Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы тартылған ресурстардың рөлі



Жоспар

Кіріспе

Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландырудағы инвестицияның экономикалық тиімділігі.
1.1 Инвестиция түсінігі және оның кәсіпорын қаржысындағы тиімділігін бағалау теориясы.
1.2 Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы ретінде инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен принциптері.
1.3 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі.
Экономиканың қазіргі жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің қаржылық көрсеткіштерін талдау.(ОҚО мысалында).

2.1 ҚР кәсіпорындарын тартылған қаражаттармен қамтамасыз етуші инвестициялық климат.
2.2 кәсіпорындардың инвестициялық қызметін мемлекеттік қолдау және инвестициялық саясат.
2.3 ОҚО кәсіпорындарының инвестициялық қызметін талдау (“ПетроҚазақстан” материялдарының негізінде)
Кәсіпорындарды тартылған ресурстармен қаржыландыруда инвестициялық тиімділікті арттыру жолдары.
3.1. Мемлекет деңгейінде инвестициялық қызметті басқару механизмын жетілдіру.
3.2. “ПетроҚазақстан” инвестициялық іс.әрекет тиімділігін есептеу және болжау жасау.

3.3 Қорытынды

3.4 Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы экономикалық реформалардың жүргізілене бастауына байланысты, сонымен қатар реформалардың негізгілерінің бірі болып саналатын инвестициялық процес барысын және инвестиция тиімділігін жоғарлатуының нігізгі бағытын анықтау қажеттіліктері нақтылығына түсуде. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі кезеңінде, әсіресе халық шаруашылығының оның ішінде өнеркәсіп дамуының тиімділігіне республика халқы мен табысының хал-ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалады, сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басынқы рөлі- оның халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландырудың шешуші факторы екендігіне де байланысты, сондықтан өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоңғары.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорынның шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, себебі болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты. Сонымен қатар кәсіпорын шаруашылық және қаржы жағдайын тұрақтандыру үшін тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Бүгінгі күні өнеркәсіп салаларының басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім ондірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтағы тұрақтылығы қаржылық ресурстары тиімді пайдалану және инвестициялық жоба тиімділіктерін анықтау, инвестициялық қаржылық көздерін пайдалану болып табылады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігін кепілмен даму сатыларының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттың еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, инвестициялық жобаларды талдау объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін оның қаржылық жағдайын талдауы қажет.
Қазіргі уақытта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында көрсетілгендей дәл осы кезге дейін елімізге 30 млрд. АҚШ долларына жуық инвестиция келген. Осы келіп жатқан инвестициялар еліміздің инвестициялық климатын жақсаруы нәтижесі екенін түсінуіміз керек. Әр бір келген инвестициялық қаржы белгілі бір инвестициялық жобаны жүзеге асыруына байланысты болып келеді. Ал сол инвестициялық жоба тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе, іс жүзінде әр бір компания мен кез-келген инвестордың алдында тұрған үлкен мәселе және оның талдану процесіне аса көңіл бөлінеді. Капитал салу немесе өз кәсіпорына басқа капитал салу жөніндегі шешім қабылдамас бұрын инвестимцияны жоспарлау, талдау және оның тиімділігін анықтау мен жүзеге асыру шараларын білу қажет. Біздің кәсіпорындар иелері бұрын- соңды нарықтық экономикада өмір сүрмегендіктен біздің еліміз нарықтық қатынастары дамыған мемлекеттерде инвестицияларды жоспарлау мен талдау, бағалау мен жүзеге асыру әдістерінің жеткілікті мқөлшерде тәжірибелерін жинақтап, солардың тиімділерін өз кәсіпорындарының қаржы жағдайларын тиімді пайдалану үстінде.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаның тиімділігін анықтауда күтіліп отырған шығындар мен нәтижелерді бағалау, есепті кезең шеңберінде жүргізіледі. Сондықтан олардың тиімді жолдарын таңдау әр бір кәсіпорын иелерін қажіттілігі деп түсіну қажет. Әр бір инвестициялық жобаларды салыстыру және солардың ішіндегі ең тиімдісін таңдауды әр түрлі көрсеткіштер көмегімен жүргізу қажет. Кәсіпкерлердің немесе инвесторлардың мәселелері жобаны жасау мен оның тиімділігін талдау мен бітпейді. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жеке таныстыру тиімділігіне көзін жеткізуі, сондай-ақ жобаның тиімді іске асуын қамтамасыз ету мен жобаның жүзеге асу маңыздылығын жеке түсіну керек болады. Дегенмен, бұл міндеттер лоардың қатарында стратегиялық жоспарлау Президенттің “Қазақстан-2030” жолдауы тұрғысынан алғанда, нарық жағдайында бірінші рет іске асыратын біздің көп деген кәсіпорындарымыз үшін елеулі қадам болып саналады. Енді сол инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау, бағалау, жүзеге асыру әдістері мен инвестициялық саясат принциптеріне жеке тоқтала өтсек.
Қолданылған әдебиеттер.

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы – 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Алматы – 2000 ж.
3. “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау” Қазақстан Республикасының заңы. 28.02.1997 ж.
4. “Инвестициялар туралы” Қазақстан Республикасының заңы. 08.01.2003 ж.
5. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі мен қауіпсіздігі мен әл- ауқатының артуы.
// Егемен Қазақстан 1997 қазан. 5.
Н.Ә. Назарбаевтің ел халқына жолдауы: Бәсеке қабілетті халық үшін, бәсеке қабілетті Қазақстан үшін, бәсеке қабілетті экономика үшін.
// Егемен Қазақстан 2004. наурыз
6. Н.Ә. Назарбаевтің ел халқына жолдауы: Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.
// Егемен Қазақстан 2005. ақпан
7. Я. Әубәкіров. Экономикалық теория. Алматы – 1998 ж.
8. Г.Ө. Жолдасбаев. Кәсіпорын экономикасы. Алматы – 2002ж.
9. Бердалиев. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Алматы – 2000 ж.
10. Қазақстан Республикасының 2003- 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық даму стратегиясы.
11. А.М. Сейтказиев. Инвестиционная деятельностьпредприятия. Алматы -1998 ж.
12. Г.В. Савинцкий. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Москва – 2003 ж.
13. Е.М. Четыркин. Финансовый анализ производственный инвестиций. Москва – 2001 ж.
14. А.Қ. Мейірбеков. Кәсіпорын экономикасы. Алматы – 2003 ж.
15. М.Б. Бисеғазиев. Кәсіпкерлік негіздері. Орал – 2001 ж.
16. К.Ш. Дүйсенбаев. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы -2001 ж. 291 – бет.
17. Е. Карымсаков. Инвестиционная стратегия: механизмы, поддержки и регулирования. // Аль – пари. 1999 № 4.
18. Б. Жуманова Инвестиция тиімділігін бағалау методологиясы. // Саясат 2003 № 10
19. А. Муфтигалиева. Организационный механизм оценки инвестиционной активности промышленной организации.
// Қаржа-қаражат 2003 №5 61- бет.
20. Е. Сембаев. Новые факторы совершенствования мониторинга инвестиционного проекта. // Қаржа-қаражат 2004 №4 22- бет.
21. М. Мустафин. Выбор инвестиционных проектов при ограниченной бюджете. // Банки – Казакстан 2003 №9 19- бет.
22. А. Муфтигалиева. Методы оценки инвестиционной активности промышленной организации. // Банки – Казакстан 2003 №9 23-бет.
23. 2004- 2015 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды – инновациялық даму стратегиясы. 2003 желтоқсан.
24. Д. Абдулгазин. Регулирование инвестиционной деятельность в экономике Казахстане. // Транзитная экономика 2004 №5
25. Т.Жолымбетов. Механизм инвестиционного обеспечения развития промышленного региона. // Саясат. 2003 №3
26. М.М. Мустафин. Моделирование в инвестиционных роектах.
// Банки – Казакстан 2004 №7.
27. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі. 12.06.2001 ж.
28. Уилям Ф. Шарп. Инвестиций. Москва 1998. 10 бет
29. «Инвестициялар туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар туралы» Қазақстан Республикасының заңы.
// Егемен Қазақстан. 2005. 18- мамыр.
30. Н.К. Мамыров. Государства и бизнес. Алматы 2002. 670-бет.
31. Қазақстан инвестициялық қызметі. Статистикалық жинақ. Алматы 2004. 14- бнт.
32. М.К. Мамыров. Эффективность инвестиций в промышленном производстве. Алматы 2001. 127- бет.
33. А.А. Мамыров. Инвестиционная политика и прававая защита иностранных инвесторов. // Аль – пари. 2003 №3-4 108 - бет

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы
тартылған ресурстардың рөлі.

