елеулі түрде өзгерту
үшін сана тым кеш оянады.
1. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар
Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуі байқалады.
Жыл сайын олардың саны өсуде, және де бұл балалардың аз бөлігі ата-
аналарының қайтыс болуына байланысты олардың қамқорлығынсыз қалғандар.
Қалғандары әлеуметтік жетімдік дейтін құбылысқа жатады, яғни ата-аналары
бар тірі жетімдер.
Балалардың қорғаныс дәрежесі - кез келген өркениетті қоғамның, мемлекеттік
саясаттың әлеуметтік бағыттылығының басты көрсеткіші. Балалар - әлеуметтік-
экономикалық тұрақсыздықтан ең көп дәрежеде зардап шегетін азаматтардың
санаты. Отбасы дағдарысы, көп отбасылардың ауыр материалдық жағдайы,
дәстүрлі отбасылық қатынастардың күйреуі, ажырасулар санының артуы
балалардың жағдайының нашарлауына елеулі әсер етеді.
Ата-аналары бар тірі жетім балалардың санының артуының негізгі себептері
отбасының әлеуметтік беделінің түсуі, оның материалдық және тұрғын үйге
байланысты қиындықтары, некесіз туудың өсуі, өмір салтын қоғамда
қалыптасқан имандылық принципін басқаша ұстайтын ата-аналар пайызының
жоғарылығы болып табылады. Осыған орай ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстанда өте жоғары маңызға
ие болуда, ал мұндай қорғаныс әдістерінің бірі тиісті нормативтік құқықтық
база құру болып табылады.
Мемлекет алдындағы басты міндет қоғамның аз қамтамасыз етілген тобын
қорғауға алу. Жалпы алғанда қоғамның әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз
етілген тобын қорғауға алу дегеніміз әлеуметтік көмек берумен ғана
шектелмейді. Оған дәрігерлік, әлеуметтік-гигиеналық, санитарлық-ағарту және
т.б. шараларды ұдайы жүргізу барысында ғана жетістікке қол жеткізуге
болады. Қоғамда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер осыны көрсетіп отыр.
Отбасында, адамның жеке өмірінде болып жатқан әлеуметтік олқылықтарды жою
дегеніміз оның пайда болу себебімен түбегейлі күрес жүргізуді көрсетеді.
[18]
Әдістемелік негіздемелерге назар аударсақ, ауруды, сонымен қатар
сәбилердің шетінеуі, аналардың жаңа туған баласынан бас тартуы сияқты
қоғамдағы келеңсіз жағдайлармен күресуде әлеуметтік жағдайы төмен
отбасыларымен, жетім, қараусыз және де қадағалаусыз қалған балалармен
әлеуметтік жұмыс жүргізуге көңіл бөлінуі тиіс. Яғни, бұдан түсінетін түйін
адамдардың адами қасиетке жат істерге баруы, соның ішінде тәрбиеден алыс
қалуы себеп болады. Мұның соңы адамды азғындық жолға түсіреді.
Толық немесе толық емес, отбасындағы ата-аналарының екеуі немесе біреуі
алкогольды ішімдіктерді немесе есірткі қолданатын немесе жүйке ауруларымен
ауыратын болса, сондай-ақ материалдық тұрмыс жағдайы нашар жалғызбасты
аналар, жайсыз әлеуметтік-психологиялық ортадан зардап шегетін, ерте неке
құрған және т.б. отбасылар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қатарына
жатады. Әрине, бұған келіспейтін адамдар да болуы мүмкін. Себебі өмірден
небір қиыншылық көрсе де азғындық жолға түспей балаларына қамқор болған
жалғыз басты аналар мен абзал әкелер аз болмаған.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленген балалар көп жағдайларда
әлеуметтік-гигиеналық тұрғыдан зардап шегеді, әрі олардың арасынан шыққан
баланың денсаулығы да нашар болады. Мұндай отбасындағы баланың құқы да
бұзылып жатады. Аурушаңдық, қайтыс болу, отбасында балаларды қатаң ұстау,
әлеуметтік жетімдік, қараусыз және қадағалаусыз қалған балалар көп
жағдайларда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларында көбірек орын алады.