Жоспар

Кіріспе

Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландырудағы инвестицияның
экономикалық тиімділігі.
1. Инвестиция түсінігі және оның кәсіпорын қаржысындағы тиімділігін бағалау
теориясы.
2. Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы ретінде
инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен принциптері.
3. Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі.
Экономиканың қазіргі жағдайындағы кәсіпорындардың инвестициялық
қызметінің қаржылық көрсеткіштерін талдау.(ОҚО мысалында).
2.1 ҚР кәсіпорындарын тартылған қаражаттармен қамтамасыз етуші
инвестициялық климат.
2.2 кәсіпорындардың инвестициялық қызметін мемлекеттік қолдау және
инвестициялық саясат.
2.3 ОҚО кәсіпорындарының инвестициялық қызметін талдау (“ПетроҚазақстан”
материялдарының негізінде)
Кәсіпорындарды тартылған ресурстармен қаржыландыруда инвестициялық
тиімділікті арттыру жолдары.
3.1. Мемлекет деңгейінде инвестициялық қызметті басқару механизмын
жетілдіру.
3.2. “ПетроҚазақстан” инвестициялық іс-әрекет тиімділігін есептеу және
болжау жасау.
3.3 Қорытынды
3.4 Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы
экономикалық реформалардың жүргізілене бастауына байланысты, сонымен қатар
реформалардың негізгілерінің бірі болып саналатын инвестициялық процес
барысын және инвестиция тиімділігін жоғарлатуының нігізгі бағытын анықтау
қажеттіліктері нақтылығына түсуде. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі
кезеңінде, әсіресе халық шаруашылығының оның ішінде өнеркәсіп дамуының
тиімділігіне республика халқы мен табысының хал-ахуалы тәуелді және
өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалады,
сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басынқы
рөлі- оның халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландырудың шешуші
факторы екендігіне де байланысты, сондықтан өнеркәсіп секторының дамуының
маңызы жоңғары.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорынның
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіндік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті
таңдауға қол жетті, себебі болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі
көбінесе осыған байланысты. Сонымен қатар кәсіпорын шаруашылық және қаржы
жағдайын тұрақтандыру үшін тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге
асыру болып табылады.
Бүгінгі күні өнеркәсіп салаларының басты міндеті импорт алмастырушы
және экспортқа бағытталған өнім ондірісінің көлемін арттыру, толық қуатын
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорынның
өмір сүруі мен оның нарықтағы тұрақтылығы қаржылық ресурстары тиімді
пайдалану және инвестициялық жоба тиімділіктерін анықтау, инвестициялық
қаржылық көздерін пайдалану болып табылады. Нарық жағдайында кәсіпорынның
өміршеңдігін кепілмен даму сатыларының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып
табылады. Ол ақша қаражаттың еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді
пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз
ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы
тұрақтылығын бағалау, инвестициялық жобаларды талдау объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін оның қаржылық
жағдайын талдауы қажет.
Қазіргі уақытта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
арналған жолдауында көрсетілгендей дәл осы кезге дейін елімізге 30 млрд.
АҚШ долларына жуық инвестиция келген. Осы келіп жатқан инвестициялар
еліміздің инвестициялық климатын жақсаруы нәтижесі екенін түсінуіміз керек.
Әр бір келген инвестициялық қаржы белгілі бір инвестициялық жобаны жүзеге
асыруына байланысты болып келеді. Ал сол инвестициялық жоба тиімділігін
анықтау жөніндегі мәселе, іс жүзінде әр бір компания мен кез-келген
инвестордың алдында тұрған үлкен мәселе және оның талдану процесіне аса
көңіл бөлінеді. Капитал салу немесе өз кәсіпорына басқа капитал салу
жөніндегі шешім қабылдамас бұрын инвестимцияны жоспарлау, талдау және оның
тиімділігін анықтау мен жүзеге асыру шараларын білу қажет. Біздің
кәсіпорындар иелері бұрын- соңды нарықтық экономикада өмір сүрмегендіктен
біздің еліміз нарықтық қатынастары дамыған мемлекеттерде инвестицияларды
жоспарлау мен талдау, бағалау мен жүзеге асыру әдістерінің жеткілікті
мқөлшерде тәжірибелерін жинақтап, солардың тиімділерін өз кәсіпорындарының
қаржы жағдайларын тиімді пайдалану үстінде.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаның тиімділігін
анықтауда күтіліп отырған шығындар мен нәтижелерді бағалау, есепті кезең
шеңберінде жүргізіледі. Сондықтан олардың тиімді жолдарын таңдау әр бір
кәсіпорын иелерін қажіттілігі деп түсіну қажет. Әр бір инвестициялық
жобаларды салыстыру және солардың ішіндегі ең тиімдісін таңдауды әр түрлі
көрсеткіштер көмегімен жүргізу қажет. Кәсіпкерлердің немесе инвесторлардың
мәселелері жобаны жасау мен оның тиімділігін талдау мен бітпейді. Сонымен
қатар, инвестициялық жобаларды жеке таныстыру тиімділігіне көзін жеткізуі,
сондай-ақ жобаның тиімді іске асуын қамтамасыз ету мен жобаның жүзеге асу
маңыздылығын жеке түсіну керек болады. Дегенмен, бұл міндеттер лоардың
қатарында стратегиялық жоспарлау Президенттің “Қазақстан-2030” жолдауы
тұрғысынан алғанда, нарық жағдайында бірінші рет іске асыратын біздің көп
деген кәсіпорындарымыз үшін елеулі қадам болып саналады. Енді сол
инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау, бағалау, жүзеге асыру әдістері
мен инвестициялық саясат принциптеріне жеке тоқтала өтсек.

Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландырудағы инвестицияның
экономикалық тиімділігі.

1. Инвестиция түсінігі және оның кәсіпорынды қаржысындағы тиімділігін
бағалау теориясы.

Кеңестік экономикалық әдебиеттерде “Инвестицияны” тар мағынада
“капитал салу” сөзімен алмастырып синоним ретінде пайдаланды. Ал батастың
экономикалық ойлауларында инвестиция сөзіне кең мағынала қарайды. Дж.Кейнс
“Инвестиция” деген белгілі уақыт аралығында өндіріс өнімінен түскен
пайданың пайдаланалмай қалған бөлігін айтады. Соншалықты мәнерлеп, сырмалап
айтылған, бірақ түсінікті. Мұнанда анығырақ етіп Л. Гитман мен М. Джонин
айтқан. “Инвестиция- құнын сақтап қалатын не құнын өсіретін немесе кірістің
шамасын арттыруды қамтамасыз ететін, ақша салуға болатын кез келген құрал”,
дейді. “Инвестицияға” түсінік беруде біздің көз қарасымызға және шындыққа
жақын П. Массе мен У. Шарп береді. П.Массе былай деп жазады: “Инвестиция
салу арқылы тұтынушының қазіргі және болашақтағы сұранысын
қанағаттандыратын актысі”, дейді. У.Шарп өзінің “Инвестиция” деген
кітабында мынандай анықтама береді: “Инвестиция дегеніміз бүгінгі таңда
белгілі бір құндылықтан бас тарту арқылы, болашақтағы құндылыққа негіз
салу”. Жоғарыда айтылған құндылық жайлы П.Массе мен У Шарптың анықтамасы
жалпы инвестиция жайлы мінездеме береді. Әдетте инвестицияны заттардың
қаржылықтық, материалдық шығыны және жұмсалуы деген түсінік бар:
1. Инвестицияның қайтарымы белгілі бір уақыттан кейін болуы мүмкін.
2. Инвестиция нәтижесі жайлы айтқанда міндетті түрде анықталмағандық және
тәуекелдік элементі бар.
Инвестициялар- кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс)
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік
құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі
экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестициялар және олардың
құрылымдарын, бөліну жағдайларын келесі сурет – 1 негізде болады.

Инвестициялар және олардың құрылымдары.
Сурет – 1.

Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: нақты және
портфельді (қаржы).
Нақты инвестициялар- өндіріс процесіне қатысатын инвестициялар немесе
капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және тағы басқа
жұмсалымы. Бұл кезде инвесторлар өз инвестицияларын өзінің өндірістік
капиталының көлемін, өндірістік қорлар мен айналым қорларын ұлғайтуға
жұмсайды.
Портфельді (қаржы) инвестициялар- мемлекеттен, басқа да
кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан, бағалы қағаздар және акцияларды
сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция жағдайында инвесторлардың
негізгі мақсаты оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару
немесе инвесторлардан бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы
капиталын ұлғайту болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды
қағаздарды сатып алу мен сатуға операциялары арқылы жүргізіледі. Осыған
орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар
түрінде көрінеді.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Ол ҚР-
ның “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау” заңы бойынша бөлінеді.
Тікелей инвестициялар- республиканың тәуекелсіздік кепілдігіне
байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвестарлардан
басқада инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар басқаша айтқанда құнды
қағаздар мен мүліктік бағалы қағаздар. Инвестициялық қоржынға кіретін
бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай банктердің инвестициялық
қоржында жетекші рөліге ие болып отырған меншікті инвестициялар және
қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен
мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Кез- келген кәсіпорынның іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі
инвестициялық операция болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы
жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. Нарықтық кезеңде және
коммерциялық тәжрибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
- нақты активтерге инвестициялар;
- ақша активтеріне инвестициялар;
- материалдық емес активтерге инвестициялар;
1. Нақты активтерге инвестициялар өндірістік ғимараттар мен құрылымдар,
қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар
және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
2. Ақша активтерге инвестициялар – басқа да жеке және заңды тұлғалардан
ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.
3. материалдық емес активтерге инвестициялар – кәсіпорынның, фирмалық
немесе ұйымдардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін
жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, өнер тапқыштық патенттер мен
лицензия алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар
жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
1. Тиімділікті артыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі
мақсаты жабдықтарды ауыстыруға,персоналды оқыту және өндіріс
қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру
арқылы кәсіпорынның шығындарын азайтуға жағдай жасау.
2. Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл кездегі басты
мақсат өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін
кеңейту.
3. Жаңа өндіріс орындарының ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа
өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға
бағытталады.
4. Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған
инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорынның, мемлекеттік
ұйымдардың экологиялық стандарттар өнімінің қауыпсіздіін және
басқа жағдайларға байланысты талаптарын орындау жағдайда
қолданылады.
Бұл инвестициялардың түрлнрі инвестициялардың тәуекелдік деңгейіне
тікелей байланысты болады. Инвестицияның түрлері мен тәуекелділік деңгейі
арасындағы байланыс төмендегі кесте түрінде болады:

Жаңа өндірісті Өндірістьі Тиімділікті Мемлекеттік
салуға кеңейтуге арттыруға ұйымдар
бағытталған инвестиция инвестиция талаптарын
инвестициялар орындауға
инвестициялар
Тәуекелділік деңгейі жоғары Тәуекелділік деңгейі төмен

Сонымен бірге инвестициялар салыну объектісіне қарай келесі түрлерге
жіктеледі:
- Мүліктік инвестициялар.
- Материалдық емес инвестициялар.
- Қаржы инвестициялар.
1. Мүліктік инвестициялар – бұл нақты инвестициялар.
2. Материалдық емес инвестициялар- инвестициялық жоба тиімділігін
зерттеу мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және
басқарларға салынатын инвестициялар жатады.
3. Қаржы инвестициялар- бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар
және басқа фирмалардың жұмысына қатысу және борыштық құқығына ие
болу, яғни кәсіпорынның бағалы қағаздарды алуға кеткен
шығындары, кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға
вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер,
нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып
табылады.
Инвестициялар өз іс-әрекетінің бағытына қарай келесідей бөлінеді:
1. Бастапқы инвестициялар немесе нетто- инвестициялар. Олар
кәсіпорындарды негіздеуге немесе сатып алуда жүзеге асырылатын
инвестициялар.
2. Өндірістік потенциялды ұлғайтуда бағытталған кеңейту инвестициялары
(экстенсивті инвестициялар).
3. Қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын
қолдау мақсатында бағытталан бос инвестициялық қаражаттармен
байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- Бар обьектілерді жаңа обьектілермен ауыстыруға бағытталған
ауыстыру инвестициялары.
- Рационализациялауға арналған инвестициялар, техникалық,
технологиялық жабдықтарды немесе процестерді жетілдіруге
жұмсалады.
- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар.
- диверсификациялауға арналған инвестициялар,олар өнімнің
номенклатурасының өзгеруіне,өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа
сату нарығын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар
- болашақта кәсорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз
етуге бағытталған инвестициялар.Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрлар
дайынлауға, жарнама жасауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған
инвестициялар кіреді.
ҚР-ның заң, құқықтық – нормативтік актілерге байланысты
инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері келесідей:
- Ішкі шаруашылық резервтер және өзіндік қаржылық русурстар;
- Несиелік қаржылық русурстар;
- Бюджет аралық қор құралдары;
- Республикалық бюджет құралдар есебінен;
- Шетелдік инвестиция құралдары;
- Заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналары;
- Тартылған қаржылық ресурстар.