Осыған орай әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз жағдайға тап болған отбасыларды
анықтау үшін учаскелік қызмет, аурухана мен емхана, ішкі істер органдары,
халықты әлеуметтік қорғау мен білім беру мекемелері өз ара тығыз қарым-
қатынаста әлеуметтік жұмыс жүргізуі қажет. Осындай жағдайда ғана
жетістікке қол жеткізе аламыз. Яғни мәселені асқындырмай әлеуметтік
мұқтаждықтың алдын алу үшін санитарлық, профилактикалық - емдеу шаралары
бірден қолға алынғаны жөн. Біз дәрігерлер қауымы көп жағдайларда аурудың
салдарымен күресуге негізгі күшті жұмсаймыз. Яғни аурудың себебі назардан
тыс қалады да келеңсіз жағдайлар қайталана береді. Отбасы (анасы әсіресе
жалғызбасты болса) өзінің заңды құқығы мен әлеуметтік кепілдемесі жөнінен
толық хабардар болуы тиіс. Бала туған сәттен бастап педиатрлар мен
медбикелер патронажды мақсаттағы әлеуметтік жұмыстарды бірінші болып қолға
алуға міндетті. [19]
Адамның өмір сүру ортасы денсаулыққа әсер ететіні белгілі, ал оның ішінде
отбасының әлеуметтік және психологиялық жағдайы болып саналады
№ Облыстардың Кәмелетке КТУОБА орталықтарындағылар
атаулары толмағандарды
ң істері
жөніндегі
бөлімнің
есебінде
тұрған,
девиантты
мінез-құлықты
балалардың
саны
БарлығыҚадағалаусыздАта-анасы(Қ ПК 490 бабына Сот шешімімен Қылмыстық
ар ның сәйкес) арнаулы жауапкершілік
камқорлығтергеу әлеуметтік кәсіптік мектепжасына
ынсыз жұмыстарының пен арнаулы толғанға дейін
қалғандараяқталғанына дейін кәсіптік- қоғамға
КТУОБА техникалық қауіпті
орталықтарына училищеге қылмыстар
орналастырылғандар жіберілгендер жасағандар
1.Ақмола облысы 1177 191 75 104 6 6 0
2.Ақтөбе облысы 851 233 162 60 11 0 0
3.Алматы облысы 1587 210 97 105 6 2 0
4.Атырау облысы 717 210 128 72 3 7 0
5.Шығыс-Қазақстан облысы1921 723 498 138 6 80 1
6.Жамбыл облысы 1571 264 207 40 1 14 2
7.Батыс-Қазақстан облысы622 130 89 30 9 2 0
8.Қарағанды облысы 3138 997 650 274 19 54 0
9.Қостанай облысы 1736 481 416 56 1 7 1
10Қызылорда облысы 467 362 311 25 1 25 0
.
11Маңғыстау облысы 505 193 179 10 4 0 0
.
12Павлодар облысы 852 208 167 24 4 11 2
.
13Солтүстік-Қазақстан 769 421 365 48 6 2 0
. облысы
14Оңтүстік-Қазақстан 627 961 863 46 19 33 0
. облысы
15Алматы қаласы 1332 1332 1275 45 8 4 0
.
16Астана қаласы 484 682 641 25 13 3 0
.
АПБ 75 0 0 0 0 0 0
Барлығы 18431 7598 6123 1102 117 250 6
2009 жылғы қазан айының 1 дейінгі өмірдің қиын ахуалына тап болған балалар
туралы мәліметтер www.kazneb.kz [25]
Енді мына деректерге назар аударып көрейік.
Әлем бойынша 5-9 жас аралығындағы балалар арасында жарақат алу, улану,
өлім, өзін-өзі өлтіру және өзге де себептер 69 пайызды құрайды екен. Әр
100000 балаға шаққанда 3331-баладан келеді. Ал, жасөспірім жасындағы
балалар өлімінің себептері 84 пайыз, әр 100000 балаға 122,4 баладан келеді.
Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, көбінесе осындай жағдай 100% қолайсыз
отбасыларының кінәсінен болады. Өкінішке орай, осыдай отбасындағы ата-
аналардың балалары алдындағы жауапкершілігі әлі де болса төмен. Олар өз
жауапкершіліктеріне селқос қарайды.
Медицина ұжымының сауатты әрі білікті әлеуметтік - ағарту жөніндегі
әлеуметтік жұмысы отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі
біліктілігін арттырады, бала мен ананың өзара қарым-қатынасын жақсартуға
әсер етеді. Педиатрлық учаске әлеуметтік жұмысын жоспарлаған кезде
әлеуметтік жайсыз отбасыларындағы жас туған балаларға жиі барып тұруды
ескерген жөн. Дәрігер тек қана өз міндеті шегінде көмек көрсетумен ғана
шұғылданбай ауруға соқтыратын әрбір оқиғаның алдын алу мақсатында
әлеуметтік жұмыс істеуі тиіс. Соның ішінде балалар поликлиникасында
медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қызметін құру бағытында төмендегідей
шараларды колға алған жөн:
- жайсыз отбасыларында үйде дәрігерлік көмек көрсетуді іске асыруға және
де медициналық-психологиялық, медициналық-әлеуметтік шараларды
ұйымдастырып, отбасының әрбір мүшесі мен әсіресе балаларды есепке алуға;
-кәмелетке толмағандарға тікелей жеке көмек көрсетуге, әлеуметтік-құқықтық
жағынан қорғауға, қолданыстағы заңға сәйкес отбасының заңды мүддесін
қорғауға, отбасында балалар мен әйелдерге қысымшылық жасау оқиғаларын
анықтап, қажетті шаралар қолдануға:
-қауіпті және девианттық мінез-құлқы бар балаларды анықтауға, алкогольды
ішімдіктер, есірткі және токсикомания, шылым шегу, өзіне-өзі қол жұмсау,
бос жүруге бейімделген балаларды айқындауды іске асыруға:
-әлеуметтік белсенділікті түзетуді жүзеге асыруға, ауыр тұрмыс жағдайында
қалған әйелдер мен балаларды сауықтыруды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызуды
жан-жақты қарастыруы қажет.