Қаржыландыру көздерінің жіктелуі. Кесте 1.
Қаржылық ресурстар Кәсіпорын инвестиция Ескерту
көздері
1. Өзіндік
1.1. амортизациялы Негізгі құралдар және
төлемдер материалдық емес
активтер
1.2. тауар және қызмет Айналымдағы табыс
айналымдағы табыс
1.3. ішкі айналым Ішкі айнгалыстағы Банктік депозиттер және
сальдо нәтижесі табыстар бағалы қағаздар табысы
1.4. резервтік және өзіндік құн және таза Жарғылық қорда
жөндеу қоры табыс ескеріледі.
1.5. сақтандыру қоры өзіндік құн және таза Жарғылық қорда бар
табыс
2 Несиелі кредиторларға тиісті ресурстар
2.1. банк несиесі -
2.2. қаржылық - Лизинг
институттар несиесі
2.3 бюджеттік несие - Салықтық несие
2.4. коммерциялық несие- Вексельдік несие және
т.б.
2.5. басқа да көздер
3. тартылған кредиторларға тиісті ресурстар
3.1. ағымдағы -
инвестициялық қатысу
құралдар үлесі
3.2. бағалы қағаздар - Жергілікті бюджет және
эмиссиялы құрал т.б. көздер
3.3. сақтандыру - Сақтандыру жарна және
төлемдері мерзімі
4. бюджеттік бөлінулер Бюджет қаржыландыру Дотация, субсидий т.б.
көздері
5. ішкі бюджет қорлары Ішкі бюджет қорлары Экологиялық және т.б.
құралдары зоналар

Өзіндік қаржылық русурстары кәсіпорынның алғашқы жинақталу және
құрылушы жарнасы, шаруашылық қызметінің нәтижелі есебінің капитал салымы
қаржыландырудың бағыты болып табылады. өзіндік жарнасының қаржылық бөлімі
алғашқы үлесі негізгі қорлар табысы болып саналады. Ең алғашқы кезекте
амортизациялық төлемдер болады, айналымдағы тауарла құрамы және табыстың
алынуы. Кәсіпорынның инвестициялық қаржыландырудың үлкен көздері
амортизациялық төлемдер болып табылады. Амортизациялық төлемдер –
кәсіпорынның негізгі құралдарының құнын тауарлар немесе қызметтерге аудару
процесі. Ол негізгі құралдардың құнына байланысты есептеліп, белгілі бір
мерзім өткен соң жойылады. Сонымен қатар кәсіпорынның өзіндік қаржылық
ресурстарына пайданың алатын рөлі зор. Пайда – кәсіпорынның таза табысының
негізгі формасы, өнімнің құнынан құралады. Оның мөлшері айналымдағы өнім
бағасы мен өзіндік құнына байланысты болады және кәсіпорынның коммерциялық
қызмет көрсеткіші болып табылады. Салық және басқада бюджеттік төлемдер
төленгеннен соң қалған табыс таза пайда болады. Пайданың бағыттары
өндірістік капитал салымы мен әлеументтік жағдайларға байланысты жұмсалады.
Сонымен қатар сақтандыру және жөндеу қорларына және т.б. мақсаттарға
байланысты жұмсалады.
Несиелік құралдар көзі несиелер болып табылады. Несие қарыз беруші
мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынастан көрінеді. Несиелік
реттеудің негізгі элементі оның процент ставкасы болып табылады. Заңды және
жеке тұлғалар қатынастары кредиттерінің негізгісі несиелік келісім шарт
болып табылады. Бұл құжатта келесі талаптар қарастырылады: қарыз соммасы,
мерзімі, пайдалану және жүзеге асыру жолдары, процент ставкасы,
міндеттемені қамтамасыз ету формалары (кепілдемелік зат, кепілдік келісім
шарты, сақтандыру келімі) кәсіпорынның құжаттары, банк талаптары және тағы
басқалар несиелік келісім шартта кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен
қаржылық жағдайы, тәуекелділік деңгейі және т.б. қатнастарға терең
зерттеліп қарастырылады. Кәсіпорындар несие алу үшін берілетін негізгі
құжаттар: кәсіпорын жарғысы, соңғы 3 жылдағы бухгалтерлік есеп жағдайы,
салық инспекциясының қатынас қағаздар, бизнес-жоспар т.б құжаттар.
Өтпелі кезеңде негізгі инвестициялаудың бағыттарының бірі- лизинг. Лизинг-
бұл машина құрал жабдықтарды, транспорттық құралдары, өндірістік құралдарды
ұзақ мерзімге жалға алу. Барлық лизингтік операциялардың екі түрі бар:
- Операциялық лизинг барлық келісімдерді білдіреді, яғни жылжымайтын
мүлікті белгілі бір мерзімге беру болып табылады.
Операциялық лизинг типтері:
а) рейтинг- мүлікті қысқа мерзімге жалға беру.
б) хайринг- мүлікті орта мерзімге беру.
- Қаржылық лизинг. Бұл жерде қаржыландыру мүлікті жалға алуға
лизингтік компаниялар арқылы пайдалануға болады. Лизингтік компания
келісіміне байланысты арендалық төлем біткен соң мүлік қайта иесіне
тапсырылады. Лизинг компаниялардың жұмысы келесі салаларда
қолданғанда тиімді болады:
- Жеңіл өнеркәсіпте;
- Қара және түсті металургияда;
- Ауыл шаруашылық өнімдерін өндеуде;
- Формацептикалық өнімдерде;
Тартылған құралдар- ағымдағы қызметке қатысушыларға, бағалы қағаздар
шығаруға, сақтандыру төлемдерінде, еңбек коллективтердің жарнасының
үлестеріне қолданылады.
Бюджеттік бөлінулер- бұл бюджеттік қаржыландырудың құралдары. ҚР-ның
бюджетінен орталықтандырылған мемлекеттік аса маңызды стратегиялық
объектілер мен ғимараттарға бөлінеді. Бұл объектілер мен ғимараттар
республикалық бюджет сметасында болады.

2. Кәсіпорынды тартылған ресурстармен қаржыландыру құралы ретіндегі
инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен принциптері.
Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған
инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері мен жоспарлау
әдістері, тіліне айтылған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Европалық банк
секілді ірі халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін
бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын
талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау
принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тілінде “Кэш – Флоу” деген түсінік барлық
дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр. Бүгінгі таңда “Кэш
– Флоу” талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтын қасы.
Бұл ақша ағымын талдау инвестициялардың талдаудың “классикалық” әдістеріне
негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен
жоспарлаудың танымал әдістемелерінді қолданылатынына байланысты болып отыр.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдауда қолданылатын құжаттармен
қажетті көрсеткіштерді келесі сурет -2 көрсетілген.,
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдауда қолданылатын құжаттар мен
қажетті көрсеткіштер.
Сурет 2

Cash- Flow (Кэш – Флоу) деп аударғанда бар “ақша ағымы” деген мағына
береді. Бұл талдауды қолданған кезде қаржылық жоспарды құраушы және
инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3
негізгі құжат бар:
1. Бухгалтерлік баланс.
2. Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп.
3. Ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есеп.
1) “Бухгалтерлік баланс” кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы емес
нақты мерзімдегі қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс белгілі бір
мерзімде жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын
қаншалықты мөлшерде тұрақты екенін көрсетеді. Баланс көлденең нысанда
екі жақтан құралады: актив және пассив. Актив кәсіпорынның
меншігіндегі жағдайды, ал пассив кәсіпорынның кімге, неше қарыз
екендігін көрсетеді.
2) “Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп” кәсіпорынның
белгілі бір уақыт аралықтарындағы операциялық немесе өндірістік
қызметінің жағдайын сипаттайды. Сонымен қатар, өндірістік шығындардың
өнімді өткізуден түскен табыс пен өтілуі тұрғысынан алғандағы өның
тиімділігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, бұл есептен кәсіпорының
өзінің негізгі қызметін қалай орындап отырғанын байқауға болады. Бұл
есеп кестесін жасау үшін сату жоспарының мәліметтері, өнімді өткізуден
түскен және шығындар жоспардың мәліметтері, тұрақты және айнымалы
шығындар сомалары қажет болады. Қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте кәсіпорын қызметінің 3 негізгі салаға бөлінген:
1.кәсіпорынның операциялық қызметі “Қаржы- шарушылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте” көрініс тапты.
2.“инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы” бөлімінде
түсімдер есебінде кәсіпорын иелерінің салымдары, ационерлік капитал, ұзақ
және қысқа мерзімдегі капитал, алымдар бойынша пайыздар есептеледі.
Төлемдер есебінде қарыздарды өтеу, дивиденд төлеу болып саналады. Бұл
бөлімде меншікті капитал мен қарыз қаражатының құрамы мен мөлшеріндегі
өзгерістер көрсетіледі.
3) “Ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есеп” ақша қаражаттарының
қозғалысын сипаттайды және кәсіпорын қызметін кезеңне- кезенге
қарағандағы динамикасын көрсетеді. Бұл орайда айта кетер бір жайт,
еркін айырбастала келген валютамен келген барлық түсімдер мен төлемдер
курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша
аражаттарының қалдығы кәсіпорындар төлемдер жасау үшін, алдағы
кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін инвестицияларға,
қарыз өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдалы.
Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға қатысатын негізгі факторлар
болып операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және т.б. табыстарының
қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады. Инвестициялық
жобаның тиімділік көрсеткіштерін 2 негізгі топқа бөлуге болады:
1. Өндірістік қызметтің тиімділігін және жобаны жүзеге асырып отырған
кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының
көрсеткіштері.
2. Инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Кэш - Флоу дисконтталған
белгілері.
Өндірістік қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне барлық активтер мен олардың
құрамдас бөліктеренің табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштері, іскерлік
белсенділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілігі және өтімділік көрсеткіштері
жатады. Бүгінгі таңда сонымен қатар инвестициялық жобалардың тиімділігін
бағалауда дүние жүзіне кең тараған аса маңызды критерийлер бар.
Инвестициялық жобаны онда туатын ақша ағымдары арқылы бейнелеуге болады.
Осы ақша ағымдарының арқасында инвестициялық жобалардың қаржылық
тиімділігінің экономикалық критерийлері шығарылады. Жобалардың қаржылай
бағалауының пайдалылығының критерийлері келесі талаптарға сай болуы тиіс:
- жобаның даму сатыларының деңгей қамтамасыз ету;
- тиімділіктің минималды дәрежесі жетілгенін хабарлау;
- жобаның капитал салым деңгейінің тәуекел деңгейін анықтау;
- жобаның жүзеге асқаннан кейінгі экономикалық жағдайын бағалау;
Бұл жобалардың жүзеге асуына байланысты жобаның критерийлері келесі
категория бойынша топтастырылған:
- жобаның экономикалық маңызды критерийі,ол жобаның жүзеге асқаннан
кейінгі басты эффектісі анықтайды және еңбек өнімділігінің өсуімен
бірге жылдық пайда мөлшерімен есептеледі.
- капитал салым көлемін анықтау.
- материалдық өндіріс, еңбек және қаржы ресурстарының қамтамасыз ету.
- уақыт факторын есептейтін критерийлер (жоба мерзімі).
- сыртқы экономикалық критерийлер.
Қазіргі кезде дүние жүзі инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда
қолданылатын көрсеткіштер:
- таза дискотталған табыс (NPV)
- ішкі табыстылық нормасы (IRR)
- қайтарым уақыты (PBP)
- табыстылық индексі (PI)
1.Таза дисконтталған табыс көрсеткіші жобаның басындағы жобаның қаржылық
шығын мен табыстың айырмашылығымен анықталады,

яғни

осында b(t) – t мерзімдегі табыс
с (t) – t мерзімдегі табыс
r – дисконттық ставка, сол мерзімдегі ақша құнының
өзгергенін білдіреді.
t = (1 ... ... Т) – уақыт периоды
Сонда жоба бойынша таза дисконтталған табыс:

Бұл дегеніміз NPV жобаның ақша ағымдарының шығарылымын көрсетеді,
сондықтан NPV жобада 0-ден үлкен болуы тиіс жағдайлары қарастырылады.
2. Ішкі табыстылық нормасы – бұл дисконт нормасы, жобада көрсетілген
шығындар мен жобадағы қаржылық жоспарланған табыстардың тең болуы. Осыдан
туатын нәтиже ішкі табыстылық нормасы келесідей IRR=r*.IRR=r* [ NPV
(r*)=0] және оның мөлшері келесі формуламен анықталады:

Бұл көрсеткіш жобаның максималды мүмкіндігін жобаның таза дискантталған
табыс көрсеткіші бойынша дисконт нормасын көрсетеді.
Ішкі табыстылық нормасы және тиімділік нормасын салыстыру арқасында шешім
қабылданып, көбіне ішкі пайда нормасы және ол таңдалған дисконт ставкасынан
неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жобаның мүмкіншілігі артады.
3. Қайтарым мерзімі көрсеткіші – жобаның қайтарым мерзімі, жобаның таза
ақша ағымдарының жиналып, басқа капитал ақтауына байланыс:
PBP = t* (NPV (t*) = 0)
4. Табыстылық индекс көрсеткіші жобаның салыстырмалы табыстылығын
көрсетеді және ол дисконттық табыс ағымдарын дисконттың шығын ағымдарына
бөлгеніне тең. Бұл көрсеткіш жұмсалған салымныңтиімділігі мен салыну
бірлігін білдіреді.

Инвестициялық жоба тиімділігі ол инвестициялық жобаның күтілу
нәтижесімен оның қатысушыларының күткен ынтасына сай келеді. Тиімді
жобалардың іске асуы жалпы ішкі өнімнің көбейуіне әкеледі, ол жобаға
қатысушылар арқасында бөлінеді. Жобаға қатысушыларының шығындары мен
табыстары арқылы инвестициялық жоба тиімділігінің әртүрлілігі анықталады.
Жобаның бағалау тиімділік түрлері келесідей сипатталады:
- жобаның мақсатты тиімділігі;
- жобаның қатысушы тиімділігі;
Жобаның мақсатты тиімділігі жобаның потенциалды мүмкіндігімен анықталып,
жобада қатысушылар мен қаржыландыру көздерін іздеуге пайдаланады. Олар
келесілерден қаралады:
- жобаның қоғамдық тиімділігі немесе әлеументтік- экономикалық;
- жобаның коммерциялық тиімділігі;
Жобаның мақсатты тиімділік көрсеткіші негізгі шығындар мен табыстармен
бірге, сыртқы экономикалық шығын мен нәтижені ескереді. Олар: экономика
секторы нәтижесі мен шығындары, экологиялық әлеументтік және сыртқы
экономикалық тиімділіктер. Сыртқы эффектілер сандық мөлшерде есептелмейтін
болса, онда оны сапалы бағалауда ескеруі тиіс. Бұл ереже аймақтың тиімділік
көрсеткіштеріне де есептеледі.
Жобаның коммерциялық тиімділік көрсеткіштері жобаға қатысушылардың
қаржылық жағдайына байланысты, жобаның жүзеге асыру барысындағы барлық
шығындар мен табыстар ескеріледі. Жобаның мақсатты тиімділік көрсеткіштері
техникалық, технологиялық және жоба ұйымдастыру шешімдері экономикалық
көзқараспен сипатталады. Жобаның қатысушы тиімділігі инвестициялық жобаға
қатысудың және оны барлық қатысушылардың ынтасына аударумен есептеледі.
Жобаның қатысушы тиімділіктері келесі құралдардан тұрады:
- жобаға кәсіпорын қатысу тиімділігі;
- кәсіпорынның акциясына инвестиция құю тиімділігі;
- жобаға қатысушы тиімділік құрлымы инвестициялық жобамен қатысушы
кәсіпорындар қатынастары деңгейі, сонымен қатар халық шаруашылық
және аймақтық тиімділігі мемлекеттің халық шаруашылық және
жекелеген аймақ үшін немесе салалық тиімділігі халық
шаруашылығының жекелеген салалар үшін, өнеркәсіп-қаржылық
топтармен, біріккен кәсіпорындар мен холдинг құрылымдар үшін;
-инвестициялық жобаның бюджеттік тиімділігі;
Инвестициялық жоба тиімділігін бағалаудың негізгі принциптеріне тоқтала
өтсек. Ол кезде инвестициялық жобаның негізгі принциптері ретінде
техникалық, технологиялық, қаржылық, салалық немесе аймақтық
айырмашылықтарына байланысты принциптері келесідей қолданылуы мүмкін:
1. инвестициялауда басынан аяғына дейін терең зерттеу қажеті;
2. ақша ағымдарын модельдеу, оның ішіне жобадағы барлық табыс пен шығындар
есептеу мерзімінде әртүрлі валюталарды пайдалану;
3. жекелеген жобалар мен қызметтік салыстыру;
4. максимум және жоғарғы тиімділік эффектісі;
5. уақыт факторын есептеу. Жоба тиімділігін бағалауда жекелеген уақыт
аспектілер факторы ескеріледі, себебі: өндіріс аралық өнім немесе ресурс
түсімі және жалақы, уақытқа байланысты ресурстар мен шығындар және тағы
басқа динамикалық параметрлер;
6. шығын мен табыстың міндетті түрде есептелуі;
7. “жобамен” немесе “жобасыз” салыстыру. Инвестициялық жоба тиімділігін
бағалауда өндірістегі жағдайға байланысты “жобаға дейін” және “жобадан
кейін” немесе “жобамен” және “жобасыз” параметрлері салыстырылады;
8. жобаға қатысушылардың жекелеген есептеулері, капитал өзіндік құннан
жекелей бағалау және нәтижелері айырмашылықтарының болуы, дисконт
нормасының жекелей есептелуі;
9. көп этапты бағалау. Жоба жүзеге асуды және өңдеудегі жекелеген
статиялардағы бағалаулар, тиімділіктерін анықтау (инвестиция көзі, техника
экономикалық негіздеме, қаржыландыру схемасын талдау, экономикалық
мониторинг);
10. инвестициялық жоба тиімділігінің капитал айналымға әсерінің есебі;
11. жобаға көптеген валюталарды пайдалану жолдарын қатыстыру мүмкіндігі
және инфляция әсері (ресурстар мен өнімдер бағасының өзгеруі);
12. жоба жүзеге асыру тәуекел әсерлерінің есебі;
Тиімділікті бағалауда жобаның қоғамдық мазмұны анықталады. Жобаның
тиімділігін бағалаудың іске асу этапына байланысты айырмашылықтар бар. Олар
келесі стадиялар бойынша жүзеге асады:
- инвестициялық ұсынысты өңдеу және инвестициялық ұсынысты бағалау-
экспресс декларациясын жасау;
- инвестиция негіздемесін жасау;
- жобаның техника экономикалық негіздемесін өңдеу;
- инвестициялық жобаны экономикалық мониторингтеу;
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау принциптері барлық стадиялар үшін
береді. Бағалау қарастырылатын тиімділіктің түрі бойынша айырылады.
Инвестиция негіздемесін өңдеу және техника экономикалық негіздемесі
тиімділіктің түрлі жоғары бағалануы мүмкін. Ондағы негізгілер: инвестицияны
өңдеу стадиясында оның қаржыландыру көздерін анықтау мен техника
экономикалық негіздемесінде нақты қазіргі мәліметтер пайдалану,
қаржыландыру схемасы мен саны.
Инвестициялық жобаның экономикалық мониторинг процесінде жобаға
кәсіпорынның қатысу тиімділік көрсеткіштері салыстырмалы есептеледі. Егер
қажетті мәліметтер жетіспесе, онда жобаға қатысушылар үшін инвестиция
тиімділігінің есебі сипатталады, себебі: жобаға қатысушылар үшін
инвестициялық шығын мен табысты, инвестициялау көздері нақты бағалануы
тиіс.
Инвестициялық жоба тиімділігі ағымды есептік периодта бағаланады, онда
жоба басталғаннан аяқталғанға дейінгі уақыт интервалына байланысты. Есептік
период басталуы инвестициялық жоба тиімділігінің есептелу тапсырмасымен
анықталуы сипатталады. Мысалы: жоба- зерттеу жұмыстарына қаржы бөлу
қызметінен басталады. Есептеу мерзімі бірнеше қадамнан тұрады, олар
қаржылық бағалау көрсеткіші үшін пайдаланады. Әр қадам өз мөлшерімен
белгіленеді. Есептік мерзімдегі уақыт жылға немесе жыл үлестеріне және онда
уақыт жылдармен бастап есептеледі.
Инвестициялық жобаның қаржылық ағымы – қаржылық түсім уақытынан және
жобада төлеу уақытына дейін болып, есептеу мерзімі мен ақша ағымы
мөлшерімен ((t) анықталады.
Қаржылық ағым әр бір қадамда былайша көрсетіледі:
- кіріс, тең мөлшерлі қаржылық кіріс (өзіндік құн нәтижесі);
- шығыс, әр бір қадамдағы тең төлем;
- сальдо, кіріс пен шығыс арасындағы мөлшер;
Қаржылық ағым жекелеген қызмет түрлер ағымынан тұрады:
- қаржылық ағымның инвестициялық қызметі (0(t)
- қаржылық ағымның операциялық қызметі (0(t)
- қаржылық ағымның қаржылық қызметі (ф(t)
- Қаржылық қызметінің инвестициялық қызметі үшін:
- капитал салымының шығыстары: жұмыстан босату шығындары, жобаның
соңғы ликвидациялық шығындары, айналым капиталдары мен құралдарын
көбейту шығындары, қосымша қор саласы;
- кірістер, жоба іске асыру мерзіміндегі және ағымдағы активын сату,
айналым капиталын көбейту есебі кірісінен;
Қаржылық қызметтің операциялық қызметі үшін:
- айналыс қордағы кірістерге кіретіндер: ішкі айналым және басқа да
табыстар, қосымша қор салымы және құрал түсім есебі;
- шығыстар - өндірістік шығындар мен салықтар;
Қаржылық қызметінің қаржылық қызметі үшін:
- кірістерге кіретіндер: өзіндік капитал салымы және тартылған құрал,
субсидий және дотация, заем құралдары, сонымен қатар кәсіпорынның
шығарған өзіндік ұзақ мерзімді бағалы қағаздары.
- Шығыстарға кіретіндер: қарыздарды қайтару және акциялар үшін
дивиденд төлеу тағы басқалар;
Қаржылық ағымдар ағымдағы, болжамды немесе дефлированды бағаға байланысты
және қандай бағадағы әр бір қадамның кіріс пен шығыс көрсетілімдері
көрсетіледі. Ағымдағы бағада негізінен жобада инфляциясыз жасалатын болып
табылады. Болжамды баға болашақ қадам есебінде күтіледі.(инфляция
есебінен). Дефлированды баға уақыт кезеңдегі баға деңгейі барлық инфляция
индексімен есептеледі.
Инвестициялық жобаның тиімділігін талдауда пайдаланатын
көрсеткіштердің бірі-дисконт нормасы. Дисконт нормасы негізгі экономикалық
көрсеткіштердің бірі – дисконт нормасы. Дисконт нормасы негізгі
экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады, инвестициялық жоба
тиімділігін талдауда негізгі нормативтердің бағыты болып келеді. Дисконт
нормасы әр уақыттағы шығынды, нәтиже мен тиімділікті әкелу үшін қажетті
норма кірісінің капиталға теңдігі болып табылады.
Дисконт нормалардың келесі түрлері болады.
- коммерциялық дисконт нормасы;
- жобаға қатысушылық дисконт нормасы;
- әлеуметтік дисконт нормасы;
- бюджеттік дисконт нормасы;
1. Коммерциялық дисконт нормасы- жоба тиімділігінің коммерциялық бағалау
үшін пайдаланады, ол капитал пайдалану тиімділігінің альтернативті
есептерінде анықталады;
2. Жобаға қатысушылық дисконт нормасы-жобадағы қатысушы кәсіпорын
тиімділігін көрсетеді. Оны қатысушылар есептейді;
3. Әлеуметтік дисконттық нормасы-қоғамдық тиімділік көрсеткіші есебі
және жобаның қоғамдық тиімділігінің минималды талаптарымен
сипатталады. Ол ұлттық параметрлер және халық шаруашылығының
орталықтан басқару органы ұсынуы мүмкін.
4. Бюджеттік дисконт нормасы-бюджеттік тиімділік көрсеткіштер есебінде
және бюджет құралдарының альтернативті өзіндік құнын пайдалануда
қолданылады. Оны басқару органдары белгілейді
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігіне әсер
ететіндер:
1. жалпы инфляция- экономикадағы өндіріс ресурстарында
(шикізат,капитал,еңбек) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы
деңгейінің өзгеруі.
2. инфляцияның әртектес болу, яғни әртүрлі көлемі өнім түрлері мен
өндіріс ресурстары бойынша, инфляция деңгейінің шетел валютасының
курсынан жоғары болуы.
Бюджеттік тиімділіктің көрсеткіштері – жоба жүзеге асыру нәтижелерінің
жергілікті және аймақтық бюджет кірісі мен шығысына әсер етуі. Бюджеттер
шығыстар құрамына кіретіндер:
- жобаны бюджеттік қаржыландыруға тікелей бөлінген қаражаттар.
- ұлттық, аймақтық, басқа да банктердің жобаны жүзеге асыруға және
жеке қатысушыларға берген несиесі. Олар қарызға беріледі де, бюджет
арқылы жабылады.
- отын және энергия тасымалдаушылардың нарықтық бағасына қосымша
бөлінген тікелей бюджеттік ассигновациялар.
- жобаны іске асыру барысындағы жұмыссыз қалған адамдарға жәрдемақы
төленуі.
- мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша төлемдер.
- шетелдік және еліміздің қатысушыларына, инвестициялық
тәуекелшілдіктен мемлекеттік, аймақтық кепілдік.
- Жобаны іске асыру барысында туындауы мүмкін шығындардың әсерлерін
кетіруге бюджеттен бөлінетін қаражаттар.
Бюджеттің кірістерінің құрамына кіретіндер:
- жоба жүзеге асқаннан кейінгі шетел және отандық инвесторлардың
бюджетке төлейтін арнайы салықтары мен басқа да салықтық төлемдер.
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына тиімді әсер етуі.
- жоба бойынша өнімдер түскен кедендік баж алымы мен акциздер.
- жер, су тағы басқа табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін жобаны
орындау барысында геологиялық- барлау жұмыстарын жүзеге берілетін
лицензия үшін түскен түсімдер.
- зейнетақы қорларына, жұмыспен қамтамасыз ету қорларына және тағы
басқа бюджеттік емес қорларға түскен түсімдер.
- жобаны қаржыландыру үшін шығарылған акциялар мен басқа да бағалы
қағаздардан түскен түсімдер.
- жоба бойынша жұмысшылардан алынған, яғни жұмысты орындаған үшін
берілген жалақысынан бюджетке түскен табыс салығы.
Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін халық шаруашылығы бойынша
есептегенде жобаның нәтижелеріне мыналар кіреді: соңғы өндірістік нәтижелер
(сатудан түскен табыстар), интеллектуалды меншікті сатудан түскен табыс,
әлеументтік және экологиялық нәтижелер, тікелей қаржылық нәтижелер,
шетелдік инвесторлардың, банктер, фирмалардың қарыздары мен несиелері.
Қандай да болмасын инвестициялық жобаны жүзеге асыруда, соңғы нәтижелерге
жетуде тәуелділік кездеседі. Олар жобаны іске асыру жағдайларына берілген
бастапқы бөлімдердің, соның ішінде шығындар мен табыстардың көлемдері жайлы
ақпараттардың толық еместігіне, жоспарланбаған түрлі жағдайларға байланысты
туындайды. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тәуекелділіктің
маңыздырақ түрлері мен себептері:
- экономикалық заңдылыңтар мен ағымдағы экономикалық жағдайлардың
тұрақсыздығынан пайда болатын тәуекелділік;
- әртүрлі сауда операциялар мен жеткізушілерге тиім салу
мүмкіндігінен, шекараның жабылу мүмкіндігінен туған сыртқы
экономикалық тәуекелділік;
- елдегі саяси жағдай тәуекелі;
- баға динамикасы, техника мен технология параметрлері жайлы
ақпараттардың толық еместігі;
- нарық коньюнктурасы, валюта курсының, несие беру жағдайларының тағы
басқа ауытқулар;
- өндірістік технологиялық тәуекелділік (жабдықтың істен шығуы,
өндірістік авариялар, өндірістік ақаулар);
- қатысушы кәсіпорынардың қаржы жағдайлары.
Нарықтық эконмикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің, инвестициялық
жобалардың тәуекелдіксіз болмайтынын көрсетеді. Сол үшін оны ең төменгі
мүмкін болатын деңгейге дейін азайтатыны білу қажет.Тәуекелділік ұғымы –
кәсіпорын ресурстардың бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын, қызметті жүзеге
асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың
пайда болуын білдіреді.
Кез – келген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда тәуекел түрлерінің
пайда болуы болады.
Олар: өндірістік, коммерциялық және қаржылық.
1.Өндірістік тәуекел – бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да
өндіріс қызметін жүзеге асыруға байланысты болады. Оның пайда болу
себептері: өндіріс төлемінің төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі,
қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қатесі, көтерінкі аударым
сомалары мен салықтарды төлеу тағы басқалар.
2.Коммерциялық тәуекел – кәсіпорын өндірген немесе сатып алған қызметтерді
және тауарларды өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің
пайда болу себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, сатып алатын
ресурстардың бағасының жоғарлауы, айналым шығындардың өсуі, экономиканың
тұрақсыздығы, бәсекелестердің әрекеті және басқалар.
3. Қаржылық туекел – кәсіпорындардың банктермен, басқа да қаржылық
институттарымен қатынас кезінде пайда болады. Себептері: қарыз және
меншікті қаражаттардың арақатынас көлемінің жоғарылауы, кредиторларға
тәуекелділік, капиталдың әрекетсіздігі және тағы басқалар. Қаржылық тәуекел
мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік,
инвестициялар, құнды қағаздар эмиссиясы. Айналым мен өндіріс кезіндегі
кәсіпорындар үшін қаржылық туекелдіктің құрамдастарын ажырата білу керек.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі 5 негізгі тәуекел аймағынан тұрады:
мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, операцияларды
жүзеге асыру мен нәтижелерді бағалау.
Нарықтық экономика жағдайында кез- келген кәсіпорын қызметінің5
негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады:
1.тәуекелсіз аймақ. Ол операция жүргізген кезде кәсіпорын ешқандай
тәуекел жасамайды, шығындар жұмсалмайды, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс
алады.
2. аз тәуекелді аймақ. Бұл кездегі қызмет нәтижесінде кәсіпорын
белгілі бір табыс көреді.
3. жоғарғы тәуекелді аймақ. Кәсіпорын бұл жағдайда барлық шығындарын
жабады, ал жақсы болған кезде есепті деңгейден төмен табыс алады.
4. қауыпты тәуекелді аймақ. Кәсіпорын есепті табысты ғана емес,
сонымен қатар өнімді өкізуден түскен табысты жоғалту ықтималдылығы бар және
шығындар өз есебін қайтарылуы шамалы.
5. жарамайтын туекел. Кәсіпорын қызметі банкроттыққа әкеледі, барлық
инвестициялық жобалардың жүзеге асыру процесі төмендейді. Жүйелілік амал
тұрғысынан инвестициялық тәуекелдерді екі топқа бөлуге болады: жүйелі және
жүйесіз. Жүйелі тәуекел инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және
макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық
жағдайымен анықталады. Олардың пайда болу себептері: инфляция, экономикалық
құлдырау, жоғарғы пайыздық мөлшерлеме, әскери- саяси жағдай және басқалар.
Жүйесіз тәуекелге бәсекелестік тәуекелмен байланысты барлық тәуекелдер
жатады. Олардың пайда болу себептері: фирмалармен кәсіпорындардың өз
міндеттемелерін орындамауы, сатып алышылардың тәуекелі, бәсекенің тәуекелі,
келісім шарттардың бұзылуы және қабылдануы басқалар. Инвестициялық жобалау
тәуекелділігін тоқтатуына әсер ететін 2 жолы бар: алдын алу және бақылау
мүмкіндігі. Сондықтан инвестициялық жобаны іске асыру схемесында
инвестициялық жобаны орындау кезеңдердің және тағы басқа ақпараттардық
қадағалап отыруды іске асырған жөн.

Инвестиция түрі мен тәуекел деңгей қатынастары.

Жаңа өндіріс Өндірісті Тиімділікті Табиғат қорғау және
жасау кеңейту жоғарылату басқа да мемлекеттік
инвестициясы инвестициясы инвестициясы орган талаптарын
орындау үшін
инвестиция

жоғары төмен

Инвестициялық жоба тиімділігінің есеп көрсеткіштерінің негізгі
прициптері келесідей:
- жобада өнімдер, қызметтер немесе материалдық ресурстар алдын ала
ағымдағы немесе болжамды бағалардың негізінде қолдану;
- жобада ресурс және өнім төлемі алдын ала анықталады және қаржылық
ағым валютамен есептеледі;
- операциялық шығындар мөлшерлері мен құрамына кіретіндер жобада
міндетті түрде болуы қажет;
- жобаның мерзімінің анық көрсетілуі, табыстар мен шығындар есебі;
- салық және салықтан басқа да төлемдер есебі заңға сәйкес жүргізіледі,
салық жеңілдіктері арнайы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді;
- егер жобада бір уақытта бірнеше операциялық шығындар түрлері
көрсетілсе, онда оларды әрқайсысы үшін жеке-жеке есептелуі;
- қаржлық ағым тиіділіктерінің есебі.

1.3 Қаржыландыру көзі ретінде инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі.

Көптеген шетелдік елдерде инвестициялық белсенділік және экономикалық
өсімге сәйкес шетелдік капитал қатысуын қолдайды. Ашық нарықтық
экономикалы елдерде халықаралық капитал қозғалысына, халық аралық еңбек
бөлісіне және шаруашылықтарды интеграциялауға белсене қатысуда. өтпелі
кезеңде кез- келген елде өндірісті ұйымдастыру құрылымдардың өзгеруіне
сәйкес шетелдік капитал салымы өзімен бірге озық технологияны, басқару
тәжірибесін, жаңа нарықты іздеу тәжірибелерін әкеледі. Қытай мемлекеті
экономикалық өсуі бойынша қазіргі кезеңде ерекшеленуде, себебі: олар
бірінші орынға елге сыртқы инвестицияны тарту көлеміне барлық жағдай
жасады.Соның нәтижесінде 1990-1995 жылдары арасында 121,7 млрд. АҚШ
долларға сай инвестиция келді. Шетел инвестиция жалпы ішкі өнімнен 30%-ін
алады, ол инвестицияның үлкен көлемі Гонконг елі арқылы жүзеге асқан.
Сондай үлес Венгрия мемлекетінде байқалды (ЖІӨ 30%), 1995 жылдары оның
мөлшері 10,5 млрд АҚШ долларын құрады. Шетелдік инвестиция көлемі ЖІӨ
қатынасы бойынша келесі елдерде мынадай көлемде болуда: Эстония-14%,
Албания-12%, Чехия- 12,5% және тағы басқалар. Сонымен бірге, бұл процес
басқа елдерге теріс ықпал етуде. Мысалы: 1992-1995 жылдар арасында Ресей
мемлекетінде капиталдың шетке ағылуы шамамен 50млрд. АҚШ долларын құрады.
Оның ішінде Малазия мен Тайланд мемлекетінде капитал көлемі көбірек болуда.
Өтпелі экономикалық кезеңде шетелдік инвестиция өсуі мемлекеттің жеке
ұлттық капитал жинақталуына, нарықтық және құрылымдық қайта құруға,
халықаралық нарықта елдің бәсекеге қабілетін көтеруге әкеледі.
Нарықтық экономика дамыған елдер шетелдік инвесторлармен қатынаста
келесі құжаттарға негізделе жүреді: “Халықаралық инвестиция үшін
принциптері (1972), ОЭСР (экономикалықдостастық және даму ұйымы), Капитал
қозғалысын либеризациялау Кодексі (1961) және “Халықаралық капитал салымы
және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларация” (1976). ОЭСР-ге мүше елдерге
декларация келесідей сипатталад: Қатысушы мүше елдер арасында басқа елдерге
тікелей немесе жанама жұмыс істеуші кәсіпорындар немесе азаматтар сол елдің
заңдарын, ережелерін құрметтеу тиім, бірақ олардың құқықтары халықаралық
құқықпен қорғалады.
Батыс Европада шетелдік инвесторлар қызметі негізгі ұлттық заңдармен
әкімшілік процедуралар және шешімдермен, сонымен бірге барлық жергілікті
кәсіпкерлермен бірдей қозғалады. Ұлттық заңдылықтар жекелеген ұлттық және
шетелдік компания арасындағы шаруашылық қызметтер аспектісі өздерінің
азаматтық және сауда құқық ережелермен бірдей қорғалады және жүзеге
асырылады.
Батыс елдерінде шетелдік инвестиция үшін арнайы заңдар мен кодекстер
жоқ, бірақ әкімшілік шешімдер және жекелеген заңдарда бірқатар баптар
қарастырылады. Шетелдік инвестиция үшін арнайы заң мен кодекстер бірқатар
Жерорта теңіз және Британ аралдарында қолдануда. Нарықтық экономикасы
дамушы елдерде шетелдік инвесторлар назарына және мемлекеттік кепілдік
құқығын 3 деңгейге құжатталған:
1. осы елдің Конституциясына негізделеді;
2. шетелдік инвестицияны қолдау және қорғау туралы екі жақты
мемлекетаралық келісімдер арқылы;
3. конвенция қатысушы мемлекетаралық және басқа ел азаматтарын
инвестициялық келіспеушіліктерін реттеу.
Батыс елдердің территориясына тікелей инвестицияны жүзеге асыруға алдын-
ала шешім қажеттіліктері тұрады. Бұндай шешімдер тек талаптарды қояды.
Кейбір мемлекеттік инвестиция көлеміне алды-ала шешім қажеттіліктерін
қояды. Мысалы: Австралия мемлекеті инвестиция көлеміне 10 млн Австралия
долларын және одан көп болуын, Ирландия – 1 млн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаға қатысу тиімділігі
Өндіріс саласындағы қаржының рөлі
Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері
Қаржылық жоспарлау және болжау
Инвестициялық үдеріс: оның мәні, мазмұны және қызметі
Қаржылық қызметте лизингті қолдану,жалпы сипаттамасы және түрлері
Инвестицияларды қаржыландырудың ерекше нысандары
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және құрылымы
Нарық жағдайында инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
Компанияның ақша айналымын басқару
Пәндер