Жалпы алғанда, халыққа ақпарат беруді жақсарту, салауатты өмір салтын
қалыптастырудың жаңа технологияларын енгізу, балалар поликлиникасының рөлін
арттыру, әлеуметтік тұрғыдан қамқорлықсыз қалған балалардың санын кемітуге
оң әсер етеді.
Елімізде денсаулық сақтау саласының әлеуметтік жұмысын реттейтін құқықтық
база бір жүйеге түсті. Таяуда ғана Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Халық
денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының
Кодексіне қол қойды. Осы құжатта да ана мен баланың денсаулығын қорғау,
аурудың алдын алу және жан-жақты дәрігерлік көмек көрсету жағы толығымен
көзделген.
Қазақстанның басты байлығы – адам. Еліміздің Конституциясында осылай
жазылған. Ал, жас өспірімдер елдің болашағы. Сондықтан әлеуметтік жағынан
қамқорлыққа мұқтаж отбасылар мен адамдарға көмек көрсету, осы бағыттағы
шараларды бірлесе жүргізу жалпыға ортақ міндет. Бұл туралы жоғарыда
баяндадым. Жалпы алғанда, біз бай, бақуатты, салауатты өмір сүру үшін қоғам
алдындағы өз міндетімізді білуіміз қажет. Ол үшін бірінші кезекте өзіміздің
конституциялық құқығымызды, міндетімізді білген жөн. Конституцияның 27-ші
бабында Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында
болады деп жазылған. Осы бапты ары қарай жалғастырсақ, балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқы әрі міндеті,
кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына
қамқорлық жасауға міндетті деп жазылған. Яғни, мемлекет өзінің азаматын
қамқорлыққа алумен қатар отбасының әрбір мүшесінің міндетін де айқындап
көрсеткен. Түйінін айтқанда бала алдында ата-анадан бастап барлығымыз
жауаптымыз. Дені сау бала - елдің жарқын болашағы. [6]
2. Қиын балалармен әлеуметтік әлеуметтік жұмыс жасау түрлері
Ұлы ғұлама педогог А.С.Макаренко қиын балалармен жасөспірімдерге
арналған еңбектері отандық педогогикалық алтын қорға енді. П.О.Эфрусси
мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер:
қозғаушылық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелілігімен әлеуметтік жұмысқа
қабілеттіліктің нашарлығымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге
психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды. Оның зерттеуінің құндылы
мынада, ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылардың
өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп септігін тигізеді?
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен
өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске
асырған П.П.Блонский (1936 ж.) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты –
қиын балалардың өмірін анықтау. П.П.Блонский қиын балалардың мінез – құлқын
тарихын мектеп, отбасы арқылы көрсетеді? Ол қиын балаларға мұғалімнің
қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауда жөн көреді. Бұл балаларға
былайша мінездеме береді. Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы
мынадай, ол мұғалімнің әлеуметтік жұмысының жемісті еместігіне байланысты.
Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынадай, онымен мұғалімге
әлеуметтік жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп әлеуметтік жұмыс істеуді
талап ететін оқушы Істі білдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере
оытырп, П.П.Блонкий өз әлеуметтік жұмыстарында мектепті сыныпты
ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонский пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің
нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар
ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Көптеген жылдың оқу мен бақылау
негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын,
балалармен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие әлеуметтік
жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педогогикалық қарым-
қатынас нәтижесінен деп түсіндіреді. Қиын баламен әлеуметтік жұмыс жүргізу
бағытының шешімі мұғалімнің тиімді әдістеді меңгеру қабілетіне қарай емес,
сол әдістерді дұрыс игеруіне негізделеді. Мұғалімің жеке қасиетіне,
қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың іс-әрекеттерін қызықты,
дұрыс ұйымдасты-руына қарай құрылады.
Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына, қоғам
дамуына тәуелді екенін қарастырады. Қазақстан ғалымдарының зерттеулеріне
жүгінсек, баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейідеудің қиындығына
себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторларды
анықтады. Балалар мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлық мәселесімен
бірқатар Қазақстандық педогог зерттеушілер көптеген әлеуметтік жұмыстар
істеді.
А.Жұмабаев, Қ.А.Жүкенов, А.М.Қарабаева, А.Қ.Каримов, А.В.Лысенко,
И.Ф.Казаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифанов, В.П.Шывченко, Г.А.Уманов. Бұл зерт-
теушілер қиын балалардың қиқарлық қыныр жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына
әлеуметтік педогогикалық факторлардың әсер ететіндігін ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz